Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Видеоуроки / Кесте тігу технологиясы (7сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Технология

Кесте тігу технологиясы (7сынып)

библиотека
материалов

Күні:

Сыныбы: 6 а, ә, б, в

Сабақтың тақырыбы: "Алжапқышты үлгілеу"
Сабақтың мақсаты: оқушыларды таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты үлгілеуді үйрету.
Білімділігі: Оқушыларға алжапқышты үлгілеуде, бұйым пішінін өзгертудің әдіс - тәсілдерін меңгерту;
Дамытушылығы: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой өрісін дамыту;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, әңгімелеу, сарамандық жұмыс

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері,математика

Көрнекілігі: Алжапқыш түрі

Құрал - жабдықтар: жұмыс дәптері, тігінші сызғышы, түрлі - түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Өткенді қайталау:
ІІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Өткен сабақта біз алжапқыштың сызбасын құрғамыз. Бүгін «Алжапқыштардың ғажайып әлемі» туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Алжапқышты үлгілеу»
Бүгін барлығымыз сәнгер құрастырушы боламыз.
Сабақтың мақсаты - таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты үлгілеуді үйрену. Сәнгер – суретші, сәнгер - құрастырушы, тігін өндірісінің технологы, тігінші мамандықтарымен танысамыз.
Дәптерге тақырыпты жазғызу.
IV Жаңа сабақты меңгеру.
1. Оқушылармен әңгіме жүргізу
«Үлгілеу» дегеніміз не?
Бұйымды өзгертуге бола ма?
Алжапқыштың бөліктерін қалай өзгертуге болады?
Киімді құрау модельдеумен тығыз байланысты. Киім бөлшектерінің формаларын өзгерту және оларды көркемдеу модельдеу жолы арқылы орындалады. Бұйым бөлшектері форма бойынша бір - бірімен үйлесуі керек. Киімді дайындау және модельдеумен бірнеше кәсіптің мамандары айналысады. Олар:
Суретші - сәнгер – киімді үлгілейді. Мұндай жұмысты орындау үшін адамның дене пішінін, оның тепе - теңдіктерін, икемділігін білу қажет. Тігін ісінің технологиясын, сондай - ақ костюмнің құралу заңдылықтарын, тігіс, әрлеу сызықтарын түсіну керек.
Суретші – құрастырушы – сызбалар мен пішін бөліктерін дайындайды.
Тігін өндірісінің технологы – сызбаларға сәйкес киімді даярлау тізбектілігін әзірлейді.
Тігінші – тігін операцияларын орындайды.
Модельдеу – таңдап алған қалыпқа сәйкес пішін сызбаларын өзгерту процесі. Бұл – сәні мен қиюы жаңа киімді құрастырудың шығармашылық процесі. Модельдеудің бірнеше түрлері бар.
1. Көркем модельдеу – модельдердің жиынтығын құру, бұл жерде киімнің сәні мен стилін ескеруі керек, онымен суретші - сәнгер айналысады.
2. Техникалық модельдеу – эскиздер, суреттер бойынша сызбалар мен пішіндерді жасау, онымен сәнгер - құрастырушылар айналысады.
Кез келген сәнгердің жұмысы: “кім үшін – не үшін – неден” деген формуладан басталады.
Киім - пайдалануына қарай тұрмыстық, өндірістік, формалық болып бөлінеді. Тұрмыстық киімдер күнделікті, сәндік, үй, спорттық, ұлттық киімдерге бөлініп, өндірістік киімдерге арнайы және санитарлық киімдер жатады. Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш пен орамалды пайдаланған жөн. Алжапқыш киімнің алдын ластаудан сақтайды. Ал орамал шаштың бөгет болуынан, әрі ас әзірлегенде санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет. Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын, тігісі мықты болуы керек. Ең бастысы - шыттан, зығыр матадан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі, сырт көрінісі тартымды келеді. Киім тігерден бұрын алдымен қандай киім тігуді орналастыру керек. Содан кейін таңдаған киімді қандай сән үлгісімен тігетінді, соған лайық мата түрін таңдау қажет. Таңдаған матаның тігетін бұйымға өрнегі, түсі үйлесімді, сәйкес болуын естен шығармаған жөн. Осы кезде бұйымға қандай сәндік жұмыстар жүргізуді ойластырған жөн. Сәндеу үшін таспалар, сутаж, көмкерме тесьма қолданады.
Үлгілеу ережелері.
1. Алжапқыштың сызықтарын өзгерту кезінде бөлшектердің формалары әр түрлі болмауы керек екенін есте сақтау керек: егер төменгі жағы жартылай дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш болса, қалтасы немесе кеудесі дәл сондай формада болуы керек.
2. Егер алжапқыш түрлі - түсті матадан тігілсе, қиюын бір түсті ету қажет, сонымен бірге ол мата түсінің біріне сәйкес келуі керек.
3. Негізгі матаның суреті неғұрлым ірі, ашық түсті болса, қалтасының, етегінің суреті соғұрлым ұсақ болғаны дұрыс.
4. Ашық түсті маталарды ашық емес, ақ, қара, сұр түстермен үйлестіру керек.
5. Боз, түссіз маталарды ашық түсті қиындармен безендірген жөн.
Үлгілеудің әр түрлі тәсілдерін үйрету:
1. Көрнекіліктерден көрсету
- алжапқыштың төменгі бөлігін үлгілеу (қара. пр. 1)
- алжапқыштың қалталарын үлгілеу (қара. пр. 2)
V Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып сарамандық жұмыс жасау.
VI. Өткен тақырыпты бекіту.
1. «Модель» дегеніміз не?
2. «Үлгілеу» дегеніміз не?
3. Үлгілеудің қандай түрлерімен таныстыңдар?
4. Алжапқышты модельдеу нұсқаларын ата?
5. Көркем модельдеу деген не, ол жұмысты кім орындайды?
6. Техникалық модельдеу деген не, ол жұмысты кім атқарады?
7. Модельдеудің кезеңдерін атаңдар.
8. Матаға пішін бөліктерін қалай орналастыру керек?
VII. Сабақты қорытындылау
– Сабақтың мақсатына жеткенін хабарлау.
– Оқушыларды бағалау.
– Үйге тапсырма беру.
VIII. Үй тапсырмасы: Алжапқышты матадан пішуге пішім бөліктерін дайындау, шыт мата, жұмыс қорабы







Тексерілді:


























Күні:

Сыныбы: 6 а, ә, б, в

Сабақтың тақырыбы: Тік белдемшеге сыдырмақты, түймелікті орналастыру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білім түрлерімен қаруландыру

Білімділігі:белге киілетін бұйымдар түрлерімен таныстыру, белдемшенің шығу тарихымен таныстыру.
Дамытушылығы: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой өрісін дамыту; белдемшенің силуэті, пішімі өлшемі, фасоны бойынша алуан түрлі болатынын үйрету, бұйымның арналуына қарай , силуэтіне қарай, фасонына қарай мата таңдай білуге үйрету, әртүрлі фасонда конструкциялау және модельдеуге үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылығын арттыру. Эстетикалық талғамын қалыптасуға тәрбиелеу, адамгершілік қарым- қатынасқа тәрбиелеу, бір-біріне көмекке келуге, адамдардың еңбегін сыйлауға тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, әңгімелеу, өздік жұмыс

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері,математика


Көрнекілігі: Тік белдемше түрі

Құрал - жабдықтар: жұмыс дәптері,тігінші сызғышы,қарындаш


Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Өткенді қайталау:
III Жаңа сабаққа кіріспе

Киім- адам мәдениетінің құрама бөлігі. Киімнің шығуы аяздан, ыстықтан және басқа да климат жағдайынан қорғану керектігінен пайда болды.

IV Жаңа сабақты меңгеру.
Негізгі белдік бұйымға белдемше жатады. Оны жеке киім ретінде және костюм мен көйлектің қүрама бөлігі ретінде қарастыруға болады.Белдемшенің сыртқы көрінісіне сән үлкен әсер етеді, оның ұзындығы мен формасын өзгертуде , бүкпелерін орналастыруда , жалпы силуэтін өзгерткенде. Ең алғашқы киімнің түрі тері болып табылады, белді орап , баумен байлаған, киім бастамасы алжапқыш, белдемше, шалбар.Параграфта шығу тарихы әр ғасырда фасон турлерінің өзгертулері берілген.

XX ғасырдың 70 жылдарында сәнде түбегейлі өзгерістер болды. Киімнің сәнін анықтауда тек, қана оның фасоны мен ұзындығы ғана емес, сонымен бірге стиль туралы айтыла бастады. Әр стилдің ерекшелігіне пішімі, формасы , сәндеу түрлері, матасы, киімге керекті жиынтықтары, сонымен қатар әртүрлі толықтырулар, зергерлік бұйымдар мен косметика жатады.
Бүгінгі күнде қазіргі заманғы белдемше модельдерінде тарихи кезеңдердегі әртүлі қолдануды және қазіргі заманғы жаңалықтарды бірге қосып қолданады.

Белдемшені соңғы әшекейлеу және ылғалды – жылумен өңделуі:
а) әшекейлеу жұмыстары: клапын, қалта, фурнитураларын, түймені қадау;
ә) жіптерден тазалау;
б) ылғалдық – жылулық өңдеу;
в) дайын бұйымды іліп қою;
Белдемшеге қажетті өлшемдерді, қосымшаларды және өз өлшемдерін есептеп сызба сызуды, пішуді, қиюды білу; Өз өлемдерін алу және есептеп сызу;
Есептік формуласы бойынша менімен бірге мұғалімдер өлшем алады, сызба сызады.
Белдемше түрлері және оның негізгі конструкциясы.
Негізгі стилдері:класикалық, жастарға арналған, спорттық, джинсі стильі,фольклорлық

Белдемшелер белдік бұйымдарының ең басым тобын құрайды. Бедемше костюмнің бөлігі ретінде, жеке немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.
Белдемше: силуэті бойынша - тік, етек жағынан кеңейтілген, етегінен тарылтылған болып келеді. Ал пішімі жағынан – тік, қиықты, конусты болады.
Тік белдемшелер бір тігісті, екі немесе үш тігісті; қатпармен немесе қатпарсыз, кең етекті - жиырылған немесе қатпарлы болады.

V. Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып сарамандық жұмыс жасау.
VI. Өткен тақырыпты бекіту.
VII. Сабақты қорытындылау
«Еңбек етсең — көл көсір, Қандырады мейіріңді» деп ата бабаларымыз айтқандай бүгін біз ұйымшылдықпен жұмыстана отырып, белдемшемізді сызып, қиып бұйым дайындап шығардық, өзімізге риза болдық.
«Шебердің инесі де алтын, Соққан күймесі де алтын». Олай болса, шебер қолдардан шыққан алтын бұйымдарыңыз көбейе берсін - деп бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.

– Сабақтың мақсатына жеткенін хабарлау.
– Оқушыларды бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы: Тік белдемшені аяқтау.Тексерілді:



Күні:

Сыныбы: 8 а, ә, б, в

Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үй интерьері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй мәдениеті туралы түсінік беру.
Білімділік: Оқушыларды үйдегі жиhаздарды орналастыру тәртібін және түс үйлесімділігін дұрыс сәйкестендіріп таңдауға үйрету.
Дамытушылық: Жиhаздарды орынды орналастыру, түстерді дұрыс таңдай білу барысында оқушылардың ой - өрісін, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық  талғамға, мұқияттылыққа, зейінділікке, шаттық сезімге тәрбиелеу, өмір сүрудің және  адам қызметінің оптималды жағдайын жасай білуге, барлығын қажетті сәтте шеберлікпен орындай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, Сарамандық жұмыс.Сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: бүктеме, жиһаз түрлері.
Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақты түсіндіру. Тұрғын үй интерьері. Интерьер француз тілінен қазақша тіліне аударғанда ішкі деген мағынаны білдіреді.Сәулет өнерінде оны ішкі көрініс, ішкі жоба (жеке үйлердің және ғимараттардың ішкі көріністерін) жобалайтын ұғым. Интерьер архитектуралық шешімдерді (өлшемдер, пропорциялар,       жиһаздардың, құрылымдардың) жобасын көрсетеді.Перспективалық құрылымдарда вертикаль сызықтардың барлығы қатаң   түрде вертикаль сызылады. Себебі барлық құрастырулар көкжиек сызығына жақын орналасады.Вертикаль сызықтарының перспективалық қысқарулар   көру сәулесінің көкжиек деңгейінен бұрылғанда байқалады. Әр адамның әдемілік пен ыңғайлық туралы түсінігі әр түрлі. Жиhаздың сапасы тұтынушының жеке талабына сай болуы тиіс. Жұмсақ жиhазды сатып алу адам өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Жақсы жұмсақ жиhаз өмірін жайлы әрі әдемі етеді, үйіңді әрлендіріп айрықша стил де көрсетеді. Осындай жиhаздар үй иесінің ерекше талғамына хабар беріп үйдегі интерерьерлерге еріксіз назар аудартады.
Бүгінгі заманғы жиhаз топтамалары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Көбіне жиhазды жайлап, жылдар бойы сатып алады. Кез келген нәрсені арзандығына, ерекшелігіне қарай қызығып алуға болмайды. Алдымен бөлме жиhаздарын бірін - бірі құрып толықтыратындай етіп, көз алдарыңа келтіріп алу керек. Жиhаз сатып алмастан бұрын бөлмедегі басқа жиhаздармен үйлесімділік таба ма әлде тіпті ерекшеленіп тұрама, соған мән беру қажет. Еліміздегі жиhаз бизнесінің айналымында жүрген қаржы 1млрд долларды құраған болатын.
Бұл күндері жатын бөлме, Ас үй жиhаздары, парталар, жұмыс үстелі мен орындықтар, орынтақтар, компьютерге арналған үстелде, мектептер мен балабақша жиhаздары аса сұранысқа ие.
Пәтерді жабдықтаған кезде бөлменің ішін қалыптастырудың негізі болып табылатын пәтерді жоспарлауды бөлмелер санының, көлемін және олардың өзара байланыс схемасының маңызы зор.
Жиһазды іріктеп орналастыру, пәтерді жиһазбен жабдықтау. Бөлмені көркейтудің маңызды шарты. Бөлмеге жиһазды орналастырғанда олардың дұрыс үндестік табуын және табуын және қолдануға ыңғайлы болуын есте ұстаған дұрыс.
III. Сарамандық жұмыс. Тұрғын үй интерьері схемасы

IV.  Сабақты қорытындылау сұрақтары

1. Ата – бабамыздың мекен еткен қандай үйді білеміз?
2. Үйді жиһаздау дегеніміз не?
Қандай жиһаз түрлерін білесіңдер?
Киіз үйдегі жиһаздар
Қазіргі тұрғын
үйдегі жиһаздар
1. Жиһаз үйлесімділігі дегеніміз не?
2. Түстер үйлесімділігі дегенді қалай түсінесіңдер?

1.Эстетикалық әсемдеу дегеніміз не?

Тұрғын орынжайды күн сайынға жинауға қандай жұмыстар кіреді?

Интерьер түрлерін атаңдар?

Ауыл мен қала тұрғын үй интерьерінің айырмашылығы неде?

V. Оқушыларды бағалау
VI. Үй тапсырмасы: Тұрғын үй интерьері







Тексерілді:



Күні:

Сыныбы: 6 а, ә, б, в

Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үй гигиенасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй мәдениеті туралы түсінік беру.
Білімділік: Оқушыларға үй гигиенасы жайлы түсінік беру
Дамытушылық: Жиhаздарды орынды орналастыру, түстерді дұрыс таңдай білу барысында оқушылардың ой - өрісін, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа,әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: бүктеме, жиһаз түрлері.
Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау

III Жаңа сабаққа кіріспе

Адамзаттың ұрпағы ежелден-ақ айналасындағы табиғаттың терең сырлары мен құпияларын білуге, қоршаған ортасымен үйлесімді өмір сүруге талпынып келеді. Соның нәтижесінде олар дамып, жетілу сатысына сәйкес үңгірлерде тіршілік кешуден бастап жеркепе, лашық, жер үй тәрізді баспаналарды ойлап тауып, қазір көп қабатты жайлы да жарық ғимараттардағы пәтерлерде, жеке котедждерде өмір суретін ахуалға ие болды. Енді оларды үй ішіндегі үйлесімді тірлікті қалай орнатуға болады, осы мәселе қатты толғандыруда. Осыған орай біз Шығыс ілімдерінің негізінде үйде үйлесімді өмір сүру қағидалары туралы ұсыныстарды, ақыл-кеңестерді ортаға саламыз.

IV Жаңа сабақты меңгеру
Тұрмыс гигиенасының негізі — пәтерді күтіп, таза ұстау. Бөлмеге жиһазды толтырып жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады. Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп, еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезені кірлетпей уақтылы сүрткен абзал. Жұмсақ жиһаз бен кілемдерді шаңсорғыш пен тазалаған жөн. Бөлменің ауасы таза болуы үшін терезе желдеткішін күніне 3 мәрте: таңертең дене шынықтырған кезде, бөлмені жинастырғанда және ұйықтар алдында (пешпен жылытылатын үйлердерде пеш жағылатын уақытқа туралаған жөн) 30 минуттай ашып, желдетіп алу қажет. Жазда терезелерді ашып қойған дұрыс
Ол – бөлмелердегі тазалық. Бұл мұнда өмір сүрушілердің көңіл күйлері мен денсаулығы үшін аса қажет. Сол себепті бөлмелерді жиі тазалап, ауасын жаңартып, шаң-тозаңын кетіріп, иісін жақсартып тұру қажет. Бөлмелерге әртүрлі жиһаздарды толтырып, заттарды жинай беру шаңның көбеюіне жол береді, үйді таза ұстауды қиындатады.
Тазалық сақтау үшін мынандай жұмыстарды атқару қажет:
1. Күн сайын бөлменің, ондағы заттардың шаңын сүртіп тұру.
2. Еденді дымқыл щеткамен, сыпырғышпен жайлап сыпыру.
3. Аптасына екі рет еденді жуып отыру.
4. Терезені, жақтауын кірлетпей сүрту.
5. Жұмсақ мебель мен кілемдерді шаңсорғышпен тазалау.
6. Күніне 3 рет терезе желдеткішін 30 минуттай ашып, бөлмелерді желдету: а) таңертеңгілік дене шынықтырғанда. ә) бөлмені жинастырғанда. б) ұйықтар алдында.
7. Жазда терезеге тор ұстап, ашып қою.
8. Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштерді де пайдалану.
9. Үйдегі, дәретханадағы, ас бөлмесіндегі ауа тартқыштарды тазалап, ашық ұстау.
10. Жуылған кірді балконда, аулада жайып, кептіру (үйде кірді кептіргенде сыз тартады, ауаны ылғалдайды).
Мұның бәрі «Тұрғын үй гигиенасы» деп аталады.
V. Өткен тақырыпты бекіту

1. Тұрғын үй гигиенасы деген не?

2. Үйді қалай күту керек?

3. Күніне бөлме ішін қанша рет желдету керек?
VI. Сабақты қорытындылау

Уйдің іргетасын көктемде немесе жазда қалайды; үйді аю бадам өскен жерге, жол торабына, моланың үстіне, адам өлген жерге салуға болмайды; құрылыс заттарын өрт болған жерден, жанұясы оапт болған үйден сатып алмайды; найзағай түскен орында құрылыс бастамайды; өртенген моншаның орнына да үй салмайды. Осы дәстүрді сақтамаса үй салған адам бақытқа бөленбейді, дейді халық ырымы.

VII. Оқушыларды бағалау
VIII. Үй тапсырмасы: Тұрғын үй гигиенасы жайлы түсінік

Тексерілді:

Осыдан шығарам Күні:

Сыныбы: 5 а,ә,б,в,г

Сабақтың тақырыбы: Киім және аяқ киім күтімі. Жеке бас гигиенасы
Сабақтың мақсаты: Киім, аяқ - киім жайлы жан - жақты мағлұмат беру
Білімділігі: Киім және аяқ - киім жайлы, олардың гигиеналық талаптарын түсіндіру
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - танымдық, есте сақтау, іскерлік қабілеттерін арттыру
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, эстетикалық талғамдарын арттыру
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,

Пәнаралық байланыс: Биология

Көрнекілігі: дербес компьютер


Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу
Ә) Сабаққа назарын аудару
II Үй тапсырмасын сұрау
ІII.Жаңа сабаққа кіріспе
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

Адам жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек. Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.
Аяқ - киім ыңғайлы, берік, сәнді әрі гигиена талаптарына және киілу шарттарына сай келіп, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет. Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл – қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет. Жаңа аяқ - киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек. Аяқ - киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы шарт. Башпайдың аяқ - киім тұмсығына сәл жетпей тұрғаны жөн.
Мектеп оқушылары мен төменгі сынып оқушыларының аяқ - киім өкшесінің биіктігі - 1 - 2 см.Жоғары сынып оқушылары - 2 - 3 см аяқ - киім кигені жөн.
Сол сияқты кроссовкаларды үнемі киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяк дерттерін туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады.Аяқ - киімді кремдеуден бұрын оны шаң мен кірден тазалап алу керек. Жылтырап тұруы үшін крем жаққаннан кейін әуелі щеткамен, содан соң түгі бар жұмсақ матамен ысқылау қажет.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
« Топтастыру» әдісі
ҮI Қорытынды
Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілінуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт пайда болуы мүмкін, үнемі тар джинсі киіп жүргендіктен. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, көк, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.
Балалардың киіміне өте назар аударған жөн. 15-16 жастағы қыздар өте әсем киінгені дұрыс. Әсіресе аяқ киімдері дұрыс болғаны жөн. Театрларда, басқа да сауық кештерінде киім тіпті көз тартатындай болуы керек. Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ дейді қазақ. Бұл нақыл сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Өмір қағидасынан алынған болуы ықтимал.

ҮII Бағалау
Сәйкестендіру тесті. Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
«Топтастыру»
ҮIII Үйге тапсырма
«Киім және аяқ - киім гигиенасы» жалпы түсінік







Тексерілді:











Шығармайм Күні:

Сыныбы: 8 а,ә,б

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат туралы түсінік. Компьютерді тігін өндірісінде және қолөнерде пайдалану.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Құрақ үлгілерін копьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс – тәсілдерін меңгеру, алған білімдерін компьютер арқылы көрсетуге, жинақтауға дағдыландыру.
2.Тәрбиелік: Өз халқының салт – дәстүрін құрметтей білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімдерін іс – жүзінде шығармашылық көрсетуге ықпал ету, сарамандық іс – әрекеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,Сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: Информатика, сызу, геометрия
Құрал – жабдықтары: компьютер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
. Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау
ІІ.Үйтапсырмасын сұрау

III.Жаңа сабаққа кіріспе
Ақпарат туралы түсінік.
Қазіргі кезде әлемде ақпарат және ақпараттық технологияның маңызы ерекше. Сендер осыған дейін 7 сыныпта информатика пәнінен ақпарат туралы мағлұмат алдыңдар.
Ақпарат дегеніміз не?
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.
Адам ақпарат арқылы не істей алады?
Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру
Біз газет – журналдар оқығанда, ақпаратты есте сақтап жинаймыз. Сендер радиодан бұрын естіген жаңалықтарды бірнеше күн өткеннен кейін біреуге айтып бере аласыңдар. Демек, адам миы ақпараттарды тек қабылдап қана қоймай, сақтай да алады. Адамзаттың жинаған білімі мен тәжірибесі өте көп. Сондықтан адамның миы оларды түгел сақтай алмайды және қабылдаған ақпаратты өзгеріссіз жеткізе алмайды. Сол себептен оларды сақтау үшін, сыртқы ақпарат тасушылар: қағаз, папирус, түлі таспалар, дискілер қолданылады.
Екіншіден, адам ақпаратты жеткізе алады:
Мысалы: бір – бірімізге сөйлескенде, теледидардан хабар естігенде. Кітап оқығанда. Әңгіме кезінде бір адам айтушы яғни, ақпарат беруші. Екінші адам тыңдаушы яғни, ақпарат қабылдаушы болды. Кітап оқыған кезде сен қабылдаушы болсаң да, автор беруші болды. Ал оқыған кітабыңның мазмұнын біреуге айтқанда сен ақпарат беруші боласың, тыңдаушы адам ақпаратты қабылдаушы болады.
Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады:
Мысалы:
1)Сендер есеп шығарғанда шартын оқулықтан оқисыңдар – ақпарат аласыңдар;
2)Есепті шешесіңдер, ақпаратты өңдейсіңдер;
3)Нәтижесін мұғалімге көрсетіп, ақпарат бересіңдер;
Сонымен адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді, жеткізеді. Осының бәрі ақпараттық процесс болып саналады.
Компьютер – ақпараттық процестерді таратуда қолданылатын негізгі құрал болып табылады.
Компьютерді қолдану аясы:
1.Құжаттарды дайындаудың мол мүмкіншіліктері.
2.Керек ақпаратты кешенді сақтау.
3.Керек ақпаратты кешенді сақтау.
4.Берілген каталогтер бойынша банк құру.
5.Локальдық желіні ұйымдастыру.
6.Электрондық поштамен жұмыс.
7.Презентацияларды құжаттастыру.
8.Сызбаларды дайындау.
Компьютер технологиялық процестерді басқаруға көмектеседі. Оның ішінде тігін өндірісі де бар. Киім дайындау үшін жобасын сызу, техникалық операцияларды орындау, бұйымды өңдеу сияқты көптеген сатылар
автоматтандырылған. Автоматтандырылған тігін машиналары операция жылдамдығын арттырып, жұмыстың дәл орындалуын қамтамасыз етеді. Мұндай автоматтарды компьютермен басқарады. Аз ғана минут ішінде қажет өлшемде конструкцияланған киім модельдерін жасау үшін ЛЕКО фирмасында жасалған бағдарлама қолданылады. Компьютерде сән журналынан киім таңдап, өлшемдерді енгізіп басуға жібереді.
Мұндай компьютерлік техниканы пайдаланып,қысқа уақыттың ішінде дәл пішімді алуға болады. Сонымен бірге компьютерден маталар, материалдар, бөлшектерді және өңіржиектерді өңдеудің әр түрлі әдіс тәсілдері туралы ақпарат алуға болады. Сол сияқты Компьютер қолөнер саласында көп кездеседі, әсіресе кестелеу мен құрақтарда.
Қазіргі таңда кестелеуге арналған компьютермен автоматтандырылған тігін машиналары бар.
V.Сабақты бекіту.
Сарамандық жұмыстың тақырыбы:
«Құрақ үлгілерін компьютер көмегімен жобалап,сызып үйрену»
Компьютерді іске қоспас бұрын техника қауінсіздігін еске түсірейік.
1.Кабельдердің қосылған орындарына тиюге;
2.Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге;
3.Мұғалімнің рұқсатынсыз аппаратураларды іске қосуға, үзуге;
4.Кітап, дәптер және тағы басқа заттарды монитордың, пернетақтаны үстіне қоюға;
5.Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
VІ. Қорытынды: «Рефлекция»
Сабақтың ұнаған жағы

YII. Бағалау

YIII.Үйге тапсырма беру: Ақпарат туралы түсінік. Компьютерді тігін өндірісінде және қолөнерде пайдалануы жайлы түсінік

Тексерілді


Күні:

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Ас үй.Балаларға арналған бөлменің интерьері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй мәдениеті туралы түсінік беру.
Білімділік: Оқушыларға үйдегі жиhаздарды орналастыру тәртібін және ас үй, балалар бөлмесі жайлы түсінік беру
Дамытушылық: Жиhаздарды орынды орналастыру, түстерді дұрыс таңдай білу барысында оқушылардың ой - өрісін, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, Сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: бүктеме, жиһаз түрлері.
Пән аралық байланыс: Психология, бейнелеу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгендеу.Сабаққа даярлығын бақылау.

II. Жаңа сабаққа кіріспе
1. Ата – бабамыздың мекен еткен қандай үйді білеміз?
2. Үйді жиһаздау дегеніміз не?
3. Қандай жиһаз түрлерін білесіңдер?
4. Ас үй бөлмесінде қандай жиһаздар болады?

5.Балалар бөлмесінде қандай жиһаздар болады?
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Әр адамның әдемілік пен ыңғайлық туралы түсінігі әр түрлі. Жиhаздың сапасы тұтынушының жеке талабына сай болуы тиіс. Жұмсақ жиhазды сатып алу адам өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Жақсы жұмсақ жиhаз өмірін жайлы әрі әдемі етеді, үйіңді әрлендіріп айрықша стил де көрсетеді. Осындай жиhаздар үй иесінің ерекше талғамына хабар беріп үйдегі интерерьерлерге еріксіз назар аудартады.
Асүй. Қазіргі пәтерлердің асүйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады.Негізінен ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім тігу сияқты үйдің басқа да ұсақ-түйек істері сол бөлмеле атқарылады. Ас үй мақсатына, жабдықталуы мен пайдаланылуына қарай тамақ әзірленетін асүй, тамақ ішетін асүй, яғни асхана деп бөлінеді.Тамақ әзірлейтін асүй негізінен тамақ әзірлеуге және шаруашылық жұмыстарын істеуге есептелген. Мұндай асүйде отбасы мүшелері тамақты әр кезде, бөлініп-бөлініп ішеді.Тамақ ішетін асүйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс.Асүйде атқарылатын барлық жұмыс түрінің ішіндегі ең негізгісі — уақытты көп алып, күштің де көбірек жұмсалатыны — тамақ әзірлеу және ыдыс-аяқты жинау.Тамақ әзірлеуге әйел күніне орта есеішен 4 сағат уақыт жұмсап, бірнеше км жер жүреді екен. Оның үстіне асүйдегі жұмыс жағдайынық қолайсыздығымен бірге (ыстық, ылғал, булану, шу, ауа құрамының өзгеруі) әйелдің тамақты негізінен тік тұрып әзірлейтінін де естен шығармау керек. Асүйдегі жұмыстар тиімді түрде ұйымдастырылса, үй шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын уақытты қысқартып, еңбекті жеңілдетуге әбден болады.

Балаларға арналған оңаша бөлме.Балаларға арналған оңаша бөлменің күн көбірек түсетін жақта болғаны абзал. Онда балалар ұйықтайды, сабаққа дайындалады, ойнайды, сурет салады. Ересек балалар дыбыстық жазбаларды тыңдап, фото және радио әуесқойлық өнерімен, модельдер жасаумен шұғылдана алады. Сондықтан бұл бөлмелерді жиһаздағанда балалардың жас шамасын ескеру қажет. Балалардың қолды-аяққа тұрмайтын ойынпаздығы олардың барынша еркін қимылдап ойнауы үшін көп кеңістік бөлуді талап етеді. Балалар бөлмесінде басы артық ешнәрсе болмауға тиіс. Егер семьяда екі бала болса, жиналмалы мебель, мысалы күндіз жиналып қойылатын кереуеттер болғаны жөн. Қабырғаға тақап қойылған шкафқа бекітілген қайырмалы кереуеттерді де пайдалануға болады. Күндіз көрпе-төсекті бүктеп жинап, кереуетке екі таңғышпен байлап тастайды. Қос қабат кереуеттерді де пайдалануға болады, бұл ретте жоғарғы кереует бүтіндей астыңғы кереуеттің үстіне орналастырыл ады. Кейде төменгі қабаттағы кереуеттің үстіне жоғары қабаттағы кереуеттің бір бөлігі ғана орналастырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда үстіңгі кереуеттің астындағы кеңістік киім кешек салатын жәшіктер қою үшін пайдаланылады. Қауіпсіз болуы үшін жоғарғы қабаттағы кереуетке биік белеушелер жасайды. Ал кәдімгі кереуеттердің арасына көрпе-төсек сейсептерін салатын аласа әбдіре қоюға болады. Абзалы екі кереуетті бұрыш жасап орнатқан жөн. Егер кереуеттерді қарама-қарсы қабырғаларға тақап қойса, онда оларды бір-біріне қарама-қарсы орналастырмағак жөн; мұның өзі олардың арасындағы жолды тарылтып, жүріп-тұруға қолайсыз етеді. Бөлменің ені жеткілікті мөлшерде кең болғанда (3 м және одан да кеңірек) бір кереуетті қабырғаның ұзына бойына кесе-көлденең орнатуға болады. Бұл бөлмені екіге бөлуге мүмкіндік береді. Оның терезеге жақын бөлігін сабаққа дайындалуға, ал түпкі жақты ұйықтауға арнау керек. Бірнеше ұясы бар аласа екі әбдірені көлденең қойса да, бөлме екіге бөлінеді.

IY.Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып сарамандық жұмыс жасау.Балалар бөлмесінің интерьері

Y. Сабақты қорыту сұрақтары

1. Ас бөлмесінің басқа бөлмелерден айырмашылығы не?

2. Балалар бөлмесінің басқа бөлмелерден айырмашылығы не?

3. Балалар бөлмесінің қандай болғаны дұрыс?

4. Ас үй жабдықтарын ата?

YI. Сабақты бекіту

Бүгінгі заманғы жиhаз топтамалары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Көбіне жиhазды жайлап, жылдар бойы сатып алады. Кез келген нәрсені арзандығына, ерекшелігіне қарай қызығып алуға болмайды. Алдымен бөлме жиhаздарын бірін - бірі құрып толықтыратындай етіп, көз алдарыңа келтіріп алу керек.

YII.Оқушыларды бағалау

YIII.Үйге тапсырма: Ас үй.Балаларға арналған бөлменің интерьері жайлы түсінік










Тексерілді:













Күні:

Сыныбы: 7 а,ә,б,

Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу технологиясы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу технологиясы 
                                                      туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Кесте тігістерінің орындалу әдістерін меңгерту, қол икемділігін 
                            дамыту,талғампаздыққа баулу.
Тәрбиелік: Қолөнерді үйрету арқылы  салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: сарамандық.
Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, сызу.
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар.
Құрал - жабдықтар: ине, қайшы, кергіш, жіп.
Сабақтың барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгелдеу.Сабаққа  дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын бағалау.
ІII. Жаңа материалды меңгерту.

  1.Қолөнер  - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне ,этетикалық талғамына  байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, айқыш- ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте, және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.Біз кесте  дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп, кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу  арқылы кестеленеді.
      Шым кесте тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай  немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.  Кесте тігуге қажетті негізгі құрал – жабдықтың бірі кергіш.  Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. 
IҮ. Сарамандық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
1. Инені аузыңа салма
2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.
4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.
5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.
Нұсқау карта
Жұмыстың орындалу реті. Керекті заттар
1. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы
2. Матаға өрнекті салу
3. Матаны кергішке керу
4. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу
 1 - кезең.  «Түкті кесте» тігу технологиясы. Кестені кергішке керу арқылы орындайды.Кергіш төртбұрыш немесе дөңгелек болуы мүмкін.Бұл кестенің бедері сүлгінің (орамалдың) түгі тәрізді болып келеді. Таңдалған кестенің сызбасын матаның теріс жағына сызады. Мата жұмсақ тез тесіліп қалмайтын болуы шарт. Кестелейтін жіпке келсек: кесте тігуге арналған түрлі түсті жіпті қалауынша пайдалануға болады. 
       Ал түкті кестеге арналған «кестенің бізін»  мал егуге арналған жуантық шприцтің инесінен дайындайды. Инеге тігін машинасының инесі тәрізді тесік жасап, ұшынан 1см жер қалдырып, резина (өшіргіштің бөлшегі)өткізіп дайындайды. Жіпті иненің бойымен өткізіп келіп,тесіктен кері өткізу қажет. Кесте тартымды болу үшін тігістің ара қашықтығы 1-2мм, тігін машинасының тігісі тәрізді түсуі қажет. Бұл кестемен әркімнің өз қалауына қарай  жастық, төсек жапқыш (плет), қабырғаға ілуге арналған бұйымдар т.б жасауға болады.
2 - кезең. Жастықша кестелеу
3 - кезең. Айқас тігісімен  кестелеу.
4 - кезең. Бисермен кестелеу.
Ү. Сабақты қорытындылау
Мақал мәтелдер
1. Алтын кемер белге сән ------------------(Ақылды жігіт елге сән)
2. Адам өнермен әсем ------------------------(Аң жүнімен әсем)
3. Дау қуған жау табады -------------------------(Өнер қуған қазына табады)
4. Ата көрген оқ жонар_--------------------------( Шеше көрген тон пішер)
5. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем)
6. Киіс пішсең, кең піш ---------------------(Тарылтуың оңай)
7. Өнер іздеген өсер ---------------------(Өсек іздеген өшер)

ҮІ. Сабақты бекіту. Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.

ҮІІ. Бағалау

YIII. Үйге тапсырма: Кесте тігістерін тігу











Тексерілді:





Күні:

Сыныбы: 9 а,ә,б

Сабақтың тақырыбы: Моншақтан гүл тоқу: гүл шоғыры.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға моншақтан гүл тоқуды үйрете отырып, композициялық панно жасау.

Білімділік мақсаты: оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру; шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту; алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.

Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу; тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

Сабақтың әдісі: аралас, сарамандық.

Пәнаралық байланыс: биология; гүлдердің түрлері, құрылысы; бейнелеу өнері; композиция құрау, түстерді таңдау; тарих; бисердің пайда болу тарихы.

Көрнекіліктер: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, схема, кітаптар, журналдар.

Қажетті жабдықтар; моншақ, бисер, таяқша моншақ, картон, мыс темір сым.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу)

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа тақырыппен таныстыру: моншақпен гүл тоқу: гүл шоғырын тоқу.

Бисердің тарихы. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Дегенмен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финкия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финкиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Еш нәрсе таппаған олар кемеден селитраның (натрий қосындылары) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ финкиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.Кейбір деректер бойынша әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Жұмыс орнын ұйымдастыру: бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі қарқынды жүруі үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алу, әсіресе ол жерде бисерді қалай орналастыруды ойластыру қажет. Ол үшін (бисерді орналастыру) бір бедерлі фланельді жастықшаға ұқсас төрт бүктеп, түрлі-түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайда өте терең емес (5-10 мм) тәрелеклерге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салағн жөн, не болмаса жақтаулары өте биік емес қорапшалар пайдаланауға болады.Бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтмасыз етлуі керек. Болмаса, көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.

4. Сарамандық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы-параллельді тоқу. Яғни, сым бисердің қуысынан параллель өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдісін қарап көрейік. Қарапайым жапырақ немесе гүлдің жапырағы келесі түрде орындалады. Ұзындығы мейлінше 20-30см, болатын сым алынады, оған таңдалған үш бисер кигізіледі (2сурет), кейін сымның келесі ұшымен екі бисерден бір-біріне тығыз орналасып, үш моншақтан тұратын үшбұрыш құралады. Осы жерде сымдардың екі ұшының ұзындығы тең болуына көңіл аудару қажет. Содан соң сымдардың кез келген басына үш бисер өткізіп, арғы басымен қарсы параллель жүргіземіз (26 сурет). Жұмыс 1 негізгі параллель тоқу схемасына сәйкес жалғасады (2г-сурет). Жапырақ шашылып қалмау үшін соңғы қатар орындалған соң, сымның ұштарын мықтап бұраймыз. Осындай үлгіден 5-8 жапырақша тоқып, оны біріктіру арқылы гүл, не болмаса, бұтақ құрауға болады.Шалып тоқу әдісі. Шалып тоқу әдісінің ең қарапайым әдісі-бір бисерден тұратын элемент (2д, е-сурет) көсетілген. Бұл суретте схема:1-2-3-4-5-4-3-2-1 формуласына сәйкес орындалады.(Табиғат сыйы», Гүлденген жаз табиғаты әр жанның көңілінен шығарлық. Табиғаттың байлығы өзінің әркелкілігімен, түстердің байлығымен көздің жауын алады.Ұсынылған модельді схема табиғатта кездесетін әр түрлі форма мен көлемнің үлгісі.Бұл жұмысқа қажетті заттар;
дөңгелек формадағы ақ түсті бисер 15-20г.

дөңгелек қызғылт сары бисер 3г

3 м жуық мыс немесе темір сым.

Орындау ережесі: Гүлдің дайындау ережесі әдеттегідей жапырақшасынан басталады. Берілген гүлдің нұсқасы 5 жапырақтан тұрады. Ол үшін әр қайсысы 40см болатындай алдын ала 5сым, ақ және қызғылт сары бисер дайындау қажет. Схемада көрсетілген ретпен алғашқы рет мынадай: алдымен сымға 11 бисер өткізіп оны ортасына орналастырамыз, осыдан кейін сымның бір ұшына 4 бисер кіргізіп, алдыңғы 5 моншақты қалдырып, қалған 6- моншақтан өткіземіз. Сымның келесі басына да 4 моншақ кигізіп алып сымды орталық және келесі 5 бос бисерден кіргіземіз (3 а-сурет). Сымның соңын жақсылап тартып схема бойынша жалғастырамыз (3ә-сурет).

5а-1қс-5а

6а-қ, с-6а

7а-1қ, с-7а

8а-1қ, с-3а-1қ. с-3а-1қ. с-4а

4а-1қ, с-3а-1қ, с-3а-1қ, с-4а

4а-1қ, с-3а-1қ с-3а-1қ, с-4а

4а-1қ, с-2а-1қ, с-2а-1қ, с-4а

3а-1қ, с-2а-1қ, с-2а-1қ, с-3а

3а-1қ, с-1а 1қ, с-1а-1к, с-3а

1а-5қ, с-1а

5қ, с

4қ, с

Гүлдің ортасын орындау үшін 10 см сым алып, оған 7 жасыл, 3 сары түсті бисермен схема бойынша орындалады (3б-сурет). Оны схеманың көмегімен 5 модель дайындап, оған орындалған гүлдің жапырақшаларын біріктіріп, сымдарын қосып бұраймыз. Алғашында күрделі көрінген гүліміз дайын.

Сирень. Бұл модель-релистік өсімдіктің миниатюралы көшірмесі десек те болады. Үлгіде гүлдің тек бір ғана бұтағының (таяқшасы) схемасы берілген, алайда композиция құрау үшін, әрине мұндай бұтақтың бірнеше түсте және әр түрлі конфигурациялы болып келеді. Табиғат болашақ композицияның әр түстілігін өзі-ақ ымдағандай: ақтан бастап күлгін түстің әр түрлі реңдерін пайдалануға болады.

Модельді орындауда шалып тоқу техникасы-сиреньді тоқуға, параллель тоқу әдісі-жапырақ тоқуға қолданады. Сиреньді тоқуға сол сияқты іші қуыс болған түссіз бисер өте қызықты әсер қалдырады. Жұмысқа қажетті құрал жабдықтар:

-11 дөңгелек формалы бисер: 50-60г күлгін түсті; 30-40г ақ-түсті; 3-4 м мыс немесе темір сым.

Орындалу реті: ұзындығы 25-30 см болатын шамамен 20 сым кесіп дайындау керек. Бұл шоғырда дайындауды екі әдіспен орындауға болады (4а, ә-сурет).

Біріншісі: қалаған ұзындықтағы сымға 4 немесе 5 моншақ өткізіп алып бисерлерді сымның ортасына апарамыз, екі ұшын да қайырып бір-біріне мықтап ораймыз. Осы әдісті пайдалана отырып, бірнеше гүлдерді дайындаймыз (4а-сурет). Осылайша осы бұтақтарды біріктіріп сирень құрауға болады. Екінші тәсілде осы іспеттес (4ә-сурет), әр гүлдің түбінен бұрап жеке гүлдерден қол шатыр тәріздес бұтақ құрап: барлық гүлдерді бір деңгейге қойып бір нүктеде қосу керек (4б-сурет). Әр қол шатыр 5-6 гүлден тұрады.4-5 бұтақтарды бір-біріне тізбектей жинап, үлкен ортақ бұтақтың пішінін құрайды. Сиреньнің жапырақтарын әр түрлі көлемде қалаған ретпен параллель тоқу тәсілімен орындаймыз. Осыдан кейін гүл мен жапырақтарды өзара сымдарды орау арқылы композициямыздың негізгі элементтері орындалды. Дайын болған гүлдерімізді миниатюралы құмыраларға, мата тартылған картонға, тіпті болмаса сәндік үшін киіміміздің жиегіне, жағасына, алқымына қыстыруымызға әбден болады.

5.Сабақты қорытындылау.

Пайдалы кеңестер.Сыртқы көрнісін жақсарту үшін: бисер-айтарлықтай салмақты материал, кейбір күрделі немесе көлемді бұйымдар солып, салбырап қалуы да мүмкін. Сондықтан бұталарын қатайту үшін арнайы диаметрі 0,6-1,2мм болатын флористикалы сымды пайдаланған жөн. Мұндай сым өзінің жуандау диаметріне қарап гүлге қажетті пішін бере алады.Кейде жұмыс барысында сымның үзіліп кетуі де мүмкін. Егер бұл жұмыстың басында кездессе, қайта бастаған дұрыс болар, ал жұмыстың біршама бөлігі орындалып қойса, үзілген ұшын 1-2 қатар босатып төменде көрсетілген екі тәсілмен бекітуге болады.

6.Сабақты бекіту

Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.

7.Оқушылардың жұмысын бағалау

8.Үйге тапсырма беру. Жумысты сәндеу







Тексерілді:



























Күні:

Сыныбы: 5 а, ә,б,в,г

Сабақтың тақырыбы: Көкөніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы

Сабақтың мақсаты: Көкөністер түрлерімен танысып, ажырата біледі. Ойлау, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, айналадағы дүниені танумен қатар өмірмен ұштастыра білуге үйренеді. Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбек сүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді.

Көкөніс дақылдарымен танысады, түрлерін ажыратады. Көкөніс шаруашылығы саласының ерекшелігін анықтайды.

Негізгі идея Көкөніс дақылдары – көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр-жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: биология

Көрнекілігі: плакаттар

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, түгендеу,зейіндерін сабаққа аудару

Суреттер арқылы топқа бөлу.Тренингке қатысады.

Қызығушылықты ояту⦁«Сандар сөйлейді» ойыны

Сергіту сәті «адам бейнесі»

Сұрақтары: басыма- мен не түсіндім?

Жүрегіме – не түйдім?

Қолыма- өмірде қалай қолданам?

Әр топтан бір оқушы жауап береді.

2.Уй тапсырмасы

Сергіту сәтінде оқушылар адам бейнесіне өз ойын жазу арқылы үй тапсырмасына кері байланыс жасайды.

1.Жұмбақтар шешу:

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

(сәбіз)

Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр.

(Қызылша)

3. Суреттер және муляждармен жұмыс.

4. «Көкөністер» тапсырмалар тобы.

3.Жаңа сабақ барысы

Мәтінді өз беттерінше оқып, керек жерін түртіп дәптерге жазып алады. Жеке, содан соң топпен талқыға салады, ой бөліседі, сұрақтарын талдайды.

Ой толғаныс «Көкөніс базары» ойыны.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылайды.

Бағалау Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға кері байланыс парағы стикерге жазылады. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады. Қызыл түс-«3», сары түс-«4», жасыл түс-«5».Бағаланады, мадақталады. Кері байланыс жасайды.

4.Жаңа сабақ мәтіні:

Көкөністер. Көкөністер мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

тамыржемістілер — ⦁тарна, ⦁сәбіз, ⦁асханалық қызылша, ақжелкен түйнегі, ботташық, ⦁шалқан, ⦁тұрып, ⦁шомыр, балдыркөк түйнегі;

жапырақтылар (тамаққа жапырағы мен жуан сағағын пайдаланады) — қырыққабат, ⦁салат, ⦁саумал, ⦁аскөк, жапырақты және сағақты балдыркөк, жапырақты ақжелкен, рауғаш, ⦁қымыздық;

жемістілер (тамаққа жас түйнегі мен піскен жемісі жарамды) — қызанақтар, ⦁баклажандар, тәтті және ащы бұрыштар, қияр,⦁қарбыз, ⦁қауын, ⦁асқабақ, ⦁кәді, ⦁самсар, ⦁гүлді қырыққабат, ⦁бұршақ, ⦁лобия, ⦁атбас бұршақ, ⦁қант жүгерісі;

баданалылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады) — шалқан пияз, сарымсақ, порей, батун пияздары, шнитт пиязы;

дәмдік-татымдық көкөністер — ⦁биден, ⦁кориандр, ⦁кресс-салат, ⦁зере, ⦁жалбыз, ⦁майорон қияр шөбі, ⦁эстрагон.

Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні - құрамында өте сіңімді заттардың, ішінара көмірсулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам ағзасына қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майлары мол. Мысалы, картоп — крахмалға, ал қызылша —қантқа бай; қырыққабатта С витамині, ал сәбізде — ағзада А витамині түзілетін — каротин (А провитамині көп); рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк — хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністерді қосса тағам жақсы қорытылып, олардың жақсы сіңірілуіне жәрдемдеседі. Көкөністер ас қорытудың бүкіл процесін реттеп отырушы болып табылады. Олардың ем-дәм тамағын дайындаудағы рөлі де зор. Көкөністердің жұғымдылығын сақтау үшін оларды дұрыс өңдеп, содан кейін барып әзірлеу керек. Көкөністердің сырты микробтармен, оның ішінд ішектің жұқпалы ауруын қоздырушы микробтармен, гельминттердің жұмыртқаларымен ластануы мүмкін, сондықтан пайдаланбастан бұрын суық сумен мұқият жуу қажет. Тамыржемістер мен картопты тазалап жуып, қабықтарын жұқалап аршиды, шіріген, бүлінген жерлерін алып тастайды. Көкөністерде витаминдер мен минералды тұздар тікелей қабықтың астында болатындықтан, олардың қабығын жұқалап аршиды. Тазартылған көкөністерді неғұрлым ірілеу тураса, ондағы витаминдері солғұрлым азырақ жойылады; картоптың кішігірім түйнектерін бөлмей тұтас пісірген жөн. Тазартылған көкөністерді су ішінде қалдыруға болмайды, өйткені олардың бойындағы нәрлі заттары жойылып, дәмі бұзылады. Тазаланған көкөністерді 3 сағаттан артық (12° С-тан аспайтын температурада) сақтауға болмайды. Жас қиярды, тұрыпты, сәбізді қабығын аршымай пайдаланады. Салат, винегрет жасау үшін картоп, қызылша, сәбізді тазартпай-ақ пісіре береді. Қабығымен пісірген картопта тазартылған картопқа қарағанда С витамині екі есе артық сақталады.

«Көкөністер» тапсырмалар тобы:

Көкөніс шөптесін өсімдікке жатады. Көкөністер 1 жылдық және 2 жылдық болып бөлінеді.1 жылдық көкөністер тұқым арқылы гүлдеп, жеміс береді де, күзде тіршілігін жояды. 1 жылдық көкөністерге: картоп, қызанақ, баклажан, қияр, асқабақ жатады.

2 жылдық көкөністер осы жылы тұқымға қажетті қор затын жинақтап, келесі жылы гүлдеп, жемісін береді. 2 жылдық көкөністерге: пияз, орамжапырақ, сәбіз, сарымсақ жатады.

5.Қорытындылау

Көкөністер жылу сүйгіш және суыққа төзімді болып келеді. Мысалы, қауын, қызанақ, қияр жылуды жақсы көреді. Ал, сәбіз, қызылша суыққа төзімді болады. Көкөністер бақшада өсіріледі.

Оқушының аты-жөні:

Сұрақ: 1 және 2 жылдық көкөністерге жататын өсімдіктерді сәйкестендіріңдер.

11 жылдық өсімдіктерге жататын өсімдіктерА) Сәбіз, сарымсақ,

Ә) Картоп, қызанақ

22 жылдық өсімдіктерге жататын өсімдіктер

Б)Пияз, орамжапырақ

В)Баклажан, қияр, асқабақ

Сұрақ: Көкөністерден жылдам әрі пайдалы тағам дайындауға бола ма? Сен қандай тағам дайындар едің?/шығармашылық тапсырма/

6.Сабақты бекіту

«Көкөніс базары» ойыны.

1. Көкөніс қайда? (Бақшада)

2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)

3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)

4. Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)

5. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу)

6. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)

7. Көкөністердің құрамында қандай дәрумендер кездеседі?

8. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?

9. Көкөністерді қалай күтіп өсіреміз? (құнарлы топырақ, арапшөп жұлу, суару)

10. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде отырғызады? (көктем)

11. Көкөністерді қай мезгілде жинап алады? (күзде)

7.Оқушылар бағаланады.

8.Үйге тапсырма: «Менің сүйікті көкөнісімнің пайдасы» туралы әссе жазу.Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Күні:

Сыныбы: 5 а,ә,б,в,г

Сабақтың тақырыбы:Тұқым егу және жеміс - жидектер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрақ және шырынды жемістермен таныстыру.
Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, қайталау.
Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, тірек сызбалар, тест, жеміс.


Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Өтілген тақырыптарды қайталау.
а) Тірек - сызбаларды пайдалана отырып, проблемалық сұрақтарға жауап алу.
Табиғат
өлі тірі
адам, жануар, өсімдік, тамыр
Өсімдік, сабақ
Жапырақ
ІІІ. Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу.
1. Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп-өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.
Күнделікті өзіміз жейтін жемісті ата – аналарың күтіп, баптап өсіреді. Олар неше түрлі жеміс береді.
Ал жемістер қайдан шығады?
Сызба арқылы түсіндіру:
Тұқым өскін гүлден түйін
Жеміс жемістің ішіндегі тұқым
ІV. Оқулықпен жұмыс.
А) Жемістің пайда болуы
Ә)Тұқым мен жемістің әр өсімдікте пісіп-жетілуі. Өсімдіктердің тұқымы алуан түрлі болады. (Жергілікті жермен байланыстыру)
Шыршы – бүр
АҒАШ Қарағай – бүр
Емен – жаңғақ
Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктерді атаңдар.
- Алма, қауын, қарбыз, қияр, т. б.
Шырынды Өсімдік сыйы
Дәрі-дәрмек Құрғақ

Бүкіл өсімдіктер жемістің ішінде болатын тұқымынан өседі.
(Оқулықтан оқыту)
Венн диаграммасын құру
Оқулықпен жұмыс. Теріп оқу.
1. Адамның негізгі қорегі
2. Тұқым арқылы көбею
3. Ағаштар
4. Бақбақ
5. Селеу, қара сұлы
VІ. Сабақты бекіту.
«Бәйге» ойыны арқылы қорыту, бағалау.
1. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады?
2. Өсімдік не арқылы көбейеді?
3. Тұқым мен жеміс өсімдіктердің қандай мүшесі?
4. Шиенің тұқымы қандай?
5. Егістік өсімдіктерінің тұқымы қалай аталады?
6. Бақабақ, қоға өсімдіктерінің тұқымы қалай аталады?
7. Өсімдіктің тұқымы қалай аталады?
8. Жапырақтағы жасыл бояу . . .
9. Тұқым қалай тарайды?
10. Жемістер қалай бөлінеді?
YII. Үйге тапсырма.
1. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.
2. Жемістердің суретін салу.
YIII. Бағалау.














Күні: 19.03.2016жыл

Пәні: Технология

Сыныбы: 6,7,8 сынып қыздары

Сабақтың мақсаты: Қолөнерді терең меңгере отырып, қабілетін ұштау және қолөнерді түсініп, жоғары бағалауға, дәстүрімізді қастерлеуге тәрбиелеу. Қыз балалардың қолөнеріне деген ынтасын арттыру, шеберлігін жетілдіру, бейімділігін дамыту, осы уақытқа дейін үйренген, меңгерген білімдерін іс жүзінде орындап, көрсету.
Көрнекілігі: Плакаттар, нақыл сөздер, оқушылар көрмесі, гүл шоқтары,интерактивті тақта
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі:дәстүрлі

Пәнаралық байланыс: Музыка, математика, бейнелеу өнері, тарих
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, қымбатты әріптестер! Бүгінгі бізідің апталық аясында ұйымдастырылып отырған 5-9сынып қыздары арасындағы «Қыз еркем, кестесімен көркем» атты сайысымызға хош келіпсіздер деймін. «Өнер дегеніміз - адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» (Лев Толстой)демекші мұндағы сайысты ұйымдастырып отырғандағы мақсатым, қыз балалардың қолөнеріне деген ынтасын арттыру, шеберлігін жетілдіру, бейімділігін дамыту, осы уақытқа дейін үйренген, меңгерген білімдерін іс жүзінде орындап, көрсету болып табылады.

Би Қара жорға
1-жүргізуші:

Сымбатына сән киім жарасатын
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сымбаты сай кеп тұрған,
Қыздарыма қызығып қарасасың.

Сайыстың барысымен таныстырып өтейін:

1 «Таныстыру»

2 «Белес» (мақал - мәтелдер)

3 «Асу» (матамен жұмыс)

4 «Өткел» Көрмеге барайық
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулері өрнек сапты.
Терме ұстап, енді бірі ши ораса,
Оюдан түйін түйіп тамсаныпты...- дей отыра сайысымызды бастайық.
Сайысымызға әділ баға беретін қазылар алқасын тағайындап алайық
1-
жүргізуші:
1.Қыздардың өзін таныстыруы

2. «Кен асылы - жерде
Сөз өнері - елде» - демекші өнер, еңбек, шеберлік, іскерлік жайлы мақал сайысы

3. Қиялдан шыққан туынды (Ұлттық киім дизайны аппликация.Көйлек, етік т. б.) Дайын киім үлгісіне 10 минуттың ішінде матадан ою ойып, оны киімге бекіту керек.

4.Көрмеге барайық(Үй тапсырмасы) « Кілем сыры түгінде,
Кестенің сыры түрінде» - демекші ерке қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған қолөнер көрмесін тамашалайық.
Ал, бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазылар алқасына сөз берейік.
Қорытынды сөз. Марапаттау, мадақтау.
Сайыс соңында әділ қазылар алқасы қорытынды шығарды. Жеңімпаз қыздарды марапаттаймыз.

Осымен 5-9сынып қыздары арасындағы «Қыз еркем, кестесімен көркем» атты сайысымыз аяқталды,хош сау болыныздар


















Технология пәнінің мұғалімі: Жайлауова А.Б

































24 лицей

Мемлекеттік коммуналдық мекемесі







«Қыз еркем, кестесімен көркем»

(Сайыс сабақ)












Орындаған: Технология пәнінің мұғалімі

Жайлауова А. Б












2016жыл



Автор
Дата добавления 06.06.2016
Раздел Технология
Подраздел Видеоуроки
Просмотров225
Номер материала ДБ-111448
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх