Инфоурок Химия КонспектыКаучук және резеңке

Каучук және резеңке

Скачать материал

Сындарлы оқыту технологиясының жеті модулін қолдана отырып, класс оқушыларымен «Каучук және резеңке» тақырыбына өткізген сабағымды ұсынғалы отырмын. Бұндағы басты ерекшелік мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін, қайдан оқу керектігін ғана көрсетіп, өзі тек ұйымдастырушы, нұсқау беруші қызметін ғана атқарады. Бұндай сабақта оқушылар өздерін өздері, кластастарын бағалайды, іс әрекеттеріне рефлекция жасап жіберілген кемшіліктеріп дер кезінде түзетіп отырады.

 

Сыныбы 11

Күні 22.10.2012

Сабақтың тақырыбы

Каучук және резеңке

Мақсаты

 

Каучук пен резеңкенің құрылысын, өндіру технологиясын, айырмашылығын ұғындыру;

Күтілетін нәтижелер

 

Каучук туралы жалпылама ұғымды біледі, булканизациялау технологиясын меңгерді, қолданылу салаларын біледі

Керекті жабдықтар

 

Оқулық,тақырыптық кестелер, интерактивтік тақта, компьютерлер, роликтер, слайдтар

Сабақ барысы:

Сабақ кезең дері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

 

Оқушылармен сәлемдесу, оқушылар зейінін сабаққа аудару, топ жасақтауға нұсқау беру, үй есептерінің шығарылуын тексеріп шығу,

Мұғаліммен амандасады, кезекші топ жасақтайды, сабаққа қажетті құрал жабдықтарды таратады, көшбасшы топ мүшелеріне  қызметтерін бөліп береді, топқа басшылық жасап отырады, мұғалімге тексеруге оңай болу үшін үй есептерін шығарған жазба жұмыс дәптерлерін ашып қояды.

Тұсау кесер

 

Интерактивтік тақтадан слайд арқылы сабақтың жоспарымен таныстыру, уақытты жоспарлау

І

Ұйымдастыру (сәлемдесу, топқа бөлу )

3 мин

ІІ

Миға шабуыл ( үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап беру )

5 мин

ІІІ

Видеоролик тамашалау

6 мин

ІҮ

Жедел жәрдем ( сызбанұсқа бойынша нені білу керектігі )

3 мин

Ү

Топпен жұмыс: а) талқылау

                             ә) слайд дайындау,

                             б) слайд қорғау

3 мин

6 мин

6 мин

ҮІ

Есеп шығару

8 мин

ҮІІ

Бағалау ( өзіндік, жұптық, топтық )

3 мин

ҮІІІ

Кері байланыс ( рефлексия парағын толтыру ), үйге тапсырма

2 мин

 сабақ барысында қолданылатын маршруттық картамен таныстыру

1. Видеороликті мұқият қарап шығу;

2. Топ ішінде өзара ой бөлісу;

3. Оқулықпен жұмыс ( жаңа тапқырыпты өз бетімен оқып шығу )

4. Топ ішінде талқылау;

5. Интернеттен алып келген материалдарын ортаға салу;

6. Берілген сызбанұсқаны басшылыққа ала отырып, каучук пен резеңкенің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

7. Компьютерден «Microsoft Office PowerPoint» программасын ашу;

8. Оған «Венн диаграммасы арқылы каучук пен резеңкеге сипаттама жазу;

9. Топ басшысы слайдты интерактивтік тақта арқылы қорғау;

10.           Басқа топтардың слайдтарына пікір айту ( екі жұлдыз, бір ұсыныс ));

  бағалау парғымен таныстырып өту

Интерактивтік тақтадағы слайдқа зейіндерін аудара отырып тыңдайды,  маршурттық картаны басшылыққа ала отырып сабаққа кіріседі.

Негізгі бөлім

 

 

 

 

Үй тапсырмасын алкадиендер тақырыбына слайд арқылы сұрақтар қою, үй тапсырмасы мен жаңа сабақ арасында байланыс жасайды, интернеттен алынған тақырыптық бейне  роликті көрсетеді, тақырыпты түсіну үшін нені білу, не ескерулері үшін сызбанұсқа көрсетеді, тақырыпты оқып шығуға, оны ноутбукпенслайтқа түсіруге бағыт  беру, каучук пен резеңкенің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ноутбукпен венн диаграммасын жасауды тапсыру, топтарға нұсқау беріп отыру, жасаған слайттарын интерактивтік тақтада қорғауға нұсқау беру, Оқулықтан оқушыларға жаттығулар беру, олардың орындарынан шығарылу бағытын тексеру, шығарылған есептерді тақтаға шығарту,

Оқушылар интерактивтік тақтадағы сұрақтарға орындарынан тұрып жауап береді, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады, Маршурттық картаны басшылыққа ала отырып жаңа материалды меңгеруге кіріседі, үнсіз каучуктың тақырыбына арналған интернеттен алынған бейне көріністі тамашалайды, бейне роликтен алған әсерлерін топта талқылайды, көшбасшы топ ішінде тақырыпты тақырыпшаларға бөліп береді, тақырыпшаларды жеке оқып шығып, топта талқылайды, ой бөліседі, сызбанұсқаны пайдалана отырып және интернеттен алып келген мәліметтерін топта талқылып ноутбукпен талқылаған ақпараттарын, слайтқа түсіреді, каучук пен резеңке туралы мәліметтерді венн диаграммасына түсіреді, жасаған жұмыстарын флешкамен көшіріп алып интерактивтік тақтада көшбасшылары қорғайды , қалған топ мүшелері орындарынан толықтырады, қарсы топтарға екі жұлдыз бір ұсыныс айтады. Оқулықтан берілген есептерді топта оқушылар жеке шығарады, бір бірімен салыстырады, тақтаған шығарады,

Қорытынды

 

 

 

Үйге тапсырма беру, Бағалау парағымен тағы да бір таныстырып өту,

Оқушы ның аты жөні

Үй тапсырмасына дайындығы

Негізгі бөлім

Есептер шығару бойынша

Жалпы сабақ бары сында

Сабақтағы белсенділігі

Сұрақтарға жауап беруі

Үйге берілген есептерді шығарып келуі

Топтағы белсенділігі

Ұтымды ой айтуы

Ойын дәлелдей алуы

Формулалар мен амалдарды дұрыс қолдана білуі

Есеп шығару кезіндегі белсенділігі

Есептерді шығару шеберлігі 

Уақытты тиімді пайдалануы

Өмірмен байланыстыруы

Өзіндік  баға

Жұптық баға

Топтық  баға

Жиын дық баға

Жалпы баға

Қоры тынды баға

Бағалауға нұсқау беру, көшбасшыларға бағалауға каментерий бергізу, рефлексия парағын тарату, оқушылармен қоштасу,

Үй тапсырмасын жазып алады, бағалау критерийлерін нақтылап қарап шығады, өз өздерін, жұптарын бағалайды, көшбасшы топ мүшелерін бағалайды, рефлексия парағына сабақтан алған әсерлерін жазады, көшбасшылар бағалау парақтары мен рефлексия парақтарын жинап береді, мұғаліммен қоштасады.

Сабақтың өзіндік талдауы: Осы сабақта өткізерде ақпараттық технологияларды ( бейне көрініс, ғаламтор, компьютер, интербелсенді тақта, флешка, ұялы телефон ), көшбасшылықты, топтық жұмысты, диалог түрлерін қолдануды жоспарлаған болатынмын. Ұйымдастыру кезінде кезекші қанықпаған көмірсутектер кластарымен «Алкандар», «алкендер», «алкадиендер» деп үш топқа бөлді, алкандарды бірінші топқа, алкендерді екінші топқа, алкадиендерді үшінші топқа отырғызды, сабаққа қажетті құрал жабдықтарды таратты. Топ басшысы топ мүшелеріне қызметтерін бөліп берді, үйге берілген есептерді дәптерлерінен тексеріп шықтым, барлығы да орындап келген, бірақ кейбір оқушыларда қателіктер болды, өздеріне қателерін көрсетіп, түзетуіне ұсыныс жасадым. Сабақтың мақсатын слайдпен көрсетіп таныстырып өттім.              ( Каучук пен резеңкенің құрылысын, өндіру технологиясын, айырмашылығын ұғындыру), содан төмендегідей ( Каучук туралы жалпылама ұғымды біледі, вулканизациялау технологиясын меңгерді, қолданылу салаларын біледі ) нәтиже күтіледі. Миға шабуыл кезінде үй тапсырмасына интерактивті тақтамен сұрақтар қойдым, оқушылар үй тапсырмасына жақсы жауап берді, тақырыпты жақсы түсінгендері көрініп тұрды. Содан кейін жаңа сабаққа алты минуттық бейне көрініс жібердім, бейне көріністі үнсіз тамашалап шықты. Бейне көрініс ғаламтордан алынғандықтан орыс тілінде жіберілді. Бейне көріністен алған мәліметтерін топта талқылады, көшбасшы жұмыс барысында топқа басшылық жасап отырды. Жаңа сабақтың тақырыбын ашқаннан кейін оқулықтан тақырыпты топтарға өз беттерімен оқуға бердім, тақырыпты өз беттерімен оқып шығып, маршруттық картаны басшылыққа ала отырып, топта ой бөлісті, оқу озаттары Орынбасар Әсембота мен Мұқанбетжан Жеңісгүлім «каучук және резеңке» тақырыбына ғаламтордан алдын ала алып келген мәліметтерін топпен бөлісті, жинақталған мәліметтерді жүйелеп, ноутбукпен слайд жасауға кірісті, слайд жасауға ұзақ уақыт кетіп қалды, себебі оқушылардың компьютермен жұмыс істеу деңгейлері төмен екен, тез жаза білмейтіндігін байқадым, файлды флешкаға көшіруді кейбір топ мүшелері білмейді. Каучук пен резеңкеге венн диаграммасын толтырып, көш басшылар слайттарын интербелсенді тақтамен қорғады, І топта Арайлым мен Айдана, ІІ топта Жеңісгүлім, ІІІ топта Әсембота тақырыпты жақсы баяндап шықты, Айдана тақырыптың негізгі бөлігін слайд арқылы көрсетсе, Арайлым венн диаграммасы арқылы каучук пен резеңкеге сипаттама берді, қалған топ мүшелері орындарынан толықтырып шықты. Топтар бір - біріне «екі жұлдыз, бір ұсыныс» айтты. Слайд қорғауда оқушылар әріден айналып ұзақ сөйлегенімен тақырыптың кейбір бөліктерін аша алмады. Алдынғы сабақтармен салыстырғанда оқушылардың сөйлеу қоры аздап болса да ілгерілегені байқалды, пікір айтуда шыңдалған. Оқушылар тақырыпты өз беттерімен меңгерді, барлық оқушылар сабаққа белсенділікпен тартылды.  Бейнекөріністен алған визуалды ақпараттың оқулықтан алған ақпаратпен салыстырғанда есте сақталу деңгейінің сапасын бұрынғы сабақтарыммен салыстыра отырып, осы сабағымнан айтарлықтай көрініс тапқанын байқадым. Сабақты бекітуге үш топқа оқулықтан бір-бір есептен берген болатынмын. Есептерді орындарынан өздері шығарды, есептер шығару кезінде ұялы телефонның есептеуіштерін қолданды. Бірінші топта есеп шығаруда қателіктер кетті. Қалған екі топ есепті дұрыс шығарды. Бұл жолы оқушылар өздерін төмен бағалады, себебі бағалау критерийлері күрделілеу болған секілді. Он екі оқушының біреуі «беске», жетеуі «төртке», төртеуі «үшке» бағаланып, 66,7 пайыз білім сапасын көрсетті. Сабақ ұзақтау болып кетті, бағалауда қиындықтар пайда болды. Рефлексия парағына барлық оқушаларда сабақтың ұнағанын, жақсы өткенін атап көрсетті, дегенменде бір оқушы сабақтын ұзақтау болғанын, кейбір теңдеулерді түсінбей қалғанын атап көрсеткен. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы жақсы, оқуда кедергісі бар оқушыларда да сабаққа деген оң көзқарас қалыптасып, сабақта белсенділік танытуға тырысып отырды. Топтық жұмыс ережелерін тиімді пайдаланып, бірін бірі тыңдап, толықтырып отырды.

Сабақ бойынша өзгертулер

Бағалау критерийлерін өзгерту, топтық жұмыста мобилді болуды ескеру, уақыттын тиімді жоспарланып, жұмсалуын қадағалау. Сөйлеу қорын, тіл байлығын тереңдету.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Каучук және резеңке"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Базаршолан ауылы Ғабдолла Махамбетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бірінші санатты үшінші деңгейлі химия пәні мұғалімі Калыбаев Ораз Наурызбаевич. еңбек өтілі 9 жыл. жоғары білімді. 2006 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Жаратылыстану факультетінен химия және биология пәні мұғалімі мамандығын грантпен бітіріп шықты

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 252 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2015 3301
    • DOCX 28.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калыбаев Ораз Наурызбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калыбаев Ораз Наурызбаевич
    Калыбаев Ораз Наурызбаевич
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41778
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 378 человек

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе