Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / КЕМБРИДЖ ТӘСІЛІМЕН ОҚЫТУ 9- сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

КЕМБРИДЖ ТӘСІЛІМЕН ОҚЫТУ 9- сынып

библиотека
материалов

hello_html_12b266a2.gifhello_html_m3d793d23.gifhello_html_5cc964b9.gifhello_html_m3a93f99a.gifhello_html_m1b9bec12.gifhello_html_m4ddac899.gifhello_html_30000d6d.gifhello_html_m1b9bec12.gifhello_html_6c3ca3b5.gifhello_html_m4e63cd40.gifhello_html_m4e63cd40.gifhello_html_m20f4d6f6.gifhello_html_2a3f4d55.gifhello_html_183d8aab.gifhello_html_m15aed934.gifhello_html_m14e19fd5.gifБатыс Қазақстан облысы,Теректі ауданы,

1 Федоров жалпы орта білім беретін мектебі









ҚАЗАҚ ТІЛІ

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА




Тақырыбы:



«Кембридж тәсілімен оқыту»

/орыс мектебіндегі 9- сыныпқа арналған/



















Теректі, 2014

1 Федоров жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің отырысында қаралып, мектепішілік таратуға ұсынылды.

Хаттама №4 2.12.2014 ж.






Құрастырушы: Утепбергенова Альфия Кенжеевна - Теректі ауданы,

1Федоров жалпы орта білім беретін мектебінің ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 3-деңгейлі сертификатталған мұғалім.




Ішкі рецензент:

Даулетбекова Ш.М.,

1Федоров жалпы орта білім беретін мектебінің І анатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 3-деңгейлі сертификатталған мұғалім.















Бұл бағдарлама орыс мектебіндегі 9- сыныптарға арналған. Қазақ тілін тиімді үйретудің таптырмас бір құралы деп ойлаймын. Бағдарлама арқылы оқушылар топпен бірлесіп жұмыс жасай білуге, бірін-бірі бағалай білуге, көп ақпаpатты талдай, талқылай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін ала білуге, тест сұрақтарымен, түрлі деңгейдегі тапсырмалармен жұмыс жасай білуге үйренеді.





Кіріспе

Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің де жаңа жүйесін жасау, оқыту сапасын көтеру үшін тұлғалық-бағдарлы білім беру, шебер әдіс-тәсілдерді пайдалану керек деген сөздерді жиі естиміз. «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің қандай тиімді жолдары бар?» деген сауалға жауап іздейміз. Осы бағытта орыс мектебіндегі 9- сынып оқушыларына арналған, іс-тәжірибемде пайдаланатын «Кембридж тәсілімен оқыту» атты авторлық бағдарламамды құрастырдым. Оқушыларды Кембридж тәсілімен оқыту 7 модуль арқылы жүзеге асады.Мұнда бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы.Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы.Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу –ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Бағдарламаның мақсаты:

Жаңа форматтағы оқу үдерісі арқылы оқушының өз ойын еркін жеткізе білетін, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгерген, көшбасшы бола алатындай шығармашыл тұлға қалыптастыру;

Бағдарламаның міндеттері:

Оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай білуге үйрету;

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра білуге жағдай туғызу;

Жас ерекшеліктеріне сай тапсырмаларды таңдай білуге үйрету;

Сыни тұрғыдан ойлап, дұрыс шешім қабылдауға үйрету;

Ақпараттық технологияларды қажетті жерде пайдалана білуге тәрбиелеу;

Талантты және дарынды балаларға арналған тапсырмаларды орындай білуге үйрету;

Сабақ барысында оқушылардың бірін-бірі бағалай білуіне үйрету;

Көшбасшылықты анықтай білуге, тест сұрақтарымен жұмыс жасай білуге үйрету;

Бағдарламаның өзектілігі:Кембридж тәсілі негізінде «Жеті модульді» басшылыққа ала отырып, орыс мектебіндегі 9-сынып оқушыларына арналған авторлық бағдарлама жасау;

Бағдарламаның тиімділігі мен мүмкіндіктері: Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау, ең тиімді әдістер мен стратегияларды жинақтап, оқытудағы қиыншылықтарды жоюға мүмкіндік туғызу;

Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:

Оқушылар өз ойын еркін жеткізе білуге, сыни тұрғыдан ойлануға, тез арада дұрыс шешiмдер табуға, жағдаяттан шыға білуге, топпен бірлесіп жұмыс жасай білуге, бірін-бірі бағалай білуге, көп ақпаpатты талдай, талқылай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін ала білуге, тест сұрақтарымен, түрлі деңгейдегі тапсырмалармен жұмыс жасай білуге үйренеді;


Бағдарлама құрылымы



Орта мерзімді жоспар үлгісі 9-сынып

Әлеуметтік-мәдени ая

І-модуль

«Біз тату тұрамыз»

Сабақтың тақырыбы

Мақсаты

Түйінді идеялар

Міндеті

Модуль

Әдіс-тәсілдер

Ресурстар

Нәтиже

1

Отбасындағы асыл адамдар

Тұрақты тіркестер.Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті мәні туралы білімдерін нақтылай отырып, «Отбасындағы асыл адамдар» тақырыбы бойынша тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарымен сәйкестендіре білу, сыни ойлауды дамыту.

Түрлі тапсырмалар орындауда топпен жұмыс істеуге үйрету, еркіндік атмосферасын құру, оқытудың жаңа тәсілдерін оқу үдерісінің тәжірибесіне енгізу.

Тұрақты тіркеске тән ерекшеліктерін түсіндіру, диалогтық әдісті қолдануды, дұрыс шешім қабылдауды үйрету, топтық, жұптық жұмысты жандандыру, ортада сенімді қарым-қатынас орнату.

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту мен оқуда ақпараттық – комунникациялық технология»

«Ес картасы», рөлге бөліп оқыту, рефлексия

Сызба негізіндетұрақты сөз тіркесіне тән ерекшеліктер, көрнекті, көркем суреттер. Power Point таныстырылымы

Көңіл күйлері жақсарады. Жинақталып, реттеледі, іздемпаздығы артады, өзін – өзі реттей алады, өздігінен білім алуды үйретеді, өзін және өзгені бағалай алады.

2

Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі

Отбасында қалыптасқан жақсы дәстүрлер туралы мәлімет беріп, өтетін тақырып бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдерді білу, сыни тұрғыдан ойлауына жағдай туғызу.

Өз бетімен шешім таба білуге үйрету, мотивация және моралды жауапкершілік туғызу, өз көзқарасын білдіріп, сыни пікір айта алу және жазу арқылы қиял дағдысын дамыту.

Бір - бірімен пікірлесу барысында, өзара тұлғалық дағдысын дамыту, ортақ қорытынды шығаруға, өзгенің пікірімен санасуға, бағалай білуге үйрету, эстетикалық талғамын арттыру.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Талантты және дарынды баларды оқыту. Оқытуда АКТ пайдалану. Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау.

«Ес картасы », топқа бөлу, сұрақ-жауап,бағалау

Көрнекті, көркем суреттер. Power Point таныстырылымы

Еркіндік атмосферасы негізінде топтық жұмысқа қалыптаса бастайды. Өзіндік баға беруге талпыныс жасайды.

3

Отбасы тәрбиесі

Оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын дамыту, отбасы тәрбиесі туралы түсініктерінкеңейту.

Тапсырмаларды бірлесе құру, мақсаттарын айқындау арқылы серіктестерімен әңгімелесу, бірлесе жұмыс істеу.

Жаңа сөздермен танысу, тұрақты сөз тіркестерін дұрыс жазып, айта білуге үйрету. Топтық жұмыста іс-әрекет жасауға тәрбиелеу.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, оқыту үшін бағалау және оұуды бағалау.

«Миға шабуыл», «Бір айналым сөйлесу», «Авторға сұрақ қою»

Флипчарт, маркер, суреттер, смайлик, бағалау парағы.

-сөйлемнен тұрақты сөз тіркестерінтабуды үйренеді; - диалогтық сөйлесу арқылы өз ой-пікірін еркін жеткізе алады; -топтық жұмыста іс-әрекет жасай алады.

4

Жарасып тұр дәстүрім!”

Сүйінші,байғазы, базарлық ұғымдарын түсіндіру, тақырып бойынша рөлге бөліп оқыту;

Оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын дамыту, топпен жұмыс жасауды нығайту


«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту мен оқуда ақпараттық – комунникациялық технология»



Рөлге бөлу,

Миға шабуыл», «Топтастыру,

бағалау

Қазақтың салт-дәстүрлерін презентация арқылы көрсету, топшамалар, бағалау парағы, маркерлер

Ынтымақтастық атмосферасы орнап,іздемпаздығы артады, өзін – өзі реттей алады, өздігінен білім алуды үйретеді, өзін және өзгені бағалай алады.

5

Отбасы бақытының қағидалары

Отбасы бақытының негізгі қағидаларымен таныстыру;

Оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын дамыту, ықпалдың түрлерін түсіндіру;

Оқушыда когнитивтік ойлауын дамыту. Дербес оқудың мәнін түсініп, бірлесе оқуды қалыптастыру

Әр түрлі дәрежелі сұрақтар арқылы үдеріс сипатына сыни көзқарас қалыптасуына ықпал ету, деңгейлік тапсырмалар орындай отыра өз мақсатын анықтауға жетелеу.

Ой шақыру стратегиясы; формативті бағалау, бір-бірін бағалау; жеке жұмыс, топтық жұмыс; АКТ; диалогты оқыту.

Топқа бөлу «пікір алмасу», «сұрақ-жауап»

ақпараттық-коммуникативтік технология

Деңгейлік тапсырмалар көрнекіліктер, кестелер, оқулық.

Қосымша ақпараттардың көмегінің арқасында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып танымдық қабілеттері дамиды, шығармашылық жұмысқа белсенділіктері жоғарлайды.



Қысқа мерзімді сабақ жоспарлары 9- сынып (орыс мектебі)



Апта 1

Күні 3.09.14ж

9- сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі

Жалпы мақсаты

Отбасында қалыптасқан дәстүрлер туралы мәлімет беріп, өтетін тақырып бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдерді білуге, сыни тұрғыдан ойлауына жағдай туғызу.

Күтілетін нәтижелер

Еркіндік атмосферасы негізінде топтық жұмысқа қалыптаса бастайды. Топтық баға беруге талпыныс жасайды.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Модульдің көрініс табуы

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Талантты және дарынды баларды оқыту. Оқытуда АКТ пайдалану. Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау.

Тапсырмалар

1,2,3- тапсырма, дебат-әңгіме, тірек-сызбамен жұмыс, жұпта талқылау, бес жолды өлең

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын бекіту


«Ес картасы» арқылы


Оқушылар үй тапсырмасын тақтаға шығып, орындап, сұрақтарға жауап береді. Ес картасын толтырады.


 




Қызығушылықты ояту

Сандар арқылы топқа бөлемін.

4

3

2

1






Балалар, отбасылық дәстүрлер- шаңырақ тірегі атты ұғымды қалай түсінесіздер?

Оқушылар 4- топқа бөлініп, топ мүшелері сайланады




«Жұпта талқылау» стратегиясы

Оқушылар осы ұғымды жұпта талқылап, өз ойларын ортаға салады.

Мағынаны тану

Жаңа сабақты тірек-сызба кестесімен түсіндіремін.

Фразеология

белгілі бір тілдегі тұрақты сөз

тіркестерінің жинағы





Тұрақты тіркеске тән ерекшеліктер




Бір тілден екінші тілге аударуға икемсіз

Тұтасып келіп,белгілі бір ұғымды білдіреді.

Құрамындағы сөздердің орны тұрақты,орнықты

















































Ой-толғаныс


Үйге тапсырма

Бағалау


Сабағымыздың жаңа сөздерімен жұмыс жүргіземіз.






  1. тапсырма

Мәтінмен жұмыс жүргіземіз.








  1. тапсырма

Тұрақты сөз тіркестерімен жұмыс жүргіземіз.





  1. тапсырма

Деңгейлік тапсырмамен жұмыс жүргіземіз.

















Сабағымызды «Бес жолды өлең» арқылы қорытындылаймыз.



  1. деңгей, 10бет


Сөздік

алтын ұя- родной очаг

ұлттық дәстүр- национальная традиция

дағды- навык

сыйластық- уважение

әзірлеу- готовить

шаңырақ- семья


Оқушылар мәтінді оқып, мәтінге ат қояды.

Дебат-әңгіме

Оқушылар осы мәтін бойынша диалог құрастырады.


Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, тұрақты сөз тіркестерін жасайды.

қысқа жіп күрмеуге келмейді – кедейлік

қабағынан қар жауды – қатты ашуланды, кектенді

шаң жуытпау- қорғаштау

екі езуі екі құлағына жету- қуану

жүрегінің түгі бар - батыр





3- деңгей

1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

2-деңгей

Мақал-мәтелдердің жалғасын екінші бағаннан тауып, мағынасын түсіндіреді



Мақал-мәтел

Жалғасы

Ата-анаңды сыйласаң



Ата тілін алмаған



Ана сүтін ақтамағанды



Атадан жақсы ұл туса,

есіктегі басын төрге сүйрер



көп жасарсың



аман болып көп жүрмес



ешкім мақтамайды



Дәстүр – сөзіне «Бес жолды өлең» құрастырады.



«Шапалақтау» арқылы топтық бағалау




http://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=c09c2c3625e30f0c43598d90189db930-101-144&n=21





Апта 2

Күні 9.09.14ж.

9- сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Жарасып тұр, дәстүрім!

Мақал - мәтелдер

Жалпы мақсаты

Салт - дәстүрлеріміздің мән - мағынасын оқушы бойына сіңіру, ұғындыру;

Күтілетін нәтижелер

Салт - дәстүрімізді сыйлай білуге үйренеді

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Тапсырмалар

1,2,3,4, тапсырмалар, топтық жұмыстар

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

-Ұйымдастыру бөлімі

-Үй тапсырмасын тексеру

-Үй тапсырмасын бекіту


«Қазақ халқының дәстүрлері» бейнефильмі.

- Қандай салт - дәстүрлер көрсетілді?
- Бұл салт - дәстүрлердің маңыздылығы бар ма?
- Осындай салт - дәстүрлерді күнделікті өмірде көріп жүрміз бе?

Оқушылар үй тапсырмасын тақтаға шығып, орындап, сұрақтарға жауап береді.





Бейнефильмді көріп, сұрақтарға жауап береді.

Тұсау кесер

Базарлық



Жұлдызшаларды арқылы топқа бөлемін.

Байғазы





Сүйінші

сұрау





Оқушылар жұлдызшаларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.Жұлдызшаның ішіндегі дәстүрлер туралы не білетіндерін айтады.



«Ес картасы арқылы»

Оқушылар дәстүрдің басқа да түрлерін атап көрсетеді.

Негізгі бөлім

Сүйінші сұрау - шын қуанғандықтың белгісі. Қуанышты хабарды жеткізуші адам «сүйінші» деп келеді. Байғазы - балалардың жаңа киімі үшін берілетін сый. Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі. Тоқымқағар - адам алғаш рет алыс жолға шыққанда жасалатын басқосу. Алыс сапарға шыққан адамдар туысқандарына сыйлық әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл - жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі. Келін түскенде, құда келгенде, тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады.























Қорытынды

Рефлексия

Үйге тапсырма

Бағалау


1 - тапсырма. Оқушылар диалогты рөлге бөліп оқиды.
2 - тапсырма. Сөздік жұмысы.

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құру:
байғазы беру, базарлық әкелу, сыйластық көрсету, т. б.


3 - тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
4- тапсырма

Топтық жұмыс: Постер қорғау

Үш топ өздері таңдаған үш тақырып бойынша мәтін немесе диалог құрады.


«Жарасып тұр дәстүрім!» тақырыбына эссе жазу

5-тапсырма


Рөлдік ойын әдісі
байғазы - подарок за новую вещь
басқосу - встреча, объединение
базарлық - подарок от пиршества
сыйластық - уважение

байғазы беру, базарлық әкелу, сыйластық көрсету, т. б.


Мәтін құрайды





Үш тақырып бойынша постер қорғайды.


1. Сүйінші сұрау.
2. Байғазы.
3. Базарлық.

Қол қимылдарын көрсету арқылы бірін-бірі бағалайды. (формативті бағалау)

hello_html_m7d79eb25.png






Апта 4

Күні 30.09.14ж.

9- сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Батаменен ел көгерер

Жалпы мақсаты

Оқушыларға «Бата» сөзінің мағынасын түсіндіру;

Бірнеше сұрақ қоя білуге, әңгімені түсініп оқуға, сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру

Батаны жаттай білуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар батаның мағынасын түсіне біледі

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Тапсырмалар

1,2,3,4, -тапсырмалар

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын бекіту


Тренинг «Қара жорға»

Оқушылар үй тапсырмасын тақтаға шығып, орындап, сұрақтарға жауап береді.


 Оқушылар көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Қара жорға» биін билейді.

Тұсау кесер

Сурет қиындысы арқылы топқа бөлемін.



Топ мүшелері сайланады


Негізгі бөлім

Ақ бата – әрқайсымыз үшін де теңдесі жоқ асыл сөз. Бата-бастағалы тұрған істің қасиетті тұмары. Бата берудің өзіндік орны, жолы, жөні болады.




































Қорытынды

Рефлексия


Үйге тапсырма

Бағалау



1-тапсырма

«Бата» сөзінің анықтамасын жазып, бірнеше сұрақ қоюды тапсырамын.



2-тапсырма

Әңгімені түсініп оқып, аударуды тапсырамын


3-тапсырма

Мәтін бойынша дұрыс, бұрыстығын тексеру

















4- тапсырма

Дастарқанда берілетін баталы сөздерді теріп жазу.


Ес картасы арқылы сабақты бекіту



5,6 тапсырма




-Ақ бата ұғымын қалай түсінесіздер?

-Бата берудің өзіндік жолы бар ма?

-Батаны қандай мақсатта айтады?


Әңгімені оқиды

Аударады




Сөйлемдер

Дұрыс

Дұрыс емес

Бір кезде қақпада тұрған Әміржан жүгіре жөнелді


+


Бір қарт кісінің қолынан ауыр сөмкесін алмады


-

Айдар,ол үлкен кісі ғой, сөмкесі ауыр екен,көмектестім

+


Ол кісі маған «өркенің өссін, үлкен азамат »бол деп батасын берді.

+


Ол кісі маған батасын бермеді.


-

Бақыт қонсын басыңа!

Қызыр келсін қасыңа!

Денсаулығың зор болсын!

Дастарқаның мол болсын!

Жарқыраған жол болсын!

Формативті бағалау






Апта

Күні

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Нәтиже сабақ. (Астана –бас қала. Сан есімдер)

Жалпы мақсаты

Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасап, жоба қорғау арқылы оқушылардың қисынды ойлау және жүйелі сөйлеу дағдысын арттыру

Күтілетін нәтижелер

1.Астана қаласының тарихын меңгереді.

2.Астананың өркендеу жолындағы жетістіктерін біледі.

3.Сан есімдерді мәтінмен, топшамалармен жұмыс барысында еркін таба алады.

4.Жұппен, топпен жұмыс жасай білуге үйренеді;


Сабақтың түрі

Білімді бекіту

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Блум жүйесі, СТО технологиясының элементтері , АКТ, тест, «Семантикалық карта», көрнекілік әдісі,сұрақ-жауап, диалог, бағалау

Пәнаралық байланыс:

Тарих, математика , орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі:

Интербелсенді тақта, «Астана-арман қала»атты бейне таспа, флипчарттар, топшамалар, «Мәуелі ағаш», стикерлер,сағаттың суреттері, маркерлер, «Градусник» , тірек-сөздер.

Тапсырмалар

Жұптық, топтық жұмыстар, жоба қорғау,тестпен жұмыс,

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Білім

Сабақты ұйымдастыру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.



Тренинг «Достық аралы»Бұл тренингтің мақсаты-қандай қиындық болса да, бір-біріңе қол ұшын беру, достықты бағалай білу; «Сіздер өздеріңізді елсіз аралда қалып қойдық деп елестетіңдер. Аралда судың деңгейі көтеріліп кетті. Барлығыңыз құтқарылу үшін кішкене ғана жерге сиюларың қажет.Кішкене жер деп газетті ойлаңыздар.Барлығыңыз газетке сиюларыңыз керек.Белсенді,тезірек.Жақсы, балалар! Сіздер енді бүгінгі сабақта да ұйымшылдықпен, бір-біріңе қол ұшын беру арқылы белсенді қатысуларыңыз сұралады.Келістік пе, балалар!

Оқушыларды топқа бөлу (топтық, жұптық жұмыс)

Топтарға «Бәйтерек», «Пирамида» деген ат қою.



-Үй тапсырмасын тексеру

ережелерді қайталау







-Үй тапсырмасын бекіту

тест сұрақтары арқылы





Оқушылар бар зейінін тақтаға аударады.



















Оқушылардың барлығы тренингке қатысады.















Оқушылар топқа бөлініп, топ басшылары сайланады.



  • Етістіктің райлары дегеніміз не?

  • Райдың неше түрі бар? Қандай?

  • Мысал келтіріңіздер.





Оқушылар тестке жауап жазып, өзін-өзі тексереді

Тұсау кесер






-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-Нәтиже сабақ. (лексикалық тақырыбымыз-Астана-бас қала, грамматикалық тақырыбымыз-сан есімдер) Өткен сабағымызда алған білімдерімізді кеңейту , түрлі тапсырмалар орындау арқылы сабағымызды бекіту;

«Астана-арман қала»

атты бейне таспа

көрсетіледі

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.







Оқушылар бейне таспада көрсетілген Астананың көрікті жерлерін атайды.

Негізгі бөлім





Түсіну





1-тапсырма





Тірек-сөздермен жұмыс

«Бәйтерек» және «Пирамида» тобына 10 тірек сөз беріледі. Қанша сөзді есте сақтайтындығын анықтау























2-тапсырма





Жоба қорғау

Оқушыларға «Бәйтерек» «Пирамида» атты мәтін мен флипчарттар беріледі. Мәтінді оқу арқылы оқушылар осы тақырыпты ашатын негізгі сөйлемдерді тауып, жоба қорғайды.

Критерия арқылы бағаланады.



Критерия

мәтіндегі ойдың толық ашылуы

Сөз саптауы

Ұлттық белгінің болуы

1-топ




2- топ




















3-тапсырма



















Оқушыларға «Сан есім» атты «Ес картасын » толтыру ұсынылады.





«Бәйтерек» тобына

1.Ақмола

2.Есіл өзені

3.Ақ күмбез

4.Әскери бекініс

5.Мектеп

6.Медресе

7.Екі кітапхана

8.Зауыттар

9.Қасапхана

10.Шеберхана



«Пирамида» тобына

1.Тұрғындар

2.Орталық Қазақстан

3.Саяси-экономикалық

4. Целиноград

5. Астана

6.Бәйтерек

7.Ерболат Төлепбай

8. «Аялы алақан»

9.Көрме

10.Күміс тұмар







Оқушылар мәтінді оқып, мәтіндегі негізгі ойды ашатын сөйлемдерді флипчартқа түсіріп, жоба қорғайды.







Жобаның негізгі критерияларымен танысады.













Оқушылар «Ес картасы » арқылы сан есімнің құрамына қарай түрлері мен мағынасына қарай түрлері қалай бөлінетіндігін толтырады.





1-топқа

2-топқа









Қолдану

4- тапсырма

1-топқа «Астана қаласы» атты мәтіннен есептік сан есімдерді табу тапсырылады.











2- топқа

Сан есімдерді сөзбен жазып, реттік сан есімге айналдыру тапсырылады.



Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.1997 ж. Егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.



2; 6; 11; 15; 29; 36; 44; 58;



5- тапсырма

1-топқа

Мақал-мәтелдерден жинақтық сан есімдерді табу тапсырылады.







2-топқа

Есептік сан есімдерді болжалдық сан есімдерге айналдырыңыз.

Ауыз біреу, құлақ екеу.

Би екеу болса, дау төртеу.

Атадан алтау туса да,

Басыңа бір жалғыздық түсер

Ағайын алтау, ана біреу.



сегіз жүз........,

қырық.........,

Елу........,

Сексен..........,



Талдау



Топшамалармен жұмыс жүргізіледі



1-топқа

«Сағат неше?» деген сұраққа жауап беріңіздер. Сан есімдердің қай топқа жататынын анықтаңыз.



























2-топқа

Диологты оқып, бөлшектік сан есімдерді табу тапсырылады.





image008image007





Баласы: Әке, сағат неше болды?

Әкесі: Сағат сегіз жарым болды. Қайда барасың?

Баласы: Хан шатырына барамын.

Әкесі: Хан шатыры нешеде ашылады?

Баласы: Тоғыз жарымда ашылады?

Әкесі: Онда не істейсің?

Баласы: Достарыммен кездесіп, әдемі жерлерін аралаймыз.

Қорытынды

Жинақтау

«Бес жолды өлең» арқылы













Сұрақтарға жауап беру арқылы

  1. топқа

5 сұрақ








  1. топқа

5- сұрақ


Тренинг Градусник

Топ мүшелеріне көңіл-күйлерін белгілеп алу тапсырылады.


2-топқа

Астана

1.Зат есім - Астана

2.Сын есім-

3.Етістік-

4.Сөйлем-

5.Синоним-



Топтың атауын құрастырып шығарады.

1.Бір, екі – мағынасына қарай қандай сан есімдер?

2. Алтау,жетеу-қандай сан есім?

3.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді.



1.Екі-екіден, он-оннан қандай сан есімдер?

2. Үшінші, төртінші қандай сан есімдер?

3.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

Оқушылар сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін белгілейді.



Рефлексия











Үйге тапсырма

Бағалау



http://festival.1september.ru/articles/571416/img1.jpg



«Менің Астанам» атты эссе жазу



Формативті бағалау



Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазып, «Мәуелі ағашқа »жапсырады.



Сабақтың тақырыбы: Сыйлық. Тұйық етістік.(нәтиже сабақ)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардан өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру;

Күтілетін нәтиже:Оқушылар суретпен, мәтінмен, топшамалармен жұмыс жасай білуге үйренеді;

Бөлім

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Дерек көздері







1.Ұйымдастыру бөлімі

-Амандасу;

-Оқушыларды түгендеу;

-Сабаққа дайындығын тексеру;

Оқушылар бар назарын сабаққа аударады.

Оқытуды бағалау

Сурет қиындысы арқылы топқа бөлу

-Тренинг «Жылы тілек»

-Топқа бөлу


-Оқушыларға өзара 4 топқа бөлінуді ұсыну

  1. Басшы

  2. Хатшы

  3. Репортер

  4. Тәлімгер

Оқушылар өзара 4 топқа бөлінеді.


2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Үй тапсырмасын бекіту




-Үй тапсырмасын тексеремін.

-Үй тапсырмасын бекітемін.

сұрақтар арқылы

  • Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Қандай?

  • Зат есім дегеніміз не?Сұрақтары қандай?

  • Сын есім дегеніміз не?Сұрақтары қандай?

  • Сан есім дегеніміз не?Сұрақтары қандай?

  • Етістік дегеніміз не?Сұрақтары қандай?

  • Тұйық етістік дегеніміз не?Мысал келтіріңіз.




Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мысал келтіреді.

  • Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.

  • Зат есім дегеніміз- заттың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: Кім? Не?

  • Сын есім дегеніміз-заттың сынын, сапасын, көлемін, дәмін білдіретін сөз табы. Қандай? Қай?

  • Сан есім- заттың санын, мөлшерін, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары – қанша? Неше?




Слайд

4.Қызығушылықты ояту


Басшылар шешеді.

Оқушылар ребусты шешу арқылы сабаққа деген қызығушылықтары артады, сабақтың тақырыбын табады.

Ребус

5.Мағынаны тану

1- тапсырма

Оқулықпен жұмыс жүргізу

Мәтінді оқытып, аударту

Хатшылар орындайды.

Сыйлық берілетін қуаныштар

Кез-келген адамның өмірінде бақытты кездері болады.

Олар: туған күн, мектепті, жоғары оқу-орнын бітіру, мерекелер, мерейтойлар.Мұндай қуанышқа

адамдар көршілерін,туысқандарын, достарын шақырады. Шақырылған қонақтар сыйлықтар әкеледі.


Мәтін

Оқулық


2- тапсырма

Суретпен жұмыс тапсырамын.hello_html_babe2a5.png




Репортерлер орындайды.

Гүлдердің мағынасын тауып,

сызық арқылы қосады.

Гүлдердің суреттері


3- тапсырма

Мәтінмен жұмыс жүргіземіз.

Тұйық етістіктерді тауып, сөз құрамына талдауды ұсынамын.


Тәлімгерлер орындайды.

  • Сыйлық талғамыңнан шықпаса, ренжімеуге, күлімсіреп

қабылдауға,рақмет айтуға тиістісің.

  • Сыйлықтың бағасын сұрап, жұрттың көзінше пайдалы немесе пайдасыз екенін айтуға болмайды.

  • Сыйлықты қайтіп беру- әдепсіздік.

  • Сыйлық әкелмеген қонаққа ренжімейді, оларға да басқалармен бірдей құрмет көрсету керек.


Мәтін


Сызба-кестемен жұмыс жүргіземіз.

Сызба –кестені толтыруды ұсынамын.


Сызба-кесте


Топшамалармен жұмыс жүргіземіз.

Сабаққа қатыспай отырған оқушылар 3- топшаманы орындайды.

Топшамалар

6.Ой-толғаныс

«Бес жолды » өлең жазуды тапсырамын.

«Бес жолды өлең» жазады.

1.Зат есім- Сыйлық


Слайд

7.Нәтиже сабақты бекіту





























































8.Рефлексия

Тест орындауды тапсырамын.

1.Орынсыз сыйлықтардың қатарына жататынын табыңдар.

А. Кітап

В.гүл

С.картина

Д.аяқ киім

2. Әйел адамға сыйлауға болмайтын бұйымды табыңдар.

А.галстук

В. Алтын, күміс бұйымдары

С. Гүл

Д. Иісмай

3.Ер адамға сыйлауға болмайтын бұйымды табыңдар.

А.галстук

В.үнтаспа

С.кітапша

Д.қас жұлғыш

4.Қыз балаға ... сыйлауға болады. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз.

А. велосипед

В. галстук

С.қуыршақ

Д. жиһаз

5.Берілген гүл атаулары құрамына қарай қандай сөздер қатарына жатады.

Итмұрын, лалагүл, ақгүл, нарғызгүл

А. дара сөздер

В. қос сөздер

С. тіркескен сөздер

Д.біріккен сөздер

Оқушыларға рефлексия жаздырамын.

«Инсерт» стратегиясы арқылы

Не үйрендім? Не үйренгім келеді?

Тест орындайды.

Дұрыс жауаптары

























































Оқушылар «Инсерт» стратегиясын толтырады.

Тест























































Плакат

9.Үйге тапсырма



Үйге эссе жазуды тапсырамын.

Оқушылар үйден эссе жазып келеді.




Тренинг үлгілері

«Тілек»

Мақсаты: Сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру үшін.

Материалдар: доп

Мұғалім қатысушыларға бір-біріне тілек айтуды ұсынады. Ол бір қатысушыға допты лақтырады да бір нәрсе тілейді. Мысалы «Сережа, саған көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!». Алған адам өзінің тілегін кімге айтқысы келсе, соған допты лақтырады. Тілек әрбір қатысушыға айтылады. Осындай жаттығулар қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, бір сергітіп тастайды.

«Менің атым...»

Мақсаты: Сыныпты алдағы бірлескен жұмысқа әзірлеу және сәйкес жағдай мен икемделуді жасау.

Материалдар: ватман және түрлі-түсті маркерлер.

Сынып дөңгеленіп орналасады. Қатысушылардың біріншісі ватманға өз атын және атымен байланысты тағы да бір нәрсені жазады. Мысалы: «Менің атым Максим, бірақ мені достарым әдетте Макс деп атайды». Әрбір кейінгі қатысушы дәл соны жасайды. Соңғы қатысушы өз атын жазғаннан кейін ватман қабырғаға ілінеді және онда барлық сабақ бойы тұрады.

«Тұсау кесер»

Мақсаты: топты біріктіру және тренингке қатысушы оқушыларды қысылмай, еркін ұстауына үйрету

Материалдар: қажет емес

Оқушылар бірнеше топтарға (4 топтан аспауы тиіс) бөлінуі тиіс. Барлығы өз тобының атын ойлап табуы керек. «Қазақтың салт-дәстүрлерін» таныстыруға тапсырма беріледі. Әрбір топ «Қазақтың салт-дәстүрлерін» өзінше түсінеді. Барлығының міндеті «Қазақтың салт-дәстүрлерін» өз түсінігінде: ән, өлең, пантомима, шағын көрініс түрінде және т.б. (қалауы бойынша) таныстыруы тиіс. Дайындалуға 10 мин. уақыт беріледі. Ең бастысы таныстыруда барлық қатысушылар қатысқаны жөн.

«Шырмауық»

Мақсаты: Сыныптың ұйымшылдығын арттыру және қатысушыларды біріктіру

Материалдар: қажет емес

Оқушылар шеңберге тұрады және оң қолдарын шеңбердің ортасына қарай созады. Жүргізушінің белгісі бойынша әрбір ойынша «қол созу бойынша» өзінің серігін тауып алады. Ойыншылардың жұп санда болуы тиіс. Содан кейін барлық қатысушылар сол қолдарын созып, тағы да «қол созу бойынша» өзінің серігін тауып алады (бұл адамның алдындағы адамның дәл өзі болмауы өте маңызды). Бұдан кейінгі тапсырма бәрінің шырмалуында, яғни қолдарын түсірместен араласып, тағы да шеңберге тұру. Тапсырманы бір-бірімен мүлдем сөйлестірмей бұдан да қиындатуға болады.

«Зообақ»

Топ мүшелерінің әрқайсысы өзін қандай да бір жануар ретінде сезінуі керек, содан кейін таңдап алған аңның кейпіне түсіп оның әрекетіне салып, қыдырғанын көрсетеді.

Мақсаты: топ мүшелерінің белсенділігін арттыру, «қыздыру», оларды белгілі бір көңіл-күйге түсіру, топ жұмысының алғашқы кезеңдерінде болатын ауыртпашылықтарды сейілту.

«Бразилиядан келген әже»

Барлық оқушылар (ортаға бетімен қарап) шеңберге тұрады. Жүргізуші секіру, қолын, аяғын, басын қозғалту сияқты белгілі бір қимылды сала отырып, сонымен қатар «Менің Бразилияда әжем бар!», «Оның мынадай аяғы бар!», «Оның мынадай қолы және қисық басы бар», «Ол былай секіреді де «Мен дүниедегі ең әдемі әжемін!» деп айқайлайды» және т.б. деген сөйлемдерді қоса айтады. Бұдан әрі барлық қатысушылар осы қимылдар мен сөздерді онымен бірге қайталайды.

«Мен - ...»

Мақсаты: оқушыларға жақсырақ танысуға, өздері туралы айтуға көмектесу.

Материалдар: шағын қағаз парақтар, әрбір оқушыларға қаламдар және түйреуіштер. Барлық оқушыларға қағаз парақтары мен қаламдар таратылады. Әрбір оқушы 5 минут ішінде оны сипаттайтын 10 сөз немесе сөз тіркестерін ойлап табады. Өз сипаттамасын әрқайсысы параққа жазады да оны кеудесіне қадайды. Уақыт аяқталған соң оқушылар сынып бойы араласатын болады және бір-бірінің сипаттамаларын оқиды.



Грамматикалық, лексикалық тақырыптар бойынша топқа бөліну

Оқушылар қуану, кедейлік, қорғаштау, батыр сөздері жазылған жұлдызшаны таңдап, соған сәйкес фразеологизмді тауып, 4 топқа бөлінеді.

1. Жүрегінің түгі бар- батыр.

2.Қысқа жіп күрмеуге келмейді- кедейлік.

3.Шаң жуытпайды – қорғауштау.

Батыр

Кедейлік

Қуану

4.Жүрегінің түгі бар-батыр.






Қорғаштау











«Сан есімдер» атты грамматикалық тақырыптар бойынша топқа бөліну

4

3

2

1

Оқушылар « 1 ден 4 ке» дейін санап, 1- нөмірлер - 1-топқа, 2- нөмірлер - 2- топқа, 3-нөмірлер 3- топқа, 4- нөмірлер- 4-топқа топтастырылады.

hello_html_m4c0bed89.jpg









«Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар» атты лексикалық тақырып бойынша топқа бөліну

Оқушыларға ұлттық аспаптары бар суреттерді 4-4тен шығарып, оқушыларға таңдату керек.Түскен аспабы бойынша топқа бөлінеді.



http://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=237b071d9ccee341&mb=imgdb_preview_347http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=2c5b5b2a0fed8f54&mb=imgdb_preview_1477http://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=2eb63f6c9cf28ce5&mb=imgdb_preview_79http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=46bbb96ffafaf84f&mb=imgdb_preview_901



«Киіз үй» атты лексикалық тақырып бойынша топқа бөліну

Киіз үйдің түстері бойынша топқа бөлу.http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=72b5559e7ed53f6c&mb=imgdb_preview_91http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=72b5559e7ed53f6c&mb=imgdb_preview_91http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=72b5559e7ed53f6c&mb=imgdb_preview_91

http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=72b5559e7ed53f6c&mb=imgdb_preview_91

«Әбілхан Қастеевтің туындылары» атты тақырып бойынша топқа бөліну

2 0042662 015



«Дастарқан - отбасының дарқандығы» атты лексикалық тақырып бойынша топқа бөліну

Оқушылар қалжа, бас тарту, соғым, қонақасы атты этнолингвистикалық атауларды таңдап, соған сай анықтамаларды сәйкестендіріп. , 4 топқа бөлінеді.

1. Сыйлы қонақтарға, алыстан келген құрметті кісілерге сойылған малдың басы малға бата жасаған жасы үлкен кісінің алдына қойылады .

2. Қадірменді, сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті .

Қонақасы

Бас тарту

3. Бұл – әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық азық-түліктің мол қоры. Оған түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі мал сойылады.

Соғым

Қалжа

4. Қонаққа арнап әзірленген тағам, ас.







«Киелі сандардың құпиясы» атты тақырып бойынша топқа бөліну

7

3



400

122

Оқушыларды қазақтың киелі сандары бойынша топқа бөлеміз.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер бойынша тапсырмалар



1. Дебат-әңгіме

«Қазақ – қонақжай халық» атты тақырыпта дебат өткізу.

«Қазақ – қонақжай халық » - екі жақты пікір, келісемін +

келіспеймін -

2. Зерттеушілік әңгіме

«Киелі сандардың құпиясы» атты тақырып бойынша үйге тапсырма беру;

Қазақта 7, 3, 40, 12 киелі сандарын тағы қандай ұғымдармен байланыстыруға болады? Қосымша мәлімет іздеп, зерттеп келу.


3. Сұрақ-жауап әдісі арқылы жауап беруді жүзеге асыру



  1. Сұраққа жауап беріп, диалогті толықтырыңыз.

  2. «Аманатқа қиянат қылма» ұғымын қалай түсінесіздер?

«Сәлемдеме» атты лексикалық тақырып бойынша

  • Қарт кісімен қалай амандасасың?

  • Сәлемдеме сөзін бұрын естідің бе?

  • Сен баланың орнында болсаң, не істер едің?

  • Сәлемдеме нені білдіреді?

  • Сен біреудің сәлемдемесін орындап көрдің бе?

  • Орындаған кезде қандай алғыс алдың?



«Қазақстан мұражайлары» атты тақырып бойынша тапсырмаhttp://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=34448dbb105303e3&mb=imgdb_preview_1671

1.«Қазақстан мұражайлары» атты тақырып бойынша диалог құрастырыңыз.

2.Диалогтің ішінде жаңа сөздерді (неологизмдер)пайдалану керек.





Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге арналған тапсырмалар

  1. «Қызығушылықты ояту» кезеңіне арналған тапсырмалар

«Ес картасын» толтыру




«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі» атты тақырып бойынша

«Түртіп алу» стратегиясы

Мәтіннен ҚР «Білім беру туралы» Заңындағы 3 бастапқы мектеп деңгейін түртіп алу керек.


  1. «Мағынаны тану» кезеңіне арналған тапсырмалар

Көрнекілік арқылы баяндау” стратегиясыhttp://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=6780493f41b82764&mb=imgdb_preview_918



«Киіз үй» атты тақырып бойынша

Киіз үйдің бөліктерін атап, баяндаңыз.





3. «Ой-толғаныс» кезеңіне арналған тапсырмалар

«Инсерт» стратегиясы

«Мамандық таңдау» тақырыбы бойынша

«Инсерт» стратегиясын толтыру

V

-

+

?









«Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар» тақырыбы бойынша
«Бес жолды өлең» стратегиясы

Домбыра сөзіне - «Бес жолды өлең» құрастырыңыз.

«Эссе жазу»

Үйге «Алтын ұя мектебім» тақырыбы бойынша эссе жазу.

Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау


Өзін - өзі бағалау парағы

Оқушының аты-жөні _____________________

Пәні ____________________________

Күні

Үй тапсырмасы

Сұрақ жауап

Тапсырмалар

Жұпта жұмыс

Топпен жұмыс

Тәртіп сақтадым

Тәртіп сақтамадым

Жалпы балл

Баға





















Балды бағаға айналдыру шкаласы

«5»

«4»

«3»

«2»

22- 24 балл

18-21 балл

11- 17 балл

0-10 балл


Қазақтың музыкалық

аспаптары

1. топ. Қырандар

Қазақтың музыкалық

аспаптарын атаңыз?




Критерий

Балл

Дескриптор

«В»

Топпен жұмыс

«Қырандар»

Қазақтың музыкалық аспаптары сызбасын толтыру


0

Тапсырманы орындамады. Топ бірге жұмыс істемеді.


3

Тапсырманы орындады,топтың кейбір мүшелері толық қатыспады. Мәлімет аз.


5

Тапсырманы жақсы орындаған. Топтың барлық мүшелері ойларын толық жеткізген. Мәлімет жеткілікті.


  1. топ «Бұлбұлдар»

Домбыра, қобыз, сазсырнай суретін салу

Критерий

Балл

Дескриптор


«В»

Топпен жұмыс

«Бұлбұлдар»

Домбыра,қобыз, сазсырнай суретін салу


0

Тапсырманы орындамады. Топтың барлық мүшелері жұмыс істемеді.


3


Тапсырманы толық орындамады, топтың барлық мүшелері толық қатыспады.

(5 мақал)


5

Тапсырманы жақсы орындаған. Топтың барлық мүшелері қатысты. Домбыра,қобыз, сазсырнай суретін әдемі салды.



3-топ «Сұңқарлар»

Домбыра тақырыбына эссе жазу

Критерий

Балл

Дескриптор

«В»

Топпен жұмыс

«Сұңқарлар»

«Домбыра» тақырыбына эссе жазу




0

Тапсырманы орындамады. Топ бірге жұмыс істемеді.


3

Тапсырманы орындады, топ бірге жұмыс істемеді, эсседегі ой қорытындыланбаған.


5

Тапсырманы жақсы орындаған. Топтың барлық мүшелері белсене қатысты. Ойларын толық жеткізе алған.

4-топ «Қарлығаштар»

Сазсырнай сөзінен жаңа сөздер құра

Критерий

Балл

Дескриптор

«В»

Топпен жұмыс

«Қарлығаштар»

«Сазсырнай » сөзінен жаңа сөздер құра


0

Тапсырманы орындамады.


3

Тапсырманы орындады, кейбір сөздердің мағынасы жоқ. Топтың мүшелері толық қатыспады

5

Тапсырманы жақсы орындаған. Топ мүшелері толық қатысты.


Тапсырмалар


Топтардың аты

Сұрақ - жауап жүргізу


Өлеңді оқыту, талдату

Венн диограммасы

Топпен жұмыс

Болмасаң да ұқсап бақ

Жалпы балы

Қорытынды

Қырандар








Бұлбұлдар








Сұңқарлар








Қарлығаштар










«Смайликтер» арқылы бағалау

http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=562128c7ae12c556&mb=imgdb_preview_433http://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=7c29ac971427a868&mb=imgdb_preview_1409http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=6312cb881845f1d6&mb=imgdb_preview_1667









«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»http://festival.1september.ru/articles/571416/img1.jpg







http://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=0842a6892332aa989ccbb677ccd41cef-136-144&n=21













«Шапалақтау» немесе мадақтау арқылы бағалау

«Жұлдызшалар» арқылы бағалауhttp://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=c09c2c3625e30f0c43598d90189db930-101-144&n=21

Формативті бағалау

(қол қимылдарын көрсету ақылы)

hello_html_m7d79eb25.png













Білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануhello_html_2a4ea0a4.jpg



hello_html_md7575d5.jpg







Интернет желісінен кез-келген мәліметті алу;

«Қазақстан суретшілері»

атты тақырыпқа реферат тауып келу;

hello_html_1478aa.jpg

Сабақтарды интерактивті тақтамен көрсету;

«Сергіту сәті» бейне-роликтерді көрсету





Жоба қорғау барысында керекті мәліметті телефондағы интернет желісі арқылы табу; http://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=f3cd4420dd43dc50397608995669ca16-51-144&n=21

«Сурет галереясы» атты тақырып бойынша «Портрет деген не?» сұрағына жауап іздеу;





Компьютер арқылы модульдің соңында тесттер орындату;hello_html_318f894d.png

Оқушыларға нәтиже сабақ орындатқызу;







Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытуға арналған тапсырмалар

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы.

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау.

Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас

Адамзат жаралғалы бері, ана тілі адамгершілік айнасы болып келеді. Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Өз халқына қызмет ету үшін, алдымен ана тілін жетік білу қажет. «Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарытпас», - деген қанатты сөз бар. Бұл сөзді қырғыз ақыны Сарноғаев айтқан. Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де сүйе біледі.

«Ақын болу – міндет емес, азамат болу - парызың», - дейді. Азаматтық дегеніміз – ана тілін ардақтау. Біздің халқымыз тілге кедей емес. Халқымыздың тілдік қоры өте бай. Тіліміздің байлығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіл байлығы - рухани байлық.

(Қазақ тілі мен әдебиет журналы 5/2005, 92 сөз)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:



ІІІ деңгей.

1. Мәтіннен тәуелдік және септеулік жалғаулы сөздерді теріп жазып, оның жағы мен септігін анықтаңыздар.

2. Берілген сөздердің синонимдік қатарын жазыңыздар.

І нұсқа- азамат, ел, қажет. ІІ нұсқа-халық, ана тілі, алдымен.

3. Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! – өлеңінің авторы кім?



ІІ деңгей.

  1. Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңыздар

І нұсқа- адамгершілік, жаралғалы. ІІ нұсқа- азаматтық, халқымыздың.

  1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа - Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі.

ІІ нұсқа - Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де сүйе біледі.



І деңгей.



Ана тілі тақырыбына 4-5 мақал – мәтел жазыңыздар.





Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант



Мақсаты: Мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын тексеру



Үлкенді сыйлау



Үлкенді сыйлау - қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отыру керек. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың тәжірибесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.

(9с. Қазақ тілі оқулығы.95 сөз)


Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған І тоқсандық

бақылау жұмысы


Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

Лексикалық тапсырмалар:

1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Сен үшін ата-анаңның орны қандай?

2) Неге бақыт тек қиындық арқылы келеді?

3) Достық не үшін керек?

2. «Отбасы» тақырыбына 8 мақал-мәтел жазыңыздар.

3. «Қазақ салт-дәстүрі» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

4. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер, өз ойларыңды жазыңыздар.

5. «Дастарқанды қадірлей білейік!» тақырыбына шағын шығарма жазу.

Грамматикалық тапсырмалар:

1. Сызбаны толтырыңыздар.

Дыбыс үндестігі




hello_html_45c9d87e.gif




2. Неге? сұрағына жауап беретін сөйлемдер құраңыздар.


........

........

Ата-анам ........ үйретеді

........

........


  1. Мына кестені толтырып жазыңыздар

Ілгерінді ықпал

Кейінді ықпал

Тоғыспалы ықпал





4. Сөйлемді мағынасына қарай толықтырыңыздар.

Мен __________ айтқанын тыңдаймын. жақсыдан үйрен

Отбасында __________ бірінші орында тұруы керек. сөздің

Сәлем - ____________ анасы. сыйластық

Әкем маған ылғи ________ дейді. анамның

5. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, сөйлем құраңыздар.

Ашуға бой алдырды, салқын қарай бастады, түн ұйқысын төрт бөлді.

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант


Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау.



Қазақтың тұңғыш суретшісі

Әбілхан Қастеев қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі, кескіндемешісі, қоғам қайраткері, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушысы. Ол 1904 жылы Талдықорған облысында туған. 1929 жылы Алматыға келіп, Хлудовтың студиясына қатысады, бейнелеу өнерінің негізін үйренеді. Әбілханның суретшілік мұрасы өте бай. Оның мыңнан астам туындылары бар. Қастеевтің суреттері табиғат, ескі және жаңа тұрмыс, халықтың өмірі, дәстүрі туралы.

Әбілханның Абайдың, Жамбылдың, Шоқанның кескіндерін жасады. Дарынды суретшінің қазақ халқының тұрмысын бейнелеген туындылары «Колхоз тойы»,, «Жайлаудағы радио», «Соңғы хабарлар», «Сүт фермасы», т.б. Көптеген суреттерінің бас кейіпкерлері – еңбек адамдары.

Әбілхан Қастеев 1973 жылы қайтыс болды. Алматыда оның атында көркемсурет училищесі және мемлекеттік көркем галереясы бар.

(Парасат журналы, 19-бет, 2012 жыл №9,96 сөз)



Білім берудегі басқару және көшбасшылықты анықтауға арналған тапсырмалар

«Сыныптың көшбасшысы» атты жоба (постер) қорғау.

Жағдай: ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Телешоу» өткізіледі.Сіздердің тобыңыздың бір өкілі қатысады, бірнеше сұрақтар құрастырып ,интервью алу керексіздер (іскер көшбасшы, эмоционалды көшбасшы, ақпараттық көшбасшы)

«Менің бейнем»

Топ мүшелері 4 топқа бөлініп, «Менің бейнем» атты тренинг арқылы қағаздан өз бейнелерін жасайды.Осы арқылы топтың көшбасшысын анықтауға болады.

«Гүл жасау»
Оқушылар түрлі түсті қағаздар, скотч, қайшы көмегімен қалаған гүлін жасайды.Топ мүшелері өздерінің гүлдерін, яғни көшбасшысын анықтайды.
«Көшбасшы болу үшін...»

«Көшбасшы болу үшін... » қандай қасиеттер болу керек? (алдымен жұпта,содан кейін топта талқылайды.)

Рөлдік ойын. Әр топ өзіне берілген тапсырмадағы көшбасшыны рөлін сомдау керек. Тақтада 3 түрлі көшбасшылық бейнеленген текст беріледі. (Өктемшіл көшбасшылық. Сыйласымдық (демократияшыл) көшбасшылық. Делигирияшыл көшбасшылық.)

Критерийлер

Дескриптор

1

Тақырыптың ашылуы

0 1 2

2

Кейіпкерді сомдай білуі

0 1 2

3

Әртістік қабілеті

0 1 2



Топ

Ой толғау

Постер қорғау

Рөлдік ойын

Қорытынды ұпай

1





2





3







Талантты және дарынды балаларды оқытуға арналған тапсырмалар

  1. топшама

Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз. Мәтінге қандай ат қоюға болады? Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.

Қатты суық боларда, құстар кешке қарай басқа уақыттағыдан гөрі ұзақ тамақтанады.

Торғайлар ағаштың бұтағында дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады, жел болмайды. Торғайлар қосылып, шықылықтаса, жылы болады. Бір жерге топталса, суық болады. Бұл – боран алдындағы өзгеріс.

Қарғалар топтасып қарқылдаса, аяз болады. Аспанда ұшып жүріп қарқылдаса, қар жауады. Суық боларда олар қанатының астына тұмсығын тығады.

  1. топшама

«Менің сүйікті ісім» тақырыбына диалог құрастырыңыз. Өнер туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіз?

  1. топшама

Суық боларда олар қанатының астына тұмсығын тығады.

Асты сызылған сөйлемге жазбаша түрде синтаксистік талдау жасаңыз.

Мазмұндамамен жұмыс жүргізу

Қайрат пен Санат

Қайрат пен Санат бір жақта тұратын. Екеуінің де табиғаттану сабағынан тоқсандық бағалары «үш». Бірақ Қайраттың ылғи «үштерімен» қатар екі «төрті» бар.

Өткен жазда екеуі ауылдан шеткерірек қалың ақ теректің арасына барған. Шымшықтар оның арасына қаптатып ұя салыпты. Шиқылдаған дауыстан құлағың тұнады. Балапандары жұмыртқаны жаңа жарып шыққан ба қызыл шақа. Кейбіреуі аяғыңның астынан әлсіз шиқылдайды. Жел тұрғанда ұядан құлап қалған болу керек. Әйтеуір, айналаның бәрі шымшық, шымшықтың ұясы. Екеуінің қолында рогаткалары бар еді. Алдымен бірді-екілі шымшықты атып құлатты. Шалбарының екі қалтасы толған тас. Өздерінің әу бастағы мақсаты да шымшық ату ғой. Сәлден соң екеуі терекке өрмелеп шығып, бір-екі ұяны бұзды. Сосын үш-төртеуін…

«Әйтсе де біреулерден сұрап анықтамасақ болмайды, бұлай істегеніміз обал шығар», - десті олар.

Сөйтіп олар шымшықтың құсқа жататын-жатпайтынын мұғалімнің өзінен сұрауды жөн көрді.

Мұғалім оларға шымшықтың құсқа жататынын, оның да пайдасы бар екенін айтты. Енді олар құс атпайтын болды.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз. Мәтінге қандай ат қоюға болады? Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.

Біреудің екі баласы бар екен. Бірі еріншек екен. Тек «жатсам» дей береді екен. Екінші баласы ерінбейді екен. Үнемі «жүрсем», «қыдырсам» дей береді екен. Ағайынды екеуі осылай «жатсам», «жүрсем» деп ерегеседі. Ағалы-інілі екеуі әкесіне барып жүгінеді. Әкесі оларға былай депті.Жатқанға жан жуымайды, жүргенге жөргем ілінеді. (добыча найдется)

  1. топшама

«Қазақ тілі не үшін керек?» тақырыбына диалог құрастырыңыз. Достық туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіз?

Шығармашылық тапсырма

Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.


Тесттер

1- нұсқа

1. Сөйлемнің ортасында келген қыстырма сөзді табыңыз.

А) Бүгін күн ашық екен, әйтеуір . С/Қысқасы,сен үйде отырасың

В) Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын .Д/Әлбетте, сенікі дұрыс

E) Біріншіден, Асқардың жасы кіші

2. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Әрине бүгінгі жастарға білім керек-ақ.

В) Асқар, қайдан келдің?

С) Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің.

D) Үлкен адамды тыңдаған жөн.

E) Пәлі, шіркін! Батыр болсаң Қабанбайдай бол!

3. Алғаш рет спорттың қайда болған елін көрсетіңіз.

А) Үндістан. В/Қытай С/Қазақстан Д/АҚШ Е/Греция

4. Бір отбасындағы 2 қыз бала бір-біріне кім болатынын табыңыз.

А) Жезде. В/Жеңге С/Аға Д/Апалы-сіңлілі Е/ Балдыз

5.Мектеп туралы мақалды табыңыз.

А) Жер гүлсіз болмайды, ел ерсіз болмайды. В/Елшіге өлім жоқ

С) Мектеп-кеме, білім теңіз . Д/Шындық жоқ жерде, сұмдық көп.

E) Бірлік болмай, тірлік болмас.

6. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жеңіл, жуан. В/Артық,аз С/Кішкентай,көп Д/Аласа,үлкен..

E) Ренжіді, қуанды.

7. Ұяңнан басталып, үндіге аяқталған сөзді көрсетіңіз.

А) Базаршы. В/Ғарышкер С/Зәрсіз Д/Жарлық Е/Дыбыс..

8. Буын үндестігіне бағынбай тұрған қосымшалы сөзді көрсетіңіз.

А) Жүрекке. В/Мерекеге С/Қаланың Д/Сызғыштар Е/Өнерпаз

9. Тиісті жұрнақты табыңыз.

Анам наурыз көже пісір... жатыр.

А) –ды. В/-іп. С/-нші Д/-а Е/-ген.

10. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғанда дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз.

А) Автор сөзі – Төл сөз. В/Автор сөзі; «Төл сөз» С/Автор сөзі,Төл сөз.

D) Автор сөзі, - төл сөз. Е/Автор сөзі;Төл сөзі.

11. «О» қандай дыбыс екенін көрсетіңіз.

А) Дауыссыз. В/Жуан С/Езулік Д/Қысаң Е/Жіңішке.

12. Бітеу буынды көрсетіңіз.

А) Данышпан. В/Ойшыл С/Ара Д/Ұлт Е/Тіл.

13.Тек жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) Билік,әділет. В/Ғалым,батыр С/Теңіз,ұйым Д/Сыншы,шаңырақ

E) Ағартушы.

14. Түбір сөзді табыңыз.

А) Түндік. В/Көрсеткіш С/Түн Д/Асхана Е/Қалада.

15. Негізгі түбірдің анықтамасын табыңыз.

А) Сөздің бөлшектенетін бөлігі.

В) Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі.

С) Сөз тудырушы жұрнақ.

D) Жұрнақтар арқылы жасалған бөлік.

E) Түбір мен қосымшадан тұратын бөлік.

16. Сан есімді белгілеңіз.

А) Ішті. В/Өрік С/Тиісті Д/Елу бір Е/ Қызыл

17. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Кел, балалар, оқылық! В/Піскен алма жерге түсті. С/Ол,сірә,бүгін келмеді.

D) Паһ, шіркін!

E) Мен дүкенге бардым.

18. Халықаралық әйелдер күнін белгілеңіз.

А) 9 мамыр. В/30 тамыз С/1 қаңтар Д/22наурыз Е/8наурыз

19. Көшпенділердің баспанасын көрсетіңіз.

А) Киіз үй. В/Кірпіш үй С/Қамыс үй Д/Ағаш үй Е/ Палатка

20. Толықтырыңыз: «Күзде күн...»

А) Ыстық. В/Ұзарады С/Жаңбыр жаумайды Д/Қысқарады Е/Теңеледі.

21. Берілген мақалдың жалғасын табыңыз.

Батыр туса – ел...

А) дәулеті. В/ырысы С/дәстүрі Д/қазынасы Е/байлығы.

22. Сөздің басында жазылмайтын әріпті көрсетіңіз.

А) ң В/ж С/ә Д/ы Е/ғ

23.Аптаның жетінші күнін ата

А) Жексенбі В/Көктем С/Өзен Д/Орман Е/Алыс

24. һ - әрпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Тари...и В/Ру..ани С/Наси..ат Д/Бұ..ара Е/Жи..аз

25. Табыс септікте тұрған сөзді табыңыз.

А) Шалмен. В/Кітапта С/Түйемен Д/Аюдың Е/Ақынды

2-нұсқа

1.Көп мағыналы сөзді белгілеңіз.

А/Өзен В/кәсіп С/ер Д/көл Е/мұражай

2.Синоним қатарын көрсетіңіз

А/әдемі,жақсы В/халық,батыр С/аспан,әуе Д/қысқарту,алу Е/сүйікті,әдем»

3.Жалқы есімді көрсетіңіз.

А/мұхит в/қарағай С/Алтай Д/тастар Е/тау

4.Ілік септігіндегі сөзді белгілеңіз.

А/қантпен В/әкесімен С/үйіне Д/мектептің Е/қала

5.Мақалды толтырыңыз. Туған жердей жер болмас,Туған.....ел болмас.

А/қаласындай В/мектебіндей С/ұлындай Д/елдей Е/үйдей

6.Жалпы есімді көрсетіңіз.

А/қала В/Сәуле С/Ертіс Д /Астана Е/Құлагер

7.Сын есімнің сұрақтарын белгілеңіз

А/не істеді? В/қандай? С/ненің? Д/кім? Не? Е/нешінші?

8.Жіктеу есімдігін табыңыз.

А/мынау В/сіз С/әркім Д/ешқашан Е/өзім

9.Қай жылдан бері астанамыз Астана қаласы ?

А/1991ж В/1996ж С/1997ж Д/2005ж Е/1989ж

10.-лау.-леу.-дау,-деу.-тау,-теу.-сын есімнің қандай шырайларының жұрнағы?

А/жай В/күшейтпелі С/негізгі Д/жалпы Е/салыстырмалы

11.Туынды етістікті белгілеңіз.

А/жеміс В/өсті С/келдім Д/баста Е/тыңдау

12.Антоним сыңарын анықтаңыз.

А/ерте,кеш В/қара,әдемі С/үлкен,аласа Д/бүгін,қазір Е/әсем,көркем

13.Үй жануарларын белгілеңіз.

А/қой,сиыр,жылқы В/қоян,тауық,сиыр С/жылқы,түйе,түлкі Д/сиыр,балапан,аю Е/қаз,қой

14.Қимылды,іс-әрекетті білдіретін сөз табын көрсетіңіз.

А/есімдік В/зат есім С/сын есім Д/етістік Е/Сан есім

15.Есімше деген не?

А/Зат есімнің түрі В/Септік жалғау С/Сөйлем мүшесі Д/Етістіктің түрі Е/Сөз құрамы

16.Болымсыздық есімдікті анықтаңыз.

А/ешкім В/өзі С/олар Д/бәрі Е/қанша?

17.Адамның шашы қандай болады?

А/дөңгелек В/дәмді С/ қалың Д/арзан Е/аласа

18 /Зат есімді тап.

А/аш В/ашады С/аштық Д/аштым Е/ашуланды

19.Сын есімнің асырмалы шырай түрлерін көрсетіңіз.

А/әп-әдемі В//аса үлкен С/көкшілт Д/қалалық Е/көгірек

20.Көптік жалғаулы зат есімді таблыңыз.

А/баланың В/жұлдызды С/қаланікі Д/әншілер Е/қыздай

21.Бірыңғай ашық буынды сөзді көрсетіңіз.

А/орыс В/құл С/жолда Д/ерке Е/аласа

22.Сөйлемде үстеудің түрін анықта; ұшақ төмен ұшып келеді

А/мезгіл үстеу В/мекен үстеу С/қимыл үстеу Д/мөлшер үстеу Е/мақсат үстеу

23.Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз.

А/жас В/ер С/ат Д/бу Е/ кітап

24.Одағайды табыңыз.

А/мүмкін В.сірә С/құрау-құрау Д/пырас Е/әрине

25. «Соғыс» сөзінің антонимін табыңыз.

А/достық В/бірлік С/ынтымақ Д/бейбітшілік Е/татулық


9-сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары

I тур

9 сынып

Мазмұндама


Жақсылардың жақсысы


Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме жабық тұрады екен.

Бір күні қыз қарияға:

  • Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.

  • Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың. Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп:

  • Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.

  • Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария.

Тест сұрақтары

  1. «сұлу» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді табыңыз

а)көзді ашып жұмғанша

ә)көзі көрген

б)ай десе аузы, күн десе көзі

в)ит өлген жерде

  1. Мақалды аяқтаңыз: Өнер алды ...

а)ойлап сөйле

ә)өз тіліңді құрметте

б)қызыл тіл

в)келер басыңа

  1. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

а)көзді ашып жұмғанша

ә)көзіңді аш

б)көзіңді жу

в)тез бар

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. ... көріп келдім.

а)өзіне

ә)өзінде

б)өзін

в)өзінің

  1. «жаман» сөзінің синонимін табыңыз.

а)олақ

ә)тамаша

б)тәуір

в)нашар

  1. Мақсатты келер шақтағы етістігі бар сөйлемді табыңыз.

а)Кеше кешке мен теледидар көрдім

ә)Сен осы жерде тұрасың ба?

б)Мен ауылда болғанмын

в)Мен бүгін үйге ерте бармақпын

  1. Септік жалғауы бар сөзді анықтаңыз.

а)сыныбында ә)баяғыда б)ұмытпа в)арманда

  1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

а)лар ә)ның б)пін в)хана

  1. Айтылуы бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз

а)Айтбек ә)өсүмдүк б)басшы в)көзқарас

  1. Мына сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз. Олжас хотел учиться.

а)Олжас оқуға барды.

ә)Олжастың оқығысы келді.

б)Олжас оқуды армандады.

в)Олжас оқығысы келеді.


9-сынып

ІІ тур


Мәтінді оқыңыз. Оған қандай ат қоюға болады? Мазмұнын айтып беріңіз.

Қазақстан Республикасының жері кең-байтақ. Оның биік таулары мен айдын көлдері, қалың ормандары мен жасыл жайлауы бар. Жер астында орасан зор табиғи байлықтар жатыр.

Республикамыздың астанасы – Астана қаласы. Ол еліміздің бас қаласы. Қазақстанда көптеген әсем қалалар бар. Олар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Атырау, Орал, Түркістан, Қостанай, т.б.

  1. Берілген тақырыпқа әңгімелеп беріңіз.

  2. Асты сызылған сөйлемдегі сөздерге жазбаша түрде морфологиялық талдау жасаңыз.

  3. Өзіңізге ұнайтын өлеңді мәнерлеп жатқа айтыңыз.

9-сыныптың 2-ші тапсырмасы бойынша арнаулы тақырыптар


1.Менің мектебім


2.Менің сүйікті мейрамым


3.Менің сүйікті пәнім


4.Маған ұнайтын спорт түрі


5.Қазақстан табиғаты



Кембридж тәсілінің сабақтарда көрініс табуы































Пайдаланатын әдебиеттер



1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012ж (ІІІ деңгей)

2.Қазақ тілі – 9 сынып. Авторы: Т.М. Артыкова, М.Б. Боранбай- Алматы: Атамұра , 2013ж.

3. Мирсеитова С. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері» Қарағанды 2011.

4.Н.Б. Исабаева, Р.С. Шахметова, А.Б. Төлеуова «5-11 сыныптарға арналған бақылау жұмыстарының өлшем бірліктері» Павлодар, 2004.

5.Шадилова Алмагуль Нуртаевна «Оқытудағы көшбасшылық» 14.01.2014.

Асанова Айнур «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» 28.02.2014ж.

6. Захарова МН «Білім беруде Кембридж тәсілдерін қолданудың тиімділігі» атты мақаласы 29.10.201

7.Сариева Асель «Тiзбектелген сабақтаp топтамасында бағдарламаның бір модулі туралы» 5.02.2014ж.

8.«Кестелі грамматика» С.Хасанов.Т.Әбдіғалиева.

9.Тесттер жинағы

10.Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар.













Мазмұны



Кіріспе ______________________________________________________3 бет

Бағдарламаның құрылымы

Орта мерзімді жоспар үлгісі____________________________________5-7 бет

Қысқа мерзімді сабақ жоспарлары______________________________7-19 бет

Тренингтер_________________________________________________20-21бет

Грамматикалық, лексикалық тақырыптар бойынша

топқа бөлу әдістері_________________________________________22-23 бет

Жеті модуль тапсырмалары___________________________________24-35бет

Тесттер____________________________________________________35-37 бет

Олимпиада тапсырмалары__________________________________38-39 бет

Кембридж тәсілінің сабақтарда көрініс табуы________________ 40-41 бет

Пайдаланатын әдебиеттер _____________________________________42бет





















48



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

КЕМБРИДЖ ТӘСІЛІМЕН ОҚЫТУ 9- сынып

Автор
Дата добавления 20.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров4984
Номер материала 322685
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх