Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Кембридж оқу бағдарламасының тәсілдерін қолданудың тиімділігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Кембридж оқу бағдарламасының тәсілдерін қолданудың тиімділігі

библиотека
материалов

Әшірбаев Ғабит Әшірбайұлы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

Математика пәні мұғалімі

228 орта мектебі


КЕМБРИДЖ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Мұғалім білім алушы қоғамдастықтың бір бөлігі болып табылады. Менің ойымша мұғалім үшін басты маңыздысы оқушыларға терең білім беру. Бағдарлама аясында өз білімімді жетілдіру арқылы жаңа әдіс – тәсілдерді өз тәжірибеме енгіздім. Нәтижесінде көшбасшы мұғалім бастама жасаған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, мұғалім тәжірибесінен дамиды . Осындай идеялар менің мектептегі тәжірибем кезінде толық жүзеге асты деп айта аламын. Мен ақпан айынан бастап «Сындарлы оқыту теориясы» бағдарламасының 3 айлық курсын оқып өз білімімді жетілдіріп жатырмын. Мен бұл бағдарламадан күтілетін нәтижелер ретінде оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, еркін, өз ойын ашық айта алатын, саналы, сыни көзқарасы қалыптасқан, сандық құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтитынын білдім.

Алғаш кезеңде «Мұғалім – оқушы әрекеттестігі» жөнінде теориялық білім алып, тәжірибеде басшылыққа ала отырып жұмыс жасадым. Дәстүрлі оқытуда оқушыларға дәріс беруде түрлі қиындықтар көп кездесетін еді, мысалы: сабаққа мүлдем назар аудармай тек уақыт өткізіп отыратын оқушылар бар. Ал, орта мерзімді жоспарды құруда мақсатқа сәйкес, нәтижеге жету үшін әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушыларға жан-жақты сапалы білім беру. Сындарлы оқыту бағдарламасының әдіс-тәсілдері, яғни топтық жұмыс арқылы сол қиындықтың жолын шешуді тапқандаймын. Оқушыларды топқа бөлу әдісі, өзара іс-әрекет арқылы оқуға, бір-бірін тыңдауға, сыйластыққа, бір-біріне көмек жасауға үйретеді және сыныпта «тыныш» отыратын оқушылардың да қызығушылығын оятады.

Пажарес білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді делінген, неге? өйткені оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Әдістемелік құралдар мен оқулықтан гөрі мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді. Сабақ беру барысында балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру үшін сабағымды жаңа әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып өткіздім. Бала санасына білімді жүйелі түрде сіңірту және оның қабілеттік деңгейлерін жоғарылатуда қажет екендігіне көзімді жеткіздім. Себебі: бұл әдіс-тәсілдер балалардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып, дербес жұмыс жасауға, белгілі бір нәтижеге жетуге және жүйелі түрде білім алып, оны қолдана білуге ынталандырады. Бұрын сабақты жоспарлағанда тек өзім үшін жаздым деп ойласам, қазіргі менің түсінігім басқаша өзгерді, яғни оқушылардың даму деңгейіне, жас ерекшеліктеріне әр түрлі тапсырмалар беруді ескере отырып, оқушыға бейімдей отырып жазатын болдым. Сабақтың мақсат-міндеттерін ескере отырып, оларды тұжырымдау үшін бірнеше аспектілерді ескеремін: сабақтың негізгі идеяларын анықтап алу; сабақ маңыздылығы; сабақтан қандай нәтижелер күтем? Балалар қандай нәтижеге қол жеткізеді?, яғни қызығушылығын арттыру үшін қандай іс - әрекет жасау керек деген сұрақтар туындады.

Менің болжауымша бұл сұрақтарға жауап беру үшін, көп жұмыс жасау керектігін түсіндім. Әрине, тәжірибеге барған бойда, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау оңай болмады. Оны жоспарлау үшін әріптестеріммен кеңес арқылы қалай жасау керектігін ұғындым. Әр мәселенің түйінін табу басында қиын болып келеді, табылғаннан кейін қалған іс- әрекеттер өзі- өзінен шыға бастайтыны анық. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды деген дәлелдемені негізге ала отырып, сыныпқа келгеннен кейін оқушылардың қалаулары бойынша, оларды өз еріктерімен топтарға бөліп отырғыздым. Топтық жұмыс арқылы бірлескен оқу ортасында диалогтік оқыту арқылы сыни-тұрғыдан ойлаудың бір ерекшілігі - ол оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқу материалына бірнеше рет қайта оралып, жұмыс істеуге болатынына көз жеткіздім. Сонымен бірге формативті бағалау арқылы оқушылардың сабаққа ынтасы жоғарылады. Жаңа сабақты мақсатқа сәйкес сыни ойланатын сұрақтар қою арқылы, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, сабаққа қатысу деңгейлері жоғарылады. Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі , бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында мен оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын, сабаққа деген ынтасының артқандығын байқадым.

Сабақ барысында АКТ-ны орынды қолдана білдім. Қандай да бір жаңа әдіс – тәсілдерді АКТ–ны қолдану арқылы пайдалануға тырыстым. Бұл жерде сөйлесуден гөрі көрсету көбірек тиімді деп ойлаймын. Оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылықтары артты. АКТ-ны пайдалану уақыт үнемдейді , мұғалім аз сөйлеуге мүмкіндік алады . Дарынды, талантты оқушылармен жұмыс түрін ұйымдастыру барысында АКТ-ның мүмкіндіктері арқылы деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асты. Сыныпты бағалау барысында да жасалған жұмыстарды бағалауда бағдаршам, «Блоб» ағашы, басбармақпен, «Екі жұлдыз, бір тілек», критерийлер, смайликтер арқылы жүзеге асырдым. Бұрын осы әдіс-тәсілдерді пайдаланғаныммен, мен оны қандай да бір іс-әрекетке, нәтижеге бағытталғанын білмеппін.

Сыни тұрғыда ойлауға үйрету стратегияларын пайдалануым тиімді болды, өйткені тапсырманы жеке, жұпта және орындауға беріліп, оның пайдасы бір- бірімен алмасады, сөйлемейтін оқушылар үшін қолайлы, олар берілген ақпараттарды ала алады, үйренгендерін қолдана алады. Оқытудың сапасын екі тәсілмен анықтауға болады . Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін яғни - мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі , ал оқытуды бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты білім беруге ерекше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үрдісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін саралай білу де қажет . Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын , мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет екенін біле отырып, бір- біріне ықпал етіп, бірінің идеяларын бірі тыңдай отырып, ойларын қосып отырады. Топта жұмыс жасауда оқушы алдымен жеке жұмыс жасай алады, яғни бұл кезде өзімен өзі диалог жасайды да, оны екеуара ақылдасып, жұпта қосылып талқыдан өткізеді. Ойға ой қосылады, нақты шешім шығарады. Сұрақтар қою барысында жаңа идеялар жарыққа шығады, ортаға салынады. Кімнің ойы ұтымды соған келіседі, не өздерінің ойларында қалып отырады. Сонда топтағы іс - әрекет барысында оқушылар өз ойларын қысылмай емін- еркін айта алуға үйренеді. Мұғалім мен мұғалім арасындағы диалогтан да оқушы мен оқушы арасындағы диалогтің маңызды екенін білдім. Сабақта үндемей отыратын оқушылардың іс - әрекеттері байқалып, олар мысалдар келтіру арқылы ойларын жазғандары қуантты. Мен өзімнің тізбектелген төрт сабағыма жеке жұмыс әрекеті оқушыларды практикалық жұмыс жасағанда қолдандым. Топтық жұмыс жасауда оқушыларды бақылаушы ретінде қадағалап және бағыт - бағдар беру арқылы ақыл кеңестер бердім . Жұптық топтық жұмыстарда оқушылар бір-бірін және өзі, критерий арқылы бағалауды үйренді. Бір байқағаным, оқушылар бірін – бірі бағалау барысында аса жауапкершілікпен қарайтындықтары болды. Оқушыларды оқыту үшін мен бағалауды пайдаландым. Бағалау- одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин екенін білдім. Іс жүзінде бір мәнге ие болатын бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқытуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізілетініне көз жеткіздім. Ал жеке бағалауда, яғни сабақтар топтамасын аяқтағанда суммативті тапсырған кезде өзім бағаладым. Өтілетін тақырыптар бойынша оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар бердім. Мен интерпретация әдісін көбірек қолдандым. Интерпретация қызығушылық тудыратын , яғни ерекше дағдылар, көзқарастар немесе әр түрлі білім бердің түрлі жолдарына қарасты жүргізіледі. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі бақылау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттеушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолдануды үйрендім. Мысалы: С, І есімді оқушылар «Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу» алғашқы тақырыбымда сабақты қорытындылау кезеңінде берілген жеке жұмысты орындай алмады, сондықтан деңгейлік көрсеткіші төмен тапсырма бердім. Мен әр сабағымды жұптық, топтық жұмыс, Сиқырлы сөзді тап, Ішіне, сыртына әдісі, ыстық орындық әдісі т.б әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып қызықты да, тартымды өткізуді жоспарладым. Курстан практика өтуге келген соң, ұжымдағы әріптестерімді жинап семинар өткіздім. Бір ай курста өткенімді, ойға түйгенімді және нені үйренгенім, қалай оқыту керек туралы ой бөлістім. Әріптестеріммен семинар барысында бағдарламаның мазмұнымен таныстырып, үйренген жеті модульді алдағы өткізетін сабақтарыма қолымнан келгенінше қолданатыным, ондағы қолданылатын әдіс – тәсілдер жайлы, соның ішінде Блум таксономиясы жайлы слайдпен түсіндіре кеттім. Түсіндіру барысында көптеген сұрақтар туындады. Мысалға «Г» есімді өзін – өзі тану пәні мұғалімі негізі бұл оқуды оқу барысында бастауыш сынып мұғалімдерінен бастап оқытса, сол кезде оқушылардың бұл сындарлы оқытуға тез үйренетіндігін айта кетті. Ал «К» есімді қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі бұл әдіс – тәсілдердің мектеп бағдарламасына енгізілгенін құптап, топтық жұмыста оқушылардың белсенділігі артатындығын, сабаққа араласпай отыратын оқушылардың қызығушылығы оянатындығын айта кетіп, алдағы атқарылатын жұмыстарыма сәттілік тіледі. «Н» есімді биология пәні мұғалімі сұрақ біз оқушыларға ертеңгі тақырып жайлы сын трғысынан ойлауы үшін алдын ала ескертеміз бе деп сұрақ қойды. Бұрынғы сабақ берген уақытымды әрбір оқушының ерекшеліктерін , қызығушылықтарын онша ескере бермейтін маған сыныпты зерттеуден бастаған жұмысым ұнады. Әр сабақтан кейін менің ұтқаным, оқушылардан алынған кері байланыс арқылы алдағы уақытта кеткен кемшіліктерді қалай жақсартуға болатыны жөнінде ойланып әрекет етуге тырыстым. Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы маған көптеген септігін тигізді. Мен жұмыс жасайтын мектепте сындарлы оқыту теориясы бойынша білім алған мұғалімдер арқылы түсінбеген жерлерім болған жағдайларда осыны қалай жолға қоюға болады деп кеңес алып отырдым. Яғни әріптестермен кеңес жүргізу арқылы тәжірибені молайтуға болатынын білдім. Курстың да негізгі идеялары болып табылатын әріптестік қауымдастықтың да маңызды болатынын білдім.

Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру барысында оқушылардың топтағы рөлдеріне аса мән бердім. Егер сыныптағы оқушылардың ерекшеліктерін ескермеген жағдайда топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру қиынға соғатынын байқадым. Бірінші сабағымда жіберілген қателіктерді келер сабақтарымда жақсартуға тырыстым, топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде оқушылардың топта, жұпта орналасуына аса мән беріп отырдым. Өйткені бір топқа үлгермеуші оқушылар түсіп қалса, сабақтың мақсатына жету қиынға соғатынын білдім. Сонымен қатар сыныптағы көшбасшылықты тиімді пайдалану мақсатында топтағы көшбасшылардың орындарын ауыстырып отырдым. Себебі, алғашқы сабақта сыныптың көшбасшысы А және Г мен Ж және А есімді оқушылар бүкіл топтың жұмысына белсене араласып, ал сыныпта тұйық оқушылар солардың ығында қалып қойған болатын. Үшінші сабағымда топ көшбасшыларына жоғары деңгейлі жеке тапсырмалар бердім. Олар сыныптағы оқушылардың жұмысына араласатын уақыттары болмайтындай етіп жоспарладым. Жоғарғы деңгейдегі тапсырманы орындау оларға ұнады.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы алғашқы «Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу» тақырыбында өткен сабағымда оқушыларды Ондық бөлшектерді координаталық түзу бойында кескіндеу, үтірді орынды қоя алу деп мақсат қойдым . Мақсатқа жету үшін оқушылар интербелсенді тақтада координаталық түзу бойында ондық бөлшектерді табу, шешу арқылы тақырыпты табу, жеке жұмыс, топтық жұмыс түрлерін алдым. Жасалған жұмысты бағалауда бармақ арқылы бағалау мен бағдаршаммен бағалауды алдым. Сабақта байқағаным, оқушылар өздерін бағалау ұнайтыны және мұғалімнен де гөрі достарының пікірі маңыздырақ болатыны. Бұрынғы іс- тәжірибемде оқушыларға жаңа тақырыпты өзім баяндап беретін болсам, курстан кейін көбіне оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасадым, бақылаушы қызметке ауыстым десек те болады. Бұрын мен түсіндіріп бермесем оқушылар түсінбейді деп ойлайтын болсам, тәжірибеде өткізілген сабақтар барысында бұл ойымның қате екеніне көзім жетті . Тізбектелген сабақтар топтамасындағы төрт сабағымды өтуде 7 модулді ықпалдастыруда сын тұрғысынан ойланатындай тапсырмалар дайындау қиын болды. Себебі қандай тапсырма берсем оқушылардың сыни ойлайтынын табу қиынға соқтырды, оқушылардың сыни не логикалық ойлап тұрғанын бір-бірінен ажырату да оңайға болмады. Осы кезде интернет ресурстарына жүгіне отырып, сыни ойлауға байланысты ғалымдардың зерттеулеріне сүйенуіме тура келді . Алдағы уақыттарда да осы сұрақтың шешімін табу үшін іздену керектігін ойға түйдім. Сабақ барысында «ашық» сұрақтарды жиі қоюға дағдыландым. Неліктен ондық бөлшекті натурал санға бөлгенде натурал сан шықпайды? Ондық бөлшек пен натурал санның айырмашылығы неде? Қалай түсінесіңдер? деген сұрақтар қойып, оқушылардың пікірімен санасып отырдым. Бір байқағаным, егер оқушыға еркіндік беріп өз ойын сұрар болсақ, олар бізді таң қалдыратын жауап та береді екен. Мысалы, Ғ, Г есімді оқушы «Егер біз натурал санды, натурал санға бөлсек, онда натурал сан шығар еді, ал егер ондық бөлшекті натурал санға бөлсек, ережеге сай ондық бөлшек шығады». Осындай жауаптар алу арқылы тақырыпты меңгергендіктеріне көзім жетті.

Мен бағдарламадағы 7 модулді қолдана отырып, өз іс-тәжірибиеме өзгерістер енгіздім. Қандай өзгерістер енгіздім? дегенге келетін болсақ: мақсатым бойынша бағдарламадағы 7 модульді қолдана отырып, оқушыларға өмірге керек білімді беру және алған білімін іс-тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру болып табылды.Сонымен қатар оқушыларды өмірге қажетті біліммен қаруландыру. Міндеттерді жүзеге асыру үшін сабақта:

Бағдарламадағы негізгі 7 модульді пайдалана отырып, сабақ жоспарын құрдым;

Сыныпта психологиялық ахуал орнатып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым;

Оқудағы жаңа тәсілдер: сыныптағы диалогтің маңыздылығы, қалай оқыту керектігін үйреттім. Сыни тұрғыдан ойлануға дағдыландыру үшін жаңа әдіс-тәсілдер пайдаландым;

Оқушыларға топпен (жұппен) жұмыс істеуді үйреттім және сыни тұрғыдан ойлануға дағдыландырдым.

Дарынды және талантты балаға білім берудің инклюзивті әдісін де сабақ үрдісінде қолдандым.

Сыныптағы дарынды оқушыны бақылау жүргізе отырып анықтадым.

Бағдарламадағы 7 модулді пайдалана отырып, сабақ жоспарын құрастыру әр

мұғалімнің шеберлігін талап ететіндігіне көзім жетті. Себебі, 45 минутта

дарынды баламен жұмыс, АКТ-ны пайдалану, балаларды өздігінен оқуға үйрету, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету үлкен дағды мен еңбектің нәтижесінде қалыптасады.

Қорытынды: Шульманның «үш көмекші» деп аталатын бас, қол, жүрек, яғни мұғалімде осы үш қасиет болған сәтте ол көп жетістікке жетеді деп ойлаймын. Бағдарламадағы қарастырылып отырған теорияларды жетік білген мұғалім ғана іс-тәжірибеде әрқайсысының орнын таба алады. Сондықтан да әр модуль өзара тығыз байланысты екенін іс-тәжірибе барысында байқадым. Өз сабақтарымды осыған орай әр модуль өзінің орнын тауып шыға келді, себебі бұған дейін де қолданып келген кейбір әдістер жүйеленіп өз орнын тапты деп ойлаймын. Бұрынғы дәстүрлі сабақта біз сабақ қорытындысы барысында рефлексия жазбайтын едік. Ал қазір үнемі рефлексивті есеп жазып отырамыз және оқушыларда кері байланыс ретінде сабақта не үйренгендігі , сабақтан алған әсерлері жайлы «екі жұлдыз, бір тілек» жазып отырды. Бұл есеп жазудың негізгі мақсаты өткен сабағымызға шолу жасап, кеткен қателігімізді келесі сабақта жақсарту керек екеніне септігін тигізеді.

Курс бағдарламасын өз тәжірибеме енгізу үшін көп ізденіс пен

қажырлылық керек екенін түсіндім. Бұл бағдарламаның білім берудегі пайдасы көп болатынына көзім жетті. Сол үшін барлық әріптестерім осы модульдерді жете меңгеріп, оны білім беру үдерісінде үнемі қолданса деп ойлаймын. Бүгінге дейінгі жұмысым алдағы жұмыстардың алғашқы қадамдары. Сондықтан алда талай іс күтіп тұр деп білемін.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық



6



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров674
Номер материала ДВ-355131
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх