Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Кеш "Жаңа жылға саяхат"

Кеш "Жаңа жылға саяхат"


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жаңа жылға саяхат»


Мақсаты: Оқушыларға әр елдің салт-дәстүрі туралы мағлұмат бере отырып,

мерекелік көңіл-күй сыйлау; Өнерлерін ұштау, дәстүрді құрметтеуге

баулу; Тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал жасау.


ЖҮРГІЗУШІ :

О,жараңдар, қараңдар,

Бәрің бері қараңдар

Келе жатыр Жаңа жыл

Қызығына қаныңдар!


Жаңа жыл енселеніп еніп тұр,

Жаңа үмітпен,жақсылықпен келіп тұр

Ойындағы бар мейірім,қуанышын

Балалар,өздеріңе беріп тұр!

Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр

Намыс,жігер,бақыт гүлін ашып тұр

Адамзаттың армандары асқақтап

Тебіреніп от сезімі тасып тұр

Ел байлығын жер байлығын сақтаймыз

Бабалардың аманатын ақтаймыз

Қазақстан мәртебесін көтеріп

Адалдықты алғырлықты жақтаймыз

Жаңа жыл жаңа бақыт,жаңа жыр

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр

Құт болып береке бер халқымызға

Мерейін мәртебесін бйікке асыр


ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан қой жылы мерекесімен құтықтаймыз. Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Қощ келдіңіз бүгінгі жаңа жыл кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін

Мына отырған барша жан бәрімізге –дей келе жаңа жылдық құттықтау сөзсойлеуге ортаға мектеп директоры ...... шақырамыз.


ЖҮРГІЗУШІ: Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке.Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды.Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды.Бүгін бізде Ертегі әлеміне еніп, бірге саяхат жасаймыз.Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз.

Ойнайық та күлейік

Қызығына енейік

Бүгінгі кештің төріне

Шақырып алып жұптарды

Дөңгеленіп билейік-дей келе жұптарымызды ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.

БАУЫРСАҚ:Ал енді достар, біз халықаралық эксрпесс поезының жұмсақ вагонына отырып, Жаңа жылдық сапарға аттанамыз.


Поездың сигналы


І- аялдама Польша (Музыка Полька)

ЖҮРГІЗУШІ: Варшава -Польшанаң астанасы. Жаңа жыл қарсанында Варшава қаласы нағыз балаганға айналады. Күні-түні карнавалдық кештер өтеді. Ерлер әйелдердің киімін киіп, балалар бет-әлпеттерін, жүздерін түрлі бояулармен бояйды. Көшелерін түрлі шарлармен көркемдеп, безендіреді. Сағат түнгі 12-ні соққанда Варшава қаласының тұрғындары шарларды жара бастайды, сонда салют фейерверк пайда болады.

Сондықтан бізде мерекелік салют, фейерверк жасаймыз

(Слайд арқылы отшашу тамашаланады)


Ж:Бауырсақ-бауырсақ сен қай жерге келдің?

Б: біз Польшға келдік жаңа жыл шыршасын көрдік Сәлем, сәлем ПОЛЬША

Польшанын адамдары қандай екен? Ал енді бір ойын ойнайық:


Жүргізуші: Сол кезде ортаға 5 жұп шақырылады. Әр жұпқа бауырсақ шарлар береді. Жұптар араларына шар қыстырып, би билейді. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін- бірі құшақтап шарды жару керек. Кімнің шары жарылады сол жеңімпаз болады.


Бауырсақ:Достар, сіздерге көп рахмет ал енді мен басқа мемлекетке аттанайын. Сау болыңыздар!


(Бауырсак достарымен Италияға аттанды.)

Поезд сигналы

( итальян музыкасы.)


Бауырсақ: Біз Италияға келдік, жаңа жыл шыршасын көрдік. Сәлем, сәлем, Италия! Сәлем достар. Италия керемет екен.

Жүргізуші: Италияда біздің бауырсагымызға қызықты тосын сый дайындапты, соны бірге көрейік.


Клоун: Италияда Жаңа жыл түні терезелерінен далаға ескі заттарды лақтырады. Мысалы: орындық, лампа, шелектер. Егер ескі заттарды далаға лақтырса, Жаңа жылда дәл сондай затқа ие болады. Италияда әр отбасы Жаңа жыл түнінде ішіне түрлі сюрприз жасап, торт пісіреді. Бұл жыл бойы тоқшылық болсын деген ырыммен жасалады.

Сондықтан, бізде сіздерге торт дайындадық.. Бір-бір тілімнен алыңыздар. Жаңа жылда сіздерді не күтіп отырғаның білесіздер (Тілімдар астынан тосынсый күтіп тұрады)

Бауырсақ: Сіздер өте қонақжай халык екенсіздер,рахмет ,сау болыныздар!



Поезд сигналы

(Африка музыкасы ойналады)


ЖҮРГІЗУШІ: Білесіздер ме? Кения тайпаларының бірі Жаңа жыл қарсаңында бір-бірінің бетіне түкіреді екен, солай олар денсаулық, бақыт, табыс тілейді екен. Өте экзотикалық дәстүр екен, бірақ сіздер қобылжымаңыздар. Біз бір-біріміздін бетімізге түкірмейміз, бірақ беттерімізден сүйіп достарымызды құттықтаймыз.

Жүргізуші:3 қатысушы ортаға шақырылады. Әр біреуіне соска –пустышка беріледі.

Кім сосканы алысырақ түкіреді ,сол жеңімпаз болып саналады.

Бауырсақ :біз міне Африка келдік салем салем Африка салем достар

ЖҮРГІЗУШІ: Африка –ыстық күйіп тұрған күн, өткізбейтін джунгли және темпераментті, жандандырылған билер. Ендеше африкандық би марафонын жариялаймыз.Би арасында ең күшті бишіні таңдаймыз.

( Би-5 мин) ламбада


ЖҮРГІЗУШІ: Саяхатымызды жалғастырып Лапландияға жол тартамыз.Лапландия Аяз –Атаның отаны. Ол туралы слайл тамашалайық.


Жүргізуші:Ал енді қарсы алыңыздар бауырсақтың орындауында жаңа жыл әні


ЖҮРГІЗУШІ: Саяхатымызды жалғастырып өзіміздіңғ Қазақстанға жол тартамыз.


Бауырсақ: Қонақта жақсы, ал үйде одан да жақсы . Мен өзіммен бірге Жаңа Жыл -қой жылын ала келдім. Және осы кештің қызығымен көркі Аяз ата мен Ақша қарды ала келдім. Ал енді қарсы алайық

Аяз ата;

Армысыздар ма? ....... ауылының тұрғындары!

Алыс- алыс тоғай белдерден,

Орман- тоғай колдерден

Асып өтіп келемін

Білім қуған балаға

Өнері мен дараны

Қуантқалы келемін

Әлемнің әр түкпірін араладым

Әр елге Жаңа Жыл мен жыр сыйладым!

Алыстан шаршап келді аталарың

Өнеріңмен жаныңа нұр сыйлағын!


Акшақар:

Асау желмен жарысқан

Асулармен алысқан

Аяз ата сендерге

Шаршап келді алыстан

Өнерлерің болса егер

Сыйлығы көп атаның

Алып қалғын қалыспан.

АЯЗ АТА:Мен сендерге, балаларым, өзіммен бірге хат ала келдім,Ал қане,Акшақар, балаларга хаттарды таратып бере гой.


ЖҮРГІЗУШІ :Сонымен Біз .....мектебіне ораламыз. Көріңіздер біздің мектепте қалай жаңа жыл мерекесін қарсы алады.

Аяз ата:

Балалар, уақытты созбай жаңа жылды шақырып, ескі жылды шығарайық.

Қоян:

Кел, жаңа жыл,жеттің бе тағы айналып

Дастарханды отырмыз саған жайып

Сенің күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Келген сайын көңілді өсіресін

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтың несібесін.


Қой:

Аппақ менің маңдайым

Жаңа туған айдайын

Қой жылында, халайық

Жайлы болсын жағдайың


Бауырсақ: Сіздерге кой жылы сыйлық ала келді .

Қой:Сіздердің алдыңызда сағат сюрпризімен, сіздердің араларынызда сол сюрприздің иесі отыр.Кім ол ? Ешкім білмейді, мен де білмеймін. Сіздердің билеттерінізде номер бар. Сол номер бойынша ойынның кандидатын анықтаймыз. Сонымен номерлі қатысушыны ортаға шақырамыз.


ИТ:Иіліп салем бердім жиналғанға

Жылқы жылы, сен тәуір қиналдың ба?

Жаңа жылды шақырды дегеннен соң

Менде келдім ағайын туғандарға

Баллаар, барлықтарың бармысыңдар

Ұстаз бен ата-аналар, армысыздар

Айбатты да жүректі, қасиетті

Қарсы алғын көптен күткен жаңа жылды.

Ал енді бәріміз ескі жыл жылқы жылын шығарып тастайық.

Жылқы:

Аса қадірлі жаңа жыл-қой жылы

Елдің ашық аспанын

Ән мен жыр дастанын

Ырыс бақ берекесін

Үзілмес мерекесін

Өзіңе аманаттаймын, қош болыңдар!


Тышқан:

Ескі жылым,құтты жылым

Өзіңді елім 1-жыл күтті

Қарсы алдық өзіңді еселі еңбекпенен

Шығарамыз өзіңді ән-күйменен


ҚОЙ:

Жылқы жылы, сен бізбен қал бәріміз бірге жаңа жылды тойлатайық!

ЖЫЛҚЫ:Жарайды, қалайын, кәне, онда бәріміз би билеп ,ән салайық.ал ,қане, балала, аяз атаға тақпақ айтайық.


(Әншашу)

Жүргізуші: Қане бәріміз Аяз атамен шыршаны айланып билеиік.

Ал енді Аяз атамызға өнерімізді көрсетейік. Балалар өнерлерін көрсетеді.


Ойын: Әр сыныптан 1-ұл 1-қыз шығып, қыз ұлды киіндіреді, кім бірінші киініп, бантикті байлайды сол жұп жеңімпаз атанып, Аяз атадан сыйлық алады.


Ойын. Сіздердің алдарыңызда 4 түрлі лента. Лентада сұрақтар жасырынған сол лентаны тарту арқылы сұрақтарға жауабын тауып, Аяз-Атаныңсыйлығына ие боласыздар


ЖҮРГІЗУШІ:Аяз -Атанын әлі де баратын жері көп екен.Аяз -атаны жолынан қалдырмайық.Кәне, балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық.


ЖҮРГІЗУШІ:Қане, достар, бәріміз бірігіп, кешіміздің қоштасу биін билейік . Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!


Қымбатты достар! Халықта айтады: Ең жақсы ән- айтылмаған ән, ең

жақсы қала –салынбаған қала, ең жақсы жыл- келе жатқан жаңа жыл.

365 ашық күндер, жақсылық пен кездесулер әкелсін.Мақсаттар мен жоспарлар орындалсын.Жаңа жыл құтты болсын, бақыт әкелсің!

Қош сау болыңыздар! Жаңа жылдан жаңа жылға жете берейік.








Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров129
Номер материала ДВ-503987
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх