Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Кешірімді бала-кішіпейіл бала 2 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Кешірімді бала-кішіпейіл бала 2 сынып

библиотека
материалов

Тақырып: Кешірімді бала-кішіпейіл бала.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, әділеттілік,

отбасындағы, мектептегі парызын орындау.

Мұғалiм_Буркитбаева Молдир Агилбековна_Сынып 2_Сабақ 10


Мақсаты: 

«Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Міндеттері:

  • кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;

  • кішіпейлділікке бейім қабілеттерін дамыту;

кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) классикалық музыка жазылған таспа.

Әннің сөзі мен музыкасы жазылған таспа.

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері:

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сабақ барысын талдау:



Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді, 
Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Бұл өлеңді оқу арқылы мұғалім оқушы бойындағы кешірімді болу, кішіпейіл болу сияқты жақсы қасиеттерді қолдау, дәріптеу мақсатын көздейді. Ол үшін мұғалім төмендегідей сұрақ беруіне болады:

- Сендер кешірімді болу дегенді қалай түсінесіңдер?



Мағынаны тану

Әңгімелесу

Әңгімелесудің мақсаты - оқушылардың «кешірім сұрау», «кешіре білу», туралы ойларын тыңдап, адам өміріндегі мәнін түсіндіру. Мұғалім балалардың достарымен, бауырларымен және жақын адамдарымен ренжіскен кезде қандай күйде болатынын олардың өздері айтқан ойларымен түйіндеп, адамдарды ренжітпеу керек екенін терең ұғынуына көмегін тигізеді.

Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде кандай күйде боласыңдар?

Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?


Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқушылардың өздеріне кезекпен оқытып мазмұнын мұқият тыңдауды ұйымдастыруға да болады. Мұғалім тақырыптың мазмұнын ашатын сурақтар арқылы оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды таптырып. олардың құндылықты мәнін өз пікірлерімен пайымдатады. Мәтіннің соңында берілген сұрақтар оқушылардың ойларын тұжырымдауға негіз болады.

«Кешірім» Р. Әбілқадырова

Тұрсын мектептен көңілсіз қайтты. Үн-түнсіз отырып, тамағын ішті. Бір кезде:

Апа, әлгі біздің кешені сыпыратын атай ауруханаға түсіп қалыпты, - деді.

Ә, бұл бейнет дегенің де тілсіз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесін жөндеймін деп жүріп, мертігіпті, байғүс. Апа, ұрыспайсыз ба? - деді Тұрсын қипақтап.

Не үшін? Екілік алғаннан саумысың?

Жоқ екілік емес. Одан да жаман...

Жұлқысып келіп отыр екенсің ғой. Жетпегені сол еді! Бәсе, желкеңді сипалай бергеніңнен бір нәрсені ішім сезген.

Апа, айтайын дегенім, аула сыпыратын атайға барсам деймін. Халін біліп кешірім сұрайын.

Жағдай сұрағышын. Қақ-соқпен жұмысы жоқ деп жүрген бала сен болсаң, көгертеді екенсің. Дәл казір бар және жалғыз емес, қасыңда болған нөкерлеріңді де ертіп ал. Сендердің кешірім сұрағандарыңнан сауығып кете қоймас. Сөйтсе де жан жарасына себі тиер.

Апасы жұмысына кетті. Тұрсын аула сыпыратын картқа барды.

- Бір қателік кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрінен де қателіктеріңді түсіне білгендерің жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесіз болмас» деген, - деді қарт.

  • Балалар өз кателіктерін қалай түсінді?

  • Атай қаңдай жақсы қасиет танытты?

  • Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер? Мәтіндегі ойдың шешуін төмендегі ойын-жаттығу арқылы да ұйымдастыруға болады.


Дәйексөз

Кешірім - ізгіліктің белгісі

Халық даналығы

Жаңа ақпарат

Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.

Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.

Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.


Дәптермен жұмыс.

Сабақта айтылған ойларды оқушылардың түсінгенін білу мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады.


Мен әдепті баламын 
Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбек
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
 Мені үлкендер әдепті деп мақтайды, 
Мінезімнен теріс қылық таппайды. 
Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар, 
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды. 
 Қайырмасы: 
Айтқан тілді аламын, 
Айтқан жерге барамын, 
Мен әдепті, 
Мен әдепті баламын. 
 Тілін алып кішінің де кәрінің, 
Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің. 
Ата-ананың айтқанынан шығуды, 
Әдептілік белгісі деп таныдым. 
Қайырмасы:


Үй тапсырмасы.

47 беттегі назар аударыңызды көшіріп келу





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров210
Номер материала ДВ-429470
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх