Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Кембридж тәсілін мектеп өміріне енгізу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Кембридж тәсілін мектеп өміріне енгізу"

библиотека
материалов

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп

Кембридж тәсілін мектеп өміріне енгізу


Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге және педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейтуге айрықша маңыз берілгені ұстаздар қауымын ерекше қуантты. Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында бірінші санатты мұғалімдер ІІ (орта) деңгей курсында оқып, біліктілігімізді арттырдық.

«Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен мұғалімнен, құрдастарынан және оқулықтан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді». (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 10-бет)

Міне осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаны оқу барысында 7 модульді оқып үйрендім.

Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль аясында тәжірибеме енгізген өзгерістер барысына қысқаша тоқталайын.

Өз тәжірибеме енгізген жаңа тәсілдің бірі – тренинг. Тренинг – оқушы назарын сабаққа аударуда, қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастық қалыптастыруда маңызды тәсіл. Сабақ бастамас бұрын тренинг өткізу оқушыларға жағымды, оң әсер етті.

Достық, серіктестік ахуал қалыптастыру мақсатында «Nobody knows» /«Ешкім білмейді»/, тренинг-ойынын жүргіздім. Сыныптастарын басқа қырынан танып білген балалар, бір-бірі туралы өте аз білетіндіктеріне таң қалды, бұл ойын оларды жақындастыра түсті.

Топқа бөлу әдісін мен бұрын да сабақтарымда қолданатынмын, бірақ мұндай сабақтар топтар арасындағы сайыс түрінде ғана өтетін.

Курстан кейінгі 6-сыныптағы алғашқы сабақтардың бірінде оқушыларды топқа пазл әдісімен бөлдім. Оқушылар топ ережесін өздері жазып, қорғады, әр топ ойларын ортаға салды. Содан кейін ортақ ережені шығарып алдық. Топтық ереже шығару барысында оқушылардың бірі ережені мақалдармен жазайық, деген ұсыныс айтып, өзі «One for all and all for one» (Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген мақал айтты. Ұсынысты басқа оқушылар қолдап, топтық ереже мақалдар түрінде жазылды.

Алғашқыда топтық жұмысқа оқушылардың барлығы бірдей кірісіп кеткен жоқ. Білімі орта деңгейдегі оқушылардың пікірлерін алғашқыда сыныптастары тыңдамады, сыныпта артық шу, күлкі болды. Сабақ барысындағы мұндай келеңсіздіктерді «Алмас, сен ереженің қай тармағын бұзып тұрсың?» - деп топтық ереже арқылы реттеп отырдым. Біртіндеп оқушылар топтық жұмысқа үйрене бастады.

Топтық жұмыс әр адамның ойы құнды және бағалы екенін түсінуге, өз ойыңды еркін айтуға мүмкіндік беретін тәсіл болғандықтан да, мен назарды топтық жұмысқа және диалогтік оқытуға аудардым. Ондағы мақсатым оқушылардың тіл байлықтарын арттыру, халықаралық тілге деген қызығушылығын нығайту, диалог арқылы сыни тұрғысынан ойлауға үйрету.

Ал топтық жұмыс пен диалогтік әдістің менің сабақтарымда тигізер пайдасы мол деп ойлаймын.

Диалог арқылы білім беру мен білім алу оқушылардың бірлескен сұхбатын жақсартып, нәтижесінде олардың өз ойларын білдіру мен идеяларын дәлелдеуіне және басқаларда түрлі идеялар болатындығын түсінуіне көмектеседі.

Топтық тапсырманы орындау барысында сабаққа ынтасы жоқ «үндемейтін» оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы байқалды. «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін» Барнс (1971) айтқан.

Курста оқу барысында диалогтік әңгімені топта жүргізу оқушының ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуда тиімді екенін түсіндім. Жұпта, топта жұмыс істеу барысында оқушылар бір-бірімен көбірек сөйлеседі, ашылады, өздерін еркін сезінеді.

«Who is taller?» атты сабақта тақырыпты бекіту үшін екі топқа постер жасауға тапсырма бердім. Бірінші топ ауылдың, екінші топ қаланың суретін салып, қала мен ауылды салыстырып сөйлемдер құрастырды. Тапсырманы қорғау кезінде «А» деңгейіндегі Е. өз деңгейінде жауап бере алды, ал «С» деңгейіндегі Р.-ның түсінбей отырғанын байқап, сол топта отырған «А» деңгейдегі Е.-мен жұптаса отырып жұмыс жүргізуін өтіндім. Нәтижесінде бірнеше сөйлемді құрастырып айтып шықты. Топта бірлесе жұмыс істеу арқылы Р.топқа өз үлесін қосты. Осы сабақта Е.-нің өз тобының мүшелері арасында қызметтерді реттеп, білімі төмен сыныптастарына қолдау көрсетіп отырғанын, яғни көшбасшылық қызмет атқарғанын байқадым.

Тақырыпты түсінудің жоғарыдағы әдісі әдеттегі тапсырмадан өзгеше еді. Балалар өздерінің салған суреттері арқылы ойларын қысылмай айта алды. Сын есімнің шырайларын еркін түсінуге мүмкіндік алды.


«What is the best thing?» тақырыбындағы сабақта оқушылардың тіл байлықтарын дамыту мақсатында бір топқа шағын дүкеннің, екінші топқа супермаркеттің суретін салуға тапсырма бердім. Одан кейін олар өздерінің салған суреттері бойынша білетін мәліметтерін сын есімдерді қолданып жаза білді. Мұндай шығармашылық жұмыс оқушыларға қатты ұнады. Бұл тапсырмада бүкіл сынып қамтылды. «А» деңгейіндегі Е.топпен салған суретін көрсетіп: «Supermarket is big, new and modern» деп жазды. Ал «В» деңгейіндегі А. «С» деңгейіндегі Р.-ның салған суретін көрсетіп: «Store is small, old and friendly» деп жазды. Мұндай шығармашылық жұмыс сыныптағы оқушыларға түгел ұнады. Тапсырманы жарыса отырып орындау оқушыларды әрі ынталандырды, әрі ойлау қабілеттерін дамытты.

«Дьюидің айтуынша, егер біз идеяны оқушыларға кірпіш ұстағандай дайын күйінде бермесек, олар өз идеяларын ұсына бастайды»

Кембридж бағдарламасынан оқушыларға әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алатынын ұқтым.

Әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды қолдану оқушылардың білімді түсінуіне және кеңейтуіне, сыни ойлау дағдыларын жетілдіруіне ықпал ететініне көзім жетті. Оқушылардың арасында серіктестік қарым-қатынас орнады. Сұраққа жауап дұрыс болмаған жағдайда, басқа оқушылардың жауап беруіне мүмкіндік бердім немесе жетелеуші сұрақтар қойдым. «Special people» тақырыбындағы сабақты ауа рай, жыл мезгілі туралы сұрақтар қоюдан бастадым:

  • What’s the weather like today?

  • Is it better or (worse) than yesterday?

  • Which is the best (worst) season? Why?

  • Which is the shortest month of the year? Why?

  • Which season has got (less) rain?

  • Do you think he/she is right? Why?

Оқушылардың берген дұрыс жауаптарын мақұлдадым, белсенділігі мен ұмтылысын мадақтадым және балаларды табысқа жетеледім.

Топтық жұмыста оқушылар бір-біріне көмектесіп, өзара пікір алмасуды үйренді. «Үндемейтін» оқушылар топта жұмыс істей жүріп, ашыла түсті. Оқушылар шығармашылық жұмысқа да бейімделе бастады. Сабақтардың бірінде оқушымның «тағы да осындай тапсырма орындаймыз ба?» деп қызығушылық танытқаны мен үшін қуанышты жай. Оқушыларды жалықтырмас үшін оларды жеңілден қиын тапсырмаларға қарай жетелеп отырдым.

Курсқа дейін мен жетелеуші сұрақтарды аз қоятынмын және оқушыларға жауап іздеуде ойлануға мүмкіндік бермейтінмін. Қазір өзімнің педагогикалық іс-әрекетімді қайта қарап, жұмысыма деген көзқарасымды өзгерттім.

Кембридж бағдарламасы жаңа тәсілдерді ұсынып отырғандықтан, оқушыларды диалогтік оқытуға тарту үшін мен сұрақты өзімнен гөрі оқушылардың көбірек қоюына ықпал еттім. Менің оқушыларыма жұмыстың интерактивті түрі олар үшін жаңа болғандықтан қатты ұнады.

Сабақ соңындағы кері байланыстың өзін де диалогқа жатқызуға болады. Оқушылардың сабақтан алған білімдері мен сабаққа қатысты ойларын сұрау арқылы да біз диалог құрамыз.

Оқушылар тапсырманы топтық жұмыста орындағандары оларға ұнаған, ұнамағанын және нәтижесі сәтті, сәтсіз болғанын смайликтер арқылы көрсетті.


168


Сабағымның сәтті шыққанын және оқушылардың көңіл – күйінің жақсы болғанын олардың таңдаған смайликтерінен түсіндім.





Басқа жолы оқушылар қағаздан ұшақ жасап, бір қанатына аты-жөндерін, екінші қанатына тақырыпты қалай игергенін және сабақтан алған әсерлерін смайликпен бейнеледі. Содан кейін бәрі бірге ұшақтарын әуеге ұшырды. Оқушылардың ұшақ қанаттарына түсірген бейнелеріне қарап отырып: «оқушыларға сабақ ұнады, көңіл-күйлері сабақ барысында жақсы болды». –деп ойладым. 192



Сабақ ортасында интерактивті тақтаны пайдаланып өткізілген сергіту сәттері де оқушыларға қызықты болды. Сабақтардың бірінде «қаңқалар биі» оқушыларға жақсы ұнағанын, олардың жүздерінен және қаңқаларға қосылып ән айта билегендерінен байқадым. Оқушылар ризашылықтарын шапалақпен білдірді. 064


Бағалау оқыту барысында оқушылардың ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оларға қолдау көрсету үшін қажет. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады» деп нұсқаулықта көрсетілген. (110-бет) Бағалаудың екі аспектісімен де: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативті бағалау) курста таныстым.

Қазіргі кезде көбінесе оқушылардың өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардудамын. Оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білімінің деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды, әділ бағалауды үйреніп, дағдыланады. Алғашқыда қиындықтар болды, балалар өздерін жоғары бағалап, бір-бірін көтермелеп баға қойды. Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсінуі үшін өздерін-өздері бағалай алуы және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларына үйренулері керек.


Бағалау Реформасы Тобының (2002а) берген анықтамасынан оқыту үшін бағалаудың білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үдерісі екенін білдім. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 112-бет)

Оқудан алған теориялық білімімді практика жүзінде тәжірибемде іске асырып, көп нәрсеге қол жеткіздім. «Describing places» тақырыбындағы сабағымда оқушылар өздерін Пазл әдісімен бағалау барысында білімдерінің қай деңгейде екеніне көз жеткізді. Оқыту мен оқу үдерісі кезінде оқушылар өзін-өзі, бір-бірін бағалауға үйренді.


Әр түрлі деңгейдегі үш оқушының өзін-өзі бағалауы:


006 007 008

«А» деңгейіндегі Е. «В» деңгейіндегі А. «С» деңгейіндегі Р.


Бағалаудың бұл әдісі оқушының сабақтағы белсенділігін арттыруға көмектесті. Осы бағалау барысында «В» деңгейіндегі А. суретті тезірек құрастыруға асығып, шыдамсыздық танытқанын оның асығыс берген жауаптарынан байқадым, дегенмен ол ойын жинақы айта алды.

«What is the best thing?» тақырыбындағы сабақты оқушылардың білімін шығармашылық деңгейге жетелеумен ерекшеленетін Блум таксономиясын пайдаланып өткіздім. Сабақ барысында оқушы білу мен түсінуден жоғарылады. Себебі оқушылар өз ойын жеткізу кезінде тек теорияға ғана сүйенбей, сыни ойлау қабілеттері бар екенін көрсетті.


Бұл сабақта әр оқушы оң жағындағы сыныптасын бағалау парағындағы Блум таксономиясының критерийлері бойынша: 18-21 ұпай жинаса «5», 15-17 ұпай «4», 10-14 ұпай жинаса «3» бірін-бірі бағалады.


004 005 003

«А» деңгейіндегі Е. «В» деңгейіндегі А. «С» деңгейіндегі Р.


Нәтижесінде оқушылар өзін-өзі және бір-бірін бағалау барысында бағалаудың маңыздылығын түсініп, критерийлерді пайдаланып бағалауға үйренді, жауапкершілікті сезінді. Өз білімін жетілдіру қажеттілігін түсініп, білімдерін басқалармен салыстыруды үйренді.

Тізбектелген сабақтар топтамасы өткеннен кейін оқушылардан ой пікірлерін жазуды сұрадым. Оқушыларыма оқу стратегияларының ұнағанын, сабақтың олар үшін қызық бола бастағанын және олардың өз ойларын ашық айтуға дайын екенін білдім.


«А» деңгейдегі Е.-нің ойы: «Маған Назгүл Базарханқызының сабақ өту әдісі ұнады. Әсіресе топқа бөлып өткені өте қызықты екен. Ойымен бөлісіп түсінбегеніңді бір–біріңнен сұрап, пікір алысу өте қызықты. Екінші топтан озып шығамыз деген алға қарай ұмтылыс пайда болады. Алдағы уақытта осындай сабақтар өтсек, жақсы болар еді».

«В» деңгейіндегі А-тың ойы: «Маған бұл сабақ өте қатты ұнады. Кеше сыныптың ішіне кірген кезде сыныптың іші әдеттегідей емес, басқаша болып көрінді. 13 оқушы 2 топқа бөлініп, оқушылардың барлығы бір-бірімен бірігіп, ақылдасып, тапсырманы бірге орындаған өте ұнады. Сабақта отырғанда өзімді жақсы сезіндім. Осындай сабақ жиі болып тұрса деймін».


«С» деңгейдегі Р.-ның ойы: «Алдағы уақытта сабақтың бәрі осылай өткенін қалаймын. Сабақ қызық өтті. Мен уақыттың қалай өткенін білмей қалдым. Сабақ кезінде тапсымаларды түсінуім тез болды».


Оқушылардың толғанысты пікірлері мені қуантты. Сабақ барысында сыртқа шығып келуге жиі сұранатын «С» деңгейіндегі оқушының «...мен сабақта уақыттың қалай өткенін білмей қалдым...» деген сөздері оқушымның бойындағы өзгерістің дәлелі деп ойлаймын.

Кембридж бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету. Соның нәтижесінде сындарлы оқытуда еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, әр қайсы сабақты өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушыны қалыптастыру.

Жалпы 3 айдың ішінде барлық оқушыларымның бойынан аз да болса өзгерістер пайда болғанын байқадым. Олардың пәнді үйренуге деген ынтасы артты, өздері қабылдаған ережеге бағына отырып, өз ойларын сөзбен, суретпен еркін әрі көркем жеткізе білуге талпынды, алған білімдерін түйіндей алуға және сыни ойлауға үйренуде.

Дәстүрлі сабақтарда оқушылар тапсырмаларды жеке орындаса, жаңа тәсілде олар тапсырманы топтаса орындады. Жеке жұмыста кездесетін қиындықтар топпен бірлескен жұмыстарда жеңіл шешілді.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолданып сабақ беруде оқушыларымда ғана емес, менде де өзгеріс пайда болғанын сездім:

  • Сабақ жоспарын жасауға бұрынғыдан көп уақыт бөлдім;

  • Тақырыпты терең талдауға қол жеткіздім;

  • Тапсыманы оқушыларға бермес бұрын оның Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модуліндегі зерттеушілік әңгімені дамыту мүмкіндігін тексеріп алдым;

  • Оқушыларға топпен жұмыс жасауға мүмкіндік жасадым;

  • Оқушылардың өз беттерімен үйренулеріне көмектесу үшін ғаламтордан қосымша материалдар іздедім;

  • Оқушының ойын еркін айтуына мүмкіндік беріп, шыдамдылық таныттым;

  • Ашық сұрақтарды барынша жиі қолдандым;

  • Бақылау барысында оқушыларды тани білдім;

  • Оқушылардың жауап беруіне жеткілікті түрде бостандық бердім.


Мектептегі тәжірибе кезінде жоспарланған өзгерістерді енгізу барысында кездескен қиындықтар:

  • жеті модульді кіріктіру барысында;

  • қалыптасқан оқу жүйесі;

  • уақыттың жетіспеушілігі;

  • оқушылар шапшаңдығының төмендігі;

  • топқа бөлу кезеңінде;

  • оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алмауы;

  • оқушылар тарапынан сұрақтың болмауы.

Шығу жолы:

  • Диалогте жауапты бірнеше нұсқалармен беруге болатын ашық әрі шығармашыл сұрақтарды көп қолдандым;

  • Топ ережесіне сай жұмыс істеу, таймкипр жұмысын реттеу;

  • сабақ барысында жеті модульге сүйеніп, түрлі тапсырмаларды орындата отырып қиындықтан шыққандай болдым;

Нәтижесінде:

  • оқушылар сын есімнің шырайларын жасалу жолдарын, оларды бір-бірінен ажырата білуді үйренді; бұрыс сын есімдерді білді;

  • критерийлерді пайдаланып бағалауға үйренді;

  • топтық жұмыста әр адамның ойы құнды және бағалы екенін түсінді, өз ойларын еркін айтуға үйренді;

  • берілген тапсырма бойынша ақпарат жинау үшін басқалармен араласты (мұғалімдер, ата-ана, сыныптастары),

  • оқушылар қажетті материалдарды саралап оқи білді, сол алған ақпаратқа сүйене отырып , өзінің бұрыннан білетін білімін нақты деректермен дәлелдей білді;

  • басқа сыныптастарына өздері жинаған ақпаратты таныстыра отырып, естігенін, көргенін, білгендеріне бірігіп талдау жасады, сыни ойлауға үйренді.

Болашақта АКТ мүмкіндіктерін көбірек пайдалануды ойладым, оқушыларды топқа бөлудің тәсілдерін және рефлексияны түрлендіру жолдарын қарастырамын.



«Үшінші деңгей бағдарламасы құзырлы мұғалімдердің қасиеттерін, икемдіктері мен жұмыс тәртібін дамытуға бағытталған болса, Екінші деңгей бағдарламасы осы мазмұнмен қоса, басқа мұғалімдердің дамуына қолдау көрсету үшін қажетті тәлімгерлік және коучинг дағдыларын дамытуды мақсат етеді». (Бағдарлама, 6-бет)

Курстан кейін осы мақсатпен өзімнің, яғни Жаңажол ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде коучингтер өткіздім.

«Коучинг» сөзі - тәлім ету, жаттықтыру, дайындау» мағынаны білдіреді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 85 - бет).

Коучинг - қызметтегі немесе басшылықтағы адамдардың өз ұстанымының күшті және әлсіз тұстарын түсінуге мүмкіндік беретін үдеріс, қатысушыға өз ұстанымының жақсы және жағымсыз жақтарын түсінуге мүмкіндік береді.

Мектептегі коучинг – коучер мен қатысушы арасындағы ынтымақтастықты, оқушының білім алу дағдыларын дамытуды қолдайтын және оның мүмкіндіктеріне негізделу арқылы оқушыны оқыту процесін жеделдететін сабақ деп түсінемін.

Мектепте коучинг сабақтарын жүргізу сыныпты белсенді сыныпқа айналдыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Коучинг арқылы мұғалімдерді жаңашылдыққа үйретуге, оқушыларда өздігінен білім алу қабілетін арттыруға және білімге қол жеткізу үшін қажетті дағдыларды меңгеруіне көмектесуге болады.

Топтарда бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасау және жұмыс жүргізу әдістемесін игеру мақсатымен өткізген бірінші коучинг туралы айтып өтейін.

Мұғалімдердің психологиялық ахуалын реттеу үшін коучингті сергіту сәтін орындаудан бастадым. Әріптестерімді жұппен тұрғызып, бір-бірімен сәлемдестірдім. Бас бармақпен басбармақ, кішкене бөбекпен кішкене бөбек, қолмен қол, бетпен бет, иықпен иық, тіземен тізе, өкшемен өкше т.с.с.

Бұл жаттығуды мұғалімдер көңілді, әзілмен, жылы қабылдады. Осы сәттен бастап коучинг өте қызықты өтті деп ойлаймын.

Топ мүшелерінің жауапкершілігін сезінуі, тиісті жұмыс атмосферасын құру және өзара сыйластық пен сенімге кіру мақсатымен конфеттер тарату арқылы бөлінген «Бірлік» және «Үш қоңыр» топтары ережені қабылдап алды. Осы тұста «Бірлік» тобының ережені үш қолдың жұмылып тұрған суретін салып бейнелегені бәрімізге ұнады.

Тақырыпты ашу мақсатымен «Ақылды құмырсқалар» бейнеролигін көрсеттім, мұғалімдер таныстырылым әзірлеп, мазмұнын талқылады.

Бұл тапсырмада «Үш қоңыр» тобы ойларын ребус түрінде екінші топқа жасырып ерекшеленді. Описание: C:\Users\12\Desktop\ПРАКТИКА\9.11. 2012 1-коучинг\ФОТО\DSC00190.JPG








Сабақта топтардағы бірлескен жұмыстың қажеттігін түсінуге қол жеткізу мақсатымен «Айт дастарханы» жаттығуын ұсындым.

Әріптестеріме курстың алғашқы кезеңінде тобымыздың тренерімізбен бірге Англияға «барып» Наурыз көжемізді таныстырып қайтқанымыз туралы айттым. Енді ағылшындардың айт мейрамы қарсаңында елімізге келе жатқанын, сондықтан ұлттық мейрамымыз туралы таныстырылым жасауымыз керектігін айттым. Мұғалімдер айтқа «дайындалып» жатқанда қонақтардың тікұшақпен келе жатқанын айтып, «из окна вертолета» бейнеролигін пайдаландым.


Топтар 10 минутта өз дастарханын «жайып», айт туралы ақпаратты басқа топпен бөлісу үшін кері байланыс жасады.Описание: C:\Users\12\Desktop\ПРАКТИКА\9.11. 2012 1-коучинг\ФОТО\DSC00210.JPG

Екі топтың да айтқа жайған дастарханы тамаша болды. Менің жоспарыма сәйкес топтар таныстырылым жасағаннан кейін, әріптестерімнің бірі ағылшын ролінде айт дастарханын формативті бағалауы керек болатын. Коучингімнің осы сәтінде аздаған өзгеріс болды.

Әріптестерім таныстырылмдарын рөлдік ойын түрінде көрсетіп шығармашылық танытты. Бір топ ораза айт туралы айтса, екінші топ құрбан айт туралы және салт-дәстүрлеріміз туралы айтып, таныстырылымдарын түрлендірді.

Ағылшындар рахмет айтып, ризашылықтарын музыкалық сәлем түрінде жеткізді деп, әріптестерімді ширату үшін «Қаңқалар биіне» билеттім.

Описание: C:\Users\12\Desktop\ПРАКТИКА\9.11. 2012 1-коучинг\ФОТО\DSC00271.JPGОписание: C:\Users\12\Desktop\ПРАКТИКА\9.11. 2012 1-коучинг\ФОТО\DSC00264.JPG







Коучингтің келесі кезеңінде мұғалімдер ынтымақтастықпен және өзара іс-әрекеттегі жұмыс әдістемесін игеру мақсатымен төмендегі сұрақтарға жауап берді:

  1. Топтық жұмыс жасау үшін не қажет?

  2. Топта қалай жұмыс жасау керек?

  3. Айтқа «дайындалғанда» кім қандай роль атқарды?

Екі топ та ой пікірлерін айтып, бірігіп қорытындылады.


Келесі сәтте бағалау әдістемесін түсіндіру мақсатымен коучингке қатысушыларға ұғынықты тілде шағын лекция өткіздім. Лекциядан кейін әр топ өзінің постеріне (айт дастарханына) баға (екі топ та өздеріне «5» қойды) берді. Одан кейін әріптестеріме бағалау критерийлерін жазуға тапсырма бердім. Мақсатым: оқудың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін өзара байланысты бақылау-бағалау әректі түсінігіне қол жеткізу. Тапсырманы орындау барысында әріптестерім тарапынан бірнеше сұрақтар болды:

  • Сабақ барысында бағалау критерийлерін әр тапсырмаға жазамыз ба, әлде барлық тапсырмаға бірдей ма?

  • ОүБ біздің сабағымыз үшін қаншалықты пайдалы? т.с.с.

Мұғалімдердің сұрақтарына курста алған білімім бойынша дұрыс жауап бере алдым деп ойлаймын.


Коучинг сабағының ұйымдастырылуы мен кемшіліктері және артықшылықтарын көру, нәтижелерін бағалау үшін рефлексия жасадым. Әр топ рефлексивті кестені смайликтармен толтырды. Топ мүшелерінің пікірлері даусыз, сұрақсыз тыңдалды.

Описание: C:\Users\12\Desktop\ПРАКТИКА\9.11. 2012 1-коучинг\ФОТО\DSC00329.JPGКоучингті бағалауОписание: C:\Users\12\Desktop\ПРАКТИКА\9.11. 2012 1-коучинг\ФОТО\DSC00330.JPG




Кері байланыстан «Бірлік» тобындағы әріптестеріме критериалды бағалау туралы әлі де жеткілікті деңгейде жеткізе алмағанымды түсіндім.


Коучинг сабақтарының нәтижесінде мұғалімдер:

  • 7 модуль бойынша білім алды;

  • Ынтымақтастық оқу тәсілінің тиімді жақтарымен танысты;

  • Топтық жұмыс оқушылардың ойын еркін айтуына мүмкіндік жасайтынын білді;

  • Сыныпта психологиялық ахуалды реттеудің тиімділігін түсінді;

  • Кері байланыстың тиімділігі туралы білді;

  • Сабақты ойлаудың алты сатысына сәйкес тапсырмаларды орындаудың жолдарын үйренді;

  • Қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға бағыт алды;

  • Әр мұғалімнің оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын түсінуге көмектестім деп ойлаймын.


Оған дәлелдеме ретінде коучингке қатысқан мұғалімдердің коучингте үйренген әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сабақтарын айта аламын. Мұғалімдер бұл сабақтарында топтық жұмысты, оқушылардың бірі-бірі бағалауын, өзін-өзі бағалауды және кері байланысты т.б.пайдаланды.

Коучингке қатысқан алты мұғалімнің 83%-ы оқушылар білім алуға қызығушылық білдіріп, өз беттерімен білім алуға талпынды, олар сабақта неғұрлым белсенді болды деді. Ал 67%-ы оқушылардың арасында серіктестік қатынастың орнап, олардың бір-біріне шыдамды бола түскендерін және басқалардың пікіріне құрметпен қарауды үйрене бастағанын айтты.

Әріптестерімнің коучингке дейінгі және коучингтен кейінгі сабақтарының бейнежазбаларын қайта қарау барысында, оларға осы қысқа мерзімде аз болса да әсер еткенімді байқадым.

Болашақта мен коучингті жақсарту мақсатында сындарлы оқытудағы идеяларды әріптестерімнің тәжірибесіне енгізуге көмектесу мақсатында олармен жұмыс істеуді жалғастырамын және әріптестерімнің жүзеге асыратын өзгерістерді ойластырып, зерттеймін деп ойлаймын.


Әріптестеріме коуч ретінде үнемі қолдау көрсетіп, олардың кәсіби дамуына ықпал жасаймын. Оқу үдерісіндегі әдіс-тәсілдерді жетілдіру жолында оларға көшбасшы боламын.



Бейсбаева Н.Б.

Краткое описание документа:

Мақала  "Білім  беру  қызметкерлерінің   кәсіби  өсуі - білім   берудің жаңа   сапасын   қамтамасыз   етудің   шарты"  аймақтық педагогикалық   оқуларының   материалдары   жинағына   еніп, аудандық   кезеңде   "Алғыс  хатқа"   және   облыстық   кезеңде Сертификатқа   ие  болды. (2014 жыл, Тараз қаласы)                                             

Автор
Дата добавления 02.12.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2015
Номер материала 169025
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх