Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Календарно - тематическое планирование по казахскому языку и литературе
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Календарно - тематическое планирование по казахскому языку и литературе

библиотека
материалов

МАЗМҰНЫ:


ҚАЗАҚ ТІЛІ


Мазмұны

Сыныбы

Беті

4

Түсінік хат

7,9

5-6

5

Оқу бағдарламасы

7,9

6-13

6

КТЖ

7,9

14-22

7

Қолданылған әдебиеттер

7,9

30


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ:


Мазмұны

Сыныбы

Беті


Түсінік хат

7,9

24-25

1

Оқу бағдарламасы

7,9

25-27

2

КТЖ

7,9

28-30

3

Қолданылған әдебиеттер

7,9

30






























ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


















Қазақ тілі

(негізгі және орта деңгей)

оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін

мектептің 5 -9 сыныптарына арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ












Астана 2014




Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін
«Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(негізгі және орта деңгей) (оқыту қазақ тілді емес)


1. Түсінік хат


1. Оқу бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

2. Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі.
      3. Бағдарлама өзге тілде білім алатын негізгі мектеп оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді.

4. Бағдарламада тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, өзге тілді мектептің негізгі деңгейінде қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.
      5. Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен олардың сипаттарының негізінде негізгі орта мектеп сыныптарында қазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалды және оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді:

1) 5-7-сыныптардағы Негізгі деңгей - А2.1.2 3 игерімді қамтиды:

қалыптасу қарсаңындағы орташа игерім А2.1 – 5-сынып;

қалыптасу қарсаңындағы толық игерім А2.1.1 – 6-сынып;

қалыптасқан бастапқы игерім А2.1.2 – 7-сынып;

2) 8-9-сыныптардағы орта деңгей-А2.+ 2 игерімді қамтиды:

қалыптасқан орташа игерім А2.2 – 8-сынып;

қалыптасқан толық игерім А2.+ – 9-сынып.

6. Бағдарлама қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырады.

7. Пәнді оқыту мақсаты – негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

8. Пәнді оқыту міндеттері:

1) оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

2) оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

3) қарым-қатынас әдебі нормаларын меңгерту;

4) күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;

5) оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу;

6) оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру;

7) оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

9. Бағдарламаның білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекеттік, қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі, оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі, білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды.

10. «Қазақ тілі» пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары төмендегідей пәндермен тығыз байланыста іске асырылады:

1) «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ әдебиеті шығармаларынан алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз жүргізіліп отырады. Олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады;

2) «Орыс тілімен»: қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру әдісі, бір жағынан, оқушының дүниетанымын кеңейтсе, екінші жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге әсер етеді. Орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы байланыс сөз әдебіне қатысты ерекшеліктерді ұғындыруда да маңызды болып саналады;

3) «Қазақстан тарихымен»: тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады. Сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;

4) «Информатика» пәнімен: оқушыларға ұсынылатын өздік және шығармашылық тапсырмаларды сапалы орындауға ақпараттық технологияларды қолданудың ықпалы зор. Интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту, алынған материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін жұмыстар оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытуға жол ашады;

5) жаратылыстану циклі пәндерімен: қазақ тілінің жаратылыстану пәндерімен сабақтастықта меңгертілуі оқушылардың сөздік қорларын молайтуға және түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді. Қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.

11. Оқу жүктемесінің көлемі:

1) оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:

5-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

6-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

7-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

8-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

9-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

2) оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:

5-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

6-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;

7-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

8-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

9-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.

12. Оқу бағдарламасының білім мазмұнында сағаттар мөлшері оқыту тіліне байланысты келесідей үлгіде көрсетілген. Мысалы: І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 32/18 сағат: «Біз үйде бір-бірімізге көмектесеміз» – 12/8 сағат. Мұндағы алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, ал соңғы сан өзбек, ұйғыр, тәжік тілді мектептерге арналып көрсетілген.


4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны


38. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген.

39. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады: 40. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 56/44 сағат. «Біз, бәріміз, мемлекеттік тілде сөйлейміз» – 14/12 сағат:

1) тілдік бөлім: сұраулы сөйлем. Құрмалас сөйлем. Шылаулар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы отбасы мүшелеріне және олардың тілдеріне қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Отбасы мүшелері және олардың қай тілде қалай сөйлейтіні туралы өз ойын айту;

жазылым: отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты 9-10 сөйлемнен тұратын мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша баяндау, суреттеу, сипаттау мәтіндерін құрап жазу;

тілдесім: диалог-әңгіме. Диалог-пікірталас. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Отбасында сөйленетін тіл туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақстандық отбасындағы сөйлеу тілі туралы мәтіндер.

41. «Кітап – бағалы сыйлық» – 11/9 сағат:

1) тілдік бөлім: біріккен сөздердің жасалу жолдары, емлесі. Лепті сөйлем. Тұйық етістіктің септелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы сыйлықтарға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Сыйлық түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтіні бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Құттықтауға қатысты сөз орамдарын пайдаланып, достарына тілек айту;

жазылым: сыйлық түрлері мен олардың ерекшелігіне қатысты мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Сұрақтарға жауап қайтара алу. Сыйлық ұсыну туралы достарымен пікір алмасу. Диалог-талқылау. Полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен өз ұлтының сыйлық беру дәстүрі туралы сұхбаттасу.

42. «Жазғы демалыста не істейсің?» – 11/8 сағат:

1) тілдік бөлім: туынды сын есім. Күшейткіш үстеулер. Тәуелдік жалғау. Етістіктің өткен шағы. Туынды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесімі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы жазғы демалысқа қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырата алу. Жазғы демалысқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен жазғы демалыс әсерлері туралы ой бөлісу;

жазылым: өзінің жазғы демалысын қалай және қайда өткізгені туралы баяндамалық сипаттағы мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: диалог-сұхбат, диалог-талқылау. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Жазда қайда демалуға болатыны туралы достарымен пікір алмасу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен ауыл балаларының жазғы демалысы туралы сұхбаттасу.

43. «Ас – адамның арқауы» – 11/8 сағат:

1) тілдік бөлім: күрделі сөздер. Септеулік шылаулар. Этнолингвистика-лық атаулардың емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы ас пен адам денсаулығының байланысына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Ас ішуге, тамақтану әдебіне қатысты оқыған мәтіндерінің мазмұнын айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тамақтану әдебі туралы ой бөлісу;

жазылым: ас түрі мен ас ішуге байланысты өз ойын баяндап, сипаттап жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша диалог-сұхбат, диалог-пікірталас. Ас ішуге байланысты өз пікірін айту. Тамақтану мен денсаулықтың байланысы туралы достарымен пікір алмасу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалылығы туралы пікірлесу.

44. «Маған спорт киімі керек» – 9/7 сағат:

1) тілдік бөлім: шартты рай. Ашық рай. Рай жұрнақтарының жазылуы. Тұйық етістік. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы киімге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Киім түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту, достарына киім түрлері, киіну әдебі туралы өз ойын айту;

жазылым: өзінің жазғы, қысқы киімдері туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Киімге қатысты өз ой-пікірін білдіру. Полилог-пікірталас;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық киімдердің ерекшелігі туралы пікірлесу.

45. Әлеуметтік-мәдени ая – 48/36 сағат. «Мен әуен тыңдаймын» – 13 /11 сағат:

1) тілдік бөлім: кірме сөздер. Өздік етіс. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы музыкаға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі музыка жанрлары мен сазгерлерге, қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Музыка жанрлары мен сүйікті сазгерлері туралы айту;

жазылым: өзінің ұнататын музыкасы, топтары, сазгерлері туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу. Сұрақтарға жауап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Музыкаға қатысты пікірлесу. Достарымен музыка, сазгерлер туралы ой бөлісу. Полилог;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық музыка жанрларының, сазгерлердің ерекшелігі туралы пікірлесу.

46. «Менің әуес ісім» – 9/7 сағат:

1) тілдік бөлім: термин сөздер. Ырықсыз етіс. Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы әуес іске қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: адамдардың әуес ісіне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен өзінің әуес, сүйікті істері туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің ұнататын айналысатын ісі туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің әуес ісіне қатысты полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен өзінің, достарының әуес істері туралы пікірлесу.

47. «Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары» – 13/9 сағат:

1) тілдік бөлім: тіркесті сөздер. Реттік сан есім. Ортақ етіс. Спорт терминдерінің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Спорт түрлері мен белгілі спортшыларға қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің ұнататын спорт ойындары, спортшылары туралы хабарлау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша спортқа қатысты пікірлесу. Достарымен өзінің ұнататын спортшыларының жеңістері туралы ой бөлісу. Достарымен спорт түрлері мен сүйікті спортшылары туралы сөйлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық спорт түрлері туралы пікірлесу.

48. «Денсаулық – зор байлық» – 13/9 сағат:

1) тілдік бөлім: қос сөздер. Топтау сан есімдер. Демеулік шылаулар. Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы денсаулықты сақтауға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі денсаулыққа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен денсаулықты сақтау туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің денсаулықты сақтауға қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойкөкпар;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: денсаулық сақтауға байланысты құрдастарымен сұхбаттасады.

49. Оқу-еңбек аясы – 32/22 сағат. «Интернет. Интернет маған не үшін керек?» – 11/8 сағат:

1) тілдік бөлім: интернационалдық терминдер. Интернационалдық терминдердің орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы интернетке қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Интернетпен жұмыс істеуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің Интернетке қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Интернетке қатысты терминдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Интернетте жасайтын жұмыстары туралы полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін Интернет сайттары туралы пікірлесу.

50. «Интернеттен қазақша ақпарат іздеймін?» – 21/14 сағат:

1) тілдік бөлім: қимыл есімдері. Ауыспалы осы шақ. Сан есім түрлері. Тұйық етістіктің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы тіл үйренуге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Тіл үйренуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл үйренуде жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің тіл үйренуге қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тілге қатысты достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін тілдері туралы пікірлесу.


6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

61. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.

62. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

63. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 44/22 сағат. «Біз тату тұрамыз» – 22/11 сағат:

1) тілдік бөлім: тұрақты тіркестер. Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті мәні. Кейінгі ықпалды қайталау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Қазақ отбасы туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: қазақ отбасы туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: қазақ отбасы туралы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып өз ойын айту.

Жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Қазақ отбасы туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жаза білу, өз ойын қысқаша білдіре алу;

тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Қазақ отбасы туралы көзқарасын айтып, пікір білдіру. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет; 3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы тәрбиесі туралы қысқа мәтіндер, өлеңдер.

64. «Қазақ отбасында тұрғым келеді» – 22/11 сағат:

1) тілдік бөлім: этнолингвистикалық атаулар. Көмекші есімдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: қазақ отбасының ерекшелігі туралы мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну;

оқылым: мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: қазақ отбасындағы өзара сыйласымдылық туралы пікір білдіру;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып әңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұсынылған қазақ отбасылары туралы мәтіндерді оқу.

65. Әлеуметтік-мәдени ая –64/32 сағат. «Сурет галлереясына барамыз» –19/11 сағат:

1) тілдік бөлім: қалау рай. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Суретшілер туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: суретшілер, сурет көрмесі, картиналар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: белгілі бір сурет туралы өз пікірін білдіру. Сурет галлереясындағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Суретші мен суреттер туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: сурет, суретшілер жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ә.Қастеевтің туындылары туралы пікір алмасу.

66. «Мұражайға саяхат» – 20/11 сағат:

1) тілдік бөлім: неологизмдер. Қос сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Мұражай туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: мұражай, мұражайдағы экспонаттар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: ойын жеткізу барысында түрлі туындылар, экспонаттар жайлы айту. Мұражайдағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мұражай туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша жазбаша түрде білдіру;

тілдесім: мұражай жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Диалогке қатысу; 3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұлттық аспаптар мұражайы туралы әңгімелесу.

67. «Мен ұнататын теле/радио хабар» – 20/10 сағат:

1) тілдік бөлім: өздік етіс. Лепті сөйлемдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Радио, теледидардан естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;

айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Теледидардан көрген бағдарлама туралы жазу;

тілдесім: теледидардан көрген, кино, бағдарламалар мен радиодан естіген жаңалықтар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан телеарнасындағы танымдық бағдарлама туралы әңгімелесу.

68. Оқу-еңбек аясы – 28/14 сағат. «Біздің елде орта мектепте білім алу. Қандай емтихандар тапсырамын?» – 18/7 сағат:

1) тілдік бөлім: зат есім. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну, қолдана алу;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: орыс тілді, қазақ тілді мектептерде оқылатын тілдер туралы әңгімелесу.

69. «Менің арман мектебім» – 15/7 сағат:

1) тілдік бөлім: мақсатты келер шақ. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу.

Жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру.

Тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар өз арман мектебі туралы ой алмасады.


11. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

78. Пәндік нәтиже бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:

1) 1140 – 1180 лексикалық минимумды; 2) сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеп қолдануды;

3) туынды және күрделі сөздерді орынды пайдалануды;

4) сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) қасиетін меңгеріп, тілдік қатынаста қолдануды;

5) лексикалық минимум көлеміндегі сөз таптарының түрлену ерекшеліктерін; 6) етістіктің рай, шақ түрлерін;

7) құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдерін; 8) сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін; 9) мәтіннің құрылымын білуі тиіс.

79. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым: нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді түсіне алу; отбасы тәрбиесіне, Қазақстан суретшілеріне, мұражайлар мен сурет галареяларына қатысты айтылған ақпараттарды түсіну және қолдана алу; сөйлеушілердің ойын толық түсіне алу дағдыларын;

2) оқылым: күнделікті және өзінің жеке өмірі мен отбасы тәрбиесіне, Қазақстандағы мәдени орындарға, радио, теледидар хабарларына байланысты мәтіндерді оқып, түсіну; мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал-мәтелдерді таба алу, оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолдану; адамның көңіл-күйіне қатысты және сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғына алу дағдыларын;

3) айтылым: өз ойын жеткізу барысында түрлі оқиғалар, өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алу; денсаулыққа, тамақтануға, отбасындағы сыйластыққа, е-пошта қызметін пайдалануға қатысты өз көзқарасы мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын;

4) жазылым: өзара байланысты өзіне қызықты әрі қажетті мағлұматтарды қамтитын қысқа мәтіндерді жаза алу; берілген мәтінді түріне қарай ажыратып, негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізу; өзінің жеке басына қатысты хат жаза білу; ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жазбаша білдіре алу; мәтіндегі тілдік көркем-бейнелеуіш құралдарды таба алу, оларды өзара салыстыру, өзінің жазған мәтінінде қолдана алу дағдыларын;

5) тілдесім: әртүрлі жағдаяттарға байланысты сұхбаттаса алу; күнделікті қарым-қатынаста диалог, монологті берілген тақырыпқа сай етіп құрау; тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат, т.б.) қатыса алу; сөйлесім әрекетінде сөз мәдениетінің нормаларын сақтап қолдану; тілдік жағдаяттарға тән этикеттік орамдарды орынды пайдалана алу; таныс жағдайларға байланысты нақты берілген конструкцияларды пайдаланып, ой бөлісе алу; пікірталастарда өз ойын түсінікті жеткізе алу дағдыларын меңгеруі тиіс.

80. Тұлғалық нәтиже 5-9-сынып оқушыларының:

1) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан; 2) туған жеріне, ауылына/қаласына деген шынайы сүйіспеншілігінен;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясының, мемлекеттік рәміздерінің құндылықтық мәнін тани алуынан; 4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен; 5) салауатты өмір салтын сақтауынан; 6) қоршаған ортадағы табиғатқа: жан-жануарларға, өсімдіктерге ізгілікті қарым-қатынас жасауынан; 7) рухани-мәдени мұраларға деген саналы көзқарастарынан көрініс табуы тиіс.

81. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:

1) нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай құрылған сөйлемдерді түсіне алуынан; 2) тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен; 3) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен; 4) мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді таба алуынан және оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолдануынан; 5) өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан; 6) мәселеге қатысты өз көзқарастары мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алуынан;

7) ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жаза алуынан, онда бейнелеуіш құралдарды орынды қолдана алу дағдыларынан;

8) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен; 9) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен;

10) күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұхбаттаса алуынан;

11) белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан;

12) тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат, т.б.) қатысып, өз ой-пікірлерін білдіруінен;

13) тілдесім әрекетінде қазақ тілінің сөз мәдениеті нормаларын сақтап қолдануынан;

14) тілдік жағдаяттардың ерекшелігіне сай қазақ тіліндегі этикеттік орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрініс табуы тиіс.
































Қазақ тілі пәнінен 7-сыныптарға арналған күнтізбелік жоспар



Ая

р/с

Сабақтың тақырыбы

Грамматикалық тақырып

Сағат саны

Мерзімі

Бақылау формасы

Өтілетін күні

Әлеуметтік-тұрмыстық ая -53с.

1-бөлім

Біз, бәріміз, мемлекеттік тілде сөйлейміз

14


1

Ана тілім.6-сыныпта өткенді қайталау

Дыбыстық қайталау

1




2

Мемлекеттік тіл

Сұраулық сөйлем

1




3

Тіл дамыту

Сұраулық сөйлемнің жасалу жолдары

1




4

Сөздіктің түрлері

Құрмалас сөйлем

1




5

Кіріспе диктант «Түйе үстіндегі кітапхана»


1


Диктант


6

Туған тілде сыры терең жаным бар


1




7

Қазақ тілін үйрену жолдары

Шылаулар

1




8

Тіл мен Әліппе

Шылаудың түрлері

1




9

Тіл білу-өнер

Септеулік шылау

1




10

Тіл мәдениеті

Жалғаулық шылау

1




11

Қазақ тілін өзге ұлттардың үйренуі

Демеулік шылау

1




12

Қай тіл көп тараған?


1




13

Диктант «Мемлекеттік тіл»


1


Диктант


14

Нәтиже сабақ.. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі


1




2-бөлім

Кітап – бағалы сыйлық

11


15

Сыйлықтар

Біріккен сөздер

1




16

Сыйлықтың түрлері

жасалуы

1




17

Сыйлық беретін қуаныштар

Біріккен сөздердің емлесі

1




18

Сыйлықты қай кезде береді?

Тұйық етістік

1




19

Кімге не сыйлау керек?

Тұйық етістіктің

1




20

Балаларға арналған сыйлықтар

септелуі

1




21

Үлкендерге арналған сыйлықтар


1




22

Мазмұндама. Кітап – сенің досың


1


мазмұндама


23

Мен досыма қандай сыйлықтар сыйлаймын?

Лепті сөйлем

1




24

Анама қандай сыйлықтар сыйлаймын?


1




25

Нәтиже сабақ. Сыйлық жасау дәстүрі


1




3-бөлім

Жазғы демалыста не істейсің?

11


26

Жаз мезгілі

Тәуелдік жалғауы

1




27

Жаз деген...


1




28

Серуендеу

Етістіктің өткен шағы

1




29

Менің жазғы демалысым

Туынды сын есім

1




30

Ұмытылмас демалыс

Күшейткіш үстеу

1




31

Диктант «Жазғы саяхат»


1


Диктант


32

Табиғат аясында демалу

Туынды сын есім

1




33

Жазғы демалысты жоспарлау

Негізгі сын есім

1




34

Жазғы демалысымды кімдермен өткіздім?


1




35

Отбасыммен серуендеу


1




36

Нәтиже сабақ.Жаз мезгілі-демалысқа қолайлы кез

Тәуелдік жалғауы

1








4-бөлім

Ас – адамның арқауы

11









Сабақтың тақырыбы

Грамматикалық тақырып

Сағат саны

Мерзімі

Бақылау формасы

Өтілетін күні




37

Ұлттық тағамдар

Септеулік шылау

1




38

Еттен жасалатын тағамдар


1




39

Сыйлы қонақтарға берілетін тағамдар


1




40

Тіл дамыту


1




41

Ұннан жасалатын тағамдар


1




42

Диктант «Ас –адамның арқауы»


1


Диктант


43

Қазақтың ұлттық сусындар

Этнолингвистикалық атаулар

1




44

Тамақтану мәдениеті


1




45

Дұрыс тамақтану режимі

Септеулік шылау

1




46

Дастарқан жасау


1




47

Нәтиже сабақ.Кофе.Шай.


1




5-бөлім


Маған спорт киімі керек


9


48

Киім түрлері

Етістіктің рай категориясы

1




49

Киім кию туралы

Ашық рай

1




50

Күндізгі киім және спорт киімі

Тұйық етістік

1




51

Жастардың киімі


1




52

Диктант «Киімдер»


1


Диктант


53

Ұлттық киім

Шартты рай

1




54

Қазақтың ұлттық бас киімдері мен аяқ киімдері


1




55

Мазмұндама «Ұлттық киім»


1


мазмұндама


56

Нәтиже сабақ. «Сырт киім»

Тұйық етістік

1




Әлеуметтік-мәдени ая-38с



1-бөлім

Мен әуен тыңдаймын

13


57

Сұлу, әдемі музыка

Буын үндестігі

1




58

Ән – көңілдің ажары

Кірме сөздер

1




59

Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан


1




60

Ұлттық аспаптар

Өздік етіс

1




61

Домбыра


1




62

Диктант «Қазақ композиторлері»


1


диктант


63

Тіл дамыту


1




64

Халық әндері

бағынбайтын

1





Ая

р/с

Сабақтың тақырыбы

Грамматикалық тақырып

Сағат саны

Мерзімі

Бақылау

формасы

Өтілетін күні

Әлеуметтік-мәдени ая -38 с.

65

Күй аңыздары

Буын үндестігіне бағынбайтын

1




66

Қазақ сазгерлері


1




67

Құрманғазы Сағырбаев


1




68

Атақты күйшілер


1




69

Нәтиже сабақ. Мен әуен тыңдаймын


1





2-бөлім Менің әуес ісім 9


70

Менің әуес ісім – кітап оқу

Термин сөздер

1




71

Менің әуес ісім – киім тігу, зергерлік бұйымдар жасау


1




72

Менің әуес ісім – сурет салу,фотоға түсіру

Ырықсыз етіс

1




73

Диктант «Менің ермегім»


1


диктант


74

Менің әуес ісім – ән айту


1




75

Менің әуес ісім – ас дайындау


1




76

Менің әуес ісім – спортпен шұғылдану

Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы

1




77

Саяхатқа шығу


1




78

Нәтиже сабақ. Менің әуес ісім


1




3-бөлім Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары 13


79

Спорт. Спорт түрлері

Тіркесті сөздер

1




80

Таэйквондомен шұғылдану


1




81

Жеңіл атлетика.


1




82

Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол


1




83

Мазмұндама «Қазақ спорты» (162-бет)


1


мазмұндама


84

Футбол


1




85

Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз?

Реттік сан есім

1




86

Шахмат ойыны тарихынан

Ортақ етіс

1




87

Қазақстанның белгілі спортшылары


1




88

Азиада - 2011

Спорт ілестерминдерінің ем

1




89

Ұлттық спорт түрлері


1




90

Диктант «Спорт – денсаулық кепілі»


1


Диктант


91

Нәтиже сабақ. Спорт – денсаулық кепілі


1




4-бөлім Денсаулық – зор байлық 13


92

Денсаулық

Қос сөздер

1




93

Ұйқының пайдасы

Топтау сан есім

1




94

Тісті күту


1




95

Тіл дамыту


1




96

Жаны саудың – тәні сау


1




97

Емханада

Демеулік шылау

1




98

Салауатты өмір салты


1




99

Диктант «Денсаулық – зор байлық»


1


диктант


100

Саулық – байлық негізі

Демеулік шылау

1




101

Дәрігерлік қызмет көрсету


1




102

Таза ауа


1




103

Адамға пайдалы заттар


1




104

Нәтиже сабақ. Таза ауа


1






Ая

р/н

Сабақтың тақырыбы

Грамматикалық тақырып

Сағат саны

мерзімі

Бақылау жұмысы

Өтілетін күні

Оқу-еңбек аясы-24 с.

1-бөлім

Интернет. Интернет маған не үшін керек?

11



105

Интернет ұғымы

Интернацион-қ. терминдер

1




106

Интернеттің шығу тарихынан


1




107

Интернет құрылысы


1




108

Интернет қызметтер


1




109

Диктант «Компьютер»


1


диктант


110

Интернет дүкендері


1




111

Интернетке қосылу үшін не істеу керек?

Терминдердің орфографиясы

1




112

Интернет


1




113

Интернетті қолдану


1




114

Электронды пошта


1




115

Нәтиже сабақ. Интернет


1




2-бөлім

Интернеттен қазақша ақпараттар іздеймін?

21


116

Интернет жүйесі

Ауыспалы осы шақ

1




117

Интернетте жасалатын жұмыстар


1




118

Интернетті қолдану


1




119

Мазмұндама «Интернет дүкендер»


1


мазмұндама


120

Е –mail пошта дегеніміз не?

Сан есім түрлері

1




121

Тіл дамыту


1




122

Электронды пошта қалай қолдануға болады?

Сан есім түрлері

1




123

Ұялы телефон арқылы Интернетке шығу


1




124

Интернетте жасалатын жұмыстар


1




125

Интернет маған не үшін керек?


1




126

Интернетке қатысты тепминдер

Тұйық етістік емлесі

1




127

Диктант «Интернет»


1


диктант


128

Мен қазақша ақпараттар іздеймін


1




129

Ақпараттарды белгілеу және сақтау


1




130

Құжаттарды электронды түрде жеткізу


1




131

Ақпараттық-іздеу порталдар


1




132

Диктант «Компьютер кереметі»


1


Диктант


133

Интернеттік байланыстар


1




134

Маған қызық ақпараттар


1




135

Нәтиже сабақ. Интернеттің пайдасы мен зияны


1




136

Жылдық қорытынды


1





Барлығы: 136 сағат










Қазақ тілі пәнінен 9- сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Ая

Р/с

Өтілетін тақырыптар

Грамматика

Сағат саны

Мерзімі

Бақылау формасы

Бағдарлама

орындалуы


І. Әлеуметтік – тұрмыстық ая -44

1-бөлім

«Біз тату тұрамыз»

22





1

Білім күні. Менің отбасым


1





2

Отбасындағы асыл адамдар


1





3

Отбасындағы дәстүрлер

Тұрақты тіркестер

1





4

Отбасы бақытының қағидалары


1





5

Диктант «Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас»


1



Диктант


6

Адамның құндылығы


1





7

Тәрбие – тал бесіктен басталады

Кейінді ықпал

1





8

Отбасы туралы мақал-мәтелдер


1





9

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-отбасымыздың дәстүрі.

Фразеологизмдер

1





10

Ту,елтаңба,әнұран


1





11

Ата- анаңның ақылы


1





12

Диктант «Үлкенді сыйлау»


1



Диктант


13

Ата ананың парызын өтеу сенің парызың


1





14

Өмірлік өнеге


1





15

Батаменен ел көгерер


1





16

Ата – анаң бақытты болсын десең


1





17

Әке- балаға сыншы


1





18

Менің отбасымнан алған тәрбием


1





19

Мазмұндама «Ата өсиеті»


1



Мазмұндама


20

Мейірім


1





21

Алғыс алсаң,кем болмайсың


1





22

Нәтиже сабақ


1





2-бөлім

«Қазақ отбасында тұрғым келеді»


22





23

Үлкенді сыйлау - ұлылық

Этнолингвистикалық атаулар

1





24

Қазақ отбасындағы бірініші талап


1





25

Енші үлесі

Көмекші есімдер

1





26

Киелі сандардың құпиясы


1





27

Жеті ата


1





28

Қазақ –қонақжай халық


1





29

Дастарқан-отбасының дарқандығы


1





30

Диктант «Дастарқан»


1



Диктант


31

Қазақ отбасындағы ұлттық тағамдар


1





32

Отбасында мерекелерді қонақтармен қарсы аламыз


1





33

Сәбиге байланысты қазақ дәстүрлері


1





34

Қазақ дәстүрлері


1





35

Нәтиже сабақ


1





36

Қорытынды сабақ Тест


1







Ая

Өтілетін тақырыптар

Грамматика

Сағат саны

Мерзімі

Бақылау формасы

Бағдарлам

орындалуы



37

Атадан өсиет


1





38

Туғанда дүние есігің ашады өлең


1





39

Киіз үй


1





40

Киіз үйдің ішкі көрнісі


1





41

Диктант «Сәлемдеме»


1



Диктант


42

Киізден жасалған бұйымдар


1





43

Қолөнер


1





44

Музыкалық аспаптар


1






ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая – 64


3-бөлім

Сурет галереясына барамыз


19





45

Қазақ бейнелеу өнерінің тарихынан

Қалау рай

1





46

Бейнелеу өнері


1





47

Бейнелеу өнерінің түрлері


1





48

Әбілхан Қастеев


1





49

Әбілхан Қастеев


1





50.

Графика


1





51

Көркем сурет галериясы

Қос сөз

1





52

Б.Табылдиев, Айша Ғалымбаева


1






53

Н.Т.Хлудов


1






54

«Жас қазақ әйелінің портреті»


1






55

Мазмұндама «Потанин атындағы мұражай»


1



Мазмұндама



56

Портрет жанры


1






57

Е.Сидоркин


1






58

Кескіндеме


1






59

Бейнелеу өнерінің жанрлары


1






60

Диктант «Қазақтың тұңғыш суретшісі»


1






61

Қазақстан суретшілері


1






62

Тіл дамыту.


1






63

Нәтиже сабақ


1



Диктант





4-бөлім

«Мұражайға саяхат»


20




64

Мұражай. Ашық аспан астындағы мұражайлар

Неологизмдер

1






65

Қазақстандағы мұражай тарихынан


1





66

Қазақстанның мұражай ісі

Қос сөздер

1





67

Менің қаламдағы мұражайлар

Қайталама қос сөздер

1





68

Қазақстан мұражайлары


1





69

М.Әуезов мұражайы

Тұрлаулы мүшелерді қайталау

1





70

Ғ.Мүсірепов мұражайы

Жаңа сөздер

1




71

Қарағанды облыстық тарихи - өлкетанумұражайы

Тұрлаусыз мүшелер

1





72

Тіл дамыту .ҚР Президентінің мұражайы

Қос сөздердің жасалу жолдары

1





73

Диктант «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы»


1



Диктант


74

Нәтиже сабақ


1





75

Президенттік мәдениет орталығы

Біріккен сөз

1





76

Өлкетану мұражайы


1





77

Орталық мұражай экспонаттары


1





78

Абайдың мұражай-үйі

Қысқарған сөз

1





79

Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы


1





80

Ә.Қастеев атындағы өнер мемлекеттік мұражайы


1





81

Тіл дамыту

Жалқы есім

1





82

Мазмұндама «Есік жазуы»

Жалпы есім

1



Мазмұндама


83

Нәтиже сабақ «Мұражайларға саяхат» Тест


1





5-бөлім

«Мен ұнататын теле/радио хабар»

20





84

Ақпарат құралдары


1





85

Заман кереметі: Радио мен теледидар

Өздік етіс

1





86

Сұхбаттасу

Толымды, толымсыз сөйлем

1





87

Қазақстан радио арналары


1





88

Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеті

Лепті сөйлем

1





89

Журналистика


1





90

Диктант «Мамандық»


1



Диктант


91

Тіл дамыту


1





92

Қоғамда БАҚ құралдарының орны

Стиль

1





93

Теледидар


1





94

Қазақстандық телеарналар

Жалғау түрлері

1





95

Телерепортерлерге қойылатын талаптар


1





96

Телевидениенің бағдарламалары

Тәуелдік жалғау

1





97

Тіл дамыту


1





98

Еларна бағдарламасы


1





99

Диктант «Теледидар.»


1



Диктант


100

Радио мен телевидениедегі өзгерістер


1





101

Публицистикалық стиль


1





102

Нәтиже сабақ «радио, теледидар»


1





103

Қорытынды сабақ .Тест


1







Оқу-еңбек аясы-28 сағат

6-бөлім

Біздің елде орта мектепте білім алу

18


104

ҚР білім беру жүйесі

Зат есім

1






105

ҚР білім беру жүйесі


1





106

Қазақстандағы оқу орындары

Сөздік түрлері

1





107

Қазақстандағы оқу орындары


1





108

Біздің елде орта білім алу Қазақстандағы оқу орындары


1





109

Қазақстандағы оқу орындары


1





110

Диктант «Ана тілі»


1



Диктант


111

Емтихан

Зат есімнен сын есім

1





112

Сөздік түрлерімен жұмыс

тудыратын жұрнақтар

1





113

Мемлекетаралық бақылау және ұлттық бірыңғай тестілеу


1





114

Тіл дамыту. «Қазақ тілінен емтихан тапсырамын»


1





115

Емтихан алдындағы күн


1





116

Диктант «Үміт»


1





117

Менің мектебім.Білім- өмір шырағы

Мақсатты келер шақ

1



Диктант


118

Білімнің бізге берер пайдасы


1





119

Мамандық таңдау


1

1





120

Алтын ұя мектебім






121

Ұстаз бен шәкірт


1





7-бөлім Менің арман мектебім

15





122

Білім-өмір шырағы


1






123

Білім-өмір шырағы


1






124

Білім нәрі – мектепте

Мақсатты келер шақ

1






125

Мазмұндама «Менің арман мектебім қандай болу керек?»


1



Мазмұндама



126

Мен қалаған мамандық


1






127

«Мектеп тірегі –ұстаз»

Осы шақ

1





128

«Ұстаз бен шәкірт»

Ауыспалы осы шақ

1





129

Алтын ұя мектебім


1





130

Арман мектебінің ұстаздары


1





131

Диктант «Мектепте»


1



Диктант


132

Арман мектебінің шәкірттері


1







133

Өнер, спорт мектептері


1






134

Мен ғалым болсам ...


1






135

Қорытынды сабақ Тест


1






136

Жылдық қорытынды


1












































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


















Қазақ әдебиеті

(негізгі және орта деңгей)

оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін

мектептің 5 -9 сыныптарына арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


















Астана 2014


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін

«Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілді емес)



1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

  2. Бағдарлама «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаты мен міндеттерін айқындай отырып, оқушыларды қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірінен бүгінгі күніне дейінгі кезеңдерін жүйелі оқытуды көздейді.

  3. Білім мазмұнын іріктеуде көркем шығармалардың жүйелі, ықшам-далып берілуі және әдебиеттiң теориялық мәселелерi, көркем шығармаларды талдау жүйесi, көркем туындының стильдiк ерекшелiктерi тұтастай емес, әр тақырыптың өзіндік ерекшелігіне қарай талдануы қарастырылды.

  4. Бағдарламаны құрастыру барысында шәкірттерге білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық мәдени құндылықтарды таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, білім мазмұнының сабақтастығы мен пәнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынды.

  5. Бағдарламаның білім мазмұнына қазақ әдебиетінің үздік шығармалары ұсынылып, олардың ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты мен кейіпкерлерін, ондағы халықтық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер көрінісін, табиғат суреті мен қаламгерлердің сөз қолданыстарын зерделеуге баса мән беріледі.

  6. Пәнді оқыту мақсаты:

қазақ әдебиетінің озық классикалық үлгілері арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін және қазақ халқының рухани әлемін, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін бағалай алатын, танымы жоғары, өркениеттi қоғамға сай тұлға қалыптастыру.

  1. Пәнді оқыту міндеттері:

    1. әдеби көркем туынды арқылы оқушының мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру;

    2. қазақ халқының әдебиеті, тарихы, тілі, мәдениеті, өнері туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру;

    3. көркем әдебиетті оқытуда шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;

    4. оқушылардың әдеби-теориялық бiлiмдерiн тереңдетiп, шығарманың мазмұндық, жанрлық-стильдiк ерекшелiктерiн таныту;

    5. әдебиет тарихы бойынша тиісті мәліметтер мен әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;

    6. қазақ тілінде сөйлеу әрекеттерін еркін орындау, әдеби тіл үлгісін пайдалана отырып, пән бойынша өз ойларын қазақ тілінде өзгеге және топта қорғай білу.

  2. Қазақ әдебиеті танымдық, тәрбиелiк қызмет атқаратындықтан, бағдарламада көрсетiлген әдеби бiлiм мазмұны осыған дейінгі сыныптарда берiлген базалық бiлiмнiң табиғи жалғасы, бiртұтас құрамдас бөлiгі болып табылады. Қазақ әдебиетiн бiртұтас, жүйелi сипатта оқыту оқушылардың үйлесiмдi дамуына қызмет етеді.

  3. Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымдық деңгейін арттырып, туған әдебиетінен өзге ғылым салаларын игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді:

    1. «Қазақ тілімен»: көркем әдебиет мәтіндерінен стильдің түрлерін, кірме сөздерді, архаизм, жаңа сөздерді (неологизм) табуға бағыт беріледі. Сөйлемдердің грамматикалық нормаларға сәйкестігін, құрылымын қарастырады;

    2. «Қазақстан тарихымен»: әдеби оқиғалардың тарихи факторлармен тығыз байланыста болатындығын түсінуіне, тарихи деректерді орынды пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады;

    3. Жаратылыстану циклі пәндерімен: танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады;

    4. «Музыка» пәнімен: әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық әуеннің қазіргі әндермен ұқсастықтары мен айырмашылық-тарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.

  4. Оқу жүктемесінің көлемі:

    1. оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:

5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында –34 сағат;

    1. оқыту орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:

5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында –34 сағат.


4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 30 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстарға 2 сағат, сыныптан тыс шығармалар туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

  2. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

    1. «Кіріспе» (1 сағат). Әдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі туралы. Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні. Қазақ әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеттері.

  3. «Халық ауыз әдебиеті» (5 сағат):

    1. «Батырлар жыры туралы түсінік. «Қобыланды батыр» жыры» (2 сағат). Батырлар жырының тақырыбы мен идеясы. Батырлар жырының өзіндік ерекшеліктері. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен мазмұны. Жырдың кейіпкерлері. Қобыланды бейнесі, оның ерлік істері мен адамгершілік тұлғасы. Жырдағы Құртқа бейнесі. Тайбурыл образы. Әдебиет теориясы: эпостық жырлар. Тіл дамыту: жырды оқу мақамы (аудио/бейне таспалардан үзінділер тыңдату), жоспар құру, баяндау, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: театр (М.Әуезов. «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің ұсынуы бойынша;

    2. «Шешендік сөздер туралы түсінік» (2 сағат). Шешендік сөздердің мәні мен маңызы. Шешендік сөздердегі астарлы ой, көркемдік таным мәселелері. Қазақ билерінің қоғамдағы қызметі. Олардың айтқан сөздерінің өмірлік ұстанымдармен бірлігі. Шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: шешендік сөз туралы ұғымды кеңейту. Тіл дамыту: билердің сөздерін мәнеріне келтіріп жатқа оқу, қысқаша мазмұнын әңгімелеп беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (сандық білім беру ресурсы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Үш пайғамбар». Алматы, 1992;

    3. «Қанатты, нақыл сөздер» (1 сағат). Қанатты, нақыл сөздердің мақал-мәтелдерге ұқсастығы мен айырмашылығы. Олардың көбінесе авторының болуы. Қазақ нақыл сөздерінің мән-мағынасы, ішкі философиялық, эстетикалық, этикалық сыр-сипаты. Қанатты, нақыл сөздер қорының молығуы. Әдебиет теориясы: қанатты, нақыл сөздер. Тіл дамыту: достық, сыйластық, туыстық сезім туралы қанатты, нақыл сөздер тауып жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: өздері қалаған қанатты, нақыл сөздер негізінде ребус құру.

  4. «ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті» (1 сағат):

    1. «Дулат Бабатайұлы.«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет. Ақынның қазақ поэзиясындағы орны.«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің жеке адамға арнау үлгісінде айтылуы. Ақынның ел болашағы – жастарға деген бата-тілегі, үміті мен сенімі. Ақын арманының риторикалық сұрау арқылы берілуі, өлеңнің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс – ата-әже, ата-аналарының тілек-баталарын жазу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың» өлеңі;

    2. «Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым» өлеңі» (1 сағат). Ақын жырларындағы Исатай бейнесі. Исатайдың батырлығымен қоса, оның сабырлы, парасатты азаматтық бейнесінің көрінуі. Өлеңдегі көркемдегіш құралдар. Әдебиет теориясы: теңеу. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, теңеулерді табу, оларға түсінік беру, эпиграф таңдап алу, «Туады ерлер ел үшін» деген тақырыпта ойтолғау жазу. Пәнаралық байланыс: тарих. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Өтемісұлы. «Мен едім» өлеңі;

    3. «Абай Құнанбайұлы. Жетінші қарасөзі» (2 сағат). Абай – ұлы тұлға, кемеңгер ақын. Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны. Ақынның туып-өскен, тәрбие алған ортасы. Шығармашылық жолы. Жетінші қарасөз. Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармалары туралы түсінік. Қарасөздерінің жазылу себептері. Ондағы философиялық ой, тәлім-тәрбиенің молдығы. Абайдың сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің құндылығы. Әдебиет теориясы: қарасөз туралы түсінік. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу. Пәнаралық байланыс: тарих, география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Он жетінші сөз».

  5. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (19 сағат):

    1. «Ахмет Байтұрсынұлы. «Егіннің бастары» (1 сағат). А.Байтұрсынұлы – ақын, педагог, қоғам қайраткері. Шығармашылығына шолу. А.Байтұрсыновтың аударма мысал өлеңінің кейіпкерлеріне мінездеме. Өлеңдегі негізгі ой, басты идея – қарапайымдылық. Ақынның жастарды адамдыққа үндеуі. Әдебиет теориясы: мысал туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А. Байтұрсынұлы. «Қара бұлт» өлеңі;

    2. «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры, өнер, білімге деген құштарлығы және оның ақын поэзиясында көрінуі. Өлеңге арқау болған ақын арманы, өмірлік мұраты. Оның өз шығармаларында надандық пен қараңғылықты сынауы. «Алаш» ұранын ту етуі. Әдебиет теориясы: лирикалық қаһарман. Тіл дамыту: өлеңді жатқа оқу,туған жерге деген сезімді шағын ойтолғау арқылы беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

    3. «Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші» әңгімесі («Қартқожа» романынан үзінді)» (2 сағат). Ж.Аймауытовтың ХХ ғасыр басындағы көрнекті ақын, жазушы, сыншы екендігі. ХХ ғасыр басындағы қала жастары өмірінің көрінісі. Олардың өнерді жоғары бағалауы. Әмірқандай әншінің прототипі қазақтың атақты әншісі, дарынды тұлға Әміре Қашаубаев екендігін түсіндіру. Балаларды әнді, өнерді құрметтеуге үйрету. Әншінің үнтаспаға жазылған әнін тыңдату. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, талқылауға арналған сұрақтар әзірлеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Әміре Қашаубаев туралы;

    4. «Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Мағжанның өлеңдеріндегі адами биік қасиеттер. Өлеңдегі ақынның ішкі толқыныстары. Отанға, елге, жерге, отбасына деген махаббаттың орны. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Сағындым» өлеңі;

    5. «Бейімбет Майлин. «Айт күндері» әңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы. Әңгімедегі айт мерекесінің көріністері. Құрбан айттың өзіндік дәстүрлері. Адамдардың көңіл күй сезімдері және ақ тілектер. Айтқа қатысты тұрақты тілдік оралымдар. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту. Тіл дамыту: түсініп оқу, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Торайғыров. «Қымыз» өлеңі;

    6. «Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ана тілінің адамның дүниені танып, азамат болып қалыптасу жолындағы рөлі туралы. Домбыра өлеңінің мазмұны. Күй құдіретінің поэзия тілінде бейнеленуі. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: ана тілі, домбыра, күй өнері туралы өзіндік пікірлерін білдіру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі;

    7. «Мұхтар Әуезов. «Көксерек» әңгімесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы.«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы. Басты кейіпкер Құрмаш пен Көксеректің достығы. Әңгімедегі адам – табиғат арақатынасы. Жазушының басты мақсатының көрінісі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсініктерін кеңейту. Тіл дамыту: жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, пікір алмасу. Пәнаралық байланыс: кино («Көксерек» кинофильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. «Жетім» әңгімесі;

    8. «Ғабит Мүсірепов. «Автобиографиялық әңгіме» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Автобиографиялық әңгіме» - жазушының өз өмірінен алынып жазылған шығарма екендігі. Бекет Өтетілеуовтің ұстаздық тағлымының жазушыға өмірлік өнеге болуы. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанрлық ерекшелігі. Әңгіменің баяндау тілінің көркемдігі. Әдебиет теориясы: баллада туралы ұғым. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы телесабағы);

    9. «Зейін Шашкин.«Доктор Дарханов» романы (үзінді)» (3 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Доктор Дарханов» романы дәрігерлердің өмірі мен қызметі туралы тұңғыш шығарма екендігі. Дәрігер Дарханов образы. Ұлттар арасындағы достық идеясы. Әдебиет теориясы: роман туралы. Тіл дамыту: әңгімені оқу, мазмұнын баяндау, образдарға мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Х.Досмұхамедовтің еңбектері;

    10. «Жұбан Молдағалиев. «Мен – қазақпын» поэмасы (үзінді)» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы туралы. Поэманың айрықша мән-маңызы. Қазақ елінің отаршылдық кезеңіндегі сыңаржақ түсініктер, ана тілін менсінбеу, өзінің қазақ екенін айтуға қорлану, туған халқын сатып жіберуге икемделген мәңгүрттер туралы. Поэманың халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятуға, өзіне деген сенімін арттыруға, өз-өзіне құрметпен қарауға, отаншылдықты нығайтуға қосқан үлесі. Дастандағы халқымыздың жүріп өткен тарихи бел-белестеріне шолу, бүгінгісін бағамдауы. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Тұманбай Молдағалиев. «Ана тілі» өлеңі;

    11. «Шерхан Мұртаза. «Жүз жылдық жара» әңгімесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының шығармашылық жолы туралы қысқаша мағлұмат. Әңгіменің тақырыбы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының ауыр тұрмысын суреттеуі. Байшынардың тарихынан әңгімелер. Мыңбұлақ аулының әсем табиғатын, Бақтияр бағының шипалы шөптерін көркем бейнелеуі. Әңгімедегі Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал, Кенжекүл, Ахмет образдары. Халықтың наным-сенім, ырымдары хақында. Жуанқұлдың тағдыры арқылы жазушының айтпақ ойы. Жазушының экология мәселесін көтеруі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: әңгімені бөлімдерге бөліп, мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Мұртаза. «41-жылғы келіншек» әңгімесі (үзінді);

    12. «Қадыр Мырзалиев. «Жеті» өлеңі» (1 сағат). Ақын шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. Жеті санының мұсылман халықтары үшін, қазақ үшін қасиетті сан екендігін түсіндіру. Жеті ата, жеті қазына, т.б. туралы мысал келтіру. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Мектеп» өлеңі.

  6. Қорытындылау (1 сағат).









Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде шығармаларды оқып, талдауға 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға 2 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

  2. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

    1. «Кіріспе» (1 сағат). Сөз өнері мен қоғам дамуы арасындағы сабақтастық. Әдебиеттің көркем шындықты жинақтап көрсетудегі өзіндік ерекшелігі. Қазақ әдебиетінің даму тарихы, кезеңдері.

  3. «Халық ауыз әдебиеті» (7 сағат):

    1. Халық ауыз әдебиеті және оның туу, пайда болу жолдары (1 сағат). Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен ерекшелігі. Әдебиет теориясы: фольклор туралы түсінік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ фольклористикасының тарихы»;

    2. «Тұрмыс-салт жырлары» (1 сағат). Тұрмыс-салт жырларының халық өмірімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысы және ежелгі дәуірлердегі бабалар дүниетанымы. Фольклор жанрларының тұрмыс-тіршілікпен тікелей байланыстылығы. Тұрмыс-салт жырларының түрлері. Тұрмыс-салт жырларының тәлім-тәрбиелік мәні, жанрлық ерекшеліктері. Төрт түлік мал, наурыз жыры, бесік жыры, жар-жар, беташар, т.б. Әдебиет теориясы: лирикалық және эпикалық жанрлар. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Наурызға байланысты өлең-жырлар;

    3. «Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жырынан үзінді» (1 сағат). Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі. Ондағы ел қорғау идеясы. Батырлар жырының халық тарихымен байланысы. Қамбар батыр жырының көтерген тақырыбы. Жырдағы Қамбар батыр бейнесі. Оның мінезіндегі адамгершілік, қайырымдылық, ерлік, батырлық қасиеттердің көркем бейнеленуі. Батырдың ата-анасына деген қамқорлығы. Жырдағы батырдың тұлпары Қарақасқа аттың образы. Қамбардың Назым сұлумен танысуы, екеуінің арасындағы сүйіспеншілік. Сыртқы жауға қарсы күрес. Жыр тілінің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: шендестіру, баяндау;

    4. «Лиро-эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан үзінді» (1 сағат). Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы ұлттық мәдениет, тұрмыс-салт көрінісі. Қозының өзіне ақылы мен көркі сай жар іздеп шығуы. Сұлулық, адамгершілік қасиеттердің ерлік және батыр намысымен тұтастықта сипатталуы. «Қыз Жібек» жыры мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Жырдағы негізгі кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың көп вариантты болуының мәні. Әдебиет теориясы: композиция, сюжет, монолог, диалог. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Айман-Шолпан» жыры;

    5. «Айтыс. «Біржан мен Сара» айтысы» (1 сағат). Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың шығу тегі, даму ерекшеліктері. Әлем әдебиеті тарихындағы көріністері. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі айтыс туралы деректер. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Айтыстың драмалық жанрмен ұқсастығы. «Біржан мен Сара» айтысының тарихи негіздері. Айтысқа тән дәстүрлері, композициясы. Сюжеттік даму желісі. Біржан-Сара айтысындағы тартыстың шарықтау шегі. Логикалық қисын. Сөзге тоқтау. Көркемдік ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: импровизация. Өзіндік ізденіс жұмыстары: қазіргі айтыс үлгілері.

  4. «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1 сағат):

    1. «Орхон ескерткіштері. «Күлтегін жазуы» (2 сағат). Жазба ескерткіштердің тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арнап, тасқа қашалып жазылған жырлар екендігі. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы. Орхон жазуларының мазмұны, композициялық құрылымы. Жанрлық сипаты. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: жырдың композициясы туралы. Тіл дамыту: жырдан үзінді жаттау. Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1991.

  5. «XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы» (2 сағат):

    1. «Асан қайғы. «Бұл заманда не ғаріп?», «Еділ бол да, Жайық бол» жырлары (1 сағат). Жырау өмір сүрген тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Асан жырларындағы ел бірлігін сақтау, жайлы қоныс іздеу идеясы. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ» жырының идеялық мәні. Жерұйықты іздеуінің түпкі мақсаты. Асан қайғы жырларының көркемдік-философиялық ерекшелігі. «Естіні көрсең, кем деме», «Еділ бол да, Жайық бол» жырларындағы адамгершілік мәселелерінің көркем жинақталуы. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жеті ғасыр жырлайды» жинағы;

    2. «Бұқар жырау. «Ай, Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» толғаулары» (1 сағат). Бұқар жырау Қалқаманұлы ХV ғасырдан бастау алған жыраулық өнерді биік белеске көтерген жырау, көрнекті қайраткер екендігі. Оның өмірі туралы соңғы деректер. Бұқар шығармаларының көркемдік-эстетикалық мәні. Бұқар жырау жырларындағы замана сипаты, тарихи тұлғалар бейнесі. Оның қазақ поэзиясын тақырыптық жағынан байытуы. Әдебиет теориясы: ұйқас түрлері. Пәнаралық байланыс: тарих, география, электрондық оқулық (Махамбет туралы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин. «Ғасырлар бедері». – Алматы: Жазушы, 1991.

  6. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (6 сағат):

    1. «Махамбет Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай» (1 сағат). ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. М.Өтемісұлы жырларындағы романтикалық сарын. Махамбет шығармаларындағы ақындық «мен». Махамбет жырларындағы Исатай батыр образы. Өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: ерікті ұйқас;

    2. «Нысанбай жырау (1822-1883 жж.). «Кенесары-Наурызбай» жыры» (1 сағат). Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнері. Оның ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Кенесары-Наурызбай» жыры және ондағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. Жырдағы Кенесары мен Наурызбай образдары. Көркемдік ерекшелігі. Жанрлық сипаты. Нысанбай жырау шығармашылығының зерттелуі. Әдебиет теориясы: тарихи жыр;

    3. «Шоқан Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі» (үзінді)» (1 сағат). Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы екендігі. Ғалымның еңбектері туралы. Ыстықкөлдің табиғаты мен сол жерді мекендеген халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін суреттеуі. Әдебиет теориясы: эссе, күнделік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Уәлиханов. «Қашқария саяхаты»;

    4. «Ыбырай Алтынсарин. «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Атымтай Жомарт» (1 сағат). Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, жақсы міне-құлыққа үйретуге мән беруі. Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық жасауға, төзімді болуға, еңбек етуге тәрбиелеу. Әдебиет теориясы: архаизм, историзм. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин әңгімелері;

    5. «Абай Құнанбайұлы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі (2 сағат). «Ескендір» поэмасы. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай поэзиясы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек» өлеңіндегі адамгершілік жайындағы философиялық ой толғау. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақынның көркем сөздің асылы – поэзия деп жоғары бағалауы. Өлеңнің түрі мен мазмұнына талап қоюы. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері, ой мен сезім иірімдері. «Ескендір» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Поэмаларындағы шығыстық сарын. Әдебиет теориясы: көп мағыналы сөздер. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Құнанбайұлы туралы зерттеу еңбектер.

  7. «ХХ ғасыр әдебиеті» (10 сағат):

    1. «Жамбыл Жабаев. «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері» (1 сағат). «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерінде 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан күйзелісі, жастарға деген жанашырлығы. Жамбыл жырларының қоғамдық мәні. Басқа тілдерге аударылуы. Әдебиет теориясы: дастан жанры;

    2. «Мағжан Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі, «Батыр Баян» поэмасы»(1 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Мағжан нәзік лирик, сыршыл ақын. «Түркістан» лирикасы. Өлеңдегі туған жерге, елге деген ақынның мақтаныш сезімі. Тұран елін, оның тарихын перзенттік сезіммен жырлауы. «Батыр Баян» поэмасының тарихи-әлеуметтік негізі. Абылай хан, Батыр Баян бейнелерін даралап сомдауы. Баян батырға тән биік рух, отты сезім. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма жанры. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. «Күншығыс», «Пайғамбар» өлеңдері;

    3. «Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді)» (1 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Поэманың композициялық құрылымы. Қобызшы портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген ақынның көзқарасы. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік;

    4. «Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді (І томнан)» (3 сағат). М.Әуезовтің шығармашылық жолы. Романның жанрлық ерекшелігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Роман-эпопеяда суреттелетін Абайдың азаматтық, ақындық келбеті және замана бейнесі. Романның тараулары, пейзаж бен портрет, тартыс және мінез. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Жазушының әлем әдебиетіне қосқан үлесі. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр.Тіл дамыту: поэмаға сюжеттік жоспар құру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Жетісу суреттері» өлеңі (үзінді);

    5. «Ғабит Мүсірепов. «Боранды түнде» (әңгіме)» (1 сағат). Әңгіменің кейіпкер атынан баяндалуы. Боранды түннің сипаты. Әңгіменің сюжеттік желісі. Әңгімедегі негізгі кейіпкер – Қайсар және оған тән қажырлылық, табандылық, биік адамгершілік қасиеттер. Әңгімедегі салт-дәстүр көріністерін, бала мінезін, іс-әрекетін сипаттаудағы жазушы шеберлігі. Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тіл шеберлігі, жеңіл юмор. Әдебиет теориясы: романтикалық образ. Пәнаралық байланыс: «Ғ.Мүсірепов мұражайы» электронды телесабақ;

    6. «Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді» (2 сағат). І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. Трилогияда қазақ тарихын көркем бейнелеп көрсетуі. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары арасындағы ортақ желі. Шығармадағы тарихи тұлғалар (қазақ хандары мен би-шешендері және батырлары) бейнесі. Тарихи романға тән ерекшеліктер. Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Әдебиет теориясы: тарихи роман. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сматаев. «Елім-ай» романы;

    7. «Тәкен Әлімқұлов. «Қараой» әңгімесі» (1 сағат). Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығындағы өнер тақырыбы. Эпикалық туындылары. «Қараой» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Әңгімедегі образдар жүйесі. Махамбет образы. Сюжеттік желісі, композициялық құрылымы. Әңгіменің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Махамбет» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі» романы;

    8. «Мұқағали Мақатаев. «Райымбек, Райымбек!» поэмасы» (2 сағат). М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы: стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»);

  8. «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» (2 сағат). Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологияның да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар.

  9. Қорытынды сабақ (1 сағат).

  10. Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде шығармаларды оқып, талдауға 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға 2 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

  11. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

1) «Кіріспе» (1 сағат). Әдебиет және қоғамдық сана. Сөз өнерінің көркем шындықты бейнелеудегі ерекшелігі. Қазақ әдебиетінің даму тарихы мен кезеңдері. Көне бастаулары.

  1. «Ежелгі дәуір әдебиеті. «Күлтегін жыры» (1 сағат). Ежелгі дәуір әдебиеті туралы жалпы түсінік. Түркі халықтарына ортақ құндылықтар. Орхон жазуларының тарихи негіздері, зерттелуі, тақырыбы, мазмұны, композициялық құрылымы. Батырлар жырларына ұқсастығы. Жанрлық сипаты. Түркі тайпаларының өмірі. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: тақырып пен идея, композиция. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Н.Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: «Ана тілі», 1991.

  2. «Жыраулар поэзиясы» (2 сағат). Жыраулар поэзиясының ерекшелігі. Олардың ел қорғау, ел басқару және ел бірлігін сақтау мәселелерін толғауы. Жыраулық өнер, жырау тұлғасы. Жыраулар поэзиясының жанрлық сипаты, құрылымдық ерекшелігі. Ұйқас, ырғақ мәселесі. Доспамбет, Қазтуған, Шалгез, Ақтанберді, Бұқар және т.б. туралы. Әдебиет теориясы: шағын көлемді эпикалық жанрлар. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жеті ғасыр жырлайды» жинағы.

  3. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (7 сағат):

    1. «Шоқан Уәлиханов.«Ыстықкөл күнделігі» (үзінді)» (2 сағат). Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы екендігі. Ғалымның еңбектері туралы. Ыстықкөлдің табиғаты мен сол жерді мекендеген халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін суреттеуі. Әдебиет теориясы: эссе, күнделік;

    2. «Ыбырай Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі» (2 сағат). Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің тақырыбы мен идеялық мазмұны, отырықшылық өмірге шақыру идеясы. Көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанрының ерекшелігі;

    3. «Абай Құнанбайұлы. «Ескендір» поэмасы» (3 сағат). Абайдың әдеби мұралары туралы. Абай шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері. Поэманың сюжеттік-композициялық құрылымы, жанрлық ерекшелігі. «Ескендір» поэмасының адамгершілік, рухани мәні. Әдебиет теориясы: поэма туралы.

  4. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (16 сағат):

    1. «Жамбыл Жабаев. Құлмамбетпен айтысы» (1 сағат). Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы. Айтыстың жанрлық ерекшелігі. Айтысқа тән тапқырлық. Жамбыл – суырыпсалма (импровизатор) ақын. Құлмамбетпен айтысының ерекшелігі, ақынның халық поэзиясына тән сөз қолданыстары, тіл өрнектері. Әдебиет теориясы: айтыс туралы;

    2. «Мағжан Жұмабаев. «Батыр Баян» дастаны (үзінді)» (2 сағат). М.Жұмабаевтың лирикалық шығармалары. «Батыр Баян» дастанының сюжеті, орыс әдебиетінің романтикалық шығармаларымен идеялық үндестігі. Поэмадағы Абылай хан, Баян батыр бейнелері. Метафоралық қолданыстары. Әдебиет теориясы: лирика жанры;

    3. «Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Поэманың композициялық құрылымы. Қобызшы портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген ақынның көзқарасы. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік;

    4. «Сәбит Мұқанов. «Аққан жұлдыз» романы (үзінді)» (2 сағат). С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы (ақын, жазушы, әдебиет зерттеушісі). «Аққан жұлдыз» романының жанрлық сипаты, сюжеті мен композициясы. Шоқан, Айғаным мен Шыңғыс бейнелері. Жазушының сөз саптау ерекшелігі. Әдебиет теориясы: роман туралы;

    5. «Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы (үзінді)» (3 сағат). М.Әуезовтің қазақ әдебиеті мен дүниежүзі әдебиетіндегі орны. М.Әуезов – жазушы, драматург, ғалым. «Абай жолы» роман-эпопеясының тақырыбы, идеялық мазмұны, сюжеттік құрылымы. Қаламгер қаламынан туған пейзаж бен портрет. Абай, Құнанбай бейнелерінің көркем жинақталуы. Шығарма тілінің көркемдік ерекшеліктері. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр;

    6. «Қасым Аманжолов. «Өзім туралы» өлеңі» (1 сағат). Қ.Аманжоловтың шығармашылығы туралы. «Өзім туралы» өлеңінің идеялық мазмұны. Ақынның суреткерлік шеберлігі. Лирикалық шығармадағы ақындық «мен» мәселесі. Әдебиет теориясы: ырғақ, екпін туралы;

    7. «Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясы (үзінді)» (3 сағат). І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. «Көшпенділер» трилогиясы «Жанталас», «Алмас қылыш», «Қаһар» деген үш кітаптан тұратындығы. «Қаһар» романының сюжеті мен композициясы. Тарихи танымдық мәні. Шығарманың негізгі тақырыптары. Шығармадағы тарихи тұлғалар бейнелері (қазақтың хандары, билері мен батырлары). Әдебиет теориясы: тарихи роман туралы;

    8. «Мұқағали Мақатаев. «Райымбек, Райымбек!» поэмасы» (2 сағат). М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы: стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»).

  5. «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» (2 сағат). Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологияның да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар.

  6. Қорытындылау (1 сағат).

36. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде шығармаларды оқып, талдауға 30 сағат,

шығармашылық жұмыстарға 4 сағат,

сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.


. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

57. Пәндік нәтижелер бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:

1) ежелгі дәуір әдебиеті, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэиясы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті, қазіргі кезең әдебиетінің үлгілерін, шетел әдебиетінің жекелеген үздік туындыларын мұғалім басшылығымен зерделеп меңгеруі;

2) өз бетімен оқыған туындының негізгі, тақырыптық, идеялық мазмұнын, жанрлық сипатын біліп, саралай алуы;

3) шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, олардың іс-әрекеттерін бағалай алуы;

4) көркем туындыдағы әсем сөз қолданыстарын есте сақтап, сөздік қорына қосып, сөйлеу барысында қолдана білуі; мәтінге сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін түзе білуі;

5) бірнеше туындылардың кейіпкерлерін салыстырып, жинақтап, даралап баға бере алуы;

6) мұғалім ұсынған жағдаятты сұрақтар төңірегінде ауызша, жазбаша пікір алмасу дағдыларын жетілдіруі;

7) ұсынылған тақырыпқа күрделі жоспармен шығарма жаза алуы;

8) әдеби сын мақалаларға конспект құра білуі, тақырыпқа лайық реферат жаза білуі;

9) бағдарламаға сәйкес 12-13 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 8-9 прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.

58. Тұлғалық нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушыларының:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясын осы елдің азамат ретінде құрметтеуінен;

2) көркем шығармашылықпен жете таныс тәрбиелі азамат ретінде өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;

3) қазақ әдебиетін оқу нәтижесінде өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

4) өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны сақтауда белсенділік танытуынан;

5) тіл мен әдебиетті меңгергендігін қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

6) өздігінен білімін арттыруға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз шығармашылық еңбекке қабілеттілігінен;

7) рухани жетілген тұлға ретінде үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуінен;

8) әдебиет пен тілді жете меңгергендігін мазмұны жат діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табуы тиіс.

59. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:

1) қазақ әдебиетінен алған білімдерін шығармашылық жұмыстарына пайдалана алуы;

2) қазақ әдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде қолдана білуі;

3) әдеби шығармашылық сипатта жазба жұмыстарын (эссе, ойтолғау, репортаж, т.б.) орындай алуы;

4) өз бетінше сыныптан тыс оқыған әдебиеттерді, БАҚ мәліметтерін, жаңа технологияларды;

5) әдебиеттану терминдері мен фразеологиялық сөздіктерді, энциклопедияларды;

6) компьютермен, техникалық құралдармен жұмыс істеп, интернеттен қажетті дүниелерді күнделікті өмірде қолдана білуі тиіс.










(7-сынып) Қазақ әдебиеті

Тақырып мазмұны.

Сағат саны

Мерзімі

Шығармашылық жұмыстар

Бақылау формасы

Өтілген күні

1.

Кіріспе. Әдебиетке шолу.

1





2.

Батырлар жыры туралы түсінік

1


Қобланды , Құртқа бейнесі



3.

«Қобланды батыр» жыры, мазмұны мен идеясы.

1


Тайбурыл образы



4.

Шешендік сөздер туралы түсінік. Жиренше шешен

1





5.

Сыныптан тыс « Шешендік сөздер»

1


Шешендік сөздердің мәні мен маңызы



6.

Қанатты нақыл сөздер

1





7.

ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті.

1


Тілек ,баталар жазу



8.

Д.Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

1





9.

М.Өтемісұлы «Тарланым»

1


Исатай бейнесі



10.

Абайдың қара сөздері

1





11.

Жетінші қара сөзі

1





12.

Мазмұндама «Абай – ұлы тұлға»

1



Мазмұндама


13.

А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»

1


Әдебиет теориясы Мысал



14.

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ»

1





15.

Ж. Аймауытов – көрнекті ақын

1





16.

«Қартқожа» романынан үзінді «Әнші» әңгімесі

1






Тақырып мазмұны.

Сағат саны

Мерзімі

Шығармашылық жұмыстар

Бақылау формасы

Өтілген күні

17.

М. Жұмабаев «Сүйемін»

1


Лирика



18.

Б. Майлин

1





19.

Б. Майлин «Айт күндері»

1





20.

І.Жансүгіров

1





21.

І.Жансүгіров «Анам тілі», «Домбыра»

1


Бейнелеу



22.

М.Әуезов

1





23.

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесінен үзінді

1


Пікір алмасу



24.

Сыныптан тыс жұмыс «М.Әуезов шығармаларына шолу»

1





25.

Ғ.Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»

1





26.

З. Шашкин өмірі

1





27.

З.Шашкин шығармашылығы

1


Мінездеме беру



28.

З.Шашкин «Доктор Дарханов»

1





29.

Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын » поэмасынан үзінді

1


Әдебиет теориясы



30.

Мазмұндама «Қазақ халқы қонақжай халық»

1



Мазмұндама


31.

Ш.Мұртаза. Шығармашылық жолы.

1


Экология мәселесі



32.

Ш.Мұртаза «Жүз жылдық жара»

1





33.

Қ.Мырзалиев «Жеті»

1


Жеті ата,жеті қазына



34.

Қорытынды сабақ

1






Барлығы:

34





Қазақ әдебиеті 9-сынып


Тақырып мазмұны

Сағат саны

Мерзімі


Шығармашылық жұмыстар

Бақылау формасы

Өткізілг ен күні


1.

Кіріспе сабақ .Сөз өнері.

1






2.

Халық ауыз әдебиеті, оның пайда болу жолдары

1



Қазақ фолклористикасының тарихы



3.

Тұрмыс-салт жырлары

1






4

Батырлар жыры. Қамбар батыр» жырынан үзінді

1



Т.С.жыр-ның тәлім -тәрбиелік мәні



5

Лиро-эпостық жырлар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» үзінді

1






6

Айтыс «Біржан мен Сара» айтысы

1






7

Орхон ескерткіштері

1



Батырлар жырының басты идеясы



8

Қамбардың Назым сұлумен танысуы

1



Назым образы



9

Сыныптан тыс жұмыс «Күлтегін жазуы»

1



Қамбар мен Қобландыны салыстыру



10

11

XV-XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы. Асан қайғы. «Бұл заманда не ғаріп?», «Еділ бол да, Жайық бол»

1






12

Бұқар жырау. «Ай, Абылай»

1



Ұқсас жыр туралы баяндау



13

М.Өтемісұлы «Баймағанбет сұлтанға айтқаны»

1






14

Шығарма «Махамбет ақын,тарихи тұлға»

1




Шығарма


15

«Нысанбай жырау (1822-1883 жж.).

1



Композиция.Импровизация.



16.

Шоқан Уəлиханов «Ыстықкөл күнделігі» табиғаты,әдет ғұрыптары,...

1



Қазіргі айтыс үлгілері.



17

Ыбырай Алтынсарин. «Бақша ағаштары»,…

1



Тақырыбы мен идеясы




18

Абай Құнанбайұлы, өлеңдері

1






19

«Ескендір» поэмасы

1



А.Құнанбайұлы тур.зерттеу еңбектер



20

Жамбыл Жабаев. «Патша əмірі тарылды»

1



Қоғамдық,әлеуметтік мәселелер



21

Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

1






22

Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы (үзінді)»

1






23

Шығарма. «Абайдың азаматтық,ақындық келбеті»

1




Шығарма


24

М.Әуезов «Абай жолы» романы

1



Өнер құдіреті,күй өнері,күйші



25

Шығарманың сюжеті мен композициясы

1






26

Романдағы қазақ халқының өмірі,тұрмыс -салты

1



Абай мен Тоғжанның кездесуін суреттеу



27

Ғабит Мүсірепов Боранды түнде

1



«Ғ.Мүсірепов мұражайы» эл.телесабақ



28

І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы

1






29

Көшпенділер» трилогиясынан үзінді

1



Тарихи тұлғалар



30

Тəкен Əлімқұлов «Қараой» əңгімесі

1





1

31

Мұқағали Мақатаев «Райымбек, Райымбек!» поэмасы

1



Мұқағали поэзиясы -ең құдіретті поэзия


2

32

Поэманың сюжеті мен композициясы

1

7.05

08.05

«Бір өлеңі -бір елдің мұрасындай»


2

33

«Тəуелсіздік жылдарындағы қазақ əдебиеті»

1

21.05

22.05




34

СТО «Әдеби ағымдар» Қорытынды сабақ

1

21.05

22.05


Қосымша мәлімет












ҚАЗАҚ ТІЛІ


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ




  1. ҚР «Білім туралы» Заңы, 2012 жыл;

  2. ҚР «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы, 1997 жыл;

  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

  4. ҚР –ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, 2013 жыл;

  5. Оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы, 2014 жыл

  6. Оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептің 10 -11 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы, 2014 жыл;

  7. 9-сынып. Қазақ тілі .Т.М.Артықыова,М.Б.Боранбай. Алматы «Атамұра»,2013ж.

  8. 10-сынып. Қазақ тілі .Т.М.Артықыова,М.Б.Боранбай. Алматы «Атамұра»,2014ж

  9. 9,10,11 - сынып. Қазақ әдебиеті оқулығы. Алматы. «Мектеп» 2010ж

7. Қазақ тілі С.Дюсебаев, Г.Байтилеуова – Мектеп, 2011ж

8. «Диктанттар жинағы» Ж.С. Қалиева, Қарағанды 2000 ж.

9. Казахский язык для всех. Алматы «Атамұра» 2004 ж. А.Ш.Бектурова, Ш.К. Бектуров.

10. 5-11 сынып .Қазақ әдебиеті.Оқушы анықтамасы «Арман-ПВ»,2005ж.












32


Автор
Дата добавления 03.12.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров442
Номер материала ДВ-224785
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх