Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Әкем, шешем және мен" (Отбасылық сайыс)

"Әкем, шешем және мен" (Отбасылық сайыс)

Скачать материал

Келісілді:

Әдіскер Л.М.Сахатова

 

 

 

 

 

 

Отбасылық сайыс:

 

«Әкем, шешем және мен»

 

 

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

Серікова Ақжүніс Кеңес қызы

Алимбаева С.С

Ескакова Ф.Е

 

 

 

 

Орал – 2016 ж

 

Мақсаты: Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың балабақшаға тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Саламатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру.

 

Құрал-жабдықтар: доп, баған, секіртпе, құрсау, қап, қоржын, отырғыш, мақал – мәтел, қалам, батут, арқан, музыка.

 

Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар! Қош келдіңіздер, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым, әділ бағасын беретін әдііл қазы алқасы..Біздің бүгінгі «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайысымызға  4 отбасы  бір-бірімен жарысқа түседі.. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

     «Спорт-денсаулық кепілі» десек, « Әкем, шешем және мен» атты отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара. Олай  болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған жанұяларды ортаға шақырайық.

«Балапан» тобынан Кимеденовтар отбасы.  

«Сұңқар » тобының Нұрбергендер отбасы.

«Бөбек» тобының Агедиловтар отбасы.    

(залга бірінің артынан бірі кіріп жарты шеңберге тұрып қалады).

Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған жанұялар тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:

1.    балабақша әдіскері:     Лилия Мұрат қызы

2.    балабақша әдіскері:  Лаура Біржан қызы

3.    балабақша мейірбекесі: Ажар апа

 (қол шапалақтау).

 Бәрін таныстырып болсам, олайша сайысымыздың біздің балабақшамыздың биші қыздарымыздың биін тамашалап бастайық.

 

(би «Просто, просто мы маленькие звезды!!!»)

 

 

Өте керемет! Сіздерге көп көп рахмет балалар!

 

Олжаны жатқан емес, тапқан алар,- деп сайысқа қатысушы  топтарға  «Ақ жол!» тілейік.

  Ал ендеше алдымен сайысымызды бастамас бұрын танысып алайық. Командалар өз ұрандарын айтып, өздерін таныстырады. (топ өздерін таныстыру).

 

1 «Балапан» тобының ұранын тыңдасақ:

 «Күндей болып, күлеміз
    Шуақ шашып жүреміз»
Кимеденовтар отбасынан жалынды сәлем.


2 «Сұңқар» тобының ұраны:

«Сұңқардай самғаймыз,
Жарыстан қалмаймыз»

Отбасынан жалынды сәлем.

 

3 «Бөбек» тобының ұраны:

 Бәріміз – біріміз үшін,

 Біріміз – бәріміз үшін!

Агедиловтар отбасынан жалынды сәлем.

(қол шапалақтау).

 

 

 

Жарайды,енді  сайысымызбен таныстырып кетейін сайыс  6 бөлімнен тұрады.

Олар:

1 «Допты домалат» 

2«Көп сайыс»

3«Тез жина да, орналастыр»

4«Менің жанұям» 

5«Секірмек»

6«Тәтті жұп» 

Енді сайсымыздың алдында  денемізді қыздырып алайық.

(15 мин жаттығу муз әуенімен)

 

 

 

 

 

 

Саппен бірінің артынан бірі жүріп, үш қатарға бөлініп тұрып қалады.

Сайысымыздың бірінші бөлімі   «Допты домалат» 

Ойынның шарты:

Әр команда мүшесі допты кедергілер арасынан домалата алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.

Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

 Қазылар алқасы сайсымыздың бірінші  бөлімін бағалап жіберсек.

 

 

 

Келесі екінші бөліміміз: «Көп сайыс»

Шарты: Ойынды аналар секіртпемен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалар да бақа сияқты секіріп анасының қасына барады, ал әкелер өрмекші жүрісі бойынша анамен баланың жанына барып, әке мен шеше баланы қолдарына отырғызып өз орнына қайтып оралуы қажет.

 Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

 Қазылар алқасы сайсымыздың екінші  бөлімін бағалап жіберсек.

 

Сайысымыздың үшінші бөлімі «Тез жина да, ораналастыр»
Ойын шарты: Анасы құрсау ішіндегі бағандарды жинап жүгіріп барып бағандарды әкесіне береді, әкесі  қаппен секіріп барып құрсаулардың ішіне салып шығады, баласы құрсауларды  жинап команда қоржынына апарып барып салады.

Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

 Қазылар алқасы сайсымыздың үшінші  бөлімін бағалап жіберсек.

 

 

Ал, келесі сайысымыздың төртінші бөлімі «Менің жанұям» 

Ойынның шарты: Алда тұрған столдың  отырғыштың үстінде денсаулық туралы мақал анасы мен әкесі балаларын бірге көтеріп бағандардың арасымен жүріп барып сол мақалдың жалғасын табу керек, мысалға «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл. Үшеуімен бақытты болады өмір!» деген сияқты мақалдың жалғасын жазып балаңызды көтеріп қайтадан бағандар арасымен жыланша орындарыңызға жүгіріп оралуыңыз  тиіс.

 Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

 

 

Денсаулығың сау болса,

Көңілің де жай болар!

Денсаулықты ойлауың,

Жақсы шипа сыйлауың!

Денсаулықтың жақсысын,

Ақшаға қалай аларсың!

Денсаулықты ақсатқаның,

Өзіңді – өзің қақсатқаның!

 

 Қазылар алқасы сайсымыздың төртінші  бөлімін бағалап жіберсек.

 

Сайысымыздың бесінші бөлімі «Секірмек»

Ойын шарты:

    Бірінші ойыншы анасы допты аяқ ортасына қысып секіріп келу. Екінші ойыншы баласы батутпен секіреді, ал үшінші ойыншы әкесі  секіргішпен секіріп  келеді.

Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

 Қазылар алқасы сайсымыздың бесінші  бөлімін бағалап жіберсек.

 

 

 

Сайысымыздың алтыншы бөлімі «Тәтті жұп» 

Ойынның шарты:

Ойынды әкесі бастайды берілген белгіден соң әкесі алда жатқан бағандардың арасынан жүгіріп келіп анасын алып екеуі құрсауды ұстап кедергілерден айналып барып балаларын алып үшеуі бағандардан айналып орындарына тез оралуы тиіс. 

Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

 Қазылар алқасы сайсымыздың алтыншы бөлімін бағалап жіберсек.

 

 

 

Жарайсыңдар!  

Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!

-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін  әділ қазылар алқасына сөз береміз.

Жарысқа қатысушы отбасыларының  кемшілігі мен қателіктерін айтып, ұпайларға сараптама жасап кетсеңіздер. (Марапаттау 1,2,3 орын  және «Тату, тәтті отбасы» марапатына ие болу).

 

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен Толағай сайысы аяқталды.

 

Құрметті ата-аналар осы сайысқа қатысып балаларыңыздың көңілін көтеріп, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!

 Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әкем, шешем және мен" (Отбасылық сайыс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 578 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.07.2016 1700
    • DOCX 104.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимбаева Саулеш Сапаргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16302
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе