Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл

библиотека
материалов

«Кел,жаңа жыл,жаңа жыл!» мерекесі

Музыка ойнап тұрады.

(жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады)

   Ботакөз: Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,

  Еркебұлан:  Басталады Жаңажылдық карнавал,

   Ботакөз: Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

   Еркебұлан:  Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.

   Ботакөз: Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

   Еркебұлан:  Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал!

   Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол  шапалақтауоқушылар екі- екіден залға кіреді)

Ботакөз: Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер

Еркебұлан: 

Қараңдаршы балалар
Ортада міне шырша бар
Сылдырлаған моншағы
Шыршамыздың мол шамы

Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге
Қой жылын кең пейілмен қарсы алайық
Қуаныш шашу шашсын төрімізге

-дей отырып, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жекенов Бекболат ағайға береміз

Ботакөз: Кешіміздің сәнін келтіру үшін 6 «Г» сыныбының оқушылары ________________________________________________________________________________________

ортаға шақырамыз.

Еркебұлан:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
Ботакөз:
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешімізді 6 «Б» сыныбының оқушылары Таңатар Назерке мен Жайшылық Таңшлопанның орындауында «Көңілді күн» әнін қабыл алыңыздыр!

Еркебұлан:   

Ақ көңілім айналды аппақ қарға

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға

Қыс қызығы басылмай ұласады

Қуанышы көп болсын Жаңа жылға-дей отырып жаңа жылдық кешіміздің жалғасын 6 «Д» сыныбының қыздарына береміз. «Тиара» биі

Ботакөз: Кешімізді ары қарай Шырша жыры әнімен 6 «А» сыныбының оқушысы Қуандықова Назым жалғастырады.

Еркебұлан:  Кешімізді одан әрі қызықтыру үшін сыныптардың шапшаңдығымен жылдамдығын біле отырайық. Ол үшін ортаға әр сыныптан 1 оқушыдан келсін. Ойын шарты: алдарыңдағы картошканы өздерін ашып, жылдам жеп тауысуларың қажет. Түйіліп қалам десеңдер сусыннан ішіп тұруларыңа болады.

Ботакөз:

Аппақ бүгін қыр,далам,

Ақ дастархан жапқандай .

Халық біткен қарбалаң,

Қонақ күтіп жатқандай.

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде қуаныш.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық!

Еркебұлан: Келесі кезекте 6 «Ә» сыныбы қыздарының «Co ed school»биін қабыл алыңыздар

Ботакөз: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шеше білесіңдер ме?

Балалар: Ия

Ботакөз: Ендеше әр сыныптан 1 оқушыдан ортаға келсін. Ойын шарты: әр балаға жасырын сөздер беріледі. Сол ортаға шыққан сөзді оқушылар дыбыссыз қимылдары арқылы көрсету керек. Жауабын қалған оқушылар табады.

(тышқан,сиыр) (барыс,қоян) ( ұлу, жылан) (жылқы, қой) (мешін, тауық) (ит, доңыз)

Еркебұлан:   

6 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Жайдарман» тобын ортаға шақырамыз

Ботакөз:

Біздің мерекемізге кім жетіспей тұр балалар?

Оқушылар: Аяз ата мен Ақшақар

Еркебұлан:

Олар біздің мектебімізді таба алмай жүрген шығар. Қане, бәріміз дауыстап шақырайық, даусымызды естіп,бізді тауып алар.

Бәрі:

Аяз ата,Ақшақар бірнеше рет қайталау

Аяз ата:

-Армысыңдар , балаларым!бармысыңдар халайық!

Өздерің сияқты балалардың шат күлкілі думан- тойын аралап келемін.Міне , сендердің орталарыңа Ақшақар екеуміз әзер жеттік.Өткен жылға ризамын.Адамзат баласын қуантар көптеген жақсы оқиғалар өтті, Өздерің де тағы бір жылды артқа тастап, бір жасқа өскелі тұрсыңдар Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!

Аязата:      Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар:           Қуант, бізді таңырқат

                         Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)

Шырша жарқырайды.

Ақшақар:      Сәлематсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын, ал, сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр....

Балалар:         Жаңа жыл!

Ақшақар:   Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге ....

Балалар:         Аязата!

Ақшақар:           Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі ......

Балалар:     Әдемі!

Ақшақар:            Көңілсіз бір бала жоқ,

                              Ойын- күлкі таралсын

                              Құтты болсын .....

Балалар:        Жаңа жыл! (3 рет)

Аяз ата:

-Ал балаларым, мен енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр. Мына менің қасымдағы аса таяғым құр таяқ емес, сиқырлы таяқ. Бұл аса таяққа тисеңдер қатып қаласыңдар.

Ботакөз: 6 «Г» сыныбы Талғат Батырханның орындауында _____________________________________әні.

Аяз ата:

Бәрекелді балам!

Аяз ата:

-Қане кәрі сүйектерімді шытырлатып сендермен би билейін, жіберіңдер музыканы!

Еркебұлан:   Әрине Аяз Атамен бірге келіңдер, сән құрап тұрып, бірлесе би-билейік. Барлығымызға таныс ARIVA биін 6 «В» сыныбының қыздары мен 6 «А» сыныбының жігіттерімен бірге қосыла билейік.

Ботакөз:  Енді кішкене көңіл көтерейік. Әр сыныптан 1 оқушы келсін. Ойын шарты:  жүргізуші сұраған затты тез жеткізу керек. Үлгермей қалған оқушы ойыннан шығады.

(дождик, сырға, галстук, маска, қыздың туфлиі, ер баланың носкиі, кітап)

Еркебұлан:   

Жаңа жыл келді міне жерімізге

Әкелсін құт- береке елімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге! - дей отырып, баршаға күлкі сыйлау үшін ортаға 6 «Г» сыныбының «Жасұлан жайдарман» тобын шақырамыз.

Еркебұлан:   

Келесі кезекте 6 «А» сыныбы «флешмоб»

Ботакөз:  Енді кішкене көңіл көтерейік. 6 «В», 6 «Г», 6 «Д» сыныптарынан бір жігіттен шықсын және қастарына бір қыз алып шығу керек. Ойын шарты:  Әнші жұптардың әуендеріне қосыла отырып, пародия салу.

Айша мен Бүркіт

Қыдырәлі мен Қарақат

Жанболат пен Жазира

Аяз ата:

Ау халайық , айдай балаларым! Міне ,сендермен де қоштасатын сәт те келіп жетті. Келіп кірген жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Денсаулықтарыңыз мықты болсын, балаларым! Білімдерің таси берсін, алған бағаларың тек

«4» пен «5» болсын!

Мені күтіп отырған өздеріңдей бүлдіршіндер бар.Енді соларға жол бастайын.

Ақшақар:

Күтіп отыр балалар,

Тағат таппай сағынып.

Оқалы шам бағандар,

Зерделі моншақ тағынып.

Жаңа жылым , жас ұлан,

Тұсауыңды кесейін!

(Аяз ата мен Ақшақар қош айтысып кетеді)

Еркебұлан:

Ескі жылға ризамыз,

Өсе түсті бойымыз.

Қандық талай сырға біз,

Шарықтады ойымыз!

Ботакөз: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,

Еркебұлан:Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Бірге: Құтты болсын Жаңа 2015 жыл!

Еркебұлан: Жаппай ортада би






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров214
Номер материала ДВ-077444
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх