Инфоурок Другое КонспектыКЕРІ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

КЕРІ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Скачать материал


КЕРІ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ


Есеналиева Мөлдір Касангалиевна


Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы

7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


"Адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады"

Н.В.Кузьмина


Ұстаз.Осы бір сөздің астарында мәртебе,құрмет,ізгілік ұғымдары жатқан секілді көрінеді маған.Кез-келген адам өзі қадір тұтқан тұлғаны яғни, жақсылықты бойына дарытқан жанды "Ұстазым" деп әспеттейді.Сол деңгейден көріну әрбір бала тәрбиелеп жүрген мұғалімнің арманы болса керек.Бүгінгідей жаһандану заманында өзгерістер көшіне ілесіп, заман талабына сай болу және ғаламдық өркениеттен қалып қоймайтындай шәкірт оқытып тәрбиелеу үшін мұғалімнің өзі көш алдында жүру керек.Ал ол үшін не істеу керек? Әрине, іздену керек, білімін жетілдіру керек.Осы тұста атақты педагог К.Д.Ушинский: "Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады,"- деген сөзі ойға оралады.

Іздену мен білім жетілдірудің де түрлі жолдары бар.Соның бірі-деңгейлік оқыту бағдарламасы бойынша білім жетілдіру.Осы бағдарлама бойынша білім алу мүмкіндігі маған да келді.Әрине, жаңа қоғамға жаңашыл ұстаз тәрбиелеу мақсатындағы бұл үш айлық курстан үйренгенім өте көп.

Сонымен, деңгейлі бағдарлама жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасу үшін, оқу тәжірибесін өзгерту үшін не істеу қажет, осы өзгерістерді қалай енгізу керектігі туралы негізгі идеяларды яғни, жеті модульді қамтыған сабақтар топтамасын жоспарлауды үйретті.Мен сол жеті модульдің бірнешеуін қамтыған рефлексия, оның мән-маңызы туралы ой қозғамақпын. Мен бұларды сабақтарыма қалай қолданып жүрмін және білім сапасын көтеруге ықпалы қандай деген мәселе төңірегіне тоқталмақпын.

Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.

Иә,бұл қасиет бойымызда бұрыннан да бар.Күнде кешкілік бүгінгі ісімізді, айтқан сөздерімізді ойға шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар құрып аламыз.Ұлы Абай да 15-қара сөзінде: "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмасында жұмасында бір, ең болмаса, айында бір өзіңнен өзің есеп ал!"- дейді.Демек, "рефлексия" деп ат қойып, айдар тақпағанымыз болмаса, бұл әрекет қанымызда бар.Бірақ соны қағазға түсіру немесе жүйелі күнделікті түрлендіріп осы атпен сабақта қолдану болмағаны ақиқат.Осы бағдарлама аясында дайын білімді оқып не түсіндіргеннен гөрі оқушы өзі қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс есебінде түрлі әдіспен рефлексия жасату қажеттілігі тиімді екеніне көз жеткіздім. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.

Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу.

Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды ешқашан есінен шығармайды.

Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, бұл сабағымның негізгі компонентінің бірі болып келеді.

Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін - өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Білімді саналы түрде меңгеру және белсенді болу дамыта отырып оқытудың негізгі қағидаларының бірі. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді болады.

Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында.
Қызмет нәтижесіне қарай
рефлексияның төмендегідей түрлері бар:


Кестелер

Суреттеу

Жазбаша

Ауызша







Рефлексия барысында:




hello_html_69c43abb.png

Қазіргі қоғамымызда  белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашылықта жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып,  өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс. Ал , жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні артып отыр. [1]

Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады.

Сонымен, шығармашылық рефлексия – жеке тұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы.

Жазбаша кері байланыс түрлері:

  • Эссе

  • Екі жұлдыз,бір тілек

  • Синквейн

  • Аяқталмаған сөйлемдер

Мен бүгін білдім....

Мен бүгін сезіндім..

Мен келесі сабақта білгім келеді..

Мен қиналдым......

C:\Users\nur-shapagat\Pictures\2015-03-28\Изображение0003.JPGC:\Users\Админ\Desktop\20150402_001743.jpgC:\Users\Админ\Desktop\фото\практика\IMG-20150327-WA0004.jpgC:\Users\Админ\Desktop\Новая папка (2)\IMG-20150421-WA0023.jpgC:\Users\aser\Pictures\SAM_0041.JPGC:\Users\Самал\Desktop\сонынан куйган фото\20150414_204552.jpg








Кластер,тұжырымдамалық карта

C:\Users\Мульдир\Downloads\20160208_170704.jpg


Құралдармен кері байланыс:





C:\Users\Мульдир\Desktop\МОЙ ФАЙЛ\ФОТО\фото1\практика фото\20150318_141118.jpgC:\Users\Мульдир\Desktop\МОЙ ФАЙЛ\ФОТО\фото1\практика фото\IMG_3687.JPG C:\Users\Мульдир\Desktop\МОЙ ФАЙЛ\ФОТО\фото1\практика фото\IMG_3426.JPG C:\Users\Мульдир\Desktop\МОЙ ФАЙЛ\ФОТО\фото1\практика фото\IMG_3173.JPG

Рефлексия адамның негізгі үш қасиетін өз бетімен білім алу,шешім қабылдай білу, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады, бұл XXI ғасыр талабы.

Біздің мамандығымыз жаңа ойларды, тәсілдерді үнемі қажет етіп отырады.  Сондықтан рефлексия жаңа заманға сай  талапкерді қалыптастырып,  қабілеттерін дамытатын жолдың бірі.Бала ойлауға, сөйлеуге , өзін - өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Ал енді өз басым, мұғалім ретінде, оқушыларға уақыт бере отырып, олардың ойларын, пікірлерін шыдамдылықпен тыңдауға дағдыландым. Әдебиет сабақтарында оқу материалының ауқымды болуына байланысты әңгімелесу көбіне мұғалім мен жақсы оқитын оқушы арасында жүретін.Сабақ барысында тек сыныптың көшбасшысы ретінде жақсы оқитын оқушылар ғана сөйлеп, гуманитарлық пәндерге қызығушылығы төмен оқушылар сөйлемей,ескерусіз қалатын.

Сабақ барысында оқушылар алған білімдерін өз беттерімен қорытындылап, өмірде пайдалануға бағыт алды деп ойлаймын.Ал өзім осы сабақтарды өткізу барысында іс-тәжірибем туралы, өткізген сабақтарым туралы сыни ойлай отырып, рефлексия жасауға үйрендім.

Қорыта келгенде, рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет.  Бұл әрекет психологиялық тұрғыда адамның психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, педагогикада мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне негіз болады.Рефлексия яғни кері байланыс - нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін өзімнің және оқушыларымның бүгінгі күндегі жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламын.

Соңғы 3 жылдағы білім сапасының мониторингі



Оқушылар жетістіктері:

  • Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде Жүсіпова Гүлбибі - ІІІ орын 2012ж.

  • Аудандық "Еліме арнау" байқауында "Тележурналистика" номинациясы бойынша Сайлаубайұлы Абылайбатыр "АЛҒЫС ХАТ" 2013ж.

  • Аудандық "Ақберен"байқауының "Шешендік өнер" бөлімінде Сүндетова Әсемгүл - ІІІ орын 2014ж.

  • Аудандық "Ақберен"байқауының "Ақындар мүшәйрасы" бөлімінде Алдахов Қадіржан - ІІІ орын 2014ж.

  • Аудандық "Мағжан оқулары" сайысында Амангелдиева Шұғыла

ІІІ орын 2014ж.

  • Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде Сайлаубайұлы Абылайбатыр - ІІІ орын 2014ж.

  • Аудандық эссе жазу байқауында Сүндетова Әсемгүл - ІІІ орын 2014ж.

  • Аудандық "Ел рәміздері-айбыным" шығармалар конкурсында Нұржауова Альбина І орын 2014ж.

  • "Бауыржан Момышұлының рухани-адамгершілік және әскери мұрасы"аудандық оқуларында "Батырдың биік тұлғасы"бөлімінде Арман Бейбарс ІІІ орын 2014ж.

  • Аудандық айтыс байқауында Таушан Жәнібек "АЛҒЫС ХАТ" 2015ж.

  • Аудандық "Ғылыми жоба-2015"жарысында Сүндетова Әсемгүл ІІ орын 2015ж.

  • Аудандық "Қазақ хандығының 550 жылдығына" арналған үздік спектакль қою сайысында 9-10 мектеп оқушылары БАС ЖҮЛДЕ 2015ж.

  • Облыстық "Қазақ хандығының 550 жылдығына" арналған үздік спектакль қою сайысында 9-10 мектеп оқушылары ІІ орын 2015ж.

  • "Тәуелсіздік,-деп соғады жүрегіміз" композицициялық қойылым байқауы 9-11 мектеп оқушылары БАС ЖҮЛДЕ

  • Облыстық "Мен қазақстандықпын"шығармалар байқауы Сайлаубайұлы Абылайбатыр ІІІ орын

Күнделікті сабағымда өзім де,оқушылар да рефлексия жасауды үйреніп келеміз.Осы рефлексия арқылы оқушының да қажеттілігін білемін,оларды да жинақылыққа баулимын.Оқушының да бірден-бір өзіндік пікірін білудің жолы - рефлексия. Әрине, баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді.Бастапқыда оқушылар бұл қиындық тудырғаны да жасырын емес. Ал тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы  үшін

  • Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды;

  • Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;

  • Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;

  • Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады;

  • Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады;

  • Өз – өзіне баға бере алады;

  • Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;

Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс- тәсілдерінің барысында және іс- әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез - құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін - өзі жетілдіреді. Яғни, нәтижелі оқу жақсы мінез - құлыққа тікелей байланысты.

"Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр.Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау,өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс", - дейді Елбасы Н.Назарбаев өзінің Жолдауында.

Иә, "Жай мұғалім түсіндіреді,жақсы мұғалім көрсетеді,керемет мұғалім жасатады,ұлы мұғалім шабыттандырады," - демекші,оқушыларымызды шабыттана ой толғауға,сындарлы ой ойлауға өзіміздің ізденісіміз арқылы ғана ықпал етпекпіз.





Пайдаланылған әдебиеттер:


1."Мұғaлімге aрнaлғaн нұcқaулық" Үшінші (негізгі) деңгей, үшінші баcылым 2012 жыл

2. А.А. Деркач. Акмеологические основы развития профессионализма. М., Воронеж,2004. 4.  Ұстаздық шығармашылық – Б.А.Тұрғынбаева  Алматы 2007

3. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова  Алматы 2007



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "КЕРІ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 788 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 5645
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 19 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есеналиева Молдир Касангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14251
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе