Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Калориясы төмен тағам өнімдері-тіршілік көзі» тақырыбындағы шеберлік класс дәрісі.

«Калориясы төмен тағам өнімдері-тіршілік көзі» тақырыбындағы шеберлік класс дәрісі.



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_fa38612.jpg

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

МКҚК Орал «Сервис» технологиялық колледжі













Шеберлік класс баяндамасы

Тақырыбы: «Калориясы төмен тағам өнімдері-тіршілік көзі»

















Орындаған: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

мамандығы бойынша ө/о шебері: Мукатаева А.Ж.



Орал қаласы 2016 hello_html_fa38612.jpg


Баяндама


Тақырыбы: «Калориясы төмен тағам өнімдері-Тіршілік көзі»


Қазіргі заман талабына сай болашақ мамандардың кәсіби деңгейін ғылым саласында, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар дайындау техникасында жүйелі түрде туындайтын тенденцияларды ескеру керек.Осы мақсатқа қол жеткізу үшін, болашақ маман өз білімін әрі қарай кәсіби деңгейде жалғастыруға, әлеуметтік-экономикалық шарттарға бейімделуге назар аудару қажет.

Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдауында:

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» атап өтті.

Қазір таңда өндірістік тәжірибе сабақтарында интерактивтік компьютерлік технологияларды (ИКТ) кеңінен қолданады-әсіресе Microsoft office Power Point, Prezi ,Padlet презентациялық бағдарламалары.

Соның ішінде бүгін сіздің назарларыңызға Prezi презентациялық бағдарламаны қолданып, дайындалған баяндаманы ұсынамыз.

Prezi — бұл тізбексіз құрылымда интерактивті мультимедиялық презентация құруға арналған веб-сервис. Prezi сервисінде масштабтау (обьектілерді үлкейту және кішірейту) технологиясының маңызы зор.

Сервисті пайдалану(ақылы)







Бүгінгі біздің шеберлік классымыздың тақырыбы: «Калориясы төмен тағам өнімдері-Тіршілік көзі».

Әр адам өз денсаулығын өзі қадағалау қажет. Ол үшін калориясы төмен, дәрумендерге бай, ағзаға тез сінетін тағамдар мен сусындарды күнделікті тағамдық рационына қосу керек.

Соның ішінде біздің бүгінгі дайындайтын сусынымыздың түрі-Смузи.

Смузи өз денсаулығын ойлайтын адамдардың құрметіне ие болған десерт.

Смузи- блендер немесе миксермен ұсақталған жеміс пен көкөністерге мұз, сүт, йогурт, шырын, бал, жұмыртқа және құмшекердің және басқа да компоненттердің қосылуымен жасалатын салқын десерт.

Калифорнияда өткен ғасырдың 30-40 жылдарында Фред Озиус және Фред Уоринг алғаш блендер жасап шығарғанда смузидің алғашқы рецептілерін ойлап тапқан. Олар ең бірінші банан мен ананастан смузи дайындаған. 1960 жылдардан кейін смузиге «хиппі коктейлінің» даңқы бекітілді. Бірақ смузидің өнеркәсіптік тарихы 1984 жылғы Лос-Анджелестегі Олимпиадамен тікелей байланысты. Осы олимпиадаға арналып ерекше денсаулыққа пайдалы сусындар ойлап табылған. Американдықтар дәстүр бойынша смузиді ойлап табушылар етіп өз Отанын жариялады. Бірақ, шындығына келетін болсақ, смузидің аналогтары өткен ғасырларда әртүрлі халықтарда болған. Мысалы, гуава шырынын үнділер аң аулау алдында күш-жігер мен шыдамдылықты нығайту үшін ішкен. Славяндық сұлыдан жасалған кисель славян жылнамашысы Нестордің «Повести временных лет» шығармасында сипатталған, өзіміздің қазақтың ұлттық көжесінде осы сусынның қатарына жатқызуға болады. Смузи немесе смусис деп ( ағылшын сөзі – біркелкі, жұмсақ, тегіс дегенді білдіреді). Бұл сусын қазіргі кезде жаңарып, дұрыс тамақтану саласында жаңа бағыттың пайда болуына негіз болды. Біреулер смузиді шырын десе, кейбіреулері оны коктейльмен салыстырады. Шырынды дайындау үшін шырынсыққыш, коктейльді дайындау үшін миксер, ал смузи блендердің көмегімен жасалады. Ал жеміс пен жидектерді блендерде езгенде пюре жасалып, смузиде жасұнық, ірі талшықтар сияқты пайдалы заттар болады. Кейбір коктейльдер сыртқы түрі, құрамы мен дайындау тәсілімен смузиге ұқсас болып келеді, бірақ коктейльдерге қарағанда смузи алкоголь қосылмайтын сусын ретінде ойластырылды. Сондықтан, оның құрамында алкоголь болмауы қажет.

Смузидің пайдасын тек диетологтар ғана емес, психологтар да растайды. Олар смузидің терапевтикалық әсерін зерттеп, бұл сусынның стреске қарсы әсері бар екендігін айтып кетті.

Әлем диетологтары: «Осы өнім дәрумендер, жасұнық, пектин, минералдар, қоректендіретін заттар, кальций мен ақуыздар(егер смузидің негізі сүттен жасалса), биологиялық белсенді заттарға бай болады . Егер өз рационыңызға смузиді енгізсеңіз, ағза қажетті заттар, дәрумендермен қоректендіріліп, тазарып, улағыш заттар мен шлактар шығып, заттардың алмасуы жылдамдатылады. Смузи асқазанды жүктемей тойдырады, қартаймауға әсер етеді.

Смузиді әлсіз адамдарға иммунитетті нығайту үшін қолдану ұсынылады. Осындай смузидің ингридиенттеріне апельсин, қарақат, женьшень, шырғанақ, жанжабіл, зығыр дәні енеді. Маусымдық суық тиюде өз рационыңызға цитрус негізді смузиді енгізіңіз. Бұндай смузи 6 күндік дәрумендер нормасын толтырады деп есептеледі. Кемінде аптасына бір рет табиғи иогурт, банан, апельсин, бал және сұлы қосылған смузи брекфест күнін жасауға кеңес беремін.

Салмақты төмендету үшін жемісті смузилерге калориясы төмен жеміс пен жидектер қолдану керек: абрикостар, мандариндер және қара қарақат. Майлылығы аз өнімдерге алма, грейпжеміс, ананас, анар, шие. Ал жүзім, авокадо, қарбыз, қауын және персиктен бас тартқаныңыз жөн.

Диетологтардың айтуы бойынша, смузидің құрамында тістің эмалін қатты бұзатын әсері бар жеміс қышқылы болады. Сондықтан смузиді ішкенде коктейль түтікшесін қолданыңыз. Әдеттегі тамақтануды ұзақ уақыт смузиді қолданумен алмастыруға болмайды. Себебі, тіс сау болу үшін жұмыс істеу қажет: тістеу, шайнау, кеміру. Тамақты шайнау кезінде тісті тазартатын табиғи антисептик сілекей бөлінеді. Тек сұйық тамақ ішкенде, сілекей аз бөлінеді, тістерде кариес пайда болып бұзылады. Сонымен қатар, ас қорыту үдерісінің бұзылуына алып келеді. Егер сіз смузиді үйде дайындасаңыз, оның тазалығы мен табиғилығына сенімді боласыз.

Смузиді үйде де дайындауға болады. Ең бастысы жеміс, жаңғақ, көкөніс, аскөк, балмұздақ, йогурт, мұзды пюреге оңай айналдыратын қуатты стационарлық блендеріңіз болса болғаны. Сонымен бірге, сізге көкөністер мен жемістерді дайындауға арналған кішкентай пышақ, өлшегіш стакан, екі шыны бокал, үлкен диаметрлі коктейль түтікшелері қажет.

Cмузи дайындау үшін жұмсағы 50%тығыз жеміс(банан, манго, груша) және 50% шырынды жемісті қолдансаңыз пюре тым қою болмайды. Сосын су, сүт немесе мұз кубиктерімен араластырыңыз.

Пайдалы сусын жасаудың ережелері:

Смузиді көп етіп дайындамау. Ол тек жаңа жасалған күйінде пайдалы

Майлылығы төмен сүт, майлылығы төмен айран, йогурт немесе ірімшік, ал қанттың орнына бал қолданыңыз.

Көкөністен жасалған смузиге тұз салмауға тырысыңыз: үгітілген құрғақ теңіз орамжапырағы мен дәмдеуіштер қолданған пайдалы.

Осындай смузиді қолданғанда келесі өнімдерді пайдалану қажет: 2 бөлік аскөк+2 бөлік сұйықтық+3 бөлік көкөніс. Бұл жерде негізге 160 граммдық өлшегіш кесені алу керек.

Смузи дайындау үшін ең танымал көкөніс, жеміс және аскөкке шпинат, латук салаты, жапырақты орамжапырақ, ақжелкен, банан, авокадо, жидектер, манго, апельсин, алмұрт, жүзім, томат, сәбіз, қызылша, қияр жатады. Дәмін жақсартуға жанжабіл, даршын, какао, протеиндік коктейль, жаңғақтар көмектеседі. Жапырақтар бөлігінің сусынға түспеуі және біркелкілікке қол жеткізу үшін жасыл смузи екі кезеңмен араластырылады. Бірінші кезеңде аскөк пен сұйық негіз араластырылады. Екінші кезеңде жемістер қосылып, біркелкі күйге келгенше араластырылады.

1. Әр түрлі жемістерден қабатталып дайындалған смузи.

Құрамы:

банан

киви

құлпынай

йогурт

бал

Дайындау технологиясы:

Бананда дөңгелекшелеп турап, үстіне йогурт құйып, блендермен біртекті массаға келгенше араластырады . Кивиді турап, бөлек ыдыста үстіне бал құйып, блендермен біртекті массаға келгенше араластырады . Мұздатылған құлпынайға йогурт құйып, блендермен біртекті массаға келгенше араластырады. Бокалға банан, киви, құлпынайды кезекпен құяды. Құлпынайдың үстіне бананнан гүлді өрнектеп және жалбыз жапырағын әсемдік үшін қояды.

hello_html_m18f2f183.png

2. Жасыл смузи

Құрамы:

авокадо

шпинат

ақжелкек

алма шырыны

ұсақталған мұз

Дайындау технологиясы:

Ақжелкекпен шпинатты ұсақтап турап, үстіне туралған авокадоны салып,блендермен біртекті массаға келгенше араластырады.Әсемдеуге авокадо тілімімен қабығын пайдалануға болады.

hello_html_6d2f97fe.png

3. Майсыздандырылған айранда дайындалған смузи.

Құрамы:

майсыздандырылған айран

жібітілген сұлы

мұздатылған қызыл қарақат

бал

Дайындау технологиясы:

Ең алдымен сұлыны ыстық су құйып, жібітіп қояды. Сол кезде қарақатқа бал құйып, блендермен біртекті массаға келгенше араластырады. Оған жібітілген сұлы мен айранды құйып,тағы да блендермен біртекті массаға келгенше араластырады.Әсемдеуге кокос ұнтағы мен лимон тілімін қолданады.

hello_html_3e42ff50.png

4. Сүтте дайындалған смузи.

Құрамы:

банан

сүт 2,5%

апельсин

бал

ұсақталған мұз

Дайындау технологиясы:

Банан мен апельсинді бөліктерге бөліп, оған мұз,бал, сүт құйып, блендермен біртекті массаға келгенше араластырады.

hello_html_6d6bf625.jpg































Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-125541

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>