Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Конспекты / "Кешірім мен келісім" (ашық сабақ) 4 сынып

"Кешірім мен келісім" (ашық сабақ) 4 сынып


  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:


Кешірім мен келісім

Сабақтың мақсаты:

Кешірімділік туралы айта отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Кешірімділік дұрыс әрекет екендігін түсіндіру;

  • Кешіре білу қасиетін дамыту;

  • Мейірімділікке,ақылдылыққа,жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдстыру кезеңі.

«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар:ең әуелі-ниет керек,одан соң-күш,одан соң –тәртіп керек»-деп ұлы жазушы М:Әуезов айтқан екен.Олай болса тәртіп,талап,тыныштық,тазалық татулықты сақтай отырып сабағымызды бастайық.

Тыныштық сәті.

Нұрға бөлеу

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз:Күн нұрлы сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздін қауызын ашты.

Нұр сәулесі бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналады.Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз .Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта саққтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге 67-беттегі «Мақтаншақ жолбарыс»оқып келу берілген болатын.





Талқылау сұрақтары:

  • Жолбарыс пен бұл-бұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  • Жолбарыс бұл-бұлдан не үшін кешірім сұрады?

  • Бұл-бұлдың бойынан қандай дұрыс әрекетті,қандай жақсы қасиетті байқадыңдар?

Дәйексөз

Кешірім сұрау бақыттың баспалдығы.

М:Әуезов

  • Осы дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Дәптерге жаздыру

  • Хормен қайталау

Әңгімелеу

Ал енді мен сендерге бір әңгіме айтып берейін.

«Құм мен тас»

Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді.Бір кезде екеуі ұрысып қалады да,біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді.Соңғысы ауырсынса да ештеңе айтпайды,тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».

Олар әрі қарай жүріп келе жатып,көгалға кездеседі,сол жерде шомылып алмақшы болады.Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де,батып кете жаздайды.Бірақ досы оны құтқарып қалады.Ол өз-өзіне келген кезде,тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақын досым,менің өмірімді құтқарып қалды».сол кезде оны жағынан тартып жіберген,құтқарып қалған досы сұрайды:

-Мен сені ренжіткенде сен құмға жаздың,ал енді тасқа жазып жатырсың.Неге?-деп сұрайды.

Досы былай деп жауап береді:

-Бізді біреу ренжіткенде,жел он шіріп тастау үшін біз оны құмға жазуымыз керек,ал біреу жақсылық жасаса,оны өшірмейтіндей етіп,тасқа қашап жазуымыз керек.Өкпеңді құмға,қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

Мәтін бойынша талқылау сұрақтары:

  • Бұл әңгіме кімдер туралы?

  • Олардың арасында қандай оқиға болды?

  • Ол қандай ойды құмға,қандай ойды тасқ жазды?

  • Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің.

Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс

1-топ : «Мен кешірім сұрай білемін...»тақырыбына шағын зссе жазу.

2- топ: Жағдаят құрастыру,сахналау.

3-топ:Т кестесі.Кестенің бір жағына өз бойындағы жақсы қасиеттер,екінші жағына досының бойындағы жақсы қасиеттерді теріп жазу.



Үй тапсырмасы

73-беттегі М:Төрежановтың «көп біріксе - көл» әңгімесін оқып келу.

Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақтан үйренген құндылықтарың мен қасиеттеріңді жүректе сақтаңдар!

Қош,сау болыңдар!


Автор
Дата добавления 29.10.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров722
Номер материала ДВ-106758
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх