Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Каталог дидактических игр "Шығармашылық ойындар"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Каталог дидактических игр "Шығармашылық ойындар"

библиотека
материалов


Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні.

Тәрбие – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен,табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың қөзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балалрға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой -өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық,туған жеріне сүйіспеншлік сезіміе тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.

Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, алдын-ала жұмыс жүргізу керек.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа.

  3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл – ой қызметін қалыптастырады,әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі – сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын –ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы.

Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталау бермеу керек,ол үшін өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп оны жүргізудің тиімдң тәсілдерін ойластыру керек. Барлық сабақтарда дидактикалық ойындар қолданылады, оны сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы сауат ашу сабағында идактикалық ойындар балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда сақтап, сөз құрастыруға, олардың ой-өрісін дамытуға үйретеді.

Қазір «Балбөбек» бағдарламасына байланысты кешенді сабақтар бірнеше сабақты қосып байланыстырып өткізу әдіс –тәсілдерін қолдануға болады. Айталық, сауат ашу сабағында сөзде неше дыбыс, неше әріп, неше дауысты дыбыс бар екенін балалар санайды, текшемен белгілейді, немесе суретін салады.

Дидактикалық ойын сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар аз ойланады. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу,түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр,қане «сен көк кубиктарды әкелші», «үстелге апарып қойшы « т.б. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді.

Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойынт әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды саналы түсініп, оның шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Ойин мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге көмектесуге, ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады.

Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың тақырыбына,мақсатына сай таңдалып отырады. Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі- монологтық және диалогтық сөйлеуге арналған.

Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты –бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Антоним сөздермен таныстырғанда жануарларды зообаққа әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне қарап, « үлкен, кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой-өрісін кеңейту үшін өте пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді осы сияқты дидактикалық ойындарды ұйымдастру арқылы меңгертуге болады.

Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады?» «Жалпы атауын бер», «Жеке-жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тарелка, шанышқы - «ыдыс-аяқтар», алма, алмұрт, шие – жемістер, қияр, картоп, сәбіз, қызылша - көкөністер.т.б.

Баланың шығармашылығын дамытуға имитациялық ойындар «Біздің көңіл күйіміз?», «Қоянның көңіл-күйі» т.б. ым, мимиканы әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып, көрсетуге үйрету. Ыммен, мимикамен көңіл-күйді салып, оны сәйкес сөздермен айту. Мысалы: Қоян қорқып тұр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен, қуану, ренжу, жылау т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл-күйін түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді.

Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамытумен қатар ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.

Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек,сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталуы үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай , әдемі қораптарда, қалталарда тұру керек.





























Тіл дамыту сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойындар.



Ойынның тақырыбы: «Қажет суретті тап».

Ойынның мақсаты: Логикалық ойлауға үйрету, күн режиміне қажет іс-әрекетті есіне түсіру. Қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету. Түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру.

Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластелиннен, балшықтан жасалған тоқаш,конфет, нан,бауырсақ, ет, колбаса, т.б.

Ойын ережесі:Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші-мұғалім үлкен суреті балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.

Ойынның соңында балалпр ойынға қатысты заттардың суретін салады ( өз қалаулары бойынша нан, құант тоқаш т.б.)

Ойын. Кімде мына түстес зат бар? (Тәрбиеші- мұғалім жасыл түсті затты көрсетеді.) Кім табады? Деп сұрақ қояды.

Балалар жасыл түсті заттарды аиайды. Мысалы: шөп, жапырақ, қияр т.б.

Ойынның тақырыбы: «Формасы ұқсас заттарды тап».

Ойынның мақсаты: Түрлі заттарды формасына қарай ажырата білуге үйрету. Сөзбен атап айтуға жаттықтыру, сабақта алған білім-дағдыларын тиянақтау.

Ойын жабдығы: Формасы әр түрлі заттар:доп, машинаның дөңгелегі, қияр, кітап, геометриялық фигуралар-үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат, машина (

осы машинадан әр түрлі формаларды тапқызу).

Тәрбиеші –мұғалім қағазға түрлі форманы бейнелейтін карточкалар дайындайды.

Ойын ережесі. Тәрбиеші-мұғалім сабаққа дайындалған заттарды және карточкаларды әкеледі. Заттарды не сол заттардың суреттерін балаларға үлестіріп береді. Мысалы, Кімде домалақ зат бар?- деп сұрайды. Балалар аталған форманы өз суреттерінен не ойыншықтарынан тауып, стөл үстідегі карточкадағы ұқсас сызыққа қояды да сөзбен айтады. ( бұл –алма, формасы домалақ, түсі қызыл сары, дәмі тәтті, ағашта өседі, күзде піседі т.б,) Жеміс-жидек, көкөніс туралы тақпақ не жұмбақ айтылады.

















































БАЛА САУСАҒЫН ОЙНАТА ОТЫРЫП, ТІЛІН ДАМЫТАЙЫҚ

Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.

Саусақ ойыны — саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертсгіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз банланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.

Мысалы, «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады, Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.



Мысалы, «Моншақ».



Қызыл-сары көк моншақ,

Мен жасаймын көп моншақ.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сақсаусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларлы тізбектеп қатарға тізе бастайды. Қыимылмен моншақ пішінін жасайды. Екі қолмен қатар жасай отырып, саусақтарды тізбектейді.

Сонымен катар қол саусақтары қиымылын жетілдіру үшін ұсақ таяқшалардан, жемістістердің дәндерінен, түймелерден әртүрлі бейнелерді тізбектеп жасау балалар үшін оте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінін жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

Төмендегі көрсетіліп отырылған саусақ ойындарын балалар ақындарының өлең-тақпақтарымен байланыстырып, ұсынуға болады.





Добымhello_html_43f1a1e.png

Добым, добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың, hello_html_m7abf215f.png

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

Ешкі

Күнде тәртіп бұзылты,

Балаларды сүзіпті.

Жемістерді үзіпті,

Мүйізіне тізіпті.

Міне, осындай алыпты.

Атам көріп қалыпты.

Мазаны ала бердің деп-,

Мүйізін қағып алыпты.hello_html_m28caa1e5.png

Мысық

Пеш үстінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

Қоян

Ұзын құлақ сұр қоян,hello_html_m852a86d.png

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап, hello_html_bc823f4.png

Көжегі екен өзінің.

Әтеш

Әдемі әтеш,

Таң атпай тұрыпты.

Ойқастап жүріпті.

Жан-жаққа қарапты.

Айдарын тарапты.

Қазым

Қаэым, қазым қаңқылда,hello_html_b1b9be0.png

Көлде жүзіп салқыңда.

Жем шашайын жейсің бе ? Көмпит берші дейсің бе ?

Жоқ, жоқ, жоқ

Кәмпит тәтті болмайды ас, Арпаменен бидай шаш.

Ақ тауықhello_html_2eaa8af.png

Ақ тауық-ау, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық

. Ертеменен қыт-қыттайды,

Ауламыздан шықпайды.

Шеп-шеп десем келмейді, Берген жемді жемейді.

Ауруы қандай қауіпті,

Деп аяймын тауықты.

Деп жүрсем тауығым,

Ақ жұмыртқа тауыпты.

hello_html_2a550eb9.png

Құлып

Орманда бір үй тұр,

Есігінде құлып тұр. Айтындаршы балалар,

Құлыпты кім ашады?







Торғай

Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп қонғайсың. hello_html_141114a9.png

Жем шашайын тойып ал,

Сонда торғай тоңбайсың.



Қайықhello_html_m7022ff04.png

Қайық суда жүзеді,

Сақинасын тізеді.





«Алтын сақа» ойыны

Бұл ойын сабақты балалардың білімін қорытындылау үшін өткізуге болады.

Асық, тақта, сұрақтар жазылған карточкалар, суреттер, ойыншықтар,

жеңімпаздарға арналған сыйлық көрнекі құралдар етіп пайдаланылады. Ойынның шарты бойынша 5-6 асықтың арасынан алтын сақаны таңдап алып, сақаны сұрақтар жатқан тактаға тастау керек. Сұрақты оқып, жауап беру қажет.

Ойында колданылатын сұрақтар:

  • үй жануарларын ата,

  • балабақшада кандай ойыншықтар бар?

  • өз отбасы туралы әңгіме

  • балабақшада кім жұмыс істейді?

  • жұмбақты жасыру

  • қандай құстарды білесің?

  • жақсы көретін тақпағынды айтып бер

  • өз суретімді саламын /дене мүшелерш атап бер/

  • санамақты колданып ойын ойнату.

Дұрыс жәуап берген балаға асык беріледі.

Ойынның аяғында кім көп асық алды, сол жеңді. /не болмаса қай комаңда көп асық алды - сол жеңді/.



















Аннатация

Сюжетті-рольдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, қарым – қатынас әрекетін белсендіру. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған әдістемелік нүсқау.























Түсінік хат.

«Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету

қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай

үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін

жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке

адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».

( А.С. Макаренко)



Бала мен балалар ұжымының дамуына мектеп жасына дейінгі іс-әрекетінің негізгі түрі - ойын зор рөл атқарады. Ойын - балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді.

Орыс педагогы В.А. Сухомлинский: «Ойын - баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» - деп айтады.Ойын - балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұны, әлеуметтік сипаты жағынан баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.

Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Отбасы», «Балабақша»және т.с. болып ойнайды.

Ойынның сюжеттік мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, оның әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойынға ықылас пен ынтаны күшейтеді. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.

Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді.

Сюжеттік-рөлдік ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың ерекшелігі - оны балалардың өздері жасайды. Сюжеттік-рөлдік ойында бейнелеу құралы - рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.

Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен ашық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын – ұшқыр, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.

Ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.





«Көше» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны: 1.Балаларға көліктердің түрлері, жүргізушілердің еңбегі және көше қозғалыстарының ережесі туралы түсінік беру. Балаларға бағдаршамның атқаратын жұмысын, автобусқа міну, көшеден өту ережелерін үйрету. Көше ережелерінің белгілерін түсінуге, ажырата білуге үйрету, көше қозғалыстарының ережелері жайлы білімдерін кеңейту. 2.Көше қозғалыстарының негізгі ережелеріне бағына білуге тәрбиелеу. Ойын атрибуттарын жасау, реттеушіні, жаяуларды, жүргізушілердің рөлін ойнауды уйрету. Атрибуттар: түрлі көліктер, коляскалар, велосипедтер, бағдаршам, белгілер, реттеушінің жұмыс киімі, жаяуларға арналған белгілер, жаяулар, жүргізушінің куәлігі,реттеушінің таяғы. Қатысушылар: полиция-реттеушісі, МАИ инспекторы, жүргізушілер, жаяулар.

Қыркүйек 1.Көше жайлы әңгімелеу, көліктердің әрекеттерін бақылау мақсатында көшеге саяхат. Сөздік: жолақтар(тратуарлар), қиылыстар, жол қиылысындағы қозғалыс. 2. «Қала көшесі» суреті бойынша әңгімелеу.Түрлі көліктердің екі жақтамалы қозғалысы, қиылыстар, жолақтар жайлы білімдерін тиянақтау. 3. «Жаяуға арналған жол» белгісін дайындау. «Жаяуға арналған жол» белгісі тұрған жерде жаяулардың жолақпен, жаяуларға арналған жолдан өтуін серуендеу барысында ойнату. 4. «Қозғалысты кім басқарады?» әңгімесін оқу. Балаларға МАИ инспекторының жұмысы жайлы түсінік беру. Сөздік: ала таяқша(жезл), рация, дыбыс ұлғайтқыш(громкоговоритель).

Қазан. 1.Балабақшаға МАИ инспекторын шақыру арқылы оның жұмысы туралы балалардың білімін кеңейту. 2. Атрибуттарды дайындау: шлем, белдік, күртеше, рация, дыбысұлғайтқыш. 3.Инспектор рөліне баланы таңдау және атрибуттарды ойнату. Көшеде жүру ережелері туралы білімдерін тереңдету.

Қараша. 1.Бағдаршаммен таныстыру. «Жол ашық, өтіңдер» әңгімесін оқу. Көліктермен жаяулардың қиылыстардағы қозғалысын, бағдаршамның жұмысын бақылау. 2. Атрибуттарды дайындау: бағдаршам. Бағдаршамның көмегімен жолдан өту және көліктердің қозғалысын ойнату.

3. «Бағдаршам» өлеңін жаттау. «Біздің қала көшелері» ойынын басқа тұрмыстық ойындарымен байланыстыру. Балаларды өз еркімен рөлдерді таңдауға үйрету.

Желтоқсан. 1.«Болуы мүмкін емес» суреті бойынша әңгімелеу.Балалардың көшеде жүру ережесінің қауыпсіздігін сақтау туралы білімдерін тиянақтау. 2.Балаларға полиция-реттеушісінің жұмысы туралы әңгімелеп беру. Топқа МАИ қызметкерін шақыру және «Біздің қала көшелері » ойынын көрсету, полиция-реттеушісінің ала таяқшамен(жезл) машиналарды тоқтатып, жаяуларды көшеден өтуін көрсету. 3. Атрибуттарды дайындау: МАИ қызметкерінің киімі, ала таяқша(жезл). Екі қиылыс жасап, полиция-реттеушісінің әрекеттерін ойнату. 4. «Қала көшесі» макетін дайындау.Балалар машиналардің , адамдардың кескінін, үйлерді жасайды. Көше қозғалыстарының ережелерін қайталау, тиянақтау.

Қаңтар. 1. «Көңілді бағдаршам» диафильмін көрсету. Балалардың көліктер мен жаяулардың жол қиылысындағы бағдаршаммен басқару ережелері туралы білімдерін тиянақтау. 2. Автобус аялдамасына экскурсия. Жүргізушінің сигнал беруін, жолаушылардың автобусқа мінулерін бақылау. Қарттар және балалы жолаушылар автобустың алдынғы есігінен кіреді. Ережені сақтай отыра, автобустың қай жағынан және қалай өтуін әңгімелеу. 3. Балалармен қозғалыс ережелеріне жүгіне отырып, автобусқа міну ойынын ойнату. 4. Қыс мезгіліндегі қозғалыс жайлы әңгімелеу. Балаларға қауыпсыздық ережелерін сақтау әдеттерін қалыптастыру.

Ақпан. 1. «Қызыл, сары, жасыл» ойын-сауық өткізу.Көше қозғалыстарының ережелері туралы алған білімдерін тиянақтау. 2. Жолда жүру ережелерін бұзғандар және оларға қандай шара қолдану керектігі туралы әңгімелеу. 3. «Мен және менің достарым» ойынын үйрету. 4. Балаларды автотұрақ, жаяуларға өтуге болмайтын, «Балалар» жол белгілерімен таныстыру.

Наурыз. 1. «Асхана», «Аурухана» қасындағы автотұрақтағы көліктердің көбеюін бақылау. 2. Жүргізушілерге жол белгілері асхананы, аурухананы табуда көмектесетінін түсіндіру. «Медициналық көмек орны», «Тамақтану орны» белгілерімен таныстыру. Балаларға таныс болған белгілердің атрибуттарын жасату. Олардың алған білімдерін қортындылау, тиянақтау. 3. Белгілерге сәйкес көшедегі көліктердің қозғалыстарын ойнату. «Телефон», «Асхана», «Аурухана» ойындарымен байланыстыру. «Тауып ал» дидактикалық ойыны, көше қозғалыстарының ережесі туралы білімдерін тиянақтау.

Сәуір. 1.Х. Талғаровтың «Дос болайық бәріміз» өлеңін оқу. Жаяулар ережесін қайталау, тиянақтау. 2.Балалармен «Қайда ойнауға болады, қайда ойнауға болмайды?» тақырыбы бойынша әңгімелесу. 3.«Жүргізушілер» қозғалыс ойынын үйрету. Сигнал бойынша әрекеттер, бағдаршамның жұмысы туралы білімдерін қайталау. 4.«Қызыл, сары, жасыл» ойынын басқа тұрмыстық ойындармен байланыстыру.

Мамыр. 1. Жол белгілері атрибуттарын қолданып, балабақша ауласында балалармен ойын өткізу. 2. МАИ қызметкерін жүргізуші рөліне шақыру.



























«Аурухана» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны: Балалардың дәрігер мамандығы жайлы білімдерін кеңейту: балалар дәрігері (педиатр), медбике, жедел жәрдем дәрігері, окулист(көз дірігері), хирург, лоринголог, терапевт, стоматолог(тіс дәрігері), фармоцевт. «Емхана» ойынын басқа ойындармен байланыстыру арқылы толықтыру және дамыту. Медициналық терминдермен балалардың сөздік қорын кеңейту. Топтарда ойынды үйымдастыруға үйрету барысында достық қарым-қатынасты нығайту.Рөлдерге өз қалауларымен бөлуді үйрету. Ұжымдық ойында басқарушылық іскерліктерін қалыптастыра отырып, бірлестікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Ойын атрибуттары: 1.Педиатр кабинеті: дәрігер, медбике, халат, бас киім, рецептер, градусник, жолдама, фонендоскоп, шпатель, , ойыншық, витаминдер. 2.Емшара бөлмесі: дәрігер, медбике, халат, бас киім, шприцтер, банкелер,қыша қағазы, инголятор, мақта, спирт, витаминдер. 3.Дәріхана: дәрі сатуші, фармоцевт, дәрілер, дәрілерге арналған сөрелер, рецепт. 4.Окулист(көз дәрігері): бас киім, халат, таблица, бинт, мақта, пипетка, көзге тамызатын дәрі, мазь, көзілдірік. 5.Жедел жәрдем: дәрігер, жедел жәрдем көлігі, халат, бас киім, дәрілер салынған чемодан. 6.Терапевт: дәрігер, медбике, рецептер, жолдамалар, ширма, кушетка, градусник, шпатель. 7.Стоматолог: дәрігер, медбике, қысқыштар, пинцепт,тісті емдеуге арналған заттар, халат, бас киім, сабын, спирт, шприц.

Қыркүйек.

1.«Біз дәрігерміз» әңгімесін оқу, әңгімелеу. Балаларды барлық мамандықтардың жұмысы жақсы және қажет екендігін, бірақ жер бетіндегі ең керекті мамандық дәрігер, себебі ол адамдардың өміріне жауаптылығы туралы өз ойларын айтуға, қортынды жасауға үйрету.

2.Атрибуттар дайындау.

3.«Педиатр кабинеті» (градусник, фонендоскоп, рецептер, шпатель, еңбекке жарамсыздық парақтары). Медицина қызметкерлерінің аттарын және олардың атқаратын жұмыстары туралы білімдерін тиянақтау. «Дәрігер» өлеңін оқу.

Қазан.

1.Балалар дәрігері туралы әңгімелеу. «Кім болғым келеді?» суреттер жинағын көру. Балалар дәрігері жас балаларды емдейтінін және ол өте мейірімді жан екенін түсіндіру Сөздік: педиатр, мейірімді, фонендоскоп.

2.Педиатр кабинетіне серуен. Дәрігермен науқас кісінің ортасындағы әңгімені бақылау.К.И. Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» ертегісінен үзінді оқу.

3.«Дәрігер және науқас бала» сюжеттік ойынын ойнау. Балалардың өзіндік өмірлік тәжірибесін, олардың ой-өрісін, әлеуметтік өмірге қызығушылығын арттыру. «Дәрігер» өлеңін оқу.

Қараша.

1.«Науқас бала» әңгімесін оқу.Балалармен медицина қызметкерлері жайлы әңгімелесу, мамандықтардың барлығы жақсы және қажеттілігі туралы түсініктерін тиянақтау.

2.Дәріханаға экскурсия. Балаларды фармоцевт және дәрі дайындаушының (провизор) жұмысымен таныстыру. Провизор дәрілерді дайындауын, фармоцевт дайындалған дәрілерді сатуы туралы түсінік беру. Фармацевт дайындалған дәрілердіғана емес, заводда дайындалған дәрілерді де сатады.

Сөздік:провизор, фармацевт.

3.«Дәріхана» ойынына арналған атрибуттарды дайындау: дәрілер, рецепттер, сөрелер. «Дәріхана» ойынына арналған заттардың айтылуын тиянақтау, ұжымдық ойында басқарушылық іскерліктерін қалыптастыра отырып, бірлестікке, еңбекке тәрбиелеу.

Желтоқсан.

1.«Дәріхана», «Балалар дәрігерінде» сюжеттік ойындарын қуыршақтармен ойнату. Олардың ойнау барысындағы әрекеттерін, дәрігер, медбике, фармацевт және науқастың рөлдерін ойнауын, сөйлесуін бақылау.

2.«Дәріхана», «Балалар дәрігерінде» ойындарын басқа сюжеттік-рөлдік ойындармен байланыстыру. Ойын барысында түрлі басқа ойындарды байланыстырып ойнауды үйрету.

Қаңтар.

1.«Жедел жәрдем» сюжеттік ойынын ойнату. Балаларға жедел жәрдемді қай кезде, не себептен шақыру керектігі, дәрігерлердің көмегі, науқасты ауруханаға тез жеткізуі туралы түсінік беру.

2.«Жедел жәрдем», «Окулист» сюжеттік ойындарға атрибуттар дайындау. Медициналық терминдерді қайталау, тиянақтау.

Сөздік: дәрі, окулист.

3.«Балалар дәрігерінде», «Дәріхана», «Жедел жәрдем» сюжеттік ойындарын біріктіріп ойнау барысында атрибуттарды пайдалану, шағын топтарға бірігуге, рөлдерге бөлініп ойнауға үйрету, олардың ой-өрісін, әлеуметтік өмірге қызығушылығын арттыру.

Ақпан. 1.«Окулист» кабинетіне экскурсия. Балаларды көз дәрігерінің жұмыстарымен таныстыру, дәрігердің науқаспен сөйлесуін, дәрігер және медбикенің жұмыстарын бақылау.

2.Балаларға медбике туралы мәнерлеп өлең оқып беру арқылы олардың медбике мамандығына деген қызығушылығын арттыру. Өлең жаттау.

3.«Окулист» сюжеттік ойынын ойнату. Балалардың атрибуттарды дұрыс атау және қолдануын қадағалау.

Сөздік: окулист,пипетка.

Наурыз.

1.«Емхана» сюжеттік ойынын суреттер арқылы көрсету, әңгімелеу. Дәрігер және медбикелердің іс-әрекеттерін көрсету.

2.«Емшара бөлмесіне» саяхат. Медбикенің жұмысымен таныстыру. Медбикенің көңілді, мейірімді және келген науқастарға «Сәлеметсіз бе», «Сау болыңыз» деп айтуына көңіл бөлу.

Сөздік: емшара бөлмесі.

3.«Емшара бөлмесі» сюжеттік ойынын ойнату. Ойын барысындағы әрекеттер: мақтаны спиртке батырып ине егетін жерге сүрту, ине егу және спиртті мақтамен сүрту .

Сөздік: шприц, инъекция.

Сәуір.

1.Емшара бөлмесіндегі іс-әрекеттерді, атрибуттарды мүсіндеу.

2.«Балалар дәрігерінде» және «Емшара бөлмесінде» сюжеттік ойындарын біріктіріп ойнау барысында балалардың өзіндік өмірлік тәжірибесін , ойынға қызығушылығын арттыру, ойнаушылардың арасындығы жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

3.«Мамандықтың бәрі жақсы» әңгімесін оқу, мазмұнын әңгімелету барысында мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру, тілдерін дамыту.

Мамыр.

1.«Емхана» сюжеттік-рөлдік ойындағы хирург және стоматолог дәрігерлері , олардың атқаратын жұмыстары туралы түсінік беру. (Хирург турлі операциялар жасайды, тіс дәрігері тісті емдейді)

Сөздік: хирург, операция, стоматолог.

Мақал: «Еңбек еткен емеді».

2.«Хирург», «Стоматолог» сюжеттік ойындарына атрибуттар дайындау. Медициналық терминдерді қайталау, тиянақтау, бастаған жұмысын соңына жеткізуді, ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 3.«Емхана» сюжеттік-рөлдік ойынына бірнеше сюжеттік ойындарды біріктіріп ойнату.өз қалауларымен рөлдерді бөлу және олардың іс-әрекеттерін дұрыс атқару, бірлестікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

«Мектеп» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны:

1. Балалардың мектеп туралы білімдерін арттыру. Қыркүйекте балалар мектепке барады, оқушыларда мектеп формасы, сөмкесінде мектеп құралдары болады. Балалар мектеп тәртіптерімен: сабаққа дайындалу, мұғалімді күтіп алу, сабақ айтарда қолын көтеру, басқа оқушыларға бөгет жасамау, мұғалімді тыңдау және оның берген тапсырмаларын орындауымен таныстыру.

2. Сөздік: әріптер кассасы, әліппе, алфавит. Балалардың диологикалық тілдік қорын арттыру. 3. Балаларға мұғалім және оқушы рөлін ойнату, оларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу. Атрибуттар: парта, тақта, таяқша, бор, стол, үстел.

Мектеп құралдары: портфель, қаламдақ, қалам, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, кітап, дәптерлер, әліпби, әріптер кассасы, мектеп формасы.

Қатысушылар: мұғалім, оқушылар.

Қыркүйек

1.Кіріспе әңгіме.

Қыркүйек айында барлық балалар мектепке барады. Оларды мектеп директоры мен мұғалімдер қарсы алады. Әр мұғалім оз пәнедері бойынша: математика, дене шынықтыру, қазақ тілі және т.б. сабақ өткізеді.

2. Бірінші қыркүйекте мектепке баратын балаларды бақылау. Балаларға мектеп формасы әрқашанда таза және ұқыпты болуы жайлы түсіндіру.

3. 1 сынып балаларының портфелін көру.

Балалрға оқу құралы жайлы түсінік беру.Портфелде қалам мен қарындаш салынған қаламдақ, сызғыш, кітаптер, дәптерлер болу керек.

Қазан

1. «Мектеп» ойынына қатысты атрибуттарды жасау (портфель, кітаптар, дәптерлер, сызғыштар). Оқу құралдары мен оларды қолдану туралы түсініктерін тиянақтау.

2. «Күнтізбедегі бірінші күн» өлеңін оқу. Өлеңнің мазмұны жайлы әңгімелеу. Осы күні барлық ұлдар мен қыздар мектепке баратыны тулралы айту.

3. «Мектепке жиналу » ойынын ойнату.

Балалар мектеп формасын киіп, шаштарын жинап және тарап, аяқ киімдерін тазалап, портфеліне керекті құралдарын салып мектепке келеді.

4. «1 сынып оқушылары» суретін көру.

Оқушының ұқыпты, тәртіпті болу керектігін түсінтіру.

Қараша

1. Мектептегі сыныпқа экскурсия.

Сынып үлкен, кең, жарық. Сыныпта парталар, шкафтар, мұғалімнің столы, сынып тақтасы, көп гүлдер бар.

2. Балалардың сабақта қалай отыруын бақылау: қоңырау соғылады, балалар өз парталарының қасында тұрып, мұғалімдерін күтеді. Мұғалім сыныпқа кіреді, балалардың орындарына отыруын сұрайды.

3. «Балалар мектепке келеді» ойнын ойнату.

Атрибуттарды дайындау: парта, тақта, мұғалімнің үстелі, бор, таяқша, математика, тіл дамыту кітабы. Мектептегі ән-күй сабағын ойнату. Мұғалім келеді, әннің сөзін жаттату, әуенін, әндетуін үйрету.

4. «Мектеп» өлеңін жаттау.

Желтоқсан

1. Мектептегі сабаққа қайта экскурсия жасау.

Балалар: жауап беруден бұрын қолын көтеру керек екенін, сабаққа үзіліс кезінде дайындалуды, басқалардың жауаптарымен салыстыру және дұрыс тыңдау, оларға көмектесу, сабақ айтқанда барлық балалар дауыстап, тиянақты жауап беру, партаға тек мұғалім айтқандарын ғана қою.

2. Математика сабағын ойнату.

Мұғалімнің рөлін тәрбиеші орындайды. Мұғалім үй жұмсын тексереді, соған қоса жаңа тақырып түсіндіреді, балалардан есептеудің жалпы санын қайталауды сұрайды. Сабаққа мектеп директоры қатысады.

Қаңтар

1. Ана тілі сабағын өткізку ойыны.

Балаларға әліппені, қиылған әріптерді, суреттер, әріптер кассасын дайындау. Суреттер көмегімен әріп атауларын тиянақтау. Ертегі және таныс өлеңдерді оқуға үйрету. Мектеп асханасында түскі тамақ беріледі. Бас аспаз тамақтың сапасын тексереді.

2. Мектепте үзіліс кезін ойнату. Мұғалімнің рөлін тәрбиеші ойнайды, соған қоса балалар. Үзіліс кезінде балалар ойнайды, дем алады, келесі сабаққа дайындалады.

3. «Мен өстім» тақпағын оқу. Өлеңнің мазмұны бойынша әңгімелесу. 1 сынып оқушысының жауапкершілігі туралы айту. Сыныпқа саяхат жасау. Кішкентай балаларға концерт көрсету, ойыншықтар жасау.

Ақпан

1.Мектептің спорттық залына экскурсия.

Сөздік: спорт құралдары – арқан, құрсау, бөрене т.б.

2. Дене шынықтыру сабағына атрибуттар дайындау.

Дене шынықтыру сабағы ойыны: балалар сапқа тұрады, жаттығуларды орындайды, секіру, жүгіруді үйренеді. Дене тәрбиешісі мұғалімі барлық қимылдарды өзі жасап көрсетеді.

3. «Мектеп» ойынын «Отбасы» ойынымен байланыстыру.

Анасы баласын таңертең мектепке оятады. Бала жуынады, киінеді, анасы оған портфелін жинауға көмектеседі, таңғы асын береді, мектепке жібереді.

4. Сабақтан соң мұғалім балаларды асханаға және сурет салу бөлмесіне апарады. Балалар сурет салады және көрме дайындайды.

Наурыз

1. Мектепке 22 наурызға арналған мерекелік жиналысқа қатысу.

Балаларға біздің балабақшамыздағы дай оқушылар да ұлттық мерекемізді тойлайтынын айту. Тәрбиеші ұлттық ойындарды ұйымдастырады.

2. Балабақша бітірушілерімен кештер өткізуді ұйымдастыру (ойындар, жарыстар).

Сәуір

1. «Мектеп» ойынымен «Кітапхана», «Асхана» ойындарын байланыстыру.

2.Балаларды оқушылар ережесімен таныстыру. Ережелерді орындау қажеттілігін түсіндіру.

3. «Мен мектепке барамын» суреті бойынша жұмыс.

Мамыр

  1. Оқушылар меркесін бақылау. Мектеп директоры, бірінші сынып, ән-күй, сурет сабағының мұғалімдері, бас аспазшы, дене тәрбиешісі рөлдерін ойнау..

2. Оқушылар мерекесінің өткізуін ойнату. Мектеп эмблемасын (таңбасын) дайындау, түрлі мерекелік атрибуттармен безендіру.

3. Директор мен мұғалімдер тоқсандық қорытындысын талқылайды. Мұғалімдер балалардың үлгерімін, олармен өткізген іс – шараларі туралы есеп береді.



































«Шаштараз» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны: 1. Шаштараз мамандығы жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Әйелдер залы, ерлер залы. Әйелдер залы - қияды, шашты сәндейді, массаж жасайды. Ерлер залы - қияды, қырады, массаж жасайды. 2. Шаштаразшылардың құралдары жайлы білімдерін тиянақтау - фен, бигуди, лак, гель, шаш алатын асбап, қырынуға арналған крем, массажерлар. 3. Шаштараз мамандығын меңгерген адамдарға қызығушылықтарын арттырып, еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу. Атрибуттар: Айна, қайшылар, тарақтар, кремдер, сусабындар, лак, бигуди, алжапқыштар. Ойындағы рөлдер:ерлер шаштаразшысы, әйелдер шаштаразшысы, клиенттер.

Қыркүйек. 1. Топтағы балалардың шаш үлгілерін қарау. Тәрбиешілер мен басқа үлкен адамдардың шаш үлгілеріне назар аударту. Шаш үлгілері жайлы әңгімелесу: ұзын, қысқа, орташа, т.б. Сөздік: шаштараз, шаштаразшы, шаш үлгісі, фен, тарау, қыру, сыпайы, әдемі, ұқыпты. 2. Адамдардың шаштарын кім қияды, шаш үлгісін қім жасайды? Көркем сөз оқу. Шаштаразшы мамандығы жайлы балаларға түсінік беру.Шаштаразшы еңбегі туралы білімдерін тереңдету. 3. Атрибуттарды жасау: тарақтар, қайшылар, электр шаш алу аспабы- заттардың атауларын меңгертіп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 4. Электр шаш алу аспабымен сюжеттік ойын ойнату, жаңа ойыншықты қолдануды, ұжымда ойнауды үйрету.

Қазан. 1. Балалар, ерлер залы жайлы әңгімелеп беру: қияды, қырады, бас жуады, жинайды, бет массажін жасайді. 2. Шаштаразға бару, шаштаразшы мен клиент арасындағы сөйлеу мәдениетіне назар аудару. 4. Ойын ойнату: «Клиенттің шашын алу». Шаштаразшының жұмысына назар аудару.

Қараша. 1. «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбы жайлы әңгімелеу. Балаларға әр мамандықтың маңызды екендігін түсіндіру. 2. «Әйелдер залы»на экскурсия жасау. Әйелдер залындағы шебер жұмысымен таныстыру. Шебердің жұмысын бақылау: шашты жуу, кептіру, сәндеу. Сөздік: фен, бигуди.

3. Балалармен бірге ойын атрибуттарын жасау. Балаларды ұжымдық жұмысқа үйрету. Атрибуттардың атауларын есте сақтап, оларды қашан қолданатыны жайлы әңгімелеу.

Желтоқсан. 1. Балабақшаға әйелдер залының шеберін шақыру. Қыздарға түрлі шаш үлгілерін жасату, клиентпен шебердің арасындағы қарым-қатынасына назар аударып, еңбегін бақылау. 2. Қуыршақтармен «Шаштараз» ойынын ойнату. Балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру. Ойыншықтарды дұрыс және ұқыпты қолдануды үйрету. 3. «Шаштараз» ойынын «Отбасы» ойынымен біріктіріп ойнату.Ұжыммен ойнауды, олардың іс-әрекеттерін дұрыс атқару, бірлестікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Қаңтар. 1. «Құрылысқа келген шаштаразшы» сюжеттік ойынын ойнату. Құрылысшылармен сухбатын,шаштаразшының жұмыс барысындағы әрекетін бақылау. Сөздік: шақыру. 2. Шаштараздағы кассирдің жұмысын бақылау. Ақшаны алу, қалған ақшаны қайтару. 3. Атрибуттар жасау: касса, ақша. Балаларды бірлесіп жұмыс істеуге қызықтыру. 4. Кассир және клиенттің рөлін ойнату барысында олардың іс-әрекеттерін бақылау, диалогтарын тыңдау, сөйлеу тілдерін дамыту.

Ақпан. 1. « Ерлер залы», « Әйелдер залы», «Касса» сюжеттік ойындарын біріктіріп ойнау. Балаларды өз еркімен рөлдерді таңдауға үйрету. 2. Ойын барысында атрибуттарды ұқыпты және қажетті жағдайда қолдануды үйрету. Бір-бірімен тәртіпті, сыпайы сөйлесуге тәрбиелеу.

Наурыз. 1. «Шаштаразда» тақырыбына сурет салу. Суретте клиент және шаштаразшы әрекетін көрсете алу. 2. Ата-аналарға балаларымен шаштаразға баруды ұсыну. Шаштаразшының жұмысын бақылау: шаш алу, қыру, шаш үлгісін жасау.Шаштаразшының еңбегі жайлы білімдерін бекіту. 3. «Шаштараз» сюжеттік-рөлдік ойынын бірнеше сюжеттік ойындармен біріктіріп ойнау. Балаларды өз еркімен рөлдерді таңдауға үйрету. Үлкендердің еңбектері туралы жұмбақтар шешу.

Сәуір. 1. Көркем сөз оқу. Үлкендердің еңбектері . Сөздік: Сусабын, лак. 2. «Ерлер залы», «Әйелдер залы» сюжеттік ойындарын біріктіріп ойнату. Ұжымдық ойында басқарушылық іскерліктерін қалыптастыра отырып, бірлестікке, еңбекке тәрбиелеу.

Мамыр. 1. «Шаштараз» сюжеттік-рөлдік ойынын ойнату. Косметологтың іс-әрекеттерімен таныстыру, үйрету. Сөздік: косметика, лосьон, крем. 2. Балаларды бетке маска жасау,сылау жасайтын ережелерімен таныстыру. Сылау әжімдерді кетіру үшін жасалатыны туралы түсінік беру. Атрибуттар: лосьон, крем, массажер, орамалдар, алжапқыш, фен. 3. «Шаштараз» ойынын ойнату. Барлық рөлдер мен атрибуттарды қолдану. Ойын барысында рөлдерді өз қалауларымен бөліп, ұжымшыл ойнауға дағдыландыру. Балаларды еңбекке тәрбиелеу. Көркем сөз оқу.





























«Дүкен» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны: 1. «Сатушы» мамандығы бойынша жұмыс істейтін адамдар жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Еңбектің мәні туралы ойларын толықтыру. 2. Ойын барысында сатушы мамандығы жайлы балалардың білімдерін тиянақтау. 3. Ойынды рөлдерге бөліп ойнауға үйрету. Ойын барысында балалардың арасындағы жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. 4. Балалардың сатушы мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру және адамгершілікке тәрбиелеу. Атрибуттар:витрина, касса, халат, аяқ киім, бас киім, ақша, таразы, сөмкелер, пакеттер, кәмпит, печенье, пряниктер, шоколад, макарондар. Сүт бөлімі: балмұздақ, сүт, қаймақ, май, айран, йогорт, т.б. Балалар бөлімі: ілгіштер, қуыршақ киімі, аяқ киім, бас киім т.б. Ойыншықтар бөлімі: түрлі ойыншықтар (қуыршақтар, машиналар т.б.) Қатысушылар: сатушылар, кассир, сатып алушылар, дүкен меңгерушісі, менеджер.

Қыркүйек. 1. Мамандықтар және олардың еңбектері туралы әңгімелеу. Балалардың үлкендердің еңбегіне деген қызығушылығын арттыру, еңбек нәтижесінің мазмұнын көре білуге үйрету. Сатушы мамандығы жайлы білімдерін кеңейту. 2. «Шайкен» сауда үйіне экскурсия. Балалардың өз қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, дүкен бөлімдерімен таныстыру. «Сауда үйі» түсінігін қалыптастыру. Сөздік: сауда үйі, сатушы, кассир, сатып алушы, зат. 3.Атрибуттар жасау: витрина, касса, таразы, ақша. 4. «Дүкенде» сюжеттік ойынын ойнау. Сатушы және сатып алушы арасындағы сұхбатын, сатып алу барысында қажетті затты сұрау және сатып алуды үйрету.

Қазан . 1.«Дүкенде» суреті бойынша жұмыс. Сатушы еңбегі жайлы білімдерін кеңейту. Дүкен жұмыстарын басқаратын меңгеруші жайлы әңгімелеу. «Көлікпен әкелінген жаңа зат» суреті бойынша жұмыс жасау. Зат әкелген – жүргізуші және жүк тасушының еңбегі туралы әңгімелеу. 2. «Дүкен» өлеңін жаттау.Сатушы мамандығымен таныстыруды жалғастыру. Сөздік: сатып алушы, алыңыз. 3. «Дүкенге заттар әкелді» ойынын ойнату. Балаларға заттарды сөрелерге дұрыс қоюды үйрету. Жүк тасушынын жұмысын бақылау. Сөздік: Жүк тасушы, зат, сөрелер. 4. «Сатып алушылар» ойынын ойнау. Ойын барысында балалар арасындағы диалогты бақылау. Балаларды сыпайы сөйлеуге, адамгершілікке, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Қараша. 1. Жақын арадағы сауда үйінің «Бакалея» бөліміне экскурсия жасау. Балаларды өсы бөлім сатушысының еңбегімен таныстыру. «Бакалея» түсінігін бекіту. 2. «Бакалея» бөлімінің заттары түралы әңгімелеу. Балаларға кондитерлік заттардың неден жасалғаны жайлы түсінік беру: Кәмпит, шоколад, печенье, пряник. 3. «Бакалея» бөлімінің атрибуттарын жасау: печенье, пряниктер, кәмпит, шоколад, макарондар (кеспе, күріш, т.б.), халаттар, ақша. 4. «Дүкен меңгерушісі» ойынын ойнау. Балаларға ойын шартын көрсету. Ойын барысында дұкен меңгерушісіның рөлін, меңгеруші мен сатушының арасындағы қарым - қатынасын бақылау. Сөйлеу мәдениетіне назар аудару. Сөздік: меңгеруші, директор, азық-түліктер бөлімшесі.

Желтоқсан. 1. Ы. Алтынсаринның «Әке мен бала» әңгімесін оқу. Балаларды сатушының еңбегімен таныстыруды жалғастыру. Дүкенде затты алу үшін ақша төлеу керек екенін түсіндіру. 2. «Жарнама» ойынын ойнату. Балаларды ойын барысында өзінің сататын затын сатып алушыларға көрсете білу жане дұрыс ұсынуды үйрету. Балалардың тілдерін дамыту. 3. «Дүкен» және «Отбасы» сюжеттік-рөлдік ойындарын біріктіріп ойнату.

Қаңтар. 1. «Кім боламын?» тақырыбында әңгіме-сабақ өткізу. 2. «Азық-түлік» дүкеніне саяхат. Сүт бөлімі: сүт бөлімі сатушысының еңбегі жайлы білімдерін кеңейту. Сөздік: азық-түлік, сүт бөлімі, сүт тағамдары. 3. Әңгіме-сабақ: «Сүт және сүт тағамдары дүкенге қайдан келеді?» Сүт тағамдарының адам денсаулығына пайдалы екендігін түсіндіру. 4. «Сүт тағамдары» бөлімінің атрибуттарын жасау: сүт, айран, балмұздақ, ірімшік, маргарин, май, қаймақ. Сөздік: сүт тағамдары, себеттер, таразы.

Ақпан. 1. «Сүт тағамдары бөлімінде» ойынын ойнату. Сатушы мен сатып алушылардың іс-әрекеттері. Көлікпен азық-түліктерді әкелуі, оларды қабылдау, сөрелерге қою. 2. «Балалар дүкені » сатушысының жұмысы туралы әңгімелеу. «Киім» және «Аяқ киім» бөлімдерімен танысу. Дүкендегі кассирдің жұмысын бақылау. Сөздік: балалар киімі, аяқ киім. 3. «Балалар әлемі» сауда үйіне экскурсия. Сатушының еңбегімен таныстыру. Қажетті заттарды сатушыдан сұрау, өлшеу бөлмесіне кіру, затты сатып алу . Сөздік: сөрелер, ілгіш, өлшеу бөлмесі. 4. «Балалар әлемі» дүкеніне атрибуттар жасау. Ата-аналарға тапсырмалар беру, балалармен бірге атрибуттар жасау. Ұжымдық жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Наурыз. 1.«Дүкенде» тақрыбына сурет салу.Суретте сатушы мен сатып алушылардың әрекеттерін көрсету. Сурет бойынша әңгімелеу: сатып алушылардың киім таңдауі, сатушының кеңес беруі, өлшеу, ақша төлеу,сатып алған затты сөмкеге салу. Сөздік: киім, аяқ киім, орау. 2. Дидактикалық ойын: «Дүкен». Киім туралы жаңылтпаш, өлең, жұмбақтар, мақал-мәтелдер айту. 3. Тігін фабрикасы туралы түсінік беру. Директордың киім таңдауы, жұмыскерлердың тігілген киімдері жұк машинаға салуы, дүкенге апару.
Сөздік: тігін фабрикасы, жүктерді машинаға салу. 4. «Киімдер » дүкеніне атрибуттар жасау. Рөлдерге бөліп, атрибуттармен ойнау. Балалардың тілдерін дамыту, еңбекке тәрбиелеу.

Сәуір 1. «Ойыншықтар» дүкеніне экскурсия. «Ойыншықтар» бөлімі сатушысының еңбегімен танысу. 2. «Балалар киімі» және «Ойыншықтар» сюжеттік ойындарын біріктіріп ойнау. 3. Ата-аналарға балалармен бірге «Ойыншықтар» дүкеніне баруды ұсыну. Бала мен сатушының әрекеттерін бақылау. 4. «Ойыншықтар» дүкеніне атрибуттар жасау.

Мамыр Дүкен бөлімдерін біріктіріп топ ішінде үлкен «Универсам» ойынын ұйымдастыру. Балалардың қарым-қатынастарын бақылау: заттарды таңдап алуды, ақша төлеуді, киімдерді орап беруді, сыпайы сөйлеуді дамыту. Ойын барысында балаларға нақты рөл беріп, рөлдерін дұрыс ойнауды үйрету, атрибуттарды дұрыс қолдануды меңгерту.









«Кітапхана» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны: 1.Балаларға кітапханашы мамандығы туралы түсінік беру. Үлкендердің жұмысына қызығушылығын арттыру. 2.Ойын арқылы балаларға кітапханашы еңбегін бақылауды, ойнауды үйрету, осы мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру. 3.Қатысушылар: кітапханашы, кітапханашының көмекшісі, оқырмандар.

Қыркүйек. 1. «Кітапханада» суреті бойынша жұмыс. Жазушылардың кітаптарын көру. Кітапті кім жасады? Кітапқа кім сурет салған? сұрақтары бойынша әңгімелеу. 2.Кітапханадағы көрмелерді тамашалау. Кітаптардың сақталуы туралы айту. 3. «Кітапхана» сюжеттік-рөлдік ойынына кітаптар жинау.

Қазан. 1.Қалалық кітапханаға экскурсия. Балаларға кітаптардың сөрелерде бөлімдер бойынша сақталуі туралы түсінік беру.(көркем, саясий әдебиеттер) Сөздік: бөлімдер, саясий. 2. Атрибуттар жасау: картотека. Балаларды кітапханаға жазылу ережелірімен таныстыру: арнайы дәптер арналады – оған аты-жөні, туған жылы,мекен жайы және алған кітабінің авторы,аты жазылады.

Қараша. 1.Кітапханадағы кітаптарды, кітапханашының іс-әрекеттерін, өқырманмен болған әңгімесін бақылау. Кітапханашының өқырмандарға қандай кітапті алып оқуға болатынын ұсынуі, кітаптің мазмұнын әңгімелеуін бақылау. 2. Кітапханашы рөлін ойнау.

Желтоқсан. 1.Кітапханадағы оқу залына экскурсия. Залдағы оқырмандардың кітап, газет-журналдарды алып оқуын, бір-бірлеріне бөгет жасамай ақырын сөйлеуін бақылау. 2.Атрибуттар жасау: газет-журналдар, қазақ және орыс халық ертегілерінің кейіпкерлерінің суреттері, альбомдар. 3. Кітапханашының оқу залындағы әрекеттерін ойнау.

Қаңтар. 1.Оқу залындағы кітапханашы көмекшісіның әрекеттерін бақылау. Балаларға кітапты таза, жыртпай ұқыпты пайдалану, кітапқа ықыласпен қарауға үйрету. 2. Оқу залындағы сөрелердегі кітаптарды ретке келтіру, жыртылған кітаптарды желімдеу әрекеттерін кітапханашының көмекшісі рөлі арқылы ойнау. 3. «Кітапхана» ойынын басқа сюжеттік-рөлдік ойындармен біріктіріп ойнау.

Ақпан. 1.Балаларға оқырмандар конференциясы туралы түсінік беру. 2.Балалармен оқырмандар конференциясын өткізуді кітапханашы рөлі арқылы ойнату. 3. «Кітап емшісі» үйірмесін ұйымдастыру. Мақсаты: Балаларды ұқыптылыққа, іскерлікке, кітапті жанашырлықпен күтуге тәрбиелеу.

Наурыз. 1.Кітапханашының турлі жұмыс орындағы жұмысшылардың сұранысымен кітаптар апару, қызықты кітаптарды оқуға ұсынуы туралы әңгімелеу. 2.«Кітапхана» ойынын «Мектеп» ойынымен біріктіріп ойнау.

Сәуір. 1.«Мектеп», «Отбасы» ойындарын «Кітапхана» ойынымен біріктіріп ойнау. 2.Мектеп кітапханасына экскурсия. Балаларға мектеп кітапханасында әдебий кітаптар ғана сақталып қалмай, мектеп оқулықтары да сақталатыны туралы әңгімелеу.Оқулықтар оқу жылының басында оқушылырға таратылып, жыл соңында жинап алынатыны жайлы түсінік беру. 3. «Оқулықтар тарату» ойынын ойнау. Атрибуттар жасау: оқулықтар.

Мамыр. 1.«Кітапхана» ойынын рөлдерге бөліп, атрибуттармен ойнату. 2.Кітап туралы тақпақ, мақал-мәтелдер айту.













«Отбасы» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны: Балаларды тәрбиешінің көмегімен отбасы өмірі туралы сюжеттік ойындарға қатыстыру, балалардың отбасы мүшелерін атау, олардың атқаратын жұмыстары туралы білімдерін кеңейту, баланың үйдегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру, баланы үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту, өзі туып-өскен үйін, отбасын сүюге, үлкендерге көмектесуге, олардың өтініштері мен тапсырмаларын орындауға тәрбиелеу.Ата-ананың, туысқандарының еңбегін ойын арқылы көрсету, олардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Ойын барысында балалардың тілдерін дамыту, оларды өз еркімен рөлдерді бөліп ойнауға үйрету. Атрибуттар: қуыршақтар (түрлі киімдерде), ойыншықтар, кітап және газеттер, бөлме жасауға арналған ширма, жиһаз, ыдыстар, жіп және қыстырғыштар, сөмке, қуыршаққа арналған коляска, ілгіш, теледидар, т.б. Қатысушылар:әке, шеше, балалар, ағалары және әпкелері.

Қыркүйек. 1.Отбасы туралы әңгіме. Ата-аналарының аты-жөні, жұмыс орны және кім болып жұмыс істейтіні, олардың жақын туыстарымен қарым-қатынасы т.б. туралы әңгімелесу. Мақсаты: Балалардың отбасы мүшелерімен танысу, отбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Көркем сөз: «Біздің отбасымыз» Алақаны аялы, Шалға тартқан шалғында! Анам бар жаны саялы. Ағам бар менің алдымда. Кешіре білген кінәмді, Жақсылыққа толғанған, Әкем бар менің шыдамды. Інім бар менің артымнан. 2. «Отбасы» суреті бойынша әңгіме. Мақсаты: Отбасы мүшелерінің санымен, олардың жұмыстарымен таныстыру, үлкендерді құрметтеу, оларға көмектесу, әр бір отбасы мүшесіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. 3. Қуыршақтармен ойын ойнау. Мақсаты. Балаларды ойыншықтарын достарымен бірге ойнауға, оларды күтіп үстауға үйрету. 4. Ситуациялық ойын: Шешесі таңғы ас дайындайды, тамақтандырады, қызын(қуыршақты) балабақшаға апарады, ал әкесі жұмысқа барады.

Қазан. 1.М. Әлімбаевтің «Ойыншықтар» өлеңін оқу. Мақсаты: Балаларды ойыншықтарын сақтауға, күтіп үстауға дағдыландыру, ойыншықтарын сындырып алса, оны жөндеуге үйрету.

Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Ақыл айтсақ, бұйырсақ. 2.Ыдыстар туралы жұмбақтар. Қайқылау бас жағы сәл, Пайдалансаң; Аса ыңғайлы сабы бар. Ыңғайлы әрі өткір-ақ, Сұйық тамақ ішкенде Шалағайлық жасап алма тек бірақ... Ыстық тамақ ішкенде, Алмас жүзі түссе тіліп түседі. Қолыңнан ол табылар. (қасық) Құртты шағып, қалбырды да кес бұрап(пышақ) 3.Тәрбиешінің үлкендердің әңбегі туралы әңгімесі. Мақсаты: Балаларды аспазшы мамандығымен таныстыру, оның атқаратын жұмысы туралы әңгімелеу. 4. «Қуыршақтарға тоқаш, нан пісіреміз» ойынына атрибуттар жасау, ойнау.

Қараша. 1.Ситациялық ойын: Тәрбиеші балаларға сабақ өтеді, серуенге шығады, тәрбиешінің көмекшісі балаларға тамақ береді, ыдыстарды жуады. Көркем сөз: Бірлік бар жерде – тірлік бар. 2. «Әр заттың өз орны бар» тақырыбында әңгіме. Мақсаты: Балаларды өз киімдерін, ойыншықтарын жақсы, таза, ұқыпты күтуге үйрету. Жұмбақтар: Қолы бар, саусағы жоқ. Мойны бар, басы жоқ. (көйлек) Күндіз таяғымды қаптаймын, Түнде босағаға тастаймын. (аяқ киім) Ауызы бар, Қос құбыр. (шалбар) 3. Дидактикалық ойын: «Серуеннен келген қуыршақтардың шешінуі». Мақсаты: Киімдерді ретімен шешу, оларды әдемілеп бұктеу және өз орнына қоюға дағдыландыру.

Желтоқсан. 1. «Қызымыздың туған күні» ситуациялық ойыны. Анасы дәмді тамақтар әзірлеуде, әкесі дүкенге барып керекті заттарды және сийлық сатып алады.Қонақтарды күту. Мақсаты: Балаларды қонақтарды құрметтеуге, тәртіпті болуға тәрбиелеу. Көркем сөз: Жақсылыққа бақытқа, Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос-бауыр, Болмасын еш тосқауыл. 2. Асханаға саяхат. Мақсаты: Аспазшы мамандығының іс-әрекеттерін бақылау, оның еңбегіне деген қызығушылығын арттыру, құрметтеуге тәрбиелеу. 3. «Қуыршақтарға арналған Жаңа жыл шыршасы» ситуациялық ойыны. Мақсаты: Балаларды қуыршақпен ойнауға үйрету, оларға қуаныш сыйлау, жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін тиянақтау. Жаңа жылға арналған өлең, тақпақтар айту.

Қаңтар. 1. «Жаңа жыл мерекесі» ситуациялық ойыны. Анасы отбасы мүшелеріне шай мен торт әзірлеуде, барлығы теледидар тамашалап, ән шырқауда. Мақсаты: Балалардың мерекеге деген қызығушылығын арттыру, достық қарым-қатынас , бір-бірін сийлауға тәрбиелеу. 2. «Мен есейдім» тақырыбындағы әңгіме-сабақ. Мақсаты: Балаларды үй шаруаларында үлкендерге көмектесу, еңбек етуге, үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. 3. «Қызым науқастанып қалды» ситуациялық ойыны. Үйге жедел жәрдем шақыру, дәрігерге бару, үйде емделу. Мақсаты: Барлық отбасы мүшелеріне қамқор болуды үйрету. 4. «Отбасы» сюжеттік-рөлдік ойынына атрибуттар жасау. Көркем сөз: Дәрігер. Ө. Тұрманжанов. Ақ желеңді киемін, Аппақ болып жүремін. Аппақ болып жүргенді, Өзім өте сүйемін. Дәрігермін мен деймін, Кәрі әжемді емдеймін. Көп-көп ішіп дәріні, Кәрілікті жең деймін.

Ақпан. 1. «Демалыс күні» ситуациялық ойыны. Отбасы мүшелері: әкесі, анасы, балалары демалыс күні қуыршақ театрына барады, билет сатып алады және театр тамашалайды. Мақсаты: Балаларды қоғамдық орындарында әдепті болуға тәрбиелеу, жалпыға бірдей тазалық ережесін, мәдени мінез-құлық ережелерін сақтауға үйрету. 2. Ата-ананы қадірлеу, сыйлау туралы мақал-мәтелдер жаттау. 1.Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер. 2. Әке - асқар тауың, Ана – шалқар көлің. 3.Ұлдың ұяты - әкеге, Қыздың ұяты – шешеге. 3. «Үйдегі жиһаздарды жөндейміз» ситуациялық ойыны. Әкесі радионы, тақты, диванды жөндейді, ал ұлы оған көмектеседі. Мақсаты: Әкеге көмектесуді, еңбегін қадірлеуді, әкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Наурыз. 1. «Қуыршақты шомылдыру» ситуациялық ойыны. Мақсаты: Атрибуттарды қолданып қуыршақтарды шомылдыруды үйрету. Атрибуттар: сабын, қуыршақ, орамал, т.б. 2. «Әже» өлеңі.Р. Наурызбаев. Әжемдей данадан Ертекке қанамын. Шақырса даладан Жүгіріп барамын. Мақсаты: Өлеңді жаттау, үлкендерді, ана-әжелерді құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу. 3. «Анамның мерекесі» ситуациялық ойыны. Мақсаты: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелейтін ана екенін түсіндіру. Ана түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейді. Әже-аналарды сыйлауға, қадірлеуге тәрбиелеу. Мақал: Ата-анаңны сыйласаң, көп жасарсың. 4. «Ардақты ана» тақпағын жаттау. Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Сәуір. 1. «Қоянның үйіне қонаққа барамыз» ситуациялық ойыны. Атрибуттар жасау: сәбіз, орамжапырақ, торт, сыйлықтар. Мақсаты: Балаларға қонақты жарқын жүзбен күтіп алуға, дастарханды дұрыс әзірлеуге үйрету. «Автобус», «Дүкен» ойындарымен байланыстырып ойнау. 2. «Қуыршақты ұйқтату» ситуациялық ойыны. «Әлді, әлді ақ бөпем» өлеңін жаттау. 3. «Ертегілер әлемінде» тақырыбында әңгімелеу. Мақсаты: Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, отбасында, балабақшада кітаптарды сақтауға, жыртпауға үйрету.

Мамыр. 1. «Пойыз» тақпағын мәнерлеп оқу. Рельстің жолы ұзын, Мынау менің, пойызым. Тық-тық жолға шықтық, Тақ-тұқ шамды жақтық тап! Жолдан кет тақ-тұқ Керек соқтық. Мақсаты: Балаларға темір жол туралы түсінік беру, темір жолда жүретін көліктермен таныстыру, темір жол жұмысшылары туралы әңгімелеу. 2.«Дүкен», «Емхана», «Отбасы» сюжеттік ойындарын біріктіріп ойнау. Барлық рөлдер мен атрибуттарды қолдану. Ойын барысында рөлдерді өз қалауларымен бөліп, ұжымшыл ойнауға дағдыландыру. Балаларды еңбекке тәрбиелеу.



































«Құрылысшы» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны: Балалардың құрылысшы мамандығы туралы білімдерін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту барысында мамандыққа байланысты білімін тереңдету және қызығушылығын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Құрылыс алаңдарына саяхат арқылы өз қаласы туралы білімдерін кеңейту. Атрибуттар: каскалар, құрылыс саймандары, бас киім, бағдаршам, жол белгілірі, құрылыс машиналары: краз, самосвал, т.б. Сөздік: құрылысшы, мамандық, ұста, жүргізуші, қабат, бетон, ғимарат, экскаватор. Қатысушылар: құрылысшылар, инженер, т.б.

Қыркүйек. 1.Құрылыс туралы әңгіме. Мақсаты: Құрылысшы мамандығы туралы білімдерін тереңдету, осы маман иелері туралы толық мағлумат беру. Көркем сөз: «Өнерлінің қолы алтын». 2. Атрибуттар дайындау: зембіл, балға, ара, т.б. Мақсаты: Балаларды құрылысшылардың құрал-саймандарымен таныстыру. 3. Ұсақ құрылыс материалдарынан үй құрастыру ойынын ойнау. Мақсаты: Құрылыс саймандарының аталуын және ойын барысында қолдана білуін үйрету.Балалардың құрылысшы мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Қараша. 1.Балаларды жүргізушінің еңбегімен таныстыру, оның құрылыстағы жұмысы: жүк тасу, машинаға жанармай қүю, машинаны гаражға қою, құрылыс бастығының тапсырмасын орындау. Жүргізуші туралы тақпақ оқу. 2. «Жол көпірлері» суреті бойынша жұмыс. 3. «Мамандықтың бәрі жақсы» өлеңін оқу. Инженер мамандығымен және оның жұмысымен таныстыру. Сөздік: инженер, сызба. 4. «Өзенге көпір құру» ситуациялық ойыны.

Қазан. 1. «Машинаны жөндеу» ситуациялық ойыны: жолда машинаның доңғалағының сынып қалуы, достарының көмекке келуі. Балалардың диологтік сөйлесуін бақылау. 2. Атрибуттар дайындау: балға, жіп, кіліттер салынған қорап. Мақсаты: Балаларды еңбек етуге, ұқыпты жұмыс жасауға, бір-біріне көмектесуге дағдыландыру. Мақал: Еңбек түбі – береке.

3. Сауда үйінің құрылыс алаңына саяхат. Мақсаты: Қаламен таныстыру арқылы өз қаласына, Отанына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. 4. Құрылыс туралы диафильм көру.

Желтоқсан. 1.Жаңа мамандықпен танысу – кірпіш қалаушы, оның жұмысы, қажеттілігі, оның еңбегін қадірлеу. 2. «Құрылысшылар үй құрады» ситуациялық ойынын ойнау. 3. Атрибуттар дайындау: картоннан терезе рамдарын, шыныларын целлофаннан қию.(тәрбиешінің көмегімен) 4. «Құрылысшы» сюжеттік ойынын «Отбасы» сюжеттік ойынымен біріктіріп ойнау.

Қаңтар. 1. «Қаламыздағы көркем шырша» тақырыбында сурет салу. 2. Кинотеатрға саяхат. Кинотеатр директорының жаңа фильмдер туралы әңгімесі. 3. Кинотеатр ғимаратының суреті бойынша әңгіме. Мақсаты: Балаларға кинотеатр ғимаратының әдемі, көркем құрылғаны, құрылысшы мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Ақпан. 1.Ұстаның еңбегімен таныстыру. Мақсаты: Ұста мамандығы еңбегін қадірлеу және оған деген қызығушылығын арттыру. Көркем сөз: Ұста. Іске қолы ыңғайлы, Балғасы бір тынбайды. Кетпенді де шыңдайды. Шегелерді босаған, Сол балғамен нықтайды. 2.Атрибуттар дайындау: балға, балта, ара. 3. «Кірпіш қалаушы», «Ұста», «Жүргізуші» ситуациялық ойындарын бір сюжеттік ойынға біріктіріп ойнау.

Наурыз. 1. «Құрылысшылар жол құрады» ситуациялық ойынын ойнау. 2. «Отбасы»,»Құрылысшы», «Дүкен» сюжеттік ойындарын біріктіріп ойнау.

Сәуір. 1. «Мамандықтық бәрі жақсы» өлеңін оқу. Мақсаты: Балалардың мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру, еңбекке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

2. «Бауыржанның туған күнін жаңа пәтерде мерекелеу» ситуациялық ойынын ойнау. «Отбасы» сюжеттік ойынымен біріктіріп ойнау.

Мамыр. 1. «Біздің балабақша» суреті бойынша әңгіме. Атрибуттар дайындау: спорттық заттар, әткеншектер, т.б. 2. «Құрылысшы», «Отбасы», «Балабақша» сюжеттік ойындарын біріктіріп ойнату. Мақал: Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті. Көркем сөз: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Туыспыз біз бәріміз,

Біз Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.





























«Ателье» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны:

1.Балаларды тігіншілер, сәнхана жұмыскерлерінің жұмыстарымен таныстыру, киімдерді сәйкес кию жайлы білімдерін дамыту. Маталардың түрлері туралы білімдерін тиянақтау, оларды дұрыс қолданануды меңгерту, сәнхана жұмыскерлерінің еңбегіне деген қызығушылығын арттыру, еңбекке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. 2. Атрибуттар дайындау: түрлі маталардың қиықтары, ине, жіптер, өлшеуіш, түймелер, тігін машинасы, қуыршақтар, үстелдер, қайшылар, маталарға арналған сөрелер, киімдер, ақша. 3. Ойындағы рөлдер: пішуші, тігінші, кассир, тапсырыс беруші.

Қыркүйек. 1. «Тігінші» суреті бойынша әңгімелеу. Мақсаты: Балаларға тігіншінің фабрикада, сәнханада, тігін шеберханасындағы еңбегі жайлы түсінік беру. Сөздік: тігінші, сәнхана. 2. Маталармен таныстыру: шыт, жүннен тоқылған мата, сатин, велюр, плющ т.б. Мақсаты: Балаларға маталардан қандай киімдер тігілетіні туралы түсіндіру.

Қазан. 1. Маталардың қасиетімен таныстыру. Мақсаты: Балаларға киімдердің бөлшектері жайлы түсінік беру, оларды атау, киімдердің түрлерін ажырата білуге дағдыландыру. 2. «Қыздардың әдемі киімдері» көрмесін ұйымдастыру. Мақсаты: Балалардың сәнді киімдерге деген қызығушылығын арттыру.

Қараша. 1. Дидактикалық ойын: «Жыл мезгіліне қарай киіну». Мақсаты: Балалардың қысқы және жазғы киімдерді атау, қандай маталардан тігілгені туралы білімдерін тексеру және тиянақтау. 2. «Қуыршақтардың киімдері» тақырыбы бойынша әңгіме-сабақ. Мақсаты: Балалардың киімнің қандай матадан тігілгені, оның сапасы жайлы білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Желтоқсан. 1. Сәнханаға экскурсия. Мақсаты: Тігіншілердің жұмыстарын, клиенттермен сөйлесуін бақылау, маталар көрмесін көру. 2. Атрибуттар дайындау: қайшы, маталарға арналған сөрелер, маталар көрмесі.



Қаңтар. 1. «Тігінші» тақпағын жаттау. Өнері қол үшында, Анам менің – тігінші. Тігіншінің ішінде, Бас бармақтай бірінші. 2.Тігін шеберханасына экскурсия. Мақсаты: Тігіншінің дайын қиықтарды тігу, киімдерді өлшеу, тігін машинасында киім тігуін бақылау.

Ақпан. 1. Тігін машинасымен таныстыру. Мақсаты: Балаларға матаны бүктеп арасына салу, тігу, техникалық қауіпсіздіқ ережелерін сақтау туралы түсінік беру. 2. Инемен, жіппен жұмыс жасау. Мақсаты: Балаларға жіпті инеге кидіру, түймені қадау, ілгіштер тігу туралы түсіндіру, еңбекке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. 3. Дидактикалық ойын: «Кімге не қажет?» Мақсаты: Ойын барысында тігіншілерге қажетті заттардың атауларын тиянақтау. 4. Ата-аналармен жұмыс. Қуыршақтарға қысқы киімдер тігу.

Наурыз. 1. Тігін шеберханасына экскурсия. 2. Ата-аналармен жұмыс. Тігінші аналарды шақырып, балалардың сәнді киімдерінің үлгілерін көрсету және көрме ұйымдастыру. Мақсаты: Тігінші мамандығына деген қызығушылығын арттыру, еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сәуір. 1. Қағаздан балалардың көйлегін, түрлі қалталарды жасауды, оларды безендіруді үйрету. 2. Балаларға түрлі киімдердің үлгілерін көрсету, олар туралы әңгімелеу. Мақсаты: Балалардың тігінші мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Мамыр. 1. Ата-аналармен жұмыс. Қуыршақтарға балабақшамен қоштасу кешіне көйлек тігу және көрме ұйымдастыру. 2. «Ателье» сюжеттік-рөлдік ойынын ойнау. Ойын барысында рөлдерді өз қалауларымен бөліп, ұжымшыл ойнауға дағдыландыру. Балаларды еңбекке тәрбиелеу.



«Шекарашы» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны: 1. Балалардың шекарашы мамандығы және олардың өз елінің тыныштығын қорғайтыны туралы білімдерін кеңейту. 2. Рөлдерге бөліп ойнауды үйрету, шекарашының жұмысына деген қызығушылығын арттыру, еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. 3. Атрибуттар дайындау: дүрбі (биноколь), компьютер, телефон.

Дүйсенбі. 1. «Шекарашылар» суреті бойынша жұмыс. Мақсаты: Балаларды шекарашы мамандығымен таныстыру, оның қандай жұмыстар атқаратыны туралы түсіндіру. 2. Дидактикалық ойын: «Тығылған затты тап».

Сейсенбі. 1. «Мен болашақ сақшы» әңгімесін оқу, мазмұнын әңгімелеу. 2. «Сақшы» ойынын рөлдерге бөліп ойнату. Мақсаты: Балаларды өз қалауларымен рөлдерді бөлу және олардың іс-әрекеттерін дұрыс атқару, бірлестікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сәрсенбі. 1. Ә. Нарымбетовтің «Шекарашы ағалар» өлеңін оқу, жаттау. Тыныштығын елінің, Тыныштығын жерінің Күзететін қырағы, Туған елдің қыраны. Отанымның ұланы – Шекарашы ағалар. 2. «Шекарашы» ойынын «Дәрігер» ойынымен біріктіріп ойнау.

Бейсенбі. 1. «Шекарашы және оның көмекші иті» суреті бойынша жұмыс. 2. «Шекараны бұзу» ойынын ойнау. Мақсаты: Балаларды із бойынша іздеу салып ойнауға дағдыландыру.

Жұма. 1. «Өз Отанымды қорғаймын» тақырыбы бойынша сурет көрмесін ұйымдастыру. 2. «Шекарашы» сюжеттік ойынын ойнау. Ойын барысында рөлдерді өз қалауларымен бөліп, ұжымшыл ойнауға дағдыландыру. Балаларды өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.



«Ғарышкер» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны: Балаларды ғарышкер мамандығымен таныстыру, еңбек етудің пайдасы туралы ойларын толықтыру барысында ғарышкер мамандығына деген қызығушылығын арттыру. Атрибуттар:каска, парашют, зымран, дүрбі (биноколь).

Дүйсенбі. 1. Балаларды ұшқыштар заңымен таныстыру: 1). Ең батыр дегендерді ғана алу. 2). Ғарышкер болу үшін көп білу керек. 3). Еңбек етуді білетіндерге жол ашық. 4). Ғарышта өте тату, ұйымшыл боламыз. 2. «Сендерді ерлікке шақырамыз» ұраны бойынша жарыс өткізу. 3. Атрибуттар дайындау.

Сейсенбі. 1. «Түңғыш ғарышкер» тақырыбында әңгіме-сабақ өткезу. 2. С. Қалиевтің «Түңғыш қазақ ғарышкер» өлеңін оқу, жаттау. Әубакіров ағаның, Даңқы көкке самғаған. Тоқтар аға Гагарин Салған жолды жалғаған. Тоқтар ағам – жан ағам, Бұрыннан да ер еді. Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.

Сәрсенбі. 1. «Ғарышта қалай тамақтанады?» тақырыбында әңгімелеу. 2. «Айға сапар шегеміз» ойынын ойнау. Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ойын ережесін бұзбай ойнауға, ойын соңында өзін бағалай білуге дағдыландыру.

Бейсенбі. 1. Т. Молдағалиевтің «Ұшқыш болам» өлеңін оқу, жаттау. Көкке ұшамын - Ұшқыш боламын. Соңына ерем. Ер ғарышкер ағаның. Батыр болам - Көк аспанды сүйемін. Жұлдыздарға Барып- келіп жүремін. 2. «Ғарышкер» сюжеттік ойынын құрастыру, сурет салу, жапсыру арқылы тиянақтау.

Жұма. 1. «Мен ғарышкермін» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастыру.

2 .«Ғарышкер» сюжеттік-рөлдік ойынын «Отбасы» сюжеттік-рөлдік ойынымен біріктіріп ойнату. Барлық рөлдер мен атрибуттарды қолдану. Ойын барысында рөлдерді өз қалауларымен бөліп, ұжымшыл ойнауға дағдыландыру. Балаларды еңбекке тәрбиелеу.





































Мазмұны

І. Түсінік хат.

ІІ. Мектепалды қазақ тобына арналған сюжеттік-рөлдік ойындарының тізімі:

  1. «Көше» сюжеттік-рөлдік ойыны.

  2. «Аурухана» сюжеттік-рөлдік ойыны.

  3. «Мектеп» сюжеттік-рөлдік ойыны.

  4. «Шаштараз» сюжеттік-рөлдік ойыны.

  5. «Дүкен» сюжеттік-рөлдік ойыны.

  6. «Кітапхана» сюжеттік-рөлдік ойыны.

  7. «Отбасы» сюжеттік-рөлдік ойыны.

  8. «Құрылысшы» сюжеттік-рөлдік ойыны.

  9. «Ателье» сюжеттік-рөлдік ойыны.

  10. «Шекарашы» сюжеттік-рөлдік ойыны.

  11. «Ғарышкер» сюжеттік-рөлдік ойыны.

ІІІ. Сюжеттік-рөлдік ойындарының болашақ жоспары.





















Қолданылған әдебиеттер:

  1. Воронова В.Я. Творческие игры старших дошкольников. – Москва «Просвещение» 1981ж.

  2. «Отбасы және балабақша » журналы – 2005-2006ж.

  3. Федотов А.А. «Методы воспитательной работы» - Москва 1995ж.

Богусловская З.М., Смирнова Е.О. Развивающие игры.



На самом деле  виды творческих игр бывают разные:

• игры на творческое мышление,
• игры на развитие творческого воображения,
• на развитие речи,
• на развитие коммуникативных способностей крохи и так далее.

Малыши ведь очень любят играть, а если ещё и с любимыми родителями, да и в  интеллектуальные творческие игры, то восторгу крохи не будет предела.

Творческие игры в детском саду

Творческие игры в детском саду  - неотъемлемая часть процесса воспитания. Ведь именно развивающие творческие игры помогают крохе адаптироваться в коллективе, быстрее найти контакт с «коллегами». Поэтому, творческие игры детей дошкольного возраста (в отличие от карапузов 1-2 лет)   уже более продуманные, а ролевые игры для творчества  - с довольно непростым сюжетом. Ведь цель детского сада - развить творческие способности дошкольников в игре, подготовить их морально и физически к школьному процессу. Творческие игры детей дошкольного возраста – это игры на развитие внимания, памяти (например, «найди лишний предмет»), это игры на развитие творческого мышления, это ролевые творческие игры дошкольников («дочки-матери», «войнушка»). Почти в каждом саду проходит конкурс под названием «Творческий проект мягкая игрушка». Хоть и многие мамы без удовольствия принимают участия, но малыши очень радуются, тем более что набор для творчества «мягкая игрушка»  приобрести совсем не проблема.
Любые творческие игры – это не просто дань моде или современные тезисы воспитания. Это умение найти в обычной ситуации нестандартные решения. Это креативность мышления. Это превращение рутинной жизни в череду увлекательных событий.
Таким образом, игрушки для творчества и игры, развивающие творческие способности, – это не только полезное и необходимое развитие ребёнка, но и приятные минуты семейного времяпровождения.



























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-031391

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"