Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Карточка подвижных игр "Доп кімде?"

Карточка подвижных игр "Доп кімде?"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Доп кімде?

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын бастаушы тағайындалады. Ол шеңбердің ортасында тұрады, қолдарын арқасына ұстап бір-бірімен тығыздалып тұрады.Тәрбиеші допты (диаметрі 15 см-ден аспайтын) кімге болса да біреуіне береді, балалар оны арттарымен шеңбер жасай бір-біріне береді. Бастаушы доптың кімде екенін табуға тырысады. Ол: «Қолыңды» деп кімге айтса, сол екі қолын алға шығарып, алақанын жайып, жоғары көтеруге тиіс, онда ол оның қолында доптың жоқ екенін көрсетеді, Егер басқарушы добы бар екенін тапса, ол допты алады да шеңберге тұрады, ал доп табылған бала ойынды басқара бастайды.Ойынға балалардың ықыласы болмағанға дейін ойын қайталана береді.




Допты қуып жет ойыны


Балалар алаңда өзді-өзі ойнап жүреді. Тәрбиеші біршеше балаларды атап шақырып, допты қуып жетуді және онымен ойнауды ұсынады. Балалардың аттарын атай отырып, тәрбиеші кезекпе- кезек әр түрлі бағыттарға допты домалатады. Әрбір бала доптың артынан жүгіріп, оны ұстап алып, тәрбиешіге келеді. Тәрбиеші бұл жолы допты басқа бағытқа қарай лақтырады.

Нұсқау.Үш жасқа аяқ басқан балалар тәрбиешінің бірнеше рет лақтырған добын қуып, қызыға жүгіруге қабілетті. Содан кейін ойынға балалардың келесі тобын тарту керек. Ойынға бір мезгілде 8-10 бала қатыса алады. Балалар бір мезгілде доптардың артынан жүгіру үшін, барлық допты бірден төгіп (домалатып) жіберуге болады. Доптың орнына резеңкеден жасалған дөңгелекті, жұмсақ қапшықты пайдалануға болады.



Тракторшылар

   Ойынға әр уақытта 5 адам қатысады. Төртеуі екі-екіден, бірінен соң бірі тұрады. Бірінші екеу бір-бірінің қолын ұстап тұрады да, бос қолын артында тұрған екеуге созады, екінші екеу де қолдарын сондай етіп ұстасады, ал бос қолдарын бірінші екеудің созған қолдарымен ұштастырылады.

есінші қатысушы — тракторшы. Ол екі-екіден тұрғандар арасындағы қолына картоннан жасалған руль ұстап тұрады. Бесеудің бәрі алаңда араласып, жайлап жүре бастайды. Әрбір жолға 8 қадымнан   келеді.

Тара-тара-тара-ра,

Біздің  бұл қораға.

Кіріп келді трактор:

«Бұл бос келді демеңіз,

Егінді жерге егеміз,

Нанға толып қырат-қыр,

Тойғызып біз балаларды

Береміз қалаш нандарды!»

Балалар ырғақпен басуды  үйренген кезде, өте күшті дауыспен «жер», «егін», «балалар» деген сөздерді ерекше айта алатындай болуы керек.

                            


 

Кім заттарды көбірек жинайды?


Еденге немесе тегіс алаңға көлемі шағын заттарды шашып тастайды: бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар және басқалар.

Ойнаушылардың ішінен екі-үш бала таңдап алынады оларға кәрзеңке немесе кішкене шелек беріледі. «Бір, екі, үш» деген белгі бойынша олар бүршіктерді (кішкентай шарларды, текшелерді) жинай бастайды. Мұнда қолдарына тек бір ғана заттан ғана алуға рұқсат етіледі.

«Тоқта!» деген белгі бойынша заттарды жинау тоқтатылады да, кім көбірек жинағанын санайды. Содан соң қалған жұп балалар жарысады. Ойынға қатысқысы келгендердің саны қанша болса, сонша рет ойын қайталана беруіне болады.















Тез орындарыңа


  Балалар екі жағына қолдарын созып, бір-бірінен біраз қашықтап шеңберде тұрады. Әрбір ойнаушының орнын қандай болса да бір затпен белгілеп қояды, мысалы еденге қойылатын текшемен белгілеп қояды.

Тәрбиешінің «жүгіріңдер» деген сөзі немесе дабыл қағуы бойынша балалар шеңберден шығады да, жүреді, жүгіреді немесе бүкіл алаң (бөлме) бойынша секіреді. Осы кезде тәрбиеші заттың ішінен біреуін  алып қояды, сонда бір баланың орны болмай қалады. Дабыл қаққанда немесе «орындарыңа» деген сөзден кейін барлық  балалар шеңберге жүгіреді де, кез-келген орынды алады. Орынсыз қалған балалар хормен:

Орал, Орал, Айша,

Тез орын ал, тұр былай.-дейді.

Ойын соңғы рет жүргізілген кезде барлық баланың орны болуы үшін тәрбиеші текшені қайта орнына қояды. 








Құрлар 


Ойнаушының екеуі құрды бейнелейді. Олар бөлме бұрыштарының бірінде тұрады. Балалардың қалғаны (6-8 адам) бөлменің ортасында, бірінің қолынан бірі ұстап шеңбер құрып тұрады. Бұл — шыны аяқтағы ірімшік. Мәтінді хормен дауыстап айтады, жаңылтпаш ырғағымен жүресінен аздап отырады.

Біздің жерде, көгалда,

Сүзбе тұрса тек алда.

Ұшып келді

Екі құр,

Шоқып кетті,

Қайта кетті.

Үшінші және төртінші шумақты айтқанда құрлар бұрыштан ұшып шығып, секіріп-секіріп шыны ірімшікке қарай жақындайды. Бесінші және алтыншы шумақты құрлар, шыны аяқтың қасына екі аяғымен секіреді, шеңбердің ішіне басын жайлап еңкейтеді (шоқиды).

Жаңылтпаштың соңында шыны аяқтар бейнелеуші балалар қолын жоғары көтеріп: «Шу-у» деп құрларды қорқытқан болып дауыстайды, құрлар да өз бұрыштарына ұшып кетеді, балалар оларды ұстайды. Құрлар өзін ұстаған баламен орындарын ауыстырады. Ойынды қайталап жүргізе береді.




 Секіріп жүріп доп ұстау

Балабақшада ересек балалар топтарында сюжетті, сондай-ақ сюжетсіз сақина кигізу ойындарын пайдалануға болады: әртүрлі формадағы тағандардың үстіне қазықша орнатылады. Балалар қашықтығы (1,5-2,5 м.) жерден сақина тастайды. Ойынды балалар  тобымен (4-6 адаммен) өткізуге болады.
Балалар үш сақинадан алып, оны кезекпен
 лақырып кез-келген қазықшаға кигізуге тырысады.

Тәрбиеші балалардың ішінен кімнің сан жағынан сақинаны көбірек лақтырғанын белгілеп алады.

Ойын варианты: Балалар шартты түрде келіскен ұпайлар санына (6-10)ие болғанша, кезекпен екі-үш сақинадан лақтыра береді. Дәл кигізілгенін дауыстапсанауға немесе тастар, бүршіктер және басқа да заттар арқылы белгілеп қоюға болады.

Жүгіріп өту

Алаңның бір жағында үй сызықпен бөлінеді, қашықтығы 5-6 м сызылады,  оның ар жағында екінші үй тұрады. Бір жақты бойлай үйлерге перпендикуляртағы бір сызық жүргізіледі.

Ойнаушылар екі топқа — екі отрядқа (әрқайсысында 6-8 адамнан артық емес) бөлінеді. Бір отрядтың балалары кез-келген үйдің жанындағы сызыққа сапқа тұрады. Екінші отряд жанындағы сызық бойына орналасады. Әрбір баланың аяғы аяғы жанында  екі-екіден қар кесегі жатады. Тәрбиешінің белгісі бойынша бірінші  отряд бір үйден екінші  үйге жүгіріп өтеді.

Екінші отряд балалары бір-бірден қар кесегін алып, оны  жүгірушілерге лақтырады.Кесек қар кімге тисе, сол шетке шығып тұрады. Жаңа белгі берілгенде, жүгіріп өтукері қарай болады: бүйір жақтағы сызықта тұрған балалар жүгіріп бара жатқандарға екінші рет қар кесегін лақтырады. Сондай-ақ, бұл ретте кесек қар тигендер бір жағына шығыптұрады.

Тәрбиеші бірінші және екінші отряд балаларының ішінен кім ептірек, батылдырақ  мерген екенін белгілеп алады. Бұдан кейін ойыннан уақытша  шығып қалғандар өзінің отрядына қайта оралады. Отрядтар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.

Ескерту:

1.  Ойынға қажетті кесек қарды алдын ала даярлауға, оны бір жерге үйіп қоюға болады, осы жерден балалар оны алады, ал олардан ойын басталар алдында бірден  шиыршықтап алуға болады.

2.  Кезекпен қар лақтыруды тағайындау үшін отрядтар ( қай отрядқа бірінші жүгіру, ал қайсысына  кесек қарды лақтыру) санамақтарды пайдалана алады.



Логикалық тізбек ойыны

Логикалық тізбек  ойыны
Мысалы мен 2 қызыл шеңбер ,2 жасыл  үшбұрыш қоямын ,бала арман қарай ойланып тізбекті жалғастыру керек ,яғни ол 2  қызыл шеңбер мен ,2  жасыл үшбұрыш қойып жалғау керек.
Болмаса 3 жеміс суретін ,1 машина суретін қоямын ,бала жалғасын табу керек 
Балаларға қатарлардың құрылу заңдылығын және келесі немесе жетіспейтін қатар мүшесін табуды қажет ететін бірнеше тапсырма беріңіз.
Ең қарапайым түрі: бір түс белгісі – түсі (қызыл – көк – қызыл – көк...), түрі (шеңбер – шаршы – шеңбер – шаршы...), көлемі (үлкен шеңбер – кіші шеңбер...) бойынша.




Ойын бастаушылар (тура шын ойлану) 


Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойын бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында тұрады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мына мәтін сөзін айтып, оңға немесе солға жүреді.

Әдемі шеңберде,

Билейік кең жерде.

Қолдармен ұстасып,

Бәріміз жұптасып.

Бірігіп достасып,

Бір орында ұстасып,

Осылай етіп істейік.

Мәтінді айтып бітер кезде балалар қол созым қашықтықта тұрады. Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады немесе ойын бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды және ойынды жалғастыра береді.

Әрбір ойын бастаушы өз қимылдарын ойлауға тиіс және өзіне дейін көрсетілген қимылдарды қайталамауы керек.








Қалпақ және кішкене таяқша


   Ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді, ол кішкене таяқшаны алады да шеңбердің ортасында тұрады.

Тәрбиеші оның басына ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді. Қалпақ баланың мұрнына дейін кигізіледі, көздеріне тимей-ақ, оның көзін жабады. Балалар қолдарын ұстасып, шеңбер бойымен жүгіреді де: «Бір, екі, үш, төрт бес — кішкене таяқша тықылдайтын болады» -дейді. Бұл уақытта ойын басқарушы жүресінен отырып кішкене таяқшамен еденді тақылдатады.

Балалар соңғы сөзбен тоқталады, ал ойын басқарушы кішкене таяқшасын балалар жаққа сілтейді. Кішкене таяқша кімді нұсқаса, сол кішкене таяқшаның ұшынан ұстайды да, ойын басқарушының атын атайды, ал ойын басқарушы кім оны атады, соны табуы керек. Жаңа ойын бастаушымен ойын қайталанады.

Ормандағы ақ тиіндер

Ойын гимнастикалық қабырғасы бар алаңда немесе бөлмеде өткізіледі. Оған өрмелеу үшін қосымша тасымалданатын аспаптар қойылады: қос саты, тіркемелі тақтай мен кішкене сатысы бар пирамида, скамейкалар, үлкен текшелер етіп қойылған тақтайлар және басқалар.

Басқарушы — аңшы таңдап алынады. Ол адамның немесе бөлменің қарама-қарсы бөлігінде сызылған дөңгелекте — үйде тұрады. Қалған ойнаушылар — ақ тиіндер, ағаштар — аспаптарға орналастырылады.

«Сақтан!» деген тәрбиешінің белгісі бойынша дабыл қағылғанда , барлық ақ тиіндер орындарын ауыстырады: орындарынан тездетіп түседі, аспаптардан ырғиды басқаларға барып орналасады. Аңшы осы кезде оларды ұстайды — оларға қолын тигізед.

Ақ тиіндер еденде жүргенде басқарушы қолымен сипаған олар ұсталған болып есептеледі, сондай-ақ бұрынғы орнында қалғандар да ұсталған болып есептеледі. Олар аңшының үйіне қарай кетеді де, бір ойынға қатыспайды.

Ойын 5-6 рет жүргізіледі. Жаңа аңшы 1-2 ойыннан кейін таңдалып алынады. Тәрбиеші ойын қорытындысында батыл да епті ақ тиіндерді атап көрсетеді. Тәрбиеші ойын барысында балалардың әртүрлі аспаптармен пайдалануын және олардың рұқсат етілмейтін биіктіктен секірмеулерін қадағалайды.



Айгөлек ойыны

Ойынға қатысушылардың саны 10-15 балаға дейін. Ойынды көгалда, аулада, алаңқайда ойнай беруге болады.Ойын шарты:Қатысушылар саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топтың арақашықтығы — 15-20 метрдей жер.

Ойынның мақсаты — қарсы жақтың құрсауын үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды бірінші болып бастауға тиісті жақ (айталық А тобы) екінші (Ә тобына) жақтағы қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән айтады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Мұнда сізге кім керек?

Қарсы,,топ (Ә) жауап қатады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Бізге тек Қамбар керек.

Немесе:

А тобы: — Құрсауды үзіңдер!

Ә тобы: — Кім керек?

А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының атын атайды, Есімі аталған ойыншы қарсы жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп келіп, қарсыластардың құрсауын үзуге тиіс. Егер ол құрсауды үзсе, бір ойыншы алып өз тобына қайтады, Ал, егер үзе алмаса, сол жақта қалады. Ойын соңында кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады.

 Табан балық және шортан ойыны

Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екіге бөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында жүреді.
Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді.
Ал, табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді.
Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің ішінде жүрген балалар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.









Өз үйіңді тап

Ойыншылар 3-4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар: бірінші тұрған ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде -ит, үшіншісінде-мысық, төртіншісінде-аю, қоян. Тәрбиешінің «Серуенге шығамыз» деген
нұсқауымен барлық балалар орындарынан тұрып тәрбиешінің соңынан жүреді.

Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды (секіреді,жүгіреді, жүреді). Тәрбиешінің «Жаңбыр жауа бастады» деген нұсқауымен балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойынды қайталау барысында, тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орынын ауыстырып қояды. Балалар өз үйлерін тез, адаспай табуы керек.







Жүгіріп қағып ал.

Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады.(қашықтығы1,5-2м) Тәрбиеші « Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» -деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер» дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді.




Кұстың қауырсыны кімге барады.

Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші құстың қауырсынын алып, үрлейді. Барлық бала жан — жаққа қаша жүгіреді, ойын жалғасады.




Жалауға қарай жүгір

Балалар тәрбиешіге қарама-карсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы жалауды жоғары көтереді. Балалар тәрбиешінің қасына жиналады. Жалауды қайта түсіргенде балалар жан-жаққа тарап кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанған соң, бір бала жалауын көтеріп жүреді, басқа балалар соңынан еріп жүреді. Ойын басынан қайталана береді.





Шарды ұста

Тәрбиеші ортаға көп үрленген шарларды жайып тастайды. Ойын басталды деген кезде (тәрбиешінің көмегімен) балалар шарды ұстап тәрбиешіге береді. Кім көп шар жинаса сол бала жеңімпаз атанады, 10-15 сек. Ойын жалғасады.





Күн мен жаңбыр

Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді.т.б. Тәрбиеші «Жаңбыр жауды!» дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.



Ұшақтар

Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады!» деген кезде барлық бала ұшақ болып ұшады. «Ұшақтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.










Автобус 

Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісі. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу  кейін жылдам, жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.















Жай жүріп өт ойыны

Тәрбиеші залдың шыға берісінде көзін жұмып тұр. Балалар колоннамен бірінен кейін бірі аяқтарының ұшымен жайлап өтіп бара жатады. Егер балалардың біреуі онша тыныш жүрмей бара жатса, тәрбиеші оған қолын тигізеді. Бала кейінірек барып тұрады да, бері өтіп болғаннан соң барып, тағы жүріп өтеді. Колоннаның соңындағы бала тәрбиешіге жайлап: «Бәрі кетіп-қалды»,-дейді. Тәрбиеші көзін ашады.

Нұсқау. Тәрбиешінің қасынан тек ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте шығуға да болады.





Поезд ойыны

Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі – паровоз да, қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,-дейді  тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқау. Алғашында балалар колоннаға кез келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды-өз вагонын табуды үйретеді. Ойынның сюжетін өзгертуге де болады, мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т.б. бейнелейді.











Жалғыз аяқ жолмен ойыны


Тәрбиеші еденге ұзындығы – 2,5-3 м бір – бірінен қашықтығы – 25-30 см екі параллель сызық сызады (немесе екі жіпті салады). Ол балалардың орман ішінде қыдыруға баратыны жөнінде әңгімелеп береді. Жалғыз аяқ ұзын тар жолмен еппен жүру керек. Сызылған екі сызықтың бойымен балалар бірінен соң бірі жайлап жүріп келеді. Сосын кері қарай қайтады.

Нұсқау.Балалардың сызықты басып кетпеуін, бір – біріне кедергі жасамауын, алдында келе жатқан балаға соқтықпауын тәрбиеші қадағалайды.









Кім баяу? Ойыны


Балалар тәрбиешімен бірге жүріп келе жатыр. Күтпеген жерден ол: «Ал енді көрелік, сендердің іштеріңнен кім өте баяу, аяқтың ұшымен жүре алады. Міне былай», — дейді (көрсетеді). Балалар аяқтарының ұшын көтеріп, мүмкіндігінше жай жүруге тырысады. Олар сол жүріп келе жатқан бағытта жүруді жалғастыра береді. Содан кейін тәрбиеші білдірмей бір жаққа қарай шегініп: «Ал енді бәрің де маған қарай жүгіріңдер»,-дейді. Балалар тәрбиешіге қарай жүгіреді, оны қоршап алады, ал ол балалармен әңгімелеседі, олардың жаттығуды жақсы да тырысып орындағанын атап айтады.

Нұсқау.Үш жастағы кейбір балалар аяқтарының ұшымен жүрген кезде басын жасанды төмен салбыратып, иығын ішіне тартып жүреді. Оларға өздері сондай жай жүріп келе жатқан болып көрінеді. Балалардың қатесін көрсетіп, оларды жөндеуге тырысу керек.













Шеңберге түсір ойыны

Балалар ортада жатқан диаметрі 1-1,5 м үлкен шеңберден немесе дөңгелектен (жіптен немесе еденге сызылған) 2-3адам жерде дөңгелектеніп тұрады. Балалардың қолында құм салынған қап бар. Тәрбиешінің «Лақтыр!» деген сигналы бойынша балалардың бәрі қаптарын шеңбрге лақтырады. Одан кейін тәрбиеші: «Қаптарды көтеріндер!» — дейді. Балалар қаптарын көтереді де, орындарына барып тұрады. Ойын 4-6 рет қайталанады.

Нұсқау.Қапты екі қолмен лақтырулары керек.











Қойшы мен табын ойыны

Алаңның бір жағында гимнастикалық орындықтың немесе текшеленген жіңішке тақтайшаның көмегімен қой қора қоршалады.Ойнаушылардың ішінен қойшы таңдалып алынады. Қалғандары – қойлар. Қойшының көзін байлайды. Ол қой қорадан қашық емес жерде тұрады да: «Қойшы,қойшы, маған қанша қадам бересің?» деп сұрайды.Қойшы әрқашан қандай болса да (10-ға дейін) бір санды айтады. Қой сондай санға сәйкес келетін қадамды санайды да тоқтайды.Барлық қой тарап кеткен кезде қойшы: «Менің табыным қайда?» деп сұрайды Барлық қой: «Мә-мә-мә..,» деп дауыстайды. Содан соң үндемей қалады. Қойшы оларды іздей  бастайды. Олардың тек даусы шығады да, ал қойлар өз орындарында тұрады. Алаңның бір жағында гимнастикалық орындықтың немесе текшеленген жіңішке тақтайшаның көмегімен қой қора қоршалады.Ойнаушылардың ішінен қойшы таңдалып алынады. Қалғандары – қойлар. Қойшының көзін байлайды. Ол қой қорадан қашық емес жерде тұрады да: «Қойшы,қойшы, маған қанша қадам бересің?» деп сұрайды.Қойшы әрқашан қандай болса да (10-ға дейін) бір санды айтады. Қой сондай санға сәйкес келетін қадамды санайды да тоқтайды.Барлық қой тарап кеткен кезде қойшы: «Менің табыным қайда?» деп сұрайды Барлық қой: «Мә-мә-мә..,» деп дауыстайды. Содан соң үндемей қалады. Қойшы оларды іздей  бастайды. Олардың тек даусы шығады да, ал қойлар өз орындарында тұрады.

Қойшы орнынан тұрып, біреуін түртіп: «Қойым, қойым, сен кімсің?» дейді. Ал қой «Мә мә мә» деп жауап қайтарады. Қойшы оның, кім екенін шешуі керек. Егер қойшы қателессе барлық қойлар маңырайды да, олардың біреуі қойшыны қой қораға қарай алып барады  ал өзі орнына қайта оралады.

Қойшы: «Менің табыным қайда?» деп қайтадан сұрайды, ұсталған қойды ол танығанша, ойын жүргізіле береді. Содан кейін ол байланған көзін шешеді де, қой болып шыға келеді, ал қой қойшы болады.












Балаларға арналған қу түлкі ойыны


Ойнаушылар бір-бірінен бір қадам қашықтықта шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші бәрінің көз жұмуларын сұрайды. Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші шеңберді айналып (балалардың  артымен) шығады да, ойнаушылардың біреуін түртіп қалады да,сол  балақу түлкі болып саналады. Тәрбиеші содан соң балаларға көздерін аштырады да, жан-жақтарына ұқыпты қарауды, кімнің осылардың ішінде қу түлкі екендігін білдіріп қояр дейді.

Ойнаушылар (аздаған саябыр дауыспен) үш рет дауыстап, алдымен жайлап, содан соң даусын көтеріп: «Қу түлкі, сен қайдасың?» деп сұрайды. Бұл кезде бәрі бір-біріне қарайды.

Ойнаушылардың бәрі (оның ішінде қу түлкі де) үшінші рет сұрайды. «Қу түлкі сен қайдасың?» деп сұрағанда қу түлкі шеңбердің ортасына тез шығып, қолын жоғары көтеріп: «Мен мұндамын!» деп дауыстайды.

Ойнаушылардың бәрі алаң бойына жүгіріп жүреді, ал түлкі оларды ұстайды ұсталған, яғни түлкі кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады.

Мұнан кейін түлкі ек-үш баланы ұстаған соң, тәрбиеші «Шеңберге» деп дауыстайды. Балалар қайтадан шеңбер жасап тұрады да, ойын қайталанады.













Жүгіріп өтуге үлгер

   

Тәрбиеші балалардың біреуімен жіптің екі ұшын (оның ұзындығы 3-4 м.) ұстап оны жүгіріп келе жатқан балалардың бағытына қарай жайлап айналдырады.
Балалар бірінен соң бірі, жіп жоғары көтерілген кезде, жіптің астынан жүгіріп өтуге үлгеруі қажет.Тәрбиеші балалар қимылын реттеп отырады, ол әрбір жүргізушіге «Жүр» деген белгі береді.

Әрі қарай жіптің қимылын балалардың өздері бақылап, жіп жоғары көтерілгенде жүгіріп өтуге тырысулары керек.








Кімнің тобы тез жинақталады?


    Балалар ойнаушыларының саны бірдей 3-4 топқа бір қандай да болмасын түсті жалаушалар беріледі. Алаңның ең шетінен немесе бір жақ шетінен таған үстіне сондай түсті 3-4 жалаушалар қойылады. Әрбір топ өз түстеріне сай кішкене жалаушаның алдына барып колоннаға тұрады.

Ойнаушылар сапқа тұрған кезде, тәрбиеші дабыл қағады, содан соң балалар алаңмен әртүрлі бағытта жүреді, жүгіреді, секіреді. Тәрбиешінің берген ырғағына, темпіне байланысты қимыл өзгеріп отырады,

«Орныңа тұр!» деген белгі бойынша балалар өздерінің жалауына қарай жүгіреді де (бетін жалауға қаратып) тізбектеле тұрады. Тәрбиеші қай топтың бірінші болып тұрғанын белгілейді.

.. Ойынды 2-3 қайталаған соң, балалар жүгіріп, секіріп жүрген сәтте тәрбиеші «Тоқта!» дейді. Осы белгі бойынша барлық ойнаушылар тоқтайды да, көзін жұмады. Осы кезде тәрбиеші жалаулардың орнын өзгертеді де: «Орындарыңа тұрыңдар!»-дейді. Балалар көзін ашады да, өз жалауларының алдына тізбекте тұруға асығады. Қай колоннаның бірінші тұрғанын атап өтеді.








Кім тезірек жалаушаға жүгіреді?

Ойнаушылардың бәрі орындықта отырады. Алаңның шетінен 5-6 қадам қашықтықта 4-5 бала тұратын сызық жүргізіледі.

Алаңның қарама-қарсы жағында сызықтан 18-20 қадам қашықтықтағы әрқайсысының қарсысына жалауша қоятын орындық қояды. Орындықтар бір сызық бойына қойылады.

Тәрбиешінің белгісі бойынша (дабыл қағуы немесе қолын шапалақтау, немесе «Бір екі, үш-жүгір!» деген кезде) балалар жалаушаларға қарай жүгіреді, оларды алып, жоғары көтереді, одан соң қайтадан орнына қояды.

Тәрбиеші қандай балалардың жалаушаны басқалардан бүрын көтергенін белгілеп қояды, содан соң жүгіргендердің бәрі орындыққа отырады, ал олардың орнына сызықтың арғы жағына келесі 4-5 адам тұрады. Барлық бала жалаушаларға бір реттен жүгіріп өткенде ғана ойын бітеді.

  Ескерту. Балалар ойынның осы вариантын жақсы меңгерген уақытта, ойынды күрделендіру үсынылады: жалаушаға баратын жолға 60 см. Биіктікке жіп тартылған тіреу қойылады. Балалар жерге (еденге) қолдарын тигізбей, оның астына кіреді, денесін түзеп, әрі қарай жалаушаға жүгіреді.



Қарлы шеңбер ойыны


   Балалар әрқайсысы 4-5 адамнан тең екі топқа бөлінеді. Дуалға бекітілген екі жалпақ фанердің бетіне дөңгелектер диаметрі 50-60 см. нысаналар сызылады. Нысанадан 3 м. қашықтыққа сызық жүргізіледі.Әр топ сызықтың арғы жағында өзінің нысанасына қарсы сап түзеп тұрады, сызықтан аттауға болмайды.

Әр ойнаушыда 6-3-тен кесек қар бар. Тәрбиешінің «бастаңдар!» деген белгісі бойынша әрбір топ қолындағы кесек қарды лақтырып, өз шеңберлеріне, мүмкіндігінше тезірек  жабыстыруға тырысады. Егер балаларда кесек қарлар таусылып қалса, олар оны сол жерде-ақ сығымдап жабыстырып алады. Дөңгелекті кесек қарлармен қай топ бұрын толтырса, сол топ жеңіп шығады.










Доп мектебі


Ойын үшін кішкене доп беріледі. Балалар  біреуден, екеуден және шағын топ болып ойнайды. Ойын барысында бала қате жібере қалса, допты басқа балаға береді. Ойынды жалғастырған кезде ол қате жіберген қимылдан бастайды.

Қимыл түрлері:

1.  Допты жоғары лақтырып, оны екі қолымен ұстап алу. Допты жоғары лақтырып, ол ерлеп бара жатқан кезде қолдарын алдына ұстап, алақанын соғу.

2.  Допты жерге соғып, оны екі қолымен қағып алу. Допты жерге соғып, бірден қолдарын алға созып, алақанын соғу және допты екі қолымен қағып алу.

3.  Екі-үш қадам алыс  жерден қабырғаға қарап тұру, оған допты соғу және оны екі қолымен ұстап алу.

4.  Допты қабырғаға лақтыру, оның жерге соғылуына мүмкіндік беру, қабырғадан алыстап барып, одан соң допты қағып алу.

5.  Допты жерге оң қолымен бес, сол қолымен бес рет соғу.



Тышқан ұстаушы ойыны

Ойнаушылар тең емес екі топқа бөлінеді. Азы (мәселен ойнаушылардың үштен бірі) тышқан ұстаушылар тобын құрайды. Қалғандары тышқандарды бейнелейді. Олар шеңберден тыс тұрады.
Тышқан ұстаушыны бейнелейтін балалар бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер бойымен біресе солға, біресе оңға жүре бастап, мына мәтінді айтады:
Әй, тышқандар, мазаны алып,
Кеттіңдір ғой көбейіп.
Кемірумен жазаладың,
Сазайыңды берейік.
Сақтаныңдар, сақ болыңдар,
Сендерге де жетеміз.
Құрған торға тап болыңдар,
Сендерді қор етерміз!
Балалар тақпақты айтып болған соң тоқтайды да, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Тышқан ұстаушыға жүгіріп барады да бірден екінші жағына асып шығып кетеді. Тәрбиеші «шарт» деп қол соққанда шеңберде тұрған балалар қолдарын түсіреді де отыра қалады, сол кезде тышқан ұстаушы ұстап алған болып есептелінеді. Шеңберден шығып үлгере алмаған тышқандар ұсталған болып саналады. Олар қайтадан шеңбер құра дөңгелене тұрады (тышқан ұстайтын қақпанның көлемі үлкейтіледі).
Тышқандардың көбі ұсталған соң балалар рөлдерін ауыстырады да, ойын қайталанады. Тәрбиеші балалардың тақпақты айқын, айқайламай айтуын әрбір буынды мәнерлемей, сөзге түсетін логикалық екпін жасап айтуын қадағалайды. Ойын соңында тышқан ұстаушының қолына бір рет түспеген өте епті тышқандарды атап өткен жөн.

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балаларға ұшы түйілген жіп береді. Балалар оң қолдарымен жіптен ұстап, солға бұрылады да, мына тақпақты айтады:

Әрең-әрең әлдиледі,
Әткеншегім ән биледі. 
Тербеткенде ойнадым ғой, 
Жүгіруді қоймадым ғой.

Балалар мәтінге сәйкес шеңбер жасап жүреді: алдымен жайлап, содан соң тезірек, ал соңында
жүгіреді. Тәрбиеші балалар жүгірген кезде «Жү-гі-ре-міз, жү-гі-ре-міз» деген сөзді айтады.
Балалар шеңбердің бойымен екі рет шыққаннан кейін тәрбиеші қимыл бағытын өзгертіп: «Бұрылыңдар» дейді. Ойнаушылар шыр айналып, сол қолдарымен жіпті тез ұстайды да, екінші жаққа жүгіреді.
Содан соң тәрбиеші балалармен бірге қарай жалғастырады:
Жаймен ғана тербетіңдер,
Әткеншекпен ер жетіңдер!
Бір, екі, бір, екі,
Ойын бітті мінеки!

Әткеншек қимылды бірте-бірте жайлай бастайды. «Ойын бітті мінеки!» деген сөздерді естігенде, балалар жіпті тастайды да, алаңмен жүріп тарап кетеді. Балалар біраз тыныққаннан кейін тәрбиеші үш рет қоңырау соғады немесе үш рет дабыл қағады. Ойнаушылар әткеншектен орын алуға асығады, яғни шеңберге барып тұрады да, қолдарына жіп алады. Ойын қайтадан басталады. Үшінші қоңырауға дейін орын алуды үлгермесе, әткеншек теппейді, жаңа отырғызуға басталғанға дейін күтіп тұра береді.
Әткеншек ойынын ойнап біткен соң, құрсауды еденге жақсылап жалғастаруы керек, өйткені ойынды қайталағанда, құрсауды тез алып, қайтадан шеңбер жасауына оңай болады.


Күш сынаспақ 

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен  орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса  сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.







Мысық пен тышқан

   Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады.

Васька әппақ қарасақ,

Құйрығы сұр тамаша-ақ,

Жебедей-ақ ұшады,

Көзін жаймен қысады.

Тырнақтарын үндемей,

Ашқан кезде инедей,

Тышқандардың тықырын,

Васька естісе ақырын,

Аңдып аулап алады,

Васька біздің жарады.

«Аңдып, аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады, Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рөлге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп ойын осылайша қайталана береді.

Егер мысық тышқанды көпке дейін ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады.

Ойын варианты: Балалар шеңбер жасап тұрған кезде мысық шеңбер ортасында, ал тышқан шеңбердің сыртында жүруі мүмкін. Екінші шумақты айтқан кезде мысық тақырыпқа сай қимыл жасайды, көзін жұмады, тырнағын және т.б. түзетеді




Пятнашкалар (Доп ойынының бір турі)

   Балалар алаңның (оның шекаралары жалаушалармен белгіленген) әр жерінде тұрады. Тәрбиеші тағайындаған немесе балалар таңдап алған пятнашка түрлі байлағыштарды (лентаны) алып,   алаңның ортасында тұрады.

Тәрбиешінің: «Ұста!» деген белгісінен кейін
барлық бала алаңмен жан-жаққа жүгіреді, ал басқарушы ойнаушылардың ішінен қайсысын болса да қуып жетіп, оған қолын тигізуге тырысады. Басқарушы қолын тигізген бала бір жаққа шығып тұрады. Пятнашка 3-4 ойыншыны ұстанғанда ғана ойын аяқталады.

Ойынды қайталаған кезде жаңа пятнашка таңдалып алынады. Егер пятнашка 30-40 секунд ішінде ойнаушылардан ешкімді ұстай алмаса, онда тәрбиеші басқа , басқарушыны тағайындайды.



Аққу-қаздар

   Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады. Балалардың қалғаны қаз болады. Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол олардың жататын орны. Алаңның шетінен орын сызып белгіленеді, ол — қасқырдың үңгірі. Бақташы қаздарды жайылуға шалғынға айдап шығады. Қаздар шалғында жүреді, ұшады. Содан кейін бақташы былай дейді:

— Қаздар, қаздар!

Қаздар тоқтайды да жауап береді:

— Га, га, га

Бақташы — Қаздар, қаздар, қаңқылдап,

Барасыңдар қай жаққа?

Қаздар: Айна көлі жалтылдап,

Жатқан жасыл аймаққа.

Бақташы: Біздің жерге түсе кет,

Түсіп суын іше кет.

Қаздар: Сіздің жерге түсеміз,

Түсіп суын ішеміз.

Бақташы: — Болсын онда жол жайлы!

Қаздар: — Бізге ол жаққа болмайды,

Жолды тосып сұр қасқыр,

Тау бөктерлеп жүр қасқыр!

Бақташы: — Олай болса қалаған,

Жақтарыңа бар аман!

Қаздар қанаттарын қағып, (қолдарын жан-жағына сермеп, көк шалғын үстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп, жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға (қолын тигізуге) тырысады, ұстаған қаздарды қасқыр үңгірге алып кетеді.

Үш-төрт жүгірістен кейін (келісім бойынша) ұстаған қаздардың санын есептеп шығарады. Содан кейін жаңадан қасқыр мен бақташы таңдалып алынады да ойын қайталай береді.

Ескерту. Тәрбиеші ойынды бірнеше рет жүргізген кезде, ол балаларға қаздар көк шалғында жайылып жүреді, шөп жейді, сол кезде олар еңкейеді, мойындарын созады, ал ұшқан кезде қанаттарын қағады (қолдарын жан-жағына сермейді) деп түсіндіреді.

Спорт ойындары

1.Баскетбол. Допты екі қолымен кеуде тұсынан бір-біріне тура лақтырып, қағып алу; допты жүріп келе жатып лақтырып, қағып алу; допты екі қолымен жерге кезек-кезек соғып ыршыту; допты жүріп келе жатып жерге соғып ыршыту; допты кәрзеңкеге екі қолымен
лақтырып түсіру; өз беттерімен баскетбол ойнауға жаттығу.

2.  Футбол. Бір-біріне допты екі аяқпен кезек-кезек соғу (тоқтату); екі бала қатар тұрып, допты аяқпен тебе қуып жүгіру; кақпашы болып, доп ұстау; қақпашыға допты екі аяқпен кезек соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, футболдың ең қарапайым ережелерін сақтап ойнау ( міндетті түрде төреші сайланады)

3.  Хоккей. Хоккейдің таяғын дұрыс ұстауға үйрету; шайбаны (допты) үй қабырғасына таяқпен соғып, ыршыған допты тоқтатып, қақпаға соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, жеңілдетілген ережемен ойнап жаттығу.

4.  Ақсүйек. Ойын ережесін дұрыс түсініп, ойын орнын анықтап сызып, ұлдар мен қыздар болып бөлініп, сүйектің орнына кішкентай резенке добын пайдаланып ойнау.

5.  Қазан доп. Бұл ойынға алдын ала тұрақты орын белгіленеді. Тәрбиеші балаларды ойын ережесімен таныстырып, өзі бірнеше рет ойнатып көрсетіп, жақсы игерген баланы ойын бастаушы етіп сайлайды.

Спорттық жаттығулар

1. Сырғанау. 1) Аяқпен сырғанау: төбешіктен әртүрлі әдіспен сырғанап түсуге, қоса су құйып әзірленген мұздақ жолмен жүріп келе жатып, тік тұрып, жүресінен отыра қалып сырғанау. 2) Шанамен сырғанау: шанаға 1-2 баладан отырғызып сүйрету; төбешіктен еңіске қарай шананың артынан итеріп келіп, үстіне жата қалып сырғанау.

2.  Велосипед. Тік жолмен, заттардың арасымен әртүрлі көріністер жасап тебу; 100-200 м. жерге жарыса тебу; артына тағы бір баланы тұрғызып алып тебу.

3.  Қазақша курес. Арнаулы параллон матаның үстінде, көгалда күресудің қарапайым әдістерін үйретіп, өздері қолдана білуге жаттықтыру; тізерлеп тұрып және белдесіп күресу; белдесіп тұрып, шалуға жаттығу; ұлдарды екі-екіден шығарып, 1 минут күш санастыру, күрестіру.

4.  Жүзуге дайындық. Судың тайыз жерлерінде етпеттерінен жатып, аяғымен суды шалпылдату; суға етпетінен жатып, қолды жерге тіреп жүріп, аяқпен әртүрлі қимылдар жасау.



Қимылды ойын: Қуырмаш

   Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.

-Қуыр, қуыр, қуырмаш
-Балапанға бидай шаш
Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек
-Балалар ойынды қызыға ойнайды.
-Балалар ойын ұнады ма?
-Осы ойын арқылы не үйрендіңдер?
-Не білді:Қызықты ойын санауды үйренді.






Көжектер мен түлкілер

    Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа қушылыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала түлкі болып сайланады. Қалған балалар көжек бетпердесін киіп, дөңгеленіп отырады.
Ойын жүргізіушісі: Көжектерім тұршы
 
Беттеріңді жушы
Ну орманға барайық
Тамақтанып алайық.
Қаш: Жалаңдаған қу түлкі
Келіп қалыпты орманға
Көжектерің қайда деп.
Қуып келді соңынан
Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөңелді, түлкі қуады.






Қимылды ойын: Аю

  Ойын мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала аю болып сайланады, Қалған балалар қоян болады. Қояндар орманда ойнап жүріп ұйықтап жатқан аюды оятып жібереді. Аю ашуланып қуа жөнеледі.Ойын 2-3рет қайталанып, аю жаңадан сайланып отырады.







Қимылды ойын: Ақ қоян

   Ойын шарты:Балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.
-Қояным,қояным ұйқыңнан тұршы
Бет-қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Мәсіңді киші,
Көлегіңді киші,
Енді бізді қушы-деп балалар қаша жөнеледі.

  







Қимылды ойын: Доп

   Мақсаты: Балаларды ұжымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Ойын шарты: Балалар қатарға тұрады екі команда болып межеге допты қай команда бірінші апарады сол топ бірінші орынға, марапатқа ие болады. Ал ұтылған топ таппақ не өлең айтып өз өнерін көрсетеді.








Таяқшадан аттап өт ойыны


Бөлменің ортасына таман еденге параллель екі таяқша қою, ара қашықтықтары – 1 м. Бөлменің бір жағында балалар тұрады, екінші жағында орындықтың үстінде жалауша жатады. Бала таяқшаларға бетін қаратып, 2-3 қадам алыс тұрады. Тәрбиешінің айтуымен ол бірінші таяқшаға жүріп барады, онан аттап өтеді, содан кейін екінші таяқшадан аттайды. Орындыққа барады, жалаушаны алады, оны жоғары көтеріп бұлғайды. Содан кейін жалаушаны орындыққа қояды, бір жаққа қарай шегініп жүріп, өзінің орнына келеді. Тапсырманы келесі бала орындайды.

Нұсқау.Егер бірнеше рет қайталанғаннан кейін бұл тапсырма балаларға өте жеңіл болып көрінсе, олар оны тез де сенімен орындайды, сондықтан жаттығуды күрделірек етіп өткізген жөн: еденге параллель етіп 4-6 таяқша немесе бірнеше құрсау тастап, балаларға олардан аттап өту ұсынылады.







Мені қуып жетіңдер ойыны

Балаларбөлменің бір жағында немесе алаңда орындықтарда немесе скамейкаларда отырады. «Мені қуып жетіңдер»,-дейді тәрбиеші және алаңның қарама-қарсы жағына қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешіні ұстап алғысы келіп, оның артынан жүгіреді. Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, ол тоқтап қалады да, «Жүгіріңдер, жүгіріңдер, қуып жетемін»,-дейді. Балалар өз орындарына жүгіріп барады.

Нұсқау.Ойынды басында балалардың өз тобымен өткізген тиімді, содан кейін ойнайтындардың санын 10-12-ге дейін көбейтуге болады. Тәрбиеші балалардың жанынан жылдам жүгіріп кетпеуі тиіс. Балалар тәрбиешіні Балалар тәрбиешіні

қуып жеткенде, жақсы жүгіретінің айтып оларды мадақтап қойған жөн.









Торғайлар мен автомобиль

Балалар бөлменің немесе аланның бір жағында тұрған орындықтарға не скамеикаларға отырады. Бұлар – ұяларында отырған торғайлар.  Аланның қарама –қарсы жағында тәрбиеші автомобильді бейнелер тұрады. Тәрбиешінің: «Жол жүріп ұшып кеттік, торғайлар», —  деген сөзіне балалар аланның бойымен жүгіреді. Қолдарын, құстардың қанаттарын қақаны  сияқты екі жағынан бұлғайды. Тәрбиеші біраз уақыт өтккенен кейін: «Байқаңдар, автомабиль келе жатыр, ұшыңдар, торғайлар өз ұяларына»  дейді. Автомабиль гараждан шығып торғайлр жаққа бара жатады. Торғайлар ұяларына ұшып барып қонады. (орындықтарға отырады). Автомабиль гаражға қайтадан қайтып келеді.

         Нұсқаулар. Басында ойынға балалардың шағын тобы (10 -12 ), содан кейін бүкіл топ қатыстырылады. Тәрбиеші торғайлардың қалай ұшатынын олардың дәндерді қалай шоқитынын алдын –ала көрмсетеді. Балалар торғайларға еліктеп отырып, бұл әрекеттің бәрін орындайды. Содан кейін ойынға автомабиль рольін көрсетуге болады. Мұны тәрбиешінің өзі орындайды. Тек біраз қайталаулардан соң, ол оны белсенді балаға тапсырады. Автомабиль өте қатты жүрмейді. Сөйтіп ол бүкіл құстарға өз ұяларына жетуге мүмкіндік береді.







Маған қарай жүгіріңдер ойыны

         Балалар аланның бір жағына қойылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші қарама –қарсы жағында тұр. Ол: «маған қарай жүгіріңдер.Бәрі – бәрін  де маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Балалар барлығында құшақтағысы келгендей құшағын кең жайып өздерін жылы ұшырай қарсы алып тұрұған  тәрбиешіге қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешінің жанына жиналып болған соң, ол аланның басқа жағына барып, тағы да: «Маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Ойын 4 – 5 рет қайталанады. «Үйге қарай жүгіріңдер!»- деген сөзіне балалар орындықтарға қарай жүгіреді, отырады және дем алады. Ойынның  ережесі бойыша тәрбиешіге қарай « маған қарай жүгіріңдер!» — деген сөзден кейін ғана жүгіруге  болады. Итеріспеуге, бір –біріне бөгет жасауға болады.




Орын тап.

Екі жұп арқасын түйістіріп қойған екі орындыққа айналып музыканың сүймелдеуімен билейді.Музыка кілт тоқтағанда, тұрған екі орындыққа отырып үлгеруі керек,орын алмай бос қалған екі адам айып төлейді, ән салу,би билеу, жұмбақ , жаңылтпаштар кайту.







Бөрік жасырмақ

Ойынғақатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге  таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де  сол маңайына жасырынуы керек.Қалған ойыншылар тығылған ойыншылардың тыққан затын іздеуге  кіріседі.Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса онда иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жаңдайы – екеуі бірдей бас салып  бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады.Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып,бөрікке жібермеуге тырысады.Бермеудің жағдайы – екеуі бірдей бас  салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорқып, бөрікке жібермеуге тырысады.Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды.Қайткендеде алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек.Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да , ойынаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді.








Белбеу соқ 

Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп  тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына  келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады.





Шертпек 

Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

 






Айдапсал 

Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін  үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы  ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.

Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген  ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар  көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді.







Қарамырза

 Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.

Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар  «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ  «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді.



Тасымалдау

Екі-екіден қарама-қарсы  3-4 жерге  4 орындық қойылады.Сол орындықтың екеуінің үстіне  бес-бестен қасық қойылады.Ойын бастаушы екі адамның ортаға шығарып  ойынның шартын түсіндіреді.Шарт : 5 қасықты әр қайсысында тұрған бос орындыққа бір-бірлеп көшірлкі керек.Ол үшін екі ойыншының  көзін таңып қояды.Әр ойыншы өз қасығын өзіне тиісті орындыққа көшіру ,егер қарсыласының орындығына  қойса, онда шатасқаны.Шатаспай бұрын көшірген адамға сыйлық беріеді.

Тасымақ

Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды.сол суды қарсы бетке құйылған бос кесеге қасықтап екі адам тасыиды.Бұнда команда құрып ойынайды,әр командада үш адамнан болады.Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай,тез тасуы керек,қай команда жеңіске жетсе,жүлдеге сол ие болады.





Санамақ

Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10  өзеннің атын атауы керек.





Теңге ілу 

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді.

Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай  әр сайыскердің іліп алған  тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді.



Хан талапай


 Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң  алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген  «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.

Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды.

Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады.

Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға ,орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.

 







Аударыспақ

Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып,не итеріп,әйтеуір қай айласын,не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.



Алақан соқпақ 

Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі (орамал)беріледі.Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның  алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі  қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды.АКты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады.Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.Ойын осы ретпен жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды.









Үш табан

Бұл ойынды үш-төрт баладан топтап екі-үш жерде ұйымдастыруға боладыОйын шарты бойынша әр балаға бір-бірден асық,бір-бір сақа беріледі.(Бұл ойынның жылдам әрі қызықты өтуіне сеп)Көмбеге бір-бірден асық тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке-жеке сақаларын үйіріседі.Сақасы алшы түскен бала бірінші болып одан кейінгілері рет-ретімен (тәйке,бүк,ішік) «ұшуға» кіріседі.Ұшу дегеніміз-көмбеден алшақтау жерге барып сақа үйіру.Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігіулі асықты атуға жолдама алады.Осылай болмаған жағдайда асқ ату бәрі ұшып болған соң бастапқы кезек бойынша жалғасадыАлысқа ұшқан мергендер тигізе алмаса,көмбеде    қалған ойыншыға кезек тиеді.Көздеген асығына дәл тигізіп  және оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа ұшырған ойыншыны қашан келесі асыққа тигізе алмай қалғанша атауды жалғастыра береді.Болмаса атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана ойынды тоқтатып,өзінен кейінгі бәсекелесіне кезек беруіне мәжбүр болады.

Ережебойынша ұтылған бала ойыннан шығып қалады.Сөйтіп айналасы екі-үш айналымның ішінде әр көмбеден бір-бір жеңімпаз шығып,олар енді орталық көмбеде ақтық (финал) сайысқа түседі.Бұл шешуші жарыса бірінші,және екінші орынға ие болған мергендерге арнаулы арнаулы жүлделер тапсырылса нұр үстіне нұр.





Сақина жасыру

Ойынды өткізуші және сақина  жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын  ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.







Ат жарыс

 Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады.

Ойын шарты: Балалала тәрнбиешінің «Алға»-деген белгісі бойынша,ат үстіндегі қимылын салып жарысады.Қай команда мәреге тез жетіп бітіреді.Сол команда жеңімпаз болады.Ат кескін бет пердесін тақымға қысып мәреге шауып жету.

К\Құралдар: Екі командаға аттың  кескін бетпердесі.

Үй артында қол ағаш

Ойынды топ бала болып ойнайды.

Ойын тәртібі: қатысушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады.ойын бастаушы не белбеу,не орамал алады да ,дөңгеленіп тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп  былай дейді.

Үй артында қол ағаш

Желбау тартам , есік аш,-деп бірнеше қайталанады.Дөңгеле тұрған балалар:

Үй артнда қол ағаш

Жел кірмесін ,ескі аш-деп бірігіп жауап қайтады.Тұрған балаларға  ұстасқан қолдарын ажыраппайды.Ол-есік ашпағанның белгісі.

Енді: Үй артында қол ағаш

Жел бау тартам есік аш-деп жүгіріп жүрген бала өзі артындағы баланы артына ормалмен бір соғып қалады да ,орамалды сол балаға  тастай сала:

Үй артындла қол ағаш

Озам десең ала қаш-деп өзі сол бетімен жүгіре береді. Осының боларын біліп,әзір тұрған бала да «Қол ағашты ала сала,әлгі балаға қарма-қарсы  жүгіреді.Бұл кезде дөңгелене тұрған балалар

Үй артында қол ағаш,

Қол ағаштан ала қаш

Бұрын келген балаға

Тездеп барда есік аш,-деп барлық бала хормен айтады.

 


Ұйқыдағы аю

Бұл ойынға топ  балалары 2-ге бөлініп қатысады.
Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізі\п лорындыққа отырғызып қояды.Балалар орманда  серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді.Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғыузып қояды.ойын қайта жалғаса берекді.
К\Құраладар:Аю бетпердесі.








Боран

 Бұл үлкен кең залда болады.Бұл ойынға қажетті заттар «боран» киімі (ақ түсті беп перде,гимнастикалық қабырға болуы тиіс)

Ойын шарты:ойынға 8-10 бала қатыса алады.Бір баланы боран киімін кигізіп,қалған балалар боран алып кетпеуі үшін,Боран у-у-у деп келе қалғанда гимнастикалық қабарғаға өрмелеп шығуы керек.Боран соғып балаларды  бір айналып өтеді.Ұсталып қалған баланы,боран алып кетеді.Ойын 2-3 рет қайталанып ойналады. К\Құралдар: Боран киімі ақ матадан тігілген жамылғы бептерде.







Түлкі мен балапандар

 Ойын шарты: Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды.Топ ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар деп  әрқайсысына бетпердке кигізіп ойын ойналады.Ойында балапандар түлкі кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды бастап аяқтауы тиіс.Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс.

К\құралдар: түлкің мен балапандар беп перделер







Тышқан мен мысық

Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.

Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса  алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді. құралдар: мысық,тышқан бетперделері.








Допты қуып жжет


Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу.
Ойынның  шарты:бұл ойынға 5-6  бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек.
к/құралдар:   түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар




Арқан түю

Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді.

 



Атқаума

Ойынды 6 бала 3-3-тен бөлініп ойнайды.Бір бала сол қолымен өзінің оң қолының білезігінен ұстайды.Содан кейінгілері де солай істейді де  бір-бірімен қолдарын айқастырады.Үшінші бала көзі таңыулы күйде  екінші баланың айқасқан қолына отырады..Қолдасып тұрған балалар:-Атқаума,атқаума –деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді.Бірінші бала ақ сандық,көк сандық десе,көзі таңулы бала  -көк сандық ,көк сандық деп жауап береді.Қаумалап келе жатақан балалар :

Бақа,бақа балпақ
басың неге жалпақ?
Бұтың неге талтақ
Көзің неге тостақ
Бұған көзі таңулы бала былай деп жауап береді.:-
Темір терсек көп киіп
Басым содан жалпақ
Теуіп ,теуіп қашырды
Бұтым содан тостақ!
Балалар қолдарын жіберген кезде бала құлап түссе,айып тартады.Құламай тік түссе қалған текі бала көтеріп жүре береді.











Қара құлақ

 Ойынға 5-10 бала  қатысады.Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады.Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылапр қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі

Таяп келіп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады.Біреуі ойбай бұл қарақұлақ  қой!-деп қаша жөнеледі.Қалғандары да –қарақұлақ,қара құлақ!-деп бытырай қашады.Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады.Ұсталған бала қарақұлақ болып,ойын әрі қарай  жалғасады.





Мен не жасырдым? ойыны.

Балалардың алдына 3-4  түрлі заттар немесе қос суреттер қойылған. Балаларға  сұрақ қою арқылы мен айтқан  карточкамды немесе затты  табуы керек. Әрбір сұрақтан кейін, әрі қарай қарастырылмайтын карточканы алып тастатып отырамын Мысалы, «Ол тірі ме?» деген сұраққа «иә» деп жауап берілсе, тірі емес заттар бейнеленген карточкаларды төңкеріп немесе алып тастаған жөн, ол баланың әрі қарай ізденуін және сұрақ қоюын жеңілдетеді.







Әуе таяқ

Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады. Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.








Соқыр теке

 Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады.

Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды

Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді.


Түйілген орамал 

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды.Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады.Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы  қуалайды.Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі.Осылайша ойын жүргізіледі,түйулі орамалды алғанша қуалай береді.Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді..Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады.ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы.










Қыз –қуу

 

Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.











Көтермек

 

Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

Белгі бойынша кім бі\ріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің.

Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады.




Хан «алшы»

 

Бұқл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл  асық «хан» асығы.

Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.

Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен  бала жалғастырады.










Арқан тарту


Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа  бөлінген балалар тартысады
Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.










Тауық күрес.

 

Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай  жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады




Қуыр-қуыр қуырмаш.

 Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:

-ортанғы саусағымды тапшы,-дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да,міне,-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса,ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.

1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап бередуі.:басбармақ,балан үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап,былай деп 5 с аусақты түгел жазады.

Сен тұр қойыңа бар.

Сен тұр түйеңе бар

Сен  тұр жылқыңа бар

Сен тұр сиырыңа бар

Сен кішкентай әлі жас екенсің

Қазанның қаспағын қырып же де,жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

Қуыр-қуыр ,қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әжең келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас

Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп:

-мына жерде қой бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде түлкі бар -  деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды

 













Қойма ойыны

«Қойма» ойыны . Мына жерге салыңдар!
Тәрбиеші  « Әй, бүлдіршін! Қасқырлар мен лақтарды жинаңдар дейді. Мына жерге салыңдар деп 2 қорап ұсынады .Балалар ойыншықтарын,карточкаларын  жинай бастайды ,Сол кезде тәрбиеші сен тағы қасқырлар мен лақтарды бір жерге жинап қойдың ба? Сенің  лақтарыңнана  түк те қалмас: қасқырлар  лақтарды жеп қояды ғой !» ,- деп баланы заттарын жүйелеп жинауға үйретеді









Орнынды тап ойыны

Орнынды тап ойыны
Балалар реттік номерімен тұрады да тәрбиеші «Ап,қасқырым аш» деп балаларды ойнап қуса балалар «қасқырдан» құтылғаннан кейін тез өз орындарын реттік номерімен тауып алу керек








Бері -Кері қарай айтыспақ ойны 

Балаларға белгілі бір ертегіні («Шалқан», «Бауырсық») «артынан алдына», «соңынан басына» қарай айтып беруді ұсыныңыз. Ертегіде кездесетін кейіпкерлерді ретімен  айтып шығу .Егер бала қиналса, оған көмек ретінде үстел үсті сахнасының пішіндерін немесе ертегі бойынша желілік бейнелер топтамасын беруге болады.




Автор
Дата добавления 04.10.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров20
Номер материала ДБ-237144
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх