Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Календарные планы по казахскому языку "Тіл дамыту" 2класс

Календарные планы по казахскому языку "Тіл дамыту" 2класс

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Түсінік хат

6-7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Тіл дамыту» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.

Тіл дамыту- жеке тұлғаның әр түрлі жеке бас ерекшелігімен ойлай білу, дербес іздену, салыстыру, қорытынды жасау, сезім- түйсіктері, таным іс- әрекеттерімен тікелей байланысты болады.

«Тіл дамыту» - таңдау курсы. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады.

«Тіл дамыту» курсы 1 сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі:

аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат жүктеме берілген. 
Арнайы курс сабағы бастауыш сынып оқушыларына әрі қолайлы, әрі тиімді.

Мақсаты: 

Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Басқалармен тең құқылы білім алуға мүмкіндік жасау. Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге баулу.

Міндеттері:

  • табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;

  • балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;

  • байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;

  • үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.

  • жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің, мақалдардың сөздігін жасау.







Күтілетін нәтиже:

-  Еркін ойлауға мүмкіндік алады;

-  Ақыл-ойын дамытады;

-  Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;

-  Тіл байлығы жетіледі;

-  Жан-жақты ізденушілігі артады.



Білім, білік, дағды деңгейіне қойылатын талаптар



  • әліпбидің қатарын жаттау;

  • дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру;

  • сөздердің мағыналарын ажырата білу;

  • сөйлемдерді тыныс белгісіне орай тиісті дауыс ырғағымен оқу білу;

  • сөз таптарын ажырата алу;

  • сурет мазмұнын айтуға жаттығу;

  • тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру;

  • жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу;

  • тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтқызу;

  • түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе білу;

  • тапсырма шарттарын түсініп орындау;

  • шағын өлең, мақал, жұмбақтарды жатқа айту;

  • сауатты жаза білуге дағдылану.





















«Тіл дамыту» курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

/барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағаттан/











































ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.


3. М.Қоянбаев. «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы» 2005 жыл.



4. «Қызықты грамматика» жұмыс дәптері. «Алматыкітап» баспасы 2012жыл авторы: З.Муфтибекова.



5.«Әйбат әліппе» Ермек Өтетілеуұлы. «Аруна»баспасы 2007 жыл



6. «Тіл дамыту» Арман-ПВ баспасы, 2013 жыл



























Автор
Дата добавления 18.09.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров20
Номер материала ДБ-200598
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх