Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Кел,Жаңа жыл, төрлет" Шағын орталық "Балапан"тобы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Кел,Жаңа жыл, төрлет" Шағын орталық "Балапан"тобы

библиотека
материалов



«Кел, Жаңа жыл, төрлет
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау арқылы баланың бойында достық қарым - қатынас ояту ; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, түлкінің карнавалдық киімдеріне назар аударту арқылы аңғарымдылыққа тәрбиелеу; Мерекелік көңілді ойындар ойнау, бірге ән салуға, би билеуге талпыныстарын қалыптастыру;
Музыка ойнап тұрады (балалар кіреді).
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар.

Біз сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды

Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, біздің шыршамыз неге көңілсіз?

Балалар: Шыршаның шамдары жанбай тұр.

Жүргізуші: Олай болса шыршаны жағып көрейік.

( Үрлейді, шапалақтайды).

Шырша жанады,балалар әсем шыршаға арнап ән айтады.

Ән: «Шырша жыры»

Балалардың дауысын естіп,залға түлкі кіріп келеді.

Түлкі: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін, түлкімін. Мен адасып кеттім.Жанып тұрған шыршаны көріп, сендердің дауыстарыңды естіп,жақыннан көруге келдім.

Ал, мұнда сондай тамаша екен! Сендер мұнда неге жиналдыңдар?

Жүргізуші: Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз, кел сенде біздермен бірге мерекеге, жаңа жылды бірге қарсы алайық.

Түлкі: Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!

Ойын: «Қояндар мен түлкі»

Жүргізуші: (түлкіге жаңа жыл туралы тақпақ айтып беру).
Тақпақтар айтылады


Айгерім

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады

Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар

Жауса – жаусын ақша қар!

Нұрмухамед

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Айбек

Көрдіңбе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұртыда

Аппақ екен шапаны

Ернұр Амантай

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны

Каусар

Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр

Ақ көрпеге оранып

Асыл

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Ернұр Аймурат

Өлең де әзір ән де әзір

Ойын да әзір – бәрі әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.

Талант

Әлде қарлы боранды

Тау басынан түстіме

Аяз ата оралды

Ақ тон киіп үстіне


Түлкі: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар!
Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек? Қане, балалар Аяз Ата мен Ақшақарды шақырып көрейік.(Балалар шыршаны айнала шеңберге тұрады)
(Алыстан Аяз Атаның дауысы естіледі.)

Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық.

Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата, Ақшақар.
Аяз Ата: Амансыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Таратсам деп сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!

Ақшақар: Амансыздар ма, балалар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын, береке, бірлік әкелсін.

Ән: «Аяз Ата»

Жүргізуші: Аяз Ата сіз жолдан шаршап алыстан келдіңіз, отырып дем алыңыз.

Ал біздің балалар сіздерге арнап тақпақтар айтып береді.


Гүлден

Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын жаңа жыл

Шырша жаны көңілді

Билеп барлық бала жүр

Айлан

Көрдіңбе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұртыда

Аппақ екен шапаны


Еркенұр

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға

Нұрлан

Көрдіңбе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұртыда

Аппақ екен шапаны

Амина

Ал балалар тұрайық

Би билейік ойнайық

Аяз ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық

Інжу

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны

Мәди

Әлде қарлы боранды

Тау басынан түстіме

Аяз ата оралды

Ақ тон киіп үстіне

Улпан

Белый снег пушистый

В воздухе кружиться

И на землю тихо

Падает ложиться

Інжу Гудебай

Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр

Ақ көрпеге оранып



Аяз Ата: Ой, мына жерлерің қандай ыстық екен.

Жүргізуші: Аяз Ата қазір біздің қыздарымыз билеп сізді мұздатады, отырыңыз.

Би: «Ұлпақар» барлық қыздар билейді.

Ән: «Шырша жыры» әні орындалады.

(Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтарын таратады, балалармен қоштасады).

Балалар: Сау болыңыздар! Аязата, Ақшақар! Аязата, Ақшақар!


Жүргізуші: Міне, құрметті ата – аналар, балалар! бірлесіп, достасып өткізген мереке

қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді.

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...



Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров119
Номер материала ДВ-517230
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх