Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Карьерлік экскаваторлар» тақырыбы бойынша дамыта технологиясы элементтерінің пайдалану Әдістемелік баяндама

«Карьерлік экскаваторлар» тақырыбы бойынша дамыта технологиясы элементтерінің пайдалану Әдістемелік баяндама

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Әдістемелік баяндама ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc

 

КЕН МАШИНАЛАРЫ МЕН КЕШЕНДЕРІ

 

 

 

 

 

 

 «Карьерлік экскаваторлар» тақырыбы бойынша дамыта технологиясы элементтерінің пайдалану  

Әдістемелік баяндама

 

М. С. Ондыбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәтбаев 2017ж.

 

 Ондыбаева М.С – арнайы пәндер оқытушысы

«Кен машиналары мен кешендері» пәнінен «Карьерлік экскаваторлар» тақырыбы бойынша дамыта технологиясы элементтерінің пайдалану  әдістемелік баяндама – Сәтбаев, 2017

 

 

 

 

 

 

 

 

    Осы әдістемелік баяндамада  оқу орындарында дамыта технологиясы элементтерінің пайдаланып оқытуды жүргізетін оқтушыларға арналған, «Карьерлік экскаваторлар» тақырыптарға және жалпы оқу жылына дайындығы қалай жүргізілетіні жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе                                                                                             5                                                                                                

1 Дамыта оқыту технологиясының негіздері                              5                                                          

2 Мақсат түрлері                                                                             7                                                                                                      

3 Оқытуды нығайту тапсырмалары мен шарттары                     8                                               

4 Оқыту және дамыту                                                                     9                                                               

5 Д.Б.Эльконин мен В.В Давыдовтардың дамыта

оқыту технологиясы                                                                      10                                      

6 Дамыта оқыту технологиясы элементтерінің

практикалық қолданысы                                                               13                                    

Қорытынды                                                                                     27                                     

Пайдаланылған әдебиеттер                                                           28                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

    Заман талабына сай бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындауда оларға тек білім жүйесін беріп қана қоймай,  жауапкершілігін сезіне алатын, өзіндік әрекет етуге қабілетті, барлық іске сауатты  тұлғаны қалыптастыру қажет. Сондықтан да қазіргі кезеңде білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу, оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану қажеттілігі өсіп келеді және өз нәтижелерін беруде.

    Оқытудың жаңа технологиялары мен әдістері  оқушылардың танымдық-шығармашылық  қабілеттерін, белсенділігін, өзіндік ізденісін арттыруға, біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

     Дамыта оқытуда – оқушы саналы түрде өзіне мақсаттар мен талаптар қояды және оған щығармашылық түрде қол жеткізеді.

    Сабақ барысында оқушылардың білім алу ынтасын, танымдық қабілеттерін, ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін пайдаланылады: деңгейлеп оқыту, топпен оқыту әдісі, ойын әдістері, критикалық ойлау элементтері, т.б.

    Осы технологияларды қолдану кезінде:

-          оқушының оқуға, ізденуге ынтасы артады;

-          өзара қарым-қатынастары жақсарады, тіл (сөйлеу) мәдениеті дамиды;

-          жеке-дара қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік алады;

-          білім-біліктілік деңгейі анықталады;

-          логикалық ойлауы қалыптастырылады;

-          танымдық-белсенділігі артады;

-          оқушы өзінің жауапкершілігін сезінеді.

 

 

1 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

    Қазіргі «білім» бағдарламасының негізгі педогогикалық идеясы дамыта оқыту болып табылады. Дамыта оқыту бойынша педогогикалық технология келесі аспекттілерден тұрады:

  1. Ғылыми
  2. Үрдісті-түсіндірмелі
  3. Үрдісті-әрекеттік

    Бірақ мынаны есте сақтау керек дамыта оқытуда толасыз тастауға болмайды. Ол жоғарғы деңгейлі мұғалімдерге арналған және баланың дамуына, мұғалімдердің дамуына бағытталған.

    «Оқыту дамыту алдында» - бұл жағдай дамыта оқыту теориясының негізін салушылардың бірі. Выгодскиймен ұсынылған, ол баланың ақыл-ойының дамуын ғана емес сонымен қатар теориялық, логикалық ойлауын  әлдеқашан қалыптасқан ақыл-ойдың, әдеттің және шеберліктің негізінде дамуын болжайды. Осы теория бойынша, білім оқушының даму құралы болып табылады. Бірінші жоспарға баланың қалыптасуын.

Оқу әрекетінің диагностикасы

  1. Мотивация – бұл дамуды туғызатын әрекет негізі.

-          Қызығушылық

-          Мадақтауға ұмтылу

-          Жазалау алдындағы қауіп

-          Оқуға деген танымдық қызығушылық (дамыта оқытуда)

  1. Мақсат қойған кезде оның нәтижесі көрінетіндей етіп қою керек. Мақсат – бұл белгілі нәтиженің көрінісі. Ол қызметке бағыттау функциясын атқарады. Мақсатты сипаттау сұрақтарға жауап беруді білдіреді.

-          нәтижесінде неге жету?

-          белсенділікті неге бағыттау керек?

Нақты мақсат дамыта оқыту жүйесін құрайды. Сабақтың мынандай мақсаттарын келтіруге болады:

- тапсырмадан жауабын табу;

     - көрсетілген үлгі бойынша әрекеттерді нақты орындау;

- оқу тапсырмаларын шешу тәсілдерін табу;

- тапсырма шартына қолданылатын тәсілдердің лайықтылық анализ көрсеткіші.

    Мақсат жорамалдары -  мақсаттың туындауы анықтаманы белгілеуі

Мақсат

  І форма                                                           ІІ форма

Мақсатты өздігінен анықтау                 Біреудің тапсырмасы,                           

                                                                  талабы бойынша

                                                                 мақсатты анықта

2 МАҚСАТ ТҮРЛЕРІ

 

  1. Біреудің білім беру әрекетімен берілген жеке тапсырмаларды қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
  2. Қабылдау және өздігінше жаңа оқу тапсырмаларын құру:

-          шарттың анализі

-          әрекеттердің тәсілдерін таңдау

-          оның қолдануын бақылау және бағалау.

  1. Оқу әрекетіне мінездеме

(мақсатына жету үшін оқушы нені және қалай істейді)

-          оқу құралдарын қайта өңдеу тәсілдері

-          оқу тапсырмаларының анализі бойынша әрекет жасау

-          құбылыстағы елеулінің бөлінуі бойынша әрекеті

-          нақты ережелерді қолдану бойынша әрекет

-          жаңа тапсырманы орындау бойынша әрекет.

Осы бойынша диагностика жасалды:

-          оқушының өз бетінше әрекет етуінің дәрежесі

-          әрекет тәсілдерін ұғыну

-          белгілі шарттарда әрекеттің өзгеру мүмкіндігі.

  1. Қолдану әрекетіне мінездеме

Бұл оқу әрекетінің орындалу жолының тұрақты бақылауда болуы, оларды орындау және оларға қажетті өңдеу енгізудегі қателерді уақытылы анықтау.

5.      Бағалау әрекетінің мінездемесі – бұл әрекет жүйесінің қорытындысын шығару және олардың дұрыс не қате орындалғанын анықтайтын функция. Баға әрекетінің айырмашылығы оқушының қажеттілігін сезінуі  немесе сезінбеуінде, өзінің бағасына не оқытушының белгісіне сүйене отырып, оның орындаған әрекетінің мазмұнының ескерілуі немесе тек кездейсоқ ілесуші белгілер, өзінің мүмкіндіктерін алдын ала бағалай білу, білмеуі және қаншалықты парапарлығы.

 

 

 

 

 

3 ОҚЫТУДЫ НЫҒАЙТУ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

 

  1. Оқушылардың дамуына жағдай жасау;
  2. Өз бетімен тануды қалыптастыру;
  3. Оқуға деген икемін және тілегін қалыптастыру.

 

Жігерлік тек қана ескінің қирауы мен жаңаның ашылуы болғанда ғана жігерлік болады.

Оқуды дамытудағы диалог – ол оқушылардың арасындағы диалог, ұстаздың ролі – ойын қалыптастыруға көмектесу. Ұстаз «оқушу-оқушы» диалогына кірісіп тапсырманы барлық көзқарастан қарастыру үшін өзгертеді.  Әрбір сабақта әрқашанда «Сен не себепті былай ойлайсың?»-деген сұрақ қойылуы керек.

   Оқуды нығайту процессінде оқушыда өзгеру қажеттілігі туындайды. Бастапқы кезеңде дамуға тілекті қалыптастыру қажет. Оқу қызметін қараудың  ең дәл әдісі – психолог пен ұстаздың өзі өткізетін бақылау. Әрбір жұмыс кезеңінде оқушының қызығушылық беталысының мазмұнын жақсы балгілеу қажет, оның көмекті қалай қабылдайтындығы және т.б. Оқуды нығайтуда, егерде бала ұстаздың көмегін қабылдаса – ол кері фактор, оқушы «Мен өзім!» деп айтуға тиіс.

Оқу қызметінің диагностикасы

  1. Дәлелдеме – ол дамытуға оятатын қызметтің қайнары.

Дәлел бола алады:

-          қызығушылық;

-          талапты қолдау;

-          жаза алдындағы қорқыныш;

-          оқу танымдық қызығушылық (дамыта оқытуда)

      Дамыта оқытудың міндеттері

  1. Оқушының дамуына жағдай жасау
  2. Жеке тұлғаның танымдық деңгейін арттыру
  3. Оқуға деген талпынысты үйрету

 

Дамыта оқытудың диалогы – ол оқушылар арасындағы диалог, оқытушы ролі – ой қабілетіне көмектесу. Әрбір сабақ үстінде мынандай сұрақ тұру керек. «Неге сен олай ойлайсың?».

4 ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

 

    Оқыту – ол адамның психологияық дамуының формасы, дамуға қажетті элемент. Оқыту дамытудың бірінші тұжырымдамасы: бала оқу керек – оқу дамудың алдында – баланың генетикалық көрсеткіштерін барынша пайдалану. Бала -өзінің даму субъектісі. Оқуды нығайту теориясына сәйкес, бала қызмет кезеңі бойынша қоршаған ортамен қатынасады.    

    Сабақтың келесі кезеңдері көрсетіледі:

1.Мақсатты ойлау

2. Жоспарлау және ұйымдастыру

3. Мақсаттарды іске асыру және нәтиже анализі

Бұл этаптар оқу қызметінің компоненттерімен үйлеседі:

  1. Мәселе пайда болады
  2. Мақсат қойылады
  3. Тапсырма шешіледі

    Оқудың даму процесінде оқушыда өз-өзін өзгерту қажеттілігі туындайды. Алдыңғы этапта оқушының дамуға деген ынтасын қалыптастыру қажет. Оқу қызметін қадағалудың ең адекватты әдісі – бақылау, оны оқытушы немесе психолог өткізеді.  Ол үшін оқушының қызығушылығын және көмекке көзқарасын, жәнеде әр түрлі материалдарға көзқарасын білу керек. Дамыта оқытуда оқушы мұғалімнің көмегін қабылдаса – ол жағымсыз фактор болып табылады. Оқушы «Мен өзім!» деп айтуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Д.Б.ЭЛЬКОНИН МЕН В.В ДАВЫДОВТАРДЫҢ

ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Бала білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетелеуде дамыта оқыту проблемалық оқытудың атқарар орны ерекше.

Белгілі ғалымдар Эльконин мен Давыдовтардың дидактикалық жүйесі дамыта оқыту соңғы кездерде жаңашыл, ізденімпаз ұстаздардың тәжірибесіне негізінен енуде. Дамыта оқыту технологиясын барлап қарасақ, ол ең алдымен «нені дамыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздеттіреді.

1.      Сезімін, түйсігін.                                                                                                            

2.      Қабылдауын, тұшынуын, ынтасын.                                                                            

3.      Зейінін, еске ұстауын.                                                                                                    

4.      Ұғынуын.                                                                                                                        

5.      Ойлау, қиялдау, болжау қабілетін.                                                                               

6.      Ерік-қайратын.                                                                                                                

7.      Оқу іс-әрекеттерін, дағды, машықтарын.

8.      Жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін (жеке адам қасиеттері)

 

1.      Дамыта оқыту ең алдымен өтілгелі отырған оқу материалының негізінде, оның басты ерекшелігіне байланысты жүзеге асады.

2.      Екіншіден, оқу мақсатын шешу кезінде, яғни мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің негізінде жүзеге асады. Бұл процесте оқушы белсенді субъектіге айналады да, ал мұғалім көмек беруші деңгейінде болады. (Мысалы: түсіндір, дәлелде, сарала, салыстыр, қорытынды жаса). Эльконин мен Давыдовтың дидактикалық жүйесі бойынша дамыта оқыту моделін былай беруге болады.

 

 

 

 

 

1. Проблема - ізденіс

Проблема қойылады, нұсқау беріледі. Проблема шешу үшін оқушы өзі белсене кіріседі, оны шешу жолдарын іздестіреді.

2. Пікір таласы, дау, айтыс, талдау, қорытынды сөз.

Қарама-қайшы ұғым, түсініктер ұсынылады. Ал оқушы өз идеясының, өз ұсынысының авторы болып, өз пікірін қорғайды, басқа пікірлерді сынайды. Шындыққа жету үшін ізденеді. Әр түрлі  көзқарастарды салыстырады, не сынайды, не жоққа шығарады.

 

Дамыта оқыту моделіне барлап қарасақ, оның, әсіресе, талдау, жинақтау, бағалау сынды мақсаттар жүйесін жүзеге асыруда, білім деңгейін шығармашылық сатыға жеткізуде тиімді екеніне көз жеткіземіз.

    Сонымен  оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика жетістіктерінен  іздене отырып, оны жаңа өнімді әдістермен байытуды, білім алуды оқушының өз іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруда талап етеді екен.

Оқушыларды топтарға бөліп сабақ өткізу оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, оқушылардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез-құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында оқушының жеке-дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.

Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушылардың танымдық қабілетін арттырады, жеке дара жұмыс жасау арқылы өз көзқарастары мен ой-пікірлерін ашық айтып, өзіндік ізденісін қалыптастырады, нашар оқиды деген оқушылардың өзінің тырмысып, қтарынан қалмау үшін алға қарай жылжып еңбектене бастағанын көрсетеді, білім сапасына да әсер етеді.

«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді, оқушылардың ойлау қызметін активизациялауда жақсы нәтиже береді, яғни оқушыларды жаңа фактілерді алдында меңгерілген материалдармен салыстыруға, талдауға міндеттейді.

Сыни тұрғыдан ойлау элементтері, оның ішінде Вен диаграммасы, әртүрлі перфокарталар, топтастыру (кластер) қолданылады.

«Ұрындыру тапсырмалары» - қате әрекеттерге негізделген, яғни тапсырмаларда бір немесе бірнеше қателер болады. Тапсырманы  орындауда мотивация күшейеді: «Мен қатені таба аламын ба?», «Айырмашылығын анықтай аламын ба?», Ауаныш пайда болады «Мен қатені таптым», эмоционалды икем «Бұл өзгеше». Бұл тапсырмалар өзінің дидактикалық функциясын оқу материалы меңгеріліп, есте қалғанда орындайды. Көбіне мұны білімді тексеру мақсатында қолданамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСЫ

 

Тақырыбы: «Карьерлік экскаваторлар»

Сабақтың мақсаты:

оқыту

-ЭКГ экскаваторларының құрылысын, жұмыс істеу принципін оқып-меңгеру; жалпы оқу дағдылары мен іскерлігін қалыптастыру.

  дамытушылық мақсаты

 - оқушылардың ойлау қабілетін, салыстыру және анализ жасау дағдыларын дамыту; танымдық қызығушылығын дамыту; өзіндік жұмыс жасау дағдысын дамыту.

-тәрбиелік мақсаты

оқуға жағымды көзқарасты тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылығын арттыру; топпен жұмыс жасауға, білімі иен жауапкершілігін күшейтуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

І.Ұйымдастыру кезеңі

1) амандасу, старостаның рапорты                                                                                                                              

2) оқытушының кіріспе сөзі Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және барысымен таныстыру.

Өткен сабақта сіздер экскаваторлардың атқаратын қызметімен, түрлерімен, негізгі элементтерімен таныстыңдар, бүгін біз карьерлік ЭКГ экскаваторларының құрылысын, олардың негізгі түйіндерінің жұмыс істеу принциптерін оқып-білеміз. Ол үшін ең алдымен өткен тақырыпты қайталаймыз.                                                                                                 

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау                                                                                            

1)      Техникалық диктант 

Оқытушы анықтаманы оқиды, оқушылар жауабын жазады. Диктанттың жауабы графопроектор арқылы экранда көрсетіледі, оқушылар бір-бірінің тапсырмаларын тексеріп, баға қояды.

 

Техникалық диктант

1. Әсер ету әдісіне байланысты экскаваторды қалай жіктейді – үздіксіз және периодты әсер ететін

2. Машинаның салмағынан және жұмыс кезінде пайда болатын жүктемені қабылдап, табанға беретін экскаватордың бөлігі – жүріс бөлігі

3. Күштік және жұмысшы жабдықтары, механизмдері бар бұрылыс платформасынан тұратын экскаватордың бөлігі – бұрылыс бөлігі

4. Бұрылыс платформасының горизонтальді жазықтықта бұрылу бұрышына байланысты экскаваторлар қалай бөлінеді – толық бұрылатын және толық бұрылмайтын

5. Бұрылыс платформасы қандай құрылғы арқылы жүріс рамасына тіреледі –  тірек-бұрылыс құрылғысы

6. Кен және көмір кенорындарын қазуға қолданылатын экскаваторлар – карьерлік экскаваторлар

7. Экскаватор тұрған горизонттан жоғары және төмен орналасқан кенжарларды қазуға арналған машина – драглайн

8. Экскаватор тұтқасының атқаратын қызметі –шөмішке арын беру

9. Экскаватордың жұмыс зонасында оның іс-әрекетін қамтамасыз ететін түйіндердің кешені – жұмысшы жабдығы

10. Экскаваторлар шөміш түріне байланысты қалай бөлінеді –                  бір шөмішті және көп шөмішті

                                                                                       

2)      Тестілік жұмыстар, карточкалар

 

Карточка №1

Тұтқасы жылжитын арынды тура қалақтың құрылымдық схемасы

арқанды арын механизмі бар стреласы тұтас

(қатесін тап)

 

 

1- стрела

2-тұтқа

3-тоқымды подшипник

4- шөміш

5-стрела табаны

6- екі аяқты тіреу

7- жұмсақ аспа

8-бас блоктар

9- тіреу (стойка

13,14-арқандар

15-орталық блоктар

16,17-жарты блоктар

18- аспа)

 

Карточка №2

 

   Гидравликалық экскаватордың құрылымдық схемасы

(қатесін тап)

 

 

 

1 - платформа                   

2-  шөмішті бұратын цилиндр

3- тұтқаға арын беретін цилиндр

4- шөміш  

5-стреланы көтеріп-түсіретін цилиндр

6- тұтқа  

7- стрела

Карточка №3

 

Экскаватор шөміші

(қатесін тап)

 

1-артқы қабырға;  2- шөміш түбі; 3- коромысло, 4-блоктары бар екі обойма; 5- алдыңғы қабырға.

 

 

 

 

 

 

 

Карточка №4

 

Орталық цапфа

(қатесін тап)

1-орталық цапфа

2- втулка

3- орталық стакан

4-орталық құйма

5- тіреу

6- хомут

7-бұрандасы бар втулка

 

 

Карточка №5

 

Тұтқасы жылжитын арынды тура қалақтың құрылымдық схемасы

тісті-рейкалы арын механизмі бар

(қатесін тап)

 

1- тісті рейка

2-тұтқа

3-тоқымды подшипник

4- жұмсақ аспа

5-стрела табаны

6- стрела

7- аспа

8-бас блоктар

9- екі аяқты тіреу

10- шөміш

11-кремальерлі шестерня

 

3)      Төрт оқушы тақтада схемамен жұмыс жасайды (ауызша)

Схемалар бойынша экскаваторлардың арынды механизмдерінің түрлеріне, олардың ерекшеліктеріне, негізгі элементтеріне тоқталады.

4)      Проблемалық сұрақ:  Біздің Жезқазған кенорнында қолданылатын  экскаватордың  қандай  жүріс бөлігі  болуы қажет деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың болжам жауаптары: Шынжыр табан, олар жоғары маневрлікті, тұрақтылықты және үлкен еңістіктерден жақсы өтеді, табанға аз қысым түсіреді.                     Аз тіреулі шынжыр табан, тастақты тау жыныстарында қолданылады.

                   Адымды –рельсті жүріс бөлігі, олардың манврлігі жоғары, машинаның тұрақтылығы жоғары, кемшілігі: массасы көп, адымдаудың үздіктілігі.

                    Рельсті жүріс жабдығы, олар қозғалуға кедергісі аз, элементтері ұзақ мерзімге жарайды, жылдамдығы жоғары, кемшілігі: маневрлігі аз,темір жолды ауыстыру қажеттілігі.

                     

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау

      ЭКГ-8И және ЭКГ-4.6 экскаваторларының құрылысын, атқаратын қызметін түсіндіру. Түсіндіру кезінде экскаваторлардың жалпы құрылысы мен кинематикалық схемалары сызылған слайдтарды, сонымен қатар негізгі буындары көрсетілген мини плакаттар қолданылады. Видеотаспа көрсетіледі, онда осы ЭКГ-8И және ЭКГ-4.6 экскаваторларының карьердегі жұмыс істеу кезеңдері  түсірілген.

 

ЭКГ-8И экскаваторы

ЭКГ-8И экскаваторының үш модификациясы бар, олар жұмысшы жабдықтың параметрлерімен ерекшелінеді.

а) өлшемдері қалыпты тура қалақ (шөміш сыйымдылығы ЭКГ-8И 8м3)

б) жұмыс жабдығы ұзартылған тура қалақ (щөміш сыйымдылығы 4м3, ЭКГ-4У)

 

в) жұмысшы жабдығының ұзындығы орташа ұзартылған тура қалақ (шөміш сыйымдылығы 6,3м куб, ЭКГ-6,3УС)

ЭКГ-8И экскаваторы мынадан тұрады: жұмысшы жабдықтан, механизмдері бар бұрылыс платформасынан және жүріс арбасынан 7 тұрады. Экскаваторды жөндеу және мотаждау жұмыстарына арналған кран 1бар.

Жұмысшы жабдық мынадан тұрады: стрела, тұтқа 9, шөміш 10 және шөміштің түбін ашатын механизм 11. топсалы б-сқан стрела жоғарғы 12 және төменгі 6 секциялардан тұрады. Олардың қимасы құбыр тәріздес, конструкциясы пісірмелі. Төменгі секция өзінің табанымен бұрылыс платформасына 13 бекітіледі. Төменгі секцияның жоғарғы жағынан тоқымды подшипниктің осі өтеді, оған седловой подшипник 5 және подкос 4 бекітіледі, яғни қатты үшбұрыш түзеді. Подкостар тұтқадан орын күшін қабылдайды және оны екі аяқты тіреуге 2 береді. Стреланың жоғарғы секциясы төменгі секцияға топсалы бекітіледі.

Жоғарғы секцияда вантты 3 ілетін серьга және бас блоктары 8 бекітілген. Стреланың мұндай конструкциясы және оның ілінуі жоғарғы секцияның иілуін болдырмайды. Стреланың жоғарғы және төменгі секцияларының конструкциясы бір типті. Секциялар құбырдан жасалған екі балкадан тұрады. Тұтқа стреламен тербелмелі тоқымды подшипник арқылы жалғанған.

Тоқымды подшипник болат құймасынан жасалған, оның осьіне төрт ролик бекітіледі. Роликтерге қимасы дөңгелек бір балкалы тұтқа 9 тіреледі.

Балканың алдыңғы бөлігіне шөмішті бекітуге арналған проушинасы бар соңғы құйма (отливка) встык дәнекерленген.

Арынды және кері арқандар, жарты блоктар арқылы тұтқаға кері ілгермелі қозғалысты береді. Сыйымдылығы 8м куб шөміш корпустан, ашылатан түбінен, траверстен және түбін тежейтін механизмнен тұрады. Корпус төрт құймадан жасалған пісірмелі констукциядан тұрады. Корпустың артқы қабырғасында шөмішті тұтқаға жалғайтын, шөміш түбін ілетін және траверсті бекітетін проушиналар бар.

Шөміш түбінің бағыттаушысының бойымен засов қозғалады, оның ашылуы арнаулы механизм арқылы іске асады. Шөміш түбін ашатын механизмнің жетегі бұрылыс платформасымен пісірілген кранштейнге орнатылған.

Бұрылыс платформасы онда орнатылған механизмдердің және жұмысшы жабдықтың негізі болып табылады және олармен бірге экскаватордың бұрылыс бөлігін құрайды. Бұрылыс платформасының негізі болып пісірілген конструкциясы бар рама табылады. Рама сонымен қатар қарсы салмақтын корпусы болып табылады.

Бұрылыс платформасында мыналар орнатылған: бұрылыс механизмі 1, көтеруші лебедка 6, компрессорлік қондырғы 8, 4 машиналы түрлендіргіш агрегат, магнит станциясы, күштік магнит күшейткіші және көмекші түрлендіргіш агрегат. Платформа механизмдермен бірге кузовпен 7 жабылған, ол жеке панелдерден секция түрінде орындалған. Кузовтың алдыңғы бөлігінде машинисттің кабинасы 5 орнатылған. Кабинаның екінші этажында басқару пульті бар. Платформаның алдыңғы ашық алаңында орын механизмінің лебедкасы 2, шөміш түбін ашатын механизмнің жетегі 3 көмекші жетектердің күштік трансформаторы ТМЭ-100. платформаның алдыңғы бөлігінде буфер орнатылған, буфер стреланы шөміш соққысынан сақтайды.

Экскаватордың бұрылыс бөлігі роликті шеңберге тіреледі (опирается). Роликті шеңбер жүріс арбасының шығырлы рельсінде жатады. Жүріс арбасы және бұрылыс платформасы орталық цапфомен байланысқан.

Орталық цапфа бұрылыс платформасын центрлеуге және платформаның жоғарғы рельсінің роликті шеңберінің ролигінен шығып кетуден сақтайды. Орталық цапфа өзінің жоғарғы бөлігімен бұрылыс платформасының құймасына бекітілген және бекітпелік планкамен 2 және болттармен 3 ұсталынып тұрады. Цапфаның төменгі бөлігі раманың төменгі втулкасына кіреді, экскаватордың жоғарғы бөлігі бұрылғанда соның ішінде айналады. Цапфа өзінің төменгі бөлігіне гайка 4 кигізілген, ол сфералық шайба 5 арқылы төменгі раманың құймасына тіреледі. Гайка бекітпелік планка 6 мен болт 7 арқылы бекітіледі және цапфамен бірге айналады. Сфералық шайбамен раманың төменгі құймасының арасындағы соққылау 0,5 – 2мм болуы керек. Цапфада тұтас тесік бар, оның екі жағына стакандар 8 прстелген, олар қозғалмайтын құбырдын 9 тірегі болып табылады. Қозғалмайтын құбырдын іші мен бұрылыс платформасына қарай кабель өтеді.

     Тұтқаны арқанды-полиспастты жүйемен қозғалтатын экскаваторларда  арын механизмінің лебедкасы бұрылыс платформасына орнатылады.  Стрелада тек бағыттаушы блоктар және тоқымды подшипник болады. 

Арынды механизм шөміштің тұтқасына кері-ілгермелі қозғалысты беруге арналған. Механизм орын лебедкасынан және арқандардан тұрады. Арын лебедкасының жетегі болып қуаты 100кВт ДПЭ-72 электроқозғалтқышы табылады. Қозғалтқыштың валынан муфта 1 және үш сатылы редуктор 2 арқылы айналып шығыңқы валға беріледі. Шығыңқы валдың шлицтарына барабандар 3 және 4 отырғызылған. Барабан 4 – арын механизмның арқанын керу үшін ажырамалы болып орындалған. 1 – арын механизмін динамикалық жүктемеден қорғауға арналған. Эластикалық және фрикционды муфталардан тұрады. Эластикалық муфта екі жарты муфтадан тұрады, олар резиналық аммортизаторлармен байланысқан. Фрикционды муфтаның корпусының сыртқы беті колодкалы тежегіштің шкиві болып табылады. Тежегіш серіппемен тежеледі, пневмоцилиндрдегі қысым төмендегенде серіппе рычагтарды тартады және колодкаларды шкивке қысады. Пневмацилиндрге сығылған ауа бергенде тежеуден шығарылады. Колодкалы тежегішті апаттық тежеуде қолданады. Арын механизмі жұмыс істеп тұрғанда тежеу қарсы тоқпен іске асады.

Тұтқаны қозғалтатын арын арқандары 1, 3, 4 барабандары астынан бекітіледі, ал кері арқандар – үстінен өтеді. Арын арқанының  өрімі тоқым блогын 5 және тұтқаның артқы жарты блогын 8 қамтиды. Кері арқанның өрімі блок 6 арқылы тұтқаның қозғалмайтын алдыңғы жарты блогына 7 өтеді. Арын және кері арқандар артығымен болуы керек яғни тұтқаның соңғы күйінде барабандарда 1, 7 орам қалуы керек.

Құбыр тәрізді тұтқа  тоқымды подшипник арқылы өтіп, фасонды төрт роликке тіреледі. Бұл роликтер корпустың құймасына орнатылған. Соның арқасында тұтқа кері-ілгермелі және айналымды қозғалысты оське 2 қатысты жасай алады. Ось стреланың төменгі бөлігіне бекітілген. Ось бұрылып кетпеу үшін шпонкамен 3 ұсталып тұрады. Бүйірлік жүктемелерді қабылдайтын резинадан жасалған екі амортизатор қарастырылған. Сонымен қатар оське екі ойығы бар екі блок орнатылған, оның біреуі арынды арқанға, ал екіншісі кері арқанға арналған.

Көтеруші лебедка – шөмішті көтеруге және түсіруге арналған, ол лебедкадан және арқаннан тұрады. Лебедка қуаты 190кВт-тан екі ДПЭ-82А электроқозғалтқышы арқылы қозғалады. Редукторы 2 бар қозғалтқыштар серппелі муфталармен 1 байланысқан. Жетекші жарты болып табылады. Тежегіштер машина тоқтағанда көтеруші механизмді тежеуге арналған.

Редуктордың шығыңқы валының шлицына барабандар 3 отырғызылған, оларға қысқыш винттармен көтерме арқандар бекітіледі. Шөмішті көтеруді шектеу үшін стрелаға соңғы сөндіргіштер орнатылған.

Экскаватордың бұрылыс механизмі экскаватордың бұрылыс платформасын механизмдермен және жұмысшы жабдықпен бірге бұруға арналған. Бұрылыс механизмінің жетегі қуаты 100кВт екі электрқозғалтқышпен іске асады. Фланецті қозғалтқыштар редуктордың корпусына орнатылған, редуктор бұрылыс платформасына орнатылған. Әр қозғалтқыштың валының жоғарғы ұшына колодкалы тежегіштердің 1 тежеу шкивтері орнатылған. Электрқозғалтқыш валының төменгі ұшына жетекші шестернялар орнатылған. Берілістің алдыңғы екі сатысы редуктор корпусына 2 бекітілген. Шығыңқы вал 3 шестернясы қозғалмайтын тісті венецпен 4 ілініседі, ол жүріс арбасының төменгі рамасына бекітілген.

Жүріс арбасы экскаватордың бұрылыс бөлігінің тіреуі болып табылады. Жүріс арбасының негізгі бөлігі болып төменгі рама 1 және жеке жетектері (3,4) бар шынжыр табан жүріс табылады.

Төменгі раманың бүйір жақтарына болттың 8 және құлыпты байланыс 9 көмегімен шынжыр табан рамасы 7 бекітіледі. Шынжыр табан рамасының осьтерінде төрт үлкен тірек дөңгелектері 10 және төрт кіші дөңгелектер 11 бар. Дөңгелек осьтері қалпақтармен 12 жабылған. Шынжыр табан раманың артқы бөлігінде жетекші жұлдызшалар 13, ал алдыңғы бөлігінде  - кергіш дөңгелектер 14 орнатылған. 15 – кергіш ось. Жетекші, кергіш және тірек дөңгелектері екі шынжырды 16 қамтиды, оның әрбіреуі  37 трактан тұрады, олар өзара сұққылармен біріктірілген. Шынжыр табан қозғалысқа жеке жетектен келтіріледі. Жетек қуаты 54 кВт электрқозғалтқыштан және екі редуктордан 19,20 тұрады. Жүріс механизмінің тежегіші – электромагнитті ТКП-300.Айналым электрқозғалтқыштан муфта 1 және редуктор (2,3) арқылы жетекші жұлдызшаға 4 беріледі.

Экскаватор кернеуі 6000В айнымалы токтан қоректенеді.

 

ЭКГ-4.6 карьерлік экскаваторы

       ЭКГ-4.6 экскаваторы жұмысшы жабдықтан, жүріс арбасынан және механизмдері бар бұрылыс платформасынан тұрады.

Жұмысшы жабдығына: шөміш, тұтқа, арын механизмі бар стрела, екі аяқты тіреу және шөміш түбін ашатын механизм.

Бұрылыс платформасы негізгі рамадан және оның бүйіріне екі алаң бекітіледі, ал артына қарсы салмақ корпусы бекітілген. Бұрылыс платформасына көтеруші лебедка, бұрылыстың  екі лебедкасы, компрессорлік қондырғы, механизмдерді майлау станциялары, трансформатор, жоғары кернеулік таратқыш құрылғылар орнатылған. Қарсы салмақ корпусына бес машиналы түрлендіргіш агрегат орнатылған. Бұрылыс платформасының астына стрела лебедкасы бекітіледі.

Платформадағы барлық элементтер кузовпен жабылған. Бұрылыс платформасы жүріс арбасына тіреу-бұрылыс механизмі арқылы тіреледі. Тіреу-бұрылыс механизмі тісті венецтен және роликті шеңберден тұрады. Бұрылыс платформасы орталық цапфа арқылы жүріс арбасымен байланысады.

 Жүріс арбасы төменгі рамадан және оның екі жағына дөңгелектері мен шынжырлары бар шынжыр табан рамасы бекітлген. Алдыңғы және артқы қабырғаларына жүріс механизмі және гидрожүйе орналасқан, олар экскаватордың жүрісін қамтамасыз етеді.

Экскаватордың негізгі механизмдері (көтеру, арын және жүріс)  және шөміш түбін ашатын механизмі тұрақты ток қозғалтқыштарынан, ал қосымша механизмдер айнымалы токтан қозғалысқа келеді.

Негізгі механизмдердің қозғалтқышы түрлендіргіш агрегаттың генереторларынан, ал көмекші механизмдер – төмендеткіш трансформатордан қоректенеді.

Көтеруші лебедканың, бұрылыс және арын механизмдерінің тежегіштері сығылған ауа арқылы басқарылады. Сығылған ауаны компрессорлік қондырғы береді. Жүріс бөлігінде гидрожүйе бар, ол қайта қосу муфталарын және жүріс механизмінің тежегішін басқарады.

Шөміш сыйымдылығы 4.6м3.

Шөмішті ашатын механизм. Шөміш түбін ашу шөміштің алдыңғы тесігінен рычаг көмегімен засов тартып шығарылады. Рычаг шынжыр арқылы шөмішті ашу механизмімен байланысқан. Бұл механизм тұрақты ток қозғалтқышымен қозғалысқа келеді, ол қозғалтқыш стреланың алаңына орнатылған. Тұтас пісірілмелі тұтқа тікбұрышты қимасы бар екі балкадан тұрады. Бұл балкалар ортаңғы секциямен байланысқан. Стрела пісірілмелі металконструкциясынан тұрады, өзінің табанымен бұрылыс платформасының проушинасына бекітілген. Стрела, сонымен қатар қосымша тартымдар арқылы бұрылыс платформасымен жалғанып тұрады. Стреланың жоғарғы жағына осьтерге көтеруші арқанның бас блоктары орнатылған. Стреланың ортаңғы бөлігіне арын механизмі орнатылған, оған қызмет көрсететін алаң бар. Осы алаңда шөміш түбін ашатын қозғалтқыш пен редуктор бекітілген. Стреланың төменгі листына ағаш буферлер бекітілген, олар тұтқадан болатын соққыларды азайтады.

Арын механизмі қозғалтқыш арқылы қозғалады. Қозғалтқыштың валына  тісті дөңгелекпен бірге іліністе болатын шестерня бекітілген. Бұл дөңгелек шарикті подшипниктегі шкивтің күпшегіне отырғызылған, олар аралық валмен байланысқан. Бұл вал, өз кезегінде шестерня түрінде орындалған, ол арын дөңгелегімен іліністе болады.

Арын дөңгелегі арынды валдың шлицына орнатылған. Арынды валдың шеттеріне екі кремальерлі шестерня және тоқым подшипниктері отырғызылған, тоқым подшипниктерінің плита күпшегінде қосымша тіреуі бар. Тоқымды подшипник қола втулкалары және шойыннан жасалған  бағыттаушы ползундары бар тұтас құйылған металконструкция. Арын механизмі колодкалық пневматикалық тежегіштермен жабдықталған, ол электр қозғалтқыштың валының бос ұшына орнатылған. Тежегіштің каркасы электр қозғалтқыштың фланеціне болттар көмегімен бекітіледі. Тежегіш каркасына бекітілген осьтерде рычагтар бұрылады, олар осьтер арқылы колодкалармен байланысқан. Бір рычаг пневмоцилиндрмен, ал екіншісі оның штогымен байланысқан. Шток пен шайба арасына сығылған серіппе орнатылған.

Екі аяқты тіреу стреланы сегіз реттік арқан арқылы ілуге арналған. Ол алдыңғы бір және артқы екі оттяжкадан тұрады. Тіреудің жоғарғы бөлігінде үш блок және горизонтальді блогы бар обойма еркін айналады. Көтеруші лебедка экскаватор шөмішін екі еселенген арқан арқылы көтереді. Лебедка электр қозғалтқыштан қозғалады, электрқозғалтқыш эластикалық моторлық муфта арқылы редуктормен байланысқан. Редуктор аралық валдың эластикалық муфтасы арқылы барабанмен байланысқан цилиндрлік тісті жұпты айналдырады. Барабан және тісті дөңгелек оське отырғызылған. Олар стойкаға бекітілген роликті подшипниктерде айналады. Моторлық муфта қозғалтқышты көтеруші лебедкадан ажырата алатын конструкцияға ие.

Стреланы көтеретін лебедка қозғалысқа көтеруші лебедканың элекрқозғалтқышынан келеді.  Қозғалтқыш валының екінші ұшына шынжырлы жұлдызша орнатылған, ол шынжыр көмегімен айналымды – червякты валға кигізілген жұлдызшаға береді. Червякты вал айналымды червякты дөңгелекке береді. Червякты дөңгелек пен барабан бір оське орнатылған. Арқанның бір ұшы барабанға оралады, ал екіншісі екі аяқтағы блоктарды қамтып, екі аяқтағы коушқа бекітіледі.

Бұрылыс механизмі ортақ электрлік және электрпневматикалық басқаруы бар екі бірдей редуктордан тұрады. Әр редуктор вертикальды қозғалтқыш арқылы айналады. Қозғалтқыш валының ұшына шестерня орнатылған, ол вал-шестерняға кигізілген тісті дөңгелекпен іліністе болады. Вал-шестерня --- тісті дөңгелек --- вертикальды вал-шестерня --- тісті венец (төменгі рамада орналасқан).

Жүріс арбасы төменгі рамадан тұрады және оның бүйіріне шынжыр табан рамалары бекітілген (болт және құлыпты қосылы). Шынжыр табан рамасына тіреу дөңгелектері бар осьтер орнатылған. Дөңгелектерге гусеницалар кигізіледі. Әр гусеница 36 звенодан тұрады, олар өзара сұққылармен байланысқан. Шынжыр табан жүрісінің жетегі қайта қосу муфтасы арқылы редуктордан іске асады. Қайта қосу муфтасы және тежегішті басқару гидрожүйеден іске асады. Жүріс редукторының қозғалтқышы артқы төменгі рамаға бекітіледі және ол шынжыр табан жүрісінің борттық берілістеріне айналу моментін беруге арналған. Редуктор үш сатылы, цилиндрлік.

  Тісті – рейкалы арын жүйесі тұтынудың өте ауыр жағдайларына арналған.

      

         Проблемалық сұрақ: осы екі экскаватордың қайсысын үйінді жұмыстарына, қайсысын тиеу жұмыстарына қолданады және неге?

 

ІV. Бекіту

 

1.ЭКГ-8И экскаваторының сызбасы бойынша санмен көрсетілген негізгі элементтерінің атауын жазып шығу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы экранға шығады, оқушылар бір-бірінің жауаптарын тексеріп, баға қояды.

 

 

2)Перфокартамен жұмыс (жазбаша)  8оқушы

 

ПЕРФОКАРТА

 

Жұмысшы жабдық элементтері

Экскаваторлар

 

ЭКГ-8И

 

ЭКГ-4.6

Арын лебедкасы

 

 

Бас блоктар

 

 

Кремальерлі шестерня

 

 

Тісті рейка

 

 

Орталық блоктар

 

 

Екі балкалы стрела

 

 

Екі балкалы тұтқа

 

 

Шөміш

 

 

Тоқымды подшипник

 

 

Жарты блоктар

 

 

Шөмішті көтеретін арқан

 

 

Шөміш түбін ашатын механизм

 

 

Шөмішті көтеретін лебедка

 

 

 

3)Кинематикалық схемамен жұмыс 4оқушы (өзіндік жұмыс)

        Төрт оқушыға экскаватордың кинематикалық схемалары беріледі және олардың жұмыс істеу принципі жазылған түсіндірме беріледі. Оқушылар түсіндірме бойынша өз беттерімен дайындалып, түсіндіріп береді. 

                            

V.Бағалау. Оқытушы оқушылардың қорытынды бағаларын хабарлайды.                                                                                                                            

VІ. Үй тапсырмасы ЭКГ-8И және ЭКГ-4,6 экскаваторларының құрылысын, техникалық сипаттамасын, кинематикалық  схемаларын оқып, жазып, талдап келу                                                                                                                            

VІІ. Қорытындылау

                                                                                        

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Берілген проблемалық сұрақтар мен сыни тұрғыдан ойлау тапсырмалары бойынша оқушылардық ой-өрісі дамып, өз пікірі қалыптасуына ықпал жасалынады. Бұл әдіс жаңа тақырыпты бекіту, қайталау, пысықтау, баяндау кезінде өте ұтымды. Осы әдістің ең маңыздылығы - әр оқушы өз шамасына лайықты ұсыныс пікірлерін болжам жауаптарын береді.

    Қорыта айтқанда, қазіргі сабақтың типтері мен түрлері, оларға қойылатын талаптар жөнінде көптеген педагог – ғалымдар өздерінің пікір ұсыныстарын жұртшылыққа кеңінен ұсынуда.

   Сабақты оның типіне сай тиісті әдістемелік әдіс-тәсілдермен қамтамасыз етуді ойластыру мұғалімнің теориялық, әдістемелік даярлығын, шеберлігін көрсетеді. 

   Сыни тұрғыдан оқушыларды ойлату өте қызықтырады,сезімін, түйсігін,                                                                                                            

қабылдауын, ынтасын,  зейінін, еске ұстауын,  ұғынуын, ойлау,  оқу іс-әрекеттерін, дағды, машықтарын, өз бетінше ізденісін, жеке адам қасиеттерін қалыптастыруға өз септігін тигізеді.                                       

    Дамыта оқыту моделіне барлап қарасақ, оның, әсіресе, талдау, жинақтау, бағалау сынды мақсаттар жүйесін жүзеге асыруда, білім деңгейін шығармашылық сатыға жеткізуде тиімді екеніне көз жеткіземіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1Әдіскер-Методист. Ресубликлық  ғылыми-педагогикалық журнал №2

2002ж

2 М.Махмутов «Современный урок»,1985г

3 Қазақстан кәсіпкері №8 (39) 2006ж

4 Қазақстан кәсіпкері №6 (25) 2005ж

5 Нанаева Г.Г., Нанаев А.И., Горные машины икомплексы, М., Недра,        

1982г

6 Бритарев В.А., Замышляев В.Ф., Горные машины икомплексы, М., Недра, 1984г

7 Подерни Р.Ю., Горные машины икомплексы для открытых работ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Карьерлік экскаваторлар» тақырыбы бойынша дамыта технологиясы элементтерінің пайдалану Әдістемелік баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2018 1909
    • RAR 1.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ондыбаева Маржан Саламатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ондыбаева Маржан Саламатовна
    Ондыбаева Маржан Саламатовна
    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3209
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции