Инфоурок География Другие методич. материалы"Каспий теңізіндегі итбалықтардың бөгде түрдің әсерінен қырылуы" ғылыми жұмыс

"Каспий теңізіндегі итбалықтардың бөгде түрдің әсерінен қырылуы" ғылыми жұмыс

Скачать материал

Қазақстан  Республикасының білім  және  ғылым  министрлігі

Маңғыстау  облыстық  білім  басқармасы

Мұнайлы аудандық  білім  бөлімі

№ 11 орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Авторы: Базарбаева  Шандоз  Қосайқызы

№11 орта  мектебінің  10 «Б»  сынып  оқушысы

Тақырыбы: «Каспий  теңізіндегі   итбалықтардың    бөгде  түрдің  әсерінен  қырылуы»

Бағыты: Таза  табиғи  орта   Қазақстанның  2050 стратегиясын   іске  асырудың  негізі.

Секция: Қоршаған  орта  және  адам  денсаулығын  қорғау

Ғылыми жетекші: Абикеева Сая  Нұрланқызы

                               География  пәні  мұғалімі

 

 

 

 

 

2014ж

Аннотация

Зерттеудің  мақсаты: Каспий  теңізінің  биоресурстарының  азаюына себеп  болып  отырған  ішекқуысты  жәндік  медузамен  таныстыру; Медузаның    құрлысы  мен  тіршілік  ету  үрдісімен  таныстырып,  оның  тірі организмдерге  әсерін  айта  отыра, күресу   жолдарымен  таныстыру.
   
Каспийдің  қазіргі  жай  күйі, медузаның әсерінен  ондағы  балық  қорының  азаюы  итбалықтардың  жаппай  қырылуына  себепші  екендігін  анықтау  мақсатында  осы  ғылыми  жоба  алынды. Менің  мақсатым  медузаның  Каспий  теңізіндегі  биоресурстарға  әсерін    анықтап, дәлелдеу. Басқа  да  мәліметтерді  жинақтай  отырып, тереңірек  зерттеу.

Зерттеудің кезеңдері:

Кіріспе, негізгі  бөлім, қорытынды:

Бірінші  кезең: Каспий  теңізінің  экологиялық  жағдайына  қысқаша  сипаттама  қарастырылады.

Екінші  кезең:  Каспийдің  эндемигі  итбалық, оның  қырылуына  себеп  болып  отырған  ішекқуысты  жәндік  медуза  және   медузаның  адам  денсаулығына  әсері  қарастырылады.

Үшінші  кезең: Жүргізген  зерттеулерге  анализ  жасалды

Қорытынды:

Зерттеу әдістемесі:

    — Медузаның  Каспий   теңізінің  балық  қорының  азаюына   әсер  туралы мәліметтерді  жинақтау;

-Медузаның   адам  денсаулығына  әсері  мен  шаққан  жағдайда  алғашқы  көмек  қалай  көрсетілетіндігі  жөнінде   мәліметтер   жинау;

- Медузаны  ауыл шаруашылығында  және  құрылыс  саласында тиімді  пайдалануға  болатындығы  туралы  мәліметтер  жинау ;

-  Каспий  биоресурстарынның  азаюын  алдын  алу  мақсатында  ғылыми -зерттеу  жұмыстарын   дамыту.

       Зерттеу  барысында  ашылған  жаңалықтар:

1.     Медузаның  Каспийдің  балық  қорынның  азаюына  себепші  екендігін  анықтау  мақсатында  зерттеу  жұмысы  жүргізілуі;

2.     Медузаның  Каспийдегі  балық   қорының  азаюына  және  адам  денсаулығына  қауіптілігін   анықтау  бойынша  зерттеу  жұмысы  жүргізілді. Соның  нәтижесінде, медузаны  ауыл  шаруашылығында  мал  азығы  ретінде  және  құрлыс  саласында  құрлыс  материалдарының  беріктігін  арттыруға  болатыны  анықталды.

Күтілмек нәтиже: Болашақта  осы  мәселені  қолға  алып, оны  тереңірек   қарастыру.

Зерттеудің  нәтижесі   медузамен   қалай  күресуге  болатындығы  мен  оны шаруашылықта  қалай  пайдалануға  болатындығын  білуге  мүмкіндік  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Цель  исследования:

Познакомить  с кишечным  насекомым (медузой), являющейся   причиной  уменьшения биоресурсов  Каспийского   моря; Познакомить  со  строением  и  существованием   медузы,  ее  воздействием  на остальных  живые  организмы,  методами  борьбы  с  ней.

Я взялась  за  эту  работу: с  целью  показать   нынешнее  состояние  Каспия, показать, что медуза  является   причиной  массового  уничтожения  тюленей.

Этапы   исследования:

Введение,  основная   часть ,  заключение.

Первый   этап:  Корешка  об  экологическом   состоянии  Каспия.

Второй   этап: Указатель  что  медуза  уничтожает    тюлени  Каспи. Указать вредное  воздействие   медузы  на  здоровье  человека.

Третий  этап: Анализ  проведенных  исследований.

Заключение

Методы исследования:

-  Собрать информации   о медузе, приводящей  к  исчезновению  рыбного  заноса  Каспийского  моря.

- Собрать информации  о  вреде  медузы  на  здоровье   человека   и  оказание   первой   помощи  при  укусе.

-  С целью предотвращения  исчезновений биоресурсов   Каспия, развитие  научно  - исследовательской  работы.

Ожидаемый  результат: В   будущем    глубже   рассмотреть  и   решить  эту  проблему.

Результаты   исследования   дают    возможность,   как  использовать  медузу  в  хозяйстве   как  с  ней  бороться.

 

 

 

Summary

Research  objective :

To  acquaint  with  the  intestinal  insect,  being  reason  of   reduction  of  bioresearches  of  the   Caspian  Sea.

To  acquaint  with  a structure  and  existence  of  a  jellyfish,  her  impact   on  other   live  organisms  methods   0f  fight  against  it.  I  undertook  this  work,  with  the  purpose  to  show  a  present   condition   of   the  Caspian  Sea,  to  show  that  the   jellyfish   is   the   reason.  Mass   destruction  of  seals  and   fishes. 

Investigation   phase.

Introduction,  main  part, conclusion.

The first  stage: It  is  short  about   ecological  a  condition  of  the  Caspian  Sea.

Second  staget.  To  specify  that  the   jellyfish    destroys  seals  of    the   Caspian Sea. To  show  harmful  effects  of  a  jellyfish   on   health  of  person.

Third  stage. The  analysis  of  the  conducted   researches.

Conclusion.

Methods  research.

-         To    collect  information   on  the  jellyfish  leading   to  disappearance  of  a  fish  stock  of  the  Caspian  Sea.

-         To  collect  information  on  harm  of  jellyfish  on  health  of  the  person   and  first – aid   treatment  at  her  sting.

-         For  the  purpose   of   prevention   of  disappearances  of  bioresearches  of   the  Caspian  Sea, development   of   research   work.

Expected   result. In  the  future   to  consider   and  solve   this  problem  more   deeply.

Results  of  research  I  gave  the  chance   as  to  use   a  jellyfish  in  economy  as  to  struggle  with  her. 

 

                                                               

 

 

Мазмұны

 

 

І. Кіріспе. ………………………………….......3.

 

ІІ. Негізгі  бөлім  

 

1.1. Каспий  итбалығы...................................................4

 

1.2. Итбалықтың  қырылу  себебі..................................5-8

 

2. Медузаның  қоршаған  ортаға  әсері.......................9

 

ІІІ. Қорытынды.................................................................10

 

IV.Қолданылған  әдебиеттер  тізімі...............................11

 

V.Қосымша......................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

      Каспий  теңізі  -  Еуропа  мен  Азия  аралығында  орналасқан  жер  шарындағы    ең  үлкен  тұйық  көл. Каспий  теңізін қазақтыр «атырау  теңізі» десе, бұрынғы  Маңғыстау  түрікмендері «Хазар  теңізі»  деп  атаған. Әр  кезеңде  оның  Гиркан, Хвалын, Абескун, т.б  атаулары  қолданылған.

   Каспий  теңізі  неоген   дәуірінің   аяғында жер  қыртысының көтерілуінен Қара  теңізден  бөлінді. Бұл  кезді Каспий   теңізінің  пайда  болған  уақыты  деп  есептеуге  болады. Каспий  теңіздің  жалпы  ауданы   376  мың  км2.Каспий  теңізінің  жағалау  сызығының  ұзындығы  7000   км.Оның  суы   5  мемлекеттің   жағалауын  шайып  жатыр. Жағалау  сызығының  Қазақстан   үлесіне  29%  (2340км), Ресейге  16% , Әзірбайжанға  20%,Түркіменстанға  21%,  Иран  Ислам  Республикасында  14%  тиеді.    

     Каспий  теңiзiнiң  ерекше  климаттық  шарттары  мен  тұздылығы  оның  сирек кездесетiн  экосистемаға  айналуына  әкелді. Каспийде  өсімдіктердің  500  түрі, балық  пен  жануарлардың  769  түрі  мекендейді. Мұнда  балықтың  55 түрі кездеседі. Дүние  жүзінде  жыл  сайын   ауланатын   бекіре  тұқымдас  балықтардың   80%    астамы  Каспий  теңізінің  үлесіне  тиесілі. Қазақстан  үлесіне  40%  тиесілі.  Бағалы  балығы  қортпа (белуга), бекіре,  итбалық   тіршілік  етеді. Кәсіптік  балықтар  арасында  бекіретектестердің  құндылығы  жоғары, олардың  кейбірінің  салмағы  300 – 400 кг дейін  жетеді. Оның  уылдырығы  қымбат  бағаланады.

    Каспий теңізі  жағалауында  бекіре  балығының   70%    өсіріледі.  Республика  экспортында  көксерке  ,  шоқыр  ж»не  қара   уылдырық  маңызды  орын  алып, балық өнімдерін  Еуропа    елдеріне  экспортқа   шығарады.

    «Каспий  итбалығы – теңізде  өмір сүретін бірден-бір  сүтқоректі  жануар. Олардың салмағы 100 келіге дейін  жетеді. Итбалық  теңіздің  бір  кезде  Солтүстік  Мұзды  мұхитпен байланыста  болғанын  көрсетеді. 1905-1910 жылдары  зерттеу  бойынша, Каспийде 1 миллион 100 мыңға  жуық   итбалық  мекен етсе, 60-70 жылдары  олардың  саны  520-560  мыңға дейін  азайған. Бүгінгі  таңда  тұйық  теңізде  өмір  сүретін  итбалықтың  саны   бар  болғаны 70-80 мыңдай  ғана .  Итбалықтардың   азаюына, кей  уақытта  жаппай  қырылуына  мұнай  қалдықтарының  қатысы  жоқ. Итбалықтардың  осындай   аянышты  күйге  түсуінің  басты  себебі олар  қоректенетін  азық  қорының  немесе   биоресурстардың  азайып  кетуі. Бір  итбалық  күніне  3  келі   майшабақ  жейді.  ХХ ғасырдың  басында  миллионнан   астам  итбалық  3  келі  майшабақ   жегенін   ескерсек, теңізде  биоресурс  қоры  көп  болғанын  жете  түсінеміз. Сонда  итбалықтар  жағалауға  жақындамай - ақ, теңіз  ортасында   жүріп  майшабақпен  қоректенетін  болып  тұр. Ал  қазір  майшабақтар  94  пайызға  азайып  кеткен  екен. Оны  аулау  үшін  итбалықтар  теңіз  жағасына  жақындайды. Қорек  азайғасын  итбалықтың  да  тынысы  тарылып  барады. Ал  қазір  итбалықтар   қарапайым  құрттармен  қоректенуге  көшті. Жыл  сайын  ақпан  айының  ортасынан   бастап  итбалықтар  күшіктейді. Сондықтан   осы  сәтте  тиісті  құзырлы  мекемелер  Каспий   теңізінің  жағалауында  және  оның  маңындағы   итбалықтардың  жағдайына   мониторинг  жүргізіп, оларды  қорғауды  мықтап   қолға  алуы  керек.

    Каспий   теңізінің   алып   жатқан  географиялық   орнына  байланысты  (шөл  зонасы)  еліміздің   шаруашылық  саласында  атқаратын   маңызы   өте  зор.  Сонымен  қатар  сол  маңдағы  шөлді  алапқа  ылғал  әкелуші  су  айдыны  ретінде  де  үлкен  рөлі  бар. Солтүстігіне  құятын  Еділ  өзенінде бөгендердің   салынуы, мұнай   кәсіпшілігінің  өркендеуі   теңіздің   экологиялық  жағдайын   нашарлатты.

   Соңғы  жылдары  бұл  аймақ  мұнай  мен  газды  өндірудің   маңызды   экономикалық   ауданына   айналды. Теңіз  деңгейінің   көтерілуіне  байланысты  бұл  аймақ  табиғи  апат  жағдайына   ұшырады. Табиғи  қорларын  игеруде  де, бұл  аудандағы  табиғат   компоненттерінің  өзгеруіне байланысты  мынандай  проблемалар  туындауда:

·        мұнай   мен  газдың  өндірілуіне   байланысты   тіршілік   дүниесінің  өзгеруі,   балықтардың  қырылуы, уылдырық  шашатын  көксерке  балықтарының  кеміт  кетуі;

·        Осы  теңізге  ғана тән  итбалықтың  мезгіл – мезгіл  қырылуы.

Зерттеу  жұмысының  мақсаты  мен   міндеттері:

Каспий  теңізіндегі  итбалықтардың  қырылуына  мұнай  қалдықтарынан  басқа  бөгде  түрдің ,  яғни   медузаның  әсерінен  қорек  жетіспуінен  қырылып  жатқандығы  жайлы  көбі  біле  бермейді. Теңізде  медузаның  барынан  хабарсыз.

2004-2015 жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасының  экологиялық  қауіпсіздігі  тұжырымдамасына  сәйкес  коршаған   ортаны   қорғау   саласындағы  мемлекеттік  саясаттың   негіздері  еңгізіліп  Қазақстан  суларын  қорғау  мәселелері бойынша  тиісті  құжаттар  әзірленіп  бекітілді.

Қоршаған  ортаның  жай  күйіне  байланысты  енгізілген  маниторингтің  бірыңғай   жүйесі  бар.

Тұжырымдаманың   міндеттерін  орындау  нәтижесінде  Каспий  теңізінің  қазіргі  жай  күйі, ластану   дәрежесі   және  экологиялық  қауіпсіздігіне  қол жеткізу  жолдарын  анықтау  және  іске  асыру  мақсатында  осы  ғылыми жоба  алынды.  Қазіргі   уақытта  Каспий  теңізін  мұнай  өнімдері , қалалардың  коммуналдық  қызметтері  қарқынды  ластауда  және  ол  нақты  экологиялық   қатер  төндіреді. Каспий  теңізі  Маңғыстау  тұрғындарын  ауыз  сумен   қамтамасыз  етудің   негізгі  көзі  болып  табылады.  Менің    мақсатым  Каспий   теңізінің  биоресурстарының  бөгде  түрдің  (медузаның)  әсерінен  азаюын   анықтап, дәлелдеу.

     Қорғауға   ұсынылатын  қағидалар:

1.     Каспий  теңізінің   ластану  дәрежесі  туралы  мәліметтерді  жинақтау.

2.     Экологиялық  талаптардың  өзектілігін   дәлелдеу.

3.     Зерттеу   жобасының  мақсатын   анықтау, мәліметтерді   құрастыру, зерттеу  тәжірибелерінің   элементтерін   орындау.

Зерттеудің   әдістемелік   және   теориялық   негіздері:

- Таным  әрекетін   ұйымдастырудағы   ғылыми  ізденісті   негіздеу   жөніндегі  теориялық   көзқарастар.

Ғылыми   деректердің   немесе  зерттеу  нәтижелерінің  дәлдігі:

1.     Табиғи   және  антропогендік  факторлардың  әсерінен   Каспий  теңізіне  ғана  тән   итбалықтың  азаюын  зерттеу;

2.     Медузаның  қауіптілік  дәрежесіне  назар   аудару;

3.     Адамдардың   денсаулығы  мен  итбалықтардың  жаппай  қырылуына  әсерін  анықтау;

4.     Медузаның  денсаулық  үшін  қауіпті  факторларды  анықтау  және  қауіптілік  дәрежесін   анықтау;

 

Негізгі бөлім

2.1 Каспий  итбалығы

    Каспий   итбалығы  (лат.  Pusa  caspica) – ескекаяқтылар   отряды,  итбалық  тұқымдасына   жататын  аң. Ол  теңіздің  барлық   жерінде    Каспийдің   солтүстік   жағалауынан  Иранның   жағалауында  кездеседі.   Дене  тұрқы  1,2  - 1,4 м ,  салмағы  65-90 кг. Аналығы   аталығына   қарағанда  ірі  болады. Аналығы  танауы  мен  мойнының  ұзын  болуымен  ерекшеленеді.  Суда  тіршілік  етуіне  байланысты  дене  құрылымында   сол  ортаға  бейімделуі  басым. Мойны  денесімен  тұтасып  біткен, сондықтан  басы  айқын  бөлектеніп  көрінбейді. Құлақ  қалқаны  болмайды  және  ескек   аяқтарын  таяныш   ете  алмайтындықтан,  бауырымен  қозғалады . Каспий  итбалығы  дүниежүзінде  кездесетін  итбалықтардың  ішінде  ең  кішкентайы. Каспийдің  итбалығы  қоректенуі  мен  дене  тұрқы  жағынан  дүние жүзіндегі  итбалықтардан  ерекшеленеді.   Еділ  мен  Жайық  өзендерінің  төменгі   ағыстарында  сирек  те  болса,  кездесіп  қалады.  Мұз  басу  кезінде  Арктикадан  қоныс  аударған  итбалықтар, қыста  Солтүстікте, негізінен  Құлалы аралын  мекендеп,  мұз  үстінде   балалайды, ал  жазда  оңтүстікке  көшеді. Тіршілігінің  көбі  суда өтеді. Бір  жылда    бір,  екі  күшік (ақүрпек)  табады.  Ақүрпегін  аналығы  майлы  сүтімен   3-4  тәуліктей,  2-3  айда  әбден  семірген  ақүрпегін  «май  итбалық»  деп,  ал  бір  жылдан  кейін  терісінің   реңі  бірнеше  рет  өзгергендіктен,  оларды  «қара  итбалқ»  деп  атайды.  Каспий  итбалығының  терісі  мен  майы  өте  бағалы  болғандықтан  кәсіптік  маңызы  бар  аң. Ол  медицинада  және  парфюмерияда  кеңінен  қолданылады.  Итбалықтың  негізгі  азығы – майшабақ , теңіз  шабағы  мен  атерина.  Бұл  ерекше  жануар  жойылудың  шақ  алдында  тұр. Соңғы  100 жылда  оның   популяциясы  90%  азайып  кетті. ХХ  ғасырдың  басында  итбалықтардың  саны 1 млн  болса, 1989  жылы  400 мың,  2005 жылы 111 мың, 2008  жылы  100 мың  құрап  отыр. Итбалықтардың  санынын  күрт  азайып  кетуіне  бірнеше  себептер  бар: ең  алдымен  Каспий  теңізінің  ауыр  металлдармен, улы  химикаттармен  ластануы  және  де  бөгде  тіршілік  иелерінің  енуі, итбалықтарды  көп  аулауы.  Бұл  итбалықтардың  арасында   жұқпалы  аурудың  таралуына  және  қорек  көзінің   азаюына  алып  келіп  отыр. 1997 – 2000  жылдардың  аралығында  итбалықтардың  жаппай  қырылуы  анықталды.  2000  жылдың   мамыр  мен  маусым  айларында  Әзірбайжан, Қазақстан , Ресей  және  Түрікменстан  елдерінің  теңіз  жағалауларында    30000  жуық  итбалықтардың  өлекселері  табылды. Олардың  10000-ға  жуығы  Каспий  теңізіннің  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  бөлігінде  тіркелген. Итбалықтардың  жаппай  қырылуы  көпнесе  көктем  айларында  Каспий  теңізінің  солтүстік  бөлігінде  байқалады. Ғалымдардың  көпшілігі  итбалықтардың  жаппай  қырылуы   жұқпалы  аурулардың  таралу  әсерінен   екендігін    айтып  отыр. [1]

 

 

2.2  Итбалықтың  қырылу  себебі

 

    Каспий – байлық, Каспий – тіршілік  көзі, Каспий– геосаясат. Иә, кәрі  теңіздің  берері көп. Бірақ  мол   қазынаны  ысырап  қылмауды  көл  дарияны  тел  емген  бес  елдің  перзенті  әсте  естен  шығармағаны   жөн. Каспий  теңізі  экологиясының  қазіргі  кезде  күрт   нашарлап   кеткені  жиі  айтылып  жүр.  Ал   теңіздің  Қазақстанға  жататын  солтүстік   бөлігінде   болашақта   мұнай  игерілсе, мәселе  тіпті  күрделене  түсері   сөзсіз. Көпшілік  болса  бұған  сын  көзбен, сақтықпен  қарайды. Каспийге  қандай  тәжірибе  жасалса  да,  көк  теңіздің  табиғатын  сол  қалпында  сақтап   қалу – басты  міндет. Бізді  де  «Каспийдегі  тіршілік   дүниесін   қалай  сақтап  қаламыз, биоресурстарға   қандай  қауіп  бар» деген  сауалдар   алаңдатады.  Негізінен,  теңіздің  экологиясына  әсер  ететін  факторлар: табиғи, техногендік, биологиялық, браконьерлік.

    Мамандардың   айтуынша, теңіздің   қазіргі  деңгейі  27,77 метрді  көрсетіп   тұр. Дәл  осындай   жағдай  1977 жылы  байқалған. Ол  кезде  көк  айдынның  деңгейі  29  метрге дейін  тартылған  болатын. 1962  жылы  теңіз  деңгейі  28,51 метрге  жеткен.  Ал  1995 жылы, керісінше, теңіз  деңгейі  29,77  метрге  көтеріліп, құрғап  кеткен  жағалау  түгел  су  астында  қалған. Каспий  теңізінің  Қазақстанға  тиесілі  бөлігін  төрт  гидрометеорологиялық  стансы  мен  сегіз  бекет  бақылайды. Теңіз  деңгейін   тұрақты бақылап  отырған  зерттеушілер  2001  жылдан  бастап   теңіз  деңгейі  27,77  метрден  де төмендеп, тартылып  келе  жатқанын  байқаған. Теңіздің  тартылуынан  жағалаулар  бір  шақырымға  шегініп  кеткен.  Әсіресе  бұл  Каспийдің  солтүстігінде  қатты  байқалады. Өйткені  онда  теңіз  таяз, ең  терең  жері – 26 м, ал  көп  бөлігі  5 м  болады. Оның  үстіне ,  биоресурстар   солтүстік  және  солтүстік – шығыс  Каспийде  көп  шоғырланған. Теңіз  тартылса,  тіршілік  иелерінің  өмір  сүру  кеңістігі  тарылатыны  сөзсіз. Бұл  айналып келгенде  биоресурстардың  азаюына  әкеледі. Жалпы,  Каспий  деңгейі  әлемдік  мұхиттардан  28  метрдей  төмен  орна ласқан,  тереңдігі – 1025.

    Каспий  теңізінің  экологиясына  әсер  ететін  табиғи  фактордың  бірі – жер  сілкіну. Хазар  теңізі  және  Тұран  ойпатының  Маңғышлақ   бөлігі – сейсмикалық   жағынан  тұрақсыз  аймақ. Қазақ  шығанағы, Үстірттің  оңтүстік  етегі, Сайөтестен  шығысқа  қарайғы  жер  жылына  4 мм-ге  көтеріліп   келе  жатыр. Ал  Ақтау  қаласы  орналасқан  жер  жылына  2 мм - ге  көтерілуде. Тектоникалық  жағынан  тұрақсыз  осындай  аймақта,

яғни  теңіз  түбінде  жер  астының  қысымы  азайған  кезде  қозғалыс  болуы  мүмкін. Демек,  жер  сілкіну  қаупі  бар. Бірақ  жойқын  жер  сілкінісі  болмайды, әрі  кетсе  3-4  балдық  көрсеткішті  көрсетуі  мүмкін. Айта  кетейік, өткен  жылы  қарашада  Каспий  теңізінің   Әзірбайжан  секторында  жер  сілкінген  болатын. Бірақ  ешқандай  шығын  болған   жоқ   және  Маңғыстау  түбегіне  білінбеді  де.

    Каспий  теңізінің   экологиясын  бұзатын  екінші  фактор техногендік  фактор, яғни  адам  әрекетінің  әсері.  Десек  те, бес елдің  өкілдері  «Теңізге  басты  қауіп  неден?» деген  сауалға  жауап  іздегенде  шанжарқайдай  шашырап, бір  пәтуаға  келе  алмай  отырғаны  түсініксіз.  Атап  айтқанда,  ресейлік  табиғат   жанашырлары   Каспий  теңізінің   шектен  тыс  ластануына  теңіздегі  мұнай  операциялары  кінәлі  деп  санайды. Ал  өзіміздің  мамандарымызға  келетін  болсақ, олар  ресейліктермен  пікірлес. «1995 жылдары  Каспий  теңізінің  деңгейі  көтерілгенде  көптеген  мұнай  ұңғысы  су  астын  да қалды. Оларды  әлі  күнге  дейін  ауыздықтай   алмай  отырмыз. Мұнай  пердесі  үш  метр  тереңдікке  дейінгі  тірі  жәндіктің  бәрін  құртып  жатыр», – деді «Табиғат»  экологиялық  одағының  төрағасы    Мэлс  Елеусізов. Теңіз  табанынан  елдің  алдымен  «қара  алтын»  өндіріп, мұрты  майланып  үлгерген    әзірбайжандықтар  мұнай  өндіру  зиян   болғанымен, оны  тоқтатудың  қажеті  жоқ  деп  шамалайды. Олардың  уәжі  Каспийге  зиян   мұнайдан  гөрі   қалдық   сулардан   көбірек  келеді  дегенге  саяды. Осы  орайда, Каспий  теңізінің   қазақтандық   бөлігіне   қатысты  айтарымыз,  шындығында, теңізге  құйылатын  улы   заттардың  80  пайызы   Жайық  пен  Еділ  өзені  арқылы   келеді. Дәлірек  айтқанда,  қос  өзен  бойындағы  өнеркәсіп  кешендерінен   шыққан  улы  қалдық  теңіздің  экологиясын   нашарлатып  жатыр. Мұнай  өндіруге  байланысты   теңізде  кемелер  көбейіп  келеді. «Бұл  алып  кемелер  жүзіп  өткенде  теңіздің  астындағы  өсімдік  дүниесін  жойып  жібереді». Бір  өкініштісі, бұл  кемелер  биоресурс  көп  шоғырланған  теңіздің  солтүстік   аймағында  жиі  жүзеді.  Ал  теңізде   1000 - нан  аса  ұңғыма  салынады, сол  кезде   оның   қандай   жағдай   болатыны  белгісіз», – деп  отыр.  Каспий –құрлықтағы  тұйық  теңіз. Апат  болса, оны  ауыздықтау  қиын. «Бізге  Мексика  шығанағындағы   апат  сабақ  болуы  тиіс» дейді  бірқатар  эколог  мамандар. Дерекке  сүйенсек, Каспийдің  Қазақстан  жақ  бетіндегі  биоқорлардың  жалпы   құны 500  млрд  доллар. Мұнай  сорамыз  деп, теңіздің  табиғи  байлығын  жойып  алмауды  осы   бастан  ойластырған  жөн.

     «ХХ ғасырдың  екінші  жартысында  ғалымдар  және  ірі  компаниялар  Каспий  теңізіне  түрлі  тәжірибе  жасауды  жиілетті. Каспийде  тіршілік  етпейтін  өзге  мұхиттардағы  жануарларды  осы  теңізге  әкеліп, тәжірибе жүргізілетін. Сонымен  қатар  кеме  қатынасы  арта  бастады. Каспийдің  айдынында  жүзіп  жүрген  алып  кемелер  басқа  теңізге, мұхиттарға  мұнай   апарып, оның  орнына  мұхиттың  суын  құйып  алатын. Ол  су  тазартылмастан   Каспийге  төгілді. Міне, содан  бері  бұрын   Каспийде  кездеспеген  тіршілік  иелері  көріне  бастады. 1980 жылдардың  соңында  Каспийдің  ирандық  бөлігінде  гребневик  мнемиопсис  дейтін  медузаның  бір  түрі  анықталды. Әр  жаз  мезгілінде  Каспийдің  солтүстігінде,  дәлірек  айтқанда, Құрманғазы  мен  Дархан  мұнай  кен  орындарының  аумағында  гребневикмнемиопсис  анықталып  отыр. Сонда  одан  қандай  қауіп  бар? Дәлел  келтіре  кетейік. 1980 жылы  ол  медуза  Қара  теңізде  байқалған  еді. 1985-1995 жылдары  медузаның  әсерінен  Қаратеңіздегі  балық  қырыла бастады. Ол бентос, зоопланктонды (теңіздегі  кішкентай  тіршілік  иелері) қырып  жіберді. Мнемиопсис  өзінің  денесінен  қырық  есе  көлемде  тамақ  жейді. Оны  жоятын  бірде - бір  препарат  ойлап  табылмады  және  Каспий теңізінде  медузаны  жейтін  жәндік  те,  жануар  да  жоқ. Көлемі   шамамен  1 см  болатын  медуза  көк  теңіздегі  тіршілікті  қырып  барады. Күн   жылынса, гребневикмнемиопсис  жаңбырдан   соңғы  саңырауқұлақтай  көбейіп  кетеді. Ал  күн  суытса, қырылып  қалады. Бірақ  Иран   жағында, оңтүстік   Каспийде  олар  сақталады. Күн  жылынса, солтүстікте  қайта  пайда   болады. 2011 жылы  Қаламқас  пен  Жемчужина  аймағында  блакфордия  вирджиния  деген   медузаның  жаңа  түрі  пайда  болды. Ол   Атлант  мұхитында  жылы  кезде  кездеседі  екен.  Енді  Каспий  теңізінің биоресурстарына  осындай  құрттай  жәндік  қауіп  төндіріп  тұр. Мұны  біз  теңізге  экологиялық  әсер  ететін  биологиялық  фактор  деп  атаймыз. Каспий  теңізінің  биоресурстарын, уылдырық  шаруашылығын   сақтап  қалу  үшін  Иран  мемлекетінің  ғалымдары   басқа  Америка  Құрама  Штаттарынның  суларында  кездесетін  берое  овата  медузасын   алып  келмекші. Ол  жыртқыш,  қауіпті , мнемиопсистен де  бетер  қауіп  төндіруі  мүмкін. Сондықтан  да   біз  медузамен  күресудің  басқа  жолдарын  іздестіруіміз  керек. [2]

 

     Медуза   мұхиттар  мен  теңіздерде  ерте  кезден  бар,  шамамен  600  - 500 млн  жыл  бұрын  кембрий  дәуірінен  бері. Ол  кезде  балықтар  әлі  пайда  болмағандықтан  олардың  көбеюіне   еш  кедергі  болмады. Алып  медузалардың  қалдықтры  мұхиттың  түбінде  сақталып  қалған. Ерте  кездегі  бұл  фаунанын  басты  ерекшелігі  алыптығында. Табиғатта  медузалардың  түрі  өте  көп. Қазіргі  таңда  ғалымдар  1500 ден   астам  түрін  сипаттама  берген. Медузалардың  арасында  өте  үлкен, улы, суда  байқалмайтын, тек  жарқыраған  түсімен  ажыратылатын  түрлері  кездеседі

     Медуза - еркін  суда  жүзіп  жүріп  тіршілік   ететін  ішекқуысты  жәндік. Медузалар  - мөлдір  денелі, қолшатыр  немесе  қоңырау  тәрізді   жәндіктер. Медузалар  су  түбінде  уақытының  жартысын  өткізіп,  су  түбінде   тіршілік  ететін  тірі  организмдермен  қоректенеді. Медузалардың  қолшатырының  диаметрі  10 см  дейін  өседі  және  мыңдаған  әдемі  ақ  қармауышпен  қоршалады. Сыртқы  төбешік  бөлігін – эксумбрелла, ішкі  ойғын – субум – брелла  деп  атайды. Медузаның  98%  судан  тұрады. Медузаның  аузы  қолшатыр  тәрізді  күмбездің  астыңғы   жағында  болады. Аузының  айналасынан  атпа  жасушалары  бар  көптеген  қармалауыштар  байқалады. Ауыз  сабақшасының   ұшында  орналасқана  уыз  тесігі  жұтқыншақ  арқылы  қарынымен  жалғасады. Қорытылмаған  қорек  ауыз  тесігі  арқылы  сыртқа  шығарылады. Жүйке  сабақшалары  өзара  жалғасып, біртұтас  жүйке  сақинасын  түзеді. Көзшелерінің  құрылысы  қарапайым  жынысты.  Жыныс  бездері  қарының  маңында  немесе  одан  шығатын  радиалды  өзектердің  астында,  кейде  ауыз  сабақшасында  орналасады. Оның  сүйек  қанқасы  жоқ, бірақ  екі  жүйке  жүйесі  бар. Біреуі  жиырма  төрт  көзімен  қабылдаған   мәліметті  өндесе, екінші  жүйке  жүйе  қолшатырының  маңында  орналасқан  бұлшықет  кілеткаларын  басқарады.  Ол  тек  жарық  пен  қараңғыны  ажыраты  алады, бірақ  оъектіні  көрмейді.  Медузаның  сезім  мүшесі  және  миы  жоқ. Олар  су  ағысымен  жүзе  отырып, жұмыртқаларын  тастайды. Жұмыртқадан  шыққан  дернәсіл   су  түбінде  дамып  жетіледі.Медузалар  ұрпақтарына  қамқорлық  жасамайды. [6]

     Медуза  қозғалған  кезде  қолшатырдың  жиегі  жиырылып, пайда  болған  қуыстағы  су  сығылады  да,  дөңес  жағымен  алға  қарай  жылжиды. Олар  күннің  ыстық  кезінде  су  түбіне  түседі  де, ал  түнде  су  бетіне  көтеріледі. Улы  медузаны  екі  топқа  бөлуге  болады: біреулерінің  уы  тітіркендіріп, аллергиялық  реакция   берсе, екіншісінің  уы   өте  қауіпті. Ол  адамның  жүйке  жүйесіне, жүректің   қызметіне ,бұлшық  етіне  әсер етіп, өлімге  апарып  соғуы  мүмкін. Медузалардың  өмірі  қысқа - көпшілігі  бірнеше  ай, ал  ең  ірілері  2-3 жыл  өмір   сүреді. Теңіздерде  көпнесе  аурелия  және  корнерот  медузалары  жиі   кездеседі. Корнерот  ең  үлкен  Жерортатеңіздік  медуза, ал  аурелия  ең   кішкентай  түрі. Корнеттің  салмағы 10-12 кг дейін , ал  диаметр  50 – 60 см дейін барады.

      Медуза  жыртқыш  жәндік,  қолшатыр  жиегінде  төмен  қарай  салбырап  тұрған    қармалауыштарымен  атпа  жасуша  әлсіреткен   жәндікті  аузына  салып, ішекқуысында   қорытады  да ,  қорытылмаған  қалдықты  қайтадан    аузы   арқылы   сыртқа  шығарады.[3]

 

 

2.3. Медузаның  қоршаған  ортаға   әсері

 

    Медуза  адамға  шабуыл  жасамайды, адамның  денесіне  тиіп  кетсе  оның  атпа   жасушасынан  едәуір   күйік  пайда  болады. Одан  дене  ауырсынады,  өте  улы  келеді, тиген  жері  қызарып  кетеді   көлемі 10 – 20  см  дейін.   Адамның  басы, іші  ауырып,  жүрек  айну, өкпенін  қабынуы  және  аллергиялық  реакция  береді, күйдіреді, қан  қысымы  бірден  төмендеп  кетеді.  Аллергиясы  бар  адам  ондай  жағдайда  бірден  өліп  кетуі  мүмкін. Оны  химиялық  күйік  деп  атайды. Медузанн  күйігінен  зардап  шеккен  адам  4-5 күннен  кейін  жазылып  шығады. Медузаның  уы  аллергиялық  реакция  беретіндіктен,  дәл  сол  түрімен  екінші  рет  алған  күйік  біріншісіне   қарағанда  өте  ауыр  болады. Мұндай  жағдайда  у  тез  тарайды.

      

Егер  сізді  медуза  шағыпалса   не  істеу  керек? 

 

1.     Судан  шыққанда  медуза  жабысып  алса   оны  өткір  емес  құралмен  алып  тастау  керек. Өткір  құралды  қолдануға  болмайды,  себебі  өткір  құрал  зақымданған  теріні  одан  да  бетер  зақымдауы  мүмкін.

2.       38оС – 40 0С температура  аралығындағы  жылы, тұзды  сумен  жуу керек. Ол  суық  суға  қарағанда  ауыруды  басады.

3.     Аллергиялық  мөлшерін  төмендету  үшін  арнайы  дәрі - дәрмектер қолдану   керек.

4.     Ауыруды  басатын  дәрі  қабылдау  керек.

5.     Бұндай  жағдайда  құрамында  спирт  бар  затпен  сүртуге, май  жағуға , күннің  көзінде  отыруға  болмайды.

      Табиғатта  медузаның  пайдалы  жақтары  да  бар. Ол  суды   ұсақ  органикалық  қалдықтардан  тазартады. Бірақ   шамадан  тыс   көп  көбейіп  кетсе  су  бетін  тұтас  жауып  қалады. Бұған  да  кінәлі  адамның  өзі. Себебі  теңізге  тасталған  биологиялық  және  органикалық  қалдықтар  медузаның  қорегі  және  оның  көбеюіне  қолайлы  жағдай  туғызады. Теңіздің  тұздылық  мөлшері  артқан  сайын   соғұрлым  медузалардың  көбеюіне  қолайлы  болып  келеді.

   Соңғы  кездерде  медузаны  аквариумда  ұстау  сәнге  айналған. Тоқтамастан  жүзетін  бұл  ғажайып   жәндікке  қарап  отыру  арқылы   адамның  жүйке  жүйесі  тынығады.  Бірақ  аквариумде  ұстаудың  өзіндік  қиындықтары да   бар. Медузалар  өте  сезімтал  болып  келеді, кір  суды  жақтырмайды   және  оларға  көп  мөлшерде  су  керек . [4]

 

 

 

Қорытынды

     

     Жыл  сайын  Каспий  теңізінің  экологиялық  мәселесін   шешу  және биоалуантүрлілігін  сақтау  мақсатында  Каспий  маңы  мемлекеттері  көптеген    шаралар  ұйымдастырып  тұрады. Әрине,  бұл   жеткіліксіз. Жиынмен  мәселе  шешілмейді. Осы орайда, Қазақстан  тарабы  Каспий  теңізінің  проблемалары  бойынша  ғылыми – зерттеу  институтын  ашуды  жоспарлап  отыр.  Бұл  институт  теңізді  кешенді  түрде  зерттеп, басым  бағыттарды  анықтап  беруі  тиіс. Сонымен  қатар  Каспий  теңізі  акваториясын  қорғау  мен  сақтау  үшін   Кендірлі  демалыс  аймағында,  Ақтау,  Форт-Шевченко  қалалары  мен  Құрық  елді  мекені  маңындағы  теңіз  жағалауындағы  белдеулерінде   суқорғау  аймағы  бекітілсе.   Алайда  мемлекеттер  арасында  экологиялық  мониторинг  жүргізу  бойынша  кешенді  бағдарлама  бекітілген  жоқ.  Каспий  теңізі – тұйық  су. Бірнеше  тонна  мұнай  төгілсе, біз  Каспийдің  фаунасынан  айырылып  қалуымыз  мүмкін. Сондықтан  осы  мәселелер – ерекше  мән  беретін  жайт. Болашақта  Каспий  теңізіндегі  жан - жануарларды  қорғау  және   сақтау  мақсатында   Құлалы  архипелагында   және Комсомол    шығанағында  табиғи  қорық  құруды  жоспарлап  отыр. Өйткені  онда  биоресурс   көп  шоғырланған.  Менің  ойымша , биоресурстарды  сол  күйінде  сақтау  Каспий  теңізінің  айналасындағы  бес   мемлекетте  өмір  сүріп  жатқан  25   миллиондай  адамның  тағдырына  әсер  етеді  деп  есептеймін. Сондықтан  Каспий  маңы  елдері  бірлесе  отырып  медузамен  күресудің  жолын  іздестіру  керек.  Медузамен   қалай   күресуге  болады? Азов теңізінде  медузалар  көбейіп  кеткен  кезде онымен  қалай  күресті? Азов  теңізінде  медуза   көбейіп , қорек  көзінің  азаюы   балық  қорының  азаюына  алып  келді. Сондықтан  БҰҰ  Жерортатеңізі   мен  Қаратеңіз  жағалауындағы  елдерге   медузамен  күресу  керектігін  және  күресу  кезінде  жай  ғана  жою  жолы  емес   шаруашылықта,  медицинада, қытайлықтар  мен  жапондықтар  сияқты  азық  ретінде , яғни  өндірісте  тиімді  пайдалану  жолдарын  іздеу  керектігін  ашып  айты. Дүниежүзі  бойынша  алғашқылардың  бірі  болып   КСРО  ғалымдары  медузадан  және  өсімдіктің  сабағы  мен  жапырағын  (ұнтақталған  жүзімнің  жапырағы)  ұнтақтап    ірі  қара  мен  құстарға  арналған  жем  дайындап  шықты. Ол сиыр  сүтіннің  табиғи  құрамына  әсер  ететін  болғандықтан  тек  өгіздерге, шошқаға  және  құстарға  азық  ретінде  берілді. Зерттеу  нәтижесінде  ірі  қара  малының  салмағы  артып, жануарлардың  арасында  таралған  әртүрлі  ауырудың   азайғандығы  анықталды.Бірақ  КСРО  ыдырап  кетуіне  байланысты  жүзеге  аспақ  болған  жоспар  іске  аспай  қалды.

    Сонымен  қатар  медузаны  құрлыс  саласындада   қолдануға  болады. Медуза  бетонның  беріктілігін  арттырады,  оны  керамикаға  қосу  арқылы  жақсы,  сапалы  түрін  жасауға  болады. Жапония, Корея, Қытай  елдері  медузаны  1700  жылдан  бері  азық  ретінде  қолданып  келеді. Медузанын  етін  қан   қысымы  көтерілгенде  және  басқа  ауруға  ем  ретінде  қолданады. 2006  жылы   Жапонияның  жағалауында  көбейіп  кеткен  кезде  одан  тамаққа  қолдана  бастады. Тайландта   медузадан  кеспе  жасаса, ал  Қытайда  оны  тұздап,  кептіріп  (кептірілген  саңыраулқұлақ  сияқты  болады) салат  жасайды  және  бықтырып, қуырып  жейді. Қазіргі  таңда  Жапония  жыл  сайын  5,4 – 10 мың  жартылай   кептірілген   медузаны  25,5 млн  долларға  импорттайды.  1988  жылдан  1999  жылға  дейін    жыл  сайын  321  мың  тонна  медуза  ауланып  отырды.

    Медузаны  медицинада   жиі   қолданады. Орта  ғасырда   корнероттан  адам  денесіндегі  артық  сұйықтықты  шығару   үшін  пайдаланды.  Ал  қазіргі  кезде  оның   уынан  түрлі  дәрілер  әзірленеді. Кариб  теңізі  жағалауында  тұратын  елдерде  тышкандарға  қарсы  у  дайындалады.

    Жасыл  тасбақа  медузамен    қоректенетіндіктен    оны   жерсіңдіру  арқылы,  бөгде  түрлерді   құртуға  пайдалануға  болады. Олар  дүниежүзілік  мұхиттың  тропиктік, субтропиктік   аймақтарында, әсіресе  Атлант   және  Тынық  мұхиттарында  көп  таралған.

"Бөгде  түрлер" (сондай - ақ  экзогенді  немесе  әкелінген   түрлер  ретінде белгілі) адам  қызметінің  әдейі  немесе  кездейсоқ  тарату  салдарының  нәтижесінде  олардың  тарихи  белгілі  табиғи  ареалының   шегінен  тыс  жерде  пайда  болған  кез  келген  түрлерді   білдіреді.

   Жоғарыда  айтылғандардан   белгілі  болғандай , итбалықтарды  қорғау -  жедел  шаралар  қабылдауды   қажет  ететін   аса  маңызды  іс. Каспий  теңізінің  биоресурстарын  сақтап   қалу  -  Қазақстанның  ғана  емес , теңіз жағалауындағы  басқа   елдердің  міндеті ,  яғни  бірлескен   экологиялық   бағдарлама   жасау   және  орындау  -  қазіргі  кездің  ерекше  міндеті.

 

 

         Биоресурстардың   азаюына  себеп  болып  отыр:

 

1.     Қоректің  азаюы.

2.     Бекіре  өсiру  шаруашылығының  жоқтығы.

3.     Мемлекеттiк  бақылаудың  жоқтық  және  биоресурстарды  басқарудың  тиiмсiздiгi.

4.     Ғылыми  зерттеулердiң  жеткiлiксiздiгі.

5.     Табиғат  қорғау  заңнаманың  бұзуы.

6.      Жеткiлiксiздiк  ерекше  қорғаудағы  табиғи  аумақ.

7.     Теңiздiң  биологиялық  ресурстарын  тиiмдi  пайдалану  жөнінде  халықаралық.  келiсiмдердiң  жоқтығы.

8.     Бөгде  түрлердің   басып  кiру  және   олармен  күресу   жолдарының   жоқтығы.

 

Ұсыныс

1.     Теңiз  ортасынның  күйiң  бақылау  үшін  Каспий  теңіз  маңы  елдерінің  бiрлескен  бағдарламалары  әзірленіп,  жүзеге  асырылса.

2.     Каспий  теңізінің  биологиялық  ресурстарын  тиімді  пайдалану, қорғау, сақтау, қалпына  келтiру  үшін  арнайы  бағдарламалар  мен  жобалар  әзірленсе.

3.     Каспий   теңiзiнiң  мәселелерiн   зерттеуге  арналған   институт  құрылса.

4.     Солтүстiк – Шығыс  Каспийдің  биоресурсына  гребневик  мнемиопсис әсерiн  және  олардың  таралуы  толық   зерттеу.

5.     Итбалықтарды  Қызыл  кітапқа тіркеп,  Каспийдің  солтүстік  бөлігіне  қорық  құрылса.

                                                   Зерттеу бөлімі.

 Сауалнамалар:

                      «Каспий  теңізінде  итбалықтардың  қырылуына  бөгде  түрлердің  әсері  бар  ма?» деп тұрғындардардан сауалнама алдық.

                    Сауалнама  мақсаты: Тұрғындардың  экологиялық  сауаттылығын  анықтау  мақсатында.

                    Қатысушы:- Тұрғындар

   1. Каспий  теңізінің  итбалықтарының  қырылуына  бөгде түрлердің  әсері  бар  ма?                                              

________________________________________________________________________      

2.     Қандай  бөге  жәндік  итбалықтардың  азаюына   әсер  етіп  отыр?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Бұл  бөгде  жәндіктің қоршаған  ортаға  әсері  жайлы  не  білесіз?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4.Бұл  бөгде  түр  Каспий  теңізіне  қалай  келгендігі  туралы  білесіз  бе ? _____________________________________________________________________________5.Итбалықтардың  қырылуына   қоректік  қорының  азаюы   себеп  болып  отырғандығын  білесіз ба ? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

6.Итбалықтарды  сақтап  қалу  үшін  не  істеуге  болады? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сауалнамаға  қатысқан  Мұнайлының  тұрғындары.

Қатысты: 15  адам.

Сауалнаманың  қорытындысы  мынадай  болды:

Сауалнама «Каспий  теңізінде  итбалықтардың  қырылуына  бөгде  түрлердің  әсері  бар  ма?»                  

   1. Каспий  теңізінің  итбалықтарының  қырылуына  бөгде түрлердің  әсері  бар  ма?                                              

     А.   Ия    -  3 адам                        

     В. Жоқ      - 9 адам           

     С . Білмеимін    - 3 адам

2.Қандай  бөге  жәндік  итбалықтардың  азаюына   әсер  етіп  отыр?

А. Теңіз тасбақасы – 0 адам

Б. Медуза – 3 адам

С. Су жыландары - адам

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі:

 

           
1. Қайымов  Қ  «Суасты  әлемінің  айнасы». Алматы , «Қайнар», 1989ж.

2.Алаш айнасы. № 9 (920). 25 қаңтар   2013жыл.
3.Энциклопедия  животных  захватывающий  мир  медузы

4.Ғаламтор  желілерінен

5.Практическое   руководство  по  микрофауне  СССР. Том 5

6.Жануарлар  энциклопедиясы. «Аруна» баспасы.

7. Серікбол   Қондыбай «Маңғыстау  географиясы». Ақтау-2011

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнайлы  ауданының  № 11 орта  мектебінің

 10 –сынып  оқушысы  Базарбаева  Шандоздың

қоршаған  орта  және  адам  денсаулығын  қорғау

 секциясы   бойынша  «Каспий  теңізіндегі   итбалықтардың

  бөгде  түрдің  әсерінен  қырылуы»

атты  ғылыми  жобасына 

 

 

 

 

ПІКІР

 

 

     Базарбаева  Шандоз  Қосайқызы  «Каспий  итбалықтарының  қырылуына  бөгде  түрдің әсері»  атты  ғылыми  жұмысын  тиянақты  етіп  орындап  шығуына  өзінің  еңбек  сүйгіштік, ізденгіштік, ұлтжандылық, туған  жерін  ерекше  сүйетін  қасиеттеріне байланысты  болды. Ол  мектепте  жақсы  оқумен  қатар, тапсырылған  жұмысты  ұқыпты, тиянақты  етіп  орындауға  тырысып  отырады.
    Аталған  тақырып  бойынша  тақырыбын  өзі  таңдап, көп  ізденіп, туған  жеріне  деген  сүйіспеншілігі, өз  тарихын  құрметтеуге  ұмтылуы, оның  көп  оқып, ерінбей  еңбек етуінен  көрінді. Каспий  теңізінің  экологиялық   жағдайы  оны  қатты  қызықтыра  білді. Каспий  теңізі, итбалық, медуза туралы  кітаптар  мен  баспасөз  материалдарын  ғылыми  жұмыстарына  пайдалана  отырып, мектеп  кітапханасы  мен  ауыл  әкімшілігі кітапханасынан   талмай   
іздену  жұмысын  жүргізді. Ол  көптеген  ғалымдардың   ғылыми  еңбектерімен, ғылыми  әдебиеттерімен   таныса  отырып,  өзінің   ұсынысын   тағайындады.

    Базарбаева  Шандоздың   ғылыми   жұмысы  табиғат   үшін  маңызды  тақырып   болғандықтан,  қорғауға   жіберуне  болатын  жұмыс  деп   жоғары   бағалаймын.

   Сондықтан   қадамын   жаңа  бастаған  жас  ғалымға   ғылыми  ізденіс  жұмыстарында  сәттілік  тілей   отырып,  болашақта  Шандозға  жергілікті  мамандардың  қатысуымен   жұмысын  толықтырады   деп  сенім  білдіремін.

 

 

Пікір  беруші:

«_____»  ________________  20__ж.                қолы  _________

 

 

 

 

 

 

Мұнайлы  ауданының  № 11 орта  мектебінің

 10 –сынып  оқушысы  Базарбаева  Шандоздың

қоршаған  орта  және  адам  денсаулығын  қорғау  

секциясы   бойынша  «Каспий  теңізіндегі   итбалықтардың

бөгде  түрдің  әсерінен  қырылуы»

атты  ғылыми  жобасына 

 

 

 

 

ПІКІР

 

 

    Касипий  теңізінің   экологиясына  әсер  ететін  факторлар   жайлы  мәліметтер   мен  зерттеулер  көпшілік   қауымды  қызықтыратын  тақырып    болып  саналады. Оның  өзіндік  ерекшелігі  бар. Сондықтан  тақырыптың өзектілігі  күмән  тудырмайды. Ғылыми  жоба   тақырыптың  мазмұнын  ашуға  арналған  3  тараудан  тұрады. Оларда  Каспий  теңізінің  итбалықтарының  қырылу  себебтері  жан -  жақты  қарастырылған. Әсіресе   медузаның  әсерінен  итбалықтардың  қырылуы, адам  денсаулығына  әсері   жайлы  мәліметтер  әркімді  де  қызықтыратыны  айқын. Жобада   Каспий  теңізінің  қазіргі  экологиялық  жағдайы, ондағы  биоресурстардың  азаюына  әсер  етуші  факторлар,  медузаның  итбалықтардың  ғана  емес  адам  денсаулығына  әсері  жайлы  мәліметтер , деректер   сарапталған. Автордың  тілі   жатық, сөз  қоры  мол. Әр  тарауға  тұнымды  ой  пікір, түйін  жасалған  жоба  өзіндік  зерттеу  мүшелігі  бар   туынды  болып  қалыптасқан. Сондықтан  мен  бұл  жобаны  барлық  сұранымдарға  жауап   беретін   ізденіс  әрекетінің  жемісі  ретінде    бағалап,  оны  облыстық, республикалық   жарыстарға   ұсынуға  әбден   лайық   деп  санаймын.

 

 

Пікір  беруші:

 

 

«_____»  ________________  20__ж.                қолы  _________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

1.     Каспий  теңізінің  итбалықтарының  қырылуына  бөгде түрлердің  әсері  бар  ма? 

_________________________________________________________________________                                          

2. Қандай  бөге  жәндік  итбалықтардың  азаюына   әсер  етіп  отыр? _____________________________________________________________________________

3. Бұл  бөгде  жәндіктің (медуза) қоршаған  ортаға  әсері  жайлы  не  білесіз?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4.Бұл  бөгде  түр (медуза)  Каспий  теңізіне  қалай  келгендігі  туралы  білесіз бе ?  ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________5.Итбалықтардың  қырылуына қоректік  қорының  азаюы   себеп  болып  отырғандығын  білесіз ба?

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

6.Итбалықтарды  сақтап  қалу  үшін  не  істеуге  болады? _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

Сауалнамаға  жауап  бергеніңізге  рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Каспий теңізіндегі итбалықтардың бөгде түрдің әсерінен қырылуы" ғылыми жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 115 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2016 2787
    • DOCX 82.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абикеева Сая Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абикеева Сая Нурлановна
    Абикеева Сая Нурлановна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 33934
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "География")

Учитель географии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 369 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов