Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Казахский язык Сын есім
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Казахский язык Сын есім

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ






К Е Л І С І Л Г Е Н Б Е К І Т Е М І Н

колледж әдіскері директордың ОӘЖ орынбасары

__________Г.Қ.Қалабаева _________ В.Ю.Лысенко

«____» ________2012 ж. «___»_________2012 ж.







Сын есім тақырыбы бойынша

сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып

«Қазақ тілі»пәні бойынша дайындалған сабақтың


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ





Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Марденова Айман Жетібайқызы








Әлеуметтік-гуманитарлық пәндері циклдік комиссиясының

отырысында қаралып, мақұлданған

Хаттама №___ « ___» _____2012 ж.

ӘГПЦК төрағасы________ К.Т.Халилов




Алматы, 2012


Мазмұны



1.Түсіндірме жазба


2. Сын есімге тірек сызба


3. Сабақтың құрылымы


4. Сабақтың жоспары


5. Сабақтың барысы


6. Тест сұрақтары


7. Пайдаланылған әдебиеттер






























Түсіндірме жазба


Ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық білімнің озық, өнегелі үлгілерін студенттерге білім беруде, соның ішінде қазақ тілін оқытуда қолдану бүгінгі күннің басты міндеті болуы тиіс. Мұндай тиімді оқыту әдісі – оқушының қажетті материалды жеке- жеке салаларға жіктемей, тұтас игеріп, толық қабылдауына мүмкіндік жасайды. Оқу жүйесіне тиімді технологияның енуі – бүгінгі күннің талабы.

Қазақ тілі пәнінде жүзеге асатын осындай жаңа тиімді технологияның бірі – сатылай кешенді талдау.

Сатылай кешенді талдау қазақ тілінің барлық салаларын (фонетика, лексика, морфология, сөзжасам, синтаксис) жүйелі әрі сапалы меңгерумен қатар басқа пәндермен де байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Сатылай кешенді талдауда баланың ізденушілік, зерттеушілік шеберлік пен дағды танымдық-психологиялық қасиеттері дамиды. Уақытты үнемдеп пайдаланып, өз ойын тірек сызбалар арқылы жеткізуге тырысады. Сондай-ақ сөйлем талдауға дағдыланады,сөздік қоры дамиды, сауаттылығы қалыптасады,қазақ тілінде тез сөйлеуге машықтанады.

Қазақ тілі пәнінен теориялық материалдарды жақсы ұғынып,меңгерген білімді тұрақтандырып, студенттердің практикалық дағдысын қалыптастырудың бірден-бір жолы – сөйлем талдау.

Сөйлем талдау-берілетін білім негіздерін саралауға, оны еске қайта түсіруге, білімді баянды етуге мүмкіндік беретін тәсіл. Грамматикалық талдау жеке сөз фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тұрғыдан талданады. Сатылай кешенді талдауда тілдің барлық саласы қамтылып, грамматикалық талдауға қажетті ережелер қосымша айтылып отырады.

Сатылай кешенді талдауда тілдің белгілі бір саласын өтіп болғаннан кейін білім дағдысын қалыптастыру үшін теориялық материалға, мақал-мәтелдер айту,түрлі ойындар, сызбалар,тест сұрақтары арқылы қайталау жүргізу тиімді.

Мысалы: Сын есім бойынша мынадай сызба арқылы өтілген теориялық материалды қайталаймыз.












Сабақтың құрылымы



І. Ұйымдастыру

Студенттерді түгендеу, кабинет тазалығы т.б


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Сан есімді қайталау. Қима қағаздар арқылы сұрау.


2.1. Ойын «Кім жылдам?»


2.2. Сатылай кешенді талдау


2.3.Сөзжұмбақ шешу


2.4.Семантикалық картамен жұмыс


2.5. Шығармашылық жұмыс


IІІ. Қорыту.Тест тапсырмалары


ІV. Үйге тапсырма


V. Бағалау






















Сабақтың жоспары


Сабақтың тақырыбы: Сын есім туралы түсінік


Білімдік мақсаты:

а) Студенттердің өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту;


Дамытушылық мақсаты:


ә) Сөйлемдер талдау арқылы үстеудің құрамдық және мағыналық түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.


Тәрбиелік мақсаты: Ойын түрлері арқылы ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жаттығу-талдау.


Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.


Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, мақал-мәтелдер, кеспе қағаздар.

























Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру

Студенттерді түгендеу, сабаққа әзірлігі,кабинет тазалығы т.б


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Сын есімнің жасалу жолдарын, түрлерін кеспе қағаздар арқылы сұрау:

1. Сын есім деген не, сұрақтары қандай?

2. Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

3. Дара және күрделі сын есім деген не?

4. Сын мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

5. Сапалық сын есім және оның сұрақтары қандай?

6. Қатыстық сын есім және оның сұрақтары қандай?

7.Сын есімнің шырайларын ата?

8.Асырмалы шырай дегеніміз?

9.Күшейтпелі шырай деген не?

10.Жай шырай деген не?



СЫн ЕСІМ сызбасы


hello_html_m35a9250a.gifhello_html_79c151e8.gifhello_html_m5652a3e2.gifhello_html_m45dd1867.gifhello_html_50033143.gifhello_html_7a9d9723.gifСын есім

hello_html_78501804.gif

1. Құрамына қарай

2hello_html_m53fc1a48.gif. Тұлғасына қарай:

а.негізгі түбір;

б.туынды түбір;


3. Құрылысына қарай:


а.дара;

ә.күрделі



4.Лексикалық мағынасы.


5.Грамматикалық мағынасы.


6.Сұрағы.


7.Мағынасына қарай.




2.1 «Кім жылдам?» ойыны

Сын есімнің мағыналық түрлеріне байланысты сөйлемдер құрап,бөшкеге жылдам салу керек және домино тәсілімен сын есімдерді қатыстыра отырып, мақал-мәтелдерді жылдам айту керек.




hello_html_77879223.gifhello_html_m412b66ba.gifhello_html_m2ccf9912.gif






hello_html_18f87840.gif

hello_html_m2b4b3a5e.gif











2.2.Сатылай кешенді талдау

ұhello_html_m47a0d23e.gifhello_html_4d8284e6.gifhello_html_m3d36b63d.gifhello_html_m65fe4e62.gifhello_html_m6e49468a.gifhello_html_m70180d8b.gifhello_html_1400eeb4.gifhello_html_2f1cd026.gifhello_html_70036656.gifhello_html_67c8748e.gifқыпты

1.Бұл сөз бір құрамнан тұр:ұқыпты.


2.Тұлғасына қарай –негізгі түбір.

3.Құрылысына қарай-дара. Себебі бір түбірден жасалған.

4.Сөзде бір лексикалық,бір грамматикалық мағына бар.

5.Лексикалық мағынасы-заттың сынын білдіріп тұр.

6.Грамматикалық мағынасы-лексикалық мағынаның жалпылауынан жасалған жалпы грамматикалық мағына- сын есім.

7.Ұқыпты-қандай деген сұраққа жауап береді.

Ендеше,бұл сын есім.Сын есім дегеніміз-сөйлемде заттың сын-сапанын,мөлшерін,көлемін, дәмін,түрін,түсін әр түрлі белгілерін білдіретін сөз табы.









Сын есім

(имя прилагательное)

Заттың сынын,сапасын, түрін,түсін,дәмін,көлемін білдіріп,қандай?қай? деген сұраққа жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.


Примеры

1.Түрі

ақ «белый», қара «черный», қызыл «красный», сары «желтый», көк «синий», жасыл «зеленный», қоңыр «коричневый», сұр «серый»

2.Көлемі

үлкен «большой», кішкене «маленький», кең «широкий», тар «узкий», биік «высокий», қысқа «короткий».

3.Мінез-құлқы

жуас «смирный», тентек «озорный», сұлу «красивый», жалқау «ленивый», қатты «твердый»

4.Дәмі

Ащы «горький», тәтті «сладкий», дәмді «вкусный», тұщы «пресный», қышқыл «кислый»

5.Пішіні

домалақ «круглый», жалпақ «плоский», томпақ «выпуклый»,

Сын есім

1.Сапалық

2.Қатыстық

ақ,қара,жеңіл,үлкен т.б.

тұзды,арманды,ақшалы т.б.

2)

Тұлғасына қарай

1)Негізгі

2)Туынды

жақсы,әдемі,кең,суық т.б.

қысқы,таулы,сынық,өткір т.б.

3)


Құрамына қарай

1)Дара

2)Күрделі


кіші,тар,нәзік,мол т.б.

ойлы-қырлы,қызыл ала,ұзын бойлы,жақсы-жаман т.б.





1-тапсырма. Мына сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғаңыз және орыс тіліне аударыңыз.


а)-ты/-ті, ды/-ді, лы/-лі

бас, дала, сәт, көл, түс, дене, сақал, мұрт, бала, дәм, тұз;

ә)-дай/-дей, тай/-тей

бала, ана, су, сүт, күн, әке, қар;

б)-сыз/-сіз

тіл, дәм, бұлт, жел, мұрт;

в)-қы/-кі, ғы/-гі

кеше, бүгін, таңертең, іш, қазір, ертең, түс, соң, сырт;

д)лық/-лік, -тық/-тік, -дық/-дік

қала, минерал, ауыл, дос, жас, өндіріс, кандидат, галантерея, демократ,

ұжым;


2-тапсырма: Төмендегі сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сын есім жасаңыз.


Береке, заман, мереке, сән, адам, бала, бақыт, мезгіл.


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫ


1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.

КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.

1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.

1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады.

1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.

Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.

Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр.


Мәтінге тапсырма:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Мәтінге қатысты бірнеше сұрақтар дайындаңыз.

  3. Мәтін ішінен сын есімдерді тауып, құрамын анықтаңыз.

  4. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

  5. Мәтінді жоспарыңыз бойынша әңгімелеңіз.

  6. ҚР ұлттық валютасы туралы тағы не білесіз?


3-тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

а) Кімнен? От кого?


Мен ................ келе жатырмын. ................... кітап сұрап тұрсың? О.......... телефон номерін алыңыз. Мұғалім........... жақсы баға алыңыз. Біз .................. үйге қажетті заттарды сатып аламыз. Сендер.......................... хат аласыңдар. Сіздер ....................... ем аласыздар.


ә) Қайдан? Откуда?


Мен ....................нан әкеле жатырмын. Сен ........................телефон соғып тұрсың ба? Сіз ...................... қандай зат аласыз? Марат ....................... жиі келеді. Біз .........................ертең келеміз. Сіздер ........................ұшасыздар ма? Сендер ................сағат нешеде келесіңдер?


б) Неден? Из чего?


Мен .......................ойыншық жасап отырмын. Сен .......................әдемі көйлек тігесің. .................не жасауға болады? Әже .....................шұлық тоқып отыр. Біз .......................екі бөлме жасаймыз. Сіздер......................тамақ пісіріңіздер. Студенттер ...................сөйлем құрап отыр. Біз сөздерді............................қараймыз.



4-тапсырма.Сөзжұмбақтың шешіңіз:

  1. Ауырғанда не ішесіз?

  2. Сізді кім емдейді?

  3. Өкпені тексеретін құрал

  4. Көзге киетін зат

  5. Әйелдер дәрігері

  6. Ішкі ағзаларды емдейтін дәрігер

  7. Жүрек дәрігері



2.4.Семантикалық картамен жұмыс.Бұл жұмыстың негізгі мақсаты:сын есімнен өткен материалдарды меңгергендерін анықтау, бекіту.


1

Қып-қызыл





Әділ





Ақылды





Тап-таза





Көгілдір





Бақытты





Жұмсақ





Тәп-тәтті





Қадірлі











2

Мағынасына қарай

Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім

Көгілдір, ақылды, сабырлы, жасыл, орманды, өнерлі, сыйлы, ащы, алтындай, шебер, талғампаз, жүректі, қара, ақшыл, әдемі, сымбатты, сөзшең, қимылсыз, дүниеқор, менмен, көпшіл, ақ, қоңырқай, жарық, сары.





2.5. Шығармашылық жұмыс

Берілген әріптерді дұрыс құрастырсаңыздар белгілі мақал-мәтел шығады және сол мақалдан бір әріп қалып отарады.Осы артық қалған әріпті құрастырсаңыздар белгілі бір пән аты шығады.

Қ


А Б Ғ Ы А

БАҒЫ

А


З А Р

АР

З


Л І П П Е Н Ә І Ң А

әліппенің

А


А Қ Ы Ғ Ж

ЖАҒЫ

Қ








Т О Ж Қ Ы Н Т – ЖОҚТЫҢ


Р А М Ы Н І А – АРМАНЫ


Л О Қ Ж – ЖОҚ


А Ы І Л Қ – АҚЫЛЫ


IІІ. Қорыту.Тест тапсырмалары арқылы өтілген тақырыпты бекіту.


IV. Үйге тапсырма Сын есімдерді қатыстыра отырып шығарма жазу, қайталау.


V. Бағалау










































Тест тапсырмалары

  1. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөз табын ... дейміз.

а. сын есім

ә. есімдік

б. үстеу

2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

а. қандай? қалай? қашан?

ә. қалай? қашан? қайда?

б. қандай? қай?

3. Артық сөзді табыңдар:

а. ертегі

ә. қызыл

б. көк

4. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді жазыңыз:

Аңшылар ... түлкі әкелді.

а. кенет

ә. төмен

б. қызыл

5. Дұрыс жауабын табыңыз:

Әсел қандай қыз?

а. ақылды

ә. кеше

б. тез

6. Артық сөзді табыңыз:

а. жақсы

ә. ұзын

б. таулы

7. Сын есімді көрсетіңіз:

а. туралы, сол

ә. жас, кәрі

б. зорға, әрең

8. Жауабын көрсетіңіз:

Сабақты қалай оқиды?

а.жақсы

ә. ертең

б. кешқұрым

9.Сын есімді көрсетіңіз:

а. сыбырла

ә. қараңғы

б. күндіз

10. Артық сөзді табыңыз:

а. жасыл

ә. домалақ

б. кешке келеді

11. Сапалық сын есімді табыңыз:

а. жақсырақ

ә. көк

б. ащы

12. Артық сөзді табыңдар:

а. сұр

ә. қоңыр

б. асығып

13. Қатыстық сын есімді табыңыз:

а. нулы,сулы

ә. әділ,арам

б. Ерке,бұзық

14. Күрделі сын есімді табыңыз:

а. қара

ә. Қып-қызыл

б. сары

15. Артық сөйлемді көрсетіңіз:

а. әдемі жазды

ә. әдемі

б. сабырлы

16.Дара сын есімді табыңыз:

а. жап-жақсы

ә. тәп- тәуір

б. келбетті

17. Артық сөзді табыңдар:

а. қызғылт

ә. таулы

б. қазақ

18. Көп нүктенің орнына керекті сын есімді жазыңыз:

Ол ... бала.

а. зерек

ә. көк

б жап-жасыл

19.Күрделі сын есімді табыңыз:

а.алғыр

ә. қызық

б. қап-қара

20. Артық сөзді көрсетіңіз:

а. тауда

ә. көкшіл

б. сарғыш






Пайдаланылған әдебиеттер:


1. А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. Казахский язык для всех.Алматы 2004.


2. Н.А.Оразахынова Практикалық қазақ тілі. Сатылай кешенді талдау жүргізу. Алматы 2009.


3. Н.А.Оразахынова Сатылай комплексті талдау. Алматы 2002.


4. Н.А.Оразахынова Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы 2007.


5. Н.Оралбаева.ТӘбдіғалиева. Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі. Алматы 1993.




























Автор
Дата добавления 11.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров177
Номер материала ДБ-253428
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх