Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Қиын баланы" анықтау әдістемесі

"Қиын баланы" анықтау әдістемесі


библиотека
материалов

Айзенк тесті


Мақсаты: Бұл сауалнама сыналушының психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қобалжу, фрустация, агрессия және ригидтілік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Нұсқау: Әр тұжырымдарға қарама-қарсы келесі сандар көрсетілген: 2,1,0. Егер тұжырым сізге сәйкес болса, 2 санын шеңбермен қоршаңыз, егер толық сәйкес болмаса 1 санын, тіпті сәйкес болмаса – 0 санын белгілеңіз.

1 Көп жағдайларда мен өзіме сенімсізбін

2 Кейде шешімін табуға болатын жағдайлар негізсіз сияқты болып көрінеді

3 Көп жағдайларда нақты шешімдерді өзім қабылдаймын

4 Әдеттерімді өзгерту қиын

5 Болмайтын нәрселер үшін жиі қызарамын

6 Сәтсіздіктер мені қатты ренжітеді, ерік-жігерімді әлсіретеді

7 Кей кездері әңгіме барысында серіктесімнің әңгімесіне кедергі келтіремін

8 Менің бір істен екінші іске ауысуым қиын

9 Түнде ұйықтап жатып жиі оянамын

10 Ірі сәтсіздіктерде, тек өзімді кінәлі сезінемін

11 Мені ренжіту оңай

12 Өмірімдегі өзгерістерге өте сақпын

13 Уайымға жеңіл түсемін

14 Бақытсыздық пен сәтсіздіктер мені ешнәрсеге үйретпейді

15 Менің басқаларға жиі ескерту жасауыма тура келеді

16 Пікірталас барысында мені қайта сендіру қиын

17 Мені қиялдағы сәтсіздіктердің өзі мазасыздандырады

18 Пайдасы жоқ деп есептей отырып, күресуден жиі бас тартамын

19 Айналамдағылар алдында беделді болғым келеді

20 Кейде ойлауға тұрмайтын ойлар көп мазалайды

21 Мен өмірдегі қиындықтардан қорқамын

22 Кейде өзімді қорғаусыз сезінемін

23 Кез-келген істе азға қанағаттанбаймын

24 Мен айналамдағылармен қарым-қатынасқа жеңіл түсемін

25 Мен өз кемшіліктерімді жиі талдап отырамын

26 Кейде ғана көңілді жағдайда боламын

27 Ашу үстінде өз-өзімді ұстау мен үшін өте қиын

28 Өмірімдегі күтпеген өзгерістерді қатты уайымдаймын

29 Мені сендіру өте оңай

30 Қиын жағдайларда абыржып қаламын

31 Бағынғаннан гөрі басқаруды қалаймын

32 Кейде еш нәрседен қайтпайтынымды көрсетемін

33 Мені денсаулық жағдайым мазалайды

34 Кейде қиын сәттерде өзімді балаша ұстаймын

35 Менің ым – ишарам тіке, дөрекі

36 Мен еш нәрсеге қарамастан тәуекелге барамын

37 Күткенді ұнатпаймын және қиналамын

38 Менің ойымша, мен ешқашан өз кемшіліктерімді түзей алмаймын

39 Мен кекшілмін

40 Мені жоспардағы кейбір өзгерістердің өзі ренжітеді

Кілт


1

Қобалжу шкаласы

1,5,9,13,17,21,25,29,33,37

2

Фрустрация шкаласы

2,6,10,14,18,22,26,30,34,38

3

Агрессия шкаласы

3,7,11,15,19,23,27,31,35,39,

4

Регидтілік шкаласы

4,8,12,16,20,24,28,32,36,40,


Нәтижелерді өңдеу барысында кілтпен сәйкес келген 1 және 2 жауаптар саны анықталады. Кілтпен сәйкес келген 2 жауабы үшін 2 ұпай беріледі, 1 жауабы үшін –1 ұпай беріледі. Содан кейін әр шкала бойынша қосынды шығарылады. Әрбір шкала бойынша орташа ұпай -10. Одан жоғары болуы тұлға құрылымында сол қасиеттің басымдылығын көрсетеді.

Сауалнама бойынша зерттелетін қасиеттер сипаты:

Жекедаралық қобалжу - индивидтің үрейді уайымдауға бейімділігі

Фрустрация - шынайы немесе қиялдағы кедергілер салдарынан пайда болатын, мақсатқа жетуге кедергі болатын психикалық күй.

Агрессия - жоғары психологиялық белсенділік, басқа адамдарға қатысты күш көрсете отырып лидерлікке ұмтылу.

Ригидтілік-жоспарланған істі өзгертудегі қиындық.



Филлипстің мектептегі қобалжуды анықтауға арналған сұрақнамасы


Әдістеменің мақсаты: Кіші және орта мектеп оқушыларының мектепке байланысты қобалжуының деңгейін зерттеу.

Жас шектеулері: Сұрақнама кіші және орта мектеп жасындағы балаларға арналады. Орта мектептің 3-7 сыныптарында қолдану қолайлы.

Диагностика өткізілуі: Диагностика жеке және топтық формада жүргізіледі. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша ұсынылады. Сұрақнаманы жүргізгенде бөлмеде сынып жетекшісі мен мұғалімнің болмағаны жөн

Қажетті құралдар: Зерттеуді жүргізуге сұрақнама мәтінімен оқушылардың санына сәйкес парақ

Нұсқау: “Балалар, қазір сіздерге мектепте өздеріңізді қалай сезінетіндіктеріңіз туралы сұрақтар ұсынылады. Мұнда дұрыс және дұрыс емес деген жауаптар болмайды. Шынайы жауапаптарыңыз қажет. Жауап парағының жоғары жағына атыңызды, фамилияңызды, сыныбыңызды жазыңыз. Сұраққа жауап бергенде оның нөмірі және жауапқа келіссеңіз “+”, келіспесеңіз “-“ қойыңыз.


Сұрақнаманың мәтіні:

1. Саған барлық сыныптағылармен бір деңгейде болу қиын ба?

2. Мұғалім тапсырманы қаншалықты деңгейде білетініңді тексеруге дайындалса сен қобалжисың ба?

3. Мұғалімнің қалауымен саған сыныпта жұмыс жасау ұнайды ма?

4. Сенің сабақты білмегендігіңнен мұғалімнің қатты ашуланғаны

түсіңе кірді ме?

5. Сені сыныптан біреу ұрып жіберген кез болды ма?

6. Мұғалімнің не айтып тұрғанын түсінбейінше сен оның жаңа материалды түсіндіруіне асықпағанын жиі қалайсың ба?

7. Жауап бергенде немесе тапсырманы орындағанда қобалжисың ба?

8. Қателік жасап қоюдан қорқып сабақта өз ойыңды айтпай қалған

кездерің болды ма?

9. Сені тақтаға жауап беруге шақырғанда тізең дірілдемейді ме?

10. Әртүрлі ойындар ойнағанда сыныптастарың саған жиі күле ме?

11. Өзің күткендегіден төмен баға қойған кез болды ма?

12. Сені екінші жылға қалып қою сұрағы ойландармай ма?

13.Таңдау жасауды қажет ететін ойындардан қашқақтайсың, өйткені сені ешкім таңдамай қояды?

14. Сені жауап беруге шақырғанда дірілдеп кететін кез бола ма?

15. Сенің қалағаныңды сыныптастарыңның ешқайсысы жасағысы келмейтін сезім сенде жиі туындай ма?

16. Тапсырманы орындамас алдында қатты қобалжисың ба?

17. Саған ата-анаң күткен бағаны алу саған қиын ба?

18. Сен кейде сыныптың ішінде нашар болып қаламын деп қорқасың ба?

19. Сен қателік жасап қойғанда сыныптастарың саған күлеме?

20. Сен сыныптастарыңа ұқсайсың ба?

21. Тапсырманы орындағаннан кейін дұрыс орындағаның туралы мазасызданасың ба?

22. Сыныпта жұмыс жасағанша бәрін есте сақтап қалғаныңа сенімдісің бе?

23. Кейде саған мектепте мұғалімнің сұрағына жауап бере алмай қалған түстер ене ме?

24. Көптеген балалар саған достық қарым-қатынаста ма?

25. Сенің жұмысыңның нәтижесі сыныптастарыңның жұмысымен салыстыратынын білсең тапсырманы аса ынталылықпен орындайсың ба?

26. Сенен сұрағанда қобалжымауды жиі армандайсың ба?

27. Кейде таласқа түсемін деп қорқасың ба?

28. Мұғалім сенің сабаққа дайындығыңды тексеремін деп айтса, жүрегіңнің қатты соғып кететінін сезесің бе?

29. Сен жақсы баға алғанда сыныптастарыңның бірі жарамсақтанып жатыр деп ойлай ма?

30. Балалар ерекше көңіл аударатын сыныптастарыңмен бірге өзіңді жақсы сезінесің бе?

31. Сыныптастарыңның саған өкпелететін сөздер айтқан кездері болды ма?

32. Қалай ойлайсың, оқуды үлгермей жатқан балалар өзінің орнын жоғалтып алады деп ойлайсың ба?

33. Сенің сыныптастарыңның көпшілігі саған назар аудармайтынға ұқсай ма?

34. Күлкілі болып көрінуден жиі қөрқасың ба?

35. Мұғалімдердің сенімен қатынас жасауына көңілің тола ма?

36. Өзге сыныптастарыңның анасы секілді сенің анаң да кештер

ұйымдастыруға көмектеседі ме?

37. Айналадағылар сен туралы не ойлайтыны сені қобалжытқан кез

болды ма?

38. Қазіргіден гөрі болашақта жақсы оқуға үміттенесің бе?

39. Мектепте сыныптастарың сияқты сен де жақсы киінемін деп ойлайсың ба?

40. Сен жауап беріп тұрғанда сырттан қалай көрінетінің туралы жиі

ойланасың ба?

41. Қабілетті балалар сыныптағы өзге балаларда жоқ ерекше

құқықтары бар ма?

42. Сенің сыныптастарыңның ішінде кейбіреуі егер сен олардан

жақсы көрінсең ызаланады ма?

43. Сенің сыныптастарыңның саған деген қатынасына көңілің тола

ма?

44. Мұғаліммен жалғыздан-жалғыз қалғанда өзіңді жақсы сезінесің бе?

45. Сыныптастарың кейде сенің сырт келбетіңмен мінез-құлқыңа

күледі ме?

46. Өзіңнің мектептегі жұмысың туралы басқа балаларға қарағанда

мазасызданамын деп ойлайсың ба?

47. Егер сен мұғалімнің сұрағына жауап бере алмағанда көңіліңнің босайтынын сезінесің бе?

48. Ертең мектепте не болады деп көп уақытқа дейін ұйқтай

алмайтын кездерің болды ма?

49. Қиын тапсырманы орындап жатқанда бұрын білетініңді ұмытып

қалғандай сезінесің бе?

50. Өзіндік жұмыс жазып отырғанда қолың аздап діріл қақпайды ма?

51. Мұғалім сыныпқа тапсырма беремін деп айтса ашулана

бастайтыныңды сезесің ба?

52. Мектепте сенің біліміңді тексеру сені қорқытады ма?

53. Мұғалім өзіндік жұмыс беріп жатқанда орындай алмай қаламын

деген қорқынышты сезесің бе?

54. Сенің сыныптастарыңның қолынан келетін, бірақ, сен орындай

алмайтын тапсырма туралы түстер саған енеді ме?

55. Мұғалім тапсырманы түсіндіріп жатқанда сенің сыныптастарың

саған қарағанда жақсы түсінеді деп ойлайсың ба?

56. Мектепке бара жатқанда мұғалім сенен сабақ сұрап немесе

тексеру жұмысын береді деп мазасызданасың ба?

57.Тапсырманы орындап жатқанда ол үшін “2” аламын деп

сезінесің бе?

58. Барлық сыныптың алдында тақтада тапсырма орындап тұрғанда

аздап қолың діріл қақпайда ма?


Нәтижені өңдеу. Сұрақнаманы толтыруды аяқтағаннан кейін сұрақнамадағы әрбір шкала бойынша және бүтін сұрақнамадағы сәйкес келмеушілік есептеледі. Кілт: “ия” – жауаптары 11,20,22,24,25,30,35,36,38,39,41,43,44;

жоқ” жауаптары –1-10,12-19,21,23, 26-29,31-34,37,40,42,45-58.

1. Жалпы мектептік қобалжу: 2,4,7,12,16,21,23,26,28,,46-58 (n=22)

2. Әлеуметтік стресті уайым: 5,10,15,20,24,30,33,36,39,42,44 (n=11)

3. Табысқа жету қажеттілігіндегі

4. Өзін көрсетуге қорқыныш

5. Білімді тексеру жағдайындағы қорқыныш

6. Айналадағылардың күткеніне сәйкес келмеуден қорқу-

Кілтпен сәйкессіздік –қобалжудың белгісі.

1. Барлық мәтін бойынша сәйкессіздік 50% болса қобалжудың жоғары екендігін айтуға болады, егер жалпы саннан 75% көп болатын болса-өте жоғары қобалжулықты көрсетеді.

2. Қобалжудың 8 факторының әрқайсысы мәтіннен бөліп алынады.

Қобалжу деңгейі бірінші жағдайдағыдай анықталады.

Әрбір белгінің (фактор) мазмұндық сипаттамасы.

1. Мектептегі жалпы қобалжу – баланың жалпы эмоционалдық жағдайы оның мектептегі өмірінің әртүрлі формаларымен байланысты.

2. Әлеуметтік стрестік уайым – баланың эмоционалдық жағдайы әлеуметтік жағдайдың көрінісінде дамиды (ең алдымен құрбыларымен)

3. Табысқа жету қажеттілігіндегі фрустрация - баланың табысқа қажеттілігін, жоғарғы нәтижелі жетістігін дамытпайтын жағымсыз психикалық көрініс.

4. Өзін көрсетуге қорқыныш – жағдайды жағымсыз эмоциялық уайымдау, өзін көрсетудің қажеттілігінде, өз мүмкіншіліктерін көрсетуде қиындыққа кездесу.

5. Білімді тексеру жағдайындағы қорқыныш – білімді, жетістікті ,мүмкіншілікті тексеру жағдайында болатын жағымсыз қатынас және қобалжу, уайым.

6. Айналадағылардың күткеніне сәйкес келмеуден қорқу -


«Қиын» балаларды анықтаудың психологиялық деңгейі

Қиын балаларды анықтауды өтінішке сүйенбей – ақ, өзіндік тексеріс нәтижесінде жүзеге асыруға да болады.

Стоттың «Бақылау картасы».

Психологпен бірге педагогтардың да көмегіне сүйенуге болады. Педагог әр баланы жан-жақты біле тұра, оны жеткізуге қиналатын кездері де болады. Стотт картасы осындайда жақсы көмектеседі. Б.К-да мінездің 198 фрагменті көрсетіледі. Олар 16 синдромға біріктіріледі. Әр синдромда бірнеше симптомалар бар. Бақылау картасының тіркеу бланкісі болады. Тіркеу бланкісіне сай кесте құрылады.

Бақылау картасы

ІСЗ – жаңа жағдайларға, заттарға, адамдарға сенімсіздік

  1. Тәрбиешімен жеке қалғанда ғана сөйлеседі.

  2. Ескерту жасаса – жылайды.

  3. Ешқашан ешкімге көмегін ұсынбайды, бірақ өтінсе қуана-қуана көмек көрсетеді.

  4. «Бағынышты» бала (мысалы, ұтымсыз ойындарға келісе береді: ойын кезінде доптың артынан жүгіру…)

  5. Қауіптенгіштігінің салдарынан тыңдамайтындар бола алмайды.

  6. Қорқақтығынан өтірік айтады.

  7. Өзіне көңіл аударғанды ұнатады, бірақ оны сұранбайды.

  8. Ешқашан мұғалімге гүл немесе басқа сыйлықтар әкелмейді, ал оның жолдастары мұны жиі жасайды.

  9. Тауып алған затын ешқашан мұғалімге көрсетпейді

  10. Бір ғана жақсы досы бар, қалған қыздар мен балалардан бойын аулақ салады.

  11. Мұғаліммен өзіне қарағанда ғана амандасады, көзге түскенді ұнатады

  12. Өз бетімен мұғалімге жақындамайды

  13. Ұялшақтығы салдарынан ешкімнен көмек сұрай алмайды

  14. Егер оған сұрақ қойса, оп-оңай «бұзылады», жылайды, қызарып кетеді т.т.

  15. Ойынға белсенді қатысудан оп-оңай шеттеп кетеді.

  16. Мәнерсіз міңгірлеп сөйлейді, әсіресе онымен амандасқанда.

ІІ Д – депрессия. 1-6 жеңіл түрлерінде мезгіл-мезгіл белсенділігі төмендеп, көңіл-күйі құбылып отырады;

7-8 белгілер тітіркенуге бейім екенін көрсетеді

9-20 белгілер депрессияның өткір формаларын көрсетеді.

Д пунктінің белгілеріне әдетте А және Ж пунктінің айқын белгілері қоса жүреді.

  1. Сабаққа кейде тырысушылық танытады, кейде өзімен -өзі

  2. Көңіл –күйіне қарай кейде көмек сұрайды, кейде сұрамайды

  3. Өзін әрқалай ұстайды

  4. Ойын кезінде бірде белсенді, бірде енжар

  5. Кейде бос уақытында ештеңеге қызығушылығының жоқтығын танытады

  6. Қол еңбегін орындай отырып кейде тырысушылық танытады, кейде танытпайды

  7. Шыдамсыз. Жұмысты орындау барысында қызығушылығы жойылып кетеді.

  8. Ашуланшақ «құтырып кететіні» де бар

  9. Жалғыз өзі жұмыс істей алады, бірақ тез шаршайды.

  10. Қол еңбегіне дене күші жетіспейді

  11. Енжар

  12. Зейінсіз

  13. Кенеттен, әрі бірден күші (энергиясы) төмендеп қалады

  14. Қозғалысы баяу

  15. Енжарлығына байланысты, ештеңеге ренжи қоймайды

  16. Көзқарасы бос, (оған бәрібір сияқты, «топас» көзқарас)

  17. Әрдайым жалқау және ойын үстінде енжар

  18. Ояу жүріп қиялдап жүреді

  19. Міңгірлеп сөйлейді

  20. Сирек күледі, түрі бақытсыз, қан алған адам сияқты. Аяушылық туғызады.

ІІ. Т. Тұйықталу. Адамдармен қарым –қатынастан қашқақтайды.

  1. Ешқашан ешкіммен амандаспайды.

  2. Ешкімнің сәлемін алмайды

  3. Басқа адамға жақындық танытпайды.

  4. Әңгімелесуден қашқақтайды

  5. Басқа «әлемде» өмір сүреді (сабақ үстінде қиялдап отырады)

  6. Қол еңбегіне тарықпайды

  7. Коллективті ойындарға қызықпайды

  8. Адамдардан қашқақтайды

  9. Үлкендерден қашық (алыс) жүреді

  10. Басқа балалардан мүлдем шеттеледі (оған жақындау мүмкін емес)

  11. Басқа адамдарды байқамаған секілді жүреді

  12. Әңгіме үстінде тынышсызданып, тақырыбынан ауытқып кетеді

  13. Өзін «сақ жануар» секілді ұстайды

IV. А – үлкендерге деген алаңдаушылық. Үлкендер оған көңіл бөле ме екен – соған алаңдайды.

1-6 белгі - өзіне көңіл аудартып, үлкеннің махаббатын жеңіп алуға тырысу.

7-10 белгі – үлкендер оған көңіл аудартып, үлкеннің махаббатын жеңіп алуға тырысу.

1-16 белгі – үлкендер оған көңіл бөле ме – соған алаңдайды.

  1. Өзінің міндеттемелерін өте мұқият орындайды.

  2. Мұғалімнен амандасқысы кеп тұрады

  3. Өте әнгімешіл

  4. Мұғалімге гүл және басқа сыйлықтарды зор тілекпен әкеледі.

  5. Тауып алған заттарын мұғалімге әкеп көрсетіп тұрғанды ұнатады

  6. Мұғаліммен жақсы достық қарым-қатынаста

  7. Жанұядағы өзінің іс-әрекетінің барлығын мұғалімге айтып, көп әңгімелейді.

  8. Мұғалімге ұнағысы келіп жағымпазданады

  9. Мұғалімнің өзіне көңіл бөлуіне үнемі сылтау табады.

  10. Мұғалім тарапынан үнемі көмек, қамқор күтіп отырады.

  11. Мұғалімнің ілтипатын ие болу үшін, жолдастарының сыртынан арыз айтып келеді.

  12. Мұғалімді «жекешелендіруге» тырысады

  13. Өтірік, ойдан шығарылған оқиғаларды айтады.

  14. Үлкендердің көңілін өзіне аударғысы келеді, бірақ оған өз тарапынан ешқандай күш жұмсамайды.

  15. Үлкендердің назарын аударумен басы «қатып» жүреді

  16. Егер оның істерінен нәтиже шықпаса,барлық нәрседен шеттетіліп кетеді.

V.Ж – үлкендерге жауығу

1-4 белгі – жауығудың бастапқы формаларына әкеп соғады; 5-9 белгі үлкендерге бірде жауығады, бірде онымен жақсы қарым-қатынас жасауға ұмтылады.

10-17 белгі – ашық жауығу. 18-24 – толық, басқарусыз, әдетке айналған жауығу.

  1. Көңіл –күйі құбылмалы

  2. Өте шыдамсыз

  3. Қол еңбегінде бірбеткейлік танытады

  4. Көңіл-күйі жиі төмендейді

  5. Көңіл-күйі жақсы болса көмегін ұсынады

  6. Мұғалімнен бірдеме сұрағанда бірде жан тәнімен беріліп, бірде бәрібір дегендей қалып танытады

  7. Мұғаліммен кейде амандасуға тырысады, кейде қашқақтайды

  8. Онымен амандасқан адамға не күдіктеніп, не ашулану білдіреді

  9. Бірде ақ көңіл бірде жаман көңілде

  10. Мінезі өзгергіш, кейде ол жұмысты әдейі жаман орындап жатқандай.

  11. Қоғамдық және жеке меншікті бұзғыш (столды сызу, қабырғаны құлату…)

  12. Тілі дөрекі

  13. Ұнамсыз, әсіресе ақталып жатқанда.

  14. Бірдемеге көңілі толмаса, мұрнының астынан міңгірлейді.

  15. Ескертулерге құлақ аспайды.

  16. Анда – санда себепсіз өтірік айта салатыны бар

  17. Бір-екі рет ұрлық жасағаны байқалған (кәмпит, ойыншық, ақша)

  18. Үнемі жарықсыз жазаландым деп есептейді

  19. «Жабайы» көзқарас, көзінің астымен қарайды

  20. Тыңдамайды, тәртіпсіз

  21. Бұзық (айқайлап, сес көрсетіп, күш жұмсайды)

  22. «Сенімсіз» типтермен достасқанды ұнатады

  23. Ақша, тәттілерді жиі ұрлайды

  24. Өзін тәртіпсіз ұстайды

VI. Б.А. Балаларға деген алаңдаушылық

  1. Оған ескерту жасаса «батырдың» рөлін ойнайды.

  2. Айналасындағылардың алдында «ойнамай» тұра алмайды

  3. «Жынды» бола қалуға бейім

  4. Шектен тыс батыл

  5. Үнемі көпшілікпен келісімде болуға тырысады.

  6. Жұрттың назарында болғанды ұнатады.

  7. Өзінен үлкен балалармен ойнайды.

  8. Жауапкершілігі үлкен орынды алғысы келеді, бірақ атқара алмаймын–ау деп қауіптенеді.

  9. Басқа балалардың алдында мақтанады.

  10. Өзін сайқымазақ етеді.

  11. Мұғалім топта жоқ кезде шулап кетеді

12.Көзге тез түсетін киім киеді (айқайлап)

  1. Қоғамдық мүлікті бұзғанды жақсы көреді

  2. Құрдастарының арасында жындының қылығын жасайды

  3. Басқалардың бұзықтықтарына еліктейді

VII. Қ.Н. Қоғамдық нормативтерден жетіспеушілігі

1-5 белгі - үлкендерге ұнауға тырыспайды, 5-9 6елгі – ересек болғанда тәуелсіздікті көрсетеді, 10-15белгі - ұсақ-түйектік моральдың жоқтығын көрсетеді, 16-белгі – үлкен ынтымақшыл емес деп санап, олардың ісіне араласуға тырысады.

  1. Оқығысы келмейді

  2. Б/б –да жұмсап, қадағалағанда ғана жұмыс істейді.

  3. Мектептен тыс жерде де, қадағалағанда ғана жұмыс істейді.

  4. Ұяң емес

  5. Ешқашан көмек сұрамайды

  6. Ешқашан өз бетінше бір жұмысқа кіріспейді

  7. Үлкендерден мақұлдау күтпейді

  8. Мұғаліммен барынша аз араласуға тырысады

  9. Мұғалімнен қашқақтайды, бірақ басқалармен сөйлеседі

  10. Үй тапсырмасын көшіріп алады

  11. Біреудің кітабын рұқсатсыз алады

  12. Эгоист, өзімшіл

  13. Ойын үстінде қулық жасайды

  14. «Қарау» ойнайды

  15. біреудің көзіне тік қарай алмайды.

  16. Тұйық және ешкімге сенбейді.

VIII. Б.Ж. балаларға жауығу (қызғаныштан –жауығуға дейін.)

  1. Ойын үстінде балаларды қорқытып, үркітеді, кедергі жасайды

  2. Өзі араласатын шеңберге жатпайтын балаларды жақтырмайды

  3. Басқа баланың ығырын шығарады.

  4. Басқа баламен ұрсысып ренжітеді

  5. Ескертулермен басқа балаларда қиындықтар туғызуды ұнатады

  6. Балалардың заттарын тығып қояды, немесе «бұзады»

  7. Басқа балалармен жаман қарым –қатынаста

  8. Әлсіз балаларға тиіседі

  9. Басқа балалар оны жақтырмайды

  10. Дұрыс төбелеспейді (тістейді, тырнайды, шымшиды)

IX. Ш. Шыдамсыз.

  1. Олақ

  2. Басқа баламен қарым–қатынас жасаудан оларға қолайсыздық тудыратындай етіп бас тартады

  3. Қол еңбегіндегі сәтсіздіктермен оңай келісе салады

  4. Ойын үстінде өзін меңгере алмайды

  5. Ұмытшақ

  6. Қол еңбегінде жауапсыз

  7. Сабақта тырыспайды

  8. Жалғыз өзі жұмыс істей алмайды

  9. Зейінін бір нәрсеге ұзақ уақыт шоғырландыра алмайды

  10. Еш нәрсеге ұзағырақ тоқтала алмайды

  11. Үлкендердің ескертуін алаңғасырлығы салдарынан есіне сақтай алмайды

X. К.К.- көңіл–күй. 1-5 белгі – көңіл-күйінің әлі жетілмегендігін; 6-7 белгі қорқақтығы; 8-10 белгі – жауапсыздығын көрсетеді.

  1. Өзінің жасынан кішілерге арналған ойыншықтармен ойнайды

  2. Ойынды жақсы көреді, бірақ қызығуы тез төмендейді

  3. Сөйлесе алмайды

  4. Нұсқауды тыңдап, орындау әлі жетілмеген

  5. Өзінен кіші баламен ойнайды

  6. Шешім қабылдауда өте қатты алаңдайды

  7. Басқа балалар оған тиісе береді

  8. Оны қашқын деп есептейді. Ал шын мәнінде ол 1-2 рет қана сабақтан қашпақ болған.

  9. Жиі кешігеді

  10. Кей сабақтардан кетіп қалады

  11. Жинақы емес

  12. Топта өзін бөтен сияқты ұстайды

XI. Н.Б. – невротикалық белгілердің өткірлігі баланың жасына байланысты. Бұрын болған ауытқушылықтың салдары болуы да мүмкін.

  1. Кекештеніп қалады

  2. Ретсіз сөйлейді

  3. Жиі кірпігін қағады

  4. Қолын ретсіз сермейді

  5. Тырнағын кеміреді

  6. Секіріп жүрген сияқты жүреді

  7. Саусағын сорады (10 жастан ары қарай)

XII. Қ.Ж. Қолайсыз жағдай.

  1. Жиі кешігеді

  2. Бірнеше күн келмей қалады

  3. Ата–аналары баланың келмей қалғанының себебін саналы түрде өтірік айтады

  4. Ата–аналарына көмектесу үшін үйде қалуға мәжбүр

  5. Салақ

  6. Нашар тамақтанатын сияқты көрінеді.

  7. Басқа балаларға қарағанда айтарлықтай ұсқынсыз

XIII. С.Д. – сексуалды даму (жыныстық)

  1. Қарама –қарсы жынысқа өте ерте қызығушылық

  2. Жыныстық дамудың тежелуі

  3. Жаман қылықтар көрсетеді

XIV. А.О.- ақыл –ойының артта қалуы

  1. Оқуда көп артта қалып қояды

  2. Ақыл-ойының дамуы өзінің жасына сай емес.

  3. Оқи алмайды

  4. Қарапайым математикалық білімдерінде көп кемшіліктер бар

  5. Математиканы түсінбейді

  6. Басқа балалар оны ақымақ ретінде қабылдайды.

  7. Ақымақ

XV А.А. – аурулар мен органикалық ауытқушылықтар

  1. Тыныс алуы ретсіз

  2. Жиі суық тиеді

  3. Мұрны жиі қанайды

  4. Ауыз арқылы дем алады

  5. Құлағы жиі ауырады

  6. Тері ауруларына бейім

  7. Асқазаны жиі ауырып, құсқысы келеді

  8. Басы жиі ауырады

  9. Шектен тыс қызарып, бозарып кетуге бейім

  10. Қабағы қызарып тұрады

  11. Қолы мұздай болып жүреді

  12. Көзі қыли

  13. Қимыл- қозғалысы ретсіз

  14. Тұлғасы табиғи қалыптан өзгешелеу

XVI. Д.К. – денесіндегі кемістіктер

  1. Нашар көреді

  2. Нашар естиді

  3. Бойы өте аласа

  4. Өте толық

  5. Дене құрылысында басқа да кемістіктер бар.




hello_html_63caae21.png

hello_html_21ee0390.png


Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-266331

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG