Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Әке -отбасының тірегі" тәрбие сағат жоспары (2 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Әке -отбасының тірегі" тәрбие сағат жоспары (2 сынып)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Әке- отбасының тірегі

Мақсаты:Балаларға  отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке    тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі  ыстық байланысты ұғындыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. 

Сабақтың барысы:

«Ата –сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәттсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім,-дей отырып, сіздерге арналған «Әке – отбасының тірегі» тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі кешіміз ІІ бөлімнен тұрады.

І. «Әке – отбасының тірегі»- балалардың әкелері туралы ойы, тілегі, жыр шашулары

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,

Жаманнан жақсы туады,  адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.

Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.



 Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген,

Суыққа бір шалдырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына.

Алаңсыз сауық-сайран, құрып жүрміз,

Біз бүгін әкелердің арқасында.

Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді арқаланып,

Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.

Жүзге жет жүзің жарқын, денің сау боп,

Оны да аман-есен қарсы алалық.-дей келе, ұл-қыздарыңыздың өнерлерін тамашалауға шақырамыз.



1 - оқушы: Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналған
Бүгінгі той, қуаныш пен мереке.


2 - оқушы: Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.


3 - оқушы: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, әкелер,
Балаларың төге берсін мерейін.

Қыздардың орындауында «Гүлдер» биі

4 - оқушы: Әкем шытса қабағын -
«Байқа балам» дегені.
Алған көп - ақ сабағым,
Жақсы көрем мен оны.


5 - оқушы: Бойға қуат береді,
«Әй, жарайсың»дегені.
Мен әкемнен әр кезде,
Соны естігім келеді.

6 – оқушы: Өсірген баптап баласын,
Әкелер әркез «Жарайсың».
Бар өнерін үйреткен,
Оздырған да жүйріктен,
Әке деген - ардақты ат.

7-оқушы: Қамқорсың әке өмірде,
Қуатым сенсің көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұшармын ертең көгіңде.

8-оқушы: Көкке өрмелеп көңілің,
Нұрға толсын өмірің.
Бақытты бол, жан әке,
Ұзақ болсын ғұмырың.

«Әкешім» әні орындалады

9- оқушы: Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем,
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп-кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді, әкетай, бақытты етем.

10-оқушы: Әке деген биік шыңы адамның, 
Әке деген – тірегі ғой ғаламның . 
Әке деген – бойыңда аққан қаның да , 
Шыққан тегің , ол негізің , жаның да. 



11-оқушы: Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Құттықтап келді бүгін боталарың.
Әрқашан анамызбен аман болып
Тең көріңдер бала-шаға қуанышын!


12-оқушы : Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Арқа сүйеп еркелейтін асқар тауым!

Ерекше қайталанбас даралығың

Өміріме жол сілтейді даналығың!

13- оқушы: Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Тілеймін өзіңізге Жамбыл жасын.
Бақ-даулет, береке, ырыс болып
 Ата бабам әруағы қолдасын!


14-оқушы: Әкенің ақылы керек екен,

Таптырмас ой-сана береді екен

Алтыннан жасалған үш әріпке

Өмірден еш нәрсе теңелмеген


15- оқушы: :  Өзіңнің ерке қызың бұл,

Арнайды бүгін саған жыр.

Жақсылық тілеп жолына,

Әрқашан әке, аман жүр.


О, ата анам
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болса екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Ән « Ата-ананы тыңдаймыз»


Ертеңгілігіміздің ІІ –бөлімі «Әке отбасының тірегі »  сайысын тамашалаңыздар.

Сайыс шарттары:

1.Өзін –өзі таныстыру

2. « Менің әкем өнерлі» (ән айту, қамшы өру т.б.)

3. Мақал –мәтелдің жалғасын табу

4. Ойын «Кім күшті ?»

5. «Сіз балаңызды жақсы білесіз бе?» ойыны



Мұғалім: Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.


1.Өзін –өзі таныстыру

( Сайысқа қатысушы әке өзін таныстырады)

Мұғалім: Асқар тау әкешім бар сүйенішім,
Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.
Қабақ шытса балалық қылығыма,
Ешқашан болмақ емес ренішім.
Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген.



2. « Менің әкем өнерлі» (ән айту, қамшы өру т.б.)

Мұғалім: Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.


3. Мақал –мәтелдің жалғасын табу:

1. Әке көрген оқ жонар......................................

2. Жақсы әкенің даналығы- ...................................

3. Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар атадан өте туады,.........................

4. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, .............................

5. Әкесі құрдастың баласы ................................

6. Әкесін сыйламаған адамды ........................................

7. Әкеге қарап ұл өседі, .............................................

8. Атадан жақсы ұл туса , ...............................................

9. Атадан ақыл алса, ................................................

10. Атадан –ақыл,....................................................

Мұғалім: Әке!Әке!Әке!Қымбат әрине

Ол қамқоршы жанұяға, әр үйге

Отан үшін, жанұя үшін, мен үшін

Аямайды не өмірін, не күшін



4. Ойын «Кім күшті ?»

Мұғалім: Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.


5.«Сіз балаңызды жақсы білесіз бе?» ойыны 
Ойынның мақсаты: ата – ана баласын қаншалықты білетінін байқау.  
Қызықты сұрақтар: 
1. Балаңыздың туған күні? 
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні? 
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? 

4. Балаңыздың парталас көршісі кім? 
5. Бүгін сабақта қандай баға алды? 
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды? 
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай? 

9.Балаңызға қандай еркелететін сөз айтасыз?

10.Балаңыздың ең жақын досы?

11.Балаңыздың сүйікті пәні?


Мадақтау рәсімі: «Өнерлі әке» номинациясына____________ отбасы «Ақылшы әке» номинациясына ___________ отбасы, «Мейірімді әке» номинациясына  _____________ отбасы, «Шебер әке» номинациясына __________________ отбасы, «Үлгілі әке» номинациясына ________ отбасы, «Өнегелі әке» номинациясына _____________ отбасы ие болды.



Ф.Оңғарсынованың өлеңі тыңдалады:

Әкем-біреу, анамда біреу менің, 
Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім, 
Олар барда – мереке. Көрген емен, 
Қабақтарын шытқанын түнергенін 
Әке-білек, саусағы-балалары, 
Қан тамырмен жалғасқан аралары. 
Ана-тамыр бойымен бәріне де, 
Тіршіліктің жылуы таралады. 
Сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір азаматтарыңыз барыс текті, намысты ұрпақ болсын дегіміз келеді.



Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров623
Номер материала ДВ-531247
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх