Инфоурок Музыка Другие методич. материалыКиелі аспап -Қобыз 5сынып

Киелі аспап -Қобыз 5сынып

Скачать материал

09.12.2015ж

5 «Б» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз

Білімділігі: Оқушыларды қобыз аспабымен таныстыру, күй атасы - Қорқыт жайлы түсінік беру,

қобызға арналған күйлерді тыңдату.. Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана

сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып

баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық. Музыкалық қабілеттерін одан әрі дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін

арттыру. Туған жерді сүюге- патриотизмге баулу.

Тәрбиелік: Музыка арқылы адал, сезімтал, адамгершілікті, салауатты, инабатты бала

тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қобыз аспаптары- слайд , үнтаспа, Қорқыттың суреті,

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, музыка тыңдау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме?

-Сәлем бердік сізге!

Сұлу сазды әнім,

Күймен жырлар сәнім.

Ән сабағы сыйласын,

Жарқын көңіл бізге.

2.Дауыс қалыптастыратын жаттығу.( Үйренген әндерді қайталау)

3.Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.

(Лира, Чаткан, цин аспаптары туралы мағлұмат)

hello_html_m716686e3.pnghello_html_65f8a4fe.png

4.Жаңа сабақ:

1.«Киелі аспап - қобыз»

(Слайд арқылы түсіндіріледі)

а) Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Скрипка аспабының атасы саналатын қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген.

Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш - қуат береді.

Қобыз шанағы кеспек ағаштан шауып жасалатын, көне ішекті аспап. Ертеде қобыздың ішектері малдың кептірілген ішегінен, ал садаққа ұқсас ыспасы аттың қылымен тартылады. Дәстүрлі түсінікте қобыз аспабы, қобыздың аты аңызға айналған Қорқытпен байланыстырып, сиқырлы күші бар бақсылық аспабы деп танылды.

Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді.(Қорқыттың суреті)

«Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VIII - IX ғасырда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел, шеберкүйші және жыршы болған. Кішкентай күнінен бастап көптеген аспаптарда шеберлікпен ойнаған. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.

Оның Қорқыт атануы Қорқытты анасы үш жыл бойы құрсағында көтеріп, босанған кезде,аспанды қара құйын басып кетеді, айнала көзге түртсе көргісіз болады және де адамға ұқсамайтын кебенекте туып, ел қорқып қашып кетеді. Кейін кебенек жарылып, адам нәсілді баланы көріп, халық қайта оралып оның атын Қорқыт қояды. Қорқыт туралы аңыздар көп. Оның өмірінен, ажалмен арпалысуы. Қай жерге барса да, Қорқыттың көрі деген сөз қалған. Қорқыт өлмейтін жер іздеп дүниені кезіп кетеді. Бірақ барлық жерде де өзіне қазылған көрді көріп, Сырдарияның жағасындағы «жер ұйықта» қобызын тартып отырады.

Қобыз – тек музыкалық аспап қана емес, ата-бабаларымыздың қасиет тұтып табынғаны, емдеу амалдарының бірі болып табылады. Қобыздың бір қазақта қаншама түрі бар. Бірақ бұл қазақта ғана бар аспап. Өзге халықтарда қобызға ұқсас музыкалық аспаптар өте көп. Солардың бәрі тамырын қобыздан алған деген ғалымдар арасында болжамдар жоқ емес. Ол қобыздың бағзы заманнан бері келе жатқандығынан, Қорқыттың көзін көрген киелілігінен. Қорқытты айтсақ қобызға соқпай кетпейміз, қобыз жайлы жазсақ та Қорқытты айтпау күнә секілді.

Қобыздың жасалауында да өзіндік бір сыр бар. Ол ерекше шеберлікті қажет етеді. Қара ағашқа тіл бітіру – тек қолында Алла берген өнері бар жанның ғана қолынан келеді. Зерттеушілер ең алғаш пайда болған қобыз шырғай ағашынан жасалған дейді. Ал оның арғы тегін садақпен байланысты

Қобыздың құрылымы мен құрылысы да күрделі. Ол – ең алдымен ыспалы аспаптардың қатарына жатады. Ол үш бөліктен құралады: басы, кеудесі және аяғы. Қазіргі кезде шеберлер қобызды қайың, арша секілді ағаштардан шауып жасайды. Ал оның үнін ерекше әуезді, жаныңды жеткізердей әсерлі ететін ішегін жылқының қылынан іледі. Сондықтан да оны кейде қылқобыз деп те атайды. Қазақта бір қобыздың өзінің бірнеше түрі бар. Атап айтсақ,

шаң қобыз,

нар қобыз,

қыл қобыз т.б. енді осыларды қысқаша сипаттасақ: а) нарқобыз – бір немесе қос қобылы, ширатылған таспа ішекті, ысқышы да таспадан, көлемі қобыздан үлкен;

ә) қылқобыз – жетілдірілген, шанағы, мойны, басы, құлағы, қобысы ықшамдалған, ішегі мен ысқышы қылдан тартылған (ішегі екеу). Қобылы. Ағаш және тері қақпақты.

hello_html_m4a34cca7.png

Б) сымқобыз – жетілдірілген. Ішегі сымнан жасалған үш немесе төрт қатарлы. Қобылы, беті ағаш және теріден жабылған.

hello_html_m323248c2.png

В) зарқобыз – жетілдірілген. Қобысыз, жалпақ, беті ағаштан жасалған. Шанағының тұрпаты виолға ұқсайды. Төрт сым ішекті. Даусы ерекше ащы да зарлы болып келеді.

hello_html_m24c056c6.png

Ал осындай аспаптар өз тұрқын қазақтың қара қобызынан алғаны – біз үшін үлкен мақтаныш!

Қобыз – қазағымның қуанышы да, қайғысы. Арман-мұңы, өкініші мен өткені.

1968 жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияда қылқобыз сыныбы ашылып, белгілі сазгер, ғалым, академик А. Жұбановтың шақыруы бойынша, Ж. Қаламбаев дарынды жас қобызшыларды дәстүрлі күй өнерімен таныстырып, оларға тәлім-тәрбие беруді жалғастырды. Олар: Б. Қосбасаров-Құрманғазы атындағы консерваторияның білікті маманы, профессор, Қ. Әжімұратов-ҚР Еңбегі сіңірген әртіс, керемет қобызшы, ол өзінің ұстазы сияқты домбыраны да жетік меңгерген, ән де салған. Көп жылдары Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің бас тобының концертмейстері болып еңбек атқарған. Ә. Жұмабекұлы- қобызшы, ұлағатты ұстаз, Қазақстанның мәдениет қайраткері және т.б.

2..Ән үйрену.

«Қазақтай ел қайда»

Сөзі: Н Айтов

Әні:Ж Дәулет

1.Көңілі көлдей толқыған

Қазақтай ел қайда

Даласы жусан аңқыған

Өзіңдей жер қайда

Киелім

Таусылмас саған айтарым

Ардақтап өтейін

Бабадан қалған байтағым

Садағаң кетейінКиелім

Қайырмасы

Күлімдеп жатқан көлден

Көк орай шалғын белден

Құбыла соққан желден

Айналайын

Тілегін тәңір берген

Қасиет қонған елден

Ел үшін туған ерден

Айналайын

V.Қорытынды:

1) Қорқыт ата кім болған?

2) Қорқыттың Қорқыт деп атануы?

3) Қобыз аспабының шығу тарихы?

VI.Бағалау

VII.Үй тапсырмасы:

1.Қобыз аспабының шығу тарихымен танысу.

2.Қазақтай ел қайда?-үйрену.











Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Киелі аспап -Қобыз 5сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

5сынып

Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз

Білімділігі: Оқушыларды қобыз аспабымен таныстыру, күй атасы - Қорқыт жайлы түсінік беру, қобызға арналған күйлерді тыңдату.. Қобыз күйлері арқылыоқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық. Музыкалық қабілеттерін одан әрі дамыту. Шығармашылық

белсенділіктерін арттыру. Туған жерді, халық музыкаларын сүюге- патриотизмге баулу.

Тәрбиелік: Музыка арқылы адал, сезімтал, адамгершілікті, салауатты, инабатты бала тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қобыз аспаптары- слайд , үнтаспа, Қорқыттың суреті,

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, музыка тыңдау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме?

-Сәлем бердік сізге!

Сұлу сазды әнім,

Күймен жырлар сәнім.

Ән сабағы сыйласын,

Жарқын көңіл бізге.

2.Дауыс қалыптастыратын жаттығу.( Үйренген әндерді қайталау)

3.Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.

(Лира, Чаткан, цин аспаптары туралы мағлұмат)

20090304101513576.jpgz%C3%85%C2%82ota-grecka-lira-17908589.jp

4.Жаңа сабақ:

1.«Киелі аспап - қобыз»

(Слайд арқылы түсіндіріледі)

а) Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Скрипка аспабының атасы саналатын қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген.

Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш - қуат береді.

Қобыз шанағы кеспек ағаштан шауып жасалатын, көне ішекті аспап. Ертеде қобыздың ішектері малдың кептірілген ішегінен, ал садаққа ұқсас ыспасы аттың қылымен тартылады. Дәстүрлі түсінікте қобыз аспабы, қобыздың аты аңызға айналған Қорқытпен байланыстырып, сиқырлы күші бар бақсылық аспабы деп танылды.

Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді.(Қорқыттың суреті)

«Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VIII - IX ғасырда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел, шеберкүйші және жыршы болған. Кішкентай күнінен бастап көптеген аспаптарда шеберлікпен ойнаған. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.

Оның Қорқыт атануы Қорқытты анасы үш жыл бойы құрсағында көтеріп, босанған кезде,аспанды қара құйын басып кетеді, айнала көзге түртсе көргісіз болады және де адамға ұқсамайтын кебенекте туып, ел қорқып қашып кетеді. Кейін кебенек жарылып, адам нәсілді баланы көріп, халық қайта оралып оның атын Қорқыт қояды. Қорқыт туралы аңыздар көп. Оның өмірінен, ажалмен арпалысуы. Қай жерге барса да, Қорқыттың көрі деген сөз қалған. Қорқыт өлмейтін жер іздеп дүниені кезіп кетеді. Бірақ барлық жерде де өзіне қазылған көрді көріп, Сырдарияның жағасындағы «жер ұйықта» қобызын тартып отырады.

Қобыз – тек музыкалық аспап қана емес, ата-бабаларымыздың қасиет тұтып табынғаны, емдеу амалдарының бірі болып табылады. Қобыздың бір қазақта қаншама түрі бар. Бірақ бұл қазақта ғана бар аспап. Өзге халықтарда қобызға ұқсас музыкалық аспаптар өте көп. Солардың бәрі тамырын қобыздан алған деген ғалымдар арасында болжамдар жоқ емес. Ол қобыздың бағзы заманнан бері келе жатқандығынан, Қорқыттың көзін көрген киелілігінен. Қорқытты айтсақ қобызға соқпай кетпейміз, қобыз жайлы жазсақ та Қорқытты айтпау күнә секілді.

Қобыздың жасалауында да өзіндік бір сыр бар. Ол ерекше шеберлікті қажет етеді. Қара ағашқа тіл бітіру – тек қолында Алла берген өнері бар жанның ғана қолынан келеді. Зерттеушілер ең алғаш пайда болған қобыз шырғай ағашынан жасалған дейді. Ал оның арғы тегін садақпен байланысты

Қобыздың құрылымы мен құрылысы да күрделі. Ол – ең алдымен ыспалы аспаптардың қатарына жатады. Ол үш бөліктен құралады: басы, кеудесі және аяғы. Қазіргі кезде шеберлер қобызды қайың, арша секілді ағаштардан шауып жасайды. Ал оның үнін ерекше әуезді, жаныңды жеткізердей әсерлі ететін ішегін жылқының қылынан іледі. Сондықтан да оны кейде қылқобыз деп те атайды. Қазақта бір қобыздың өзінің бірнеше түрі бар. Атап айтсақ,

1.шаң қобыз,

2. нар қобыз,

3.қыл қобыз т.б. енді осыларды қысқаша сипаттасақ: а) нарқобыз – бір немесе қос қобылы, ширатылған таспа ішекті, ысқышы да таспадан, көлемі қобыздан үлкен;

ә) қылқобыз – жетілдірілген, шанағы, мойны, басы, құлағы, қобысы ықшамдалған, ішегі мен ысқышы қылдан тартылған (ішегі екеу). Қобылы. Ағаш және тері қақпақты.

53c3637c1ae65ae6b70122f407a927ba_XL.jpg

Б) сымқобыз – жетілдірілген. Ішегі сымнан жасалған үш немесе төрт қатарлы. Қобылы, беті ағаш және теріден жабылған.

12700.jpg

В) зарқобыз – жетілдірілген. Қобысыз, жалпақ, беті ағаштан жасалған. Шанағының тұрпаты виолға ұқсайды. Төрт сым ішекті. Даусы ерекше ащы да зарлы болып келеді.

diferite-tipuri-kobyz.jpg

Ал осындай аспаптар өз тұрқын қазақтың қара қобызынан алғаны – біз үшін үлкен мақтаныш!

Қобыз – қазағымның қуанышы да, қайғысы. Арман-мұңы, өкініші мен өткені.

1968 жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияда қылқобыз сыныбы ашылып, белгілі сазгер, ғалым, академик А. Жұбановтың шақыруы бойынша, Ж. Қаламбаев дарынды жас қобызшыларды дәстүрлі күй өнерімен таныстырып, оларға тәлім-тәрбие беруді жалғастырды. Олар: Б. Қосбасаров-Құрманғазы атындағы консерваторияның білікті маманы, профессор, Қ. Әжімұратов-ҚР Еңбегі сіңірген әртіс, керемет қобызшы, ол өзінің ұстазы сияқты домбыраны да жетік меңгерген, ән де салған. Көп жылдары Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің бас тобының концертмейстері болып еңбек атқарған. Ә. Жұмабекұлы- қобызшы, ұлағатты ұстаз, Қазақстанның мәдениет қайраткері және т.б.

2..Ән үйрену.

«Қазақтай ел қайда»

Сөзі: Н Айтов

Әні:Ж Дәулет

1.Көңілі көлдей толқыған

Қазақтай ел қайда

Даласы жусан аңқыған

Өзіңдей жер қайда

Киелім

Таусылмас саған айтарым

Ардақтап өтейін

Бабадан қалған байтағым

Садағаң кетейінКиелім

Қайырмасы

Күлімдеп жатқан көлден

Көк орай шалғын белден

Құбыла соққан желден

Айналайын

Тілегін тәңір берген

Қасиет қонған елден

Ел үшін туған ерден

Айналайын

V.Қорытынды:

1) Қорқыт ата кім болған?

2) Қорқыттың Қорқыт деп атану себебі?

3) Қобыз аспабының шығу тарихы?

VI.Бағалау

VII.Үй тапсырмасы:

1.Қобыз аспабының шығу тарихымен танысу.

2.Қазақтай ел қайда?-үйрену.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 518 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 8646
    • DOCX 2.2 мбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калымбетова Гулнар Мырзатуреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13179
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мировая музыкальная культура от Баха до Шнитке

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 80 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания по классу фортепиано: начальный уровень подготовки (практический курс)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания электромузыкальных инструментов и компьютерной музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе