Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Кәдесый домбыра жасау. 8-сынып

Кәдесый домбыра жасау. 8-сынып

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


ШҚО

Абай ауданы

Орда ауылы

Мамай атындағы негізгі орта мектебі

Елубаев Асқар Болатказыевич

Технология пәні мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Кәдесый домбыра жасау.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Оқушыларды домбыраның шығуы туралы аңызбен таныстыру, домбыра жасаудың технологиясымен таныстыру, үйрету.

  2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қол моторикасын дамыту.

  3. Ұлттық қолөнерге деген сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу, техника қауіпсіздік ережелерін сақтауды қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, әдебиет.

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: плакаттар, үлгілер, тех.карталар.

Құрал-жабдықтар: ағаш 30х40х200 мм, зімпара қағаз, үлгі, қарындаш, сызғыш, қыспақ, түрпі, ара, т.б.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу, ә) түгендеу, б) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Өткенді қайталау, үй тапсырмасын тексеру.

а) кішігірім қобыздың бөліктері нешеу?

ә) техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер.

3. Жаңа сабақ

а) тақырыпты хабарлау.

ә) мақсаттарын айту.

б) тақырыпты баяндау.


Қазақтың ұлттық әуендік аспаптарының ең көп тарағандарының бірі – домбыра. Оның пайда болуы туралы аңызды білесіңдер ме?

Білмесеңдер, айтып берейін.

Баяғы, бағзы заманда бір аңшы аңшылықпен күнін көріпті. Бірде тау-тасты аралап жүрсе алдынан бір тау ешкісі шыға келеді. Аңшы олжасына қуанып, оны атып алмақ болады. Бірақ тауешкі биік жартасқа шығып кетеді. Аңшы оны қуып жүріп, ол да биік жартасқа шығады да әрең дегенде әлгі тауешкіні атып алады. Қайтсін енді, құдай жануарды адамның азығы етіп жаратқан соң. Сонымен атып алған ешкісін жерге түсіріп, алып кетейін десе, шамасы келмей қояды. Сосын аңшы әдемілеп сойып, етін алып, тауешкінің ішек-қарынын биік жартасқа тастап кетеді.

Екінші күні алайын деп, қайта жартасқа барады. Көтеріліп келе жатса бір ерекше дыбыстар шыққанын естиді. Көтеріліп қараса, әлгі кешегі қалдырған ішектерге құстар таласып, тартып биікке көтереді, ал жел соққан сайын ішектерден бір ерекше күмбірлеген дыбыстар шығады. Бір уақытта ішектер құстардың аузынан түсіп кетіп, ағаштарға ілініп қалыпты, жел үрлеген сайын дыбыстар шығарыпты. Содан аңшы ағаштан қиып алып, ішекті ағашқа тартып, әртүрлі дыбыстар ойнай бастайды, дыбыстардан әсем күй пайда болыпты. Содан бастап, домбыра пайда болыпты екен. Міне, осындай аңызы бар аспабымыз домбыра. Оның қазақтың музыка өнеріндегі орны ерекше. Домбыра құрылымы күрделі, дайындау технологиясын толық игеруді талап етеді. Бүгінгі сабағымызда жасайтын сый кәделік әшекейлі домбырамыздың жалпы ұзындығы 196 мм, мойнының жуандығы – 20 мм, мойны – 96 мм, үнтілше ұзындығы – 80 мм.

Біз домбыраны сыртқы бейнесіне қарап, Абай және Жамбыл домбырасы деп екіге бөлінеді. Олардың сыртқы пігіні әр түрлі болғанымен, өлшемдері бірдей.


Сергіту сәті.

Сарамандық жұмыс: тех.карталарымен танысу, домбыра жасау.

Бүгін сабағымызда әшекейлі кәдесый домбыра жасаймыз. Оның технологиялық картасы алдарыңда жатыр. Алдымен картамен мұқият танысып алайық.(оқушылар тех.карталарды өзбеттерінше оқып, танысады, түсініксіз жерлерді мұғалімнен сұрап, түсініп алады). Ал, енді танысып алсаңдар, домбыра жасау үшін қандай құрал-жабдықтар қажет екенін айтыңдаршы.


Олармен жұмыс жасағанда біз техника қауіпсіздік ережелерін біліп, бұлжытпай орындауымыз қажет. Кәне есімізге түсірейік. (Оқушылар ережелерді еске түсіріп айтады)


Домбыраны жасаудың нұсқау картасына орай оқушылар жұмыс жасайды.

(мұғалім әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, түсінбеген жерлерін айтып көрсетеді)

Қорытынды бөлімі

  • Домбыра құрылысы қандай?

  • Домбыра түрлерін ата

  • Домбыра жасау барысында қандай қиыншылыққа тап болдыңдар?

  • Қобыздан ерекшелігі қандай?

  • Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Домбыраңды кімге сыйлар едіңдер?

«Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра» дегенді қалай түсінесіңдер?

Үйге тапсырма беру: Т.Қ.Е. қайталау, 120 бетті оқып келу.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-214662
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>