Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / "Кешіре білу-бақыттың баспалдағы" тренинг

"Кешіре білу-бақыттың баспалдағы" тренинг

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Кешіре білу-бақыттың баспалдағы»

Мақсаты: 
1. Кешірімділіктің дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.
2. Кешіре білу қасиеттерін дамыту;
3.Мейірімділік, ақылдылық, рақымшылыдық, адамгершілік қасиеттерін көрсете білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу

Керекті жабдықтар: суреттер,нақыл сөздер,әуен.

Барысы:
1.Релаксациялық жаттығу

2.«Кешіре білу-бақыттың баспалдағы»

3.Құм мен тас

4.Психологиялық кеңес
5.«Сурет сөйлейді»

6.Қорытынды:


Сәлеметсіздерме балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сабағымызды «Нұрға бөлену» жаттығуымен бастағым келіп тұр. /Баяу әуен ойналып тұрады./
1.«Нұрға бөлену»
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.Бар денеңізге нұр тарауда..Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын…Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Рахмет.
Мұғалім:
Енді мына суретке қарайықшы. Анықтап қарап алыңдар. осы сурет арқылы қандай ойлар келді? (жауап тыңдалады) . Бүгінгі тақырыбымызды "Кешіре білу» деп алдым. Кешіре білу-бақыттың баспалдағы. Неге бақыттың баспалдағы деп айтамыз? Осы жөнінді ой қозғайықшы.

2.
«Кешіре білу-бақыттың баспалдағы»
Мұғалім:Адам адам болған соң қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда біз көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып өкпе-реніш танытамыз.Қателеспейтін адам болмайды сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өкпе,реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп,өзара түсінбеушілік туғызады.Сол себепті өкпе,ренішке бой алдырмай,адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарауға ұмтылу керек.
Кешірімділік деген не? Осының анықтамасын оқиық.
Кешірімділік – адам бойындағы жақсы қасиет, пенде біткенге құрметпен, ізгілік тұрғыдан қарау. Адамгершілік, имандылық сияқты гуманистік ұғымдарға мәндес категория. Адамның оқыс істері мен қоғамға зиянды іс-әрекет жасағаны анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру, гуманистік қамқорлық жасау, кеңшілік көрсету – кешірімділік болып табылады. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз қылықтары үшін де адамға Кешірімділік жасалып, оған дұрыс жөн-жосық көрсетіледі. Айыбын мойнына алған, қатесін дұрыс сезініп, оған өкініш білдіретін адамға да Кешірімділік жасалады. Кешірім сұрау – әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіреді. Кешірімділік – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі. 
Оқушы: Өкпе,реніш-адамның көңіл күйіне,денсаулығына кері әсер етеді.Айналаңа ылғи өкпелеп,ренішпен қарау,риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады. Егер де ауру болып жүрсе адам өзін бақыттымын деп қалай сезінеді. Менің ойымша бақыттың баспалдағы кешірімнен басталады. Арың тазарса, адал болсаң бақытқа кенелесің.
Мұғалім:- Балалар адам өмірде кешіре білуі ғана емес кешірім сұрай білуіде керек, яғни адам өз кінәсін мойындай білуі керек. 
- Қалай ойлайсыңдар кешірім сұраған оңай ма әлде кешірген оңай ма? (оқушылар жауабы)
-Сені қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?
3.Мұғалім: Жақсы. Ал енді мен сендерге бір әңгіме айтып берейін.
3.«Құм мен тас»
Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:
-Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.
Досы былай деп жауап береді:
-Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.
-Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің? (Оқушылардың ойларын тыңдау.)
4 .Психологиялық кеңес
Сеніп жүрген адамыңыз сізді сатып кетті ме? Немесе біреу сіз туралы өсек-әңгіме таратты ма? Жұрттың бәрін жақсы адам деп ойлағаныңызбен, олардың көбі сіз ойлағандай болмай шықты ма? Өмір болған соң, бәріміз біреуге ренжиміз, біреуге өкпе артамыз. Бірақ, осындай кезде бізге бір нәрсе жетіспей жатады - кешіре білу. 
Мұндайда жаныңыздың күйзеліске түсуі табиғи әрі қалыпты жағдай болғанымен, кейде сол күйден арылуымызға ұзақ уақытымызды жұмсап, өткенге қайта-қайта оралып, ренішті босатуға деген құлшынымыз болмай жатады. Үнемі еңсеңіз түсіп жүрген соң, сіздің айналаңыздағы адамдармен өзара қарым-қатынасыңыз бұзылып, үйде, сабақта, жұмыста бәрі күрт нашарлап кетеді. Мына әлемнің сұлулығын сезіне алмай, қайғырып, зіл қара тасты иығымызға салып алғандай болып, тұйық бір әлемге еніп кетіп жатамыз. Ол ауырлықтан құтылып, тек алға жылжып, бақытқа жету үшін кешіруді үйренгеніңіз жөн.
Кешірім өміріңізді өзгертуі мүмкін! Кешіре білу өткеніңізді өшіріп тастау, болған нәрсенің бәрін ұмыту деген сөз емес. Кешіру - өкпені, иықтағы ауырлықты бостандыққа жіберіп, өмір өзенімен әрі қарай жылжу. Бұл оңай емес, дегенмен, үйренуге болады.
Болған оқиғаны жайына қалдыруға тырысыңыз. Бәлкім, бұл бірден қолыңыздан келе қоймас, бірақ, уақыт өте келе, бұны да үйреніп аларсыз. Ең алдымен, шын мәнінде неге өкпелі екеніңізді анықтап алыңыз. Шындықтың бетіне тура қараңыз! 
Жағдайды жақсылап таразылаңыз. Бір парақ қағаз алып, төмендегі сұрақтарға жауап жазып шығыңыз:
- Шын мәнінеде неге өкпелісіз?
- Қандай сезімдесіз? (ашу, өкпе, жиіркеніш, ыза, кек)
- Сіз ол адам туралы қаншалықты жиі ойлайсыз?
- Сіз ол адамнан не күттіңіз?
- Сіздің ренішіңіз қандай мәселелерді туғызады?
- Өзгемен қарым-қатынасыңызға, үйде, жұмыста бұл кері әсер ете ме?
- Өзіңізді осы үшін бақытсыз сезінесіз бе? 
Енді жауаптарыңызды мұқият оқып, таразылаңыз. Кешіре білудің құндылықтары сізді қалай бақытты ететіндігін, ауыр жүктен арылтып, өмірге деген жаңа көзқарас қалыптастыратындығын ойлаңыз! 
Таңдау тек сіздің қолыңызда! Сіз өзіңіздің іс-әрекетіңізді және ойыңызды қадағалай аласыз. Өзекті өртеп, өкіндіретін өткенге оралмау да, алға жылжуда өз қолыңызда. Оған сіздің күшіңіз толық жетеді. Сол оқиғаны ойлауға күніне қанша уақыт кететінін есептеп көріңіз. Оны 365-ке көбейтсе ше? Иә, солай! Құр, әурешіл сезімге осыншама уақытыңызды текке жұмсап жүрсіз. 
Түсінуге тырысыңыз. Былай жасаңыз: Сізді ренжіткен адамның орнына өзіңізді қойып көріп, неге олай жасағанын түсінуге тырысып көріңіз. Оның орнында болғанда өзіңіз не істер едіңіз? Жағдайды өзіңіздің жағыңызға шығарып алмай, шыншыл болыңыз. 
Өз жауапкершілігіңізді мойындаңыз. Болған жағдайға сіз де жауаптысыз. Өзіңізді кінәлаудың да, өзгенің әрекетіне жауап берудің де қажеті жоқ. Сіз болған жағдайдың құрбаны емес, қатысушысысыз!
Қазіргі шақты көбірек ойлаңыз. Қашанда өткенді ойлай берудің орнына, болатын нәрсе болды деңіз де, қазіргі шақты көбірек ойлаңыз! Қазір не істеп жатырсыз? Сізге не қуаныш сыйлай алады? Болған жағдай есіңізге түсе қалса, бірден осы шаққа оралуға әрекет жасаңыз. 
Рақымдылық пен татулық. Оны кешіріңіз. Сол кешірім арқылы бақытқа кенеліп, алға жылжи алатыныңызды мойындаңыз! Оны түсініңіз және бақыт тілеңіз. Оған сүйіспеншілікпен қарасаңыз, әлем де сізге солай қарайтын болады. 
Кешіре білу де - өнер. Кешірімді болыңыз! Десек те, ешқашан бір-бірімізді ренжітпеуге тырысайық!

5. «Сурет сөйлейді»

Бүгінгі тақырыбымызды қорытындылайтын уақыт та жеткен сияқты. Мен тақырыпты сурет арқылы бастаған болатынмын. Енді сөз соңында да сурет арқылы қорытындылайық. Мына суреттен қандай қорытынды шығаруға болады? (оқушылар жауабы)

-Бақытты болу үшін айналамыздағы жақсы көретін адамдарды ренжітпеуіміз керек;
- Өмірде біреуді ренжіттім-ау деп қынжыла бергенше, барып кешірім сұраған дұрыс.


6.Қорытынды:
Өмірде кез-келген адамға үлкенге де, кішіге де кешірім сүрауға тура келіп жатады. "Кешірім сұрай білу - кісілік", - дейді заманымыздың заңғар жазушысы Ш.Айтматов. "Кешірім сұрап келсе, әкеңнің құны болса да кеш", — дейді халық мақалы. Осы сездердің астарында -қарапайымдылық, ұлылық жатыр емес пе? 
Әкенің ұлынан, шешенің қызынан, әкімнің халқынан, үлкеннің кішіден, кішінің үлкеннен, жігітгің қыздан, кешірім сұраудың өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олардың ортақ бір жайы — кешірім сұрай білуі, яғни қарапайым, мәдениетті бола білуі. "Кешірім сұрау — бақыттың баспалдағы" — деген Мұхтар Шахановтың сөзі жоғарыдағы ойлардың жалғасы іспеттес. 
Кешірім сүрағанға кешірім ете білу, кешірім беру — бұл да кісілік, қарапайымдылықтың белгісі. Кешірім етудің де өзіндік реті, жағдайы болады. 
Кешірімді болсаң - кең боласың. Келісімге келу — кеңдік. Кең болсаң - кем болмайсың. Келісім көкжиекке көтереді. Кешірім беру - өзгеге күлкі сыйлау. Күннің көзінде де кешірімділік бар. Өнегелі адам кішіпейіл келеді. Кешірімділікті құдай да сыйлайды. Кешірім — көкжиегі бар кеңістік. Жауыңды кешіргенің жығылғаның емес, жыққаның.
Оқушылар «Мен ризамын....» атты тренинг арқылы бір-біріне ризашылықтарын білдіреді.



Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров122
Номер материала ДВ-434630
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх