Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Казахстан - многоязычная страна"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Казахстан - многоязычная страна"

библиотека
материалов

1-жүргізуші: - Армысыздар, қадірменді қонақтар, ұлағатты ұстаздар, студенттер Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып шаңырағымыздың көтерілгеніне биыл міне, 21 жыл толады. Осы жыл ішінде мемлекеттік тіліміздің мәртебесі өсіп, деңгейі артты десек те болады.


2-жүргізуші: Иә, тіл- ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі және тіл қай ұлтта, қай өлкеде болса да қасиетті, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады, сондықтан болар, тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы.

1-жүргізуші: Сіздерді Тілдер күнімен құттықтай отырып,бүгінгі Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған «Тіл – ел бірлігі» атты фестивалін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

( ӘНҰРАН ОРЫНДАЛАДЫ)

2 – жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман – дей отырып, Қазақстан жерінде бір шаңырақ аясында барлық ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде.


1 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының Ата заңында «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп жазылған. Қазақ елінде тұратын өзге ұлт өкілдері қазақ тілін білуге, құрметтеуге міндетті. Алғаш Тілдер заңы 1989 жылы қабылданды, 1997 жылы Парламентте қайта талқыланып, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен бекітілді. Сөйтіп, 1997 жылдан бастап қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.


2 – жүргізуші: «Тіл – адамды көкке көтереді, тіл арқылы ел бақытқа жетеді» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, тілімізді қадірлеп, қастерлей білейік.


1 – жүргізуші: Сүйемін туған тілді ана тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын

Сол тілменен әдетті мен жаттадым

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.


2 – жүргізуші: музыкалық номер


1 – жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты, бейбіт сүйгіш мемлекет. Осы мемлекетімізде тұратын басқа ұлт өкілдері бүгін өз өнерлерін ортаға салады. Бүгінгі фестиваліміз ІІІ айналымнан тұрады:

  1. Таныстыру

  2. Салт-дәстүрден көрініс

  3. Өнер көрсету сайысы

Бәйгеге түскелі отырған топтарды ортаға шақырайық.


2 – жүргізуші: ЖТ-12 тобы қазақ халқы, 4

ОТ-11 тобы орыс халқы, 1

ТС-11 тобы өзбек халқы, 3

АТ-11 тобы корей халқы, 8

АТ-12 тобы грузин халқы, 9

ЖТ-11 тобы молдаван халқы, 7

ВТ-11 тобы татар халқы, 5

ВТ-12 тобы түрік халқы.6

С – 11 тобы тәжік халқы.2


1 - жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын осы топтарға әділ баға беретін әділ қазы алқасымен таныс болайық.

1.

2.

3.

4.

Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайық. Сайыскерлеріміздің сахнаға шығу ретін арқылы анықтаған болатынбыз. Осының нәтижесінде 1ші болып сахнаға

2 – жүргізуші: Қазақ халқымен тарихы бір ұштасқан,

Татулығы бірегейдей қайнасқан

Ынтымақ пен бірлікте

Елдігіміз, бірлігіміз жарасқан - орыс халқын ортаға шақырайық.


1 - жүргізуші: Салтымыз бен бірлігіміз жарасқан,

тәжік халқы ата салтын ұстанған - тәжік халқын ортаға шақырамыз.


2 – жүргізуші: Өзбек осы:

Пысық сөзі шаруаға

Сыйынады мұсылманға, құдайға

Қонақ келсе бауырындай көреді,

Қарсы алады қонақты

Палауымен әр уақытта - өзбек халқын ортаға шақырамыз.



2 - жүргізуші: Қазақ осы:

Дала дейтін, Қазақ осы:

Күн дейтін, Ашық жарқын қабағы

Қазақ осы: Қонақ келсе,

«Өнер алды – тіл» дейтін. Шабылып бір қалады

Қазақ осы: Байқа да тұр

Қарасың ба, Саған да ол кетерде

Ақсың ба, Ат мінгізіп,

Қоңырсың ба, Жібек шапан жабады.

Жатырқауды білмейтін.

Қазақ халқын ортаға шақырайық.


1 – жүргізуші: Барлық ұлттың ішінде

Тілі, діні ұқсаған

Татар халқы ерекше

Сенбесеңіз, өзіңіз

Шақырайық көріңіз

Қошеметпен ортаға татар халқын шақырайық.


2 – жүргізуші: Түрік халқы әдеттерін сақтаған,

Түркі тілі түріктерден басталған

Мұсылмандық жолдарын бекем ұстап

Тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтаған - түрік халқын ортаға шақырамыз.


1 – жүргізуші: Молдаванның дәстүрі

Айта кетсек әр түрлі

Білмегендер көрсің де

Қызықтасың, білсің де

Айта жүрер әркімге

Бұл халықтың өзің де

Молдаван халқын ортаға шақырамыз.

1 – жүргізуші: Достықпенен бірлігіміз жарасқан

Корей халқымен біріктірген бір арман

Алдарыңызда корей халқын қарсы алыңыздар!



2 – жүргізуші: Грузин осы:

Мінездері ашық, жарқын, тік дейді,

Таудай биік армандары көп дейді

Жүз жасау міндетіміз бұл біздің

Әрқашан да мақсатымыз көп дейді - тау халқы грузин халқын ортаға шақырайық.


1 – жүргізуші: музыкалық номер


1 – жүргізуші: Сайысымыздың ІІ айналымы әр халық өз салт-дәстүрлерін ортаға салады

ЖТ-12 тобы қазақ халқы, 4

ОТ-11 тобы орыс халқы, 1

ТС-11 тобы өзбек халқы, 3

АТ-11 тобы корей халқы, 8

АТ-12 тобы грузин халқы, 9

ЖТ-11 тобы молдаван халқы, 7

ВТ-11 тобы татар халқы, 5

ВТ-12 тобы түрік халқы.6

С – 11 тобы тәжік халқы.2


2 – жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй- деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге береміз.

МУЗ. НОМЕР

1 – жүргізуші: Сайысымыздың ІІІ айналымы өз өнерлерін көрсету сайысы.

ЖТ-12 тобы қазақ халқы, 4

ОТ-11 тобы орыс халқы, 1

ТС-11 тобы өзбек халқы, 3

АТ-11 тобы корей халқы, 8

АТ-12 тобы грузин халқы, 9

ЖТ-11 тобы молдаван халқы, 7

ВТ-11 тобы татар халқы, 5

ВТ-12 тобы түрік халқы.6

С – 11 тобы тәжік халқы.2

1 – жүргізуші: Әділ қазы алқасы әділ бағаларын бергенше кезекті әнге берейік.


2 – жүргізуші: Ендігі сөз кезегін сайысымызға әділ баға беріп, бағалайтын әділ қазылар алқасына берейік.


1 – жүргізуші: Егеменді Қазақстан елінде тұратын барша халықтардың бірлігі, татулығы, достығы ешқашан айырылмасын дей келе, қазақ жерінде тек тыныштық болып, көк байрағымыз көкке қалықтап, желбірей берсін!


2 – жүргізуші: Осымен Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған фестиваліміз аяқталды.

Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров45
Номер материала ДБ-366075
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх