Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Кеңес Одағының Батыры Алия Молдагулова

Кеңес Одағының Батыры Алия Молдагулова


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 15.04.2015

Мектеп: №8 мектеп

Пән: әдебиеттік оқу

Сынып: 2 А

Мұғалім: Кенжебаева Ж.Ә.

Әдіскер: Жахметова Б.К.

Практикант: Серік Балжан

Сабақтың тақырыбы: Кеңес Одағының Батыры

Әлия Молдағүлова

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігі, Әлия Молдагүлованің ерлік істерімен таныстыру.Өлеңнің мазмұнын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың қазақтың батыр қыздарының ерлігіне қызығушылығын тудыру,өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге жетелеу,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды,елді жаудан қорғаған,елі үшін ерлік көрсеткен азаматтардв құрмттеуге,туған жерін сүюге,Отан үшін отқа түсетін елжанды,ел азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:көрнекілік,сұрақ-жауап,ой қозғау,Венн диаграммасы.

Көрнекілігі:Әлия Молдағұлованың суреттері,интерактивті тақта.т.б.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме балалар!

- Отырыңдар!

- Менің атым Серік Балжан Бақытжанқызы болады, мен бүгін сендерге әдебиеттің оқу сабағынан беремін.

Психологиялық дайындық.

Бала, бала балақан,

Кәне, қайсы алақан.

Саусақтарын әйбат,

Былай-былай ойнат.

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн


II.Үй тапсырмасын сұрау.

  • Балалар алдыңғы сабақта не өттіңдер?

  • Мұғалімдерің үйге не берді

  • Қане, кім айтады?

  • Тағы қандай соғыс ардагерлерін білесіңдер?



III.Жаңа сабақ.

-Балалар,бүгін біз Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова туралы көбірек білетін боламыз.


Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.


Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.


Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.


IV.Сөз ойлап тап.Батыр аттары.

1.М,К,Ә,І,Л

2.Т,Л,Ғ,А,А,Т

3.Л,И,Ә,Я

4.Б,Г,Е,Н,Ө,А,ЙБ

5.Ә,М,Н,Ү,Ш,К


V.Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаз асауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


VI.Батырлық,ерлік туралы мақал-мәтелдер.

Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас.


Батырды жауда, шешенді дауда сына.


Батырдан – сауға,

Аңшыдан – сыралғы.


Ердің құны – жүз түйе,

Көздің құны – елу тайлақ.


Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,

Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін.


Мерген қорғаныста тіреніш,

Шабуылда сүйеніш.


Мергеннің көзі де мерген,

Қолы да мерген.


Еліңді сүйсең ерлік істейсің.


VI.Әлия Молдағұлованың қазіргі жерленген жері:

Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.


VII.Сабақты қорытындылау.

-Сонымен ,балалар Әлия тірі болса қазір қандай болар еді,кім болар еді ,қалай ойлайсыңдар?

-Сендер өскенде кім боласыңдар,еліңізге,Отаныңызға қандай қызмет етер едіңдер?

Оқушылардың ойы тыңдалады.

Отанына адал қызмет еткен, Отаны үшін, елі үшін өмірін қиған батырларымызды ешкім,ешқашан ұмытпайды.

Оның ісін ары қарай жалғастыру мына отырған сендерге жүктеледі.Ол-Отанды сүю, көркейту, қорғау


VIII.Үйге:өлеңді жаттап келу.




Баға:

Әдіскер:

Мұғалім:







Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров176
Номер материала ДВ-171747
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх