Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Кеңес ."Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні"

Кеңес ."Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 27 бөбекжайбақшасы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны.

















Кеңес

Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні




















Қостанай қаласы

Халық ойындары педагогиканың дәстүрлі құралдары болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл-күйінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт-дәстүрі, еңбегі, халыктық намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған. Халык ойындары баланың көркемдік-эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады. Ойын кезіндегі қуанышты көңіл-күй мен әсем қимылдар баланың рухани байлығымен үйлеседі. Сөйтіп, оларда туған елдін мәдениетіне деген қызығушылық, сүйіспеншілік, сыйласымдық сезімі қалыптасады. Халык ойындарының қайсы бірі болмасын, мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің белсенді дамуына, ой-өрісінін кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп меңгеруіне, психикалық процестерді жетілдіруге ыкпал етеді.

Ұлттык ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып байыта түседі.

Ойын — бар өнердін бастауы, шынында да, көне мәдениет пен әдеби туындылар халыктың жиналған уакытында, ойын-той үстінде дүниеге келіп, көптін игілігіне айналған.

Қазақтың ұлттық ойындарының бір ерекшелігі — оған өлең сөздің араласып келіп отырғанында. Егер ойын барысында өлең, тақпақ жолдары кездеспесе, онда ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды.

Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпактың ұлттык ойындары — адам еңбегінің жемісі. Халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып-білу талпынысына нышаны ретінде өмірге келген халыктың әлеуметтік- экономикалық айнасы екенін білеміз. М.О. Әуезов ойынның көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанту, көңіл шаттандыру ғана емес, оның өзінше мағыналары болғанын айтады. Бұл пікір өзі өмір сүрген ортаның шындығынан туындаса керек. Қазақтың тарихи көне жылдарынын эпостары мен лироэпостарының қай-қайсысын алып қарасак та, оның ең бойынан халықтың ұлттық ойындары, әдет-ғұрыптары, салттарынын алуан түрлерін кездестіреміз. Негізгі кейіпкерлері — ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері ойын үстінде көрінеді, сол ойын аркылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.

1 жастан 7-ге дейін баланы халқымыз «нәресте» немесе «ойын баласы» деп атаған. Халық неше алуан ойынды туғызып, оны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімділік жақтарын көре білген. «Бала ойынмен өседі» деген өмірлік қорытынды жасап, оны өздерінің бала тәрбиесіне тиек еткен.

«Балалармен ойнайды,

Ойнап жүріп ол бала, Кеудеде ақыл ойлайды» — деген өлең жолдары да осының дәлелі. «Ойын баласы ғой, бүгін ойнамай үйде отыр, селсоқ ауырып қалды-ау!» деген пікір айткан баланың денсаулығын бағдарлайтын халқымыз. Ойын баланын алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық кабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштасады.

В. А. Сухомлинскийдің сөзімен: «Ойынсыз ақыл — ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын — дегеніміз ұшкын, білімге кұмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деп ойынның зор маңызын түйіндесек, ұлттык ойындарды ойнату, сабақта пайдаланудың маңызы сөзсіз зор.

Баланың бой жүйесін босататын, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, есін, зейінін) өрбітетін ойын, Абай сезімен айтсак, дүниенін керінетін һәм керінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілуі тиіс. Басқаша айтканда, ойын нақтылық пен дерексіздік, индукция мен дидукция, талдау мен жинактау, ұксастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс. Балаларды ой қорытындысын жасай білуге үйрету үшін, осы таным әдістеріне баулуымыз қажет. Соңда ғана тәлім — әрі сәнді, әрі мәнді болады.

Балаға әрбір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырылып, ойын ережесі түсіндіріледі. Сондай-ак, пайдаланылатын құрал-жабдыктары айтылады. Халық ойындары қолға түскен қарапайым заттармен ойнала береді. Халык ойынының келелі бір мақсаты — баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ак, ойлануға берілген сұрактың түрліше жауабы болуы мүмкін. Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінін қалыптасуына ыкпал етеді. Мысалы: «Қоғи көк» ойынында қаздар кемпірдің: «Олай болса, сендердін бірінді алып қаламын» деген сезінен ғана тізбегін жазбай кемпірден каша жөнелуі керек. Ойын ыкыластылықты, шьшамдылықты, ептілікті, кең жерге тез үйрене білуді, ұжымдык сезімін көрсетуді, дер кезінде бір-біріне көмектесуді («бірі — бәрі үшін» және «бәрі — бірі үшін» — қаздар), жауапкершілікті, батылдықты, тапкырлықты (кемпір) талап етеді. Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы кажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, корытындыланады.

Балалардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдануға болады. Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында балалар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып-қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі балалардың жеке тұлғалык қасиеттерінің дамуына, рухани жан-дүниесінің толысып жетілуіне зор ыкпал етеді. Демек, сабакта ойындарды тиімді колдана отырып, балалардың рухани дүниесін ізгілендіру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру кажет. Себебі, ойындар кезінде балалар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой-пікірлерін дәлелдеуге үйренеді.





Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров401
Номер материала ДВ-141191
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх