Инфоурок Физическая культура КонспектыКартотека подвижных игры. Детский сад.

Картотека подвижных игры. Детский сад.

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

Қимылды ойындардың мазмұны

ІІ сәбилер тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Маған карай жүгіріңдер»

Балалар  алаңның бір жағына қойылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші қарама-қарсы  жағында тұр. Ол: «Маған қарай  жүгіріндер. Бәрі-бәрің де маған қарай жүгіріндер!» - дейді.  Балалар барлығын да құшақтасығы келгендей, құшағын кең жайып өздерін жылы ұшырай қарсы алып тұрған тәрбиешіге қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешіге қарай   жүгіреді. Балалар тәрбиешінің жанына жиналып болған соң, ол  алаңның басқа жағына барып, тағы да: «Маған қарай жүгіріңдер!», - дейді. Ойын 4-5 рет қайталанады. Тәрбиешінің «Үйге қарай жүгіріңдер!», деген сөзіне балалар орындықтарға қарай жүгіреді, отырады және дем алады. Ойынның ережесі бойынша тәрбиешіге қарай «Маған қарай жүгіріндер!» деген сөзден кейін ғана жүгіруге болады, итерісуге, бір-біріне бөгет жасауға болмайды.                                                                                                       

Нұсқау. Ойнағасы келгендерді шағын екі топқа бөлуге болады, әзірше бір топ ойнайды, басқасы қарап тұрады, сосын олар рольдерін  ауыстырады. Алғашында балалар кез келген орындықты иемденуіне болады, бірте-бірте олар өз орындарын табуға үйренеді. Ойынды қайталағанда орындықтарды бөлменің әр шетіне орналастыруға болады.

 

«Кішкене құс және балапандары»

 Балалар 5-6 баладан топ - топқа  бөлінеді. Әр топтың өзінің үйшігі - ұясы болады  (бормен сызылған шеңбер, еденге тасталған үлкен дөңгелек немесе ұштары  байланған жіп және т.б.) Балалар жүресінен отырып. Ұяларында отырып  балапандарды, тәрбиеші құстың өзін бейнелейді. «Ұштық-ұшамыз» деген сөздер бойынша құстың балапандары ұяларынан ұшып шығады және тамақ іздеп алысырақ ұшып кетуге тырысады. Тәрбиешінің «Үйге қарай ұшамыз» деген сөзі бойынша балапандар өз ұяларына оралады.

Ойын 3-4 рет  қайталанады.

Нұсқау. Тәрбиеші балалар – балапандардың сигнал бойынша әрекет етуін, қадағалайды, бөтен ұяға қонуға болмайтынын, үйден алысырақ ұшу керектігін - онда құстар үшін тамақ көп екенін ескертеді.

 

 

«Күн шуақ  және жаңбыр»

Балалар залдың қабырғасынан біршама  алысырақ қойылған орындықтардың арт  жағына  жүрелерінен отырады да, терезеден қарайды орындықтың арқалығындағы саңылаудан. Тәрбиеші: « Күн шуақ! Ойна келіңдер!» - дейді. Балалар алаңда жүгіреді. «Жаңбыр! Тезірек үйге қайтындар!» - деген сигнал бойынша барлығы өз орындарына қарай жүгіреді және орындықтардың арт жағына келіп отырады.

 

 

«Ойыншықты алып кел»

 

Ойыншықтарды (сылдырмақта, кішкене кубтар) бөлменің, алаңның қарама- қарсы жағына орналастырады. Тәрбиеші балаларды өзіне шақырып алады да, ойыншықтарды алып келуін өтінеді. Оның нұсқауы бойынша балалар ойыншықтарға қарай жүреді немесе  жүгіреді және оларды тәрбиешіге алып келеді. Ол балаларды мадақтайды да, ойыншықтарды қайтадан орындарына  апарып қоюын өтінеді.

Нұсқау. Ойынды тапсырмалар қосып  күрделілендіруге болады, ойыншыққа тар жолмен  тақтаймен немесе онша биік емес заттардың үстінен аттап бару.

 

«Кешікпе»

 

Кубиктер мен сылдырмақтарды еденге шеңбер бойымен орналастырады. Балалар кубиктердің жанына тұрады. Тәрбиешінің сигналы бойынша олар бір-біріне қағып - соқпай және кубиктерге тиіп  кетпей бөлмені айнала жүгіреді «Кешікпе!» сигналы бойынша балалар өз кубиктеріне қарай жүгіреді.

 

«Тышқандар мен мысық»

 

Балалар - тышқандар індерінде отыр ( бөлменің қабырғасын  жағалай немесе алаңның жан - жағына қойылған орындықтар  арқылы орындықтарға). Алаңның  бір бұрышында мысық отыр. Мысықтың ролін тәрбиеші атқарады. Мысық ұйықтап кеткенде тышқандар бөлмеде  жүгіреді. Бірақ міне, мысық оянады, керіліп- созылады, мияулайды және  тышқандарды ұстай бастайды.  Тышқандар тез қашып кетеді және індеріне  тығылып (орындықтардағы өз орындарына отырады)  қалады. Барлық  тышқандар індеріне қайтып келгеннен, мысық бөлменің ішін тағы  бір аралап шығады, сонан соң өз орнына  қайтып келеді және ұйықтайды. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқау. Мысық көзін жұмып, ұйықтаған соң ғана, тышқандардың іннен жүгіріп шығуларына болады, індеріне - мысық  оянып, миялау  бастағандан ғана оралады. Тәрбиеші барлық тышқанның індерінен жүгіріп шығуын  бақылайды. Ойыға ойыншық - мысықты да қолдануға болады. Балалар өрмелеп шыға алатын кубиктерлді де  індер ретінде пайдалануға болады.

 

«Жалаушаға қарай жүгір»

 

 Тәрбиеші балаларға екі түсті  кішкене жалаушаларды таратып береді, қызыл және көк түсті. Тәрбиеші бір қолына қызыл, екінші қолына көк жалаушаны алып, екі қолын екі жаққа жаяды, түсіне сай жалаушалардың қарсы алдына келіп  балалар еркін топтала қояды.  Бұдан кейін тәрбиеші балаларға алаңның ішінде қыдыруды, жүгіруді ұсынады. Балалар қыдырып жүргенде, тәрбиеші бөлменің екінші жағына өтеді де, «бір,екі, үш - маған қарай жылдам ұш!»- дейді,  бұл кезде қолындағы  жалаушаларды екі жаққа сермейді. Балалар оған қарай жүгіреді және өз  қолдарындағы жалаушалардың түстеріне  сай жалаушаның жанына жиналады. Балалардың бәрі жиналып болған сон, тәрбиеші жалаушаларды жоғары көтеруді және бұлғауды ұсынады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Нұсқау.Тәрбиешінің сигналынан бұрын алаңның жан- жағына жүгіріп кетпеу керек. Ол жалаушаларды бір қолынан екінші қолына ауыстырады, өйткені балалар өз жалаушаларының түсіне қарай оның бірде оң, бірде сол жағына жиналуы керек. Ойынға қосымша сигналдар мен тапсырмалар енгізуге  болады. Мысалы, «Тоқта!» сигналы бойынша  ойнаушылардың барлығы тоқтай қалуы, көздерін жұмуы немесе орындарына тұрып шыр айналуы, немесе секіріп билеуі тиіс, ал бұл кезде тәрбиеші байқатпай басқа орынғы кетіп қалады. Сигнал бойынша балалар тәрбиешінің жанына қайтадан жиналады. Жалаушалардың орнына балалардың  қолдарына қол орамал немесе түстері сай келетін кубик немесе білектеріне түрлі - түсті ленталар байлауға болады.

 

 

«Өз  түсінді тап»

 

 Тәрбиеші балаларға 3-4 түсті кішкене жалаушаларды  таратып береді, қызыл, көк, сары, жасыл. Түсі бірдей жалаушасы бар  балалар тәрбиешінің  жалаушаның белгілі бір түсімен алдың ала  белгілеген  бөлменің әр бұрышына  жиналады. Тәрбиешінің «Ойнап келіндер» деген сигналы бойынша  балалар алаңның бөлменің әр жағына тарап кетеді. Тәрбиеші «Өз түсінді тап!» деген кезде балалар тиісті түстегі жалаушаның алдына  жиналады. Тәрбиеші қай топтың бұрын жиналғанын белгілейді.  Сонан соң  ойын  қайталана  5-6 рет  береді.

Нұсқау. Бірнеше рет  қайталатып, балалар ойынды жақсы игерген соң,  тәрбиеші серуен кезінде тоқталып, көздерін жұмғызып, өзі бұл уақытта бөлменің бұрыштарында тұрған жалаушалардың орнын ауыстырып қояды.

 

«Трамвай»

 

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап екі-екіден колоннаға тұрады. Бос  қолдарымен олар ұшы байланған жіптен  ұстайды, яғни кейбір балалар жіпті оң қолымен, екіншілері сол қолдарымен ұстайды. Бұл - трамвай. Тәрбиеші екі қолына үш түрлі - сары, қызыл, жасыл - жалау ұстап бөлменің бұрышында тұрады. Ол жасыл түсті сигнал болғанда қозғалуға, қызыл, сары тоқтауға тиісті екенін түсіндіреді. Тәрбиеші жасыл жалауды көтереді - бұл трамвай келе жатыр деген сигнал, балалар бөлмені айнала жүреді. Тәрбиешіге – светофорға шейін жүгіріп келіп,  балалар түстің өзгерген-өзгермегенін қарайды. Егер бұрынғыдай жасыл түс болса, трамвайдың жүрісі жалғаса береді, егер қызыл немесе сары жалау көтерілсе, балалар тоқтайды және қайтадан әрі қарай қозғалу үшін жасыл жалаудың  көрінуін күтеді.

Нұсқау. Ойын кезінде балаларды көшеде жүру ережелермен таныстырады. Егер ойынға бала аз қатысса, оларды екі-екіден емес, бір колоннаға тұрғызуға болады. Ойынның сюжетін дамыта түсуге болады, жолшыбай  трамвайдың  келуін күтіп отырған жолаушылар аялдамасын ұйымдастырады, аялдамаға жақындағанда трамвай жүрісін баяулатады және тоқтайды. Жолаушылардың бірсыпырасы трамвайдан шығады, басқалары кіреді. Трамвайға кіріп шығу үшін балалар жіпті көтереді. Жіптің ұшына кішкене қоңырау байлаулы. Соңында тұрған бала – кондуктор қоңырау соғады, трамвай орнынан қозғалады.

 

 

«Поезд»

 

Балалар колоннаға бір-бірден тұрады – бір-бірімен қол ұстаспай.    Бірінші     паравоз да, қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де,  поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі  баяу, кейін  жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»- дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте-бірте баяулатады да, поезд  тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады, олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік  тереді. Гудокты ести олар қайтадан колоннаға тұрады да, поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқау. Алғашында балалар колоннаға кез келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында  өз орындарын есте сақтауды - өз вагонын табуды үйретеді. Ойынның сюжетін өзгертуге де болады, мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т.б бейнелейді.

 

 

Теп- тегіс жолменен, «Үрпек төбет»

 

Балалардың біреуі  төбетті бейнелейді. Ол алға созылған екі қолының үстіне басын қойып, еденде жатады. Қалған балалар тобымен тыныш  қана мына тақпақты айтып оның жанына  келеді.

Алдыңғы екі аяққа басын  сұғып,

Мінеки үрпек төбет жатыр сұлық.

Белгісіз  жатқаны ұйықтап яки қалғып,

Момақан, сырт пішіні жуас, салғырт.

Оятайық жақындап барайық та,

Кайтер екен содан соң - қарайық  та.

Балалар оған еңкейіп, атын атап, алақандарын шапалақтап  сермеп төбетті оята бастайды. Төбет ұшып тұрады және қатты үреді. Балалар тым-тырақай қаша  жөнеледі. Төбет олардың артынан қуып,  біреуін ұстап алғысы келеді. Балардың бәрі бет - қашып кеткенде және тығылып қалғанда  төбет қайтадан жерге жатады да, ойын жаңадан басталады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Нұскау.  Егер төбетті тәрбиеші  бейнелесе, онда ол орындықта немесе скамейкада отырған қалпында «ұйықтайды».

 

 

 

«Тегіс жолмен»

 

Балалар еркін топтасады немесе колоннаға тұрады және серуенге шығады. Тәрбиеші төмендегі тексті белгілі ырғақпен, ұйқастырып айтады.

Теп-тегіс жолменен,

Аршындап мен  келем.

Бір, екі, бір, екі,

Жолға төсеп тастаған,

Секіргенде тастардан...

Бір шұнқырға – гүмп !

«Теп- тегіс жолменен» деген сөздерді айтқанда, балалар жай адымдап жүреді. Тәрбиеші «Секіргенде тастардан» деген кезде олар екі аяқтарымен алға  қарай  жылжып  секіреді.  «Бір  шұңкырға –гүмп!» деген кезде жүрелерінен отыра кетеді. «Шұңқырдай шықтық», - дейді тәрбиеші және  балалар  орындарынан тұрады. Тәрбиеші өлеңді тағы да қайталайды. Бірнеше қайталағаннан кейін тәрбиеші басқа тексті айтады.

Теп-тегіс, жолменен,

Тен-тегіс жолменен

Жүре – жүре талды аяқ.

Жүре алмас боп қалды  аяқ.

Келе жатқан жете алмай,

Міне, біздің мекен-жай.

Текст айтылған сон, балалар үйге қарай жүгіреді үйдің қайда болатынын алдын ала келісіп алады - сызылған сызықтың  артындағы және т.б жерде.

Нұсқау. Қимылды түрлендіруге болады, бірақ олар өлеңнің тексіне  сай болуы тиіс – мысалы,  кішкене тастың үстінен бір аяқтан екінші аяққа немесе бір аяқпен секіріп түседі және т.б. Тәрбиеші  өлеңнің әр жолын бірнеше рет немесе шамалы қайталап, қимылды тапсырманы өз еркінше ұзарта, не қысқарта алады.

 

 

 

«Масаны ұстап ал»

 

Балалар шеңберді бойлай ортаға беттерін қаратып қол созымдай жерде тұрады. Тәрбиеші шеңбердің ортасына тұрады. Оның қолында шыбық – ұзындығы 1-1,5м шыбыққа қағаздан немесе матадан маса жасалынып, жіппен байланған. Тәрбиеші ойнап жүрген балалардың басынан жіпті сәл асыра айналдырады. Маса төбелерінен айналғанда, балалар оны екі қолымен ұстағысы келіп секіреді. Масаны кім ұстап алса, сол «Мен ұстап алдым!»- дейді. Ойын жалғаса береді.

Нұсқау. Балалар  секірген кезде  шеңберді тарылтпауын  қадағалау керек. Маса байланған шыбықты айналдыра отырып, тәрбиеші оны біресе төмен түсіреді, біресе жоғары көтереді.

 

 

 

«Шымшықтар мен мысық»

 

Балалар алаңның бір жағына еденге қойылған скамейкалардың немесе үлкен кубиктердің үстіне шығып тұрады. Бұл – үйдің төбесінде  отырған шымшықтар. Шеткеріректе мысық отыр. Мысық ұйықтап жатыр. «Балапандар ұшты», - дейді тәрбиеші. Шымшықтар, төбеден секіріп  түседі, қанаттарын қомдап, жан-жаққа ұшып кетеді. Мне, енді мысық та оянды. Ол «мияу-мияу» дейді және  төбеде тығылып жүрген шымшықтарды ұстағысы келіп жүгіреді. Ұстап алған шымшыктарды мысық өз үйіне қарай әкетеді. Ойын 5-6 рет қайталанады.

Нұсқау. Балалардың жерге жайлап түсуін, аяқтарының ұшымен секіруін және тізелерін бүгуін қадағалау керек.

 

 

 «Мекиен мен балапан»

Ойынға қатысушы балалар - балапандарды, тәрбиеші-мекиенді бейнелейді. Балапандар ұябасармен үйлерінде (тіреулердің немесе орындықтардың арасына 35-40см биіктікке жіп тартып, қоршалған орын). Бір шетте үлкен құс тұрады. Ұябасар жіптің астымен еңбектеп, жем іздеуге аттанады. Ол, «ко-ко-ко» деп балапандарын шақырады. Оның шақыруы бойынша балапандар жіптің астынан еңбектеп өтіп, ұябасарға қарай жүгіреді, онымен бірге серуендейді, еңкейеді, жүрелейді, жем іздейді. Тәрбиешінің «Үлкен құс  ұшып келеді» деуі бойынша барлық балапан тез қашып кетіп, үйге тығылып қалады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Нұсқау. Балапандар үлкен құстан қашып барып, үйге келгенде, тәрбиеші жіпті сәл жоғары көтереді, өйткені балалар жіпке тиіп кетпеуі керек. Одан арғы уақыттарда ұябасардың ролін балалардың өздері де орындай алады.

 

«Қоймадағы тышқандар»

 

Балалар тышқандарды бейнелейді. Олар алаңның бір жағындағы орындықтар мен скамейкаларда отырады немесе түрегеліп тұрады (тышқандар індерінде). Қарама-қарсы жатқа биіктігі 40-50см  шамасында жіп керілген, әріректе қойма бар. Ойнаушылардың бір жағында мысықтың ролін орындаушы тәрбиеші отыр. Мысық ұйықтайды, ал тышқандар қоймаға қарай жүгіреді. Қоймаға кіріп бара жатып, олар жіптің астынан еңбектей отырып, еңкейеді. Тышқандар қоймаға кіреді де, жүрелерінен отырып алып, кепкен нанды кеміреді. Мысық кенеттен оянып кетіп, тышқандарды куа бастайды. Тышқандар қоймадан жүгіріп шығып, індеріне тығылады. (Мысық тышқандарды ұстамайды, ол текұстағысы келгенсиді). Содан соң мысық өз орнына келіп, ұйқыға кіріседі, ойын жалғаса береді. Ойын 5-6 рет қайталанады.

Нұсқау. Жіптің астынан өткенде оған тиіп кетпеу үшін төменірек еңкеюге тырысу керек.

 

«Қояндар»

 

Алаңның бір  жағына бормен кішкене шеңберлер сызылған 5-6 – бұлар қояндардың үйшіктері. Олардың алдына орындықтар қойылады. Қарама-қарсы жағында күзетшінің үйі бар (тәрбиеші отырған орындық). Үй мен қоян күркелерінің арасында қояндар серуендейтін кішкене шалғын бар. Тәрбиеші ойынға қатысушылардың бәрін 3-4 баладан шағын топтарға бөледі. Әрбір топ еденге сызылған шеңберлердің біріне барып тұрады. Балалар тәрбиешінің нұсқау бойынша жүрелерінен отырады (қояндар күркелерде отырады). Тәрбиеші күркелерге кезекпе-кезек барып, қояндарды шалғынға шығарады. Қояндар бірінен кейін бірі орындықтың астынан еңбектеп шығады да, шалғында жүгіріп, секіреді. Біраздан соң тәрбиеші, «Күркеге қарай  жүгіріндер!», - дейді. Қояндар үйге қарай асыға жүгіреді. Әрқайсысы тағы да орындықтың астынан еңбектей отырып, өз торына қайтады. Күзетші оларды қайтадан серуенге шығарғанға дейін, қояндар торда отыра береді. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқау. Еңбектеу үшін орындықтың орнына планканың тіреуіне қойылған доғаны немесе керулі жіпті пайдалануға болады.

 

 

«Кішкене маймылдар»

 

Тәрбиеші балаларға бір-бірден немесе екі-екіден гимнастикалық қабырғаға жақындауды, бетін қабырғаға қаратып тұрып, 3-4 тақтайшаға өрмелеп шығуды ұсынады. Бұлар – кішкене маймылдар. Қалған балалар кішкене маймылдардың ағаштың басынан жемісті қалай теріп жүргендерін отырып немесе түрегеліп тұрып қарайды. Бұдан соң ағаштардың басына басқа маймылдар өрмелейді.

Нұсқау. Балалар кішкене сатымен өрмелеп шығуға және одан түсуге әбден жаттыққан соң, оларға қабырғаның бір ашық аралығынан келесі ашық аралығына –ағаштан ағашқа тырмысып шығуды ұсына отырып, тапсырманы күрделілендіре түсу керек.

 

«Кішкене қапшықты кім алысқа лақтыра алады?»

Балалар залдың бір жағында сызылған сызықтың немесе жатқан жіптің бойымен  орналасады. Ойнаушылардың әрқайсысы кішкене қапқа ие болады. Тәрбиешінің сигналы бойынша балалардың барлығы қаптарын алысқа лақтырады. Әрқайсысы қаптарының қайда түсетінін мұқият байқап тұрады. Келесі сигнал бойынша балалар қаптарына қарай жүгіреді де, оны көтеріп алып, қаптың жатқан жерінде тұрады. Келесі сигнал бойынша балалар қаптарына қарай жүгіреді де, оны көтеріп алып, қаптың жатқан жерінде тұрады. Олар қапты екі қолмен төбесіне  көтереді. Тәрбиеші қапты алысқа лақтырған баланы белгілейді. Балалар бастапқы орындарына барып тұрады. Ойын 6-7 рет қайталанады.

Нұсқау. Ойынды топтың жартысымен жүргізген дұрыс. Қапты тәрбиешінің тапсыруы бойынша оң қолмен де, қолымен де лақтыру керек.

 

«Шеңберге түсір»

 

Балалар  ортада жатқан диаметрі 1-1,5м үлкен шеңберден немесе дөңгелектен (жіптен немесе еденге сызылған ) 2-3 адым жерде дөңгелектеніп тұрады. Балалардың қолында кұм салынған қап бар. Тәрбиешінің «Лақтыр!» деген сигналы бойынша балалардың бәрі қаптарын шеңберге лақтырады. Одан кейін тәрбиеші, «Қаптарды көтеріндер!» - дейді. Балалар қаптарын көтереді де, орындарына барып тұрады. Ойын 4-6 рет қайталанады.

Нұсқау. Қапты екі қолмен лақтырулары керек.

 

 

«Жоғарырық лақтыр»

 

Бала  допты мүмкіндігінше басынан  асырап тура лақтыруға және оны қағып алуға тырысады. Егер бала допты ұстай алмаса, онда оны еденнен көтеріп алып, қайтадан барынша жоғарырақ лақтырады.

Нұсқау. Баланың допты бір қолмен де екіқолмен де лақтыруына болады.

 

 

«Допты қағып ал»

 

Балаға қарама-қарсы одан 1,5-5м қашықтықта үлкен адам тұрады. Ол допты балаға лақтырады, бала оны қайта лақтырады. Осы уақытта ересек адам, «Ұста, лақтыр, түсірме!» дейді. Әр сөз допты лақтырумен қабат айтылады. Сөзді, бала допты қағып алып,  асықпай лақтыратындай етіп, жайлап айту керек.

Нұсқау. Допты қағып алу лақтыру  дағдыларын меңгеруіне қарай, бала мен үлкен адамның ара қашықтығын алыстатуға болады. Егер екі бала ойнайтын болса, үлкен адам  олардың допты  жақсылап лақтыруын  және қағып алғанда кеуделеріне қысып тұрмауын қадағалауы керек.

 

 

«Кімнің дауысы екенін тап»

 

Балалар шеңбер бойымен ортадан теріс қарап тұрады. Тәрбиеші шеңбердің ортасында тұрады. Ол  ойынды жүргізушіні тағайындайды, ол да шеңбердің ортасында  тұрады, үй жануарларының бірінің немесе құстың даусына келтіріп айтады. Бұдан кейін балалардың барлығы беттерін шеңбердің ортасына қаратып бұрылады. Тәрбиеші кімге тап десе, кімнің даусы  екенін сол табады. Ойынды жүргізуші жаңадан тағайындалады. Ойын 5-6 рет қайталанады.

Нұсқау. Егер бала қандай жануардың немесе құстың даусын  салуға қиналса, әлде білмесе тәрбиеші оған көмектеседі.

 

 

«Жасырулы тұрған не?»

 

Балалар шеңбер бойымен қатарласа сап түзеп тұрады. Тәрбиеші балалардың көзінше 3-5 затты (кубик, жалау, сылдырмақ, доп және басқа) еденге қояды да, оларды естерінде сақтауды өтінеді.  Бұдансоң ойнаушылар тәрбиешінің сигналы бойынша шеңбердің ортасына арқаларымен немесе беттерін қабырғаға тұрады. Тәрбиеші әлгі заттардың бір-екеуін  жасырадыда... «Қарандаршы!» - дейді. Балалар шеңбердің ортасына бұрылады да, заттарға зер сала қарап, қайсылары жоқ екенін естеріне түсіреді. Тәрбиеші кейбір балаларға  кезекпен жақындайды, ал олар қай заттардың жасырылғанын сыбырлап айтады. Ойнаушылардың көпшілігі тығылған заттарды дұрыс атаған кезде, тәрбиеші олардың атын даустап атайды. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқау. Егер ойынға ойыншықтар пайдаланылса, онда бір тектес жануарларды немесе құстарды я болмаса ағаштарды бейнелейтін бір тектес ойыншықтарды іріктеп алған дұрыс. Ойынға негізгі түстерді айыра білуді де алуға  болады (қызыл, көк, жасыл, сары). Бұл үшін әр түсті кубиктерді жалаушаларды, сақиналарды таңдап алады. Ойынды былай да жүргізуге болады, тәрбиеші бір заттарды алып ұстағанда, бір- ақ бала теріс қаратылады, ол қандай заттың жасырылғанын анықтайды. Басқа ойнаушылар оған сыбырламаулары тиіс.

 

 

«Жай жүріп өт»

 

Тәрбиеші залдың шыға берісінде көзін жұмып тұр. Балалар колоннамен бірінен укйін бірі аяқтарының ұшымен жайлап өтіп бара жатады. Егер  балалардың біреуі онша тыныш жүрмей бара жатса, тәрбиеші оған қолын тигізеді. Бала кейінірек барып тұрады да, бері өтіп болғаннан соң барып, тағы жүріп өтеді Колоннаның соңындағы бала тәрбиешіге жайлап, «Бәрі кетіп қалды», - дейді. Тәрбиеші көзін ашады.

Нұсқау. Тәрбиешінің қасынан тек ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте шығуға да болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылды ойындардың мазмұны

Ортанғы топ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ұшқыштар»

 

Балалар 3-4 звеноға бөлінген. Олар колонналарда  командирдің соңынан бірінен кейін бірі тұр. Звенолар түрлі түсті жалаушалармен белгіленген алаңның әр жеріне орналасқан - бұл аэродромдар. Тәрбиешінің, «Ұшқыштар, самолеттерді ұшуға әзірлендер» деген сигнал бойынша балалар алаңға әр түрлі бағыттармен тарап кетеді, әрқайсысы өз самолеттерінің жанына барып тоқтайды, бензин құяды (еңкейеді), моторды жүргізеді (қолдарын көкіректерінің алдына қойып айналдырады), қанаттарын түзулейді (қолдары екі жаққа жаяды) және ұшады  (алаңның бойымен жан-жаққа жүгіріп кетеді). Самолеттер тәрбиешінің «Қонуға!» деген сигналына дейін аспанда  ұшып жүреді. Осы сигналдан кейін командирлер өз звеноларын жинайды (балалар жүгіріп келіп, звеноларға тұрады) да, оларды аэродромға қонуға алып жүреді. Бірінші қонған звено үтады. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқаулар. Ойынға түрлі атрибуттарды пайдалану орынды. Тәрбиеші ұшқыштарға білдіртпей  аэродром етіп белгіленген жалаушаларды өзгерте алады. Командирлар звеноларды аэродромдарына дұрыс қондыруы тиіс.

 

«Түрлі түсті  автомобильдер»

 

 Балалар бөлменің қабырғасын жағалай тұрады. Бұлар – гаражда тұрған автомобильдер. Әр ойыншы қолдарына жалауша (шығыршық, көк, сары немесе жасыл түсті картоннан жасалған диск) ұстап тұрады. Тәрбиеші бөлменің ортасына, бетін ойнаушыларға қаратып тұрады,  оның қолында балалардың  қолдарындағы  жалаушаларға сай келетін үш түрлі жалауша бар. Ол жалаушалардың біреуін көтереді (тіпті, екеуін немесе үшеуін түгел көтеруге де болады) - қолдарына осы түстес заттар ұстаған балалар автомобильге жүруге еліктеп, гуілдеп алаң бойымен жан-жаққа жүгіріп кетеді. Тәрбиеші жалаушаны төмен түсірген кезде, автомобидер тоқтайды, бұрылып өз гараждарына беттейді. Ойын 4-6 рет қайталанады.

Нұсқаулар. Тәрбиешіде қызыл жалауша да болуы мүмкін. Ол күтпеген жерден оны жоғары көтереді - демек, осы бойынша барлық автомобиль тоқтауға тиіс.

«Құстар мен мысық»

Жерге (диаметрі 5-6м)  шеңбер сызылады. Ортаға тәрбиеші таңдаған бала-мысық тұрады. Қалған балалардың бәрі шеңберді айнала тұрады – бұлар құстар. Мысық ұйқыға кіріседі. Қүстар шеңберді айналып жүріп, дәндерді шоқиды. Мысық оянып, құстарды көтеді де, оларды ұстай бастайды. Құстар шеңберден ұшып кетуге асығады. Мысық шеңбердегі қай құсқа тиіп кетсе, ол ұсталған болып есептеледі де, ортаға келеді. Мысық 2-3 құсты ұстаған кезде, тәрбиеші жаңа мысықты таңдап алады. Ұстап алынған құстар барлық ойнаушыларға келіп қосылады. Ойын 4-5 қайталанады.

Нұсқаулар.  Мысық құстарды сақтықпен ұстайды (оларды шап беріп ұстамайды, тек қолдарын жайлап тигізеді). Егер мысық көпкедейін ешқайсысын ұстай алмаса, тәрбиеші оған көмекке тағыбір мысықты таңдайды.

 

 

«Карағайлы ормандағы аюда»

 

 Алаңның бір жағына аюдың іні сызылады. Екінші жағына үй белгіленеді, онда балалар тұрады. Тәрбиеші інде отырған аюды таңдап алады. Тәрбиеші, «Балалар, серуендеуге барындар!» деген кезде, балалар үйден шығып, орманға қарай барады, саңырауқұлақ теріп, көбелектерді және т.б ұстайды (еңкейеді, түрленеді, басқа да еліктеу қимылдарын жасайды). Олар хормен мына өленді айтады.

Аю жүрген орманнан,

Жидек тере мен барғам.

Аю отыр гүрілдеп,

Жарамайды мұның деп.

«Гүрілдеп» деген сөзден кейін аю үйлеріне қарайқашып бара жатқан балаларды ұстай бастайды. Аю кімге жетсе, сол ұсталған болып есептеледі, оны аю өз ініне қарай сүйреп апарады. Үйдің сыртынан асып кеткен балаларды ұстауға болмайды. Аю бірнеше ойыншыларды ұстаған соң барып,  ойын қайтадан жүргізіледі. Аюдың роліне басқа бала тағайындалады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Нұсқаулар. Ойынның басқа варианты – екі аюмен ойнауға да болады.

 

 

 

«Өз жұбынды тап»

 

Тәрбиеші ойнаушыларға жалаушалардың негізгі  түстерінің қандай да болсын біреуін бір-бірден таратып береді. Қоңырауды соғады - тарсылдатам деген сигнал бойынша балалар  алаңның бойымен жан-жаққа тарап кетеді, жалаушаларын бастарынан асыра бұлғайды. Келесі сылдырмақты бірнеше рет сылдырлатып соғу, алақанды шапаттау, «Өз жұбынды тап» деген сөздермен берілген сигнал бойынша қолдарына бір жалаушалар ұстаған балалар  өз жұптарын табады. Әр жұп қандай да бір фигураны еркін жасайды. Жұпсыз қалған балаға қарап, ойынға қатысушылардың барлығы былай дейді:

Арман, тұрмай жалтандап,

Сыңарынды ал тандап.

Бұдан кейін сигнал бойынша балалар қайтадан аланды аралай жүгіреді. Ойын 5-6 рет қайталанады.

Нұсқаулар. Ойыншылардың саны тақ болса да ойынға қатыса  алады, онда ойынға тәрбиеші де енгізіледі. Тәрбиешіде жалаушаның барлық түсі де болуға тиіс, ойынды қайталағанда оларды бірнеше бала да өзгертеді. Ойынға қатысушылар өздеріне сигнал бойынша әр түрлі жұпты таңдап алуға тиісті.

 

 

 

 

«Кішкене аттар»

Балалар топқа тең бөлінеді. Біреулері - кішкене аттарды, екіншілері ат бағушыны бейнелейді. (Ат бағушының қолында делбе бар). Алаңңың бір жағына ат қора сызылады, мұнда аттар тұрады:  Алаңның екінші жағына бағушының орны белгіленеді, алаң-бұл көкорай шалғын. Тәрбиеші «Ат бағушылар, атшылар, жылдамырақ тұрындар, аттарды жегіңдер!» - дейді. Осы сигнал бойынша атшылар ат қораға жүгіріп барып, аттарды жегеді (әрқайсысы өз қалаулары бойынша ат таңдайды немесе тәрбиешінің нұсқауы бойынша тандайды). Жегілген аттар бірінің соңынан бірі тұрып, сигнал бойынша жайлап жүгіреді немесе желіп шабады. Тәрбиешінің, «Келдік, аттарды доғарындар!»  - деуі бойынша  атшылар тоқтап аттарды доғарады да, оларды жайылымға  жіберіп, өз орындарына барады. Аттар жайбарақат  жайылып, шөпті тістелеп жұлады. «Атшылар, аттарды жегіндер!», сигналы бойынша әр атшы қашып жүрген өз атын ұстап алады, одан айналып өтеді. Барлық ат ұстап алынып, жүрген өз атын ұстап алады, одан айналып өтеді. Барлық ат ұстап алынып,  жегілген кезде жұп-жұп болып бірінен кейін бірі сап түзейді де, ойын қайтадан басталады. Ойын 3-4 рет қайталанады, осыдан кейін тәрбиеші, «Аттарды ат қораға апарындар, олар дем алсын», - дейді. Атшылар аттарды ат қораға апарып, бос жібереді.

Нұсқаулар. Ойында жүгіруді жай аяңмен және секектеп жүрудің әр түрімен ауыстырып отырған жөн. Ойынды, жол жүрудің түрлі сюжетің  ұсына  отырып, түрлендіруге болады, желе жорту, орманға атын  әкелуге бару және осы сияқты жол жүрулермен түрлендіру. Егер атшы аттардың қайсысын болсын біразға дейін ұстай алмаса, онда тәрбиеші және басқа атшылар оған көмекке келеді.

 

 

«Қояндар мен қасқыр»

Ойынға қатысушылар қоянды, олардың біреуі қасқырды бейнелейді. Алаңның бір жағында қояндар өздеріне үйшік белгілейді. Қасқыр алаңның екінші жағындағы өз үңгірінде тығылып жатады.

                       Тәрбиеші былай дейді:

Шоқақ, шоқақ жүгіріп,

Қояндар кетіп барады.

Тұрған көгі құлпырып,

Көгалды іздеп табады.

Шөпті жалмап  жеседі,

-Қасқыр жоқ па?- деседі,

Тың тыңдайды абайлап.

Қояндар текспен сәйкестендіріп үйлерінен жүгіріп-жүгіріп шығады да алаңды бойлай шапқылап жүгіреді, олар біресе екі аяқтап секіреді, біресе шоқиып отырады, шөпті жұлады. Тәрбиеші «қасқыр» деген сөзді айта бергенде, қасқыр сайдан ытқып шығады да, қояндарды ұстауға ұмтылып, олардың соңынан куа жөнеледі (тиісейін деп). Қояндар өз үйлеріне қарай- қасқыр мүлде ұстай алмайтын жерге қашады. Ұстаған қояндарын қасқыр сайға қарай алып кетеді. Ойын қайтадан жаңартылады. Алдын ала келісілуге сәйкес  қасқыр 2-3  қояды  ұстағаннан кейін, қасқырдың роліне ойыншылардың басқа біреуі белгіленеді. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Нұсқаулар. Әр қоян тек өз үйінде болады. Қояндардың бәрінің ортақ үйі болуы мүмкін. Тәрбиеші ең алдымен қасқырдың ролін орындауына болады.

 

 

 

«Тауық  қорадағы түлкі»

 

Тауық корадағы қонақтайтын орынға  тауықтар (балалар алаңның бір жағына қойылған орындықтардың үстіне шығып тұрады) орналасады. Алаңның қарама - қарсы жағында түлкінің іні болады. Алаңның қалған жерінің бәрі- аула. Түлкі ішінде отыр, ал тауықтар аулада жүреді, және жүгіреді қанаттарын қағады, құркылдайды, дәнді шоқиды.  Тәрбиешінің: «Түлкі!» деген сигналы бойынша, тауықтар қаша жөнеліп, тауық қораға барып тығылады және  қонақтайтын ағаштарға шығып отырады, ал түлкі  болса қонақтай алмаған тауықты ұстап алып кеткісі келеді (жайлап, еппен жақындап).  Ұстап алған тауықты түлкі өзінің ініне апарады. Ойын қайта  басталады. Түлкі  белгеленген бірнеше тауықты ұстағаннан кейін ойын аяқталады. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқау.  Тауық қонақтайтын орынға орындықтарды, кубтарды, және тағы басқа заттарды пайдалануға болады.

 

 

 

«Сұр қоян жуынады»

 

Ойынға қатысушылардың бәрі шеңбер жасап тұрады. Таңдалып алынған қоян шеңбердің  ортасына тұрады. Балалар былай дейді:

Бармақ боп тойға сұр көжек,

Жуынып жатыр бүгжендеп.

Тұмсығын жуды,

Құйрығын жуды,

Құлағын жуды - түртінді,

Құп- құрғақ боп сүртінді!

Кішкене қоян тексте сәйкес  қимылдар жасайды. Одан кейін ол қос аяқтап кез келген бір баланың жанына жетіп барады. Кішкене қоян қайсысына  барса, сол секектеп шеңбердің ортасына барады.  Ойын 5-6 рет қайталанады.

Нұсқаулар. Шеңберде бір уақытта бірнеше 4-5  кішкене қоян бола  алады. Олар ойын тапсырмасын бір мезгілде орындайды.  Бұл – ойында қатысушылардың белсенділігін арттырады.

 

 

 

 

«Бақташы және табын»

Балалар табынды ( сиырды, бұзауды) бейнелейді. Бақташыны сайлайды. Оған бақташының бас киімін, шыбығын, кенейін табыс етеді.  Табын мал қораға жиналады. Бақташы алысырақ тұрады. 

Тәрбиеші былай дейді:

Бақташы елең-алаңнаң,

Мал өргізді: «Өк, өк», - деп,

Қорада тұрған сиырлар

Қосылды оған «мө-мө» деп

«Өк-өк» сөзі айтылғанда бақташы бала кернеи тартады, «мө-мө» сөзінен соң кішкене сыирлар мөңірейді. Содан соң балалар төрт аяқтап тұрады, табын бақташының шақырғанына барады. Ол сиырларды далаға (алаңның екінші жағына) айдап тастайды. Одан табын біраз уақыт жайылады, сосын бақташы қайтадан мал қораға айдап алып келеді. Жаңадан бақташы белгіленеді. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Нұсқаулар. Ойынға кең орын керек. Балалар бір жерге үйіліп-төгіліп, қысылмаулары тиіс.

 

«Құстардың қайтуы»

Бір топ алаңның бір шетіне (балалар ыдыраңқырап  тұрады), гимнастикалық қабырғаларға қарама-қарсы бірнеше топ болып жиналады. Тәрбиешінің: «Ұшып кетті» деген сигналы бойынша құстар қанаттарын кере жайып, қағып алаңды бойлай ұшып кетеді.  «Дауыл» сигналы бойынша құстар ағаштардың басына (қабырғаға өрмелеп) қарай ұшады. Тәрбиеші: «Дауыл басылды» деген кезде, құстар ағаштың  басынан жайлап төмен түседі де, ұшуды жалғастырады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Нұсқаулар. Гимнастикалық қабырғадан төмен түсерде секіруге болмайды. Егер қабырғада ашық орын аз болса, ойынға барлық баланы бірден  қатыстырмау керек. Қабырғаның орнына орындықты, скамейканы және басқа да заттарды пайдалануға болады.

 

«Лақтырып, ұстап ал»

Балалар бөлмеге немесе алаңға еркін орналасады, әрқайсысы қолдарына доп ұстайды. Тәрбиешінің: «Баста!» деген сигналы бойынша балалар допты лақтырады да, ұстап алады. Әрқайсысы допты жерге түсірмей қаншама рет алғандарын санап тұрады.

Нұсқаулар.  Балаларды жұптап бөлуге болады. Біреулері допты лақтырып, ұстап алады да, басқалары санап тұрады немесе барлығы шеңбер жасап тұрады, ал ойынға қатысушылардың біреуі немесе  екеуі шеңбердің ортасына шығып, допты лақтырып тұрады. Барлығы тапсырманың орындауының дұрыстығын бақылайды. Жарыс элементін де енгізуге  болады: допты кім неше рет лақтырып, ұстап алады? Мынадай жаттығуларды да енгізуге болады: допты жоғары лақтырып, ол жерге тигенше, ұзақ тұра алады, ал содан соң барып ұстап алады: допты жерге соғып, ұстап алу: допты жоғарырақ лақтырып, алақанды шапалақтап қағып алу: допты лақтырып жіберіп, шыр айналып, доп жерден көтерілгенде барып ұстап алу.

        

«Таяқшаны құлатып түсір»

Ойынға қатысушылар әрқайсысына қарсы  қойылған таяқшадан 2-3м қашықтықта  тұрады. Балалардың  қолдарында доптар. Ойынға қатысушылар  сигнал бойынша допты таяқшаға қарай лақтырып, оны құлатуға тырысып, домалатады. Келесі сигнал бойынша  балалар доптардың соңынан  жүріп отырып, құлап жатқан таяқшаларды көтеріп қояды. Ойын қайталанады. Ойынға  қатысушының әрқайсысы неше рет таяқшаны құлатқандарын естерінде сақтайды.

Нұсқаулар. Ойын тапсырмасын түрлендіріп отыру керек. Допты оң, сол қолымен және екі қолмен домалату, допты аяқпен де домалатуға болады.

 

«Допты тордан асыра лақтыру»

Баланың қолын көтергендегі биіктікте, тордан кемінде 1-1,5м қашықтықта керілген тордың екі жағына ойынға қатысушылардың шағын (2-8) тобы тұрады. Сосын балалар допты бір-бірлеріне кезектесіп лақтырады. Егер төртеуі немесе одан көбірегі қатысса, онда бір бала тор арқылы допты екінші жаққа лақтырады, допты ұстап алушы өзінің көршісіне береді, ал ол допты да тор арқылы қайта лақтырады.

Нұсқаулар. Ойнаушылар ойынның шарты бойынша белгілі тәсілмен (екі  қолмен төменге немесе бастан асыра) тордың үстімен лақтырады. Командалар өзара жарысады: тәрбиеші немесе балалардың біреуі доптың қай жақта жерге көбірек түскенін санап отырады.

 

«Доп  мектебі»

Допты жоғары көтеріп, екі қолмен ұстап алу. Допты  жерге ұрып, оны екі қолмен  ұстап алу. Допты жерге ұрып, алақанды шапалақтап, оны екі қолмен ұстап алу. Допты қабырғаға ұрып, еденнен ыршып түсуін  күтіп, екі қолмен ұстап алу. Допты қабырғаға ұрып, қолды шапалақтап, оны екі қолмен ұстап алу. Екі адам: біреуі допты қабырғаға, ол жолдасына қарай бұрыш жасай серпіле түсетіндей етіп лақтырады, ал екіншісі доп  еденге түскеннен кейін көтеріле бергенде ұстап алады.

 

«Кеглилер»

Кеглилер сызықтың арғы жағына белгілі тәртіппен бір қатарға бір-біріне жақын қойылады, биік кеглиді ортасына қояды; бір қатары бірінен- бірі (5-10см) біраз қашықтықта орналастырылады; кішірек шеңбердің ортасына үлкен кегли; екі қатарда үлкен кегли қатарлардың аралығына қойылады; үш қатар қойылғанда, үлкен кегли екінші қатарда  болады;  квадратта үлкен кегли ортасында болады т.б. Кеглилер орналастырылған сызықтан 2-3м қашықтықта 2-3 сызық сызады, бұл арадан ойнаушылар кеглилерді ұрып жығады. Балалар кезектілікті  сақтай отырып, шарларды ең  жақын  сызықтан домалата бастайды. Бірінші турда жақын сызықтан кеглиді кім көбірек жықса, сол жеңген болып табылады. Шарды екінші сызықтан да сол бала домалатады және т.б.

Нұсқаулар. Бір ойында 1-2ден ғана кегли құрылысын пайдалану ұсынылады. Ұпай санағанда, ең бағалысы үлкен кегли болуы тиіс.

 

 

«Сақина лақтыру»

 

Ойын оң және сол қолмен ұзындығы 30-40см таяққа тізілген (диаметр 15-20см) сақина лақтырудан тұрады. Таяқшалар әр түрлі қалыптағы (квадрат, үш бұрыш т.б. түріндегі) тығырыққа бектілген болады. Міндет мынада, берілген қашықтықтан (1,5-2м) сақина (3-5тен) діңгекке мүмкіндігінше көбірек лақтыру. Ойынға 2-3 бала бірден қатысады. Олар кезекпен тұрып дөңгелекті кім қаншасын лақтырғанын санай отырып, бірдей мөлшерде лақтырады.

Нұсқаулар. Мүмкіндігінше түрлі түсті сақина болғаны дұрыс балаға бір түсті сақинамен әрекет етуді ұсыну керек. Мұндай жағдайда балалардың сақинаны бір мезгілде лақтыруына болады.

 

 

«Қайда тығылғанын табу»

 

Балалар бөлменің қабырғасына жағалай тұрады.Тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетіп, оны тығатынын айтады. Балалар қабырғаға теріс қарап тұрады. Тәрбиеші жалаушаны тығып қойып: «Енді қарауға болады», - дейді. Балалар тығып қойылған жалаушаны іздейді. Жалаушаны кім бұрын тапса, ойынды қайталағанда сол тығады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Нұсқаулар. Егер балалар жалаушаны біразға дейін таба  алмаса, тәрбиеші зат тығылған жерге барып тұрады да, сол жерден іздеңдер дейді. Жалаушаны  бала тықса, оған зат тығатын жерді табуға көмектесу.

 

 

«Тауып ал үндеме»

 

Балалар алаңның бір жағалай тәрбиешіге беттерін беріп тұрады. Тәрбиешінің сигналы бойынша олар қабырғаға беттерін беріп терісқарап тұрады. Осы кезде тәрбиеші қол орамалды тығады. Сонан соң сигнал бойынша балалар көздерін ашады, бұрылып, қол орамалды іздей бастайды. Қол орамалды тауып алғандығын білдірмейді,  қайдаң тауып алғанын тәрбиешінің құлағына жайлап сыбырлайды да, саптағы өз орнына барып тұрады (немесе орындыққа, скамейкаға отырады). Қол орамалды балалардың көпшілігі тапқанға дейін ойын жалғастырылады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Нұсқаулар. Балаларға орамалды кім тапса, сол оны қолына алып қоймай, сонымен бірге оның тығылғаның байқап қалғанын да білдіруі керек.

 

 

 

 

«Кетіп қалған кім?»

 

Балалар шеңберленіп немесе жартылай шеңберленіп тұрады. Тәрбиеші ойынға қатысушылардың біреуіне оның қатарында тұрған балалары (5-6 бала) еске сақтауды, ал содан кейін бөлмеден шығып немесе теріс айналып, көзін жұмуды ұсынады. Балалардың біреуі жасырынып  қалады. Сосың тәрбиеші: «Кетіп қалған кім екенін тапшы?» - дейді. Егер бала тапса, өз орнына біреуді белгілейді. Егер таппаса, онда қайтадан теріс қарап, көзін жұмады, ал тығылған бала орнына келіп тұра қалады. Тапқан бала оның атын атауы керек. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқаулар. Балалар орнынан кімнің кетіп қалғанын айтпаулары тиіс. Ешқайсысы тығылмаса да болады, онда табушы балалардың  бәрінің орындарында қалғандығын   байқайды

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 102 571 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.08.2022 104
    • DOCX 39.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолтай Ернар Мейранбекұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жолтай Ернар Мейранбекұлы
    Жолтай Ернар Мейранбекұлы
    • На сайте: 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1022
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой