Инфоурок Другое Другие методич. материалыКештің тақырыбы: «Отбасы - Отанымыздың ошағы» тақырыбындағы ауылымыздың үлгілі отбасымен кездесу кеші

Кештің тақырыбы: «Отбасы - Отанымыздың ошағы» тақырыбындағы ауылымыздың үлгілі отбасымен кездесу кеші

Скачать материал

         

 

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы

Информатика пәнінің мұғалімі 

Қаражанова Жанна Рахметуллаевна

 

 

                              

Кештің тақырыбы: «Отбасы - Отанымыздың ошағы» тақырыбындағы ауылымыздың үлгілі отбасымен кездесу кеші

Мақсаты:

Отан – отбасынан басталады» деп халқымыз айтқандай, Отан мен отбасы кең мағыналы қасиетті ұғымдар. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

 

Жүрісі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар , ата-аналар мен оқушылар!

«Отбасы – Отанымыздың ошағы» атты кешімізге қош келдіңіздер!Ауылымыздың «Мерейлі отбасы» сайысының жеңімпазы,Ауылымыздың құрметті  ардагері көп бала тәрбиелеп өсірген,ардақты әке Бекбосынов Нұрқожа Отарұлын жанұясымен бірге ортаға шақырамыз.

«Жақсыдан жаман туады,

Бір аяқ асқа алғысыз

Жаманнан жақсы туады

Адам айтса наңғысыз.

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін соны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек.

Бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отанасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

Ән:   Мектебіміздің оқушысы Іңкәрдің орындауында «Әке» әні!

Өмірбаян оқылады (слайдтан көрсетіледі)

Отбасы -  бір түбірден тараған. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуаныш, өмірді жалғастырушы демеуші ата-ана  тәрбиелеуші.

«Әке- асқар тау, ана -  мөлдір бұлақ»

«бала жағасындағы құрақ», «тәрбие – тал бесіктен басталады» әке мейірімімен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағатымен, ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

 1. Нұрғожа ағай, сіздер өз отбасыларыңыздың ұйытқысысыздар.

Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? Осындай дәрежеге қалай жеттіңіздер?

2. жалпы отбасындағы әкенің ролі қандай? Қазіргі әкелерге көңіліңіз тола ма? Өз ойыңыз.

«Ана – үйдің берекесі, Бала үйдің – мерекесі. Бұтағымен ағаш сымбатты, Ұрпағымен адам қымбатты. -деген қағиданы берік ұстанып, өз ұрпағымды  адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еттім. Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Апамыз бүгінгі кешке денсаулығына байланысты келе алмай отыр. Нұрғожа ағай осы апамыз туралы бір-екі ауыз сөз айта отырсаңыз.

Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше. Енді мектебіміздің директоры Оңайбай Рахиұлына сөз кезегін береміз.

-          Ағай жалпы отбасы туралы, отбасының берекесі,ұйытқысы, бала тәрбиесі   туралы  өз ой-пікіріңізді  ортаға сала кетсеңіз.

Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп өмір сүретін орны. Отбасындағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу.

Мектебіміздің кітапхана меңгеруші Нұрқожа ағамыздың қызы Анар апайға:

1.      Отбасының беріктігіне әкеңіздің ықпалы қандай болды?

2.      Әкеңіздің қандай қасиеттерін өзіңізге үлгі тұтасыз?

3.      Бүгінгі таңда ұл-қыз өсіріп, бақытты атамыздың немересін - өлең оқуға ортаға шақырамыз.

Әке деген – биік шыңы адамның

Әке деген – тірегі ғой ғаламның

Әке деген – бойыңда аққан қаныңда

Шыққан тегің, ол негізің жаның да

Не десең де әке жолы бір бөлек

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан

Барлық ұрпақ әкелерден басталған деп, бүгінгі кешке алтын уақытыңызды бөліп, келгеніңізге көптен-көп рақмет.ата деніңіз сау болып, ұзақ ғұмыр кешіңіз. Естелік   Сыйлығымызды қабыл алыңыз!

Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі «Отбасы-  Отанымыздың ошағы» атты кешіміз аяқталды. Барлық жанұяға береке, ынтымақ, бірлік татулықты тілейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кештің тақырыбы: «Отбасы - Отанымыздың ошағы» тақырыбындағы ауылымыздың үлгілі отбасымен кездесу кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 693 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2017 2386
    • DOCX 565.9 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулепова Аманкул Рахатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тулепова Аманкул Рахатовна
    Тулепова Аманкул Рахатовна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15866
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой