Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Казахский язык 5-9 кл

Казахский язык 5-9 кл



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Шабдар Әсел Маманқызы Көктау негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Тілдер апталығында 5-9 сынып оқушылары арасында өткізілетін сайыс.


Тақырыбы: «Тілім менің - тірегім» ХХІ ғасыр көшбасшысы

Мақсаты: 1) озық ойлы оқушылардың білімдерін сынау. Олардың ойлары терең, қиялдары ұшқыр болуға үйрету.

2) Оқушылардың белсенділіктерін арттыру

3) Оларды білімді, озық ойлы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар.

Жоспары:

  1. Кіріспе сөз, ашылуы

  2. Оқушыларды таныстыру

  3. Танымдық ойын

  4. Қорытынды

І. «Менің елім - 2050» үй тапсырмасы.

ІІ. Бәйге

ІІІ. Жорға

ІҮ. Ойлан тап

Ү. Қай ғалым?

ҮІ. Полиглот

ҮІІ. «Ғажайып төрттік»

Сайысымызды бастайық

Ортаға назар салайық

Сайыскерлерді ортаға

Қол соғып қарсы алайық – деп қол соға отырып сайыскерлерді ортаға шақырылады.


Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең оймен жалғасады

Екі мың елуінде менің елім,

Арманыммен, қиялыммен табылады.


І кезең «Менің елім - 2050» Үй тапсырмасы


Әр оқушыға қорғауға 2 минут уақыт беріледі.. Оның ұпайы шығарманың мағынасына қарай 20 ұпайға дейін бағаланады.

әділ-қазылар І кезеңнің қорытындысын жариялайды.


ІІ кезең. «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгеге сіз еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарып,

Шәкірттеріңіздің сіз озғанын көріңіз


ІІ кезеңнің тәртібі: оқушылар кезекпен ортаға шығып столдағы сұрақтатың үшеуін алады да оған жауап береді.Әр толық жауап 10 баллдан есептеледі.

  1. Ескі мифтік наным –сенім бойынша атын тура атауға болмайтын қандай сөздер? (табу)

  2. Екі немесе бірнеше сөздең тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркесін қалай атаймыз? (тұрақты тіркестер)

  3. Дисфемизм дегеніміз не?

  4. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қай жылы жарияланды? (1989 ж. 22 қыркүйек, 1997ж. 11 шілдеде)

  5. Абайдың анасы Ұлжан Құнанбайдың нешінші әйелі? (2 әйелі)

  6. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

  7. Дауысты дыбыстардың түрлері?

  8. Ашық дауысты дыбыстарды ата (а,ә,е,о,ө,э)

  9. Екі әке мен екі бала келе жатып үш алма тауып алды, оны тең етіп бөлгенде әрқайсысына 1 алмадан келді. Бұл қалай?

  10. Жамбыл Жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? Жамбыл облысы 1846 жылы 28 ақпан Жамбыл тауының етегінде.

  11. Естіген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: Абайдың нешінші қара сөзі (31)

  12. Бала Шоқан деп аталатын шығарма кімдікі?

  13. Ахмет Байтұрсыновтың 1909 жылы жазылып шыққан еңбегі қандай? (Қырық мысал)

  14. Портрет дегеніміз не?

  15. Омоним дегеніміз не?

  16. Орфография сөзі қай тілден енген?

  17. Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңдерін ата№

  18. қазақ тілінің буын түрлерін ата

  19. Жалғыз дауыстыдан болған буын түрі.

  20. Ашық терезе қандай мағынада қолданып тұр?

ІІІ кезең «Жорға»

Ең қиыны жарыстың жорға келді

Мықтылары шәкірттердің жеңсін енді

Тез жауап бер ойланып, тұрып алмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

ІІІ кезеңнің тәртібі: Әр оқушы 5 сұрақтан жауап береді. Сұраққа ойланбай тез жауап беру керек. Әр сұрақ 10 баллмен есептеледі.

1-оқушы:

1. Сәкен Сейфуллиннің шын есімі. (Сәдуақас)

2. Абылайханның шөбересі Уалиханның немересі Шыңғыстың баласы, ол кім? (Ш.Уәлиханов)

3. Лирика дегеніміз қандай мағынаны білдіреді? (Жазушының көңіл күйі)

4. Ы.Алтынсарин армандап келген мектебі қай жылы ашылды? (1864 жылы)

5. Абылай хан қай жылдары өмір сүрді? (1711-1781 ж)

2-оқушы:

1. Кеудесіне нан пісті тұрақты тіркесінің мағынасын аш (менсінбеу)

2. Қыздың жиған жүгіндей (әдемі)

3. Оқтау жұту тұрақты тіркестің мағынасы (жұмысқа илікпеу, икемі жоқ)

4. Жаны мұрнының ұшына келу турақты тіркестің мағынасы (қорқу)

5. Ит өлген жер тұрақты тіркесінің мағынасы (алыс шалғай)

3- оқушы:

1. Фонетика нені зерттейді? (Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала)

2. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42)

3. Тұрлаусыз сөйлем мүшелерін ата (анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш)

4. Сөзжасам ұғымының мағынасы (жаңа сөздердің жасалуы)

5. Қазақ тіліне тән қанша дыбыс бар? (9)

4 – оқушы:

1. Тіл білімінің салаларын ата (лексика, фонетика, грамматика, сөзжасам)

2. Су сөзіне түбірлес сөздер жаса (сулы, суар, сулық, суат)

3. Бастауыш қандай сұраққа жауап береді? (Кім? Не? Кімі? Несі?)

4. Қазақ тілінде дыбыс саны қанша? (37)

5. Әріп дегеніміз не? (дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп деп айтамыз)

5- оқушы:

1. Сені сөзінің синонимін тап (илану, нану)

2. Дүние жүзінде қанша тіл бар? (5651)

3. А.Байтұрсынов тіл туралы қандай еңбек жазды? (Тіл - құрал)

4. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

5. Ы.Алтынсариннің балаларға арнап жазған оқулығы. (Балалар хрестоматиясы)

6- оқушы

1. Лексика нені зерттейрін сала? (белгілі бір сөздердің жиытығы)

2. Еріндік дауысты дыбыстарды ата (о,ө,ұ,ү,у)

3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата (к,қ,п,т,с,ш,щ,ф,х,ч,һ)

4. Жақсы сөзіне антоним тап (жап, антоним қарама-қарсы сөздер)

5. Екпін түспейтін сөздер мен қосымшаларды ата (жіктік жалғауларына, болымсыз етістік жұрнақтарына, көмекші сөздерге) ІІІ кезеңнен кейін 2 жеңілген екі оқу ойыннан шығады

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

ІҮ кезең. Бұл қай ғалым?

Судай тасып, әр биік белден асқан,

Дүниеге әр алуан өнер шашқан.

Білім алып солардың жолын қуған,

Әрбір адам өмірде өрге басқан.

ІҮ кезеңнің тәртібі: Бұл кезеңде оқушыларға сұраққа қосылып үш жауап айтылады, жауаптардың біреуі дұрыс. Әр сұраққа 10 ұпайдан есептеледі.

  1. Миллион сөзін қазақ арасына жеткізуші ғалым?

А) Ы.Алтынсарин

Ә) Ш.Уәлиханов

Б) Қ.Сәтбаев

2. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғалым?

А) Беруни

Ә) Әль-Фараби

Б) Хорезм

3. Қазақтың ұлы ақыны

А) Ахмет

Ә) Мағжан

Б) Абай

4. ЮНЕСКО көлемінде 2002 жылы 100 жылдық мерей тойын атап өткен жазушы.

А) Абай

Ә) Ғабит

Б) Сәбит

5. 1900 – 1973 жылдары өмір сүрген қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері.

А) Сәбит Мұқанов

Ә) М.Әуезов

Б) М.Дулатов

6. Құлагер поэмасының авторы

А) Сәкен Жүнісов

Ә) І.Жансүгіров

Б) Б.Маилин


Ү кезең Ойлан, тап

Логикалық ойын деп аталады.

Оқушылар сұраққа жылдам жауап беруі керек.

  1. Елеуішпен су әкелуге бола ма (болады, тек мұз немесе қар күйінде)

  2. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (жарықты)

  3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса, ішінде не қалады?

  4. Стол бетінің төрт бұрышы бар, егер біреуін кесіп тастаса неше бұрыш қалады? (5)

  5. Сыныптағы қыздардың есепті шығарғандағы ұлдармен бірдей болды. Сыныптағы ұл көп пе, қыз көп пе? (қыздар)


ҮІ кезең «Полиглот»

Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде

Қазақ, орыс, ағылшынша білсеңіз,

30 ұпай шәкірт саған несібе.


ҮІ кезеңнің шарты оқушыларға жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың шешуін үш тілде айту керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  1. Мұрты бар, сақалы жоқ,

Тоны бар, шапаны жоқ. (мысық, кошка, cаt)

  1. Құрғақ жерде сақтаысйң,

Онсыз тамақ таппайсың (тұз, соль, salt)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш, линейка, ruler)

  1. Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді (хат, письмо, letter)

  1. Жылт-жылт еткен

жылғадан өткен (су, вода, water)

ҮІІ кезең «Ғажайып төрттік»

Бұл төрттікті ардақтаған халықтар,

Осыменен аты шыққан алыптар.

Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,

Бұл төрттікті әрқашанда танып қал.

Оқушылар алдындағы «Әдебиет», «Қазақ тілі», «Салт-дәстүр», «Тарих» пәндерінің біреуін таңдап таблодағы 20 30 40 50 сандарының біреуін таңдап алады.

Әдебиет

20 сұрағы:

1. Махамбет Өтемісұлы қай жылы дүниеге келген? 1803 – 1846 ж.ж.

30 сұрағы:

Үш бәйтеректі ата. Олар қай жылдары өмір сүрген?

40 сұрағы:

Өтеген батырдың халқына тапқан жерінің аты? (Жиделібайсын)

50 сұрағы:

Эпифора дегеніміз не? (өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталануы м/ы Бізді алатын жау жоқ,

Бізден мықты жау жоқ)

Салт – дәстүр

20 сұрағы

Жігіттің үш жұртын ата

30 сұрағы

Үш ғайып бар: ажал, қонақ және несібе

40 сұрағы

Бастаңғы қандай салт?

50 сұрағы

Батаның түрлерін ата (жас талапкерге, дастарханға алғыс, жаңа айдың батасы)

Қазақ тілі

20 сұрағы

Жұрнақтың түрлері (сөз түрлендіруші, сөз тудырушы)

30 сұрағы

Термин сөздер дегеніміз не? (белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататынсөздер)

40 сұрағы

Барымта, хан уәзір, сәукеле сөздері қандай сөздер?

50 сұрағы

Қазақ тілінде қандай қосымшаларға екпін түспейді? (жіктік жалғауларға, болымсыз етістіктің жұрнақтарына, көмекші сөздерге)

Тарих

20 сұрағы

Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды?

30 сұрағы

Шыңғыс хан қай баласына өз билігін мұрагерлікке берлі? (Үгедей, Төлеге)

40 сұрағы

Ақсақ Темір қай жылдары өмір сүрген? (1336 - 1405)

50 сұрағы

Түркістандағы Қожа –Ахмет кесенесін кім салдырған (Әмір Темір )





Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. 45 минут журналы

  2. 5,6,7,8,9 сынып қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтары

  3. тарих оқулықтары.



















Фурманов орта мектебі




ХХІ ғасыр көшбасшысы


Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз

тіліңді құрметте»



Өткізген: Шабдар Ә.М.










2008-2009 оқу жылы



1.Ескі мифтік наным –сенім бойынша атын тура атауға болмайтын қандай сөздер?



2.Екі немесе бірнеше сөздең тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркесін қалай атаймыз?



3.Дисфемизм дегеніміз не?



4.Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қай жылы жарияланды?



5.Абайдың анасы Ұлжан Құнанбайдың нешінші әйелі?



6.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?



7.Дауысты дыбыстардың түрлері?



8.Ашық дауысты дыбыстарды ата



9.Екі әке мен екі бала келе жатып үш алма тауып алды, оны тең етіп бөлгенде әрқайсысына 1 алмадан келді. Бұл қалай?



10.Жамбыл жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?



11.Естіген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: Абайдың нешінші қара сөзі



12.Бала Шоқан деп аталатын шығарма кімдікі?





13.Ахмет Байтұрсыновтың 1909 жылы жазылып шыққан еңбегі қандай?



14.Портрет дегеніміз не?



15.Омоним дегеніміз не?



16.Орфография сөзі қай тілден енген?



17.Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңдерін ата



18.Қазақ тілінің буын түрлерін ата



19.Жалғыз дауыстыдан болған буын түрі.



20.Ашық терезе қандай мағынада қолданып тұр?





















hello_html_m5afe1f1d.gif





hello_html_m5afe1f1d.gif




hello_html_m5afe1f1d.gif





hello_html_m5afe1f1d.gif



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров99
Номер материала ДВ-404836
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх