Инфоурок Информатика Другие методич. материалыКестелермен жұмыс 8 сынып

Кестелермен жұмыс 8 сынып

Скачать материал

Пән: Информатика

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Кестелермен жұмыс

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды көрсету.

Дамытушылық: Білім деңгейлерін анықтау,  пәнге деген қызығушылығын дамыту.  

Тәрбиелілік: Ақпараттық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  ДЭЕМ. Слайд.Дидактикалық материалдар. Сызбалар.

 Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, Деңгейлік тапсырмалар.  Миға шабуыл, Топтастыру.

Сабақтың типі:   Практикум элементтері бар түсіндірмелі- көрнекілікті..

 

Сабақтың жоспары:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

А) сәйкестендіру

Ә) семантикалық карта

III. Жаңа тақырып.

IҮ. Практикалық жұмыс.

Ү. Сабақты бекіту

ҮІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар!

Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында барлығымыз семантикалық картамен сәйкестендіру кестесін толтырамыз.

 II. Үй тапсырмасын тексеру   

А) Сәйкестендіру

 

 

Орта бойынша туралау

 

Маркерлер

 

Курсив

 

Мәтіннің түсін өзгерту

 

Оң және сол жақ шеттері бойынша

 

Нөмірлеу

 

Қаріп өлшемін өзгерту

 

Жартылай қалың

 

Оң жақ бойынша туралау

 

Асты сызылған

 

Сол жақ бойынша туралау

 

Қаріпті өзгерту

 

Ә) Семантикалық картаны толтыру

 

 

Орындатпау, болдырмау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Буферден қою

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көшіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын ауыстыру, жылжыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаріп өлшемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтіннің екі жаны бойынша туралау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінді ортасына туралау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баспаға беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа құжат құру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Жаңа сабақ

Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай –ақ кесте безендіруді  үйренулеріңіз керек.

Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры  кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.

Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

 

Кесте құрудың үш әдісі бар:

  1. Аспаптар панелінен «Добавить таблицу» батырмасын басу арқылы.
  2. Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.
  3. Вид - Панели инструментов - Таблицы и границы командаларын орындау арқылы.

 

Аспаптар панелінен шекаралар белгісін пайдалана отырып, өзгертуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы үш әдістің айырмашылығы мынада: 1 әдіс бойынша компьютер 5 бағаннан артық емес кесте құрады. Егер үлкен санды бағандар кестесін құру керек болса, онда екінші әдісті қолданамыз. 3-ші әдісі қолмен салуды көрсетеді. Біз көбінесе екінші әдісті қолданамыз.

Сонымен, дәптерге «Меню жолы» арқылы кесте құру, безендіру және жиектеу алгоритмдерін жазып алайық.

Кесте құрудың алгоритмі

  1. Меню жолынан «Таблица» командасын таңдау.
  2. «Добавить таблицу» батырмасын шерту.
  3. «Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.
  4. «ОК» батырмасын шерту.

Кесте безендіру алгоритмі

1.      Кестені бөліп алу.

2.      «Таблица» - «Автоформат» командаларын орындау.

3.      Формат пішімін таңдау.

4.      ОК батырмасын шерту.

Кесте жиектеу алгоритмі

1.      Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.

2.      Формат> Границы и заливка

3.      Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады

4.      Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.

Сонымен, біз сіздермен кесте құру, безендіру мен жиектеудің алгоритмін жаздық. Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.

-         Мен қазір сіздерге бірнеше мысал көрсетемін, сендерде қандай кесте құрылуы мүмкін.

-         Экранға мұқият қараймыз. Мұнда әрине, кесте бағандарының ені бірдей болып

 келеді. Маустың немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.

Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки  (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып,  кестені құруға және жоюға болады. 

Әрқайсыңның партаңда деңгейлік тапсырмалардың жоспары жатыр. Жоспар бойынша MS Word мәтіндік процессорын жібереміз.

 

IҮ. Практикалық жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

І. Міндетті деңгей (5 ұпай)

 

1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу /Таблица > Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.

2.  «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.

3. 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр.

4. Кестенің басынан тағы 1 баған қосыңыз. Оған Р/с деп жазыңыз.

 «Менің сабақ кестем»

 

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кім өзінің сабақ кестесін жатқа білмейді, күнделігінен қарап жазуға болады.

 

ІІ. Лайықты деңгей (10 ұпай)

 

  1. Стандартты саймандар қатарындағы Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.
  2. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
  3. Кестеге Формат > Шекаралар және құю /Формат > Границы и заливка/ командасы арқылы жиектеу орналастыр

Оқушы туралы мәлімет

 

Р/с

Оқушының аты-жөні

Туған жылы

Мекен-жайы

Телефоны

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

ІІ. Жоғары деңгей (15 ұпай)

 

  1. Кестені қолдан сызып шығу арқылы (Түр> Аспаптар тақтасы > Кестелер мен шекаралар (Вид > Панели инструментов > Таблицы и границы) командасын орындау арқылы сызықтың типі мен түсін таңдап кесте құрыңыз.
  2. Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз
  3. Кестені белгілеу – Формат > Направление текста /Мәтін бағыты/ командасы арқылы 1-ші бағанды толтыр.
  4. 1-ші жолдағы мәліметтерді ортаға туралап, қарайтылған (Ж), қисайтылған (К) түрде жаз.
  5. Кестенің соңынан тағы 1 баған қос оң жағына, оған Қолы деген мәлімет енгіз.
  6. Tab пернесін басып 1 жол қос, 4-ші ұяшықты біріктір.
  7. Мұғалімге көрсетіңіз.

 

«Менің күнделігім»

 

Күні

Пәндер

Үйге тапсырма

бағасы

31.10.09Сенбі

1

2

3

4

Тарих

География

Математика

Информатика

 

 

 

Кестемен жұмыс

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер, мен сіздерге жақындаймын.

Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар компьютерді дұрыс өшіріп, орындарыңды ретке келтіріңдер.

Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс жасадыңдар.

Практикалық жұмысты бағалау.

 

Ү. Сабақты  бекіту үшін «Ақпараттық  диктант» орындаймыз.

 

1.                  Кестені даярлау үшін....            Кесте > Кесте қосу

2.                   Ұяшықтарды біріктіру үшін......      Кесте > Біріктіру

3.                  Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан?    Стандартты

4.                  Ұяшық дегеніміз не?.......             Баған мен қатардың қиылысуы

5.                  Кестеге жақтау орналастыру үшін........  Формат> Шекара және Құю > Шекара

6.                   Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне.......   tab

7.        Ұяшықтарды бөлу командасы...........    Бөлу

8.        Жолдарды кірістіру...............Кесте > Кірістіру > Жол қосу                

 

Сабақтың қорытындысы.

            Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды.

ҮІ. Үйге тапсырма: Деңгейлік тапсырмаларды аяқтау. Шығармашылық жұмыс.

Әр оқушы өзінің сабақ үлгерім бетшесін жасау

(Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру  эл.түрде)

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңа рахмет! Келесі аптада жолығамыз.

ҮІІ. Бағалау.

 

                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау кестесі

 

Оқушының

аты – жөні

Тапсырмалар

Үй тапсырмасы

Міндетті деңгей

5 ұпай

Лайықты деңгей

10 ұпай

Жоғ. деңгей

15 ұпай

Ақпараттық диктант

1 ұпай

Қорт.

Баға

Амангельдиева  А

 

 

 

 

 

 

 

Джамереденов С

 

 

 

 

 

 

 

Зұлбықарова Ж

 

 

 

 

 

 

 

Мақсотов М

 

 

 

 

 

 

 

Орынғалиева М

 

 

 

 

 

 

 

Сағыналиева А

 

 

 

 

 

 

 

Хасанов Е

 

 

 

 

 

 

 

Сарсанбаев Б

 

 

 

 

 

 

 

Сайфетденов Ә

 

 

 

 

 

 

 

Жумарстанова Ә

 

 

 

 

 

 

 

Хамитова З

 

 

 

 

 

 

 

 

 

40-бен 30 аралығы – 5 (өте жақсы)

30-бен 20 аралығы – 4 (жақсы)

20-мен 10 аралығы – 3 (қанағаттанарлық)

 

Ескерту:

  1. Үй тапсырмасы үшін әр дұрыс жауапқа  1 ұпай
  2. Ақпараттық диктанттың әр сұрағына  дұрыс жауапқа 1 ұпай қойылады. 
  3. Деңгейлік тапсырмалар орындағанына байланысты ұпай қойылады.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кестелермен жұмыс 8 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 964 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 1701
    • DOCX 165.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рамазанова Гулжихан Кенжебаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1778
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов