Инфоурок / Физическая культура / Другие методич. материалы / «Әкем, шешем және мен-достасамыз спортпен» (Көңілді эстафета, отбасылық сайыс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

«Әкем, шешем және мен-достасамыз спортпен» (Көңілді эстафета, отбасылық сайыс)

библиотека
материалов

«Әкем, шешем және мен-достасамыз спортпен»

(Көңілді эстафета, отбасылық сайыс)

Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, түрлі спорттық ойын түрлерін еркін ойнауға үйрету, спортқа қызығушылығын арттыру және ата-аналар арасында қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ептілікке, төзімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: теннис ракетка, қаптар, шарлар, шариктар, боулинг добы, шығыршықтар, кеглі, арқан, секундомер, уақыт өлшегіш, секіргіштер. т.б.

Мұғалім: Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Чемпион болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмасаңда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

-Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар. Отбасы күніне арналған

«Әкем, шешем және мен-достасамыз спортпен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Көңілді эстафеталық жарысқа 5-6 сыныптардың ата-аналары мен оқушылары қатысады.

-Сонымен ортаға көңілді спорттық жарысқа қатысқалы отырған отбасыларды шақырайық.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Спортты ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді міне,

Спортшы отбасыларды шақырамыз.

5«а»сынып оқушысы Жанұзақова Махабаттың отбасын ортаға қошеметпен шақырамыз.

5«б»сынып оқушысы Саденова Каринаның отбасын ортаға қошеметпен шақырамыз.

6«а»сынып оқушысы Жанұзақва Жансаяның отбасын ортаға қошеметпен шақырамыз.

6«ә»сынып оқушысы Серіков Ернардың отбасын ортаға қошеметпен шақырамыз.

(Сайыскер отбасылар саппен ортаға келіп тұрады)

Құттықтау сөз мектебіміздің директоры С.Е. Абеевға беріледі.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1.Алпысбаев Е.Е. МО

2.Наурызбаева Г.А. Аға тәлімгер

3.Муканова Асия. Ауыл методисі

Сайысымыз 5 ұпайлық жүйемен бағаланады. Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді. Әділқазылар алқасы, сіздер сайыскерлердің жіберген қателері үшін 1ұпай кемітіп отырасыздар және уақыт есептеледі.

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілейміз!

Бүгінгі көңілді эстафета сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

1-сайыс: «Кім жылдам?»

2-сайыс: «Кім икемді?»

3-сайыс: «Болота»

4-сайыс: «Кім епті?»

5-сайыс: Мықты болсаң кел енді, тартысып бір көрейік!

6-сайыс: «Кім мерген?» (Топ басшылары сайысады)

Таныстыру.

Топтың аты, ұраны және төсбелгісі.

1-сайыс: «Кім жылдам?»

(5«а», 5«б»сынып оқушысы және ата-анасы бастайды)

Шарты: Әкесі кедергінің үстіннен секіріп, баласы астыннан өтіп және анасы кедергіден айналып барып үрленген шарды жарады. (уақыт есептеледі)

2-сайыс: «Кім икемді?»

(6«а», 6«б»сынып оқушысы және ата-анасы бастайды.)

Шарты:Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып, белгіленген жерге секіріп барып, кейін қайтады. Бірінші әкесі, екінші шешесі, үшінші баласы орындайды. (уақыт есептеледі)

3-сайыс: «Болота»

(5«а», 5«б»сынып оқушысы және ата-анасы бастайды)

Шарты:Төрешінің белгісі бойынша екі шығыршықты кезек-кезек жылжытып барып келу керек. (уақыт есептеледі)

4-сайыс: «Кім епті?»

(6«а», 6«б»сынып оқушысы және ата-анасы бастайды.)

Шарты: Әкесі теннис ракеткамен шарикті қағып барып, секіргішпен секіріп қайтып келеді. Шешесі секіргішпен секіріп барып, теннис ракеткамен шарикті қағып алып келеді. Баласы теннис ракеткамен шарикті қағып барып, секіргішпен секіріп келеді. (уақыт есептеледі)

5-сайыс: Мықты болсаң кел енді, тартысып бір көрейік!

(5«а», 5«б»сынып оқушысы және ата-анасы бастайды)

Шарты: Отбасы мүшелері түгел арқан тартуға шығады. Белгіленген жерге қарсылас топ мүшелерін тартып келеді. Топтар бір-бірімен түгел арқаниен тартысады.

6-сайыс: «Кім мерген?» (Топ басшылары сайысады)

(6«а», 6«б»сынып оқушысы және ата-анасы бастайды.)

Шарты: Әкелердің көздері байланады.

Кедергілерді боулинг добын лақтырып құлатады.

Мұғалім: Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады.

Сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Қорытынды.

Мұғалім: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Осымен отбасы күніне арналған «Әкем, шешем және мен-достасамыз спортпен» атты отбасылық сайысымыз аяқталды. Өмірлеріңіздің әр күні осындай жеңістер мен сәттіліктерге толы болсын. Отбасыларыңыздан бірлік, береке кетпесін.

Көп рахмет! Кездескенше қош сау болыңыздар!








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-016398

Похожие материалы