Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Көбейтудің терімділік қасиеті және оны қолдану 3 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Көбейтудің терімділік қасиеті және оны қолдану 3 сынып

библиотека
материалов

Пәні математика

Сыныбы 3"Ә"

Күні 12.01.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы:Көбейтудің терімділік қасиеті және оны қолдану
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға көбейтудің терімділік қасиеті мен оны қолдануды үйрету.Санды есе арттыру, артық ұғымдары жөнінде теңдеу құра білуге үйрету.
Тәрбиелік:ұқыптылыққа, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамытып, қиялын ұштау.
Сабақтың әдістері:ауызша, жазбаша шығармашылық,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: көбейту кестесі, 2 есеп шарты, суреттер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта ынтымақтастық атмосфера орнату.
ІІ. а)Үй тапсырмасын тексеру

6.

а) Қалдықпен бөлуді орындау
19: 6=3 (қалд 1)
45: 6=7 (қалд 3)
46: 6=7 (қалд 4)
26: 6=4 (қалд 2)
34: 6=5 (қалд 4)
59: 6=9 (қалд 5)
ә) Қалдық бөлгіштен кіші болу керек.
б)Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.
- Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан ненің мәні өзгермейді?
- Бұл - көбейтудің қандай қаситі?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Кестемен жұмыс.
- Қазақ 7 санын қасиетті сан деп есептейді. Ата - бабаларымыз бұл сандарды қасиеттеп келген. Ендеше, осы 7 саны туралы не білеміз, балалар?
- 7 ата,7 қазына,7 күн,7 жұт,7 шелпек,7 теңге садақа. (Әр оқушы жеке - жеке атау)
Оқулықпен жұмыс
№1.
АВ кесіндісінің ұзындығын әр түрлі тәсілмен есептеп табу.

2.Әр тік төртбұрыш неше шаршыдан құрастырылғанын әр түрлі тәсілмен есептеп табу.

(3*2)*4=6*4=24

3*(2*4)=3*8=24

Қорытынды.Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.Бұл-көбейтудің терімділік қасиеті.

3.Суреттегі барлық тік төртбұрыштардың ауданын көбейтудің терімділік қасиетін қолданып табу.

4. Суреттегі барлық шаршылардың ауданын көбейтудің терімділік қасиетін қолданып табу.
№5.Әр түрлі тәсілмен есептеп табу.

3*2*10 7*3*10 0*8*100

2*5*9 2*4*7 1*6*50
№7.Өзіндік жұмыс ретінде орындау.
ІV.Жаңа сабақты бекіту
-Сонымен, бүгін көбейтудің қандай қаситімен таныстық?

Мысал келтіру.
V.Оқушыларды бағалау.
ҮІ.Үйге тапсырма беру.

6.Теңдеу құру және оны шешу.

Общая информация

Номер материала: ДБ-039923

Похожие материалы