Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Презентации / Казахский литература 8 класс разработка
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Казахский литература 8 класс разработка

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы Қалқаман-Мамыр поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Ақын өмірінен алған мәліметтерді жинақтай отырып баяндау. Поэманың мазмұнын ашу,әр түрлі көзқараста баға беру.

ә)Тәрбиелік: Шынайы махаббат пен адал достыққа, адамгершілік пен бірлікке,талғампаздық пен ізгілікке тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: Оқушының өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Шығармашылық белсенділігін арттыру,әдеби шығарманы көркем ой кестесімен талдауға дағдыландыру.

Түрі: Шығармашылық-талдау сабағы.

Әдістері: СТО стратегиясы(алты қалпақты ойлау).

Пәнаралық байланыс: Тарих,салт-дәстүр.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд,шығармалар жинағы.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі:

а) Оқушылармен амандасу,түгендеу.

ә) Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Сенің көңіл күйің қалай? тренингі:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Ой шақыру”

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін

Серт бергем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін,-

деп, жырлаған Шәкәрім өз туған халқы үшін аянбай еңбек етті... 1. Шәкәрім кім? Қайда, Қашан дүниеге келді? 2. Қандай шығармаларын білесіңдер?

3. Абаймен қандай байланысы бар?

Слайд көрсету: (ақын өмірі, шығармашылығы туралы)

ІІІ. Жаңа сабақ

Иә, балалар, өткен сабақта оқуға берілгн “Қалқаман-Мамыр” поэмасының қысқаша мазмұнына тоқталып, әр түрлі қырынан қарайық.

Балалар,біз бүгінгі сабақтты” Алты қалпақты” ойлау стратегиясы бойынша өтбекпіз.

Сынып оқушылары алты қалпаққа бөлінеді.Мен енді сіздерді тапсырмаларыңызбен таныстырып өтейін.

1. Ақ қалпақ- сендер поэмадағы оң әрекеттерді сөз етесіңдер.

2. Қара қалпақ- поэмадағы теріс, яғни жағымсыз іс-әрекеттерді баяндайсыңдар. 3. Жасыл қалпақ- поэманың басқа пәндермен байланысына тоқталасыңдар. 4. Қызыл қалпақ- поэмадағы шынайы сүйіспеншілік, сезім туралы алған әсерлеріңді айтасыңдар.

5. Сары қалпақ- поэмаға композициялық талдау жасайсыңдар. 6. Көк қалпақ- поэма туралы ойтолғау немесе кейіпкерлерге өлең арнау.

1. Ақ қалпақтар – Біз “Қалмақан-Мамыр” поэмасын оқи отырып, шығармадағы оң әрекеттерге тоқталуды жөн санадық. Поэмадағы жағымды кейіпкерлерге Қалқаман мен Мамырды және Әнет бабаны жатқыздық. Әнет баба жасы 95-ке келген арғынның ел ағасы,Орта жүзді билеген биі,әрі молла,ғұлама кісі болған.Ол-ең алдымен,елдің тыныштығын ойлаған адам.Қалқаман мен Мамырға жаны ашыған,жүрегі өте мейірімді жан.Қалқаман-Мамырды құтқару үшін әр түрлі амалдар ойлап табады.Қалың малды көп беру,елді бітістіруді ойлайды.Оған да көнбеген сәтте “Қалқаман атпен шауып” өтсін сонда атсын Көкенай –дейді.Қалқаман тірі қалар деп үміттенеді.Баба үміті ақталып Қалқаман тірі қалады. Мамыр-Мәмбетейден тараған байдың қызы.Өзі өте сұлу,әрі ақылды,әкесі оны еркелетіп өсіреді.Қыз киімін кимей өзін ер баламын деп есептеп жүреді.Кейін құда түскен соң қыздарша киім киеді.Байдың Мамырдан басқа баласы жоқ.Мамыр махаббатына адал,сүйгеніне қосыла алмаған қыз.Өзі өлім аузында жатып те Көкенайдан Қалқаманның қанын жүктемеуді өтінеді,амандығын тілейді. Қалқаман-Мамырмен жылқы бағып,жүргенде кездесіп оған өз сезімін білдірген махаббат иесі.Кішіктің баласы Әйтекеден туған.Оның бар арманы сүйгеніне қосылу,бірбеткей сері жігіт.Ол ел ағаларына ренжіп Бұқар жаққа кетіп қалады. Менің ойымша,бұл поэмадан ескіліктің құрбаны болған қос ғашықтың, яғни сол дәуірден қазақ жастарының жан айқайын көруге болады.Олар дала заңына,ескі-сезімге,салт-дәстүрге қарамастан,адал махаббаттары үшін жанын пида етті. Қалай десек те Қалқаман мен Мамыр Көкенай мен Мәмбетей сынды ел тізгінін қолға ұстаған қатал адамдардың өлтіруі дұрыс емес деп ойлаймын.Басқа да шешім шығаруға болар еді.Өйткені,шариғатта кісі өлтіру,адам қанын жүктеу кешірілмес күнә деп есептеледі. 2. Қара қалпақ-Біз поэмадағы теріс әрекеттерге тоқталмақпыз.”Қалқаман-Мамыр поэмасында” екі жастың обалына қалып,оларды атып өлтірген Көкенайдың іс-әрекеті жағымсыз әрекетке жатқыздық.

Көкенай-өз заманының қатыгез адамы.Ол екі жастың арасындағы тікенек сияқты.Бірін-бірі ұнатқан екі жастың обалына қалды.Ол-мейірімсіз қатыгез,салт-дәстүрді берік ұстанған,бірбеткей опасыз жан.Сонымен қатар Көкенайдың теріс әрекетін тағы бір рулас адамдар тегіс құптады.Бұл Көкенайға күш берді.Жырда Көкенайды батыр деп атайды.Бірақ оның батырлығы ешқандай эпизотта жоқ.Мылтықсыз,қарусыз бірін-бірі сүйген қыз-жігітті өлтіру батырлыққа жатпайды деп ойлаймын.

Жырдағы кейіпкердің бірі-Мәмбетей.Мамыр оның шөпшегі,яғни төртінші ұрпағы Мәмбетей-феодалдық дәуірдің салт-дәстүрдің шырмауындағы өз дегенінен қайтпайтын бірбеткей жан иесі.Екі жастың қосылуына қарсы жан ол Әнет бабаның бітімгерлігіне құлақ түрмеген Қалқаманды өлтірмесе Кішікпен бас құрамайтынын айтқан дала заңын бұл жытпай орындаған қатал әке” Жеті атаға дейін қыз алуға болмайды”-деген қағиданы ұстанған адам ,біріншіден,екі жас ағайынды туыс адамдардың балалары,екіншіден,ата салт бойынша жеті атаға дейін қыз алмаған. Сондықтан да екеуі сезімге ғана бой алдырмай ақылға да жүгіну керек еді. Өйткені,дала заңы қатал”Өлімнен ұят күшті”аталы сөзді берік ұстанған Көкенай,Мәмбетеймен сол дәуір көзімен қарап өз үкімдерін шығарған деп ойлаймын.

3. Қызыл қалпақ-Біз поэмадан бір-біріне ғашық болған адал махаббат иелерінің шынайы сезімдерін байқадық.Поэманың негізгі көтерген мәселесі де жастардың бас бостандығы болатын.Қалқаман өзінің жүрек лүпілін жылқы бағып жүргенде жеткізеді. –Ей, Мамыр, Адамды Алла жаратыпты, Хауананы Адамға қаратыпты, Бірін еркек, біреуін әйел қылып, Екеуінен көп жанды таратыпты.

Ей, Қалқаман тегі жоқ Құдай жалғыз, Мұқтаж емес жолдасқа тіпті армансыз Адамзатқа көмексіз, махаббатсыз, Өмір қызық дегенді естен қалғыз. Осылайша өз сезімдерін білдірген жастар көп ұзамай-ақ махаббаттың азабын тартады.Бірде Мамыр Қалқаманға;

Тағдыр бізді қоспады ойын етіп,

Ертең құда түседі біреу маған

Кеше білдім төбемнен ұрғандығын,

Құдалықтың дап дайын тұрғандығын

Бірсігүннен кешіксең жауап жоқ деп,

Сол еді сөз ишарат қылғандығым-

деп,өзінің сыртынан әкесінің біреуге бермекші екендігіне кешірім сұрай отырып,сүйген,сүйенген жарым бір өзің дегенді айтады.

Қалқаман: -Олай болса, кетейін қазір алып,

Тұрсақ жазым болармыз қапы қалып

Азар болса мал алар,адам алмас,

Тобықтыны жиярмын бара салып-

деп, Мамырды алып кетеді.Бұның арты бітіспес дауға айналады.Жүрекке әмір жүрмеген екі жас феодалдық салт-сананың құрбаны болды.

Менің ойымша, бұл поэма қазақ жастары үшін тағылымы мол шығарма. Бірін-бірі шынайы пәк сезіммен сүйе білген, махаббатқа адал,уәдеге берік, қиындыққа қарсы тұра алған қайсарлығы өз оқушысын бей-жай қалдырмайды. Бұдан махаббаттың мәңгілік екендігін ұғына түстік. Екі ғашықтың қосыла алмауына өкінгендей әсерде болдым.Ғашықтық, сүйіспеншілік, қайсарлық қасиеттерді үлгі тұтамыз.

4. Сары қалпақ-Біз шығармаға композициялық талдау жасаймыз.

1.Оқиға алдындағы жағдай.1722 жылы Сыр бойында болған жағдай.

2.Шығарманың басталуы-Қалқаман мен Мамырдың алғаш кездесуі.

Шығарманың басталуы дегеніміз не?

-Көркем шығармада баяндалатын оқиғаның басталуын шығарманың басталуы дейміз.

3. Шығармадағы байланыс-Қалқаман мен Мамырдың бірін-бірі ұнатуы, бастаңғы жасауы,сөз байласуы.

Байланыс дегеніміз не?

-Шығармада оқиғалардың бір-бірімен сабақтасып отыруын байланыс дейміз.

4. Шығарманың дамуы-Мамырдың біреуге айттырылуы.

Шығарманың дамуы дегеніміз не?

-Шығармадағы оқиғаның қалыңдап, шиеленісе түсуін шығарманың дамуы дейміз.

5. Шығарманың шарықтау шегі-Екі жастың серттесіп қалуы, Мәмбетей мен Тобықты руының жанжалдасуы.

Шарықтау шегі дегеніміз не?

-Көркем шығармада оқиғалардың шарықтау шегіне жетуін шығарманың шарықтау шегі дейміз.

6. Шығарманың шешімі- Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі.

Шыгарманың шешімі дегеніміз не?

-Көркем шығармада оқиғаның бір шешімге келуін оқиғаның шешімі дейміз.

Шығарманың композициясы дегеніміз не?

-Көркем шығармада оқиғаның басталуын, олардың байланысын, шарықтау шегін, шешімін шығарманың композициялық құрылысы дейміз.

5. Жасыл қалпақ-Бұл поэманың әдебиеттен өзге де пәндер мен тарих және салт-дәстүрмен байланысын көреміз. Тарих пен байланысты дейтін себебіміз, өйткені поэма оқиғасы 1722 жылы сыр бойында “Ақтабан шұбырынды ” заманында өтеді. Жерге таласқан қазақ пен қалмақтың арасындағы даулы мәселе сөз етіледі.

Екіншіден, поэма оқиғасының салт-дәстүрмен байланысын айтар болсақ, Кейіпкерлердің туыстық жағын сөз етеміз. Мәмбетей мен Кішік ағайынды бірге туған. Кішіктен Әнет, Әйтеке тарайды. Мәмбетейден Мамырдың әкесі туады. Әйтекеден Олжай, Байбөрі, Қалқаман туады. Қалқаман мен Мамырдың әкелері немере ағайынды кісілер. Мамыр Мәмбетейдін шөпшегі. Қалқаман Кішіктің шөпшегі. Екеуі бес атадан туысады. Қазақ заңында жеті атаға дейін қыз алуға рұқсат жоқ. Ата салтымыз қан тазалығын сақтаса керек.

Дастанда Сәмеке деген хан қалмақты жеңіп той жасайды.Сол тойға Тобықты елі тегіс шақырылады.Оңаша қалған жастар бастаңғы жасайды.Бастаңғы-қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі.Үйден үлкендер бір жаққа кеткенде, үйдегі жастар бас қосады.Сонда Қалқаман-Мамырға өз көңілін білдіреді.Көп ұзамай-ақ Мамыр Қалқаманға өзін біреуге атастырып қойғанын,құда түсетінін айтады.

Атастыру - Екі жақтың үлкендері өзара келісіп, уағдаласуы,серт байласуы.

Құда түсу – халқымыздың ежелден келе жаткан салт-дәстүрінің бірі.Күйеу жігіттің ата-анасы қыздың үйіне жаушы жігіт жіберіп құда түсу күнін белгілеп, сөз байласып, ортақ мәмлеге келеді.

Сатылай кешенді талдау.

1.Поэманың тақырыбы: Ғашықтық, шынайы сүйіспеншілік.

2.Идеясы: Жастардың бас бостандығын аңсау.

3.Шумақ-93

4.Тармақ-372

5.Бунақ-3

6.Буын-11

7.Ұйқас-қара өлең ұйқасы.

Қорытындылау:

-Иә,балалар,әрқайсысың өз пікірлеріңді айтып шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс немесе бұрыс деп айту қиын. Ол заман әйел затын бұғауда ұстап, малға сақтан заман. Сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман мен Мамыр жүрек қалауын мақсат етіп адал махаббатқа жүгіндіре білген. Ақын мақсатыда сол. Өз замнының қатал қағидасына наразы.

Десек те, басты мақсат Қалқаман- Мамыр поэмасынан ғибырат алу. Ертең сендер де кәмелеттік жасқа жетесіңдер.Шынай сүйіспеншілік сезімі оянып, отау құрар шақта туыстық, жақындық мәселесіне назар аудару керек. “Ата салтын аттауға болмас, Жүрек қалауын тастауға болмас” деген қорытындыға келейік.

Жүректен-жүрекке тренингі”

Оқушылар дөңгеленіп, шеңбер жасап бір-біріне жақсы тілекктер айтады.

Бағалау:

Үйге тапсырма: Қалқаман-Мамыр поэмасынан шағын сахналық көрніс даярлау.

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудана

Северный орта мектебі




hello_html_51c2a4f0.gif

Тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлы “Қалқаман-Мамыр”

8-класс



Өткізген:

қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Б. Ибраева







2013-2014


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров276
Номер материала ДВ-177484
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх