Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Казахские национальные игры для детей
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Казахские национальные игры для детей

библиотека
материалов



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Айгөлек.

Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек, Бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек, Сізден бізге Ақерке керек!», - деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді.





C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\imagesCANX6FZA.jpg





C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Алтыбақан

Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алтыбақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады. Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ой-ын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.






C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\imagesCAE1PTJC.jpg



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Бәйге

Ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде Бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған (қ. Сауын айту). Бұрын Бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтықтарға шабатын (қ. Аламан бәйге). 1957 жылы Қазақстанда қабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат Бәйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бәйге аттарын ерекше күтімге алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан. Топтан озған тұлпарлар туралы халқымыздың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында, мақал-мәтелдерінде көп айтылады.

C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\imagesCASLZ6SR.jpg





C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Көкпар

Ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70 – 80 кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды. Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз, өзбек тілінде “Улак тартыш”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды. Қазақстанда 1949 ж. Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\imagesCAVDBMRX.jpg



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg



Аударыспақ

Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.







C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\аударспак.jpg







C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Соқыртеке

Ұлттық ойын. Балаларды көпшіл болуға, талғампаздыққа, іскерлікке, ептілікке, алғырлыққа және шыдамдылыққа баулиды.

Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың, не жігіттің көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:

Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ.
Қайда кеттің қалқа жан,
Жетектейтін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас,
Қала бермек көзім боп, — деп таяғын өзі болжаған тықыр, дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала трған ойнаушылар қашып жүріп:

Соқыр — соқырақ,
Оң көзіңе топырақ.
Топырағын алайын,
Тотияйын салайын
Саған бір ем табайын, —деп келіп, «Соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай ойнап жүргенде «соқыр текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады.

«Соқыр теке» мен оны түрткілеп қашып жүрушілердің өрісін мөлшерлеп сызып қояды.



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\imagesCAGEOWE4.jpg



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Қыз қуу

Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның бір маңдайында қатынасушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады.Жарыс жекелей де өтеді. Егер екі топқа бөлінсе, онда қыздар мен жігіттердің саны тең болуы қажет.Төрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып, шабысқа дайындалады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді.
Жарысқа қатынасушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді.




C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\kaz4.jpg



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Асық ойындары

Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз.



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\586.jpg

Алшы ойыны

Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет.

«Алшы ойынын» ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау

үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы өз кезегінде сақасын иірген кезде тәйке түссе, онда өзінен кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде тұрып оның тәйке түскен сақасын атады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.

Омпа

Ойынның мақсаты — асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да біріншісіне төрт бұрыш жасайды (оның көлемі өзара келісіледі) дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен «омпаны» ата бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және оны төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимей, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын жалғаса береді.

C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\26.jpg

Асықты тігіп ойнау

Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1—1,20 см немесе 1,5 метрге дейін болады. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4—5 м. не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.

Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуға тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.

C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\2.png

Тас қала

Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7—8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.

Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі.

Атушы «Тас қалаға» саңасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, саңасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бүзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмаганға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бүзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.

C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\45.jpg

Хан

Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар көнге қаншадан асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Сонан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған (әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізуші тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «хан» көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің «ханды қара басты» деген даусын естігеннен кейін бассалып асықтарды талап алады. Екінші жағдайда иірген асықтардың

арасында «хан» ашық жатса, онда «ханмен» бүк жатқан асықты ату керек, ойын солай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша «Ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғауға болмайды. Сөйтіп, ойын шарты бұзылғанға дейін немесе барлың асық атылып болғанға дейін ойын жүре береді.

Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге.



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\images24.jpg



Хан талапай

Ойынды үлкендердің басшылығымен жас балалар ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, нерв жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда саңтау қабілеттерін жетілдіру.

Құмар

Бұл ойынды үлкен-кіші демей ойнай береді. Ойынға қатынасушылардың саны 5—6 адамнан аспауы керек. «Құмар»— үйде, аулада, таңыр, тегіс жерде отырып ойнайтын ойын. Ойынга төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі-түсті бояуға боялады. Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын асық иіру арқылы шешеді. Алшы-бірінші, тәйке-екінші, бүге-үшінші, шіге-төртінші т. с. кезек алады. Асыңтың жоғарыда айтылған төрт түрлі түсетін, негізгі төрт қыры болады. Сондай-аң оларды мал атауымен де атайды. Алшыны— жылқы, тәйкені — түйе, бүгені — қой, шігені — ешкі деп атайды. «Құмар» деп сол төрт асықтың бір түрлі түсуін айтады. Мысалы төртеуі де

алшы түссе — «Құмар» болады, ол төрт ұпай алады, тәйке-үш, бүге-екі, шіге-бір ұпайдан алады.Ойыншы төрт асықты уысына алады да, қолын тұқыртып ішке қарай айландыра еденге шаша тастайды немесе алақанына салып, қолын сыртқа қарай серпіп, еденге тастай береді. Ұтылған адам ұпай төлейді. Келісім бойынша ән айтып, күй шертеді. Ертеде терме айтып, арты семьялың ойын-сауыққа айналған.

Атбақыл

Ойынға екі-екіден қатынасады да, қалғандары көрушілер болады. Ойынға қатынасушылар кез келген жерді таңдап алады да, өздері тұрған жерлеріне белгі соғады. Сол белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын (не топайын, сиыр асығын, «топай» деп атайды) алыстата иіріп тастайды. Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе топайымен оны атады. Егер де ол тигізсе, бірінші ойыншы оны сақасы барып түскен жерге дейін арқалап барады. Енді екінші ойыншы сақасы түскен жерде тұрып, асығын не топайын алыстата иіріп тастайды. Бірінші ойыншы оны атады. Тигізсе, сақасы жатқан жерге дейін екінші ойыншы арқалап апарады. Егер асыққа тимей кетсе, ана ойыншы атады. Ойын осылайша жалғаса береді де, ойыншылардың өзара келісімі бойынша тоқталады.













































C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Қазақша күрес

Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.

Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо»). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнеC:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\25.jpg



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Белбеу тастау

Ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жатқан ойыншыны «Орныңды тап» деп белбеумен ұрады. Сөйтіп, шеңберді айналдыра қуалап, қайтып орнына келгенше соғады. Ал ойнаушы белбеуді артына тастап кеткенін біліп қойса, белбеуді ала салып, ойын жүргізушінің өзі босатқан орынға жеткенше қуалайды. Ойын осылай жалғаса береді.







C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\imagesCAE0UMIG.jpg









C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Арынды арқан

Ойынына қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойын кең жазық алаңда, көгалды жерде ойнала береді. Ойын жүргізу үшін 2—3 не 4 метрдей арқан керек. Ойнаушылар кең жазық алаңға келіп жиналған соң араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші етіп сайлап алады. Сонан соң ойын жүргізуші қолына арқанды алып, жиылған топтың ортасына келіп тұрады да, «Ойынды бастадым,» — деп дауыстайды. Содан соң ол арқанның түйілген басынан ұстап, шеңбер бойымен ортада тұрған ойыншыларды орай айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан жібере береді. Кімде-кім еекіріп арқанды жібере алмай қалса, не басып кетсе, онда жаза тартады, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ойын жалғаса береді.

Ойынның екінші түрінде секіре алмай, арқанды ұстап қалған ойнаушылар ойыннан шығып отырады, сөйтіп бір ойыншы қалғанша арқанды айналдыра береді. Осылайша қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.

Келесі үшінші түрін де топқа бөлініп ойнауға болады. Онда да арқанды ұстап қалған ойыншылар ойыннан шығып отырады да, қай топтың ойыншылары бұрын шықса, сол топ ұтылған болып есептеледі. Бұл ойын жастарды жылдам қимылдауға: тез шешім қабылдауға үйретеді.





C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\images12.jpg





C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Ақ сандық, көк сандық

Ойынға қатынасушылар екі ойыншыны ортаға шығарады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастыра ұстасып отырысады. Сол кезде ойын жүргізуші тақпақтап:

«Ертең аулым көшеді,
Уық бауын шешеді,
Қара қойым қашады,
Құмалағын шашады...
Ақ сандың, көк сандық
Арқан тарт, кілем арт!»— дейді.

Соңғы «арт» деген сөз қолдасып ұстасып отырған екі ойыншыға берілген белгі. Соңғы сөз айтылғанда қолдасып отырған екеуі тез тұрып кетуі керек. Қайсысы қарсыласын арқалап кетсе, арқадағы ойыншы қашан ұтқыр (тапқыр) жауап бергенше түспейді. Ойын жүргізуші:

«Аң сандық, көк сандық
Аспаннан не көрдің»,— деп сұрақ қояды. Ал арқадағы ойыншы:

«Жұлдыз көрдім, ай көрдім»,— деп жауап береді.

Одан кейін: «Жерден не көрдің?»— деген сияқты сұрақтар беріледі.

Егер ойыншы осы сұрақтарға жауап бере алмаса, онда жеңіледі. Арқалап тұрған ойыншы оны біраз сілкілеп, есін шығарады. Ойын жалғаса береді, оқушылар кезекпе-кезек ортаға шығып, ойынды жалғастырады. Соңында жеңімпаз атанған екі ойыншы күш сынасады. Жеңген ойыншы мақтау алады немесе сыйлықпен силанады. Ойын жастарды мықтылыққа, төзімділікке, жылдамдыққа, амал-айла, әдіс қолдана білуге баулиды, тілін дамытып, есте сақтау қабілетін де шыңдай түседі.











C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Ақсерек- көксерек

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөленеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20 қадам.

1-ші топ: Ойынды бастайды

Аксерек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші топ: Ақсерек-ау ақ серек

Жаман-жаман бала аты керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.



Ақшамшық (сақина салу).

Ойынға он –он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене оты-рып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала-қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.







C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Аламан бәйге.

Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.




Ақсүйек

Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.

Алтын қабақ.

Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сы-рық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы бір түрі – жамбы ату, садақ тарту.






C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Шертпек

Айнала отырып ойнайтын ойын. Ойынға екі қабатталып есілген орамал керек. Ойыншыларды отырғызып болғаннан кейін жүргізуші енді орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында біраз айнала жүреді де кез келген бір ойыншының екі көзін екі қолымен баса қояды. Сол кезде ойын жүргізушінің көрсетуімен білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан, не болмаса, басының бір жерінен шертіп кетеді. Сонан соң ол қайтадан орнына барып немесе басқалармен орын ауыстырып отырады. Жүргізуші қолын қоя беріп «Шертпегімді тап» деп, енді иығындағы орамалды алып, отырған ойыншының арқасынан ұра бастайды. Ал ойыншы таяқты көп жемеу үшін тезірек айтуы керек. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, жыр жырлайды, күй тартады. Егер тауып алса, шерткен адам жаза тартып, жаңағы өнерді сол көрсетеді. Осы тәртіппен ойын жалғаса береді.



Ат сайысы

Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.




Тасымақ

Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды. Суды қарсы бетке құйылған бос кесеге қасық екі адам тастайды. Команда кұрып ойнайды, әр комондада үш адамнан болады. Су тасытын адам суды төкпей-шашпай тез тасуы керек. Қай команда жеңі жетсе, жүлдеге сол ие болады.





C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Бәйге мен аламан бәйге

Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол — жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне жуықтайды. Бұл республиканың жергілікті халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз.Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалың шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан дұрыс құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса ғана жеңіске ие болады.Жарыстың үлкен шаруашылық, тәрбиелік мәні де бар. Олай болатын себебі — жарысқа қосатын атты таңдап алып, оны баптап бәйгеге жаратуға дейінгі ұзақ мерзімге бәйге атына мініп шабатын бала үнемі басы-қасында болып, бапкермен бірге еңбек етеді. Бапкер бәйгеге шабатын атты ғана баптап қоймайды, оған мініп шабатын баланы да қоса әзірлейді. Бала бәйге атына берілетін жем-шөп, судың мөлшеріне дейін біледі, оның терін алудың, аттың артықшылығы неде, қандай қабілеті бар және жарыс үстінде оны қалай пайдалану керектігін бәйге атына мінетін бала жарыс басталмастан әлдеқайда бұрын қанығып, біліп алады.

Бәйге осы күнге дейін өз маңызын жоймаған спорт түрі. Бұл күнде жарыс ұйымдастырғанда әр ауданның ерекшелігі есепке алынып, шабатын аралық белгіленеді. Атқа шабатын адамның жасы, салмағы бір-бірімен теңдес болып келеді. Бәйге аттарын белгілі жерге алып баратын адам ат айдаушы деп аталады. Ат айдайтын жерге жеткенде ат айдаушы оларды қатар тұрғызады да белгі береді. Жарыс басталады.

Бәйге мен аламан бәйге табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттың бағалы түрі болып табылады. Қазақстанда бұл сияқты тамаша спортты кеңінен таратуға барлық жағынан мүмкіншілік мол, республикамызда мініскер аттарды өсіретін арнаулы жылқы заводтары бар







C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Бойға доп дарытпа

Ойын кең алаңда, мектеп ауласында ойналады. Ойынға жиналғандар алдымен оның мазмұнымен танысып алады. Ойынға кішірек доп пайдаланады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар шеңбер құрып тұрғаннан кейін, екінші топтағылар оның сыртынан 8—10 метр қашықтықта орай қоршап тұрысады. Доп сыртқы топқа беріледі. Допты алған екінші топ мүшелері, ортадағы бірінші топ мүшелерін доппен ұрады. Ал ортадағылардың міндеті — бойларына допты дарытпау. Доп тиген ойыншыны сыртқы топ өз қатарларына қосып ала береді. Шеңбер ішіндегілерге доп түгел тиіп болғаннан кейін, енді олар шеңбер сыртында тұрған командамен орын ауыстырып, оны ортаға алады. Сөйтіп, бұл топтағы ойыншылар да алдыңғы топ орындаған барлық талаптарды орындайды. Ойын қайталанып жалғаса береді. Бұл ойын — ойынға қатынасушыларды дәлділікке, айла-амал қолдануға, сезімталдыққа баулиды.

Боран

Бұл ойынға қажетті заттар «боран» киімі ақ түсті перде, гимн.қабырға болуы тиіс. Ойынға 8-10 бала қатыса алады. Бір баланы боран киімін қигізіп, қалғандар боран алып кетпеуі үшін «Боран у-у-у» деп келе қалғанда гимн.қабырғаға өрмелеп шығуы керек. Боран соғып балаларды бір айналып өтеді. Ұсталып қалған баланы, боран алып кетеді. Ойын 2-3 рет қайталайды.



Күміс ілу

«Күміс ілу» - ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады.




C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Ептілік

Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Он-он бес метрдей жерге меже белгіленеді. Әр топтан қолдарында бір кездей түзу таяғы бар екі-екіден ойыншы ортаға шығады да, қатарласа тұрып, таяқты алға созады. Бастаушы қос таяқтың үш жағына бір қарыстай тақтай қояды да, оның үстіне сүйемдей жұмыр таяқшаны немесе қуыршақты тіктеп орналастырады. Сонан соң ойынды бастауға белгі береді. Әр топтың ойынды жүргізуге қатынасқан ойыншылары таяқтарын тең ұстап, оның үстіне қойылған заттарды құлатпай, межеленген жерге дейін барып, қайта оралуға тиіс. Таяқ үстіндегі заттар құласа, ұпайдан құр қалады. Әр кезектің озып келген ойыншысы өз тобына ұпай әпереді.Осы әдіспен ойынды жеке-жеке жалғастыруға да болады. Жеке ойыншы екі қолына екі қарыстай түзу шыбық алады. Ұшына сіріңке қорабы қойылып, оның үстіне адам бейнелі кішкене қуыршақ орнатады. Сөйтіп, әлгі межеге дейін барып, қайта оралады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді.

Жасырынбақ

Ойын, әдетте, жазды күндері ай жарығында, шөптесін алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы мол жерде, яғни жасыратын жері бар алаңдарда ойналады.Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кейін, саусақ санау әдісімен кезекшіні, яғни жасырынатын ойыншыларды іздеп тауып көмбеге әкелушіні тағайындайды. Осыдан кейін ойын басқарушы кезекшінің көзін басып тұрып дауыстап елу рет санайды да, қоя береді. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек. Кезекші жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Жасырынған ойыншыларды ол іздей жүріп көмбе маңынан алыстамауы керек. Себебі, кезекші бірінші жасырынған ойыншыны көрген бетте көмбеге ойыншыдан бұрын келіп хабарлайтын болады. Егер кезекшінің көзіне бірінші түскен ойыншы көмбеге кезекшіден бұрын келсе, онда кезекші өзінің қызметін екінші рет қайталайды. Бұл жерде кезекші ұтылмас үшін, бірінші көрген ойыншының атын атап, мәселен, Бекбай деп дауыстап көмбеге қарай жүгіруі керек. Содан кейін асықпай басқаларын іздей бастайды. Тағы бір ескеретін жай: кезекші ойыншыны көрмейінше, атын атап дауыстамайынша, ойыншылардың өз бетінше көмбеге кетулеріне болмайды







C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Жорға жарыс

Жорға жарыс, жорға салу – жорға мінген шабандоздар жарысы; ұлттық ат спорты түрлерінің бірі. Жақсы жорғалар жарыс кезінде ешқашан да шоқыраққа, желіске не шабысқа көшпейді.Жорға жарысы спортының да өзіне тән ерекшелігі бар. Жорға өзінің жұмсақ та тайпалма жүрісімен көзге түседі. Жорға оң жақтағы алдыңғы аяғы мен оң жақтағы артқы аяғын, сол жақтағы артқы аяғымен, сол жаңтағы аяңтарын бір мезгілде алады. Жарыс кезінде нағыз жорғалар жорғасынан танбайды. Ондай жорғаларды су жорға дейді. Өйткені ондай жорғалармен алып жүрген су шайқалмайды да, төгілмейді. Ондай жорғалар жарыс кезінде басынан аяғына дейін жорғасынан бір танбайды. Егерде жорға жарысына қосқан жорға жорғасынан жаңылып, шоқырақтап шабатын болса, оны жарысқа қосушы иесіне айып салынады. Ал ол тәртіпті төртке дейін бұзатын болса, онда жарыстан шығарылып тасталатын болады.

Жорға жарысы тек қысқа, жол ыңғайына қарай 2—3 шақырым аралықта өткізіледі. Мұның өзі аттың шаршап, жорғадан шабысқа түспеуі үшін қолданатын тәртіп екені түсінікті. Жарысқа түсетін аттар — көбінесе жол жорғалар мен шаппа жорғалар болады.

Жорға аттарды мұқият іріктеп, саралап алу қажет. Жорға түрін араластырмау — басты шарт.

Жарысқа қолданылып жүрген қазіргі тәртіп бойынша жорға жарыстарына әйелдер мен қыздар да қатынаса алады.

Жорға жарысы, сөз жоқ, спорттың пайдалы түрі, спортшының күші мен моральдық сапасын жетілдіреді және жалпы спортқа оның ішінде ат спортына сүйіспеншілігін арттырады. Оның тағы бір бағалылығы — қазақ әйелдері мен қыздарының арасында физкультура мен спортты дамыта түсетіндігінде.









C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Кім түртті?

Жаздыгүні жастар ауылдың сыртына шығып, ойнап-күліп көңілдерін көтереді. Өз арасынан беделді біреуді ойын басқарушы етіп белгілейді. Ол келген адамдардың бәрін қатарластыра отырғызады. Сонан кейін оларды қайтадан біртіндеп тұрғыза береді. Мұнан соң басқарушы қалаған бір ойыншыны ұстайды да оның басын төмен иіп еңкейтіп, екі қолымен иығынан басып тұрады. Сонда ол төңірегін мүлде көре алмайды.Бұл кезде ойынға қатынасушылардың бәрі жабыла барып, оны кезек-кезек түртіп қалады да, тым-тырыс тұра береді. Ал басқарушы одан: «Сені кім түртті? деп сұрайды. Егер ол бірінші болып түрткен ойыншының атын дәл атаса, түрткіден босатылады да аты аталған адам оның орнына келеді.Егер ол алғаш түрткен ойыншының атын дәл басып атай алмаса, бір ауыз өлен айтып, жазадан құтылады. Түрткен ойыншының атын таба алмаса және өлең де айта алмаса, екі қабаттап есілген сүлгімен бес рет соғылады немесе басқа жаза тартады. Ойын қайталанып, жалғаса береді. Ойын жастарды сезімталдыққа баулиды, өнерпаздық, творчестволық қабілеттерін дамытады.

Көген тартыс

Бұл ежелден келе жатқан көне ойындардың бірі. Ертеде оны малшылар ойнайтын болған. Ойынды кең алаңда, дене шынықтыру залдарында өткізуге болады. Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Араларынан екі топқа ортақ ойын жүргізуші тағайындалады. Ойынға ұзын арқан таңдап алынады. Ортасынан 1—1,5 метрдей ашық орын қалдырылып, арқан әрбір 40—50 см. сайын түйіледі. Ортадан екі топты бөліп тұратын көмбе сызығы сызылады. Әр ойыншы бір-бір түйіншектен ұстап, бір-біріне қарсы қарап тұрады. Ойын басқарушының белгісімен басталады. Ортадағы көмбе сызықтан қай жақтың ойыншысы тартып өткізілсе, сол топ жеңіліп, оны тартып өткізген жақ жеңіске жетеді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын жастарды коллектившілдікке, бірлесіп іс-әрекет жасауға, дене күштерін молықтырып, білектерін сомдай түсуге, шынығуға баулиды.









C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Қазан доп

Ойынға қатынасушылар жазық алаңға жиылып келіп үлкен дөңгелек шеңбер сызады да, дәл ортасынан тереңдігі 10 сантиметрдей шұңқыр қазады. Бұл қазан шұңқыр. Шеңбер сызық пен шұңқырдың аралығы жарты метрдей болуға тиіс. Ойынды бес-алты ойыншы ойнай береді. Әр ойыншы өзіне ұзындығы бір жарым метрге жуық, ұшы қайқылау таяқ әзірлейді. Үлкендігі орташа доп пайдаланылады. Ойынды жүргізушілер қазан шұңқырдың сыртындағы шеңбердің бойымен аралығы 2—2,5 метрдей қашықтықта өздеріне кішкене ұя қазады да, таяқтарының ұшын соған тіреп тұрады. Жеребе бойынша бір ойыншы доп ойнаушы болады. Ол допты қазан шұңқырға түсіруге айла іздейді. Басқалар қазанды қорғайды және өзінің ұясын доп айдаушыға алдырмауға тырысады.Егер айдаушы допты қазанға түсіретін болса, басқа ойыншылар орындарын жылдам ауыстыруы керек. Осы қарбаласта доп ойнаушы біреуінің ұясын иеленіп алуға тиіс. Ұясыз қалған ойыншы доп айдаушы болады. Ойынға қатынасушылардың саны көп болса, бірнеше доп айдаушы белгіленеді.Бұл ойынның екінші түрі «Қыз доп» деп аталады. Бұл көбінесе қысы ұзақ, қары қалың түсетін шығыс пен солтүстік облыстарда қыста ойналады. Ойынға жиналғандар қатты қардың үстіне келіп, ортадан үлкенірек шұңқыр қазады да оны «қазан» деп атайды, оның айналасынан дөңгеленте ойыншының санына қарай арасын 1,5—2 метрдей етіп кішкене шұңқырлар қазады, оны «отау» деп атайды. Әр ойыншының қолында басы имек таяқ болады. Ойынға кішкене доп пайдаланылады, ертеде оны ұшқат ағашының безінен ойып жасайтын болған. Сол кішкене допты «қыз доп» деп атайды. Доп қуушыны тағайындау үшін жаңағы кішкене допты ойынға қатынасушылар таяғымен қақпақылдайды, сонда кім аз қақпақылдаса, сол доп қуушы болады да, қалғандары ортадағы қазанды және өз отауларын қорғаушы болады. Ойын басталғанда әркім таяғын өз отауына қойып тұрады. Доп қуушы «қыз допты» қазанға түсіруге тырысады, ал қорғаушылар «қазанды» қорғай отырып, өз отауын да қорғауға тиіс, өйтпегенде доп қуушы допты қоргаушылар «қазанға» түсірмеуге әрекеттеніп жатқанда олардың бірінің «отауын» басып алуға тырысады. Егер ол осыны орындай алса, отауынан айрылған ойыншы доп қуушы болады. Егер доп қазанға түссе, ойын қайта басталады. Ойыншылардың санына қарамастан ойында бірақ доп қуушы тағайындалады.Ойын жастарды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, коллектившілдікке баулып, таза ауада дем алып, денсаулықтарын жақсартуға, қимыл-әрекетке жаттықтырады.





C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Қап киіп жарысу

Ойын көгалды жазық далада, клуб немесе дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50 метрдей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады.Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4—5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді.

Мұндағы мақсат — сызықтың екінші басына алдымен жету.

Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Олар барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады. Бұл ойын әр түрлі тәртіппен өткізілуі де мүмкін. Бұл ұсынып отырылған ең оңай түрі.



Қой бағу

Жас баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын, өзін қоршаған ортамен таныстыратын сол өзі өмір сүріп отырған ортадан туындайтын ойындардың бірі —ойыны.

Жаңа қонысқа келіп, үлкендер үй тіккенше, жас балалар түйенің кепкен құмалақтарын жиып, оны «қой», қойдың құмалағынан «қозы» деп «қой бағу ойынын ойнаған. Бұл «қой бағу» ойынының сәбилер үшін қызықтығы сонша, тіпті ойын үстіндеі бірінің құмалағы бірінікімен қосылып кетсе, қайтадан бермеуге тырысады. Бұл ойынды көшпелі халық өміріне байланыстырып ойнаған. Ойынның негізгі мақсаты балаларды малсақтыққа баулу, олардың көзін де ойын да қанықтыра беру керек.









C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Қасқырқақпан

Ежелгі халық ойындарының бірі. Ойын жазық көгалды алаңда, мектеп ауласында, спорт, мәдениет үйлерінің кең залдарында өткізіледі. Ойнаушылар ойын болатын жерге жиылады да, екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы —«Қақпан», кіші тобы — «Қасқырлар». Ойынға басқарушы тағайындалады. Басқарушы ойнаушылардың арасынан дауығы ашық, тақпақты жақсы білетін біреуіне бастауды міндеттейді, қалғандары оған қосылады.

Қасқыр түссе қақпанға,
Ұстамасқа бола ма.
Қол ұстасып тұрайық,
Қасқырқақпан құрайық.
Біздің қақпан болаттай.
Қасқырды тұр жолатпай,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр,
Қақпан, қақпан берік бол.

Ойынға қатынасушылар әбден бір-бірімен қол ұстасып, дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрып болғанша:

Кәне, кәне, тұрайық,
Қасқырқақпан құрайық— деген өлең жолдарын қайталап айта береді. Сонан соң өлеңнің соңғы шумағы:

Кәне, қақпан, берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр!— деген жолдарды айтып болысымен, «қақпан» болып тұрғандар бір-бірінің ұстаған қолдарын жоғары көтереді. Ал «қасқыр» тобындағылар арғы беттегі «қораға» көтерілген қолдардың астымен жүгіріп өтіп кетуге тырысады.

Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезде бастаушының «а-ап!» деген белгісімен көтерілген қолдар төмен түсіріледі. Ойнаушылар жүрелерінен отыра қалады. Сөйтіп «қақпан» жабылады. Іште қалғантдар «қақпан» тобына қосылады да, «қасқырлар» азая береді. Ойын қайталанып жалғаса береді. Ойынға қатынасушылар кезектесіп орын ауыстырып отырады.







C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Қырықаяқ

Бұл ойын тегіс алаңды жерде, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында ойналады. Ойнаушылар орталарынан басқарушы тағайындап алады. Басқарушының талап етуіне орай ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтағы ойнаушылар да бірінің белінен бірі құшақтап қатар тұрысады. Олар тұрған жерден 25—30 метр қашықтықта көмбе белгіленеді. Басқарушының командасы бойынша екі топ та сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып жүгіре жөнеледі. Қай тап көмбеге бұрын жетсе, сол жеңіске ие болады. Басқарушы ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалап тұрады. Ойын қайталанып отырады. Ойынды әбден игергеннен кейін басқарушыны жаңадан сайлап алады. Ойын жастарды қимыл бірлестігіне, коллектившілдікке, жауапкершілікке, ұйымшылдықка тәрбиелейді.

Орда

Ойын тек айлы түні ойналады. Ойын кең алаңда, шөбі шүйгін көгалды, шилі жерде өткізіледі. Ойынға ірі малдардың жілік сүйегі керек. Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы тағайындап алады. Оның бір тобында сүйек болады. Екі топқа ортақ көмбе белгіленеді. Оны «Орда» деп атайды.Сүйегі бар топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Қалғандары сүйекті іздеп кетеді. Сүйекті тауып алған ойыншы «Сүйек менде» деп ордаға қарай жүгіреді. Қарсы топтың ойыншылары оны қуып сүйекті алуға тырысады. Ал сүйек қолында бар топтың ойыншылары оны сатылап алып қашып бермеуге тырысады. Егер қарсы топ сүйегі бар ойыншыны қуып жетіп сүйекті алса, ол ойыншы да сол топқа өтеді. Ойын екі топтың қайсысының ойыншылары таусылып болғанша жүре береді.Бұл ойын жеткіншектерді бағдарлай білуге, айла-амалға, жүгіре білуге үйретеді.

Санамақ

Көпшілік қатысады. Ойын бастаушы қатысушыды бір адамды ортаға алып шығарады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай кідірмей аттап жүріп айтуы керек. Тоқтамай қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателесе ойынның шығады. Мысалы: жаңылмай, ақының немесе 10 өзеннің атауы керек.



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Сақина жасыру

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.са береді.



Теңге алу.

Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.«Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстан-да қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Тоспа доп

Ойынды бір топ жас өспірім жиылып, не ашық кең далада, не мектеп ауласында ойнайды. Ойынға бір метрдей таяқ, бір кішкене доп керек.Ойын бастаушы таяқты таңдаған бір жігітқан жақын жерден лақтырып береді, ол жерге түсірме: Оны қағып алып, таяқтың бір басын жоғары көтеріп ұстап тұрады. Қалған ойнаушылар ұстап тұрған қолдың үстінен таяқты тұтамдап ұстай береді. Бұл жеребе деп аталады. Кімнің қолы таяқтың ең ұшыны дәл келсе, сол доп ұрушы, ал оған таяу қолдың не доп беруші болады. Қалған ойнаушылар доп ұрылатын өріске барып бытырап тұрады. Бұларды «талаптылар» деп атайды.Доп ұрушы мен доп беруші аралары 2—2,5 метрдей қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Доп беруші 1, 2, 3 деп санайды да, допты тез лақтырып ұрушыға береді. Доп ұрушы оны аспандата, сонымен қатар ұзата қатты ұрады. Осы ретпен үшке дейін допты дәлдеп ұра алмаса, онда ұрушы мен беруші орын ауыстырады. Егер екінші ойыншы да дәл ұра алмаса, онда бұл екеуі «талаптылар» тобына кетіп олардың орындарына жаңадан екі бала келеді. Осы тәртіппен зымырап ұшқан допты ұстауға «талаптылар» түгел әзір тұрады. Әр кім өз тұсына келген допқа таласа жүгіреді де, бұрын ұстаған допты алып, доп берушіге лақтырады. Доп беруші оны жерге түсірмей қағып алады да ұрушыға тағы лақтарып береді. Бұл жерде доп беруші қағып ала алмай қалса, онда әлгі «талапкер» оның орнына шығады да, бұрынғы доп беруші «талаптылар» тобына барып қосылады. Ойын осылай созыла береді.



Ұшты-ұшты

Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
- Ұшты, ұшты – тырна ұшты!
(ұшады).
- Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Түйе-түйе

Ойын көгалды алаңда өтеді. Ойнаушылар жиналып екі топқа бөлінеді. Бірінші топта ойнаушылардың үштен екісі, екінші топқа үштен бірі болуы керек. Екінші топ ойнаушыларының бірі —«інген», қалғандары «боталар». Бірінші топтың ойнаушылары жан-жаққа тарап кетеді. Көгалда «інген» «боталарын» жайбарақат ертіп жүргенде жаңағы жан-жаққа тарап кеткен ойнаушылар (немесе ұрылар) байқатпай келіп бір-бірлеп «інгеннің,» «ботасын» ұрлай бастайды және әр біреуін әкеткен сайын «ботаңды әкеттік»,— деп дауыстап отырады. «Ботасын» ұрыларға қимаған інген артынан қуалап жете алмай дымы құриды. Осылайша біреуінің артынан қуып жүргенде, екіншісін ұрлап кетіп жатады. Оны көрген «інген» оған жүгіргенде, үшіншісін ұрлайды. Сөйтіп, бір-бірлеп бір «ботасы» қалғанша үрлай береді.

Енді барлық «ботасынан» айрылып, жалғвз «ботасымен» қалған «інген» екі көзінен жасы ағып, боздап, не істерін білмей, дал болады. «Інгеннің» қатты күйініп, қиналып отырғандығын пайдаланған ұрылар жалғыз «ботасын» да қағып кетеді, Бір кезде «ботасына» үн қатса, жауап бермейді, Содан үрейленген інген жан-жағына қарап, жүгіріп, іздеп таба алмай қалады. Жалғыз «ботасынан» айрылған «інген» есінен танғандай бір орнында айналып жүгіре береді. Сөйтіп, есеңгіреп жүгіріп келе жатып, анадайда тұрған ботасын ұрлаған топқа тап болады.

«Інгенді» көрген ойнаушылар жүрелерінен дөңгелене отырысады. Сол кезде қолында таяғы бар «інген» өзінің «боталарын» ұрлаған ұрылардың қолына түскендігі үшін жазалай бастайды, одан ұрыларды жазалайды. Ойын жалғаса береді.

Осы ойын арқылы халық даналығы жас өспірімдерге өмір сүрудің көзі малда екенін, оны бағып қағудың қажеттігін байқатады

Бірінші бала — Марат, сен тышқанның қалай дыбыстайтынын білесің бе?
Марат:— Шиық-шиық...
Бірінші бала:— Шібилер қайтеді?
Марат:— Қыт-қыт...
Бірінші бала:— Жарайды, жігіт екенсің. Ал енді иттің қалай үретінін айтып көрші.
Марат:— Үреді, ырылдайды, арсылдайды.
Бірінші бала:—Солай ма екен, сен сиыр мен қойдың қалай дыбыстайтынын айтшы?


Марат:— Сиыр — шиық-шиың..., қой — шиық-шиық етеді.


Бірінші бала:— Олай болса, сен білмейді екенсің. Жануарлардың бәрі бірдей

шиқылдай бере ме екен?
Марат:— Ендеше, мына балалардан сұрайық. Жануарлардың дыбысын кім жақсы біліп, дұрыс айтатын болса, соны мал дәрігері қояйық.

Осы арада ойынға қатынасушылар өздері білгенінше жануарлардың дыбыстарын айтады. Кім көп білсе, сол «дәрігер» болып саналады да қалғандарына ем айтады. Ем дегеніміз ұпайдың түрлері. Мысалы, Ермек — өлең, Боқан — жаңылтпаш, Сәрсен — көбейту кестесін айтып берсін. Таубай жұмбақ шешсін, тағы-тағылар.

Жануарлардың дыбысталу жайын ең көп білетін және дұрыс атай білетін бала, мысалы, былай деп түсіндіреді:































C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\жж.jpg

Түйілген орамал

Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады «1,2,3»-деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа батырай қашады. Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалы бар Осы кезде балалар жан-жаққа батырай қашады. Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалы бар баланы қуылайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қалған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымен ортада тұрып өнер көрсетеді.

Тұзақ құру

. Балалардың жасына, ой-санасына лайықты өзгеріп, өңделген. Үлкендердің аң аулап, құс ату әдісіне салып балалар мұны ойын үстінде орындайтын болған. Тұзақ аттың құйрық қылынан есіп жасалады. Тұзақ құр мен шілдің жолына, суырдың, қосаяқтың, сасық күзеннің, әртүрлі тышқандардың інінің аузына құрылады. Өзен жағалауларында тұратын елді мекендердің балалары осы күнге дейін тұзақпен балық ұстауды ұмытқан жоқ.



Жылқы — кісінейді, шұрқырайды, оқыранады, арқырайды.
Сиыр — мөңірейді, өкіреді, азынайды.
Қой-ешкі — маңырайды, мекіренеді.
Түйе — боздайды.
Шошқа — шыңғырады, қорсылдайды.
Ит — үреді, ырылдайды, арсылдайды, уілдейді, қыңсылайды.
Мысық — бырылдайды, мияулайды.
Тышқан — шиқылдайды.
Қаз — қаңқылдайды, шаңқылдайды.
Үйрек — барқылдайды, қыңқылдайды.
Мекиен — қыт-қыттайды.
Әтеш — шақырады.
Бүркіт — саңқылдайды, бістәктайды.
Торғай — шырылдайды.
Бұлбұл — сайрайды.
Қарға — қарқылдайды.
Безгелдек — безектейді.
Сауысқан — шықылықтайды.
Бөдене — бытпылдайды.
Шыбын — ызыңдайды.
Бөгелек — ызылдайды.
Бәкішек (шегіртке)— тызылдайды.
Жылан — ысылдайды, суылдайды.
Бақа — бақылдайды.
Аю — ақырады, өкіреді.
Қасқыр — ұлиды, ырылдайды.
Түлкі — ырсылдайды, шәңкілдейді.
Күзен — шақылдайды.
Суыр — шулайды.
Борсық — пырсылдайды.
Құндыз — сыңсиды.Арыстан — гүрілдейді, ақырады.
Жолбарыс — күркілдейді, бұрқанады, т. т.











.

























.





Қазақ

ұлттық

ойындар





































C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\imagesCA6794EA.jpg

Қазақ

ұлттық

ойындар



C:\Users\Kamila\Pictures\Новая папка\imagesCAORN1OY.jpg



























hello_html_149fbc09.png








































Қазақ

ұлттық

ойындар






























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров263
Номер материала ДВ-549832
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

Спасибо за сайт, приятно с вами работать.

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх