Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Кері тригонометриялық функциялар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Кері тригонометриялық функциялар

библиотека
материалов

Жалпы талаптар

Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар

Сабақ талдауға ғылыми көзқарас – психологиялық-педагогикалық ғылым мен озық педагогикалық тәжірибеге сүйенеді.

Талдаудың жан-жақтылығы мен тереңдігі – сабақ құрылымындағы кезеңдердің  байланыстылығын, дидактикалық  қабысуы мен логикалық жүйелілігін ескере отырып бағалау. Жаңа тақырыпты өткен сабақ тақырыбымен байланыстыра қарастыру.         Талдау барысында оқу материалдарының меңгерілу дәрежесін, білім сапасының тереңдетілу жағдайын, оқушылардың танымдық  дамуын анықтайтын сабақтың басты жақтарына көңіл бөлінеді.

Бағалаудың шынайылығы. Бағаның, негіздеменің, қорытындының ғылыми негізділігі, нақтылығы, дәлелділігі, шынайылығы қажет. Қатысқан оқу пәнінің ерекшелігі. Ұсыныстар.

Сабақтарға қатысу түрлері және қатысуды жоспарлау

Сабаққа қатысу және оны талдау мектепішілік бақылаудың бір әдісі.

Сабақтарға қатысу түрлері: іріктеу, тақырыптық, параллель, мақсатты, кешенді (толық оқу күні барысында 1 сыныпта сабақ берілу жағдайын) талдау.

Сабаққа қатысуды жоспарлау: алдын ала жоспарлау (1 жылға, жартыжылдыққа), ағымдағы (1 айға, 1 аптаға), күнтізбелік, графикалық.

Сабаққа қатысуға дайындық. Сабаққа қатысу мақсатын анықтау. Оқу бағдарламасымен, осы сабақтың нақты материалдарымен, сабақты өткізу әдістерімен (оқулыққа, әдістемелік құралдарға, білім беру органдарының нұсқауларына, т.б. сүйеніп) танысу. Пән бойынша дайындалған оқу-көрнекілік құралдармен танысу. Сынып журналын тексере отырып мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, оқушылардың баға жинақтауын, сол сәтке үлгерімін, өткізілген бақылау, жазба жұмыстарының санын, күнін, бағдарламаның практикалық жағының орындалуы мен үй жұмысы  деңгейін анықтау. Қорытындылар, ұсыныстар мен тапсырмаларды қарастыру (олар мұғалімге сабақтан соң беріледі). Оқушы жұмыстарымен танысу. Оқушылардың білім сапасын тексерудің жеке түрлерін анықтау, осыған қажетті материалдарды іріктеу. Мектептің басқа мұғалімдерін сабаққа шақыруды шешу. Мұндай шақырудың мақсатын белгілеу.

Сабақты бақылау және сабақ барысын жазу сызбасы. Сабақты бақылау сызбасы – тексерушінің (қатысушының) жұмысын ұтымды ұйымдастыруының алғышарты. Сызба тексерушіге сабақтың кезеңдерін нақты, жүйелі  белгілеп, жазып алып, дәл осылай жүйелі түрде талдауына мүмкіндік береді.

Тексерушінің қатысылған сабақты талдауға дайындығы. Сабағына қатысып отырған мұғалімнің бұрынғы қатысылған сабақтары туралы хаттамаларын, ескертулері мен ұсыныстарын қарап өту. Сабақ жоспары мен оны орындау бойынша мұғалімге қойылатын сұрақтарды ойластыру. Сабақты талдау түрі мен орнын (әңгіме-сұхбат, пәндік комиссия отырысында, педагогикалық кеңесте) тағайындау.

Сабақты кезеңдерге бөліп талдау, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекетіне баға беру. Оқушының білім сапасын, білімін, білігін, дағдысын тексерудің қорытындысы. Сабақтың жетістігін, жақсы жақтарын, танысып, талдап, қолданысқа енгізуге болатын мұғалімнің шығармашылық  жаңалықтарын бөліп атау. Сабақ кемшіліктері мен мұғалімге қажетті көмек көрсету жолдарын айту. Сабаққа қойылатын жалпы бағаны, қорытындыларды, ұсыныстарды түйіндеу.

 

Сабақты өзіндік талдау

 Өзін-өзі талдауға қойылатын жалпы талаптар:

  • Ø Талданып жатқан сабақтың оқытылып жатқан тақырыпта алатын орны;

  • Ø Сабақ мақсаты мен міндеттерін негіздеу, жоспарланған іс-әрекеттердің орындалу деңгейі;

  • Ø Сыныпқа мінездеме беріп, қолданылған оқу материалдарын таңдау себебін түсіндіру;

  • Ø Оқушылар орындаған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне педагогикалық, психологиялық баға беру, оқушылардың сабақтағы өзбетінше ойлау қабілетінің даму деңгейін бағалау. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерді түсіндіру, осы тәсілдердің сабақ мақсатына, құрылымына, қойылға білімділік, тәрбиелік міндеттеріне сәйкестігін дәлелдеу;

  • Ø Мұғалімнің сабаққа (оның кезеңдеріне) қанағаттануы немесе қанағаттанбауы. Аталған кемшіліктерді жою жолында іске асырылатын іс-шаралар, сабақта қол жеткізген жағымды нәтижелерге баға беру, түсіндіру.

Өзін-өзі талдау – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің бір шарты.

 Сабақты тексерушінің талдауы

Сабақ мақсаттарын талдау. Оқу материалының ерекшелігін ескере отырып, сабаққа қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дұрыс-бұрыстығына, осы сабақтың тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі орнына, сыныптың дайындығына баға беру. Сабақ идеясының қойылуы мен оқушы санасына жеткізе алуы. Сабақ мақсатына жету деңгейі.

Сабақ құрылымы мен ұйымдастыруын талдау.Сабақ құрылымының мақсатына сәйкестігі. Сабақ түрінің, құрылымының, логикалық жүйелілігінің, кезеңдерінің байланыстылығының ойластырылғандығы. Уақытты үнемдеп қолдануы. Оқыту түрлерінің тиімділігі. Сабақ жоспарының болуы және мұғалімнің оны орындауды ұйымдастыруы. Сабақта қолданылған көрнекіліктер мен құралдар. Оқушы мен мұғалім іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру

Сабақ мазмұнын талдау. Сабақ мазмұнының мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкестігі. Баяндаудың толықтылығы, нақтылығы, түсініктілігі, ғылымилығы. Сабақтың тәрбиелік бағыты, адамгершілік ықпалының деңгейі. Сабақтың (тақырыптың, курстың) негізгі идеяларының айналымға түсуі. Сабақтың политехникалық бағыттылығы, өмірмен, кәсіби тәрбиемен, еңбекпен байланысы. Танымдық қызығушылық пен өзіндік ойлауды дамыту жолындағы белсенді оқу әрекетін қалыптастыру мақсатындағы сабақтың дамыту мүмкіндіктерін іске асыру. Оқушылардың жаңа білімді қабылдамауы. Жаңа материалдың негізгі идеясын нақтылау. Жаңа түсініктер қалыптастыру. Тіректі білімдерін жаңғырту.

Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру. Бекіту жаттығуларының мінездемесі, өзбетінше жұмыс түрлері, қиындық деңгейі, көпнұсқалылығы, сынып оқушыларының дайындық деңгейін ескеру. Мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі мен көмегі. Жаңа материалды игеру деңгейі (қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі). Жаңа тақырыптың өткен тақырыптармен байланысы. Қайталау (ұйымдастырылуы, түрі, әдіс-тәсілдері, көлемі).

Сабақты өткізу әдісін талдау. Сабақ беру әдістерін, тәсілдерін, көрнекіліктері мен құралдарының дұрыс таңдалуын, негізділігін; олардың оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне сәйкестігін, сабақтың әдістемелік аппаратының әр кезеңіне сайлығын, мұғалім қолданған әдіс-тәсілдердің алуан түрлілігін  анықтау.  Жаңа материалды түсіндіру кезіндегі эмоциялылығы.  Таратпалы дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды қолданудың тиімділігі. Мұғалімдің әдістемелік жағынан қаруланғандығы мен педагогикалық техникасын бағалау.

Оқушылардың іс-әрекеті мен тәртібін талдау. Сынып жұмысына жалпы баға беру. Зейіні мен тәртібі. Пәнге деген қызығушылығы. Сыныптың белсенділігі, оқушылардың сабақтың түрлі кезеңдеріндегі белсенділігі. Оқушының өзіндік жұмысының ұйымдастырылуы, оқушылардың оқу әрекетінің тиімді әдістерінің іске асуы. Қолданылған оқу әрекеті түрлерінің тиімділігі мен орындылығы. Жалпы білімділік, арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Жалпыға ортақ талаптарды орындауы. Білім деңгейі жоғары және төмен оқушылармен жеке жұмыс. Ұжымдық және жеке жұмыстарды біріктіру. Сыныптың тәртіптілігі және тәртіпті сақтау тәсілдері. Қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің педагогикалық такт пен нормаларды ұстануы, мұғалімнің осы сыныпта  ұйымдастырған моральдік-психологиялық ахуалына баға беру. Білім, білік, дағдыларының сапасы. 1. Білімдерінің беріктілігі, тереңдігі, нақтылығы. 2. Сабақ материалынан негізгі ойды анықтай алуы, алған білімдерін түрлі жағдайларда қолдана алуы, оның негізінде өздігінен білімін тереңдете алуы. 3. Тәжірибелік дағдыларды игеру деңгейі. Мұғалімнің оқушы білімін тексеруі. Тексеру түрлері. Қойылған бағаның шынайылығы, саны, түсіндірілуі, қызықтырушылық, тәрбиелік мәні.

Оқушылардың алған үй тапсырмасын талдау. Мақсаты, көлемі. Сыныпта орындалған жұмыс пен үйге берілген тапсырма көлемдерін салыстыру. Үйге берілген тапсырма түрі (шығармашылық, бекіту, дамыту, қайталау), оның орындауға оңайлығы.  Мұғалімнің үйге берілген тапсырманы түсіндіруі.

Сабақтың санитарлық-гигиеналық  жағдайн бағалау.

Мұғалімнің тексеруші сұрақтарына жауап беру барысында өзіндік талдауына баға беру, түйіндеу.

Сабақтың оқу-тәрбие мақсаттарына жету деңгейін бағалау. Сабақтың нәтижесін жалпы бағалау: мұғалімнің білім беру әрекетінің тиімділігі; білім, білік, дағды сапасы; олардың дамуы мен тәрбиелілігіндегі өзгерістер. Сабақ жетістіктері мінездемесінің дәлелділігі.

Талданып, мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде қолдануға тұрарлық шығармашылық элементтер.

Сабақ кемшіліктері. Олардың дамуындағы өзгерістер мен себептерінің диагностикасы.

Қорытындылар мен бағалардың ғылыми негізіділігі, психология, педагогика ғылымдарының жетістіктеріне, озық педагогикалық  тәжірибеге сүйену. Қорытындылар мен ұсыныстардың нақтылығы, дәлелділігі, нанымдылығы.

Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар.

Жасалғаған қорытындылар мен берілген ұсыныстар негізінде мұғалімге өздігінен даму үшін ұсыныстар беру.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Мұғаліммен сұхбаттасу стилі. Мұғаліммен тілдесу барысында тілектестік, құрмет пен әдептілік (тактичность), жағымды жақтарына сүйену. Мұғалімнің жеке ерекшеліктерін ескеру: мінезін, қызметінің мазасыздығын, өтілін, педагогикалық іскерлік дәрежесін, жалпы ой өрісін, педагогикалық  білімдарлығын.

Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері

1 – қысқа талдау (анализ) (баға қоятын) – бұл сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын  шешетін оқу-тәрбиелік қызметіне, олардың орындалуына жалпы баға беру;

2 – құрылымдық талдау (кезеңдік) – бұл сабақтың басым құрылысын (элементін) анықтау, олардың оқушы танымдық қабілеттерін қамтамасыз ететін қажеттілігін бағалау;

3 – жүйелі талдау – бұл сабақтың дамытушылық мақсатын шешетін дидактикалық міндетін орындауына, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуіне, оқушылардың білім алу тәсілдерін игеруіне жағдай жасайтын бірыңғай жүйе ретінде қарастыру;

4 – толық талдау – бұл сабақ міндеттерінің іске асырылуын, оқушылардың білімді игеру деңгейі мен  ой еңбегінің тәсілдері сияқты оқу іс-әрекетінің түрі мен мазмұнын,  оқушылардың даму деңгейін, сабақ нәтижелілігін, дидактикалық принциптерін бағалайтын аспектілі талдау жүйесі;

5 – құрылымды-мерзімді талдау – бұл сабақтың әр кезеңінде уақытты қолдануды бағалау; 6 – құрама (комбинированный) анализ – сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты мен құрылымдық элементтерін бағалау;

7 – психологиялық талдау – сабақтың психологиялық талаптарының орындалуын талдау (оқушылардың дамытушылық үлгідегі танымдық әрекетін қамтамасыз ету);

8 – дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқушыға білім беру әдісін, тәсілін, құралын таңдау, сабақтың оқу материалын дидактикалық өңдеу, оқушылардың өздігінен жұмысына педагогикалық жетекшілік жасау, т.б.);

9 – аспектілі талдау – сабақтың бөлек бір жағын немесе мақсатын белгілі бір бұрыштан бөлшектеп, жан-жақты оқушы әрекетінің нәтижесімен байланыстыра қарастыру.   Сабақ аспектілерінің мысалдары:

  • Мұғалімнің сабақтың үш мақсатын (міндетін) іске асыруы;

  • Сабақта дамытушылық тәсілдерді қолдануы;

  • Оқушылардың танымдық әрекетін белсенділендіру әдістерін зерделеу;

  • Танымдық қызығушылықты дамыту жолдары;

  • Оқушылардың жалпы білімділік әдістері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау;

  • Сабақта проблемалық білім беруді ұйымдастыруы, т.б.

10 – комплексті талдау – сабақтың дидактикалық, психологиялық, басқа да негіздерін бірге (бір уақытта) талдау  (көбіне түгел сабақ жүйесін).

ПРОБЛЕМАЛЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ САБАҚТЫ кешенді ТАЛДАУ ҮЛГІСІ

(үлгіні өзіндік талдау үшін де қолдануғы болады)

  • Мұғалім мен оқушылардың сабаққа дайындығы (сырт қарағанда);

  • Оқушылардың сабаққа ішкі, психологиялық дайындығы;

  • Мұғалімнің ұйымдастырушылық әрекеті (қажет болған жағдайда);

  • Мұғалімнің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді жоспарлап, оқушыларға айтуы;

  • Проблемалық оқытудың қандай тәсілдері қолданылды (ізденушілік, зерттеушілік, проблемалық баяндау);

  • Оқушыларға білім беруде проблемалық әдістерді қолдану;

  • Сабақтағы оқушы мен мұғалім әрекеттерінің қатынасы (байланысы);

  • Оқушының өзіндік жұмысының көлемі мен түрлері, продуктивті (өнімді), репродуктивті (өнімсіз) өздік жұмытарының қатынасы;

  • Мұғалімнің оқушы білімінің маңызды даму деңгейі мен кезекті даму аумағын есепке алуы;

  • Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеті;

  • Мұғалімнің проблемалық жағдай туғызуы, проблемалық сұрақ қоюы, проблемалық сұрақ құруы, оларды шешу жолдарын көрсетуі;

  • Мұғалімнің проблемалық жағдай туғызу әдістерін білуі;

  • Оқу проблемасын қою ережелерін сақтауы;

  • Оқулықты қолдануы, онымен жүргізілген репродуктивті, жартылай ізденушілік жұмыстар қатынасы;

  • Таңдалып алынға көрнекі құралдардың проблемалық оқыту талаптарына сайлығы;

  • Оқушылардың арнайы, жалпы білімділік біліктіліктерін қалыптастыру;

  • Оқушыларда танымдық біліктіліктердің болуы: проблеманы қоя білу, болжамды құрып, негіздей алу, болжамды дәлелдеу(жоққа шығару) жолдарын табу, шешімнің дұрыстығын тексеру;

  • Оқушылардың логикалық әрекеттерді орындай алуы;

  • Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту  (оған дәлел);

  • Жалпы сынып оқушыларына, жеке оқушыларға кездескен қиындықтар мен олардың себебі, шешу жолдары;

  • Оқушылардың үй тапсырмасын орындауында проблемалық-дамытушылық білім беру талаптарының орындалуы: қандай тапсырмалар берілді (сыныпта басталған зерттеуді жалғастыру, жаңа ұқсас емес тапсырма орындау, негізгі білім, біліктерін жаңғырту үшін тапсырма беру, білімдері мен біліктерін жаңа жағдайда қолдану үшін, өзіндік теориялық ұғынуға берілген тапсырмалар);

  • Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін, дайындық деңгейін ескеруі, деңгейлік тапсырмаларды ұсынуы;

  • Сабақ оқушылардың еркін, ой өрісін, тілін, есте сақтау қабілетін, сезімін, танымдық қызығушылығын дамыту жолында сабақ не берді;

  • Сабақтың жалпы нәтижелілігі.

Сабақты бақылау парағы

 

Жалпы мәліметтер:

  • мектеп, сынып, сабақ өткен күн;

  • сабақ тақырыбы мен міндеттері;

Сабақ жабдықтары:

  • мұғалім сабақ берудің қандай тәсілдерін қолданды;

  • көрнекі құралдар мен техникалық жабдықтар дайындалған ба;

  • сынып тақтасы сабаққа қалай дайындалған;

Сабақ мазмұны:

  • сабақ мазмұны бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай ма;

  • оған дидактикалық өңдеу жасалған ба;

  • қандай білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған;

  • оқушылар қандай материалдармен алғаш жұмыс жүргізді, сабақта қандай білім, білік, дағдылар қалыптастырылды және бекітілді;

  • сабақ материалы оқушылардың шығармашылықтарын дамытуға қалай ықпал етті;

  • қандай жалпы білімділік және арнайы дағдылар дамытылды;

  • пәнішілік байланыстар іске асырылды ма;

  • сабақ құрылымы оқушылардың қызығушылығын арттыруға жағдай жасады ма.

Сабақ түрі мен құрылысы:

  • сабақтың қандай түрі таңдалып алынған, оның тиімділігі;

  • сабақтың тарау бойынша сабақтар жүйесіндегі орны;

  • сабақтың өткен сабақтармен байланысы қалай жүзеге асырылды;

  • сабақ кезеңдері, олардың логикалық байланысы мен жүйелілігі;

  • сабақ құрылысының берілген түрге сәйкестігі;

  • сабақтың тұтастығы мен аяқталғандығы қалай іске асырылды.

Білім беру принциптерін жүзеге асыру:

  • білім берудің міндеттерді комплексті шешуге бағытталу принципі;

  • білім берудің ғылымилығы, өмірмен, тәжірибемен байланысы қалай орындалды;

  • білім берудің түсініктілігі принципі қалай жүзеге асырылды;

  • әр көрнекілікті қолдану мақсаты;

  • білім, білік, дағдыны қалыптастырудағы жүйелілік, бірізділік қалай орындалды;

  • оқушылардың саналылығына, белсенділігіне, өз бетіншелігіне қалай қол жеткізілді, оқушылардың білім алуы қалай басқарылды;

  • оқушылардың сабақтағы дамуы қандай деңгейде  болды;

  • танымдық әрекеттік қандай түрі үстем болды (репродуктивті, ізденушілік, шығармашылық);

  • білім беруді даралау мен деңгейлеу қалай іске асырылды;

  • оқушылардың білім алуға оң көзқарастары қалай ынталандырылды.

Білім беру әдістері:

  • қолданылған әдістер сабақ міндеттеріне қандай деңгейде сай болды;

  • олар қандай дағды әрекетін қамтамасыз етті;

  • оқушылардың білім алуын қарқындандыруға қандай тәсілдер көмектесті;

  • өздік жұмыс қалай жоспарланып, өткізілді, ол оқушылардың танымдық дербестігін қамтамасыз етті ме;

  • қолданылған әдіс-тәсілдердің  тиімділігі неде

Сабақтағы оқу әрекетін ұйымдастыру:

  • сабақтың әр кезеңінде білімділік міндет қалай қойылды;

  • жұмыс түрлері: жеке, топтық, сыныптық, қалай үйлестірілді;

  • оқушылардың түрлі іс-әрекетінің кезектесіп ауысуы іске асырылды  ма;

  • оқушы әрекетін бақылау қалай ұйымдастырылды;

  • оқушылардың білімдері мен біліктері дұрыс бағаланды ма;

  • мұғалім оқушыларды қалай дамытты (логикалық ойларының дамуы, сын тұрғысынан ойлауы, салыстыру, қорытындылау қабілеттері);

  • оқушыларды ұйымдастыруда мұғалімнің қолданған әдістері;

  • сабақ пен оның кезеңдерін қалай қорытындылады

Мұғалім жұмысының жүйесі:

  • сабақты жалпы ұйымдастыр алуы: уақытты үнемді қолдануы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуінің байланыстылығы, оқушылардың білім алу әрекетін басқаруы, сыныпқа ие болуы, тәртіп сақтауы;

  • оқушыларға білім алудың тиімді жолдарын көрсету;

  • сабаққа қажетті оқу материалын таңдауы;

  • мұғалімнің сабақта өзін-өзі алып жүруі: сөйлеу мәнері, такты, эмоциялылығы, кабинеттегі орны, сырт пішіні, қарым-қатынас түрі (демократиялық, авторитарлық), баға қоюдағы әділдігі;

  • қажетті моральдік-психологиялық ахуал жасаудағы мұғалімнің рөлі.

Оқушы жұмысының жүйесі:

  • сабақтың барлық кезеңдеріндегі белсенділік пен ұйымшылдық;

  • эмоциялық жауаптардың орындылығы;

  • жұмыс әдістері мен тәсілдері, олардың қалыптасу деңгейі;

  • мұғалімге, пәнге, сабаққа, үй тапсырмасына қатынасы;

  • негізгі білім мен мілікті игеру деңгейі;

  • білім, білік, дағдыларын шығармашылықпен қолдана алу қабілеті.

Сабақтың жалпы нәтижелері:

  • сабақ жоспарының орындалуы;

  • сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерінің орындалу деңгейі;

  • оқушылардың іс-әрекетінің, білімді игеруінің деңгейі:

1-ші – қабылдау, түсіну, есте сақтау деңгейінде игеру;

2-ші – ұқсас жағдайда қолдану;

3-ші – жаңа жағдайда (шығармашылықпен) қолдану;

  • сабақ нәтижесі мен тиімділігінің жалпы бағасы;

  • сабақ сапасын жоғарылату үшін ұсыныстар беру.

Сабақты бақылау, талдау сызбасы

I

Сабақ мазмұнының негізгі бөліктері

 

 

 

Іс-әрекет әдістері

Қолданылған құралдар

мұғалімнің

оқушылардың

II

Мұғалімнің сабақ беру ерекшелігі

 

 

 

Оқушылар не үйренді

Сабақта нені жақсарту (түзету) керек

III

Бақылау түрлері

 

 

 

Не тексеріліп жатыр

Бақылау тәсілдері мен түрлері

Бақылау қорытындысы

IV

Мұғалім әрекеті

 

 

 

Мұғалім әрекеті мен ахуалының себебі

Анықталған кемшіліктер

Кемшіліктерді жою жолдары

V

Сабақ кезеңдерінің уақыты мен құрылымы

 

 

 

Іс-әрекет

Сабақ бойынша ескертулер

Мұғалімнің

Оқушының

Тексеруші ____________________________________________________

Мұғалім ___________________________________________________







Оқыту әдісін тиімді қолдану

 

Оқытудың әдістері

Метариалдың қандай мазмұнында  бұл әдісті қолданған дұрыс?

Қандай  есептерді  шешкенде бұл әдіс сәтті  қолданады?

Оқушылардың қандай ерекшеліктері кезхінде бұл әдісті қолданған дұрыс

Бұл әдісті қолдану үшін мұғалімде қандай  мүмкінділіктер болу қажет?

Сөйлеу

Егер материал теориялық ақпарат түрінде берілетін болса.

Егер оқыту міндеттерінің  басқа барлық шешімдерін және  теориялық, практикалық білімдерін қалыптастыратын болса.

Егер оқушылар  ақпаратты сөйлеу  әдіспен игеруге дайын болса.

Егер мұғалім басқа әдістерге қарағанда сөйлеу әдісін артық білетін болса.

Көрнекілік

Егер оқу метариалының мазмұны көрнекілік түрде көрсетуге болатын болса.

Оқытылатын сұрақтарға  назарын арттыру үшін және байқауды (наблюдательность)  дамыту.

Егер берілген көрнекі құралдар оқушыларға  түсінікті болса.

Егер мұғалімде бұл көрнекіліктер бар болса немесе ол  өзі  бұл  көрнекіліктерді құрастыра алса.











САБАҚТЫ ТАЛДАУ ТҮРЛЕРІ

1.Жалпы психологиялық-педагогикалық талдау

1.1.Сабақтар жүйесінде осы сабақтың орны, мақсаттың дұрыс қойылуы.

1.2.Сабақты ұйымдастыру. Сабақ типі, құрылымы, кезеңдері, оның бірізділігі, уақытты жоспарлау, сабақ мазмұны мен құрылымының сәйкестігі. Сыныптың сабаққа дайындығыбүкіл сабақ барысында оқушылардіңбелсенді жұмысыжекетоптықұжымдық жұмыстардың үйлесімділігіСабақ тығыздығы, уақытты тиімді қолдануы.

1.3.Сабақ мазмұныҒылымилығы, әр кезеңде оқушылардың іс-әрекетіне тапсырмалардың дұрыс таңдалуы, бағдарлама талаптарына сай келуі, тәрбиелік бағыты, теориялық тәжірибесімен байланысы, оқушылардың өз білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімдеу,  өткен тақырыптар мен байланысы, оқушылардің өз білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімдеу, өткенді қайталау, пән аралық байланыс. Мұғалімнің сөйлеуі, сауаттылығы, эмоционалдығы, тіл байлығы, оқушылардің білім сапасы, біліктілігі (дағды мен әдет) сөйлеуі.

1.4.Сабақты өткізу әдістемесі. Сабақтағы құрал-жабдықтар, оның кезеңдерінде көрнекі құралдар, дидактикалық материалдарды қолдану, мұғалімдердің қолданған оқыту әдістері, олардың тиімділігі, сабақ мақсаты мен мазмұнына, оқушылардің жеке ерекшеліктеріне, дайындығына сәйкестігі, тиімділігі. Оқушылар алдына сабақ мақсатын қоюы, қорытындысын шығаруы, үлгермеушілермен жұмысы, белсенді оқыту әдістерін меңгеруі, осы әдістердің бұл сабақта қолданулуының дұрыстығы, оқушылардің білімін бағалау жүйесі, оның педагогикалық құндылығы.

11.5.Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы. Сыныптағы оқушылармен және жеке оқушылармен қарым-қатынас мәнері, стилі.

1.6.Сабақтағы оқушылардің жұмысы және мінез құлқы. Сыныптың және жеке оқушылардің белсенділігі, олардың сабаққа қызығушылығы, сабаққа, мұғалімге көзқарасы, тәртіптілігі, ұйымдасуы, сөйлеуі, сұрақ қоюы.

1.7.Сабақ бойынша жалпы қорытынды.

2.Сабақты әдістемелік талдау

2.1.Сабақтың оқыту мақсатыМақсат әдістемелік нұсқаудан алынған  ба немесе мұғалім өздігінен қойған ба? Өзі қойған жағдайда оның дұрыстығы. Сабақтағы мақсаттың орындалуы.

2.2.Оқыту мақсатына серіктес-демеуші және тәрбие, дамыту мақсаттарының шешілуі, оның дұрыстығы, негізгі мақсатқа сәйкестігі, орындалуы.

2.3.Сабақтың әдістемелік логикасыСабақ құрылымы, оның пәрменділігі, уақыттың тиімді бөлінуі, үй тапсырмасын тексеру тиімділігі, оқушыларге сабақ мақсатын қоюы, ынталандыруы, жаңа материалды беруі, оқушылар тарапынан оны түсінуі, қабылдауы, бейімділігін дамытуы.  Сабақтың нәтижелігі, мұғалімнің бағалау жүйесі, оқушылардің өзін-өзі бағалауы, үй жұмысын ұйымдастыруы.

2.4.Түрлі оқыту құралдарын қолдануы. Әр түрлі тапсырмалар, үлгілер, нұсқаулар, алгоритмдер, тірек желі, жоспар бағдарламалар, сөздік, т.с.с. қолдануы (өзін-өзі бақылау кілті, ақпарат көздері).

2.5.Әр түрлі әдістемелік тәсілдерін қолдануыҚолданылған тәсілдердің сабақ мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі, дәлдігі, алыну себебі, тиімділігі.

2.6.Оқушылардің әр түрлі танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды жүзеге асыру (жеке, сыныптық, шептік жұмыстар).

2.7.Сабақтың мазмұндық логикасы, оның ақпараттық құндылығы.

3.Авторлық сабақты талдау

3.1.Авторлық әдістеменің қысқаша мінездемесі, оның мақсаты, принциптері жұзеге асыру жүйесі, қолдану шеңбері және жаңалығы.

3.2.Осы әдіс немесе оның элементі қолданылған сабаққа жалпы қысқаша мінездеме.

3.3.Аталған әдіс принциптерінің жүзеге асыру ерекшелігін ашу. Мақсат пен нәтижеге жету құралының ара қатынасы.

3.4.Сынып ұжымы ерекшелігіне қарай әдістің бейімделу дәрежесі.

3.5.Таңдап алынған әдістің нәтижелігі.

3.6.Аталған әдістің келешекте қолданылуына және таралуына байланысты нұсқау.

4.Сабақты салыстырмалы талдау

4.1.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесіМақсаты, міндеті, кезеңдері, құралдары, әдіс-тәсілдері, оқыту формалары.

4.2.Сабақты басқа сабақтармен (бүкіл бөліктегі, тараудағы, жылдағы) салыстыру.

4.3.Сабақтың басқа пәндермен байланысы.

4.4. Сабақтың сабақтан тыс оқушылардың тәрбие, дамыту іс-әрекетімен байланысы.

4.5.Сабақ мазмұнының аймақ, қала, ауыл, еліміз өмірімен, оқушыларды қоршаған орта, жанұясымен байланысы.

4.6.Жаңа материалдарды беру, меңгеру кезеңдерін ұйымдастырудағы және үйде материалдарды меңгерудегі өз бетінше орындайтын жұмыстардағы ілгерілеу.

4.7.Оқытуда құралды, әдістемелік тәсілдерді қолданудағы прогрессия. Оқулық пен басқа көздерден алынған қосымша материалдардың үйлесімділігі.

4.8.Сабақтар барысында жеке оқушыларға көңіл аударуды жүзеге асыру. Бақылау динамикасы.

5.Сабақты мақсатты талдау.

5.1.Бұл талдау мұғалімдердің оқытудың жеке әдіс-тәсіл құралдарын қолданудағы жеке оқыту технологиясындағы – авторлық, соның ішінде мұғалімдердің өздерінің жасақтаған шеберлігін анықтауға бағытталған.

5.2.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі, сабақ мақсаты, міндеттері, кезеңдері.

5.3.Оқыту әдіс-тәсілдері, құралдарына жалпы мінездеме, қолдануы (жеке немесе барлық оқушыларға арналған ба).

5.4.Оқулық әдіс-тәсілдері құралдарының сабақ мақсатына сәйкестілігі.

5.5.Мұғалімнің жас, жеке сабақ мазмұнының ерекшеліктерінің ескерілуі, соған байланысты әдіс-тәсілдер, құралдарының бейімделуі.

5.6.Аталған, әдіс-тәсілдер, құралдардың оқытудың басқа әдіс-тәсілдер, құралдарымен үндесу мүмкіндігі.

5.7.Оқыту әдіс-тәсіл, құралдарды мұғалімнің қолдануда өзіндік қосқан үлесі.

6.Оқытудың авторлық әдістемесі сабағын талдау:

6.1.Авторлық әдістеменің қысқаша мінездемесі, оның мақсаты, принциптері жүзеге асыру жүйесі, қолдану шеңбері және жаңалығы.

6.2..Осы әдіс немесе оның элементі қолданылған жалпы қысқаша мінездеме.

6.3.Аталған әдіс принциптерінің жүзеге асыру ерекшелігін ашу. Мақсат пен нәтижеге жету құралының ара қатынасы.

6.4.Сынып ұжымы ерекшелігіне қарай әдістің бейімделу дәрежесі.

6.5.Әдістің нәтижелігі.

6.6.Аталған әдістің келешекте қолданылуына және таралуына байланысты нұсқау.

7.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде сабақты талдау.

7.1.Сабақтың жалпы қысқаша  мінездемесі мақсаты, міндеттері, кезеңдері, құралдары, әдістері.

7.2.Педагогикалық қарым-қатынас стилі: орта мұғалім, оқушы – жеке тұлға, мұғалімнің басқарушылық жұмысының ашықтығы немесе тұйықтығы.

7.3.Педагогикалық қарым-қатынастың оқыту мақсаты, кезеңдері, әдістеріне сәйкестігі, монологиялық, диалогтық, топтық қарым-қатынас түрлері.

7.4.Қарым-қатынас хабардар болу, түсіндіру, бағалау, бір нәрсені анықтау (бағалау), дәлелдеуге бағытталуы.

7.5.Қарым-қатынас мақсаты, нақты, көңіл аударушылық, вербальды (сөзбен), вербальды емес, сөйлеу әрекетінің әр түрлі (жазу, оқу, аудирование сөйлеу) негізінде болды.

7.6.Қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу, оқушылардың сөйлеу мәдениеті, оған қойылатын талаптар. Оқушылардың ойлау белсенділігі, оның сөйлеудегі көрінуі.

7.7.Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, мейірімділігі, серіктестігі сөйлеу және мінез-құлқындағы бірізділігі мен эмоционалдығының ара қатынасы.

7.8.Мұғалім мен оқушылардың сөйлеу уақытысы (салыстырмалы түрде).

7.9.Сабақта мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасына жағдайдың болуы (оқушылар қалай отыр, олар өзін еркін сезіне ме, олардың сөздік немесе сөздік емес іс-әрекеттері қаншалықта мақсатты, тиімді).

8.Физиологиялық-гигиеналық негізде сабақты талдау.

8.1.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі.

8.2.Психологиялық, физиологиялық, гигиеналық негізде оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптар, оқу материалын меңгеруге оқушыларды ұйымдастыру мүмкіндігі. Зейінді шоғырландыру, қайта бөлу (перераспредаление) ерекшелігі, әр түрлі іс-әрекеттің алмастыруы.

8.3.Сынып мінездемесі, денсаулығының бұзылуы, дене және психикалық ауытқуы бар балаларға, топтарға сай нұсқаудың болуы, оның есебінің болуы.

8.4.Оқушылардың жас ерекшелігінің ескерілуі.

8.5.Қарапайым түзетуді жүзеге асыру мақсатында біліктілігін дамытуы (өзін-өзі бақылау).

8.6.Сынып бөлмесіне байланысты гигиеналық талаптардың сақталуы.

8.7.Сабақ кестесіндегі сабақтардың орнын анықтаудағы, психологиялық-гигиеналық талаптардың сақталуы.

 
































Өткізілген сабаққа талдау жасау анықтамасы

 

Сабақ өткізген оқытушының аты – жөні: Қадырова П. А


мерзімі

тобы

пәні

Барлық студент саны

Сабаққа қатысу %

барлығы

қатысқаны

21.11.2014 ж

КИПиА-12

информатика

12

12

100



Тақырыбы



Информатика қызықтары



Сараптау мазмұны

Бақылау түрлері

1

Топтың санитарлық-гигиеналық жағдайы: тазалығы, жарықтың түсуі, реттілік, желдетілуі;

Кабинет іші гигиеналық талаптарға сай жабдықталған.

2

Сабаққа дайындық: құрал-жабдықтар мен приборлар, материалдар, көрнекілік, тақта

Дербес компьютер, слайд, кесте, интерак. тақта.

3

Құрылымы:

-      ұйымдастыру кезеңі;

- әр бөлім бойынша тапсырмалар

- қорытындылау

4

Топтан тыс шара мазмұны: бағдарламаға сәйкес;

Оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына қойылатын талаптарға сәйкес, студенттердің шараға дайындығын және дайындық деңгейі анықталды.

5

Өтілу түрі: сұхбаттасу, ойын

Ойын элементтері қолданылды.

6

Студенттермен жұмыс әдістері: тақырып мазмұны мақсатына және студенттердің жас ерекшелігіне сай болуы, логикалық ой-өрісін және зейінін дамыту әдісі, кітаппен және т.б. қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауы, оқушыларға ТСО-ны пайдалануды және дидактикалық материалдармен жұмыс жасауды үйрету, мұғалім студенттердің жеке ерекшелігіне байланысты жеке және топтық тапсырма түрлерін қолдануы.

Перизат Асылбекқызы сабақта технологиялық ақпараттарды  тиімді пайдаланды.   Интерактивті тақтада алдын-ала жазылған тапсырмалар орындалды.  Студенттерге әр түрлі тапсырмалар берілді. 

7

Студенттің іс-әрекеті: қанша студент сабаққа белсенді қатысып отыр; сабақ барысындағы белсенділік; студенттердің мұғаліммен қарым-қатынасы.

Сабақты бекіту кезінде студенттер жеке тапсырма орындады.

8

 Мұғалімнің психологиялық дайындығы: топпен жұмыс жасай білуі; дауыс ырғағы; педагогикалық мәнері; бақылаушылығы; тапқырлығы; эмоциалды деңгейі; сырт пішіні; сөйлеу мәнері; тұрысы; қимылы; іс-әрекеті.

Оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологияның әдіс - тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білді. Топтан тыс шара мақсатына жеткен. 

Оқытушы сабақ қорытындысымен таныстым:___________________

Сараптама жасаушының аты-жөні, қызметі: Ельжанова Г. Х.   Күні: 21 қараша 2014ж             Қолы_____________________

Өткізілген сабаққа талдау жасау анықтамасы

 

Сабақ өткізген оқытушының аты – жөні: Шаманова Ұ. Б



мерзімі

тобы

пәні

Барлық студент саны

Сабаққа қатысу %

барлығы

қатысқаны

28.11.2014 ж

КИПиА-11

Экология

25

25

100



Сабақ тақырыбы

Жайық өзенінің саласы мен Каспий теңізінің іргелес жағалауының өсімдіктер әлемі



Сабақ

компоненті





Сараптау мазмұны





Бақылау түрлері

1

Топтың санитарлық-гигиеналық жағдайы: тазалығы, жарықтың түсуі, реттілік, желдетілуі;

Кабинет іші гигиеналық талаптарға сай жабдықталған.

2

Сабаққа дайындық: құрал-жабдықтар мен приборлар, материалдар, көрнекілік, тақта

Слайд, дербес компьютерлер, интерак. тақта.

3

Сабақтың құрылымы:

 

-      ұйымдастыру кезеңі;

-      үй тапсырмасын тексеру;

-      жаңа тақырыпты баяндау:

-      үйге тапсырма беру.

-      жаңа тақырыпты бекіту;

4

Сабақтың мазмұны: бағдарламаға сәйкес;

Оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына қойылатын талаптарға сәйкес, студенттердің сабаққа дайындығын және дайындық деңгейін ескере отырып, сабақтың оңтайлы мазмұнын анықтады.

5

Сабақтың өтілу түрі: сұхбаттасу, әңгіме, түсіндіру, лекция.

Аралас сабақ. Бағдарламаға сәйкес өз ретімен, түсінікті жүргізілді.

6

Студенттермен жұмыс әдістері: тақырып мазмұны мақсатына және студенттердің жас ерекшелігіне сай болуы, логикалық ой-өрісін және зейінін дамыту әдісі, кітаппен және т.б. қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауы, оқушыларға ТСО-ны пайдалануды және дидактикалық материалдармен жұмыс жасауды үйрету, мұғалім оқушылардың жеке ерекшелігіне байланысты жеке және топтық тапсырма түрлерін қолдануы.

Шаманова Ұлмекен Бисеновна

сабақта технологиялық ақпараттарды  тиімді пайдаланды. Техника қауіпсіздігі ережесі сақталды. Практикалық тапсырмалар, ретімен орындалды.  Студенттерге әр түрлі тапсырмалар берілді. 

7

Студенттің іс-әрекеті: қанша студент сабаққа белсенді қатысып отыр; сабақ барысындағы белсенділік; студенттердің мұғаліммен қарым-қатынасы.

Сабақты бекіту кезінде әрбір студент жеке тапсырма орындады.

8

 Мұғалімнің психологиялық дайындығы: топпен жұмыс жасай білуі; дауыс ырғағы; педагогикалық мәнері; бақылаушылығы; тапқырлығы; эмоциалды деңгейі; сырт пішіні; сөйлеу мәнері; тұрысы; қимылы; іс-әрекеті.

Оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологияның әдіс - тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білді. Студенттердің күнделікті сабақ барысында берілген тапсырма жұмыстары  толық қамтылып орындалды. Сабақ мақсатына жеткен. Студенттер шығармашылықпен жұмыстанды.

 



Оқытушы сабақ қорытындысымен таныстым:___________________

Сараптама жасаушының аты-жөні, қызметі: Ельжанова Г. Х

  Күні: 28 қараша2014ж             Қолы______________________




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Кері тригонометриялық функциялар

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: Кері тригонометриялық функциялар ұғымымен қасиеттері, графигімен танысып, олардың мәндерін есептеуді үйрету.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тез ойлануға, әдептілікке тәрбиелеу

Дамытушылығы: Есеп шығару қабілеттерін дамыту

Көрнекілігі: Кесте, формула, график

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ. Ан-ма: Синус, косинус, тангенс, котангенс – негізгі тригонометриялық функциялар. Осы функциялардың кері функциялары: арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс.

1/ у функциясына кері функция arcsin x функциясы [-1;1] кесіндісінде анықталған [] кесіндісінде бірсарынды өспелі. arcsin x функциясының графигі, аргументі кесіндісінде өзгеретін у функциясының графигіне у түзуіне қарағанда симметриялы қисық. у түзуі симметрия өсі болып табылады.

Енді у функциясының қасиеттері:

Автор
Дата добавления 20.05.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1080
Номер материала 288765
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх