Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

5 орта мектеп









"Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!"




C:\Users\Шынгыс\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20160110-WA0005.jpg





Өткізген: 1 "А класс Отаралиева Бақытжан

0 "Б" класс Сапарбаева Құралай








2015-2016 оқу жылы


Қоян: - Армысыздар, ханымдар мен мырзалар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! 
-    Ұстаз деген құдіреттен нәр алған,
Әлдилеген әрқашанда ақ арман.
Білімімен озық үлгі көрсетіп
Бұл балалар, келеді 1 «А» сыныптан.
Аю: Қошемет, құрметті халайық!

-    Өзгелерден  бөлек екен мәнері,
Білімі мен ерекше екен өнері.
Думандата шырша тойды қыздыртқан,
Бұл  жұлдыздар келеді
мектепалды даярлық «Б» тобынан.
   
Қоян: - Мен, қоянмын, қоянмын,
Қорқақ емес, ноянмын,
Шырша тойын көруге
Ұйқымнан ерте ояндым.
Аю: - Мен аюмын қорбаңдаған,
Қарсы келмес ешкім маған,
Қысқы ұйқымды қиып бүгін
Ортаңызға келіп тұрмын.
Қоян: - Ал, аю аға, бастайық,
Асықпайық, саспайық!
Аю: -  Ендеше, қоян, тұрмайық,
Шырша жырын жырлайық!
Ән: «Шырша жыры» (хор)
Қоян: - Аюжан, сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?
Аю: - Қоянжан, мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді дегендей...
Қоян: - Я десейш-ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш  пайдаланғалы қашан?!
Аю: - Ия, түрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті-аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік-кетік, киімі алба-жұлба... ха-ха (күледі).
Қоян: - Хи-хи (күледі).
(ертегілер әлеміне бастайтын саз ойналады да күтпеген жерден қара мыстан кемпір жүгіріп шығады.)
Мыстан кемпір: Мен мыстанмын, мыстанмын,
Көрінбейтін сайтанмын.
Ұнап қалған жандарды,
Өзіммен алып қайтармын.
Аю: - Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ, 
                       сәнімізді бұзба!
Мыстан кемпір: - Бұзбақ түгілі, бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды алдап қамап қойдым. Қазір міне, сендердің де апайларыңды алып кетіп, ешқандай мереке өткіздірмеймін, мереке болмайды, маған мереке ұнамайды.
Қоян: Тоқта, мыстан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ  екен, сен сондай әдемісің! Сондай қап-қарасың. Мен әкетпей-ақ қойсаң қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?
Мыстан кемпір: Маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.
Қоян: - Қой, балалар, ондай болса мыстанның көңілін табуға тырысып  көрелік. Бәріміз қосылып "Сантаклаус" биін билейік. Сендер менің артымнан қайталасаңдар болды.
(Қоянның үлгісі бойынша балалар қосылып "Сантаклаус" биін билейді)

Би: "Сантаклаус"
Мыстан кемпір: Билерің ұнады. Бірақ та бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны-ай, өткіздірмеймін дедім, өткіздірмеймін.
Аю: - тоқтай тұр шайтан, келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалар саған біраз  тақпақ айтып берсін. Ал мерекемізді жалғастырамыз.
Мыстан кемпір: Жарайды тақпақ айтса айтсын.

1 "А" Аслан:Жасыл шырша орманнан,
    Бізге арнайы келіпті.
    Ойыншығын балалар
    Шыршаға әсем іліпті.

0 "Б" Фатима:  Жаңа-жылмен,жаңа-жылмен,
        Құттықтаймыз әрине.
        Әкемізді,анамызды
        Қонақтардың бәрін де!

1 "А" Әділ: Міне тағы келіп тұр,
    Жаңа бір жыл балалар,
    Жадыратып жер үстін,
    Төрімізге ол шыққан.

0 "Б" Алдияр: Жасыл желек жамылған
    Асыл моншақ тағынған.
    Міне сұлу шыршамыз,
    Көптен күтіп сағынған.

(әр сыныптан екі баладан тақпақ айтады, тақпақ айтып болған соң мыстан аяқ астынан шыңғырып, «ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені», - деп балалардың артына тығылады.)
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!
                       Балқанға да барғанмын,                                
                     Орхонға да барғанмын. 
             АҚШ қа да барғанмын,
             Жапонға да барғанмын.
Шаршанқырап қалған соң,
Мыстанға мініп алғанмын.
-    Ассалаумағалейкум, балалар! Менің мыстанымды көрмедіңдер ме? Бұхараның базарына кіріп шыққанымша қашып жөнелгенін айтсаңшы.
Балалар: Көрдік!
Алдар көсе: өй мынау менің мыстаным ғой жарықтық.
(балалардың артында жүгіріп қашып жүрген мыстандыды басына шылбыр салып ұстап алады.)
Мыстан кемпір: мен талайдың басын шармап едім, талайдың асын ұрлап едім, Алдар, маған  жазаң ауыр болды. балалардың алдына ант етейін! Енді өйтпеймін,  босатшы мені, Алдар!босата көр, алдареке!
Алдар көсе: Мыстанның сөзіне сенеміз бе, балалар?
Балалар: Жоқ, болмайды.
Мыстан кемпір: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.
Аю: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар.
Мытан екеш, мыстанда той қонағы саналар,
Көре жатармыз ар жағын, босатсақ болар Алдарым.
Алдар көсе:  Өз күнәңді өтеу үшін мына жиылған балаларға бір қызықты ойын өткіз немесе бір ән салып бер. Егер баларға ұнаса мен сені босатамын.
Мыстан кемпір: Қане балалар бәріміз бірге ән салайық.

Хор: "Орманда шырша туыпты"

Би: "Хафина"

Аю: Балалар, біздің мерекемізге тағы бір қонағымыз асығып, келе жатқан сияқты, бұл кім болды екен? (Залға Ақшақар кіреді) 
Ақшақар: Келем, келем, ұшып келем! 
Атамызға көмектесем, 
Үшкір ине-жасыл ине, 
Шыршаны жағуға мен келем. (Балаларды көріп қалады) 
Ой, балалар, мен мерекеге кешігіп қалған жоқпын ба? 
Аю: Жоқ, Ақшақар, сен кешіккен жоқсың, уақытында келдің. Балалар, келген қонақпен амандасайық. 
Балалар: Сәлеметсіз бе? 
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме? Балалар, сендер сыйлық, ойыншық, кәмпиттерді тосып жүрген шығарсыңдар? Мені осында Аяз ата шыршаны жағуға жіберді, сендер өздерің шыршаны жаға алмайсыңдар! 
Қоян: Ақшақар, біз балалармен шыршаны жаға аламыз, сиқырлы сөздерді де білеміз. 
Ақшақар: Сиқырлы сөздерді де білесіңдер ме? Қане, айтып көріндерші: 1,2,3- шыршамыз жарқыра. 
Жүргізуші: Бұл қалай болғаны? Шыршамыз неге жанбай тұр? 
Ақшақар: (Сиқырлы даусымен) Биылғы жыл мерекеде, 
Орманда жаңа заң шықты. 
Шыршамыздың маңдарын 
Сиқырлы кілтпен жағыпты. 
Жай емес, ол сиқырлы, 
Алтынменен қапталған. 
Жағайық еппен шыршаның 
Әдемі шамын қаптаған. 
- Ал, енді менімен бірге сиқырлы сөзді қайталаңдар! 1,2,3- шыршаны жағамыз! (Аққала қолындаған кілтімен шыршаны айналып өткенде, шырша жанады, кілтті шыршаның астына қояды) 
Ақшақар: Міне, енді басқа жағдай, мерекені де бастауға болады.  Ой, балалар, мен жүгіріп барып аяз ата келе жатыр ма екен көріп келейін. Ол келіп қалған сияқты. Мыстан кемпір, сен балаларды көңілдендір, сиқырлы кілтті күзет (Залдан шығып кетеді) 
Аю: Балалар, мыстан кемпірді бізбен бірге ойнауға шақырайықшы! 
Балалар: Шақырайық! (Шеңберге тұрады) 
Мыстан кемпір: (Шыршаның астына дорбасын қояды да, кілтті алып алады) 
- Ойнағыларың келе ме? Қазір ойнайсыңдар! (Жаман күліп, балаларды айналып жүреді). 
Қатырамын, сиқырлаймын, бастарыңа желді ұшырамын. 
Тұрасыңдар, қозғалмайсыңдар! Күлуді де қоясыңдар! 
Ойнауды да, ән айтуды да, билеуді де ұмытасыңдар! 
Чуфра-муфра, карабас! 
Шыршаларың өмірлік өшіп қалсын! 
(Шырша өшіп қалады, балалар қатып шеңберде тұра береді) 
- Ал, сендердің сиқырлы кілттеріңді тікенекке айналдырамын! (Алысқа лақтырып, өзінің дорбасын алып) – сау болыңдар, балалар! Көңілденіңдер, егер қолдарыңнан келсе! Ха-ха-ха! – деп күліп кете береді. 
Қоян: Мыстан кемпір, қайда барасың? Сен не істеп қойдың? (Осы кезде залға Ақшақар кіреді). 
Ақшақар: Көңілденіп жүрсіңдер ме? Жарайсыңдар! Мен бір түрлі түсінбей тұрмын. Сендер көңілдіге ұқсамайсыңдар. Мыстан кемпір қайда? Шыршаға не болған? (сасып қалып) Кілт қайда

Аю: Ақшақар менде түсінбедім не болғанын, енді не істейміз, балаларды қалай құтқарамыз? 
Ақшақар: (Балаларды айналып, қолдарын көтеріп, аяқтарын қозғайды, ал балалар ұйықтап тұрады) 
Ақшақар: (Ойланып) Балалар әкесі мен анасын тыңдайды ғой? 
Қоян: Ата-аналар, көмектесіңдер! Балаларыңызды оятыңыздар! Аттарымен қатты айтыңыздар! (Ата-аналар балаларын шақырады, олар ұйықтап жатады). Енді не істейміз? 
Ақшақар: Мен таптым! Ата-аналар сіздер балаларыңыз ұйықтаған кезде не істейсіздер? (Ата-аналар бесік жырын айтамыз,-дейді) 
Ақшақар: Дұрыс айтасыздар! Ал, енді біз балаларды оятатын бір жаңа жыл әнін айтамыз. Дайынсыздар ма? 
Хор: «Аппақ-аппақ жапалақтап» (ата-аналармен бірге) 
Аю: Ақшақар, сен қандай жақсысын! Балалар, бәріміз бірге қосылып Ақшақарға, ата-аналарымызға рахмет айтайықшы! 
Балалар: Рахмет!
Қоян: Ақшақар, Біздің шырша өшіп қалды, мыстан кемпір кілтті лақтырып жіберді. 
Аю: Балалар, кез-келгеніміз зұлымдықты бимен, ойынмен және әнмен аламыз! Олай болса қане, көңілденейік! 
Өлең айтып, би билеп, 
Көңілденіп жүреміз! 
Қане ұлдар, қане, қыздар, 
Би билейміз бәріміз! 
Би: « Жігіттер » 

Қоян: Жаңа біздің ескі жылымыз жүр еді ғой. Бізбен қоштасуға қимай қамығып жүрген шығар, рахмет айтып ортаға алайық. 
(Музыкамен Ескі жыл кіреді) 
Аю: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Қой” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Қой жылы: - Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыз, Ақшақар!
-    Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсыңдар. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін жаңа 201 жылға аманат қылып қалдырамын. Менің жаңа жыл досым қайда екен, әлі келмей жатыр ғо. Телефон соғып көрейінші.
-    Алло, Мешін жылы! Қайдасың?
Дауыс: - Бармын, бауырым, бармын!
Ескі жыл: - Балалар, Аяз ата екеуіңізді көп күтіп қалды ғой.
Дауыс: - Ертіп аяз атаны
Жорғалап келем жорғалап,
Баршаңызға арналған
Сыйлықтарды дорбалап.
(Ескі жыл кетіп қалады.)
Ақшақар: - Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата  мен мешін жылымыз да келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Қоян: - Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аю: - Аяз ата келеді жаңа жылмен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Хормен: - Аяз ата, жаңа жыл! Аяз ата! Жаңа жыл!
(Залға Аяз ата мен мешін жылы кіріп келеді. Олар өте көңілсіз. Аяз ата мен Ақшақар балаларды жаңа жылдарымен құттықтайды) 

Аяз ата: - Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Жаңа жыл: - Жыл иесі мешін болам,
Мың шырайлы нұрға толам.
Ырыс, дәулет, несібенің,
Бақ - бастауы өзім болам.
Аю:Аяз ата, сіз неге көңілсізсіз? 
Аяз ата: Маған ұят болды, балалар. Сендердің сыйлықтарыңды сақтай алмадым. Іздеп, іздеп таппадым, ол қапты жел алыс жаққа ұшырып әкетті. 
Аю: Аяз ата, сіз ренжімеңіз, бізге ең маңыздысы жаңа жылды көру, сенімен бірге шыршаны айналып жүру. Аяз ата, қараңызшы, қандай әдемі, көңілді балалар. Олар сізге ән дайындады, қане, орындыққа отырып, тыңдаңыз! 
Хор: « Жаңа жыл »

Би: "Маймылдар" биі
Аяз ата: Жақсы ән екен, балалар! Балалар, жарайсыңдар, менің көңілімді таптыңдар! Қазір мен сендерге сыйлық берейін. Ойбай, мен ұмытшақпын. Сыйлық жоқ қой.... 
Аю: Аяз ата, сабыр етіңіз! Қараңызшы, балалар сіздерге не дайындады. 
Тақпақтар:

Ерзат 1 "А":

 Жүзімізге күлкі ойнап,
    Қанаттанды жанымыз.
    Жаңа жылды біз тойлап,
    Шаттанамыз бәріміз.

0 "Б" Аягөз:

Сақалы аппақ күмістей,
    Тістері аппақ күріштей.
    
Қызыл ала шапаны,
    Сағындым аяз атаны.

Гулфайруз 1 "А":

Боранмен буып белді,

Жаңа жыл тағы келді.

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді.

Бексұлтан 1 "А":

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

Гүлшат 1 "А":
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көктен күтіп сағынған.
Кел балалар, келіңдер.
Шырша тойын көріңдер.
Жеке ән: "Мереке" Ертөстік Диас, Болатбай Асылзат

0 "Б"Арман Әбдірашов:

Тақпақ, өлең жаттады,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.

1 "А"Аружан: Тамаша ғой қыс деген,
Қуанады бар бала.
Шырша тойын тойлайды,
Аяз Атамен қосыла.

0 "Б" Бақытнұр:

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, әке-шеше,

Құтты болсын жаңа жыл.


1 "А" Азамат: Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.
0 "Б" Арман Жұмабай:

Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.

1"А" Гүлдаурен:

Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Аяз Ата, Ақшақарды
Шақырайын ортаға.
0 "Б" Жалғас:

Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып.
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағылып.
Аяз Ата келдің бе?
Балаларды сағынып.
0 "Б" Баянсұлу:

Құтты болсын Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
1"А" Арсен: Ән айтамыз, би билейміз,
Біз көңілді баламыз.
Шаршауды біз білмейміз,
Тақпақ айтып, би билеп.
Аяз Атадан сыйлық аламын.
0 "Б" Мирас:

Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
0 "Б" Ислам:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле,төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.


0 "Б" Нұрмұханов Бейбарыс:

Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

0 "Б" Ілияс:

Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

0 "Б" Хадиджа:

Әдемілеп біз ілген,

Ойышықтар тізілген.

Қанда әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

0 "Б" Ақмерей:

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, әке-шеше,

Құтты болсын жаңа жыл.

Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар! Бірақ сендердің мерекелеріңе бірдеңе жетпейтін сияқты. 
Ақшақар: Аяз ата, шырша жанбай тұр ғой!  Аяз ата, кілтке қараңызшы! Мыстан кемпір оны сиқырлап тастаған. (Төмпешікте жатқан орамалды көрсетеді) 
Аяз ата Мыстан кемпір дейсің бе? Қане, көрейік. (Төмпешікке жақын келіп,сиқырлап, кілтті алып шығады) 
Ақшақар: Бәрекелді, бәрі орындалады. Кілт сиқырланды. Бізге күлкі мен көңіл көмектесті.
Аяз ата: Қане, балалар, сиқырлы сөздерді айтыңдар, тезірек шырша жансын. 
Ақшақар: Балалар, тезірек ортаға келіңдер. Сиқырлы сөздеріңді ұмытқан жоқсындар ма? 
(Балалар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Ақшақардың айтқан сөздерін қайталайды- 1, 2, 3 – шыршамыз жан! Шырша жанады) 
Ақшақар: Қайтадан шыршаны айналып би билейміз, көңіл көтереміз. 

Би: "Көңілді балалар"

Ән:"Жаңа жыл"- Тоғызбаев Аслан
(Залға Мыстан кемпір әндетіп кіреді) 
Мыстан кемпір: Сендер жалыққан жоқсыңдар ма? Тағы да көңіл көтереміз бе? 
Ақшақар: Шелпегін қатып қалған шығар. 
Мыстан кемпір: Қайдағы шелпектер? Бұл сыйлықтар ғой. Ойбу, айтып қойдым ғой! 
Ақшақар: Ойыма түсті ғой, Аяз ата қараңызшы, бұл қап сіздікі емес пе? 
Аяз ата: Менікі, менікі! 
Ақшақар: Мұнда шелпек емес, сыйлықтар ғой. 

Аяз ата: Мыстан кемпір, сен тағы да тәртіпсіздік жасап жүрсің ғой. 
Мыстан кемпір: Әлі көресіңдер! Бүгінгі күн сендердікі. Менің батпағымда да үлкен мереке болады! (жүгіріп шығып кетеді) 
Ақшақар: (Қапқа қарап) Аяз ата, жақсы болды ғой, сыйлықтарымыз табылды ғой!
Ақшақар: Мұндай көңілді күні кім жылап тұр? 
Ақшақар: (есікке келіп) Иә, бұл Мыстан кемпір ғой, жалғыз қалдым деп жылап тұр. 
Аяз ата: Балалар, Мыстан кемпірді тағы да кешірейік пе? 
Балалар: Жарайды! 
Ақшақар: Онда, бізді көңілдендірсің! 

Хор «Келді міне жаңа жыл!» 
Аяз ата: Мыстан кемпір, бізді күлдірдің ғой, біз сені кешіреміз. Біз ән айттық, ойын ойнадық, көңілдік көтердік! Ал енді барлықтарыңа сыйлықтар беретін уақыт болды. 
Балалар: Алақай! 
(Барлық мерекеге қатысқан кейіпкерлер балаларға сыйлықтар береді) 
Аяз ата: Міне, жаңа жылға арналған мерекемізде аяқталды. Барлықтарына көңіл күйлерің жақсы болуын тілеймін. 
Ақшақар: Балалар, барлықтарыңа денсаулық тілеймін, ешқандай қиыншылық көрмей өсе беріңдер! Ал, енді біз Аяз атамен бірге, бір жылдан кейін кездесеміз. 
(Барлық мерекеге қатысқан кейіпкерлер балалармен қоштасып, шығып кетеді. Мұғалім балаларды, ата-аналарды жаңа-жылдарымен құттықтайды )
Аю:Қандай жақсы біздің Аяз атамыз, 
Ол кеткен соң, ойға батамыз. 
Аппақ қар боп, қалықтаймыз аспанда, 
Құс жолымен ән сап бара жатамыз. 
Жаңа жыл келді міне жерімізге, 
Әкеліп құт -береке елімізге, 
Қиындық жолатпасын бәрімізге! Келесі жылы бұдан да қызықты думанда кездескенше сау-саламатта болайық! Осымен шырша тойы аяқталды.













































Жүргізуші аю- ата-ана 1 "А" класс Сапарбаева Құралай

Жүргізуші қоян- Нашанова Асел

Мыстан кемпір- Ақжелен

Алдар көсе- Жакупов Әлішер

Ақшақар- ата ана 1 "А" класс Казыгулова Дина

Аяз ата- Қарымсақов Ернұр

Қой жылы: Рахметова Асми 1 "А" класс

Маймыл жылы- Сапарбаева Құралай


Хор:

1. "Шырша жыры"

2. "Орманда шырша туыпты"

3.Аппақ, аппақ жапалақтап" (ата-аналармен бірге)

4. "Жаңа жыл"

5. "Келді міне, Жаңа жыл"


Би:

1."Сантаклаус" биі

2. "Жігіттер" биі

3. "Маймылдар" биі

4. "Хафина" биі

5. "Көңілді балалар" биі

6. "Свидание" биі


Жеке ән:

1."Мереке" - Ертөстік Диас, Болатбай Асылзат

2. "Жаңа жыл"- Тоғызбаев Аслан


Жаңа жыл кешінің жүргізілу жоспары

1. Жүргізуші Аю- Сапарбаева Құралай

2.Жүргізуші Қоян - Нашанова Асел

3.Хор "Шырша жыры" - 1 "А" класс, 0 "Б" тобы

4.Мыстан кемпір -Сәрсембаева Лариса

5. Би "Сантаклаус" 0 "Б" тобы, 1 "А" класс, ата-аналар

6.Алдар көсе -Жакупов Әлішер

7.Хор: "Орманда шырша туыпты" 1 "А" класс, 0 "б" тобы

8. Би "Хафина" 1 "А" класс

9.Ақшақар - ата ана 1 "А" класс Казыгулова Дина

10. Хор "Аппақ, аппақ жапалақтап" 1 "А" класс, 0 "Б" тобы, ата-аналар

11. Би "Жігіттер" 0 "Б" класс

12. Қой жылы -Рахметова Асми

13. Аяз ата -Қарымсақов Ернұр

14. Маймыл жылы -Сапарбаева Құралай

15.Хор « Жаңа жыл » 1 "А" класс, 0 "Б" тобы

16.Би "Маймылдар" биі 0 "Б класс
17.Тақпақтар

18. Жеке ән: "Мереке" Ертөстік Диас, Болатбай Асылзат

19. Би: "Көңілді балалар" -1 "А" класс

20. Ән:"Жаңа жыл"- Тоғызбаев Аслан
21.
Хор «Келді міне жаңа жыл 1 "А" класс, 0 "Б" тобы




Мектепалды даярлық 0 "Б" тобы


Оқушының аты-жөні

Киімі

Номері

1.Нұрмұханов Бейбарыс

ковбой

Жігіттер биі, тақпақ

2.Магдеева Баянсұлу

қоян

Маймыл биі, тақпақ

3.Махмутова Фатима

снежинка

Маймыл биі, свидание биі, тақпақ

4.Ибрагим Ілияс

аю

Жігіттер биі, тақпақ

5.Мұратбай Бақытнұр

маймыл

Маймыл биі

6.Жұбай Ислам

сантаклаус

Сантаклаус биі, Жігіттер биі, Свидание биі, тақпақ

7.Жармағанбет Кәусар

қой

Маймыл биі

8.Айдос Алдияр

ит

Жігіттер биі,тақпақ

9.Нұралы Азамат

буратино

Жігіттер биі

10.Ермекбаева Аягөз

арыстан

тақпақ

11.Социал Бейбарыс

бетман

Жігіттер биі

12.Шалқарбай Азамат

ковбой

Жігіттер биі

13.Байжұлдызов Шәкір

ковбой

Жігіттер биі

14.Санғалиева Нұршат

маймыл

Маймыл биі

15.Әбдірашов Арман

бетман

Сантаклаус биі, жігіттер биі, тақпақ

16.Жұмағазы Мирас

ковбой

Сантаклаус биі, жігіттер биі, тақпақ

17.Арыстанбек Жалғас

сантаклаус

Сантаклаус биі, Жігіттер биі, тақпақ

18.Загретдинова Ақмерей

снежинка

Сантаклаус биі, маймыл биі, тақпақ

19.Серікболов Түгел

клоун, Жігіттер биі


20.Тарас Хадиджа

маймыл

Маймыл биі, тақпақ

21.Сарсеналин Бекзат

клоун

Жігіттер биі

22.Нұрлан Мансұр

қоян

Жігіттер биі

23.Хұсаин Ердиас

ковбой

Жігіттер биі

24.Көпжасарова Еркеназ

снежинка

Маймыл биі

25.Жұмабай Арман

буратино

Жігіттер биі, тақпақ




















1 "А" класс


Оқушының аты-жөні

Киімі

Номері

1.Абдрашит Бексұлтан Бекбергенұлы

бетман

Сантаклаус биі, тақпақ

2.Аққасен Арсен Нұрланұлы

клоун

Көңілді балалар биі, тақпақ

3.Ажимова Аружан Бауыржановна

снежинка

Хафана биі

4.Бақтыберлиев Ерзат Ерғазыұлы

аю

Тақпақ, көңілді балалар биі

5.Бекбаева Гүлшат Асқарқызы

қоян

Тақпақ

6.Бимахан Алихан Ерболатұлы

ковбой

Көңілді балалар биі

7.Болатбай Асылзат Азаматқызы

қызыл телпек

Көңілді балалар биі, жеке ән "Мереке"

8.Ертөстік Диас Асқарұлы

буратино

Жеке ән "Мереке"

9.Жайбергенова Гүлдәурен Амангелдіқызы

снежинка

Тақпақ

10.Жұбатқанова Аянат Еркінқызы

малвина

Хафана биі

11.Зинел Нұрбақыт Жақсылықұлы

бетман

Хафана биі

12.Исмайл Бекарыс Қайратұлы

қоян

Хафана биі

13.Кәрімбаев Азамат Талғатұлы

маймыл

Тақпақ, көңілді балалар биі

14.Қалдымұратова Нұрлыайым Нұрымқызы

сантаклаус


15.Қалилулла Ақбота Ершатқызы

снежинка

Көңілді балалар биі

16.Қуанышбай Айару Мұратқызы

малвина

Хафана биі

17.Мұханбетсадықов Аслан Ерланұлы

қоян

Хафана биі, тақпақ

18.Рахметова Асми Сакеновна

қой

Қой

19.Сағынова Аружан Талғатқызы

ит

Тақпақ

20.Сапарова Гулфайруз Саматовна

бетман

Тақпақ, көңілді балалар биі

21.Серікова Еркемай Ерболатқызы

снежинка

Хафана биі

22.Тілеген Нұрасыл Асыланұлы

буратино

Хафана биі

23.Тоғызбаев Аслан Русланұлы

арыстан

Жеке ән "Жаңа жыл"

24.Ұзақбай Әділ Жангелдіұлы

ковбой

Тақпақ, сантаклаус биі















5 орта мектеп









"Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!"




C:\Users\Шынгыс\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20151227-WA0001.jpg





Өткізген: 1 "А класс Отаралиева Бақытжан

0 "Б" класс Сапарбаева Құралай







2015-2016 оқу жылы




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров105
Номер материала ДВ-326391
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх