Инфоурок Начальные классы Конспекты"Әкем, шешем және мен!" отбасылық жарыс

"Әкем, шешем және мен!" отбасылық жарыс

Скачать материал

Тақырыбы: «Әкем,анам және мен» толағай  отбасылар сайысы 
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Түрі: Эстафеталық ойын 
Өтілетін орны: Спорт
алаңы. 
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, шығыршық, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер,ысқырық, уақыт өлшеуіш
, велосипед, арқан, отбасы туралы нақыл сөздер.
1 –жүргізуші.
Шынықсаң шымыр боласың, 
Сауығып айдай толасың. 
Спортты серік ете біл, 
Жақсы азамат боласың. 
Жеңімпаз болу оңай ма, 
Арман болған талайға? 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Жарысқа түсіп қалайда. 

2 –жүргізуші.
Құрметті мұғалімдер және ата-аналар,оқушылар. «Отбасы күні» мерекесіне 
орай өтілгелі отырған«Әкем , анам және мен» атты отбасылықжарысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 6қазақ класс оқушылары мен ата-аналары қатысады. 
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз 
Әр таңды бақытпенен аттырамыз 
Өнерді ой көгінде бақылаңыз, 
Сайысқа қатысуға енді ортаға............

1Абдуллиндер отбасын  қарсы алыңыздар!

2.Баймаганбетовтер отбасын  қарсы алыңыздар!

3. Абулхаликовтер отбасын  қарсы алыңыздар!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады) 

1 –жүргізуші.
Ал,құрметті халайық! 
Жарысты енді көріңдер 
Әділ қазы алқасы 
Әділ баға беріңдер! 
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. 
1.  Талдықбаева Айнагүл Сериковна –бастауыш класс мұғалімі.
2.  Естаева Асемгүл  Рахатовна- мектеп психологі.
3.  Курикбасова Гүлфариза Жарасбаевна- математика пәнінің мұғалімі.
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. (бірінші келгенге-5 бал, орташа келгенге-4 бал, нашар келгенге-3 бал)
Сайыстың бағдарламасы 10 кезеңнен тұрады .

І кезең: «Кенгуру» 
Шарты: Үлкен резеңкі доптың үстіне отырып кедергілердің арасынан секіріп  кейін тура секіріп  қайту керек. (Баласы, анасы, әкесі)


ІІ кезең: «Жеміс жидек жинау» 
Шарты: 2-3 метр шеңбер сызылады соның ішіне жемістер шашылады. Сол шеңберден шықпай  анасының көзін байлап қолына шелек ұстатып,  ұлы  жетелеп шашылған жеміске қарай бағыттайды. Мамасы тездете жинайды. 

1 мин

ІІІ кезең: «Кім епті?» 
Шарты: Үстелдің үстінде тұрған ыдыстағы  суды қасықпен төкпей, кедергілердің арасынан өтіп  бос ыдысқа тасу керек. Қайтарда тура келеді.


IV кезең: «Боулинг» 
Шарты: Әр топқа 5 кеглиден үш жерге құрылған. Әр топтан бір –бірлеп шығып допты домалату арқылы құлату керек.


V кезең: «Вело жарыс» 
Шарты: Әр ойыншы белосипедпен  кедергілердің  арасынан өтеді, қайтарда тура теуіп келеді.

VI кезең:
«Шынықсаң шымыр боласың»
Шарты: Бірінші баласы қапшықты аяғына киіп кедергілердің арасынан  өтіп қайтарда тіке қайтады. Екінші анасы секіртпемен (скакалка)  секіріп кедергілердің арасынан өтіп қайтарда тіке жүгіріп келеді. Үшінші папасы дапты аяғының арасына қыстырып, кедергілердің арасынан өтіп қайтарда тура келеді.


VII кезең: «Мергендер» 
Шарты:  Стендте ілініп тұрған шарларды әр отбасы келіп ату керек.


VIII кезең:
«Эстафета» (таяқшалар керек)

Шарты: Баласы эстафета таяғын қолына алып кедергілердің арасынан жүгіріп келіп таяқты анасына береді, келесі анасы жүгіріп келіп әкесіне береді. 

ІX кезең: «Паравоз»

Шарты:Бірінші баласы кедергілердің арасынан жүгіріп келіп, анасын тіркеп алады, екеуі кедергілердің арасынан жүгіріп келіп,  әкесін тіркеп алады, үшеуі кедергілердің арасынан жүгіріп келеді.

X кезең: «Арқан тарту»

Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады.Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

 

2 –жүргізуші.
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді. 
Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз.Сайысымызды бастаймыз. 
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

1 –жүргізуші.
«Барыс » тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін! 

 Біріміз бәріміз үщін!
«Тұлпар»тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты 
Бәрін жеңіп шықты 
«Арлан»тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,

өнер сүйер өренбіз. 


2 –жүргізуші.
Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады 
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.



1–жүргізуші.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа! 
Өмірде бақыттысың денің сау да. 
Денсаулық терең бақыт деген сөзді 
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші 
Құрметті қонақтар!

Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Сау-саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

Сәтпаев орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

«Әкем, анам және мен»
(отбасылық сайыс)

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Бастауыш класс мұғалімі

Иманбаева Жаншат Кобландиевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әкем, шешем және мен!" отбасылық жарыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 517 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 1592
    • DOCX 24.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманбаева Жаншат Кобландиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иманбаева Жаншат Кобландиевна
    Иманбаева Жаншат Кобландиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5252
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 24 регионов

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека