Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Киіз уй-асыл мұра
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Киіз уй-асыл мұра

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Киіз үй – асыл мұра» (ашық тәрбие сағаты)

Тәрбие сағатының мақсаты:

Ауызекі сөйлеу мәнерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, топпен жұмыс түрін дағдыландыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптей отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Эстетикалық талғам қалыптастыру.


Көрнекіліктер: слайдтар, видеобейнелер.


Барысы:


  • «Атамекен» әні. Хор


Мұғалім:

Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп - қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін  қабаттап  жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй ұйытқып қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.

Халқымыз ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастағанымен, киіз үй  осы  күнге  дейін бірге жасасып келе жатыр.

Қазақтың киіз  үйі ішкі  қаңқасы (ағашы) мен сыртқы  жамылғысына (киізі) қарай төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат болып бөлінеді.


Киізіне жүні кеткен мың қойдың,

Шаңырағы қайыңынан күнгейдің.

Әрі берік, әрі ыңғайлы, әрі әсем,

Дей алмаймын ағашына мін қойдым.

Сайын дала оның мекен-тұрағы;

Бірде көрсең, терістікте тұрады.

Сарбаздармен бірге көшіп сағымдай,

Бір қарасаң, түстік жақтан шығады.

Шым жібектен мықты желбау байлаған,

Қозғалта алсын қандай дауыл, қай боран?

Кірсең жылы іші қыз-қыз қайнаған,

Көкжиектей дөп-дөңгелек айналаң.

Тауқыметтің көріп едім талайын,

Бұл киіз үй болды менің сарайым.

Айлы түнгі көлеңкесі-ай көлбеген,

Қыста осымен бірге өтеді сан айым.

Туырлықтың сыртын қырау шалса да,

Ызғар өтпес соқсын боран қаншама.

Сән-салтанат іші кірсең шыққысыз,

Көрген пенде таңдай қағар тамсана.

Жыршы төрде бұлбұл құстай сайрайды,

Бақсы билеп от басында ойнайды.

Балдай қымыз балбыратып денеңді,

Алпыс екі тамырыңды бойлайды.



  • Қазір киіз үй жабдықтарымен танысалық:


1- оқушы:

Киіз үй ауа райының қандай жағдайындада пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір даярлайды.

 Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын – ерісін, қысқалауын – балашық, ең қысқасын – сағанақ деп атайды.

Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады.


 Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні деп атайды.

Уықтың жоғары түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатан төрт қырлы ұшын қаламы дейді.Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау дейді.


 Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді.

Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз - қаламдықтар теседі.Түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын – шашын іркілмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды.


 Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттерден құралады.


2- оқушы:

Киіз үйді тігу үшін ең алдымен ауыл азаматы сықырлауықты құрып ұстап тұрады. Одан соң оң босаға жақтан бастап кереге керіліп байланады. Кереге құрып болған соң ауыл азаматының бірі (ер адам болу керек) бақанмен шаңырақты ортаға көтеріп ұстайды. Осы кезде қыз, келіншектер уық шаншып байлай бастайды. Киіз үйді тігуге ауылдағы бар жастар ұйымдасқан түрде қатысады.


  • Қазір назарларыңызды көгілдір экранға бөліңіздер. Киіз үйді құру туралы видео бейне қаралық.


3- оқушы:

Киіз үйдің ішкі баулары:

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.

Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.

Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.

Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмақпен басып тұру.

Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.

Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.

Бел- бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.

4- оқушы: 

Киіз үйдің шилері.

Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.

Киіз үйдің сыртқы жабдықтары – күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірген ақ шаңқан киізден пішіп, ою - өрнектермен безендіреді.


5- оқушы:

Туырлық – керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұрады.

Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.

Түндік – шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін.

6- оқушы:

Үй жиһаздары.

Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.

Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.

Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.

Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.

Асадал-тамақ пен ыдыс - аяқ сақталатын кебеже.

Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.

Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы.

Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.

Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.


7- оқушы: 

Төсеніштер туралы айтайын:

Алаша  әр түрлі түске боялған жүннен тоқылған төсеніш. Көп мәнерлі өрнектер түсіріп тоқиды.

Бөстек  малдың не аңның жұмсақ терісіне киізден астар салып жасалынады.

Киіз – қой жүнінен, еденге төсейтін төсеніш.

Сырмақ – киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Ақ-қара киіздер бөлек-бөлек даярланып бір-біріне беттестіріп, қиюластырып тігеді.

Түскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы. Киіз үстіне барқыт, шұға, жібектерден ою-өрнектер тігіледі.

Қоржын – екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба.

Аяққап – ыдыс-аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін ою-өрнек салып не кестелеп әшекейлейді.


8- оқушы:

 Көрпе – матаның арасына мақта немесе жүн салып тіккен жамылғы. Көрпенің астары жай матадан, тысы асыл матадан тігіледі. Егер көрпе тысын мата қиындыларынан құрап тіксе «құрақ көрпе» делінеді.

Ақ дастархан – ас қоюға арналған мата төсеніш. Дастарханды кейде «ақ жаулық» деп те атайды. Дастарханның шетін сырып тігеді, не шашақ тағады.

Қазақ биі. Орындайтын: Бек пен Перизат.

Қазақтың жеті кереметі.

1. Таңбалы тас суреттері
2. Алтын адам
3. Қазақтың киіз үйі
4. Домбыра 
5. Иассауи кесенесі
6. Маңғыстау жерасты мешіті
7. Астана - Бәйтерек

Қорытындылау.

Мұғалім:Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары, мұғалімдер және оқушылар «Киіз үй – асыл мұра» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Сіздерге жастарға тәрбие берудегі игілікті істеріңізге жеміс, табыс тілейміз.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп - қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй ұйытқып қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.

Халқымыз ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастағанымен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр.

Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы (ағашы) мен сыртқы жамылғысына (киізі) қарай төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат болып бөлінеді
Автор
Дата добавления 07.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров651
Номер материала 269385
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх