Инфоурок Другое Конспекты"Кеңпейілділік пен жомарттық" өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

"Кеңпейілділік пен жомарттық" өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Скачать материал

№1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ

 

«Өзін – өзі тану» пәні

 

5 «А» сыныбы

 

 

«Кеңпейілділік пен жомарттық»

 

 

 

Досқалиева Зейнеп Раушанқызы

 

 

 

shkkola

 

 

 

 

 

2017 жыл

 

Бекітемін________

Өзiн – өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп:  №1 В.И.Ленин орта мектеп  Мерзiм:  9.03.201726 сабақ                                                                                 Тақырып: Кеңпейілділік пен жомарттық

Құндылық:   Сүйіспеншілік       Қасиеттер: ізгілік, мейірімділік, жақсылық

Мұғалiм: Досқалиева З.Р.   Сынып: 5 «А»     Оқушылар саны: 18

 

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға кеңпейілділік пен жомарттық туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының  мәнін ашу

Міндеттері:

- Оқушыларға  ізгілік ұғымы туралы түсінік  беру

- Оқушылардың бір – біріне мейірімділік көрсету арқылы, өзара жағымды  қарым-қатынас  жасау  іскерліктерін дамыту;

- Оқушылардың адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып жақсылық жасауға  тәрбиелеу.

Ресурстар: Үнтаспа, 5 сынып оқулығы, дәптер, карточкалар, күннің суреті

Сабақ барысы:

·        Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Тыныштық сәті    Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ – қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып,  көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады  және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр  шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып    жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,  достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен  өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “ Мен Нұрмын... Нұр менің ішімде... ”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет.

Сұрақтар:

1 Қандай сезімде болдыңыздар?

2 Өз нұрыңызды кімге бағыттадыңыз?

·        Үй тапсырмасын тексеру.

88 – 90 беттегі «Жомарттық» ертегісін оқып келу. Сыныптағы 1 оқушы мәтінді мазмұндайды.

Сұрақтар:

1. Кеңпейілділік, жомарттық дегенді қалай түсінесіңдер?              2. Патша уәзірлерін қалай сынады?                                                 3. Жомарттық жасаған баланы қалай сипаттар едіңдер?

4. Жомарттық малмен бола ма, жоқ пейілмен бола ма –деген сұрақты қалай түсіндіңдер?

5. Жомарт жасау үшін  адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

6. Өздерің жомарттық, кеңпейілділік танытқан кездерің болды ма?

 

Пейілі кең адам – қолында барын аямай, кем – кетікке барын бөліп беретін адам – жомарт адам  және «жомарттық пейілмен болады» 

Сабақ барысын талқылау:

·        Дәйек сөз.

Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес

                                                                     Халық мақалы
Дәйексөзді хормен оқыту, дәптерге жазып алу

Сұрақтар:

- Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

- Қандай адамды жомарт, кеңпейіл деп айтамыз? Неліктен?

- Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?

 

- Иә, балалар жақсылық жасағанда, кем кетіктерге көмектесер болсаңдар, оны жария етпей құпия сақтаған дұрыс, және мен жомарттық жасадым, мен жақсылық істедім деп барлық жүрген жерінде айтып жүрудің қажеті жоқ. Естеріңде болсын: жаны жомарт, қолы ашық, кеңпейілді адам өз ортасында сыйласымды, жарасымда өмір сүреді. Жомарт болу үшін дүние – дәулеттің болуы шарт емес

 

·        Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы).

Видео Алдар көсе  «Жомарттық»

Сұрақтар:

- Неліктен хан уәзірлерін сынады?

- Хан қандай шешімге келді?

- Кейіпкелердің қайсысы жомарттық танытты?

- Ханның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

- Ертегіден қандай құндылықты байқауға болады?

 

·        Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сыныпты 3-топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру.

І топ. Жағдаятты шешу. (Тақтада ілінген күн көзінің шуағындағы жазылып тұрған жағдаяттарға жауап беру).

1 – сұрақ
Егер ойламаған жерден сен лоторея ұтысынан миллион теңге ұтып алдың, оны қалай жұмсар едің?
2 – сұрақ
Сенің үйіңе ымыртта бір танымайтын кісі келіп, қонатын жері жоқ екенін, таңертеңге дейін үйге қондыруын сұрады. Ал сенің үйіңде онсыз да қаладан келген туыстарың бар еді. Анаң үйде қонақ көп екенін айтып, ол кісіні қондырғысы келмегенін айтты. Сен не істейсің?
3 – сұрақ

Кешқұрым сен сабақтан келе жатып автобуста бір өзің қатарлы қыздың билет тексерушіге ақшасының таусылып қалғанын айтып, баратын жеріне дейін ала кетіңізші деп жалынып - жалбарынып тұрғанын көрдің. Ал билет тексеруші ол қызды алып кеткісі келмегенін байқадың. Сен бұл кезде не істер едің?
4 – сұрақ
Қалада апаңның үйіне бардың. Сені дүкеннен нан әкелуге жұмсады. Сен дү - кеннен нан алып келе жатқанда бір 5 - 6 жасар жылап тұрған қызды кездестір - дің. Ол адасып кеткен сияқты. Сен оған көңіл бөлер ме едің?
5 – сұрақ
Жанна өте ақкөңіл болатын. Өзі жақсы оқитын. Ол барлық балаға білгенін айтып, көмек беруден жалықпайтын. Ол бірде сырқаттанып, сабаққа келмей қалды. Өзі сабақтардан өткен тақырыптарды меңгермей қалды. Ал досы Нұр - гүл болса, оған көмек беруді ойламады да. Сен не істер едің?

ІІ топ.

Жомарттық, кеңпейілдік сөздерін қатыстырып, өлең құрастыру.

1)...........................болмасын,

............................ қолдасын.

.............................қарасақ,

.............................болашақ

 2)...........................қиянат,

...............................ұялат.

................................жүрейік,

...............................білейік.

 

ІІІ топ.

Жомарттық пен кеңпейілдік туралы сахналау

 

Қорытынды: «Ақкөңілділік,  жайсаң   мінезділік,  дарқандық,  мырзалық  жомарттықты  білдіреді. Адамның   кеңпейілділігі  риясыз  жақсылықтар  мен  игі  істерден  көрінеді. Мырзалық, қолы  ашықтық, дарқандық, кеңдік, молқолдылық  жомарттықты   білдіреді.  Адамның   жомарттығы бір  адамның  екінші  адамға  қайтарымсыз, міндет  етпестен  қызмет  қылып, жақсылық   жасауға  кеңпейілділігінен,  нақты ісінен  көрінеді. Жомарт   болу   үшін  дүние дәулеттің  мол   болуы  шарт  емес. Оны өздерің ертегіден көрдіңіздер.

 

·        Топпен ән айту.

Мен әдепті баламын

Сөзін жазған У.Бекетов

Әнін жазған И.Нүсіпбаев

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

 

Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жере барамын,

Мен әдепті, мен әдепті баламын!

 

Тілін алып кішінің де кәрінің,

Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің.

Ата – ананың айтқанынан шығуды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.

 

Қайырмасы: 

 

·        Үй тапсырмасы.

94 беттегі Ш.Құдайбердиевтің «Атымтай  жомарт» әңгімесін оқып келу.   Дәптердегі  53 – 55беттегі 2, 3 тапсырманы орындау

 

·        Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Мектеп директоры:                                                                Атчибаева Ж.Е.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Кеңпейілділік пен жомарттық" өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 473 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2017 3873
    • DOCX 48 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Доскалиева Зейнеп Раушановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Доскалиева Зейнеп Раушановна
    Доскалиева Зейнеп Раушановна
    • На сайте: 5 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 62414
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 12 человек