Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Киімді құрастыру пәнінен «Іскерлік ойын» сабағының әдістемелік дәйектемесі Сабақтың тақырыбы: 4 бөлім. Ерлер сырт киімдерін құрастыру ерекшеліктері Тақырып: 4.5 . Фрактың сызба конструкциясын есептеу және құрастыру

«Киімді құрастыру пәнінен «Іскерлік ойын» сабағының әдістемелік дәйектемесі Сабақтың тақырыбы: 4 бөлім. Ерлер сырт киімдерін құрастыру ерекшеліктері Тақырып: 4.5 . Фрактың сызба конструкциясын есептеу және құрастыру


библиотека
материалов

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ











«Киімді құрастыру пәнінен

«Іскерлік ойын» сабағының әдістемелік дәйектемесі



Сабақтың тақырыбы: 4 бөлім. Ерлер сырт киімдерін құрастыру ерекшеліктері

Тақырып: 4.5 . Фрактың сызба конструкциясын есептеу және құрастыру










Орындаған: арнайы пән оқытушысы

Уразова Лира Шериновна








Алматы 2015-2015ж

Ойын арқылы оқушылардың ойлау, қарым-қатынастық қабілетін арттыру


Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.

Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама – топтық   жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені  ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында.

Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардан оның ерекшелігі- қатысушыларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің өмірлік тәжірибесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүшелері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.

-сергіту сәті (драмалық фазасы)

-психодрамалық әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы)

-кіріктіру фазасы, қатысушылар өз пікірлері мен әсерлерімен алмасады.

Психодрамалық әрекеттер кульминациялық нүктесіне жеткенде,  топтың эмоционалдық қуаты шарықтау шегіне жетіп, «катарсис» - жан дүниесінің тазаруы жүзеге асады. Эмоционалдыққабылдау сәтінде жағдайды басқаша бағалау, қабылдау жүзеге асқандықтан, тұлға аралық қақтығыстарды жағымды шешуге ықпал етеді. Психодрамалық әрекетке режиссер, протогонист (қойылым негізіне тәжірибесі алынып отырған адам), оның әріптестері және аудитория (рөлі жоқ көрермендер) қатысады.

Психодрамаға қатысушылар әрекетке түсу барысында ішкі қайшылықтар мен маза бермейтін ойларынан арылып, емдік терапия жүреді. Сонымен қатар көрермендер де терең эмоцианалдық қоюалжуды бастан кешіретіндіктен, топ мүшелерінің өзара сезіммен бөлісуі жүзеге асады. Рөлдік ойын барысында қатысушылар өз тәжірибесін басынан қайта кешіп қана қоймайды, оны талдап, мінез-құлықтың жаңа моделін сынап көреді.

Психодрамаларда сезімге қатысты мәселелер қарастырылса, әлеуметтік драмаларда өзара қатынас деңгейіндегі мәселелер қарастырылады.

Интерактивті әдістер – қарым-қатынас пен біріккен әрекетті танудың жолдары мен тәсілдеріне меңзейді,  белсенді диалог негізінде құрылады. Қатысушылар бірігіп жұмыс жасауға үйренеді; өз ойларын ортаға салып,  пікірталасқа түседі; өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерді анықтап,  өзін-өзі бақылай,  бағалай білуге машықтанады. Олардың қатарында өзіміз тәжірибеде қолданып жүрген мынадай әдістерді атап өтуге болады: «ми шабуылы»,  «дөңгелек стол» рольдік және  іскерлік ойындар,  медитация,  дискуссия,   тренингтік жаттығулар және т.б. Білімгерлерді кең ойлауға,  шабыттандыруға негізделген тренингтік жаттығулар жеке тұлға белсенділігін және топтық даму деңгейін көтеруге бағыталған әлеуметтік – психологиялық оқыту және білімгерлерді тәжірибелік бағытта психологиялық дайындауда мүмкіндік беретін оқыту әдістерінің ең тиімдісі ретінде сабақтарда кеңінен қолданылып жүр.

   Мәселен рольдік ойын элементтерін пайдалана отырып,  Абайдың он жетінші қара сөзін талдағанымызда білімгерлер  «қайрат»,  «ақыл»,  «жүрек» рольдеріне ене отырып,  пікірталасқа түсіп,  ғылымға жүгінеді. Мұнда әрбір «роль» өзінің дұрыстығын,  ақиқаттығын,  адамзат үшін қажеттілігін,  адалдығын дәлелдеп өзін жақсы тұстан көрсеткілері  келеді. Сонда ғылым жүректің әрі билеуші,  әрі әмірші екендігін айғақтап,  үшеуінің де бір кісіде табылса,  одан асқан бақыттың жоқ екендігін айтады. Мұндай талқылаулар білім құндылығы туралы түсінікті тереңдетіп,  дамытады.

   Сабақтарда осы сияқты пікірталастар қызықты да тартысты өтіп жүр. Оның бірден-бір себебі: оқытушы – білімгер,  білімгер – білімгер арасында жағымды қарым-қатынастың орнауы. Жағымды қарым-қатынас - өзін-өзі және өзгені тану,  білу,  дамытуда ерекшеленіп,  эгоцентризмнен,  өзіндік ұстанымнан альтруизмге,  өзгеге, басқаға бағыталған ұстанымға көшуде көрініс береді. Ол қатысушылардың өзара түсіністігін тереңдетіп,  бірінің жан дүниесін бірі ұғынуға, жағдай жасайды.

   Жағымды қарым-қатынасты іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы үлкен роль атқарады. Интерактивті оқытуды ұйымдастыруда,  біздің байқағанымыз,  жағымды қарым-қатынас орната білетін білімгерлердің психикалық денсаулығы,  мінездерінің біртұтастығы,  салмақтылығы көзге түсердей. Осы тұста негізгі міндеттердің бірі – қарым-қатынасты реттеп отыру,  қатынас мәдениетіне баулу.












Сабақтың тақырыбы: 4 бөлім. Ерлер сырт киімдерін құрастыру ерекшеліктері

Тақырып: 4.5 . Фрактың сызба конструкциясын есептеу және құрастыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға фрактың сызба конструкциясын құрастыруды үйрету, фрактың лекалосын дайындаудың жолдарын көрсету;


Дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырыптан алған білімдерін

толықтыру, әрбір оқушының логикалық ой- өрістерін

дамыту, кеңейту, талғамдарын жүйелеу, кәсіпкерлікке

баулу.

Тәрбиелік: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа

өз еркімен белсене араласуына, білімдерін көрсете алуына

ықпал ету, өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын

арттыру.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: іскерлік-ойын, шығармашылық ізденіс сабақ

.


Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: компьютер, проектор, иллюстрациялық призентация, тест тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: Модельдеу пәні. Тақырып: Ерлер киімін модельдеу және көркемдік безеңдіру принциптері.

Технология пәні. Ерлер иық бұйымдарын дайындау технологиясы

Өңдірістік сабақ: Ерлер иық бұйымдарын дайындау

Сабақтың жүру барысы

  1. Ұйымдастыру: журнал бойынша оқушыларды түгендеу, сабаққа

қажетті құрал- жабдықтарды тексеру.

  1. Өткен тақырыпты қайталау: іскерлік - ойын түрінде

өтеді.

Оқытушы : Қазіргі нарық заманында соңғы кездері елімізде шағын кәсіпкерлікті қолдау кең етек алуда. Әсіресе үкімет кәсіпкерлікті дамытуға көп көмек беруде. Сендердің игеріп жатқан мамандықтарың шағын кәсіп орнын ашуға өте қолайлы. Сондықтан өткен тақырыпты қайталауды іскерлік - ойын түрінде қайталай отырып , кәсіпкерлік жайында да мағлұмат алсақ.

Енді шағын тігін шеберханасын ашу үшін бізге мынадай мамандар керек:

1. «Кәсіпкер»- тігін шеберханасының иесі.

2. «Сәнгер» - соңғы сән үлгілерінен хабардар етуші.
3.
«Суретші» - модель эскизін дайындаушы.
4.
«Пішуші» - тұтынушының дене өлшемін алушы, модель

эскизі бойынша бұйымды пішуші.

5. «Тігіншілер» - киімді тігуші.

6. «Тұтынушы» - халық.

1-оқушы: «Кәсіпкер»- тігін шеберханасының иесі.

Кәсіпкердің мақсаты: тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру арқылы

табыс табу.

«Кәсіпкер»: мен бизнес-жоспар дайындау үшін тұтынушылардың сұранысын білуім қажет. Ол үшін мен тұтынушыларға анкета-сұрақ дайындадым, осы арқылы сараптама жасай отырып тұтынушылардың сұранысын біле аламын.

Кәсіпкер анкета сұрақтарын таратады және сараптама жасайды.

Анкета сұрақтары

1. Сіздің жасыңыз?:

а) 15-26;

б) 26-35;

в) 35-45;

2 Киімде сіз қандай стильді

қалайсыз?:

а) классикалық;

б) іскерлік;

в) спорттық;

г) романтикалық.

3. Сіз қандай түстерді

Ұнатасыз ?:

а) жарқын, қанық түстер;

б) ашық түстер;

в) қара түсті;

г) көңіл-күйге байланысты.

Д өз жауабыңыз------------------

4. Ұзындығы қандай фракты

қалайсыз?:

а) ұзын пальто;

б) тізеге дейін;

в) тізеден сәл төмен.

5. Сіз қалтаның болғанын

қалайсыз ба?:

а) ия;

б) жоқ.

в) бәрібір

6. Киімге қоятын сіздің басты

Талабыңыз қандай?

а) модаға сәйкес болуы;

б) қолайлылығы;

в төзімділігі

2-оқушы: «Тұтынушы» - тапсырыс беруші, өзі қалаған бұйымға сипаттама береді және сипаттама беру тәртібімен таныстырады:

  • Мерекелік кештер мен той жиындарға киетін классикалық стильдегі ерлер фрагы

  • Кіші көлемді , бір түймелікті,

  • Алдыңғы бой жағынан етегі қысқа доғал пішімді болып келіп,бел тұсынан артқы бой жағына қарай ұзартылған , артқы бой жағынан ұзындығы тізеден жоғары.

  • Жеңі – екі тігісті қондырма жең.

  • Жағасы- лацканды қайырма жаға

  • Фрактың астары бар

3- оқушы: «Суретші» - тұтынушының сипаттамасы бойынша тапсырыс

берілген бұйымның бірнеше эскизін дайындап, ұсынады. Классикалық стильдегі және классикалық стильмен фольклерлық стильдерде үйлестірілген қазіргі заманға сай қазақ ұлттық нақыштағы ерлер фрагының жинағын ұсынады. Тапсырыс беруші талғамына сай бір эскиз түрін таңдап алады.

hello_html_m4e0569cf.jpghello_html_m1f7383b6.jpg

Кәсіпкер анкета-зерттеу қорытындысын жариялайды:

  • Әрине киім жайлы, соңғы моданың талаптарына сай және әр киімнің өзіндік өзгешелігі де болуы керек. Ең бастысы киім ыңғайлығымен қатар сіздің әдемілігіңізді, қайталанбас стильіңізді көрсетуі керек, сондықтан тұтынушылар сұранысына орай мен өз шеберханамда қандай бұйымдар тігу керек екенін білдім.


4-оқушы: «Пішуші» -тұтынушының өлшемдерін алады, матаны қабылдап,

оған қысқаша сипаттама береді:

Заманауи ерлер фрагы – бұл тек қана жылы және ыңғайлы киім болып қана қоймай, өте әдемі және сіздің гардеробыңыздың стильдік элементі болуы тиіс!

Фрак бір матадан тігілуі де бір – біріне сәйкес келетін 2-3 матадан құрастырылуы да мүмкін, жейделерді ауыстыру арқылы жинақты түрлендіріп отыруға болады Сәнді ерлер фрагын тігу үшін қыста қоңырқай күңгірт түсті, ал жазда ашық жіңішке жолақтары немесе мата түстес ұсақ кереге көзді суреттері бар маталарды таңдайды. Фрак бір матадан, ал шалбар басқа матадан тігілген костюмдерді пайдалануға да болады. Кешкі салтанатты кештерге киетін костюмді атлас астра немесе жартылай жүн матадан сондай-ақ болар болмас жылтыры бар матадан тігуге де болады. Салтанатты жағдайларда киетін бір түсті костюнің жағасы мен өңірлері костюм түстес атласпен әсемдеуге де болады.

Ерлер киімдерін дайындауда ең көп қолданылатын мата аттары: Габардин, Велюр, Вельвет, Атлас.


5-оқушы: «Сәнгер» – Ерлер фрагының тарихымен таныстырады, слайдтар:

Фрак дегеніміз бұл – ерлер иық бұйымдарының ассортименттеріне жататын сәнді костюм түру болып табылады.

Енді осы пальтолар тарихына үңілсек... Бұл фрактың шығу тарихы сонау 18 ғасырдан басталады, Франция елінене бастау алған. Бастапқыда мұндай киім түрін аттың үстінде ыңғайлы отыру үшін, алдыңғы бойы қысқа ал артқы бойын ұзын және тілікпен өңделіп жасалған.

hello_html_m73008f95.jpg











Ал 19 ғасырдың 20жылдарынан бастап, фрактың пішімдері өзгеріп, бұл киім түрі классикалық стильдегі элегентты, сәнді ерлердің киімі ретінде сәнге еніп, кең етек алған.

hello_html_m38dc18b4.jpghello_html_m5efabcb0.jpg

Ал, қазіргі таңда бұл киім түрін қыз балалар да, сәнге келтіріп, әртүрлі пішмде сәнді киім түрінде қолданысқа еңгізе бастаған.


hello_html_m300794bd.jpghello_html_m71c77e05.jpg









Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Бұл стильге тұрақты,«таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.

6 - оқушы: «Тігіншілер» - бұйымды өңдеу кезінде сақталынатын техникалық талаптармен таныстырады.

Киім әзірлеуге қойылатын талаптар:

  1. Өңдеу әдістері

  2. Тігістердің ені

  3. Инешаншым өлшемдері

  4. Тігістің жиілігі

  5. Қол жұмыстарына қойылатын талаптар

  6. Машина жұмыстарына қойылатын талаптар

  7. ЫЖӨ жұмыстарына қойылатын талаптар


























  1. Жаңа сабақты түсіндіру:/20-25мин/

Оқытушы: Оқушылар бүгін біз сіздермен «Фрактың сызба конструкциясын есептеу және құрастырку»тақырыбындағы жаңа сабақты өтеміз. Біз сіздермен ерлер иық бұйымдарын құрастыру негізінде, ерлер пиджагының дайын негіз сызбасында фрактың сызба конструкциясын құрастырып үйренеміз.

hello_html_5c6aca49.jpg

Ерлер фрагын құрастыру, ерлер пиджагының негіз сызбасында орындалады. Ең алдымен ерлер иық бұйымының базистік торын құрастырамы. Біз бұл сызбаларды өткен сабақта сызған болатынбыз. Сол себепті бізде бұл сызбалар дайын. Бәріміздің миллиметрлі тор көз қағазымызда бұл сызбалар дайын сызылған, солай емеспа оқушылар?

hello_html_3e0360cc.pnghello_html_m5f003318.png

Ерлер иық бұйымдарының базистік торы Пиджактың негіз сызбасы

Дайын болған ерлер пиджагының негіз сызбасында, фрактың модельдік ерекшеліктерін түсіру арқылы, эскиз бойынша фрактың сызба конструкциясының сызбасын құрастырып шығарамыз. Бірінші кезекте эскиз бойынша фрактың жағасының пішімін анықтаймыз. Жаға әртүрлі пішімде болуы мүмкін. Бізде берілген эскиз бойынша фракта лацкан пішімді жаға, өңірі- бір өңірлі және бір түймелікпен түймеленеді.

hello_html_m14fc5bbc.jpghello_html_m2ced0a3e.jpghello_html_m75b08536.jpghello_html_m61337219.jpghello_html_1fa04cb.jpg

Жағасын құрастырып болған соң фрактың ең басты модельдік ерекшелігі болып табылатын, бүйір бөлігін және етегін құрастырамыз. Негізгі конструктивті сызықтарын,әрбір бөлшектерін жеке, түрлі түспен айқындаймыз.

hello_html_m34e18bc9.pnghello_html_67a9c3b6.jpg

4 Жаңа сабақты бекіту: тест сұрақтары/7-10мин/

1 Ерлер иықты бұйымдарының ассортименті

2 Ерлер иықты бұйымдарын құрастыруға қажетті өлшем нышандары

3 Ерлер иық бұйымының конструктивті сызықтарын атап, көрсет

4 Дайын сызбадан лекалдарды қалай аламыз?

5 Не себепті киімдерді құрастыру сызбаларын сызу барысында дербес компьютердің көмегі қажет?

hello_html_m3d5d01f2.jpghello_html_m61efa546.jpg


6. Қорытынды: Оқушылар еңбегін бағалау


hello_html_m264d8826.jpg
hello_html_3e60511e.jpg

Оқушылардың жұмыс нәтижесі


6. Үйге тапсырма: Фрактың сызба конструкциясын есептеу және құрастыруды сызбасын орындау

Оқушылар еңбегін бағалау: оқушылар аты-жөні және алған бағалары үлкен экранмен көрсетіледі



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-099393

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG