Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыКел Жана-Жыл, Жана-жыл Кел жаңа жыл, жаңа жыл! Мақсаты: Балаларды қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,қысқы табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру,қысқы негізгі белгілерін атап, ажырата білуге үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншілігік,қамқорлық сезімдерг

Кел Жана-Жыл, Жана-жыл Кел жаңа жыл, жаңа жыл! Мақсаты: Балаларды қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,қысқы табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру,қысқы негізгі белгілерін атап, ажырата білуге үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншілігік,қамқорлық сезімдерг

Скачать материал

 

Кел Жана-Жыл, Жана-жыл

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларды қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,қысқы табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру,қысқы негізгі белгілерін атап, ажырата білуге үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншілігік,қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Төрде жап-жасыл шырша орналасқан. Шыршаны айналып көңілсіз
Қой жүреді. Көңілді әуенмен Сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ: Саламатсызба,
Қой, неге көңілсізсің?
Қой: Қойлардың  атасы-
 Қой деген  мен болам,
Тура 11 ай бұрын
Жаңа жыл боп келіп ем,
Көңілсіз боп жүргенім
менің жылым біткені,
Маймыл  жылы келгені.
Сайқымазақ : Ой,
Қой  сен неге ренжисің сенің жылыңа бәріміз риза болдық, табысты жыл болды, ендігі кезекті Маймылға  берейік , сен де шаршаған шығарсың, бүгін балалармен бірге сенің көңіліңді көтеріп сені шығарып саламыз.
Қой : Жарайды, сайқымазақ.
Залға көңілді
Маймыл секіріп келеді .
Маймыл: Алақай, алақай менің де жылым жақындап қалды.
Сайқымазақ: Саламатсызба?
Маймыл, сенің не үшін көңілді екеніңді біз білеміз, бірақ Қой  досымыз көңілсіз, Маймыл сен оданда барлық достарыңды шақыр, Қойдың көңілін көтерейік.
Маймыл:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Естімеген естіңіздер

Шырша тойы басталады,

Тойдан қалып қоймаңыздар!

Келіңіздер, көріңіздер!

 мектепалды даярлық

 тобын қарсы алыңыздар!
Көңілді әуенмен  балалар кіреді.\ Под песню новый год\

1.Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз ! Сәбилеріңіздің күлкісі сіздерді қуанта берсін!

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Деп бүгінгі  Мектепалды даярлық тобында
«Кел жаңа жыл, жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Сайқымазақ : (
Қоймен Маймылды жетектеп ортаға шығады )
Сәлеметсіңдерме балақайлар! бүгінгі шырша тойларың құтты болсын! Менің достарым
Қой мен Маймыл сендерге табыстаймын, олардың көңілдерін көтеріңдерші балалар.
2.Жүргізуші: Ал балалар, мерекемізді Ән шашу мен ашайық! Қой мен   Маймыл жылын ортамызға алып шырша әнін айтайық.


Ән « Орманда шыршамыз туды »


1.Жүргізуші: Ой,балалар мына тобымызда Аяз атаға жазған хатымызды, Аяз атаға қалай жеткіземіз екен а?
2.Жүргізуші : Сайқымазақ! біздің хатымызды Аяз атаға тезірек жеткізу керек, Себебі: мерекеміздің сәнін келтіретін Аяз ата мен ақшақар!
Сайқымазақ
: Жарайды сіздердің айтқандырыңды бұлжытпай орындайтын боламын. Мен сіздердің берген хаттарыңызды аяз атаға жеткіземін! Ия жеткіземіз гой балалар!! Балалар түлкіні көріп тұрсыңдарма?


Сөйлеп жатқанда залға түлкі жүгіріп кіреді.
Сайқымазақтың қолындағы хатты жұлып алады.


Түлкі:
Бұл не хат? Бәрін шақырған, көңіл көтермекші, мен ше? Мені ұмыттыңдарма? Мені неге шақырмайсыңдар, онда сендерге енді хатта жоқ, аяз атада жоқ. Уахаха күледі!
Сайқымазық: Ой, жоқ! Достар мен сендерге көмектесе алмайтын сияқтымын гой!
1.Жүргізуші: Түлкі бикеш, Біздің балаларымыздың мерекесін бұзба? Біздің мерекеміздің сәнін келтіретін Аяз атамен ақшақар керек. Сен де біздің мерекемізбен ортақтас, Балалардың өнерін тамашала!
Түлкі: Олай болса, балаларыңыздың өнерін көрейік.Билерің ұнаса хаттарыңды беремін! Уәдем уәде!
Сайқымазақ: Алақай! Менің достарым өнерлі,алғыр, Достар өнерлеріңізді көрсетіп, тездетіп хатты өзімізге қайтарайық! Біз сіздердің хаттарыңызды аяз атаға жеткізуім керек.
2.Жүргізуші: Шынымен ба? Түлкі бикеш! Бізді алдамайсызгой! Олай болса, балалар түлкі бикештен хатымызды алу үшін Жұптасу»Буги-вуги» биін билеп берейік! кәне!


Би: «Буги-вуги


Түлкі: Мен түлкімін күлкілі,
Кім білмейді түлкіні?
Жаңа жылда бұл күні
Алдамаймын, алдамаймын ешкімді
ой керемет балалар екен! Мен сіздерден кешірім сұраймын! Міне ,
Сайқымазақ  міне хаттарың! хатыңды тездетіп, Аяз атаға жеткіз! Құрып қалғыр! қырсық ай! (Түрін кіржитіп)
Сайқымазақ : өз биін билейді:
Алақай!
Біз жеңдік!
Аяз атаға хатымызды жеткіземіз!
Алақай! алақай!
1.Жүргізуші: Балалар! Сайқымазақ досымыз, Аяз атаға хат беруге кетті, Аяз атаны өзіміз шақырайықшы, мүмкін біздің даусымызды естіп қалар!
Балалар: Аяз ата тез тез кел, қарша қызды ерте кел!
2.Жүргізуші: Балалар аяз атамыз әлі жолда болар!мүмкін сайқымазақ досымыз хатымызды жеткізген болар! Ал, енді Аяз ата келгенше, балалардың мерекеге арналған жылы лебіздерін жалғастырайық! (тақпақтар)

 
1 бала: Аспан жерге төгеді,                         Малика
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылды келеді,
Бізге қарай жылыстап.


2 бала : Жаңа жылдың таңы неге арайлы,               
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

3 бала: Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағылып
Аяз ата келеді,балаларды сағынып.


4 бала: Өлеңді де әзір,ән де әзір,
Ойын да әзір бәрі де әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл жаңа жыл


5 бала: Аппақ ,аппақ қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ,
Қырау-қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Аппақ біздің шанамыз,
Аппақ қардан ағамыз,
Шырқатып ән саламыз,
Біз шадыман баламыз!

6 бала: Барымызды,әнімізді,
Аямадық сізден біз.
Сынашы ата бәрімізді,
Бәрімізде өнерліміз!

7 : Ақ сақалды,таяқты,
Қалың қырау қабақты,
Аяз ата біздерге
Базарлығын таратты.

8 : Кел достар бастайық!
Бастайық жыл басын
Қызықтап бос қалып,
Кең дала қалмасын,
Ел құрметтеп көп тосқан,
Келді аяз атамыз!
Келіңдер кел достар!
Қазір ән айтамыз.

9.Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз                              Шырайлым

Келдің бе аман алыстан

Сәлем Аяз атамыз

10 Аяз ата келіңіз

Тамашаны көріңіз                       Сабина

Балаларға арналған

 Сыйлықтарды беріңіз

11 АязАта,Ақшақар

Сіздерменен бір болар                          латифа

Жана өмір жана жыл

Құтты болсын балалар

12 Ақ сақалды таяқты

Қалын қырау қабақты                        Нұрсұлтан

Аяз ата біздерге

Базазарлығын таратты

13Базарлықты баршаға

Әкеліпті ол тағы                                Фархат

Қарасын деп тамсанып

Безендірдік шыршаны

14 Қызыл ала шапаны                    Рузагүл

Сағындым Аяз атаны

Жылдамырақ келсе екен

Бізге сыйлық берсе екен

15 Жаңа жыл,Жаңа жыл                        Әділет

 Жаңа жылда жаңа жыр

Ескі жылға мың рахмет

Жаңа жылға үлкен құрмет
1.Жүргізуші : Ой , рахмет балалар! Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық (деп жатқанда түлкі шырша артынан сумаңдап тағы шығады)
Түлкі: Ой , Сайқымазақ  достарын кетіп калдыма, (жан жағына қарап, иіскелеп) Мұрныма бір жақсы иіс кеп тұрғанын қарашы. Әй, мынау қояндардың исі ғой. Қап,жаңа ғана алдамаймын деп едім. Бірақ,болмайды енді, алдауға тура келеді. Түш-түш


(түлкі өтірік өлген боп жата кетеді,секіріп қояндар келеді.)


1-қоян
: Сұр көжек ,мынаны қара, түлкі өліп қалған ба?
2-қоян: Шынымен –ақ өліп қалыпты гой!
Түлкі: Ә,қулар,қарай гөр!Қазір ұстап алсам,ондырмаймын!\ Қояндар жүгіріп кетеді\
Түлкі
: Маған ешқандай жаңа жыл кешінің қажеті жоқ!Онда аңдар көп болады.Аяз атаның сыйлығына таласып мына әдемі құйрығымды біреуі басып кетіп жүрсе....
Бармай-ақ қойғаным жөн!өзім бармасам басқалар да бара алмасын,ендеше! Мына шыршаны жағып жіберейін. (Сіріңке іздеп жүрет!)
2.Жүргізуші: Түлкі бикеш , сіз олай тентектік жасамаңыз,Біреуге ор казсаң, өзің түсесің демейме? Сіз біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз! Қазір Аяз атамызбен Ақшақарда келіп қалар!
(түлкі құлақ аспай сіріңкені іздеп жүре берет)
-Сіріңке тауып алып, шыршаны өртеп жібермесем! Түлкі бикеш атым құрсын! \Түлкі кетіп қалады\
1.Тәрбиеші:Ал қанекей балалар Түлкі келмей тұрғанда, аяз ата мен ақшақарды тағы бір шақырып көрейікші.
Балалар : Аяз ата тез тез кел, қарша қызды ерте кел.

                      Аяз ата мен Ақшақар келеді
Аяз ата:
Амансыңдарма балалар, қонақтар!
Құтты болсын балалар
Келген жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелей ұл-қыздарым
Өткен жылы келіп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем,
Ойларыңмен бойларыңда
Бірдей өсіп қалдыңдарма
Ал мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдарма
Балалар : Ия, Аяз ата
Аяз ата : Жарайсыңдар балалар, ұмытпапсыңдар, ал менің қасымдағы немеремді таныдыңдарма?
Балалар: Ия, қарша қыз.
Аяз ата : Мен сіздердің Сайқымазақ достарыңыздан беріп жіберген хаттарыңызды алып, шанамен мініп, немеремді ертіп жылдамдатып жетіп келген жайым бар!
2.Жүргізуші: Қош келдің Аяз ата! Амансынба, Қарша қыз! Келгендерің қандай жақсы болды. Балаларымыз сіздерді асыға күтіп отыр еді. Аяз ата , ақшақар сіздердің келгендеріңізге өте қуаныштымыз.
Ақшакар: Достарыма баптап
Мен айтайын тақпақ
Жаңа жылдың жаршысы
Ақша қармын аппақ
Сәлеметсіңдерме балалар, мұнда қандай керемет, шыршаларың әдемі бірақ сендердің көңіл күйлерің жоқ қой.
1.Жүргізуші: Аяз ата, ақшақар біздің шыршамызды түлкі бикеш өртеп жібермекші, мерекеміз болғанын қаламайды.
Түлкі: Оппа, міне таптым сіріңкені! Ой, аяз ата,ақшақар!
Аяз ата: Мынау кім?
2.Жүргізуші : Осы гой , түлкі бикеш біздің мерекемізді бұзып жүрген!
Аяз ата: Ей,түлкі бикеш сен неге менің бүлдіршіндерімді ренжітесің, Кәне , бүлдіршіндерімнен кешірім сұра! Әйтпесе қатырып тастаймын!
Түлкі: (корқып кетеді) Аяз ата Кешеден бастап орманда жаңа заң шықты дейді.Кімде кім өзінен әлсізді ренжітіп, зәбір көрсетсе, ол жаңа жыл кешіне бармайды және Аяз атадан сыйлық та алмайды дейді . Енді мен тентек болмасам, енді ешкімді алдамасам, өзімнен әлсізді ренжітпесем, зәбір көрсетпесем, сіз маған сыйлық бересізбе? Жаңа-жыл мерекесіне қатыстырасыз ба?
Аяз ата: Ия,айналайын түлкі бикеш! Сен қулық қылмасаң арине Сыйлығыңды да беріп,!Жаңа-жыл мерекесіне қатыстырамын. Түлкі бикеш , және балаларым сіздерге айтарым ,бір-бірлеріңмен ұрыспай,алдамай,тату дос болыңдар! Ешкімді түлкі бикеш сияқты алдамаңдар, шыншыл,мейірімді болыңдар! Түлкі бикеш сенің жаман қасиеттеріңнен арылып,мейірімді бол,бұл жолға сені кешіремін! Кел енді ,Бүлдіршіндерімнің өнерін бірге тамашалайық!
Түлкі : рахмет аяз ата!
1.Жүргізуші: Рахмет, Аяз ата. Сіз біздің шыршамызды сақтап қалдыңыз! Аяз ата,Ақшақар, Жолдан шаршаған боларсыз! Отырып дем алыңыз.Балалардың өнерін тамашалаңыз!
Аяз ата: Ия, балаларым мен шаршап келдім, мен сендердің өнерлеріңізді тамашалайын!
Ақшақар: Балалар шыршаларыңның шамдары жанбапты гой!
Балалар сендер маған көмектесіңіздер! Бәріміз бірге:
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат үш-рет
қайталау.
1.Жүргізуші:
Ал ақшақар қалықта
Қалықтаудан жалықпа
Қанаттарың желбіреп
Би биле мына халыққа
Ақша қар: Ақшақарлар ,тұрмайық,
Би билейік,жырлайық,
Аяз ата қуансын
Дөңгеленіп зырлайық. Ұлпақарларым қайдасыңдар, маған қарай ұшыңдар.


Би « Ұлпақарлар »


Аяз ата: Тамаша! Міне, нағыз ғажап ! Мыналар менің кішкентай тентек ұлпақарларым гой! Биыл өздеріне ақыл кіріпті, бойлары да өсіп қалыпты.Жарайсыңдар балаларым! Сендер шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер!

2.Жүргізуші:
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет,төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Кезекті осы мерекемізге арналған әсем ән, Аяз ата әні берейік.


Ән: « Ақ таяғын таянып »


(Сайқымазақ қайта кіреді)
Сайқымазақ: Неllo! Тағы да мен! Ой балалар керемет! Аяз ата, ақшақар достарым! Менің достарымның көңіл күйлерің де жақсы сияқты ғой!. Балалар мен достарымның көңіл күйін көтердіңдер ме? Достарымның өздерінен сұрайыншы!
Қой – Маймыл жылы: Біздің көңіл күйіміз өте тамаша! Балаларда өте өнерлі екен!
Сайқымазақ: Міне ,керемет,менің де көңіл-күйім өте тамаша! Билегім келіп кетті гой! Кәне , ендеше му
зыка! (кел, достар! Аяз ата,ақшақар!) музыка косылады!

                                             Веселая музыка
Сайқымазақ: тоқтат,тоқтат,болды.болды,көрініп тұр көңіл-күйлерің керемет екен

Сайқымазақ: ой ,жарайсыңдар балалар!
Жылдам шапшаң балалар екенсіңдер!
Қой-  Маймыл жылы,аяз ата, ақшақар: Балалар жарайсыңдар!
1.Жүргізуші : Жарайсың , Сайқымазақ! Көңілімізді бір көтердің,енді балалармыздың  тақпақтарын тыңдайық
16 бала:
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
17 бала:
Жаңадан тақпақ аламыз жаттап,
Жаңа жыл келді жаңа жыл аппақ.
Шыршаға бардық әсем ән салдық,
Қуантып елді жаңа жыл келді.
18 бала:
Болсын қызық салтанат,
Болсын қызық мереке,
Жаңа жылмен жадырап.
Келсін бақыт береке,
 19 бала:Сағындырған баршаны,
Аяз ата кел дейік!
Ойын ойнап атамен,
Ән айтып, би билейік.
20 бала:
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой!
Құтты болсын,құтты болсын жаңа жыл!
21бала:
Қош келдің жаңа жыл,
Бізбенен жүр ойна.
Жамылып аппақ гүл,
Шыршамыз тұр жайнап!
22 бала:
Келіп қалды қараңыз,
Жарық-жұрық етіп шапаны,
Шашуға толы даламыз.
Күміс дала үстіне,
Бізде баланың қонағы,
Төрлет ата жоғары.
23 бала:
Тамаша сый алып,
Көңілді аяз атадан
Шаттанып,қуанып,
Шырқып ән айтамыз!


2.Жүргізуші:
Армысың,аманбысың Жаңа жылым,
Жаңа жылым! О,менің Жаңа жырым!
Маймыл  жылы келгенде,сый ғып тартып,
ақтарайық ән менен көңіл сырын.


Ән : « Орманда шыршамыз туды»


Қой: Қандай керемет балаларсыңдар! Өнерлерің үстем болсын! Мен сіздермен қоштасатын кезде келді. Ендігі келер жыл, Маймыл досыма сәттілік тілеп,берекелі,мерекелі жыл болуына тілектеспін.Қош сау болыңыздар!
Маймыл  жылы: Рахмет,досым! Биыл менің жылым келіп жетті.
Мен сіздерге бар жақсылықты әкелдім! Биыл Маймыл  жылы,бұл жылы еліміз тыныш болады. Аспан ашық болады
Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады.
Күншілдік тұншығады.
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды.
Сенің сеніміңді ақтайтыныма сенімдімін. Қош саубол!
1.Жүргізуші: Рахмет,Қой  жылы сіздің жылыңыз өте табысты жыл болды, Рахмет,Сау болыңыз!
Аяз ата: Балалар сендер шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Көңілім көтеріліп демалып қалдым. Енді мен жолға шығайын, мені басқада балалар күтуде.
2.Жүргізуші : Аяз ата жолға шығам дегеніңіз не? Балалар манадан бері сізге өз өнерлерін көрсетіп жатыр,сіз балалармен бір ойын ойнап жиберіңіз

Ойын :

Аяз Ата : рахмет балалар!Енді біз кетейік !Сау болыңдар

1.Жүргізуші: Калай кетессіздер!Жоқ-жоқ Сіз балаларға сыйлық әкелдіңіздер ме!
Аяз ата: Ой, ұмытып кетіппін ғой. Көмекшілерім (сайқымазақ.ақшақар,)маған сыйлықтарды әкелуге көмектесіңдерші. Сыйлықтар таратылады.
2.Жүргізуші :
Жаңа жылда жаңа табыс әркімге,
Бақыт болсын таусылмайтын әркімге.
Отан аман, заман тыныш, бейбіт күн,
Тыйылмасын сәби, бөбек күлкісі. -деп біз «Кел жаңа жыл, жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
1 . Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, әріптестер,отбастарыңызға бақ-береке, тыныштық, бейбітшілік, татулық тілеймін.  Маймыл  жылы бақыт, қуаныш әкелсін!
Сіздермен біз қоштаспаймыз, тек қана сау болыңыздар-дейміз!

 

                                                         Сау болыңыздар

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кел Жана-Жыл, Жана-жыл Кел жаңа жыл, жаңа жыл! Мақсаты: Балаларды қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,қысқы табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру,қысқы негізгі белгілерін атап, ажырата білуге үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншілігік,қамқорлық сезімдерг"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 192 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.12.2015 1367
    • DOCX 73 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Малдыбаева Кадиша Жунусовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Малдыбаева Кадиша Жунусовна
    Малдыбаева Кадиша Жунусовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17110
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные тенденции в воспитании и социализации детей

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 229 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 128 человек

Курс повышения квалификации

Индивидуализация образования. Сопровождение индивидуального развития ребенка-дошкольника в вариативной образовательной среде

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 105 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тифлопедагогика в дошкольном образовании (работа с обучающимися с нарушениями зрения)

Учитель-дефектолог (профиль: нарушения зрения)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 79 человек

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек