Инфоурок Дошкольное образование Рабочие программыКел жаңа жыл, жаңа жыл! Балалар музыка әуенімен залға келеді. Бөлме іші мерекеге сай безендірілген. Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, шыршаның әдемі де сәнді безендірілгеніне , балалардың, Аязатаның

Кел жаңа жыл, жаңа жыл! Балалар музыка әуенімен залға келеді. Бөлме іші мерекеге сай безендірілген. Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, шыршаның әдемі де сәнді безендірілгеніне , балалардың, Аязатаның

Скачать материал

                                           Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Балалар музыка әуенімен залға келеді. Бөлме іші мерекеге сай безендірілген.

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, шыршаның әдемі де сәнді безендірілгеніне , балалардың, Аязатаның , Ақшақардың, ертегі кейіпкерлерінің корнавалдық киімдеріне назар аударту. Көңілді ойындар ойнату. Достық қарым-қатынастарын ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Жүргізуші:  Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, жаңа-жыл мерекесі құтты болсын! Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт,береке,молшылық әкелсін. Мерекелік ертеңгілігімізді бастау үшін мектеп директоры К.Тлепов ағайға сөз береміз.  

Жүргізуші:    Жаңа жылдың жақсылығы еніп тұр,

                         Жаңа табыс, берекемен келіп тұр.

                          Қасиетті мейіріммен қуатың,

                         Балдырғандар  өздеріңе  беріп  тұр -  деп балабақша     бүлдіршіндерін   мерекелік  тақпақтармен ортаға    шақырамыз.

  1.   Еркеназ:     Кезектесіп  балалар,

           Тақпақ айтып береміз.

          Сұрақ қойса Ақша қар,

                           Ойланып жауап береміз.

  2   Нұрберекет:    Кел жаңа жыл біздерге

                                   Кел жаңа жыл,жаңа жыл.

 3    Аяулым:             Мен жаңа жылмын,

                                        Мен жаңа нұрмын.

                                        Нұрымды да себейін,

                                     жырымды да себейін.

  4  Мұратжан:     Ақ қырауға малынған,

                                Сақалы да мұртыда. Аяз ата сағынған, сәлем берді жұртына.

 5. Гаухартас:  Той мереке салтанат, думандатты шартарап.

                             Келді міне жаңа жыл тартуларын арқалап.

Берекет,Сымбат,Әлғазиз,Назым, Рақымжан.

6. Берекет:      Жаңа жыл, жаңа жыл,

                          Сені күттім елеңдеп.

                          Өзіңменен ілесіп,

                          Аяз ата келер деп.

7.   Сымбат:       Шыршамызда керемет, ойыншықтар табылған.

                               Алыс жақтан келіп тұр, Аяз ата сағынған.

8.   Әлғазиз:    Қызыл ала шапаны,Сағындым Аяз атаны.

9.   Назым:       Қандай әсем шартарап, шаттық күйге бөлеп тұр.

                             кәмпиттерін арқалап, Аяз ата келіп тұр.

 10.  Рақымжан:  Жаңадан тақпақ, аламыз жаттап.                            

                               Жаңа жыл келді,жаңа жыл аппақ.

 

Арай,Бауыржан Рамазан, Кәусар,Дінислам,Аяла.

11.      Арай:  Ұзын құлақ сұр қоян,Естіп қалып сыбдырды.

                    Ойлы қырлы жерлермен,Ытқып-ытқып жүгірді.

12.  Бауыржан Рамазан:     Келді тағы жаңа жыл, Қуантумен біздерді.

                                                 Құтты болсын жаңа жыл,Құттықтаймыз сіздерді.

13.  Кәусар:  Жасыл желек жамылған,Асыл моншақ тағынған.

                        Міне сұлу шыршамыз,Көптен күтіп сағынған.

14.  Дінислам:      Келді міне жаңа жыл, Қарсы алайық бәріміз.

                                 Күліп ойнап би-билеп ән салайық бәріміз.

 

15. Аяла:                 Әкелсін жыл ырыс-құт, Әлемде болсын тыныштық.

                                 Ән салайық жаңаша,Жаңа жылым тамаша.

Сабыр,Сәбина,Мөлдір,Болат Рамазан,Ерасыл.

16. Сабыр:   Жаңадан тақпақ, аламыз  жаттап.

                        Жаңа жыл келді, жаңа жыл аппақ.

17.  Сәбина:   Жаңа жылды қарсы алып, жасаймыз той жылда біз.

                          Жарқын,жарқын ән салып,жалғасады жырға жыр.

18. Мөлдір:    Тамаша,тамаша, Шыршамыз тұр жараса.

                          Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса.

19. Болат Рамазан:    Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды.

                                          Мұз болады қатады, жып жылтыр болып жатады.

20. Ерасыл:    Аппақ тонға оранып, базарлықты мол алып.

                            Келді алыс сапардан,Аяз ата оралып.

Жүргізуші:  Жарайсыңдар, балалар!  Музыка ойналып  бауырсақ пен қасқыр шығады.

Қасқыр:     әй, бауырсақ сен неткен тәп-тәттісің.Неткен доп-домалақ әдемісің.

Бауырсақ:  Мен домалақ емеспін.Менімен  қалжыңдама,мен сені ұрып жіберемін.

Қасқыр:   Онда маған денеңнің бір шетінен бөліп берші.Қарным ашып кетті.

Бауырсақ:   Қасқыр саған не болды, онанда келісейік.Мен саған тамақ беремін, ал сен менің күзетшім,қорғаушым боласың.

Қасқыр: Кім мен ба?

Бауырсақ:    Мен біреуді ұр десем ұрасың, ал мен болсам қарап тұрамын.

Қасқыр:  мына ертегі ормандағы неболып кетті өзі. Мен көмекке біреуді шақырмасам болмайды өзі. Көмектесіңдер,көмектесіңдер.

 

Мыстан:  Сендер мен туралы айтып жатырсыңдар ма?  Мен бұзық емеспін. Мен туралы көп әңгіме айтылады. Ормандағы жаман кейіпкермен дос дейді, ал мен бірақ жақсы кемпірмін. Мен қонаққа барғанды, сиқырлауды жақсы көремін.

Қасқыр:  Ал егер сен сиқырлы болсаң, ормандағы ертегі кейіпкерлердің барлығын орнына қайтар.

Мыстан:   Ол  өте оңай ғой.

Қасқыр:  Кәне көрейікші.

Мыстан:   Алақай,малақай. Осы жерге Аяз ата кел.

1.     Би:       Гномиктер

Рамазан:  Сәлеметсіздер ме, қонақтар. Жолды қар ханшайымы жауып тастапты, Аяз ата келе алмай жатыр. Нестейтінімізді Ақша қардан сұрамасақ.

Жүргізуші. Онда бізге гномиктер көмектесің ( осы кезде музыка ойналып гномиктер Ақша қарды алып келеді)

Ақшақар:  Сәлеметсіңдер ме, балалар!  Маған гномиктер жол көрсетті. Рахмет сендерге гномиктер,отыра қойыңдар.

Балалар мен сендерді танимын.Сендер Аяз атаның бар екеніне сенбейтін балаларсыңдар.

Мұратжан:   Сіз кім боласыз?

Ақша қар: Мен Аяз атаның немересімін ғой, бәрін білуім керек.

Мұратжан: Біз Аяз атаны шынымен көреміз бе?

Ақша қар:  Иә, әрине көресіңдер.Аяз ата алыста келе жатыр.Сендер маған қандай сый дайындадыңдар?

Сайқымазақ:   Ақша қар біздің балалар сізге арнап Ақшақар әнін айтып береді,және Ұлпақарлар биін билеп береді.

Жүргізуші: Ақшақар әні:  Кәусар, Еркеназ,Гаухартас.

Би:   «Ұлпақалар»      Аяулым,Кәусар,Мөлдір,Арайлым,Назым,Сәбина.

 

Сайқымазақ: Ақшақар біздің кішкентай тобымыздың бүлдіршіндеріміздің дайындаған әні бар.

Ән:  «Анамызға көмек»

Ақша қар: Ой, балалар, сендер өнерлі екенсіңдер! Ой, балалар,неге  сендердің шамдарың сөніп тұр?

Жүргізуші: Қар қаншайымы келіп, шыршамызды сөндіріп ертегілердің барлығын шатастырып кетті.

Ақшақар:  Бүгін мереке ғой, шырша міндетті түрде жанып тұру керек. Олай болса бәріміз бірге шыршаны жағуғуһа көмектесейік.

                   Қуант бізді таңырқат,

                  Шамдарыңды жарқырат.                    

Жүргізуші:  Керемет!         Ән саламыз,би билеп,жырдан шашу төгілді.

                                                Бүгін бізің жаңа жыл,Қандай қызық көңілді.

 

Ән:    «Аққоян»

 Орындайтын:    Мөлдір,Дінислам,Аяла,Арай,Сабыр.

Ойыншықтар әні:     Мұратжан, Назым, Болат Рамазан, Сымбат, Рахымжан, Аяулым.

Ақшақар: Кіне, балалар,барлығымыз Аяз атаны шақырайық,

Барлығы:  Аяз ата келіңіз, бізге сыйлық беріңіз.

Аяз атаның сөзі айқайлайды. Мені іздеп жатырсыңдар ма мен жете алмай келе жатырмын. Сендер әндеріңді айтып, билеріңді билей беріңдер. Казіргі заманға сай би билеңдер.

Би:  «Кукарелла» Мұратжан,Аяла,Рақымжан,Еркеназ,Рамазан,Сымбат,Нұрберекет,Гаухартас.

 Сайқымазақ:      Океремет болды.  Балалар біз Аяз атаны тағы шақырайық. 

Барлығы Аяз ата келіңіз бізге сыйлық беріңіз.

Аяз ата:     Сәлеметсіңдерме қонақтар  ой неткен керемет әдемі болып кетіпсіңдер. Жолда боран болып адасып кеттім.  Сендерге әрең жеттім.

Жүргізуші:           Шамдарды қар ханшайымы келіп шыршамызды сөндіріп барлық ертегі кейіпкерлерін шатастырып кетті. Шамдарды жақтық, енді кейіпкерлерлерімізді нестерімізді білмей отырмыз.

Аяз ата:      Уайымдамаңдар  оның барлығын қазір рет-ретімен орындарына жіберемін.  Кане ертегі кейіпкерлері өз орындарыңа барыңдар.

Жүргізуші:      Рақмет Аяз ата енді біздің балаларымыздың мерекелік тақпақтарымен ән билерін тамашалаңыз.

Балапан тобы балаларының  тақпақтары.

  1.   Робия:       Жаңа жылым мол болсын, Басқан қадам оң болсын

                           Төрле-төрле жаңа жыл, бізге құтты жыл болсын. 

  2       Әли:     Жаңадан тақпақ аламыз жаттап, жаңа жыл келді,

                                       жаңа жыл аппақ

  3.  Тұрғанбай Айару.     Жаңа жыл жаңа жыл,    жаңа жылға жаңа жыр.

                                  Жасыл шырша жанында , билеп барлық бала жүр

 4.    Нұрғасамет:      Аяз ата келіп тұр,  Бізге сәлем беріп тұр.

                                   Сақалының  үзын –ай. Кесіп алсам шіркін-ай.!

  5.    Айым:             Қуанып енді,  жаңа жыл келді.

                                   Өсетін болдым, бір жасқа енді.

  6.    Кәусар:           Тамаша тамаша, шыршамыз тұр жараса.

                                  Басында әсем жұлдызы, көз тоймайды қараса.

  7.   Алина:            Аппақ тонға оранып , базарлықты мол алып.

                                 Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып.

 8.  Жания:            Тілеймін мен бар әлемге,  дос көп болсын жаңа жыл.

                                 Ата-әже,  Әке-шеше, құтты болсын жаңа жыл.

9.   Диана:            Әдемілеп біз ілген, ойыншықтар тізілген.

                                Қандай әсем шыршамыз, ән шырқайық баршамыз.

Аяз ата:      Жарайсыңдар балалар!   Балалар сендердің араларыңда кішкентай   Аяз аталарда бар екенғой.  Менімен бірге билегілерің келема.

Би:     Аяз аталар

Сайқымазақ:       аяз ата біздің балалардың  Аяз ата мен Ақшақарға арналған       әні  бар.

Ән:   Аяз ата Ақшақар      Сәбина, Нұрберекет, Берекет,  Әлғазиз, Гаухартас.

Ән:      Шыршаға бардық.  Рамазан,  Ерасыл, Еркеназ.

Аяз ата:    Ой жарайсыңдар  балалар  өркендерің өссін.

Жүргізуші:      Ән саламыз би-билеп,

                           Жырдан шашу төгілді

                           Бүгін біздің бақшамыз,

                            Қандай қызық көңілді

Би:       Қуыршақтар.      Балабақшамыздың кішкентай бишілері.

Аяз ата:        Жарайсыңдар балалар! Өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің   

қандай әдемі. Аталарыңды қуантып тастадыңдар, ал Ақшақар  маған       көмектес балаларға әкелген силығымызды берейік.

Жүргізуші:      Жаңа жылым жаңа нұр ала келсін,

                            Қуанышқа құшағың тола берсін.

                            Ескі жылың ескіріп көкейіңде

                            Қимас шақтың бірі болып қала берсін!

Жүргізуші:   Құрметті қонақтар!    Осымен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Жаңа жыл отбасыларыңызға ырыс, береке алып келсін.   Жылдан жылға аман есен жете беріңіздер.  Қош сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кел жаңа жыл, жаңа жыл! Балалар музыка әуенімен залға келеді. Бөлме іші мерекеге сай безендірілген. Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, шыршаның әдемі де сәнді безендірілгеніне , балалардың, Аязатаның"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2016 1003
    • DOCX 22.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Енсепова Лаззат Орынбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Енсепова Лаззат Орынбайқызы
    Енсепова Лаззат Орынбайқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 10901
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Конструируем сегодня – отличники завтра: пропедевтика инженерного образования в детском саду

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе