- Учебник: «Технология», Казакевич В.М., Пичугина Г.В., Семёнова Г.Ю. и др./Под ред. Казакевича В.М.
- Тема: Глава 1. Что такое "труд" и "технология"
- 05.10.2020
- 383
- 12

Орал гуманитарлық – техникалық колледжі
Бағыты: Рухани – мәдени құндылықтар жүйесі және жастар
Тақырыбы: Киіз материалын пайдалана отырып, панно дайындау
Автордың аты-жөні: Ерсайынов С.Е.
Кусы,мамандығы: 3,технология және бейнелеу өнері
Ғылыми жетекшісі: Э.Х.Ермеккалиева
Орал,2014-2015
Мазмұны:
I. Кіріспе
Қол өнерім – асыл қазына
II. Негізгі бөлім
Шебердің қолы – ортақ, шешеннің сөзі ортақ
III. Қорытынды
Осынша өнер тауып асқан адам, әлемнің қиын сырын ашар - адам...
Қолданылған әдебиеттер
Киіз материалын пайдалана отырып, панно дайындау
Талаптанда білім мен өнер үйрен
Білімсіз, өнерсіз болады ақын тұл.
Шәкәрім.
Қазақтың дархан халқы киiз басып, одан алуан түрлi дүние-бұйымдар жасау қазақтың ең ежелден келе жатқан қолөнерi. Киiзбен үйдi жапқан, жерге төсеген, керегеге керген. Сол киiзден кебеже, сандық қаптайтын әбдiреқаптар, ыдыс-аяқ салатын аяқ-қаптар жасаған. Одан кебенек, киiз қалпақтар мен киiз байпақ тiккен. Ер тұрманның терлiгi мен тоқымы, тебiнгiсi киiзден болған. Тағы басқа да тұрмысқа қажеттi бұйымдарының көбiне киiздi қолданған.
Киiзден жасалған дүниелердiң көбi негiзiнен киiз үйдiң iшiн безендiруге арналған. Қазақтың қолданбалы әсемдiк қолөнерiнiң үлгiсi болатыны да осы заттар.
Сырмақ – басылған киiздiң бетiне екi түрлi өрнек, бояумен жиектелiп, жұқа жүннiң үстiне матамен сырылып жасалатын төсенiш кiлем.
Киiзден киiм тiгу үшiн арнайы әппақ жүн таңдалып алынады. Оны мұқият тазалап, жуып, сабаумен түтедi, содан соң одан жұқа киiз басады. Кейде оның кiшiксiз әппақ болуы үшiн, бор қосып, қайнататын болған.
Жүндi бояу үшiн қазақтар ХІХ ғасырдың ортасына дейiн әр алуан өсiмдiктердiң тамырларынан қайнатылған тұнбаларды және минералды тұздарды пайдаланған. ХІХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап Қазақстанға анилин бояулары әкелiне бастады да, ол бiрте-бiрте табиғи боямаларды ығыстырып шығарды. Киiз үйдiң бүкiл iшiн алып жататындай аса үлкен, ауыр текеметтердiң бетiне ақ, қызыл немесе көкке боялған, iрi өрнектермен иректелiп басылған жұқа жүн тартылады. Оның дайындалуы, киiздiң үстiне басылу техникасы сырмаққа қарағанда неғұрлым жеңiлдеу болғандықтан да ою өрнектерi кейде басылған киiздiң түсiмен астасып, графикалық кескiндерi шашыраңқы келедi.
Сырмақ – мозаика техникасымен жасалған киiз кiлемнiң бiр түрi. Сырмақ жасау өнерiнiң терең тамыры халық шеберлерiнiң ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiп отырған, ежелден қалыптасқан дәстүрiнде жатыр.
Мұнда бәрi бiртұтас келiсiм тапқан. Мозаикалық техниканы пайдаланудың өзi, яғни, жүннiң бiр түсiнiң екiншi түспен қабыстыра жиектелiп сырылуы кiлемнiң төсенiш ретiнде қолданылуына сай келедi. Мұндағы ою өрнек киiздiң бетiне бiркелкi сырылып, оны мезiлсiз тозудан сақтайтын болғандықтан, бұл жерде жапсырудың да, кестелеудiң де қажетi жоқ. Сырмақтар тозбайтын мықтылығымен ерекшеленедi. Жақсы сырылған сырмақтар 50 жылдан астам уақытқа дейiн шыдас бередi. Оған қоса, сырмақ сыруға жүн өте аз мөлшерде пайдаланылады. Ісмер оюшы бiр түстi жүндi екiншiсiнiң үстiне салады да, өзiнiң ойына алған өрнегiн жасайды. Және сол өрнектiң екi жақ шетiн бiрдей жиектей келiп, ортасын сырады. Одан соң ақ жүнге қара, не қоңыр, я болмаса керiсiнше қоңыр түске ақ жүн қапсырылады. Сонда сырмақтың өрнектелген бетiнде екi түрлi үйлесiмдi түс пайда болады. Бiрiнiң үстiне бiрi салынған жүндердi қабыстыра келiп, астындағы киiздiң бетiне салады да, оны жиiлеп сырады. Және ол салынған ою өрнекпен жиектелiп, бiрге сырылады. Түрлi түстi жүндердiң қосылған тұсындағы тұйық желiсiне бояулы жiп тiгiледi. Жалпы сырмақтар ұстамды, сабырлы сұңғаттылығымен ерекшеленедi.
Қазақтың қабырғаға iлетiн кiлемдерi – түскиiздерi, тiк бұрышты жалпақ киiз бетiне қызыл және қара барқыт немесе шұғамен күрделi өрнектелiп, кестеленген әдемi өнер туындысы.
Қазақтың киiзден жасалған бұйымдарының көптеген түрлерiн, олардың дайындау техникасын, ою өрнек сырларын және бояу түсiнiң шешiмдерiн сараптай келгенде, киiз басу және өңдеу өнерi ұрпақтан ұрпаққа барған сайын жетiлдiрiле отырып, қазақтың халық шеберлерiнiң қазiргi жоғары дәрежедегi ұлттық өнерiн қалыптастырды деп қортынды жасауға болады.
Қазақ қонақжай халық болғандықтан арнаулы бір бөлек үиі болады.Оның жасау жабдығы да күнделікті колданылып жүргендей емес, өте сәндікпен безендірілген бұйымдардан құралады. Тұсқа айшықты тұс киіз ілініп, төрге оюлы текемет төселеді. Оюлы текемет көздің жауын алардай айшықты өрнекпен өрнектеліп, әр түсті шашақпен өте әсем безендірілуімен ерекшленетін киіз бұйымдарының ішіндегі ең бір бағалы жасау.
Теріден жасалған бұйымдар. Қазақ халқы теріден үй тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылық қажетіне жарайтын ерлердің сыртқы киім-кешегі, ер-тұрман, қамыт-сайман, айыл-әбзелдерін, азық-түлік сақтарды қаптарды, сұйық сусын сақтайтын ыдыстарды жасаған. Әсіресе көнек, торсықтарды өзіне лайық үлгілермен безендірілген. Теріге басылатын күрделі оюлар өсімдік тектес алуан түрлі де, не ыдыстың түріне қарай тұйықталған шағын да болып келеді. Көннен көнек жасау, жабдық жасау, даярлауда үлкен табысқа жетіп, көркем өнерге бірсыпыра үлес қосқан Талдықорған облысының шеберлерін айрықша атауға болады. Ертедегі халық дәстүрінің кейбір бөлшегі бүгінде басқа мазмұнда жүзеге асып отыр.
Зерлеп тігу (алтын түсті жіп, зер) – қазақтардың, сондай-ақ Орта Азияның басқа да ұлттарының ең қымбат, бағалы әшекейі болып саналған. Оны кез келген бұйымға қолдана бермейді де.
Бітпес те сырмақтың бір түрі. Оның да негізгі киіз. Ақ киіздің бетіне қызыл, сары түсті көз тартатын маталарды оюлап бастырып, сол ою өрнектің шеті жағалай жиекпен көмкеріледі. Ең бастысы халық шеберлері киіз басып, одан түрлі төсеніш жасауды еріккеннің ермегі деп білмей, «нағыз өнер, шеберлік мектебі»,- деп ұғынған.
Қойдың, ешкінің, түйенің жүні қазақ халқының қолөнерін көркейтуде үлкен роль атқарған. Күнбе-күн тіршілігінде мал шаруашылығымен күн көрген халық оның жүнінен жібектей құлпыртып, неше түрлі төсеніштер мен заттарды әдемілеп жасай білген. Әрбір шебердің қолынан шыққан түксіз кілемдер мен түкті кілемдер, текемет, алаша, тұс киіз, сырмақтар байырғы шеберлердің бізге жеткен асыл мұраларындай болып көз тартады.
Көлемі жағынан және тұрмыста тұтыну ыңғайына қарай, қазақ сырмақтарды төрт түрге бөлген. Олар: кеш сырмақ, төсеніш сырмақ, төр сырмақ және тілек алды сырмақ боп аталған.
Сырмақтар. Қазақ сырмақтары әр түрлі киізбен ойылып жасалатын төсеніш киіздің бір түрі болып есептеледі. Атадан балаға мұра болып келе жатқан сырмақ жасау өнері бірден-бірге тарап, өрбіп, әрбір ұрпақ өкілдерінің өз жаңалықтары, соны элементтерімен сырмақ сыру өнерін толықтырып, байытып отырған. Кейбір өрнектердің басты идеясы ауыл шаруашылығына арналған. Кең дала. Шалқыған егіс. Қауашағы бадырая ашылған мақта. Осының барлығы ел байлығын бейнелейді. Қазақтың ертеден тұтынатын тұс киіз үлгісінің алуан түрлері Республикалық және облыстық өлкетану музейлерінде жинақталған.
Сырмақ жасауда текеметтей емес, ою-өрнектің үлгісі күні бұрын өлшеніп, белгіленіп дайындалады. Онда ою қатаң тәртіппен орналастырылады. Сырмаққа арналған киіздің ақ киізі бір бөлек, қара киіз бір бөлек жұқа, әрі қатты етіліп басылады. Содан кейін екеуі бірдей етіліп беттестіріліп, үстіне ою үлгілерін салып, екі киізді бірдей үлгімен ойып алатын болған.Осыдан кейін ойылған оюдың ағын қараға, қарасын аққа апарып қиюластырып тігеді. Қиюластырылған оюды сол қалпымен тұтас үлкен киізге жапсырады. Оюлардың құрастырылар жерінің үстін бастыра жиектейді. Жиектік жіптің иірілуі де, қабатталуы да басқаша және оның түсі, бояуы да оюды айшықтап тұратын ашық түсті болады. Текеметтей емес, сырмақ жарты ғасырға дейін төсеуге шыдайтын төзімді, мықты келеді. Өйткені, жоғарыдағыдай оюларды қиюластырып, жиектері бастырылғаннан кейін тұтастай сырылады. Ақ киіздің үстін ақ жіппен, қара киіздің үстін қара жіппен ұсақ етіп түгелдей тігіп шығады. Сырмақ сонда шымыр қатты болады. Оның төзімділігі де осыдан. Сырмақтың басты және негізгі белгісі берік болу үшін оның түгелдей сырылуында. Бұл «сырмақ» атауының сол «сыру» деген сөзден шыққандығын байқатады.
Бұрынғы кезде қазақ семьясында сырмақтың болмауы ол үйдің өте кедейлігін көрсеткен «сілкіп салар сырмағы жоқ» деген түсінік мақал болып кеткен.

Сырмақ оюы өте күрделі, оны құрастырушы адамның талғамы мен ой-өрісінің биік, ою өнерінің жетік маманы екенін көрсетеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Шаңырақ энсиклопедиясы
2. Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнертарихы «Фолиант»2008
3. Мектептегі технология 2013-2014ж.ж
4. Бейнелеу өнері және сызу журналы 2010ж
5.
Настоящий материал опубликован пользователем Ермеккалиева Эльвира Хамитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалПреподаватель
Файл будет скачан в форматах:
Материал разработан автором:
Каргаева Салтанат Жубаназаровна
методист
Ұлттық ойынды қолдана отырып, балаларды жан- жақты физикалық, коммуникатиивті, әлеуметтік-эмоционалды тұрғыдан дамыту. Ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуын жетілдіру.
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Киіз материалын пайдалана отырып, панно дайындау
Талаптанда білім мен өнер үйрен
Білімсіз, өнерсіз болады ақын тұл.
Шәкәрім.
Қазақтың дархан халқы киiз басып, одан алуан түрлi дүние-бұйымдар жасау қазақтың ең ежелден келе жатқан қолөнерi. Киiзбен үйдi жапқан, жерге төсеген, керегеге керген. Сол киiзден кебеже, сандық қаптайтын әбдiреқаптар, ыдыс-аяқ салатын аяқ-қаптар жасаған. Одан кебенек, киiз қалпақтар мен киiз байпақ тiккен. Ер тұрманның терлiгi мен тоқымы, тебiнгiсi киiзден болған. Тағы басқа да тұрмысқа қажеттi бұйымдарының көбiне киiздi қолданған.
Киiзден жасалған дүниелердiң көбi негiзiнен киiз үйдiң iшiн безендiруге арналған. Қазақтың қолданбалы әсемдiк қолөнерiнiң үлгiсi болатыны да осы заттар.
Сырмақ – басылған киiздiң бетiне екi түрлi өрнек, бояумен жиектелiп, жұқа жүннiң үстiне матамен сырылып жасалатын төсенiш кiлем.
Киiзден киiм тiгу үшiн арнайы әппақ жүн таңдалып алынады. Оны мұқият тазалап, жуып, сабаумен түтедi, содан соң одан жұқа киiз басады. Кейде оның кiшiксiз әппақ болуы үшiн, бор қосып, қайнататын болған.
Жүндi бояу үшiн қазақтар ХІХ ғасырдың ортасына дейiн әр алуан өсiмдiктердiң тамырларынан қайнатылған тұнбаларды және минералды тұздарды пайдаланған. ХІХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап Қазақстанға анилин бояулары әкелiне бастады да, ол бiрте-бiрте табиғи боямаларды ығыстырып шығарды. Киiз үйдiң бүкiл iшiн алып жататындай аса үлкен, ауыр текеметтердiң бетiне ақ, қызыл немесе көкке боялған, iрi өрнектермен иректелiп басылған жұқа жүн тартылады. Оның дайындалуы, киiздiң үстiне басылу техникасы сырмаққа қарағанда неғұрлым жеңiлдеу болғандықтан да ою өрнектерi кейде басылған киiздiң түсiмен астасып, графикалық кескiндерi шашыраңқы келедi.
Сырмақ – мозаика техникасымен жасалған киiз кiлемнiң бiр түрi. Сырмақ жасау өнерiнiң терең тамыры халық шеберлерiнiң ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiп отырған, ежелден қалыптасқан дәстүрiнде жатыр.
Мұнда бәрi бiртұтас келiсiм тапқан. Мозаикалық техниканы пайдаланудың өзi, яғни, жүннiң бiр түсiнiң екiншi түспен қабыстыра жиектелiп сырылуы кiлемнiң төсенiш ретiнде қолданылуына сай келедi. Мұндағы ою өрнек киiздiң бетiне бiркелкi сырылып, оны мезiлсiз тозудан сақтайтын болғандықтан, бұл жерде жапсырудың да, кестелеудiң де қажетi жоқ. Сырмақтар тозбайтын мықтылығымен ерекшеленедi. Жақсы сырылған сырмақтар 50 жылдан астам уақытқа дейiн шыдас бередi. Оған қоса, сырмақ сыруға жүн өте аз мөлшерде пайдаланылады. Ісмер оюшы бiр түстi жүндi екiншiсiнiң үстiне салады да, өзiнiң ойына алған өрнегiн жасайды. Және сол өрнектiң екi жақ шетiн бiрдей жиектей келiп, ортасын сырады. Одан соң ақ жүнге қара, не қоңыр, я болмаса керiсiнше қоңыр түске ақ жүн қапсырылады. Сонда сырмақтың өрнектелген бетiнде екi түрлi үйлесiмдi түс пайда болады. Бiрiнiң үстiне бiрi салынған жүндердi қабыстыра келiп, астындағы киiздiң бетiне салады да, оны жиiлеп сырады. Және ол салынған ою өрнекпен жиектелiп, бiрге сырылады. Түрлi түстi жүндердiң қосылған тұсындағы тұйық желiсiне бояулы жiп тiгiледi. Жалпы сырмақтар ұстамды, сабырлы сұңғаттылығымен ерекшеленедi.
Қазақтың қабырғаға iлетiн кiлемдерi – түскиiздерi, тiк бұрышты жалпақ киiз бетiне қызыл және қара барқыт немесе шұғамен күрделi өрнектелiп, кестеленген әдемi өнер туындысы.
Қазақтың киiзден жасалған бұйымдарының көптеген түрлерiн, олардың дайындау техникасын, ою өрнек сырларын және бояу түсiнiң шешiмдерiн сараптай келгенде, киiз басу және өңдеу өнерi ұрпақтан ұрпаққа барған сайын жетiлдiрiле отырып, қазақтың халық шеберлерiнiң қазiргi жоғары дәрежедегi ұлттық өнерiн қалыптастырды деп қортынды жасауға болады.
Қазақ қонақжай халық болғандықтан арнаулы бір бөлек үиі болады.Оның жасау жабдығы да күнделікті колданылып жүргендей емес, өте сәндікпен безендірілген бұйымдардан құралады. Тұсқа айшықты тұс киіз ілініп, төрге оюлы текемет төселеді. Оюлы текемет көздің жауын алардай айшықты өрнекпен өрнектеліп, әр түсті шашақпен өте әсем безендірілуімен ерекшленетін киіз бұйымдарының ішіндегі ең бір бағалы жасау.
Теріден жасалған бұйымдар. Қазақ халқы теріден үй тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылық қажетіне жарайтын ерлердің сыртқы киім-кешегі, ер-тұрман, қамыт-сайман, айыл-әбзелдерін, азық-түлік сақтарды қаптарды, сұйық сусын сақтайтын ыдыстарды жасаған. Әсіресе көнек, торсықтарды өзіне лайық үлгілермен безендірілген. Теріге басылатын күрделі оюлар өсімдік тектес алуан түрлі де, не ыдыстың түріне қарай тұйықталған шағын да болып келеді. Көннен көнек жасау, жабдық жасау, даярлауда үлкен табысқа жетіп, көркем өнерге бірсыпыра үлес қосқан Талдықорған облысының шеберлерін айрықша атауға болады. Ертедегі халық дәстүрінің кейбір бөлшегі бүгінде басқа мазмұнда жүзеге асып отыр.
Зерлеп тігу (алтын түсті жіп, зер) – қазақтардың, сондай-ақ Орта Азияның басқа да ұлттарының ең қымбат, бағалы әшекейі болып саналған. Оны кез келген бұйымға қолдана бермейді де.
Бітпес те сырмақтың бір түрі. Оның да негізгі киіз. Ақ киіздің бетіне қызыл, сары түсті көз тартатын маталарды оюлап бастырып, сол ою өрнектің шеті жағалай жиекпен көмкеріледі. Ең бастысы халық шеберлері киіз басып, одан түрлі төсеніш жасауды еріккеннің ермегі деп білмей, «нағыз өнер, шеберлік мектебі»,- деп ұғынған.
Қойдың, ешкінің, түйенің жүні қазақ халқының қолөнерін көркейтуде үлкен роль атқарған. Күнбе-күн тіршілігінде мал шаруашылығымен күн көрген халық оның жүнінен жібектей құлпыртып, неше түрлі төсеніштер мен заттарды әдемілеп жасай білген. Әрбір шебердің қолынан шыққан түксіз кілемдер мен түкті кілемдер, текемет, алаша, тұс киіз, сырмақтар байырғы шеберлердің бізге жеткен асыл мұраларындай болып көз тартады.
Көлемі жағынан және тұрмыста тұтыну ыңғайына қарай, қазақ сырмақтарды төрт түрге бөлген. Олар: кеш сырмақ, төсеніш сырмақ, төр сырмақ және тілек алды сырмақ боп аталған.
Сырмақтар. Қазақ сырмақтары әр түрлі киізбен ойылып жасалатын төсеніш киіздің бір түрі болып есептеледі. Атадан балаға мұра болып келе жатқан сырмақ жасау өнері бірден-бірге тарап, өрбіп, әрбір ұрпақ өкілдерініңөз жаңалықтары, соны элементтерімен сырмақ сыру өнерін толықтырып, байытып отырған. Кейбір өрнектердің басты идеясы ауыл шаруашылығына арналған. Кең дала. Шалқыған егіс. Қауашағы бадырая ашылған мақта. Осының барлығы ел байлығын бейнелейді. Қазақтың ертедентұтынатын тұс киіз үлгісінің алуан түрлері Республикалық және облыстық өлкетану музейлерінде жинақталған.
Сырмақ жасауда текеметтей емес, ою-өрнектің үлгісі күні бұрын өлшеніп, белгіленіп дайындалады. Онда ою қатаң тәртіппен орналастырылады. Сырмаққа арналған киіздің ақ киізі бір бөлек, қара киіз бір бөлек жұқа, әрі қатты етіліп басылады. Содан кейін екеуі бірдей етіліп беттестіріліп, үстіне ою үлгілерін салып, екі киізді бірдей үлгімен ойып алатын болған.Осыдан кейін ойылған оюдың ағын қараға, қарасын аққа апарып қиюластырып тігеді. Қиюластырылған оюды сол қалпымен тұтас үлкен киізге жапсырады. Оюлардың құрастырылар жерінің үстін бастыра жиектейді. Жиектік жіптің иірілуі де, қабатталуы да басқаша және оның түсі, бояуы да оюды айшықтап тұратын ашық түсті болады. Текеметтей емес, сырмақ жарты ғасырға дейін төсеуге шыдайтын төзімді, мықты келеді. Өйткені, жоғарыдағыдай оюларды қиюластырып, жиектері бастырылғаннан кейін тұтастай сырылады. Ақ киіздің үстін ақ жіппен, қара киіздің үстін қара жіппен ұсақ етіп түгелдей тігіп шығады. Сырмақ сонда шымыр қатты болады. Оның төзімділігі де осыдан. Сырмақтың басты және негізгі белгісі берік болу үшін оның түгелдей сырылуында. Бұл «сырмақ» атауының сол «сыру» деген сөзден шыққандығын байқатады.
Бұрынғы кезде қазақ семьясында сырмақтың болмауы ол үйдің өте кедейлігін көрсеткен «сілкіп салар сырмағы жоқ» деген түсінік мақал болып кеткен.
Бұрынғы кезде қазақ семьясында сырмақтың болмауы ол үйдің өте кедейлігін көрсеткен «сілкіп салар сырмағы жоқ» деген түсінік мақал болып кеткен.
Сырмақ оюы өте күрделі, оны құрастырушы адамның талғамы мен ой-өрісінің биік, ою өнерінің жетік маманы екенін көрсетеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Шаңырақ энсиклопедиясы
2. Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнертарихы «Фолиант»2008
3. Мектептегі технология 2013-2014ж.ж
4. Бейнелеу өнері және сызу журналы 2010ж
7 239 448 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 217 704 материалы из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
2 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.