Инфоурок Другое Другие методич. материалыКең байтақ Қазақстаным. Тәуелдiк жалғау.

Кең байтақ Қазақстаным. Тәуелдiк жалғау.

Скачать материал

Кең байтақ Қазақстаным. Тәуелдiк жалғау.

 

I.                  Сабаққа кiрiспе сөз.

-Балалар, бүгiнгi бiздiң сабағымыздың тақырыбы: Тәуелдiк жалғау, ал лексикалық тақырып: «Кең байтақ Қазақстаным».

II.               Тәуелдiк жалғауды түсiндiру

Тәуелдiк жалғау дегенiмiз бiр заттың екiншi бiр затқа немесе бiреуге тәуелдi, меншiктi екенiн бiлдiретiн жалғау түрi. Тәуелдiк жалғау көрсеткiштерiн кесте арқылы түсiндiру.

Кесте:

 

Жекеше түрi

Көпше түрi

I ж –ым, -iм, -м

II ж –ың, -iң,-ң

-ыңыз, -iңiз, -ңыз,-ңiз

III ж –сы, -сi, -ы, -i

 

I ж –ымыз,-iмiз, -мыз,-мiз

II ж –ларың,-лерiң

-ларыңыз, -лерiңiз

III ж –ларың, -лерiңiз

 

           Сөздiң тәуелденуi екi түрге бөлiнедi: оның бiрi-оңаша тәуелдену, екiншiсi-ортақ тәуелдену. Бiр немесе бiрнеше заттың бiр ғана затқа немесе адамға меншiктi екенiн бiлдiрудi оңаша тәуелдену дейдi. Мысалы: дәптер-iм, дәптер-iң, дәптер-iңiз, дәптер-i, дәптер-лер-iм, дәптер-лер-iң, дәптер-лер-iңiз, дәптер-лер-i. Бiр не бiрнеше заттың көп затқа немесе бiрнеше адамға меншiктi екенiн бiлдiрудi ортақ тәуелдену дейдi. Мысалы: бiздiң дәптер, бiздiң дәптер-лер-iмiз.

ІІІ. Сөздердi тәуелдеу үлгiсi:

I ж    Менiң атам, қаламым, үйiм

II ж   Сенiң атаң,қаламың, үйiң

        Сiздiң атаңыз, қаламыңыз, үйiңiз

III ж Оның атасы, қаламы, үйi

I ж    Бiздiң атамыз, қаламымыз, үйiмiз

II ж   Сендердiң аталарың, қаламдарың, үйлерiң

       Сiздердiң аталарыңыз, қаламдарыңыз, үйлерiңiз

III ж Олардың аталары, қаламдары, үйлерi

 

IV. Тәуелдiк жалғау бойынша жаттықтыру жұмыстары.

1.     Берiлген сөздердi жекеше және көпше түрде тәуелде:

Ана, жер, қолғап. (тақтада жұмыс)

2.     Тиiстi тәуелдiк жалғауларын жаз: жалпы сыныптық жұмыс)

Менiң әке... жақсы адам. Оның бес немере... бар. Олардың               

екеу...-қыз. Бiздiң ата...-оқушы. Сенiң ата... қандай адам? Сiздiң  „ке... кiм?

3.     Көп нүктенiң орнына керектi есiмдiктердi жаз: (өздiгiнен орындалатын жұмыс)

          ... ағасы аулада отыр. ... әкең дәрiгер ме? ... тәрелкеңiз қайда?

... кесемiз нешеу? ... машинаңды жуайыншы. ... киiмiмдi тазалайықшы.

... ақшасын жiберiңiз. ... қасықыңды бершi. ... терезесiн ашайық.

V. Лексикалық тақырыпқа кiрiспе:

-Балалар, «Менiң Қазақстаным» деген cөз тiркесi тәуелдiк жалғаудың нешiншi жағында тұр?

-Ал, Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Оқушылар жауабы).

-Яғни, бiз тәуелсiз, кең байтақ Қазақстан туралы әңгiмелесемiз.

Мәтiнге байланысты жаңа сөздермен жұмыс.

Жаңа сөздер

өкiл-представитель                       қорғасын-свинец

ойпат-низменность                       қалайы-олово

шың-пик                                          көмiр-уголь

созылып жатыр-простирается       мұнай-нефть

шаршы шақырым-кв.км                пайда болу-появляться

табиғат-природа                             көшпендi-кочевой 

мақта-хлопок                                  айналысу-заниматься

қажет ету-нуждаться                     тұңғыш-первый

пайдалы кен                                 полезные ископаемые

 

 

Кең байтақ Қазақстан

    Қазақстан –көп ұлтты, егемендi, тәуелсiз мемлекет.   Халқының саны 15 миллионнан асады. Қазiргi Қазақстанда 130 ұлттың өкiлдерi тұрады.

    Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейiн үш мың шақырымға, солтүстiгiнде Батыс Сiбiр, оңтүстiгiнде Тянь-Шань шыңдарына дейiн бiр мың бес жүз шақырымға созылып жатыр.

    Жер көлемi 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика жерiнiң үлкендiгi соншалық - оның онтүстiгi мен солтүстiгi, батысы мен шығысындағы табиғаты бiр бiрiне ұқсамайды. Оңтүстiгiнде жемiстер гүлдеп, жер бетiн астық жапқанда, солтүстiгiнде әлi қар жатады.

    Республиканың оңтүстiк аудандарында күрiш, қант қызылшасы, мақта, жүзiм, алма, қарбыз, қауын, әр түрлi дәрiлiк шөптер мен толып жатқан өсiмдiктер өсiрiледi. 

    Республиканың солтүстiгiнде астық пен көкөнiстер жақсы өседi.

    Елiмiздiң кең байтақ даласымен халқы мақтан етедi.

 Мәтінмен жұмыс:

1.Мәтiндi оқыту

2. Аударма жасату

 

Мәтiннiң мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу:

1.     Қазақстан қандай мемлекет?

2.     Халқының саны қанша?

3.     Неше ұлттың өкiлi тұрады?

4.     Қазақстан неге бай?

5.     Қазақстан халқы несімен мақтан етедi?

 

VI. Сабақты пысықтау:

1.       Берiлген мәтiннен тәуелденген сөздердi көшiрiп жазып, сөз құрамына талдау.

2.       Мәтiн бойынша екеуара сөйлесу құрастыру.

VII. Сабақты бекіту:

Топты екі командаға бөліп «Сен білесің бе?» ойынын жүргізу.

Ойынның шарты: Оқылған мәтін бойынша қай топ сұрақтарды бір – біріне  көбірек қойса сол команда жеңімпаз атанады.

VIII. Сабақты қорытындылау:

- Балалар, бүгiнгi сабақта қандай жаңа мәлiмет алдыңдыр?

 - Тәуелдiк жалғау ненi бiлдiредi?

- Тәуелдiк жалғаудың көрсеткiштерi қандай?

- Бiз Қазақстан қандай мемлекет?

 - Елiмiз неге бай?

 

IX. Үйге тапсырма: Жаңа сөздердi жаттау. Берiлген жаңа сөздердiң iшiнен екi сөздi тәуелдеу. Мәтiндi мазмұндау.

X. Бағалау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кең байтақ Қазақстаным. Тәуелдiк жалғау."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 315 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 1011
    • DOCX 42.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакирова Гульяра Балгабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакирова Гульяра Балгабаевна
    Шакирова Гульяра Балгабаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40553
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой