Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / "Керей хан қазақ хандығын құрған".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

"Керей хан қазақ хандығын құрған".

библиотека
материалов

Керей хан

Керей қазақтын алғашқы ханы. Әбілқайыр тұсындағы өзбектің ұлысындағы алауыздықтан бөлініп шығып, Жетісу батысына қоныстанған ру-тайпалар 1458 жылдың көктемінде өздеріне басшы болған екі сұлтанның бірі Керейді ақ-киізге отырғызып, хан көтереді. Бұл сол кездегі саяси құрылым үшін аса маңызды шара еді. Керей хан – қазақ хандығын 1458 жылдан бастап билеген. Шыңғыс ханның ұрпағы. Түбі: - Орысхан - Тоқтақия - Болат сұлтан - Керей болып тарайды. Туған, қайтыс болған жылдары туралы нақты мәліметтер жоқ. Тарихшылар тұспауынша Керей хан қазақ хандығын 10 жылдай билеген. Халықта Керей Хан тауы етегінде жерленген деген аңыз бар. Әбілқайыр ұлысынан қашқан тайпалардың шұғыл түрде хан сайлауы, тәуелсіздікті сақтап қалудың амалы еді. Сұлтандар шығысын Моғолстан, батысын Өзбек ұлысын секілді күшті мемлекеттер алып жатқан хандықты іріктендіру саясатын қолға алады. Керей хан таққа отырысымен Моғол ханы Есен бұғамен келіссөз жүргізуді жеделдетеді. Сенімді одақтас екеніне көз жетсе ғана Есен бұғанын қату қабағы сәл жібейтінін әуел бастан аңғарады және осы мақсатта Есен бұғамен одақтасып бірнеше ұрысқа қатысады. Қалмақтармен шайқаста жаудың бетін қайтарады, бірақ негізгі мақсаты Сыр бойындағы қалаларды алып территориясын кеңейтпек еді. Өйткені Сыр бойындағы қалалардың жаңадан құрылған қазақ хандығы үшін маңызы өте зор еді. Себебі Ұлы жібек жолының бойында орналасқан қалалар экономиканың және мәдениеттің орталығы еді. Керей ханмен одақтасудың Моғолстанға тиімділігі: - Жүніс ханның Есен бұға ханның тағына таласы уақытша болса да тоқтатылады. - Моғол ханы Есен бұғаның өз елінде беделі өседі. - «Көшпелі өзбектер» елінің күйреу процессі терендей түседі. - Әбілқайыр ханға наразылардың бәрі, Қазақ хандығына қосылып, Моғолстан әулеті арта тұседі. Керей хан мен Жәнібек сұлтанның Моғол билеушісінің бұларды қалқан етпек болған пиғылын, қазақ хандығымен одақтасу, ол үшін ауадай қажеттігін жақсы түсінеді. Осыны пайдаланып, өз хандықтарының территориясын біртіндеп ұлғайта береді. Ол саяси қадамдар Есен бұға қайтыс болған 1461 жылдан кейін тіпті сенімді түрде жүзеге аса бастайды. Есен бұға (1429-1461/62 жж) Моғолстан билеушісі, Шағатай әулетінен шыққан. Керей мен Жәнібек сұлтандарға Шу бойы мен Қозыбасы өңірін береді. Оларды өзіне тосқауыл әрі одақтас етеді. Қазақ хандығының нығаюына және аумағының кенейе түсуіне өзге хандықтардан босқан халықтың келіп қосылуы ықпал етеді. Жылнамалардағы деректерге сенсек 1460 жылдардың өзінде Керей ордасына 200 000 аса адам қараған. Билеушінің әділдігі мен кеңпейілі арқасында бұл сан тез өсу үстінде болады. 60 - жылдардың ортасында қазақ хандығы тарихшылардың жазбаларына ене бастаған. Бұл шағын хандық аз уақыт ішінде геосаяси аренаға үн қоса алатын нық мемлекетке айналады деген сөз. Керей ханның тарихтағы орны 1460 жылдан кейін бұлынғырланады, ол жайлы нақты деректер жоқ. Тарихшылар Керей 10 жылдай хандық құрды деген тұспал айтады. Демек қазақтың тұнғыш ханы 1465-1466 жылдар шамасында көз жұмған. Керей ханның Бұрындық, Қожа Мұхамед, Сұлтан әлі деген үш ұлы болған. Олардың арасында тарих бетінде жақсы сақталғаны Бұрындық. Ол да қазақ хандығының әміршісі болған.



Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров216
Номер материала ДВ-198295
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх