Инфоурок Химия Рабочие программыКальций және оның қосылыстары

Кальций және оның қосылыстары

Скачать материал

 

Сабақ жоспары

Сынып:  9А ,      9Ә сыныбы

Күн реті: 19.01.-20.01.2016 ж.  

Сабақтың  тақырыбы:  Кальций. Кальцийдің қосылыстары.

Сабақтың  мақсаты: 

 Білімділігі:            Сілтілік металлдар жайлы білімді сатылай кешенді талдай

отырып дамыту. Кальцийді мысалға ала отырып жай зат ретіндегі қасиеттерін, қосылыстары олардың қолданылуы туралы мәлімет беру.

Дамытушылығы:

v   кальцийді басқа металдардан ажырата білу дағдыларын және

металдар туралы білімдерін толықтырып, дамыту;

v  өткен материалды қорытындылауға және жүйелеуге үйрету

v  есте сақтау қабілетін дамыту;

Тәрбиелігі:             еліміздегі металдардың таралған жерлеріне, кенорындарына

тоқталып, патриоттық тәрбие беру, өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу, оқушының материалды меңгеруге саналы түрде жетуін қалыптастыру.

Сабақтың  түріаралас сабақ

Сабақтың  әдісі:  баяндау, есеп шығару.

Пәнаралық байланыс:  биология, география, тарих т.б

Көрнекіліктер:   тірек-сызбанұсқа (кальцийдің сипаттаммасы мен оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты сызбанұсқа), сабақты толық қамту үшін карточкалар.

 

Сабақтың  барысы:

                                    

I.                  Ұйымдастыру кезеңі

II.               Жаңа сабақты қабылдауға дайындық

Сұрақ: ІІ топтың негізгі топша металдарына қандай элементтер жатады? Олардың периодтық жүйедегі орны.

Жауабы: Be, Mg, Ca, Sr, Ba, Ra.

Сұрақ: Металдардың химиялық қасиеттері тәуелділігі.

Жауабы: Металдардың химиялық қасиеттері олардың атомдарының құрылысына, яғни атом ядросының үлкендеу, валенттілік электрондар санының аздау болатынына тәуелді.

Сұрақ: Металдардың адам өміріндегі маңызы.

Жауабы: Қазіргі адам тіршілігі металдарды қолданумен тығыз байланысты. Адам организмінде ең кем дегенде 10 металдың болатыны анықталған. Олар: темір магний, мыс, кобальт, мырыш, марганец, кальций және т.б. Бұларды «тіршілік металдары» деп атайды. Мысалы, қан құрамындағы гемо – глобиннің, темірі бар қосылыс – гем және белок – глобиннен тұратыны, ал оттекті тасымалдайтын қан құрамындағы темір екені белгілі. Магний жүрек, қан тамыр жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге қатысады.

Сұрақ: Металдар және олармен әрекеттесетін тотықтырғыш заттардың арасындағы реакция түрлері.

Жауабы: Металдар және олармен әрекеттесетін тотықтырғыш заттардың арасындағы негізгі 2 реакция түрі бар. 1) Қосылу реакциясы: бейметалдармен әрекеттесуі (оттекпен, күкіртпен, галогендермен), 2) Орынбасу реакциясы: күрделі заттармен әрекеттесуі (сумен, оксидтермен, қышқылдармен, тұздармен, сілтілермен (екідайлы қасиет көрсететін металдар), тотықтырғыш заттармен). 

Сұрақ: Қосылу реакциясына мысал келтіріңіз.

Жауабы: Бейметалдармен әрекеттесуі:

1)    Оттекпен:

2)    Күкіртпен:

3)    Галогендермен:

Сұрақ: Орынбасу реакциясына мысал келтіріңіз.

Жауабы: Күрделі заттармен әрекеттесуі:

1)    Сумен:

2)    Оксидтермен:

3)    Қышқылдармен:

4)    Тұздармен:

5)    Сілтілермен (екідайлы қасиет көрсететін металдар):

6)    Тотықтырғыш заттармен:

Сұрақ: Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі.

Жауабы:

Сұрақ: Металдарды тарихпен байланыстыру.

Жауабы: Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай тарихта бүтіндей металл дәуірлерінің аты қалды. Геология мен металлургияның негізін салған, металдарды зерттеуші Георгий Агрикола XVI ғасырда былай деп жазды: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді».

Сұрақ: Электрохимиялық кернеу қатары бойынша белсенді металдарды ата.

Жауабы: Cu, Hg, Ag, Pt, Au.

Сұрақ: Электрохимиялық кернеу қатары бойынша белсенділігі орташа металдарды ата.

Жауабы: Zn, Cr, Fe, Ni, Sn, Pb.

Сұрақ: Электрохимиялық кернеу қатары бойынша ең белсенді металдарды ата.

Жауабы: Li, K, Ca, Na, Mg, Al.

 

III.             Жаңа сабақты түсіндіру

Периодтық жүйедегі орны:

 

 

Атом құрылысы:

1. Ядро заряды- +20

2. Электрон саны- 20

3. Протон саны- 20

4. Нейтрон саны -20

5. Энергетикалық деңгей саны -4

6. Валенттілік электрондары- 2

7.  Электрондық конфигурациясы 1s2 2s22р63s2 3p6 4s2

 

Табиғатта таралуы:

1. Жер қыртысындағы мөлшері бойынша алатын орны – V

2. Сульфаттар CaS04• 2Н20 ғаныш.

3. Карбонаттар - СаС03доломит СаС03 • 2MgC03

4. Фосфаттары -  фосфорит Са3(Р04)2,  апатит Са5(Р04)30Н,  фторапатит Са5(Р04)3Ғ,  флюорит СаҒ2

5. Қазақстанда кездесетін кен орындары: Жамбыл облысындағы Қаратау тауларында,  Ақтөбе облысындағы Шилісайда.

 

Қасиеті:

 

1. Кальцийдің қосылыстардағы тотығу дәрежесі тұрақты +2. Ол әр түрлі бейметалдармен әрекеттеседі: 

2. Ауамен қыздырғанда тұтанады, ал таза оттекте ашық жалынмен жанып, кальций оксидінің бөлшектерінен тұратын ақ түсті түтін түзеді:

 

3. Белсенді металл ретінде кальций күрделі заттармен де реакцияға түседі. Мысалы, сумен қуатты әрекеттесіп, одан сутекті ығыстырып шығарады:

 

Алынуы:

Өнеркәсіпте кальцийді сілтілік металдар сияқты, тұздарының балқымасын электролиздеу арқылы алады:

 

Қосылыстары:

ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны «сөндірілмеген әк» деп атайды.

 – нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілік жер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді:        

СаО + Н20 = Са(ОН)2 + 70 кДж

 – суда аз ериді. Оның қанық ерітіндісі лабораторияда әк суы деген атпен жиі колданылады. Кальций гидроксиді ерітіндіде иондарға толық диссоциацияланады:

Са(ОН)2 = Са+2 + 2ОН-

Сілті ерітіндісінің түзілгені фенолфталеиннің таңкурай түске боялуынан байқалады. Кальций гидроксиді қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп бейтараптанады.

Са(ОН)2 + CO2 = СаСО3↓ + Н2О

Газды одан өрі жібере берсе, лай көрінбей кетеді, өйткені суда ерімейтін орта тұз ерімтал қышқыл тұзға айналады:

СаСО3 + Н2О + СО2 = Са(НСО3)2

Жай заттармен әрекеттесуі:

Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді

Са + Н2 = СаН2 кальций гидриді

2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді

3Са + N2 =  кальций нитриді

Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді

Күрделі заттармен әрекеттесуі:

Ca + 2НОН = Са(ОН)2 + Н2

Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2

 

Қолданылуы:

Кальцийді тотықсыздандырғыштық қабілетіне бола өнеркәсіпте кейбір бағалы және сирек кездесетін металдарды (Ti, V, Be, U, т.б.) алу үшін қолданады. Мысалы:

Кальцийдің қоспалары табиғатта кең таралған. Кальций қосылыстарының бір-біріне айналуы, табиғаттағы кальцийдің айналымын іске асырады, сөйтіп, көптеген геологиялық процестер жүреді. Осылайша бір-біріне айналуының нәтижесінде кальцийдің қосылыстары адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Кальцийдің қосылыстары құрылыста кеңінен қолданылады.

 

IV.            Жаңа сабақты бекіту

Жаңа тақырыпты қорытындылау үшін мына реакция теңдеулерін жүзеге асырып, талдауды ұсынамын.

 

1)      Са→СаО→Са(ОН)2→СаСl2→CaSO4→Ca(NO3)2

2Ca + O2 = 2CaO

CaO + H2O = Ca(OH)2

Ca(OH)2 + 2HCl = CaCl2 + 2H2O

CaCl2 + H2SO4 = CaSO4 + 2HCl

CaSO4 + 2HNO3 = Ca(NO3)2 + H2SO4

 

Тақырыпты толық қамту үшін жасалған карточкалар (жалпы саны 6 карточка):  

1.       А) Кальцийдің физикалық қасиетін айтып беріңіз. Ә) Күрделі заттармен әрекеттесуі, мысал келтіріңіз.

Жауабы: А) Кальций – күмістей ақ, жеңіл металл, тығыздығы (р)=1,54 г/см3 . Сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.

Ә) Ca + 2НОН = Са(ОН)2 + Н2

Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2

2.       А) Кальцийді кез келген бейметалмен әрекеттестіріңдер. Ә) Мысал ретінде 2 реакция теңдеуін жазыңдар.

Жауабы: А)  Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді.

Ә) 3Са + N2 =  кальций нитриді

Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді

 

3.       А) Кальцийдің тұздары қайда және қандай мақсатта қолданылады. Ә) Алебастрдың түзілу реакциясын жазыңдар.

Жауабы: А) Кальцийдің қоспалары табиғатта кең таралған. Кальций қосылыстарының бір-біріне айналуы, табиғаттағы кальцийдің айналымын іске асырады, сөйтіп, көптеген геологиялық процестер жүреді. Осылайша бір-біріне айналуының нәтижесінде кальцийдің қосылыстары адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Кальцийдің қосылыстары құрылыста кеңінен қолданылады.

Ә)

            гипс                   алебастр

4.    А) Кальцийдің адам өміріндегі маңызы. Ә) Реакция теңдеуін аяқтаңдар:

Жауабы: А) Кальций — ұлпалық сұйық, қан құрамында болады, оның иондары көптеген ферменттік процестердің жүруін қамтамасыз етеді, бұлшық ет пен нерв жүйесінің қозғыштығын төмендегіп, жасуша мембранасынын, өтімділігін азайтады, жүрек қызметін реттеуде маңызды қызмет атқарады.

Ә)

5.       А) Кальцийдің табиғатта кездесуі. Ә) Реакция теңдеуін аяқтаңдар:

 

Жауабы: А) Жер қыртысындағы мөлшері бойынша алатын орны – V. Сульфаттар CaS04• 2Н20 ғаныш; Карбонаттар - СаС03доломит СаС03 • 2MgC03; Фосфаттары -  фосфорит Са3(Р04)2,  апатит Са5(Р04)30Н,  фторапатит Са5(Р04)3Ғ,  флюорит СаҒ2.  Қазақстанда кездесетін кен орындары: Жамбыл облысындағы Қаратау тауларында,  Ақтөбе облысындағы Шилісайда.

Ә)

6.       А) Кальцийге қандай реакциялар тән. Ә) Мысал ретінде бірнеше реакция теңдеулерін жазыңдар.

Жауабы: А) Кальцийге қосылу, орын басу және айырылу реакциялары тән. Кальций – бейметалдармен, металдармен, қышқылдармен, оттегімен және сумен реакцияға түсе алады.

Ә) 2Ca + O2 = 2CaO

CaO + H2O = Ca(OH)2

Ca(OH)2 + 2HCl = CaCl2 + 2H2O

CaCl2 + H2SO4 = CaSO4 + 2HCl

CaSO4 + 2HNO3 = Ca(NO3)2 + H2SO4

 

V.                Үй тапсырмасын беру

146-152 беттегі §32-33 оқу . Келесі тапсырмаларды орындау:

1)       CaO → CaCl2 → CaCO3 → CaO → Ca(OH)2

2)       20г кальций оксиді сумен әрекеттескенде, түзілген негіздің массасын есептеңіз

3) 30г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО мөлшері қанша?

 

VI.            Бағалау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кальций және оның қосылыстары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 8325
    • DOCX 72.3 кбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бухарбаева Фарида Умаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бухарбаева Фарида Умаровна
    Бухарбаева Фарида Умаровна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20517
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе