Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Әке - шаңырақтың тірегі" тақырыбында ащық тәрбие сағаты

"Әке - шаңырақтың тірегі" тақырыбында ащық тәрбие сағаты

Скачать материал

 

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы,

«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп»

мемлекеттік мекемесі

география пәні мұғалімі

Отеулиева Онайгул Жолдиевна

Ашық тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: «Әке – шаңырақтың  тірегі»
Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.

Құрметті  ата-аналар,мұғалімдер, оқушылар!

Үлы жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында   7 в сыныбының ұйымдастырып отырған«Әке – шаңырақтың  тірегі»  атты мерекелік  шарамызға  қош келдіңіздер!

Армысыздар, ардақты азаматтар,

Отбасының тірегі, елді бастар.

Құтты болып мереке баршаңызға

 Бақ-береке әкелсін отбасыңа!  


Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз.Үлы жеңістің 70 жылдық мерекесімен құтты болсын

Адай Күйі   орындайтын Берекет

Барысы:
I. Кіріспе бөлім
«Әке – шаңырақтың  тірегі»
(әке туралы сөз, әкенің ролі қандай?)
II. Видио көрсету
III. Қызықты сұрақтар.
IV. Сергіту сәті.
V. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
VI. Өлеңді жалғастыру
VII. Қорытынды.

I. Кіріспе бөлім
«Ана – сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың» дейді  халқымыз, бүгінгі кешімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке шаңырақтың тірегі. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі. Ежелден қалыптасқан түсініктің бірі – «әке – үйдің асыраушысы». Үйдегі жандардың аш қалмауын, киімдерінің бүтін болуын ойлайтын – әке. «Балаларым алаңсыз балалық шағын өткізсін, жарым ештеңеден қысылмасын, дастарқанымыз мол болсын» деген ой әкенің көкейінен ешқашан кетпейді. Бұл табиғаттың заңдылығы да шығар. Өткен дәуірлерде де әке үйдің басты асыраушысы болды. Бүгінде де сол дәрежесінде келе жатыр. Әкесі бар үйдің шаңырағы еш уақытта шайқалмайды. Ол үйдің тәртібі де темірдей қатал. Қандай да болсын жағдайларда соңғы сөз – әкеде. Әкенің айтқанымен жүрген бала өз жүрісінен жаңылмайды. Әкені тыңдап өскен бала өмірдегі жолын табады. Жақсы азамат болып, еліне адал қызмет етеді. «Әкелік асыл сөзіңнен, жолымды тауып келемін» деп «Әке туралы» әнде айтылатындай, әр бала өзінің жолын табады.
Әр отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше. Әке-отбасының асыраушысы,отбасы мүшесінің тірегі,қамқоршысы.Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.Әке әрқашан қиындықта қасыңнан табылып, қол ұшын беретін жан. «Әке-асқар тау», «Әке-бәйтерек» деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. «Әке балаға сыншы» дейді халқымыз.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас,дос.Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі екесімен ақылдасады.Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше.

«Әке-отбасының пірі»,Әке-үй ішінің тірегі,баласының жүрегі. «Әкесіз бала- панасыз балапан» дейді халқымыз.Әрбір баланың әке алдында борыштары мен парыздары, міндеттері бар. Әке алдындағы міндеттер: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп сақтау, парыздар:балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдырып, әкеңе көмекші, демеуші, сүйеуші болып, оны әрқашаг да қуанышқа бөлеп отыру; кәмелетке жеткен соң, әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында асыраушысы болу, әкенің әкелік еңбегін өтеу.

Көп әкенің түзде еңбек етіп пұл тапқаны болмаса үйдегі тіршілікпен, отбасындағы бала тәрбиесімен онша шаруасы болмайды. Соның салдарынан барып, үйдегі бала тәрбиесі деген сан-салалы, қыры да, сыры да мол ұшан теңіз жұмыс онсыз да үй тіршілігінің ұсақ күйбеңінен босамайтын ананың еншісіне қалады.

Әке үйде мықтағанда отын жарып, малға қарайды, қатты қайырым шаруаны тындырады, баланы кейде қыдыртады, болмаса ол да жоқ.

Бала көшеде кіммен, не ойнап жүр? Тентек, бейпіл ауыз, бейбастық біреулерге үйір болып жүр ме? Әлде, ол өнерін ұштап, ой әлемін жетілдіретін, пайдалы, өнегелі бір іспен әуестеніп жүр ме? Онымен көп әкенің ісі болмайды немесе көңілді аз аударады.

Ер жетіп қалған баланың әлдебір нашар топтармен араласып, жат қылықтарға бой ұрғаны әйгіленіп қалғанда ғана оған «мұныңыз қалай, балаңызды неге дұрыс тәрбиелемегенбіз?» деп талап қоя бастасаңыз, «қайдан білейін,баланың соңынан еріп жүре аламын ба, жұмыс, жиналыстан қол тимейді» деп ақталғысы келеді кей әкелердің. Бұған не айтасыз? Қазақтың «Еріншекке сөз айтсаң, адам таппас жауап айтады» дегені осындайларға дөп келеді.Кейде тәрбиеге шындап араласып келген кейбір әкелер қатаңдық танытып, баланың қателігін әбден зерттеп алмай жөнді- жөнсіз жәбірлеп, шамадан тыс шектеп ұстауға бой ұрады. Бұл да біржақты, жете ойластырылмаған әрекет.

Әке неғұрлым баласының қасында көбірек болса, пайдалы өнерге баулыса, жақсы, өнегелі орталармен үйір етсе, бала соғырлым жақсыға қарай бейімделе береді. Музыкаға, ән-күйге , сүрет салуға әуестік, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға құштарлық т.б. өнердің бәрімен де баланың қабілетіне қарай ата-ана таныстырып, достастыруы парыз.

Жақсы әкелер сондай алуан өнермен табыстыра жүріп, өзі де баласының жан дүниесін, көңіл күйін, қабілет- қасиеттерін жақсы сезетін болады. Баламен өмір жайлы, көрген кино, оқыған кітаптар, адамдар, достар жайлы әңгімелесіп, сыр алысу- әке мен баланың достығын нығайтып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін шыңдай түседі. Ондай жағдайда әке мен баланың арасында ешқандай қырғиқабақтық, салқын көзқарас, жасырын, жұмбақ нәрселер болмайды.



II. Көрініс көрсету.
1. Көрініс.видио ролик.
(Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?)
1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Баланың орнында сіз болсаңыз әкеңе қалай жауап берер едіңіз?

 

«Қазақ биі

Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу - айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға бағыну. Әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады делінген

 

III.«Қызықты сұрақтар» айдары. Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз?

Сұраққа - жауап:

1. Балаңыздың парталас көршісі кім?

2. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

3.  Сынып жетекшісінің толық аты - жөні

4. Балаңыз кеше қандай баға алды?

5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

8. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

9. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

10. Балаңыздың туған күні?

11. ) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

Автоматты оқтап үйрету Әке мен балалар шығады ортаға


Әке - жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала - жетім. Әке - асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке - баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт - бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы.

 IV. Сергіту сәті. 10 ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата — аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)

Сұрақ:

1.Балаңызды қалай таныдыңыз?

2.Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болды ма?

3.Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

4.Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?

5.Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

 

Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес

 Саптық жүріс

 

III. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
1.Әкесі жұмыстан келе сала жұмыс дегенің құрып кетсін, жатып алып дем алғанға не жетсін, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты ақымақтар - ақ істесін деп өзіне – өзі ызаланады. Осыны естіген 7 - сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен- күнге қиындап барады. Басты ауыртып қайтемін, бәрібір түсінбеймін.» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.
Сұрақ: Осы жағдайда әкеден қандай тәрбие күтуге болады? Бұл отбасындағы тәрбие қандай болмақ?
2.
Әкесі өзінің жұмысымен айналысып отырады Үстелінің үстінде шашылған қағаздар. Қасына баласы келеді:
- Әке, біздің сыныпта ертең ата - аналар жиналысы болады. Апай: Жиналысқа міндетті түрде әкелерің келсін,- деді. Сіз барасыз ба? Күнделігіме қол қойып беріңізші. Әкесі:
- Көрмейсің бе менің отырысымды.? Қаншама жұмысым бар. Шешеңе баршы. Мұғалімдер де қызық осы. Міндетті түрде әкелерің келсін дегенді қайдан шығарған?
Балаларға: - Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істейтін едіңдер?
Әкелерге: - Әкенің бұл әрекетін қалай бағалайсыздар

3.Сынып жетекшісі -  сізге телефон соқты. Балаңыздың қоңырауда терезе әйнегін сындырып алғанын айтып, сізді мектепке шақырды.  Сіздің әрекетіңіз

Балаларға: - Сіздерге әкенің әрекеті қалай әсер етті?
Әкелерге: -

флешмоб
V.Ойын      Әке туралы әндердің бастапқы екі жолын оқимын. Әрі қарай музыкасымен тауып айту керек

 Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем-дағы, қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған?!
Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған?!

Жан әке, шертіп сезіп домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

 

2 омирдин корген талай жол тарабын 
акеден ким аяйды колда барын
акенин ак тилегин отеу парыз
мен бугин акемди ойлап толганамын

ыстык ау ким кимге де аке деген
суыкка шалындырмай мапелеген
омирдин сокпагымен орге тартып
алдымен адам бол деп жетелеген

3. Отқа түстін суға түстін мен үшін

енді міне бағын берді жемісін

бала қыран шыңға шықса бұл күнде

мұның бәрі әке сенің жемісін

               Припев

Анашымды отырғызып жаныма

Той берейін салып алаканыма

Ей адамда шүкіршілік етіңдер

Мына өмірде әкелерің барына

Тек әкелер сендер ғана лайықсын

Хан сарайы патша тағына

Алатаудай қадірін білесін бе?

Арманаң мен ұлдарын өсуде

Алтын шапан кигізсем де аз саған

Айтшы әке не істей алам сен үшін

             Припев

Ана жұмақ әке жұмақ қақпасы

Бұлар жаққа бұрсандаршы ат басын

Бір күндері жұмақ іздеп барғанда

Қапа болып қақпа ашылмай жатпасын

                Припев

4 Ұшырдың баптап ұядан

Кетпейсің ойдан, қиялдан

Арманға биік қол созсам

Тұрасың демеп жиі алдан

 

Қайырмасы:

Көңілім бүгін алаңды

Күттің бе, әке, балаңды

Шаттықпен жарқын тойыңа

Сыйлаймын сазды бұл әнді

Шаттықпен жарқын тойыңа

Сыйлаймын сазды бұл әнді

 

Адалдық әр кез көксеген

Үйрендім, әке, тек сенен

Ардақтап өтем мәңгілік

Ғұмырда жалғыз жетсе дем

 

Қорытынды:
Шешесін ұқпайтын
Әкеден ықпайтын
Ұл болмайды.
Шешеге тартпайтын,
Әкеге жүк артпайтын
Қыз болмайды - деп тегін айтпаған. Оларды жақсы тәрбиелеп, өнегелі еңбекке баулып, еліне пайдалы азамат етіп өсіру сіздердің абзал борыштарыңыз. Ерте ме, кеш пе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.
Бүгінгі кездесу сағатымызға уақыттарыңызды бөліп, бала деп келгендеріңізге көптен - көп алғыс айтамын.

 

 

Әкем-береу, анамда біреу менің,

Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,

Олар барда – мереке. Көрген емен,

Қабақтарын шытқанын түнергенін

Әке-білек, саусағы-балалары,

       Қан тамырмен жалғасқан аралары.

Ана-тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады.

Сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір азаматтарыңыз барыс текті,  елін, жерін қорғайтын намысты ұрпақ болсын дегім келеді.

Н. Тілендиевтің әні: «Әке туралы жыр» орындайтын: хор

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әке - шаңырақтың тірегі" тақырыбында ащық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 047 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2015 26029
    • DOCX 29.2 кбайт
    • 764 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Отеулиева Онайгул Жолдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Отеулиева Онайгул Жолдиевна
    Отеулиева Онайгул Жолдиевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41449
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 989 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе