Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / "Киіз үй" тақырыбындағы ғылыми жоба

"Киіз үй" тақырыбындағы ғылыми жоба

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы
Ғылыми жоба Тақырыбы:
Халқымыздың ежелден келе жатқан баспанасы - киіз үй жайлы мәлімет беру.Оның қ...
Оқушыларға киіз үй , оның құрылысы,тігілуі , пайдасы жайлы түсінік қалыптаст...
Зерттеу объектісі Киіз үй
Кіріспе Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы үлк...
Жобаны негіздеу: Көркем әдебиеттерден, оқулықтардан мәліметтерді жинақтап, ха...
Болжау: Осы зерттеу жұмысы нәтижелі орындалса, жас ұрпақ санасына киіз үй ту...
Киіз үйдің тарихы Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екен...
Киіз үй Киіз үй - мал баққан көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын, өте қо...
Киіз үйдің құрылысы Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және баушадан тұрады. Үйд...
Кереге - киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен...
Шаңырақ - киіз үйдің төбесі. Ол "үй","әулет" мағынасына да пайдаланылады. Он...
Сықырлауық - киіз үйдің ағаш есігі.Ашып - жапқанда одан шығатын дыбысқа қара...
Алдымен керегені жаяды.
Осыдан кейін шаңырақты көтереді. Әдетте шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді.
Сонан соң уықтарды шаншыған. Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра құрме...
Кейін есігін орналастырады.
Осыдан кейін үйдің киізін жауып, бақанның көмегімен үзік пен түндікті жабады...
Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді....
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл- киіз үйдің жоғары әрі сыйл...
Сол жақ (кіргенде оң жақ)- үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақт...
Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрманд...
От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылып, қазан асылады.
Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлке...
Киіз үйге байланысты ұғымдар. Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас...
Қорытынды Халықтың бүкіл мәдени - шаруашылық - тұрмыстық болмысы оның этногра...
Ғылыми жобаны орындаған: 4б сынып оқушысы
 Жоба жетекшісі: Тырнахан Батима.
1 из 32

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Ғылыми жоба Тақырыбы:
Описание слайда:

Ғылыми жоба Тақырыбы:

№ слайда 2 Халқымыздың ежелден келе жатқан баспанасы - киіз үй жайлы мәлімет беру.Оның қ
Описание слайда:

Халқымыздың ежелден келе жатқан баспанасы - киіз үй жайлы мәлімет беру.Оның құрылысымен таныстыру.

№ слайда 3 Оқушыларға киіз үй , оның құрылысы,тігілуі , пайдасы жайлы түсінік қалыптаст
Описание слайда:

Оқушыларға киіз үй , оның құрылысы,тігілуі , пайдасы жайлы түсінік қалыптастыру. Киіз үй туралы мәліметтер жинау.

№ слайда 4 Зерттеу объектісі Киіз үй
Описание слайда:

Зерттеу объектісі Киіз үй

№ слайда 5 Кіріспе Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы үлк
Описание слайда:

Кіріспе Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы үлкен бір жетістігі - киіз үй.

№ слайда 6 Жобаны негіздеу: Көркем әдебиеттерден, оқулықтардан мәліметтерді жинақтап, ха
Описание слайда:

Жобаны негіздеу: Көркем әдебиеттерден, оқулықтардан мәліметтерді жинақтап, халқымыздың ұғымына сай қорытынды шығару.

№ слайда 7 Болжау: Осы зерттеу жұмысы нәтижелі орындалса, жас ұрпақ санасына киіз үй ту
Описание слайда:

Болжау: Осы зерттеу жұмысы нәтижелі орындалса, жас ұрпақ санасына киіз үй туралы мәдени мұра жандандыру.

№ слайда 8 Киіз үйдің тарихы Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екен
Описание слайда:

Киіз үйдің тарихы Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. Көшпелі сақтар бұдан 2 жарым - 3 мың жыл бұрын өмір сүргендігі белгілі.Сақтарда үлкен арбаның үстіне орнатқан киіз жамылғылы, жиналмалы шошақ үйлері болған. Б.з.д. І мыңжылдықтың соңында ғұндар мен үйсіндерде уықты, шаңырақты, киізбен жабылған үйдің болғандығы дәлелденіп отыр. Ғұламалар айтып кеткендей,осы киіз үйден осы қазақ халқының аспан әлеміне,есептеу жүйесіне,экономикалық біліктігі,мәдениет пен өнердегі талғамы-жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.Ал XII-XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда,Ақ орда,Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уәлиханов айтқан.Тағы бір ерекше айта кетерлік жай:біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес,ол сәулет,құрылыс,сурет,қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі құрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықарлық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. 1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үй апарып, еуропалықтарды таң қалдырып, бәйге алған. 1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургке, 1890 жылы Ибрайм Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен. 1827 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгір Ресей патшасы I Николайға киіз үй сыйлап, патша ағзам оған өте риза болған. Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері де бар. Қазақтың осындай байлығы мен сән-салтанатының куәсі болған киіз үйлер тәркілеу, соғыс, аштық, колхоздастыру сияқты жауыздық әрекет салдарынан құрып кетті. Сөйтіп, XX ғасырда қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы- киіз үйдің құны мен маңызы төмендеді. Осы ғасырдың 90 жылдары қазақ мемлекетінің жеке шығуы ұлт мәдениетін, оның ішінде киіз үйдің қадірі мен орны өз дәрежесінде қайта дәріптелуі, оларға лайықты ас пен тойлардың өткізілуі және соған сәйкес ұлттық мәдениет рөлінің артуы киіз үйге деген көзқарасты айқындады. Той- думанда тігілген киіз үй сән- сәулетімен, өнер шеберлерімен, ұлттық дәулетімен, түрлі спорт жарыстарымен, дәрежеленетін болды. Ерекше атап айтар болсақ халықты таң қалдырған Торғай ордасы жұрттың әлі есінде. Алғаш рет Көкшедегі 1991 жылғы Абылай хан асында тігілген бұл орда басында 12 қанат, кейін 18 қанат болып көлемі ұлғайтылды. 1992 жылы қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайында, 1993 жылы Есет батыр, Шақшақ Жәнібек батыр асында, 1995 жылы Абай тойында тігіліп, бірнеше жүлделі бәйгелерге ие болды. Бұл орда бір ауылдың емес, бүкіл қазақ елі мәдениетінің, өнерінің үлкен табысы деп бағаланды.

№ слайда 9 Киіз үй Киіз үй - мал баққан көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын, өте қо
Описание слайда:

Киіз үй Киіз үй - мал баққан көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын, өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үй - мал баққан көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын, өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді.

№ слайда 10 Киіз үйдің құрылысы Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және баушадан тұрады. Үйд
Описание слайда:

Киіз үйдің құрылысы Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және баушадан тұрады. Үйдің ағаш саймандары 4 бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады. Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және баушадан тұрады. Үйдің ағаш саймандары 4 бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.

№ слайда 11 Кереге - киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен
Описание слайда:

Кереге - киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі - қанат деп аталады. Уық – шаңырақ пен керегенің арасында дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.

№ слайда 12 Шаңырақ - киіз үйдің төбесі. Ол "үй","әулет" мағынасына да пайдаланылады. Он
Описание слайда:

Шаңырақ - киіз үйдің төбесі. Ол "үй","әулет" мағынасына да пайдаланылады. Оны "қара шаңырақ" деп атайды. Ұл бала әке шаңырағының иесі болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе, жаңартады, ал шаңырақты жаңартпайды. Әдетте, шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді.

№ слайда 13 Сықырлауық - киіз үйдің ағаш есігі.Ашып - жапқанда одан шығатын дыбысқа қара
Описание слайда:

Сықырлауық - киіз үйдің ағаш есігі.Ашып - жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атаған. Бұл есік 2 жармалы болады. Оны өрнектеп, әшекейлеп жасайды.

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16 Алдымен керегені жаяды.
Описание слайда:

Алдымен керегені жаяды.

№ слайда 17 Осыдан кейін шаңырақты көтереді. Әдетте шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді.
Описание слайда:

Осыдан кейін шаңырақты көтереді. Әдетте шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді.

№ слайда 18 Сонан соң уықтарды шаншыған. Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра құрме
Описание слайда:

Сонан соң уықтарды шаншыған. Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра құрмен шалмалап таңады.

№ слайда 19 Кейін есігін орналастырады.
Описание слайда:

Кейін есігін орналастырады.

№ слайда 20 Осыдан кейін үйдің киізін жауып, бақанның көмегімен үзік пен түндікті жабады
Описание слайда:

Осыдан кейін үйдің киізін жауып, бақанның көмегімен үзік пен түндікті жабады.Бауы арқылы керегені уыққа бекімдеп байлайды.

№ слайда 21 Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.
Описание слайда:

Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы: 1) қара үй (3 қанат) 2) қоңыр үй (4 қанат) 3) боз үй (5 қанат) 4) ақ үй (6 қанат) 5) ақ ала орда (8 қанат) 6) ақ орда (12 қанат) 7) ақ шаңқақ (18 қанат) 8) алтын үздік (24 қанат) 9) алтын орда (30 қанат)

№ слайда 22 Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
Описание слайда:

Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:

№ слайда 23 Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл- киіз үйдің жоғары әрі сыйл
Описание слайда:

Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл- киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер мұнда отырмайды.

№ слайда 24 Сол жақ (кіргенде оң жақ)- үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақт
Описание слайда:

Сол жақ (кіргенде оң жақ)- үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.

№ слайда 25 Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрманд
Описание слайда:

Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді. Қазақ атам келіндерін алғаш осы оң жаққа түсіріп, қара шаңырақ иесін осы босағада тәрбиелеген.

№ слайда 26 От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылып, қазан асылады.
Описание слайда:

От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылып, қазан асылады.

№ слайда 27 Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлке
Описание слайда:

Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті бір-біріне қосып, екі-үш бөлмелі етіп тігуге де болады. Туырлықтан жазда ыстық, қыста суық, жауында су өтпейді. Кейде қыстан киіз үймен шығатын қазақтар туырлықты екі қабат етіп жабады. Үй іргесін шөппен бітеп, айналасын қамыспен шалылап, қоралайды. Міне, осындай үйде ел даңқын асырып, намысты қолдан бермеген данышпандарымыз бен батырларымыз туып, өскендігін мақтанышпен айтуға болады. Әрқашан қоныс аударғанда таза жерге тігілген үйдің саф ауасы аспан, жер, сумен астасып, қасиетті қара шаңырақтың киесі, мүмкін осындай ұлылардың көкірегіне нұрлы сәулесін құйған болар.

№ слайда 28 Киіз үйге байланысты ұғымдар. Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас
Описание слайда:

Киіз үйге байланысты ұғымдар. Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған. Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату- ежелгі халық жоралғысы, “Шаңырағың биік болсын” деп бата берсе, “Шаңырағың ортасына түсссін” деген қарғыстың ең ауыры да болған. Тыныш отыр, шамаңды біл дегенді білдіру үшін: “Шаңыраққа қара!” –деп, ескерту жасайды. “Керегең кең болсын” деп бата берсе, ұятқа қалған адамды “Керегеге таңылды” деген. Туырлыққа байланысты мал семіз болса: “Іш майы туырлықтай туырылып түсті ”,- деп мақтайды. Махамбет батырдың: “Туырлығын тілгілеп, тоқым етсем деп едім. Керегесін кескілеп, отын етсем деп едім”,- дегені- кегімді алсам, дұшпанымды жеңсем дегені. Бақан арқылы қазақ мықтылықты меңзейді. “Бақандай бес жігіт” дегені қарулы мықтылықты ұқтырса, “барымды киіп, бақанымды таянып” дегені әзірленіп, күтініп отырмын дегенін білдіреді. Түндікке байланысты “түндігің түтінді болсын” деп бата береді. Жас әйел түндігін ерте ашса шаруақор,пысық екенігі, басқа үлкен үйдің түндігін ашса, әдептілігі көрінеді. Ал “түндігі ашылмай қалды” деген сөз сол үйдің адамдарының барлығының қайтыс болғандығын білдіреді. Есікке келсек әркім өз үйін алтын босағам деп дәріптейді.”Есік көрген” деп күйеуден қайтып келген әйелді айтса, күйеудің алғаш келуін “есік көре келді” деп “босаға аттар” деген ырымын жасаған.”Табалдырық аттады” деген өте жақсы сөз “келін болып түсті” дегенді сыпайылап, құрметтеп айтқаны. Босағаны керме, табалдырықты баспа,- деген тыйымдар әдептілікке шақырады. Кіріп келген бала табалдырыққа сүрініп жығылса, оны жақсы ырым деп жориды. Шиге байланысты: “Ши жүгіртті” деп түртпектеді, одан әрі ұшындырды дегенді білдірсе, “шыққан қыз шиден тысқары” деп тұрмысқа кеткен қыздың өз үйіне көп келе бермегені жөн екенін ескертеді. Қазақта үй сабау- жаман ырым, жаман әдет. Өші кеткендер үй сабайды. Бұл өш алудың немесе дауға, ұрысқа шақырудың белгісі. Дәулетті адамдар ұлы үйленгенде немесе қызын ұзатқанда ақ отау тігіп шығарады. Бұл- құрмет әрі сый белгісі. Сол сияқты отбасында, ошақ қасында, үй орнындай, кереге бойында, есік пен төрдей, от орнындай теңеулері мен сөз тіркестері бар. Ордабасы, Керегетас, Ақотау, Шаңырақ, Босаға, Қызылорда сияқты Қазақстанның жер атаулары да бар.

№ слайда 29 Қорытынды Халықтың бүкіл мәдени - шаруашылық - тұрмыстық болмысы оның этногра
Описание слайда:

Қорытынды Халықтың бүкіл мәдени - шаруашылық - тұрмыстық болмысы оның этнографиясында көрініс табады. Ұлттық этнографиясын білмей оны тану қиын. Сондықтан бүгінде ұлттық құндылықтарға бет бұру жағдайында халықтың дәстүрлі мәдениетіне үлкен мән беріліп отыр.

№ слайда 30 Ғылыми жобаны орындаған: 4б сынып оқушысы
Описание слайда:

Ғылыми жобаны орындаған: 4б сынып оқушысы

№ слайда 31  Жоба жетекшісі: Тырнахан Батима.
Описание слайда:

Жоба жетекшісі: Тырнахан Батима.

№ слайда 32
Описание слайда:

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 16.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров1939
Номер материала ДВ-162716
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх